Қарағанды облысы



бет2/11
Дата07.01.2022
өлшемі10,9 Mb.
#20162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Kustar alemi

Тауыс (павлин)-үй тауығының алыстан қосылатын тұқымдасы. Үндістан мен Цейлонның биік ағаш ормандарында, суға жақын бунақты өсімдіктер қопаларында өмір сүреді. Тамағын жерден тауып жейді. Өте сақ. Құйрығы мен оның үстіндегі қауырсындарын желпуіш секілді жазып, сыңарының назарын өзіне аударады. Ұясын жерге салады: шұңқыр қазып, оған құрғақ жапырақ пен шөп төсейді. Ұядағы 4-7 жұмыртқаны ұрғашысы өте төзімділікпен басып жатады. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандарының үсті қалың мамықты болады.
  • Үнді тырнасы немесе антигона-өте сенгіш құс. Қолға тез үйренеді, бақша ішінде еркін сайрандайды, кейде тіпті күзетші-иттің де орнын жоқтатпайды. Үндістанды, Бирманы, Камбоджаны, Вьетнамды мекендейді. Суаттар мен күрішті алқаптарға ұя салады. Өзіне мәңгілік жұп таңдайды. Ұясына 1-3 жұмыртқадан салады. Өсімдіктерді, насекомдарды, кесірткелерді, жыландар мен моллюскаларды жейді.
  • Қоқиқаз-біршама ірі және өте сұлу құс. Оның үлкен тұмсығы, жіңішке әрі ұзын мойны мен аяғы бар. Қауырсынының түсі ерекше әсем: қою-қызғылт болып келеді. Олар Кении және Танзании көлдерінде шоғырланып жүреді. Ұсақ балдырлармен қоректенеді. Көптеген халықтарда бұл құс киелі деп саналады, олар жөнінде сандаған ертегілер, аңыздар бар.
  • Марабу-ірі әрі күшті құс, оның үлкен де қомақты тұмсығы болады. Басы мен мойнын қалың мамық жауып тұрады, ал тамағында қапқа ұқсас етті салпыншағы бар. Құс тыныққан кезінде сол шошағына өзінің салмақты тұмсығын артып тұрады. Марабу саванналардағы кесірткелерді, жыландар мен ұсақ кеміргіштерді аулайды. Дегенмен, олардың ең сүйікті асы-өлексе.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет