Амазонтотықұсы-орман құсы. Ағаш қуыстарына ұя салады. Оның құйрығы келте, қанатының жартысына да жетпейді. Амазондар әртүрлі дыбыстарды, адамның сөздерін өте жақсы сала алады. Бұл жағынан ол африкалық тотықұстан ғана ұтылуы мүмкін.
Қылыштұмсық колибрилердіңденесі ірілеу келеді. Басын, денесі, құйрығын қосқанда 11 см болады, тұмсығының ұзындығы да 11 см. Мұндай ұзын тұмсық құстың үлкен сабақты гүлдердің шырынын соруға қажет болады. Ол отырғанда тұмсығын көкке көтеріп ұстайды да, ұшқанда алға қарай горизантальды етіп созады.