Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет20/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1  Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2007. Т. 44: Батырлар жыры. – 2007. 

– 496 б. 

2  Нұрмағамбетова  О.  «Қазақтың  қаһармандық  эпосы»  «Қобыланды  батыр»  Алматы: 

«Дешті Қыпшақ», 2003. – 480 б.   

3  Бабалар  сөзі.  Жүз  томдық.  –  Астана:  «Фолиант»,  2006.  Т.  36:  Батырлар  жыры.  О  – 

2006. – 480 бет. 

4  М.Əуезов. Он екі томдық шығармалар жинағы. 11­том, о – Алматы, 1969. 

5  Петросян А.А.  О героическом эпосе народов советского союза. // в кн. Героический 

эпос народов в ССР. Б.В.Л. том первый, изд. «Худ. Литература» М., 1975. 

6  Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2006. Т. 34: Батырлар жыры. – 384 

бет. 


157 

 

7  Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз əдебиеті». Оқу құралы. Алматы: «Рауан», 2013. 



– 456 б. 

8  Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2007. Т. 43: Батырлар жыры. – 2007. 

– 416 б. 

Бердібаев  Р.  Қазақ  эпосы  (жанрлық  жəне  стадиялық  мəселелер).  Алматы:  Ғылым, 



1982. 232

 б. 


 

 

ƏОЖ 81’367.625=512.122 



Мейрамбекова Л.К.



1  

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс докторанты, Астана, Қазақстан 

e-mail: 

lmeyrambekova@mail.ru

 

 

ТҮБІР СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ  

 

      


Abstract. The root meaning of the word, exactly of the verb is considered. The meaning 

of the following verbs: «confused», «search» and «take» in Kazakh and Kipchak languages are 

analyzed in the given article. 

          Key words: the root, verb, monosyllables, lexical fund of the languages, meaning of the 

word. 

 

Түбір,  түбір  сөз  деп  тіл  білімінде  дербес  морфемаларға  бөлінбейтін,  тұтас  күйінде 

ұғынылатын  сөздің  мағыналы  бөлігі  айналады.    Қазақ  тілінің,  жалпы  түркі  тілдерінің, 

түбір  морфемасы  жайлы  сөз  қозғағанда,  түбірдің  фонетикалық  құрылысы  мен  сипаты, 

аумақ­көлемі  жайлы  мəселеге  соқпай  өту  мүмкін  емес.  Мəселе  мынада:  түркі  сөздердің 

түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сөйтіп, түбір морфема екінші жағынан буын 

ретінде  де  ұғынылады.  Сондықтанда  алғашқы  түбір,  негізгі  түбір  дейтін  ұғымдар  сол 

түбірді құрайтын буынның сипаты жайлы ұғыммен тығыз байланысты қаралып отырады 

[1]. Лексикалық қордың ұйытқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің 

емес  жалпы  алтай  тобына  жататын  тілдердің  ортақ  ерекшелігі  болып  табылады.  Бұл 

ерекшелік,  яғни  байырғы  түбірдің  бір  буындылығы,  қазіргі  түркі  тілдерінің  бойында  да 

сақталған.  Сөз  таптары  ыңғайынан  қарастырғанда,  етістіктер  құрамында  бір  буынды 

түбірлердің  саны  екі  буындыларға  қарағанда  əлдеқайда  аз,  бірақ  сол  азғана  топ  бір 

буындылар барлық етістіктердің ұйытқысы болып отырады [2]. 

Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі 

сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер – етістік. 

Қашанда болмасын сөздің мағынасы оның тұлғасымен байланысты болады. Демек, 

сөздің  мағынасы  оның  формасынан  аңғарылады.  Тілде  еш  уақытта  формасфз  жалаңаш 

мағына  болмайды  жəне  мағына  жеке  дара  өмір  де  сүре  алмайды.  Түбір  сөздердің 

мағыналарын сөз ету үшін, əдетте, сол түбірлердің тікелей формаларына, яғни дыбыстық 

тізбегіне назар аударуға тура келеді [3].   

Тіл­тілдің қай­қайсысы болмасын неше алуан сөздерден құралып дамитыны сияқты, 

сол сөздердің өздері де белгілі­белгілі түбірлерден туып өнетіні аян. Осыған орай, түбір 

сөздердің ғайыптан туа салмай немесе кездейсоқ пайда болмай, тілдің белгілі тарихидаму 

сатысымен, ашығырақ айтқанда, тілдің алғашқы шығу кезеңімен, сол тілдің ерекшелігімен 

тығыз  байланысты  болатынын  ескерген  мақұл.  Демек,  олардың,  яғни  түбірлердің  біздің 



158 

 

тілімізде  түпкі  төркіні  еліктеме  сөздермен  тікелей  байланысты  екені  де  дау  тудырмаса 



керек. 

Түбір  сөздердің,  яғни  етістіктердің  мағыналарының  даму  жосықтары  іс  жүзінде 

қалай жүзеге асатындығын байыптау үшін, қыпшақ тобы тілдеріндегі, яғни қазақ, татар, 

қарайым,  құмық,  ноғай,  башқұрт,  қарақалпақ  тілдеріндегі  келесі  етістіктердің 

мағыналарына көз жіберіп байқайық.  

Абдыра-/ Abdira –қаз., ктат., қар., құм., ноғ.­ абдра [ЭСТЯ І­57б.]. аптыра-/ aptira­ 

тат.,  башқ.  аптара-/  aptara  ~  аптра-/  aptra-;  чув.-  абзыра-/  abzira-  ;  кбал.-  абдира-/ 



abdira­.  

 Туынды  етістік,  сөздің  негізгі  түбірі  аб-д-ыр+  а  өзгелік  етіс  жұрнағы,  бəлкім, 

еліктемеден  пайда  болды    *аб/*ап  ~*ап  /*аб-,  түр.  диал.  ар-іş  ерекшеленеді­  1)  сасып 

қалу,  2) абыржу, 3) қимылсыз қатып қалу [DS I ­288] 

қаз.:  абдра- 1) Асып­сасу, аптығу, қысылу (Ақсақал абдырады, састы, қысылды. Бұрын 

қызғанып,  жиреніп  жүрген  үстіне  мына  хабар  төбесінен  жай  түскендей  болды.  (Ж. 

Аймауытов,  Шығ.);  Жұрт  мұны  күтпеген  еді,  бəрі  де  абдырап  қалады.  Сəнжан  тағы  да 

сылқ етіп отыра кетеді (Ə. Таразин, Асу)  [ҚƏТС 1­том. –А­А. 35 б.] 

2) (абыржу, сасып қалу, ұялту, қысылшаң күйге салу [ЭСТЯ І­57б.]. 

тат. : аптыра – 1) ашыгу, қабалану, нəрсə əшлəргə белмəү (ТТКТЭС ­18 б.). 

1) (абыржу, сасып қалу, ұялту, қысылшаң күйге салу.  2) мұқтаж болу. 3) асығу [ЭСТЯ І­

57б.]. 

башқ.: апдра - 1) абыржу, сасып қалу, ұялту, қысылшаң күйге салу [ЭСТЯ І­57б.].   

ққалп.: абдра - 1) абыржу, сасып қалу, ұялту, қысылшаң күйге салу [ЭСТЯ І­57б.]. 

ноғ.:  абдра -1) абыржу, сасып қалу, ұялту, қысылшаң күйге салу [ЭСТЯ І­57б.].   

құм. : абдра -1) абыржу, сасып қалу, ұялту, қысылшаң күйге салу [ЭСТЯ І­57б.]. 

қар.:    абдра  -1)  абыржу,  сасып  қалу,  ұялту,  қысылшаң  күйге  салу.  2)  қорқып  кету, 

шошынып қалу, мазасыздану, əбігерге түсу, селк ете қалу, селк ете түсу [ЭСТЯ І­57б.]. 



Абдыра  –  ет.  (асып­сасу, аптығу, қысылу)            абдыраңқыра-  ет. (абыржыңқырау, 

асып­сасқалақтаңқырау, сасыңқырау)           абдырас-  ет.  (сасқалақтасу, əбігер болысу, 

абыржысу)                

            абдырасу  - ет. (абдырас етістігінің қимыл атауы)          абдырат- ет. (абыржыту, 

əбігерге түсірту)               абдырату- (абдырат етістігінің қимыл атауы)           абдырау –

(абдыра етістігінің қимыл атауы )  [ҚƏТС 1­том. –А­А. 35 б.]. 

 

Ағтар- /Aytar­ түрк,; ахтар- /ахtar­ қар., құм.;  ақтар- /аqtar­ қаз., ноғ., ққалп., тат., 

башқ.. [ЭСТЯ І – 77 б.]. Сөздің негізгі түбірі ak-, ag, -ok 



қаз.:    1)  бір  нәрсенің  ішін  түгел  ашып  қарау,  бір  нәрсені  іздеу.(Коспаның  азығы 

таусылды. Бүгін таңертең қоржынын ақтарғанда қатып қалған тоқаш пен ортан жіліктің 

басы  ғана  табылды.  Т.  Ахтанов,  Дала  сыры).  2)  қопару  қазу.  (Таулардың  қойнын 

ақтарып, Тағы да кенді табамыз. Жадағай жатқан далаға,  Жағалай шамды жағамыз. О. 

Шипин, Өмір өрнегі).          3) кітап, дәптер, альбом және т.б. қағаздардың ішін, арасын 



ашу (Жыл келді ғажайып бір ақ таңымен, Бақ таңымен, ақ ұлпа ақ қарымен. Көркем екен, 

мынау  жыл  көрікті  екен,  Парағын  жылнаманың  ақтарып  ем.  Дүние,  тойлайды  екен 

шаттанып  ел.  М.  Мақатаев,  Шығ.).  4)  Ыдыстың  ішіндегі  нәрсені  төгу,  төңкере  салу, 

қопару.(Асаубай кружкадағыны аузына ақтара салды да, қайтадан дөңгелене бастады. Ə.). 

5)  ауыс.  –  біреудің  ойындағысын  аңғару,  білу.  (Жастай  бірге  өскен  бөлесінің  ой 

дүниесінің қатпар­қатпарын ақтарып, болжап отырған Нұрлан біресе көзімен атып, біресе 



159 

 

кірпідей  жиырылып,  сұстанып  ұнатпағанын  Нұрқатқа  жеткізгісі  келеді.  З.  Шашкин, 



Сенім.). 6) ауыс. –іштегі мұң-зарын, жан-күйін сыртқа шығару, айту. (Амандасқаннан 

кейін­ақ Күлшан ішке сыймай кеткен қайғы­мұңын ашық сөйлесетін қайнағасына ақтара 

бастады. Х. Есенжанов, Ақ Жайық) [ҚƏТС 1­том. –А­А. Б. 275]. 7) аудара қарап, ақтара 

тексерді  –  анық  –қанығына  жетті.  (Аудандық  комиссия  спискені  аудара  қарап,  ақтара 

тексермей «аңқаулық» қылып, «бекітілсін» деп қаулыны қайқата салыпты. І. Жансүгіров, 

Əңгім ). 8) сыр ақтарды. – шынынайтты, көңілдегісін білдірді. (Толқыны жардан құлап, 

аунап тұрып, Сұңқылдап жатыр бұлақ сыр ақтарып. Т. Айбергенов, Мен саған.).  9) ішек-

қарнын  [іші  қарнын]  ақтарды  –  бар  сырын  жайып  салды  деген  мағынада.  (Көне 

көңілінің  ішін  жарып,  шер  тарқатып,  қырындысын  қалдырмай  ішік­қарнын  ақтарып 

отырғанда мыналардың күлгені Ырайға ауыр тиді. І. Жансүгіров, Əңгім.) . 10) іздеу, іздеп 

табу,  іздестіру  [ЭСТЯ  І  –  77  б.].  11)  тінту,  ақтарып-төңкеру;  түкпір-түпкірдің  бәрін 

қарап шығу, қопарыстыру, қопсыту, іріктеу, біртіндеп қарау; [ЭСТЯ І – 77 б.]. 

түрк.: 1) іздеу, іздеп табу, іздестіру. 2) ауыстырып салу, көшіріп отырғызу [ЭСТЯ І – 77 

б.]. 


тат.: 1) іздеу, іздеп табу, іздестіру. 2) тінту, ақтарып­төңкеру; түкпір­түпкірдің бəрін қарап 

шығу, қопарыстыру, қопсыту, іріктеу, біртіндеп қарау [ЭСТЯ І – 77 б.].  



башқ.:  1)  іздеу,  іздеп  табу,  іздестіру.  2)  тінту,  ақтарып­төңкеру;  түкпір­түпкірдің  бəрін 

қарап шығу, қопарыстыру, қопсыту, іріктеу, біртіндеп қарау [ЭСТЯ І – 77 б.].  



ққалп.:  1)  іздеу,  іздеп  табу,  іздестіру.  2)  тінту,  ақтарып­төңкеру;  түкпір­түпкірдің  бəрін 

қарап  шығу,  қопарыстыру,  қопсыту,  іріктеу,  біртіндеп  қарау;  сыртына  айналдыру  

(мысалы, қалта) [ЭСТЯ І – 77 б.].  

ноғ.:  1)  іздеу,  іздеп  табу,  іздестіру.  2)  тінту,  ақтарып­төңкеру;  түкпір­түпкірдің  бəрін 

қарап  шығу,  қопарыстыру,  қопсыту,  іріктеу,  біртіндеп  қарау;  сыртына  айналдыру  

(мысалы, қалта). 3) ренжіту, уайым­қайғыға салу (ауыспалы мағынада) [ЭСТЯ І – 77 б.].  

құм.: 1) іздеу, іздеп табу, іздестіру [ЭСТЯ І – 77 б.].  



қар.:  1)  іздеу,  іздеп  табу,  іздестіру.  2)  тінту,  ақтарып­төңкеру;  түкпір­түпкірдің  бəрін 

қарап шығу, қопарыстыру, қопсыту, іріктеу, біртіндеп қарау [ЭСТЯ І – 77 б.].  



 

 Ағтар­  етістіктің  семантикалық  эволюциясы  –  бастапқыда  «құлату»,  «төңкеру» 

мағынадан басталып, одан əрі «аудару» (*а:ңдар­), кейін «ворошить» (рыться) ­ > «іздеу» 



Ақтар  –ет.  (1.  бір нəрсенің ішін  түгел ашып қарау, бір нəрсені  іздеу; 2. қопару қазу; 3. 

кітап,  дəптер,  альбом  жəне  т.б.  қағаздардың  ішін,  арасын  ашу;  4.  Ыдыстың  ішіндегі 

нəрсені төгу, төңкере салу, қопару; 5. ауыс. біреудің ойындағысын аңғару, білу; 6. ауыс. 

іштегі мұң­зарын, жан­күйін сыртқа шығару, айту)           аудара қарап, ақтара тексерді- 

(анық –қанығына жетті)               сыр  ақтарды  –  (шынынайтты, көңілдегісін білдірді)           

ішек-қарнын [іші қарнын] ақтарды –(бар сырын жайып салды)           ақтарғышта – ет. 

(1. Қайта­қайта аударып­ төңкеру; 2. ауыс.­ тергіштеу, тергеп қазбалау)          ақтармала – 

ет.  малшар.  (мал  сойылғанда  ішін  жарып,  ішек­қарнын,  өкпе­бауырын  бөліп  алу.)          

ақтармалат – ет. (ішін түгел шығарып, бөліп алғызу)          ақтарт – ет. (іші­сыртын түгел 

қарап сыртқа шығарту)            

            ақтару – ет.(ақтар етістігінің қимыл атауы; қопару)           ақтарыл –ет. (1.ішіндегі 

заттың, судың т.б. лақ етіп, қопарыла төгілуі; шашылуы; 2. аударыстырылу, қопарылу; 3. 

ауыс.­ іштегі ойдың түгел сыртқа шығарылуы)               ақтарып- төңкер- ет. (1. астын­

үстіне шығарып, түк қоймай түгел қарау; 2. ауыс.­өткен­кеткенді тексеру, анықтау)             



160 

 

ақтарыс  –  ет.  (1. аударыстыру, іздестіру; 2. ауыс.­ іштегі ойларын айтысты, сырласты )         



ақтарыстыр –ет. (аударыстыру, сапырыстыру, іздестіру) [ҚƏТС 1­том. –А­А. Б. 275­277]. 

 

Ал- / аl - түрк., қаз., қар., құм., ноғ., ққалп., тат., башқ. [ЭСТЯ І – 127 б.]. 



қаз.:  1)  ал  -  қолға  ұстау,  көтеру. (Кемпір жүгіріп барып баланы алды. Ə. Нұрпейісов, 

Қан  мен  тер.).    2)  бір  нәрсеге  ие  болу,  тәуелдеу,  меншіктеу  (Еліміз  егемендік  аларда 

алыста жүрсе де, бұл тарихи  өзгерісті жүргімен  сезіп,  ел жаққа жəудіреп  жанар қадаған 

қандас бауырларымыз аз болған жоқ. «Жас Алаш»). 3) пайда түсіру, кіріс кіргізу. (Малға 

достың  мұңы  жоқ  малдан  басқа,  Аларында  шара  жоқ  алдамасқа.  Табысына  табынып 

қалтаң  қағып,  Тойғанынан  қалғанын  берсе  алашқа.  Абай,  Тол.  жин.).  4)  жинау,  теру 

(Малды  тапқанға  бақтыр,  Отынды  алғанға  жақтыр.  Мақал­мəтел.).  5)  үйлену,  жұбайлы 

болу  отбасын  құру.  (Жасаулы  деп,  малды  деп,  байдан  алма,  Кедей  қызын  арзан  деп 

құмарланба. Абай, Тол. жин.). 6) тамақ  жеу,  ішу (Абай аға, құймақ жеңіз, алыңыз, -деп 

Дəмежан сыпайы қонақжайлық көрсетті. М. Əуезов, Абай жолы). 7) басқа жерді жаулау, 

өзіне қарату, бағындыру (Ескендір елде алмаған хан қоймайды, Алған сайын көңілі бір 

тоймайды,  Араны  барған  сайын  қатты  ашылып,  Жердің  жүзін  алуға  ой  ойлайды.  Абай, 

Тол.  жин.).  8)  аң  ұстау.  (Қыран  бүркін  не  алмайды    салса  баптап,  Жұрт  жүр  ғой, 

күйкентай мен қарға сақтап. Абай, Тол. жин.). 9) иттің немесе жыртқыш аңның тістеуі, 



қабуы.  (Аққасқа  күздігүні  үй  ішінде  сойып  жатқан  қойдың  етін  жегізбей  ұмтылғанда, 

Қасенді де бір­екі рет  қолынан ала түсіп, қауып алған. М. Əуезов, Қараш.). 10)  арнайы 



жолданған бір заттың қолға келіп тиюі, жетуі. (Хат алдық бір күні, Дəл оның өзінен. 

Жазыпты күлкілі Қуақы сөзімен. С. Мəуленов, Таңд.). 11) белгілі бір ұйымға мүше етіп 



қабылдау:  әскер  қатарына  шақыру  немесе  белгілі  бір  оқу  орнына  қабылдау, 

қызметке  орналастыру.  (Қазақ  жігіттерін  майданға  алатын  болғалы  бұл  ауылдың  ер­

азаматы  үлкен  əбігерде.  Ə.  Нұрпейісов,  Қан  мен  тер.).  12)  тұған  жерінен,  орнынан 



қозғау,  әкету.  (Айырылып  арқанынан  Əзім  қалды,  Арқанды  неге  алдың?­  деп  айғай 

салды. Абай, Тол. жин.). 13)  баскиімді,  не  басқа  бір  затты  шешу,  сыпыру. (Жеткенде 

емен  деңгейіне,  Озып  кетпе,  бөркіңді  ал.  Ə.  Сəрсенбаев,  Өлеңд.).  14)    ажал  жету  өлу. 

(Жарымды алып, қор қылдың, Жас өмірде тасыған. Айырып, от қып өртедің, Əбіш сынды 

асылдан.  Абай,  Тол. жин.). 15)  қиып,  қырқып  тастау. (­Ей, шаштараз,  ханның  шашын 

қандай  ұстарамен  алмақшы  боласың?  Қаз.  ертег.).  16)  қызмет  орнынан  босату  (Атқа 

мінерліктен  мені  ешкім  алған  жоқ,  өзім  түскем,  ­  деді  ол.  С.  Бақбергенов,  Алтынемел).        

17)  азайту,  кеміту.  (Төкебаев  жайында  жеткілікті  айтты.  Менің  қосарым  да  аларым  да 

жоқ. М. Иманжанов, Менің махабб.). 18) ауыс. Салыстырып көру, байқау. (Тарихи даму 

жолынан  алғанда,  психологиялық  параллелизм  анағұрлым  ерте.  Қ.  Жұмағалиев, 

Қаз.эпосы.).                19)  ауыстыру,  тең  көру,  айырбастау,  тең  келтірмеу.  (Сексен  сұлу 

сылаңдап  жүрсе  дағы  Ғалияның  алмаймын  кірпігіне.  Балуан  Шолақ.).  20)  сатып  алу

(Ұқпассың  үстірт  қарап  бұлғақтасаң,  Суретін  көре  алмассың  көп  бақпасаң.  Көлеңкесі 

түседі көкейіңе, Əр сөзін бір ойланып салмақтасаң. Абай, Тол. жин.) [ҚƏТС 1­том. –А­А. 

Б.310­311].  



түрк.:  1)  алу;  алып  қалу,  басып  алу,  қолға  түсіру,  жаулап  алу,  бағындыру;  тартып  алу; 

сатып алу. 2) алу [ЭСТЯ І – 128 б.]. 



тат.: 1) шығарып қою (əйнек терезе). 2) мат. қосу, алу[ЭСТЯ І – 128 б.]. 

башқ.: 1) шығарып қою (əйнек терезе). 2) мат. қосу, алу[ЭСТЯ І – 128 б.]. 

ққалп.: 1) сатып алу.  2) алу [ЭСТЯ І – 128 б.]. 

161 

 

ноғ.:  1)  алып  қалу,  басып  алу,  қолға  түсіру,  жаулап  алу,  бағындыру;  тартып  алу;  сатып 

алу.; өндіру, төлету.  2) алу; қабылдау. 3) алу (астық).  4) мат. қосу, алу[ЭСТЯ І – 128 б.]. 

құм.:  1)  алу;  алып  қалу,  басып  алу,  қолға  түсіру,  жаулап  алу,  бағындыру;  тартып  алу; 

сатып  алу.;  шеттен  алу,  пайдалану.  2)  түсіну  (ауыспалы  мағынада).  3)  қабылдау.  4)  алу 

(астық) [ЭСТЯ І – 128 б.]. 

қар.: 1) алу [ЭСТЯ І – 128 б.]. 

ал – (1. қолға ұстау, көтеру; 2. бір нəрсеге ие болу, тəуелдеу, меншіктеу; 3. пайда түсіру, 

кіріс кіргізу; 4. жинау, теру; 5. үйлену, жұбайлы болу отбасын құру; 6. тамақ жеу, ішу; 7. 

басқа жерді жаулау, өзіне қарату, бағындыру; 8. аң ұстау; 9. иттің немесе жыртқыш аңның 

тістеуі,  қабуы  иттің  немесе  жыртқыш  аңның  тістеуі,  қабуы;  10.  арнайы  жолданған  бір 

заттың қолға келіп тиюі, жетуі; 11. белгілі бір ұйымға мүше етіп қабылдау: əскер қатарына 

шақыру  немесе  белгілі  бір  оқу  орнына  қабылдау,  қызметке  орналастыру;  12.  тұған 

жерінен, орнынан қозғау, əкету; 13. баскиімді, не басқа бір затты шешу, сыпыру; 14. ажал 

жету  өлу;  15.  қиып,  қырқып  тастау;  16.  қызмет  орнынан  босату;  17.  азайту,  кеміту;  18. 

ауыс. ­ салыстырып көру, байқау; 19. ауыстыру, тең көру, айырбастау, тең келтірмеу; 20. 

сатып алу)      ажал  алды – ет. (қайтыс болды, өлді)           айта  алмады – ет. (аузы 

бармады; жеткізе алмады)          айыпқа алды ­  (күнəсін  өтету  үшін  алды)                    ала 

жөнелді (а. ала қашты; ə. жалғастырып іліп əкетті, ұластырды)             ала кетті ­  (а. 

бірге əкетті, қалдырмады; ə. құр кетпеу, біреуді қоса күйдіру)           ала қашты –(жұлып 

ала жөнелді)          аларын алды – (тиесілісін, керегін алды)            алдын  алды  –(ерте 

көңіл бөлді, күні бұрын əрекет етті, айла, қам жасады)            



алқымдап  алды  –(құтыла  алмастай  болды,  жайлап  алды,  бойды  жеңді)           

алқымынан алды ­ (а. жағасына жармасты; ə. састырды, қысты.)          алмайтын қамал 

жоқ –(жеңбейтін, қол жетпейтін ештеңе жоқ)             алым алды –(бəйге, жүлде алды.)          

 алып жүре алады- (меңгеріп, игеріп əкетеді)          алып келеді –(тап келтіреді, душар 

етеді)                      алып  қалды  –  (а.  жұмысқа,  қызметке  қалдырды;  ə.  пəле­  жаладан 

құтқарды,есен­сау қалдырды)          алып қашты –(а. этн. Қызды ата­ана, ел­жұртынан 

жасырын əкетті; ə. жалан əңгіме, сөз, лақап )             алып соғар –(бас көтертпейтін, қатты 

қинайтын)         алып соқты (ұрды)- (алып ұрды, көтеріп алып жерге жықты)          алып 



ұшты  –(а.  аспанға  көтерді,  ұшырды,  қияға  жетеледі;  ə.  дегбірсізденді,  асықты,  еркіне 

қоймады)          алып шықты –(құтқарды, қиын­қыстауда жол тапты)             аса алмайды 



–  (бір  нəрсенің  ықпалынан,  біреудің  айтқанынан  шыға  алмайды,  тек  бағына  берді)           

асқындырып  алды  –  (одан  əрі  ауырлатып  алды,  үдетіп  алды)                    астына  алды  – 

(бастырмалатты, есін жиғызбады)               асырап алды –(біреудің баласын бауырына 

салып алды, өзіне бала қылып алды)         атақ алды –(а. Абыройға, беделге ие болды; 

ə.ғылым  дəрежесін  алды)                  аттап  кете  алмады  –(міндетті  түрде  ескертіп  отырды, 

ұмытпады)          ат- тонын ала қашты –(азар да безер болды, жоламады) т.б. [ҚƏТС 1­

том. –А­А. Б.310­333]. 

Қорыта  келгенде,  бұл  етістіктердің  барлығы  қазіргі  қазақ  жəне  қазіргі  қыпшақ 

тілдерінде  жиі  қолданылып  жүрген  етістіктер.  Бұл  деректерге  қарағанда  жалаң 

түбірлердің  əуел  баста  бір  құбылыстың  аты  болғаны  даусыз.  Кейін  бұл  əуелгі  мағына 

бірте­бірте  əрі  нақтыланып,  əрі  дерексізденді.  Етістіктердің  мағынасын  талдауға  қазақ 

тілінің түсіндірме сөздігінде бірнеше бет орын берілген. Етістіктердің атқаратын қызметі 

мен  мағыналарына  қарай  тілімізде  жай  тіркестермен  қатар  көптеген  фразеологиялық 

тіркестер де қалыптасқанын байқадық. Етістік есім сөздермен ғана тіркесіп қоймай, етістік 

өз  формаларымен  де  тіркесіп,  амал  мен  қимылға  өте  нəзік  грамматикалық,  яғни 



162 

 

семантикалық  мағыналар  қосқан.  Сонымен  қатар,  етістік  түбірдің    семантикасында 



айтарлықтай  өзгешелік  кездеспейді,  ал  түбірдің  дыбыстық  тұлғасы  мен  қосымшадағы 

өзгерістер  қыпшақ  тіліне  тəн  базалық  сəйкестіктеріне  негізделгені  байқалады.  Қазіргі 

қазақ  тілінің  сөздік  қоры  қаншалықты  бай  болса,  оның  жалпы  түркілік  негізі  де 

соншалықты  шұрайлы  деуге  болады.  Қазақ  халқының  жеке  ұлт  болып  қалыптасқанға 

дейін өзге бауырлары­басқа да түркі халықтарымен бірге өсіп, біте қайнасқаны тарихтан 

белгілі. Сондықтан да қазақ тілінің сөздік қоры жалпы түркілік қабаттан өрістейді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1 Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. – М.: 1969.  

2 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – А.: «Мектеп», 1981. ­71 б. 

3 Ысқақов А.Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. ­ 

А.:  «Ы.  Алтынсарин  атындағы  қазақтың  білім  академиясының  республикалық  баспа 

кабинеті» , 1999. – 92 б. 

4 Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. –Москва: Наука, I­III т. 1974, 

1978, 1980. IҮ т. (соавт. Левитская Л.С.), 1989. –767, 349, 395, 292. 

5 Т. Жанұзақ. С. Омарбекова, Ə.Жүнісбек. Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1 

том/ жəне т.б.­Алматы, 2011 (1­том. –А­А. 752б) 

 

 

УДК 82.512.12.2 




1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал