Пайдаланған әдебиеттер:
1 Уəлиев Н. Сөз мəдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 117 б.
2 Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алматы:
Наука, 1986. – 322 с.
3 Вайсгербер Л. Родной язык и формирование духа. – М., 1993. – 380 с.
4 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттықмəдени аспектілері. – Алматы:
Ғылым, 1998. – 196 б.
140
УДК 81'44; 81-2
Күдеринова Қ.Б.
Сулейман Демирель атындағы университеттің доценті, филология
ғылымдарының докторы, Алматы, Казақстан
e-mail:
kuderinova_70@mail.ru
БҰРЫНҒЫ КЕҢЕСТІК ТҮРКІ ТІЛДЕРІ ЖАЗУЛАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Abstract. The paper addresses what kind of difficulties in information exchange between
languages are caused by the difference of former Soviet and Turkish languages using one
alphabetic system. Therefore, the author suggested a common alphabetic system. The topicality
of accepting the common spelling rule among related languages also will be discussed.
Key words: Turkic language, alphabet, letters, information era, written language
Бүгінгі ақпараттар заманындағы тілді, əдебиетті жəне басқаны жазусыз елестету
мүмкін емес. Өткен ғасырлар əр елдің өзін ұлт ретінде дəлелдеу, мойындату сипатында
көрінсе, ендігі кезең өзара мойындалған елдердің интеграцияларға баруы, бірбірімен
санасуы, одақтасуы дəрежесіне ұласуда.
Əр мемлекеттің рəміздері қатарына жазу да кіреді: туы, елтаңбасы, əнұраны жəне
жазуы. Ендеше бүгінгі ақпараттар заманында алдымен аралары алшақтап кеткен түркі
ақпараттары тілінің ортақ жазуда сөйлеуі туралы сөз етпекпіз.
Бүгінде тілді құрал ретінде пайдалануда өз ойын жарыққа шығару ғана емес,
өзгенің ойын тану, жалпы тілдік санадан ақпарат алу басымдылыққа ие сияқты. Мысалы,
түркі халықтары үшін орыс тілін білу – Абай айтқандай, Еуропаға ашылған терезе болды.
Біз генетикалық жағынан туыс емес тілдік санамен тікелей қатынас жасау арқылы
олардың ойлау жүйесімен таныстық. Орыс тілі мен графикасын меңгеру ойлауымызға, сөз
мағынасының дамуына, стильдердің саралануына, сөйлем құрылысының жетілуіне орасан
зор əсер етті.
Тіл, əрине, ауызша жəне жазбаша түрде реалданады. Бүгінде ақпарат кеңістігінің
күшеюі тілдің ауызша түріне қарағанда жазба түрі рөлінің артуымен тікелей байланысты
болып отыр. Тілдің ауызша түрі арқылы ақпарат алу мүмкіндігі аз. Өйткені ауызша тіл
белгілі бір уақыт пен кеңістік аралығына ғана тəуелді, сондықтан шектеулі. Оның өзінде
сол тілдің коммуникативтікфункционалдық жағын жақсы білсеңіз ғана. Тілді білмесеңіз,
ауызша тіл арқылы ақпарат алу өте қиын немесе үстірт. Ал жазба тіл арқылы ақпарат алу
жəне беру мүмкіндігі біршама кең. Ол уақыт пен кеңістікке тəуелді емес, кез келген уақыт
пен кеңістікте отырып, ақпарат алуға қазіргі ғаламтор желісі тіптен мүмкіндік береді.
Туыс емес тілдерді білуің керек, болмаса қазір қызметі жетілген ғаламтор сөздігі бар. Тек
өз тіліңнің өзге тілмен толық жүйеге түскен сөздігі болуы керек. Сонда барлық əлемдік
тілдегі ақпараттардың аудармасын жуықтатып алып, түсінуге болады. Ал туыстас түркі
тілдерінде бұл жағынан жағдай қалай? Өкінішке орай, мүшкіл. Google аудармашысында
түркі тілерінен тек түрік тілі ғана бар [1].
Қазіргі заман – ақпарат заманы. Біз ақпаратпен қарулану үшін кез келген тəсілді
пайдалануымыз керек. Ол өзге тілді жетік білу болсын, болмаса жазба тілді ғана түсіну
болсын, бəрібір. Ал туыс тілдер графикасының ортақ болуы – осы тəсілдердің біреуі.
Жетілдірілген əліпбиі мен емлесі бар туыс тілдер бір тілдің диалектісіндей қарымқатынас
141
жасай алар еді. Сондықтан жазудың қазіргі қызметі, əсіресе түркі тілдері үшін қызметі
ақпарат алуда пайдалану дегенге саяды.
Түркі халықтарының тілдік санасы да, əлем туралы тілдік бейнесі де бір. Түбі бір
түркі тарихы мен құндылықтары туралы айтпаса да түсінікті. Ал осындай діңгегі бір
тілдер білім, ғылым, мəдениет, экономика саласындағы жаңалықтарына неге орыс немесе
ағылшын тіліне аударылғанда ғана өзара қолжеткізуі керек. Неге аудармашысызақ
түсінісуге (əрине, барлығын емес, кей сөздерді сөздікке қарап аударып) болатын тілдер
аудармашы қызметіне жүгінеді? Бізге – туыстас халық өкілдеріне ғылым, білім, мəдениет,
экономика, саясатындағы жаңалықтарды өзге тіл арқылы білу ұятты жағдай емес пе?
Түркі тілдері бірбіріне өте жақын, бір тілдің диалектісі іспетті тілдер. 20ғ. басында
Н.Төреқұлов «Түркі жазуларына унификация керек. Өйткені бəрі бірдей сөйлейді, бірақ
əртүрлі жазады» деген екен [2, 117].
Иə, мұның бəрі бұрынырақ болған, 20 ғасырдың басында. Алайда сондай диалекті
деңгейіндегі тілдер қазір бірбірін түсінуден қалып барады. Оның себебі, біріншіден,
жалпы кез келген ауызша тілдің тез өзгерісіне сайса (мысалы, кез келген шет тілді жазба
тіл арқылы тез, оңай меңгеріп алғандай болғанмен, тілдік ортаға түскенде
коммуникацияға ілесе алу қиындайды, сөз бірліктердің жазба формасын санада қатар
елестетіп, не жазба тұрпатын көріп əрең түсіну қалыпты жағдай), екіншіден, түркі
тілдерінің кеңес құрамында болғандары орыс тілінің, түрік тілі ағылшын тілінің əсеріне
ұшырап, диаспоралар тілдері оқшауланып, орфоэпиялық нормаға айтарлықтай жарқышақ
түсіріп алды. Сол себепті біздер, түркі халықтары, ауызша сөйленген мəтіндерді
аудармашы болмаса түсіне алмайтын жағдайға жеттік. Ал ата буынның жəне жазба тілді
меңгере қоймаған алдыңғы буынның тілі (өкініштісі, қазіргі таңда ол ұрпақтар өмірден
өтіп барады жəне олардың сөйлеу тілі барлық түркі халықтарында бірдей
транскрипцияланбады) қай түркі тілінде сөйлесе де, бірбіріне алғаш тыңдағаннанақ
түсінікті (мысалы, біздер Стамбул университетінің деканымен болған əңгімеде
аудармашысызақ түсінісе алдық, өйткені ол кісі түрік тілінің «классикалық»
орфоэпиялық нормасымен сөйледі). Ал қазіргі түркі халықтары жас буынының сөзі мүлде
өзгеше сипат алып барады. Енді келешекте жағдай тіптен қиындайды: түркі
сингармонизмін өткен ғасырдан бастап жоғалту үстіндеміз. Қ, ғ, ұ, і дыбыстары барлық
тілде бірдей естілмейді. Ал түркі тілдерін өзге генетикалық жағынан туыс емес тілдерден
айырмасын көрсетіп тұратын да, өз ішін бірбіріне жақындататын да осы ерекшеліктер
көмескіленсе, онда туыс тілдердің арасындағы жақындық, О.Сүлейменов айтқандай, жазу
тілінде («язык письма») ғана сақталатын болады.
Қазіргі түркі тілдері үш графиканы – латын (түрік, өзбек, əзербайжан), араб (түркі
халықтарының Иран, Қытай, Ауғанстан т.б.), кирил жазуын қолданады. Бір графиканы
пайдаланатын тілдердің өзінде əліпби алшақтықтары бар. Мысалы, кирил графикасын
қазір қолданатын түркі тілдерінің жазба мəтіндеріне қарайық: 6-8 февральдə узган
Республика күлəмендəге олимпиадада укучыларыбыз Шəмсетдинова Фəнүзə, Хисамиева
Физəлия призер булдылар. Укытучысы Вакказова Б. (tatar).
Эки диалектге бёлюнеди: басханчегем («ч»диалект) эмда малкъар («ц»
диалект).
Россияда
тилде сёлешгенлени саны 303 минг адамды (2002 джыл халкъ санаугъа
кёре). Литература къарачаймалкъар тил, къарачайбасханчегем диалектни тамалында
къуралгъанды. Джазыу система 192024 дждж. араб джазыуну тамалында болгъанды
(
аджам
), 192436 дждж. латин алфавитни тамалында, 1936 джылдан бери — кирилл
142
алфавит бла тамалланады. Къарачаймалкъар тилде
«Къарачай»
бла
«Заман»
газетле
эмда
«Минги тау»
, «
Нюр
», «
Лячин
» журналла чыгъадыла (KaraçayBalkar).
Орто Азиянын байыркы элдеринин бири. (Октябрдык революциясына чейин
тарыхый адаттардакыргыз деген ат казактарга да тиешелүү болгон). Жалпы саны 1700
миң адам 1975жылы. Антропологиялык жактан монгол расасынын Түш. Сибирь бөлүгүнө
кирет. Борбордук Азиядагы этностук же саясий бирикменин наамы катары байыркы түрк
жазма эстеликтеринде болжол (Kırgız).
Шинҗаң Уйғур аптоном районида тəрəққият тапқан, мəмликəтлик тил дəп, йəнə
қисмəн Қазақстанда, Өзбəкстанда, Қирғизстанда вə Түркмəнстанда ишлитилиду. Кичик
уйғур груһлири Россияда, Түркияда, Америкида, Европида, Австралиядə, Авғанстанда вə
Сəүдийə Əрəпстанда яшайду. Сөзлəйдиғанлар сани 30 млн. адəм əтрапида, шуниң ичидə
МДҺ бойичə 800 миң адəм. МДҺ уйғурлириниң көпи икки яки унуңдин көп тилларни
қоллиниду. Қазақстан уйғурлириниң əдəбият тили – бир миллəтлик тил ( Uygur).
Ххалҡының милли теле, урыҫ теле менəн бер рəттəн Башҡортостан
Республикаһының дəүлəт теле. Төрки телдəренең ҡыпсаҡ төркөмөнөң ҡыпсаҡ-булғар
төркөмсəһенə ҡарай. Морфологик тибы буйынса агглютинатив телдəр иҫəбенə инə.
Башҡорт һөйлəү теле өс диалекттан тора: көнсығыш, көнъяҡ һəм көнбайыш. Башҡорт
əлифбəһе урыҫ алфавитына нигеҙлəнеп төҙөлгəн (Başkurt dili)
Кёбюсюне КъарачайЧеркесияда, Ставрополь крайда, Астрахань областда эмда
Дагъыстанда джашагъан ногъайлыланы тиллериди.
Бул
тилде Россияда 90 минг. адам сёлешеди (2002 джылдаётген тергеуге кёре). Тил, тюрк
тиллени шималкюнбатыш (къыпчакъ) къауумуну къыпчакъногъай (ногъайкъыпчакъ)
тюбкъауумуна
киреди.
3 диалект
айырадыла:
ногъай (Ставрополь
край),
къараногъай (Дагъыстанда) эмда. 1928 джылгъа дери араб джазма хайырландырылгъанды,
кечирек — латин, 1938 джылдан — орус графиканы тамалында алфавит. Бусагъатдагъы
алфавит 1950 джылда бегитилгенды (nogaysy dili).
Sən olasan gülüstan, Sənə hər an can qurban! Sənə min bir məhəbbət Sinəmdə tutmuş
məkan! Namusunu hifz etməyə, Bayrağını yüksəltməyə, Namusunu hifz etməyə (Azeri).
Байқап отырғанымыздай, қыпшақ тобына кіретін тілдердің өзі бір фонеманы
əртүрлі əріппен таңбалағаннан бірінбірі түсінуде қиындыққа тап болып отыр. Ол
алдымен əліпби құрамын бекітуде кеткен олқылықтарда, унификацияланған ортақ əліпби
жобасынан ауытқып, бір фонеманы əр тілде əртүрлі əріппен белгілеуде тұр.
Ноғай мен құмық əліпбилерінде [ä], [ü], [ö] дыбыстары аь, оь, уь əріп тіркестерімен
беріледі (ə, ө, ү/у əріптерімен таңбалауға мүмкіндік барда). Қарашайбалқар жазуында
орыс алфавитімен келген е, ю əріптері [о], [у], [ө], [ү] дыбыстарын береді. Бұл
фонемаларға басқа əліпбилердегі ə, ү, ө графемалары сəйкес еді. Қазақ, өзбек
əліпбилеріндегі қ, к, ғ, г əріптері татар, қырғыз, түркімен əліпбиінде /к/, /г/ деп белгіленсе,
балқар, қарашай, құмық тілдерінде: к, къ, г, гъ таңбаларымен жазылады. К.Мусаев [ŋ]
фонемасын таңбалайтын н, нг, нь нъ əріптері орнына ң, у, уь, ю/у таңбаларының орнына
ү таңбасына тоқтайтын, сондайақ, [γ] дыбысы үшін /ғ/ əрпін, [дж] дыбысы үшін /җ/ əрпін;
[ q] дыбысы үшін /қ/ əрпін; [j] дыбысы үшін /й/ əрпін; [w] дыбысы үшін /ў/ əрпін
қабылдауға мүмкіндік бар еді дейді [3,30].
Кирил графикасына негізделген қырғыз жазуында төл дыбыстарының үш таңбасы
– ң, ө, ү, өзбек жазуында 4 таңбасы болған еді: қ, ғ, х, нг. Қырғыз графикасы əріп
таңбаларын азайтуда жіңішке дауысты таңбаларын маркер етсе, өзбек графикасы жуан
143
дауыссыздар таңбаларын маркер етті. Бірақ мақсат біреу – тілдегі жуанжіңішкелікті
айыру еді. Тек əр басқа жолдармен, унификациясыз айыру болды.
Сондықтан болашақта барлық түркі халықтары үшін қайта латын графикасына өту
кезеңі тұрса, онда өткенімізден сабақ алып, əліпбилерді үйлестіріп, унификациялау жағын
қарастыруымыз қажет. Тек науқан басталмай тұрған кезде.
1922ж. əзербайжан тілі түркі халықтарының ішінде бірінші болып, латын
графикасына ауысқаннан кейін енді өзге тілдерге əзербайжан əліпбиіне үйлестіру міндеті
қойылғандай да болды [2].
Түркітанушылардың тұңғыш құрылтайынан кейін жиналған 1927 жылғы пленумда
əзербайжан алфавиті мен Н.Төреқұлов жасаған унификацияланған əліпби талқыға
түскенде Жирков: «Н.Төреқұлов əліпбиі өте салмақты, санасуға тура келетін əліпби.
Əрине, ол əзербайжан қателігі негізінде жасалған. Əттең, кеш. Егер Н.Төреқұлов əліпбиі
əзербайжан қателігіне дейін айтылса ғой [2, 122]. Н.Төреқұлов алфавитінде жазып көру
керек, көптеген мəтіндер жазу керек. Бұл жоқ сияқты. Əзербайжан əліпбиі əлсіз, онда емле
де жоқ. Н.Төреқұлов алфавиті əлсіз, онда мəтін жоқ. Енді осы екеуін унификация жасау
керек» деген екен. Бірақ тарихтан білетініміздей, жақсы идея аяқсыз қалған.
Латын графикасын қабылдаған қазіргі түркі жазуларынан (түрік, əзербайжан,
өзбек) оғыз тобына жататын түрік тілі мен əзербайжан тілінің əліпбилерінде əріп
сəйкестіктері біршама бар. Ал өзбек алфавиті ағылшынлатын стандартына 2 таңба, 2 əріп
тіркесін (əлемдік əліпби тəжірибесінде əріп тіркесі əліпбиде көрсетілмейді) тіркеген
өзгеше графикамен сөз тұрқын ұзартып отыр. Кестеден көріп отырғанымыздай, түрік
жазуынан əзербайжан жазуы q, x, ə таңбаларының артықтығымен ерекшеленеді. Өзіндік
фонемаларды белгілеуде өзара үйлескен. Əрі əліпби реті де бірдей. Өзбек жазуы бұл
жағынан басқа бағыт ұстаған. [Ч], [ш] фонемалары үшін əріп тіркесін, [ғ], [ө] фонемалары
үшін апостроф пайдаланған. Егер түркі тілдері жазуын унификациялайтын мүмкіндік
туса, бұл қатардан тысқары тұратын жазу осы, өзбек жазуы болады (1кесте).
1-кесте. Түрік, әзірбайжан, өзбек әліпбилерінің әріп таңбалары
реті Түрік әліпбиі
әзірбайжанәліпбиі Өзбек әліпбиі
Фонема
1
А
а
А
а
2
В
в
В
б
3
d
d
D
д
4
e
e
E
e
5
f
f
F
ф
6
g
g
G
г
7
h
h
H
һ
8
i
i
I
и
9
j
J
й,ж
10
k
k
K
к
11
l
l
L
л
12
m
m
M
м
13
n
n
N
н
14
o
o
O
о
144
15
p
p
P
п
16
q
Q
қ
17
r
r
R
р
18
s
s
S
с
19
t
t
T
т
20
u
u
U
у
21
v
v
V
в
22
x
X
х
23
y
y
У
й
24
z
z
Z
з
25
ç
ç
Ch
ч
26
ğ
ğ
g´
ғ
27
ı
ı
ы
28
ö
ö
o´
ө
29
ş
ş
Sh
ш
30
ü
ü
ү
31
ə
ə
Мемлекеттік мəртебе алған жəне жергілікті қарымқатынас тілі болып табылатын
түркі тілдері үшін болашақта көтерілуге тиіс мəселе ол алфавитті латын негізді ету
болатыны анық. Жоғарыда көрсетілгендей, бір графикада отырып, жазу алшақтығын
болдырмау үшін əуел бастан унификацияланған алфавит негізінде əр ұлт тілінің өз
жазуын қабылдауын ойластыруды қолға алу керек.
Түркі тілдерінің орфографиясындағы басты принцип кеңес дəуірі құрамында
болған түркі тілдері үшін дұрыс анықталған еді: морфологиялық принцип – түбір
тұлғасын сақтап жазу барлық түркі тілдерінің басты емле қағидатына айналғанды.
Сондықтан бір қарағанда түркі тілдерінің арасындағы жақындық жазуда сақталып
қалайын деп отырғаны шындық. Ал түркі халықтары үшін ортақ алфавит, ортақ жазу
дінмен байланысты араб графикасы емес, саясатпен байланысты кирил графикасы емес,
бейтарап сипаттағы латын графикасына жүктелмек.
Түркі мемлекеттері тəуелсіздік ала бастаған жылдары алдымен графиканы
ауыстыру мəселесі көтерілгенде түркі халықтарының дүниежүзі бойынша бір жазу түрі
негізінде бірігуі баса айтылған еді. Кейін əсіресе өзбек жазуының ортақ Анкара
жобасынан айырмашылығы көбейгенде, бұл ой бəсеңсіді. Қазір түркі халықтарына ортақ
жазу мəселесі мифке айналды деген де пікір бар. «Түркі халықтары бірібірінен
ажырағаны соншалық жазғандарын оқып емес, аударып түсінгенді жеңіл көреді. Бір
бірінің жазғандарына қызықпайды, сондықтан аударылған əдебиеттер де аз. Басылмайды,
немесе ондай əдебиеттерге сұраныс аз» дейді қазіргі енжар көзқарас. Дегенмен біз
сөзіміздің басындағы ойымызға тұрақтап, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, қараш
балқар, ноғай əліпбилеріне латын графикасын қабылдау мүмкіндігі туған жағдайда
пайдалануға болатын мынадай ортақ əліпби жүйесін үйлестіруге болады деп ойлаймыз.
1. Аа Аа
15. Ққ Qq
28. Фф Ff
2. Əə Ä ä
16. Мм
Mm
3. Бб Bb
17. Нн Nn
29. Һ Hh
4. Вв Vv
18. Ңң η
145
5. Гг Gg
19. Оо Oo
6. Ғғ Ğğ
20. Өө Öö
30. Ҫҫ Ҫҫ
7. Дд Dd
21. Пп Pp
8. Ее Ee
22. Рр Rr
31. Ыы
Iı
9. Ҙҙ Žž 23. Сс Ss
9. Жж J j
10. Җҗ ĵ 24. Тт
Tt
11. Зз Zz
25. Уу, Ұұ Uu
12. Ии, і
Іi
26. Ш ш
Šš
13. Йй Yy
27. Үү Üü
14. Кк Kk
Мұнда башқұрт, түркімен тіліндегі тісаралық [ҙ], [ҫ] жəне тіларты җ фонемалары
үшін Žž, Ҫҫ жəне ĵ таңбалары бар. Ҫҫ əрпі түрік, əзербайжан тілдеріндегі [ч] фонемасын
береді.
Сондайақ, түркі тілдеріне ортақ типтік орфографиялық ережелердің болуы да жөн.
Мысалы, Кеңес дəуірі кезінде, біздер, одақ құрамындағы түркі халықтары, орыс
орфографиясы негізінде емле ережесін ұстандық. Ол, бір жағынан, өзге тілдің
заңдылығын зорлықпен таңу болғанмен, түркі тілдерінің өздері үшін ортақ ереже
бойынша жазба коммуникацияны жеңілдетіп алғанымыз шындық. Сондықтан, біздің
ойымызша, тағы да аталған тілдер арасында ортақ емле ережелерін екшеуге мүмкіндік
бар. Оған əр жазудағы ғылыми негізі уəжді ережелерді басшылыққа алуды ұсынар едік.
Мысалы, қазақ орфографиясында бүгінде сөздерді бірге, бөлек, дефиспен жазу; бас
əріптің қолданылуы, ә əрпін екінші буынға жазу емлесі, ы, і əріптерінің сөз ортасында
жазылуы, х, һ əріптерінің қолданылуы қиындық тудырып отыр. Бұлардың арасында
сөздердің бірге, бөлек жазылуы біршама шешімін тауып келеді. Сонда əр тілдегі
орфография негіздерін салыстыру арқылы емле проблемаларынан арылудың жолдары
шығады.
Қазақ орфографиясында сөздердің бірге/бөлек жазылуы қай графикада да шешілуі
қиын мəселе болып келді. Араб жазуы кезінде А.Байтұрсынұлы бірыңғай жуан не жіңішке
айтылған, бір зат не ұғым атауын бірге жазуды, ал үндесім заңына бағынбайтын сөздерді
бір зат атауы болғанына қарамастан дефис арқылы жазуды ұсынған еді. Бұл емлеге біраз
жеңілдік əкелген еді. Кейін 1929 жылы латын жазуына көшкенде Е.Омаров,
Қ.Кемеңгерұлы т.б. сөздерді бірге жазуды қалыптастыра бастады. Орыс жазуына да
көшкенде 1941 жылғы алғашқы емле сөздігінде біріккен сөздердің қатары көп болды.
Бүгінгі орфографияда бөлек таңбаланып келе жатқан сөздер бірге жазылды. Бірақ 1953
жылы алғашқы қазақ орфографиясының негізгі емле ережелері қабылданған тұстан бастап
жəне 1963 жылы жарық көрген толық орфографиялық сөздіктен бері сөздерді бөлек жазу
үрдісі күшейді. БАҚта бірге таңбаланып жүрген сөздер сынға алынды. Алайда емле
сөздігінің əр басылымында бірге жазылатын сөздер көбейе берді. Олар мынадай
əдістермен бірікті. Қазақ тілінде осы кезге дейін формалды белгі арқылы сөздердің бөлек /
бірге жазылуын анықтайтын əдіс болмаған еді. Оны алғаш ұсынған проф. Н.Уəли болды.
Профессордың айтуы бойынша біз біріктіретін əдісті ұластыруыштар мен
құрастыруыштар деген екі топқа жіктедік. Сонда қазақ жазуында мына жұрнақтар
ұластыруыштар болып табылады: лық, -қыш, -ар, -қы, -лар. Яғни осы жұрнақтармен
146
келген сөздерді жазарман автоматты түрде бірге жаза алады. Ал хана (40), ара (21),
Достарыңызбен бөлісу: |