Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет23/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78

  Мұхамади Қ.Т. 

 

ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Сулейман Демирель атындағы университет 

Алматы, Казақстан 

e-mail: 

Kuralay_sdu@mail.ru

 

 

 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТЕУЛІКТЕРДІҢ СЕПТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ 

БІРЛІГІ РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ 

 

 

Abstract.  One  of  the  units  of  linguistics,  which  create  analytical  declension,  is 

postpositions.  Because  between  postposition  and  declension’s  historical  roots  there  is  close 

contact. Analytical service to the twin brother of the grammar, grammatical sense, and the main 

supplier of the declension of words, combined with cost grammatical value, because it depends 

on the key word.  Their application proves that there is stability in postposition’s word phrase.  

Postposition does not change the meaning of declension.  In historical roots of postposition and 

declension      there  is  a  close  relationship.  Postposition  was  a  process  to  be  connected  to  the 

endings. It is proved in linguistics, historical and etymology works. 

 

Key words: linguistics, аnalytical,  grammatical value. 

 

Септеуліктер  түркітанымда  да,  қазақ  тілінде  де  молынан  зертелген  мəселелердің 

қатарынан саналады. Септеуліктер ертеден, тіпті ХҮІІІ ғасырдың ортасынан қазіргі күнге 

дейін  зерттеліп  келеді.  Септеуліктер  И.Гиганов,  А.Троянский,  А.Казем­Бек,  кейінірек 

В.А.Гордлевский,  Н.К.Дмитриев,  А.Н.Кононов,  А.М.Щербак,  Н.Е.Щербак,  Н.Е.Петров, 

М.З.Закиев,  В.А.Исенгалиева,  Дж.Мураталиева,  Ф.А.Ганиев,  Г.П.Александров, 

Г.И.Донидзе, 

З.Б.Мулюкова, 

Т.М.Тощакова, 

Н.Х.Максютова, 

Х.Т.Ахтамова, 

Г.Г.Фиксакова, 

С.Ф.Гарифулин, 

А.А.Коклянова, 

Ф.Р.Закиев, 

М.Н.Хыдыров 

Ф.Кенжебаева, И.П.Пулатов, К.Е.Ертаев т.б. ғалымдар зерттеулерінде қарастырылған. 

Тіпті кейбір түркі тілдерінде септеулік шылаулардың есім аналитикалық тұлғасын 

жасайтыны туралы зерттеулер де бар. Ал қазақ тілінде ол туралы бірлі­жарым пікірлер, ой 

тұжырымдар  болмаса  арнайы  зерттеу  еңбек  жоқ.  Жалпы  бұл  –  арнайы  тоқтауды,  жан­

жақты  талдауды  қажет  ететін  аса  маңызды  мəселелердің  бірі.  Септеулік  шылаулардың 

септік категориясына тəн қырлары мен қызметі көптеген лингвистердің назарына іліккен. 

Түркі тілдерінде септеуліктердің септік мағынасын беретіні И.Гиганов, И.Хальфин, 

А.Троянский т.б ғалымдар еңбектерінен белгілі болды. 



179 

 

Кезінде  В.А.Богородицкий  септік  мағынасы  септеуліктер  арқылы  да  берілетінін 



айтқан болатын. В.А.Богородицкий: «...падежи выражаются или падежными окончаниями, 

или послелогами, соответсвующими русским предлогам» ­ деп жазған [1, с.147]. 

А.Н.Кононов  1948  жылы  жазған  «Грамматика  узбекского  языка»  деген  еңбегінде 

өзбек  тіліндегі  есім  сөзбен  септеуліктердің  тіркесін  аналитикалық  тұлға  деп  танып, 

аналитикалық тұлға деген атауды қолданған [2].   

Татар  тілінің  маманы  Ф.А.Ганиев  татар  тіліндегі  нольдік  тұлғадағы  есім  сөзбен 

септеуліктердің  тіркесін  аналитикалық  септік  деп  атаған,  сөйтіп  ғалым  септеулік 

шылауларды  аналитикалық  тұлға  жасаушы  бірлік  ретінде  таныған.  Ф.А.Ганиев 

аналитикалық  септік  туралы:  «Оформляется  сочетанием  имени  существительного  с 

нулевым  аффиксом  +  послелог»  ­  деп  жазады  [3;  с.28].  Ғалым  Ф.А.Ганиевтің 

септеуліктердің  аналитикалық  тұлға  жасайтындығы  туралы  теориялық  тұжырымдары 

ғылымда тілшілер тарапынан қолдау тауып, зерттелу үстінде.  

Атап  айтқанда,  өзбек  тілінің  маманы  Х.Т.Ахтамова  1981  жылы  «Послеложные 

аналитические  формы  в  современном  узбекском  литературном  языке»  атты  тақырыпта 

кандидаттық  диссертация  жазып,  өзбек  тіліндегі  септеуліктер  арқылы  жасалған 

аналитикалық  септікке  сипаттама  береді.  Ғалым  Х.Т.Ахтамова  септеуліктер  қатысымен 

жасалған аналитикалық жəне синтетика­аналитикалық (аралас) тұлғалардың мағыналарын 

жан­жақты  ашуға  тырысады.  Х.Т.Ахтамова  өзбек  тіліндегі  таза  аналитикалық  септік 

жасаушы  25  септеулік  шылаулардың  аралас  тұлға  (синтетика­аналитикалық  септік) 

жасаушы  37  септеулік  шылаудың  мағынасына  талдау  жасайды.  Сол  септеуліктердің 

ішінде билан жəне учун  септеуліктері арқылы жасалған аналитикалық тұлғаларға автор 

ерекше  тоқталады.  Себебі,  билан  жəне  үшін  септеуліктері  өзбек  тілінде  аналитикалық 

септік  жасауға  белсене  қатысатын  септеуліктер  болып  табылады.  Автор  «билан» 

септеулігі  арқылы  жасалған  аналитикалық  септіктің  –  10,  ал  «учун»  арқылы  жасалған 

септіктің  аналитикалық  тұлғаларын  білдіретін  8  түрлі  грамматикалық  мағынаны  атап 

көрсетеді. Х.Т.Ахтамова: «Наиболее активными являются послелоги билан (10 значений) 

и  учун  (8  значений)  –  дей  келіп,  билан  септеулігі  арқылы  жасалған  аналитикалық 

тұлғаның мынадай 10 түрлі мағынасын анықтаған: «Аналитические формы, образованные 

с помощью послелога билан, выражают следующие основные значения: а) совместности­

сопроводительности;  б)  орудия  (средства);  в)  времени;  г)  места;  д)  признака  действия  ( 

или  состояния);  е)  причины;  ж)  цели;  з)  обьекта;  и)фразеологически  связанное;  к) 

конструктивно­обусловленное» [4; с.10] – дейді. Сондай­ақ ғалымның айтуынша, көптеген 

грамматикалық  мағыналар  бірнеше  септеуліктер  арқылы  берілетін  болса,  төрт 

грамматикалық  мағына­  бірлестік  (совмесности),  құрал  (орудия),  іс­əрекеттің  біреуге 

арналғандығын (предназначенности) жəне алмасу (замена) мағыналарын тек билан, учун 

септеуліктері  ғана  білдіре  алады.  Х.Т.Ахтамованың  зерттеуі  қолданыс  негізінде 

функционалды грамматика тұрғысында жазылған. 

 

 



 

 

 



Қазақ тіліндегі септеулік шылаулардың септіктің аналитикалық тұлғасын жасайды 

деген  пікірді  алғаш  айтқан  ғалым  ­  Н.Оралбаева.  Тілші­ғалым  жоғарыда  аталған  1986 

жылғы А.Қалыбаевамен бірге жазған  монографиялық  еңбегінде септеуліктердің  тұрақты 

тіркесетін  септеуліктерінің  болуы,  септеуліктердің  белгілі  септіктердің  мағынасын  ғана 

толықтыратынына ерекше көңіл бөліп, оларды аналитикалық септік деп атаған.[5] 

 

Профессор Н.Оралбаева:  «...шылаудың  біраз  тілдерде қосымша дəрежесіне жетіп, 



септіктің бір түрі ретінде танылып келе жатқанына қарамастан, көптеген түркі тілдерінде 

оның  септіктің  аналитикалық  тұлғасы  деп  танылмауы  тек  қана  синтетикалық 



180 

 

грамматиканы танудың əсері қаншалықты күшті екенін дəлелдейді» ­ деп, аналитикалық 



септіктің  тілде  осы  уақытқа  дейін  танылмай  келе  жатқандығын  тілде  синтетикалық 

грамматиканың əсерінің күштілігімен түсіндіреді.[5] 

 

Н.Оралбаева  морфология  оқулығында  (2007)  септеулік  шылауларды 



аналитикалық  септіктің  екінші  түрі  деп  таныған.  Н.Оралбаева:  «...септеулік  шылаулар 

септік  жалғаулы  сөзге  тіркесіп,септіктің  мағынасына  түрлі  реңк  қосып,  септік  мағынасын 

күрделендіреді.  Мысалы:  Ұялма  дегені  көңіл  үшін,Ұсақ  құлаң  бір  ғана  өмір  үшін  (А.Қ.). 

Жалт  қарасам,  Шұға  үйіне  қарай  кетіп  бара  жатыр  екен  (Б.М.).  Жұмыстан  кейін 

кездесейік(С.М.). Бидай мен қатар тары да ектік(С.М). Осы мысалдардағы көңіл үшін, өмір 

үшін,  үйіне  қарай,  жұмыстан  кейін,  бидаймен  қатар  деген  сөздер  аналитикалық  септіктің 

атау, барыс, шығыс, көмектес септік тұлғасындағы сөздер» [6; б.119] ­ дей келіп, олардың 

əрқайсысының  синтетикалық  септіктен  аз  да  болса  мағыналық,  реңктік  айырмасы  бар 

екенін айтады, мəселен, көңіл үшін, өмір үшін деген сөзтұлғаларда себеп мəні бар десеүйіне 

қарай дегенде септіктің бағыт мағынасынкүшейткен, ал жұмыстан кейін деген сөзтұлғада 

мезгіл мəні, бидаймен қатар дегенде қатарлас өзге заттың бар екенін аңғартады дейді.[83].  

Сондай­ақ  ғалым  Н.Оралбаева  «септеулік  шылау»  атауының  өзі  оның  септік 

жалғауымен қызметі, мағынасы жағынан сипаттас екеніне, əрі септеулік шылаудың септік 

категориясынсыз  қолданылмайтынына  байланысты  қалыптасқан  дейді.  Ол  туралы  автор 

оқулықтың «Септеулік шылаулар» деген бөлімінде айтқан.Оқулықтан дəйексөз келтірейік: 

«...септеулік  шылаулар  белгілі  септіктерге  байлаулы,  яғни  септеулік  шылаулардың 

мағыналары белгілі септіктің мағынасына байланысты. Сондықтан да септеулік шылаулар 

септік  категориясынсыз  қолданылмайды.  Басқа  шылаулардан  септеулік  шылаулар  осы 

қасиеті арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да шылаудың бұл түрі септеулік шылау аталған 

[6; б.351].(Астын сызған – Қ.Мұхамади). 

Ғалым  М.Оразов  септеулік  есім  аналитикалық  тұлғасын  жасайды  деп  санайды. 

М.Оразов: «Есім сөздерде аналитикалық форма бар, ол септеулік шылаулардың қатысуымен 

жасалынады»  ­деп  жазады  [7;  б.41].  Сол  сияқты  ғалым  септеулік  арқылы  жасалған  есім 

аналитикалық тұлғаларына үйге қарай, үйге дейін дегендерді мысалға келтіреді. Ол туралы 

ғалым  былай  деп  жазады:  «Егер  септеулік  шылау  сөздер  арқылы  берілген  мағынаны 

грамматикалық  мағына  дейтін  болсақ,  онда  үйге  қарай  кетті,  үйге  дейін  барды,  келген 

бойда айтты дегендер есім сөздердің аналитикалық формасы болып саналады» [7;б. 46]. 

 

«Септік»,  «септеу»,  «септеулік»  сөздерінің  сыртқы  тұлғасы  үндес,  мазмұндық 



сипаты  үйлес  келуінің  өзіндік  себебі  бар.  Ғалымдар  осы  атаулардың  арасындағы 

байланысқа мəн беріп, көңіл аударған. 

 

Жоғарыдағы қосалқылар туралы Қ.Жұбановтың пікірін жалғастырып қана қоймай, 



ғалым қолданған терминдерді сол қалпында қолдану керек дейтін ғалым – Е.Мергенбаев. 

Е.Мергенбаев  1994  жылы  шыққан  «Қазақ  тіліндегі  сөзөзгерім  жүйесі»  деген  еңбегінде 

қазақ тілінің сөзөзгерім жүйесін синтетикалық сөзөзгерім жəне аналитикалық сөзөзгерім 

деп  екіге  бөліп  қарастырады.  Аталмыш  еңбегінде  ғалым:  «  Қосалқы  жөнінде  алғаш  рет 

пікір  айтқан  Қ.Жұбанов  болатын.  Бірақ  осы  пікір  соңғы  жылдарға  дейін  мүлде  ұмыт 

болып  келді  де,  етістіктің  аналитикалық  формасының  екінші  компоненті  ретінде 

Н.Оралбаеваның зерттеулерінен орын алды. ...Қ.Жұбанов қосалқылар қосылып айтылған 

сөзтұлғаны  (сөзформаны)  бүтіндей  тіркесімен  алып,  «қосалқы  сөз»  деп  атаған.  ...Біздің 

ойымызша,  Қ.Жұбановтың  атауын  негізге  алып,  сөздің  мұндай  түрлерін  «қосалқы 

сөзтұлға» деп атаған жөн» ­ деп жазады [8; б.98­99].  



181 

 

Е.Мергенбаев  Қ.Жұбанов  ойын  одан  əрі  дамытып,  аяқ  қосалқыларды  іштей 



шектемелер  жəне  көмекшілер  деп  екіге  бөледі  де,  шектемелерге  демеуліктерді  (ғана, 

түгіл,  -ақ,  екеш  т.б.)  жатқызса,  ұқсамаларға  (нан-пан,  ет-мет,  қазы-мазы  т.б) 

дегендердегі  пан,  мет,  мазы  сияқтылар  жатады  деп  түсіндіреді.  Сөйтіп,  ғалым 

шектемелердің өзін демеуліктер жəне ұқсамалар деп екіге бөлген. Ал көмекшілердің төрт 

түрін көрсеткен:  1.Көмекші есімдер: қасы, үсті, іші т.б. 2. Көмекші етістіктер: бол, қал, 



сал т.б. 3.Септеулік шылаулар: дейін, шейін, гөрі т.б. 4.Демеулік шылаулар: -ақ,-ау, ғой 

т.б.[8; 99б.]. Ғалым септеуліктердің сөзге тіркесін «септік қосалқы шылаулар» деп атап, 

əрбір  септеулік  шылауларды  мағыналарына  талдау  жасай  келе,  оларды  аналитикалық 

тіркес (яғни аналитикалық тұлға) деп ашық айтып отырған. Мəселен, Е.Мергенбаев былай 

деп  көрсетеді:  «Қарай,  жақын  мағынасында  қолданылатын  «таман»  шылауы  мезгілдік­

мекендік мағына беретін аналитикалық тіркес құрамында қолданылады: үйге таман, күзге 

таман, өріске таман т.б.»[8; б.120].  

 

Септеуліктердің  қызметі  мен  мағынасы  жағынан  септік  жалғауларымен  ұқсас 



болып келетінін ғалымдар айтып та, жазып та жүр. Ал тіпті кейбір ғалымдар септеуліктер 

мен  септік  жалғауларының  ұқсастығы  соншалықты  оларды  ажыратудың  өзі  қиын,  əрі 

күрделі екенін  мойындайды. Мəселен,  кет тілінің зерттеушісі В.Э.Шерер  «Послеложные 

конструкции в кетском языке» деген кандидаттық диссертациясында былай деп жазады: 

«Трудность  и  сложность  отграничения  послелогов  от  падежных  показателей  в  кетском 

языке  заключается  в  том,  что  и  те  другие  выражают  в  целом  одинаковые  отношения 

между  словами  в  предложении»  ­  деп  көрсетеді  [9;  c.15].  Ғалым  В.Э.Шерер  сетеуліктер 

мен  септік  көрсеткіштерінің  ұқсастықтары  да,  айырмашылықтары  да  бар  деп  санап, 

олардың  8  түрлі  ұқсастығы  мен  8  түрлі  айырмашылығын  атап  көрсетеді.  В.Э.Шерердің 

айтуынша, олардағы бірінші ұқсастық­олардың екеуінің де көлемдік (пространственные) 

қатынасты білдіруінен көрінеді. 

 

Екіншіден, екеуі де тарихи тегі жағынан дербес мағыналы есімдерден шыққан. 

 

Үшіншіден, септік көрсеткіштері сөз құрамындағы морфема болса, септеуліктер де 

синтаксистік қатынас тұрғысынан  морфемадаға жатады. 

 

Төртіншіден, екеуінің де есімдермен тіркесінде ұқсастық бар. 

 

Бесіншіден,  олардың  екеуінің  де  есімдерден  (түбірден)  кейін  келетін  қатаң  орын 

тəртібі бар.  

 

Алтыншыдан,  екеуі  де  жалғаулықтар  сияқты  байланыстырушылық  қызмет 

атқарады. 

 

Жетіншіден, екеуі де кейде бір емес, бірнеше зат есімдерден кейін келе береді. 

 

Сегізіншіден, олардың екеуінің де тұлғасы өзгермейді, түрленбейді.  

Біз  В.Э.Шерер  көрсеткен  септеуліктер  мен  септік  көрсеткіштеріне  тəн  ортақ 

сəйкестіктерді  əдейі  көрсетіп  отырмыз,  ғалым  атаған  8  түрлі  ұқсастық  олардың  бір­

бірімен  байланысты  қаралуына,  септеуліктерді  аналитикалық  тұлға  жасаушы  көрсеткіш 

ретінде  қабылдауға  итермелеп  отыр.  Осындай  ұқсастықтарды  олардың  мағынасына 

қатысты да айтуға болады. Септік қосымшалары білдіретін мекен, мезгіл, себеп, мақсат, 

бірлестік т.б. мағыналар септеуліктерде де бар. Бірақ септік қосымшаларының мағынасы 

көбіне жалпы мағыналы немесе көп мағыналы болып келеді. Кейде бір септік қосымшасы 

бірнеше  мағына  береді.  Ал  септеулік  шылаулардың  өзінің  негізгі  мағынасы  болады. 

Сондықтан  лингвистикада  септеуліктерді  мағынасына  қарай  топқа  бөлу  тəжірибесі  бар. 

Мəселен,  1.  мезгіл­мекен  мағыналы  септеуліктер:  дейін,  шейін,  бойы  бойында,  таман, 

салым; 2. Амал мағыналы септеуліктер: бойынша, бірге, қабат, қатар. 3. Мақсат мағыналы 



182 

 

септеуліктер:  үшін;  4.  Қатыстық  мағыналы  септеуліктер:  туралы,  жөнінде,  жайлы. 



5.Теңеу,  талғау  мағыналы  септеуліктер:  сияқты,  секілді,  тəрізді  т.б.  Септеуліктер 

мағынасы  септік  категориясы  мағынасының  үстіне  қосылып,  оны  түрлендіреді, 

толықтырады, оның  (септік  жалғауларының)  мағынасын  аша  түседі. Мысалы: Өнеге  алу 

үшін емес, өнер жарыстыру үшін келетіндер көп (М.Мағауин); Онсыз да малдары үшін 

Абайға  алғыс  айтып  жатқан  кəрілер  енді  біржола  жұттан  құтылғандай  көтеріліп 

қалды  (М.Әуезов).  Осы  сөйлемдердегі  атау  септік  мағынасы  септеулікпен  келіп, 

аналитикалық  тұлғаға  ауысып,  алғашқы  сөйлемде  мақсат  мағынасын,  екінші  сөйлемде 

себеп мағынасын білдіріп тұр. 

 

Екі  анасын  көңілдендіріп  тағы  айтқызу  үшін  кейде  өзі  де  қаладан  əкелген 



кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиха» сияқты қиссаларды оқып береді (М.Əуезов); Осы 

түнде  ас  піскенге  шейін  Барлас  «Қобыланды  батыр»  жырын  жырлайды  (М.Əуезов); 

Өзге  балалардан  гөрі  басқа  бір  ермек,  бөлек  бір  дос  тапты(М.Əуезов);  Ол  тағдырда 

адаммен  бірге  жаратылған  нəрсе,  оны  адам  өзі  жора  тапқан  емес  (Абай).  Бұл  тілдік 

деректердегі  айқызу  үшін,  өзге  баладан  гөрі,  адаммен  бірге  дегендер  аналитикалық 

септіктің  атау,  барыс,  шығыс,  көмектес  септік  тұлғасындағы  сөздер.  Бұл  аналитикалық 

септік тұлғасындағы сөздер дəл осындай тұлғадағы синтетикалық септіктен сəл айырмасы 

бар.  Ол  айырмашылықтар  мынадай:  1)  айтқызу  үшін  дегенде  мақсаттық  мəн  болса,  2) 

піскенге шейін дегенде мезгіл мағынасы нақтыланған, 3) өзге баладан гөрі дегенде таңдау, 

талғау мəні бар, 4) адаммен бірге дегенде қатарлас, бірге жасалған дегенді білдіреді. Тіпті 

осы мысалдардағы кейбір септеулік арқылы жасалған аналитикалық тұлғадағы (септіктегі) 

сөзді  ешбір септік  қосымшасы алмастыра алмайды. Бұл ­ олардағы ерекшелік.  Олардың 

мағынасында ешқандай ерекшелік болмаса оның біреуі қолданыстан шығып қалар еді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1 Богородицкий В.А. Введение в татарском языкознание. 2­е изд., Казань, 1957.с147. 



2  Кононов А.Н. Грамматика узбекского языка. Москва, 1948 

3 Ганиев Ф.А. О синтетических и аналитических падежах в татарском языке// –Вопросы 

тюркология. – Казань,­1970,с.74­84 

4  Ахтамова  Х.Т.  Послеложные  аналитические  формы  в  современном  узбекском 

литературном языке. Автореферат. на соис.учен.степени канд.филол.наук. Ташкент.1981 

5  Қалыбаева  А.,  Оралбаева  Н.  Қазіргі  қазақ  тілінің  морфемалар  жүйесі.­Алматы.,  1986.­

192б. 

6 Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.­Алматы, 2007.­208б. 



7 Оразов М. Көмекші сөздер. Ташкент,1997 

8 Мергенбаев Е. Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі.­Алматы, 1994.­145б. 

9  В.Э.Шерер.  Послеложные  конструкции  в  кетском  языке.  Автореферат.  на 

соис.учен.степени канд.филол.наук. Нальчик,1973. 

 

 

 



 

 

 



 

183 

 

ƏОЖ 811.512.122­114.2    



Нұрсұлтанқызы Ж. 

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент 

«Болашақ» университеті, Қызылорда, Қазақстан 

e-mail: 

zhaznur@mail.ru

  

 

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ 



        

       Abstract. In this article concept «woman» concessions and traditional linguistculture about 

it.  


Key words: concept, article,  linguistculture. 

 

Қоғам мен ғылымның қазіргі уақыт тынысына сəйкес дамуы тіл біліміне ықпал етіп, 



лингвистикада жаңа бағыттар мен салалар пайда болуда. Тіл ғылымындағы жаңа бағыттар 

мен ағымдар тың ізденістерге жол ашып жатыр. Кейінгі жылдардағы зерттеулер этносты, 

ұлт  мəдениетін  тіл  арқылы  анықтауды  негізгі  қағида  етеді.  Демек,  тілді  тұтынушы 

этносты  алғашқы  орынға  қоятын  лингвистикадағы  антропоцентристік  парадигма  өз 

шеңберінде жаңа бағыттарға жол ашты. Осымен байланысты М.Күштаева, Қ.Жаманбаева, 

Г.Снасапова,  С.Жапақов,  Б.Ақбердиева,  Ш.Елемесова,    Қ.Қайырбаева,  С.Жиренов, 

Н.Аитова, А.Əмірбекова сынды жас зерттеушілердің жұмыстарында тіл – таным кілті деп 

қаралып,  когнитивтік  лингвистика  мəселелері  лингвомəдениеттану,  этнолингвистика, 

психолингвистика, гендерлік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген. 

Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі тіл білімінде 

«концепт»  терминіне  зерттеушілер  тарапынан  берілген  анықтамалар  əртүрлі.  «Концепт» 

терминін  тіл  аясындағы  мəселелерге  қатысты  пайдалануды  тұңғыш  рет  орыс  философы 

С.А.Аскольдов  1928 жылы «Концепт жəне сөз» мақаласында жариялады. С.А.Аскольдов 

концептінің қосымша қызметін көрсете отырып, оны былайша түсіндіреді: «...мысленное 

образование,  которое  замещает  нам  в  процессе  мысли  неопределенное  множество 

предметов одного и того же рода» [1]. Ал Ю.С.Степановтың көрсетуінше «Концепт – это  

«сгусток»    культуры    в    сознании    человека…  Концепты    не    только    мыслятся,    но    и 

переживаются.    Они  –  предмет    эмоций,    симпатий    и    антипатий,    а  иногда    и  

столкновений.  Концепт – основания ячейка  в  ментальном  мире  человека… У  концепта 

сложная    структура.    С  одной    стороны    ей    принадлежит    все,    что    принадлежит  

строению    понятия,    с    другой    стороны,    в    структуру    концепта    входит    все    то,  что  

делает  его  фактом  культуру – сжатое  до  основных  признаков  содержания  история;  

современные  ассоциации;  оценки;  и  т.д.» [2,73]. «Концепт» терминіне анағұрлым сəтті 

анықтаманы  А.Вежбицкая  берді.  Ғалымның  пікірі  қазіргі  кезде  көптеген  зерттеушілер 

тарапынан  қолдау  тауып  отыр.  Ғалымның  тұжырымы  бойынша  «концепт  –  бұл  ақиқат 

əлемі  туралы  адамның  тиянақталған  мəдени  түсінігін  бейнелейтін  ғаламның  тілдік 

бейнесі» [3,85]. 

«Əйел»  концептісіне  қатысты  салт­дəстүр,  əдет­ғұрыптар  этнос  өмірінен,  ұлттық 

дүниетанымынан, халықтық болмысынан, оның тарихы мен мəдениетінен мəлімет беретін 

тілдік құндылықтар ретінде қызмет атқарады.  

 «Əйел»  концептісін  қалыптастыратын  тұрақты  тіркестердегі  əйел  лексемасы 

А.Смайловтың зерттеу еңбегінде [4], қазақ əйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мəдениеттегі 

рөлі  мен  орнын  сипаттайтын  тілдік  деректерді  лингвомəдени  бағытта  айқындап,  əйел 


184 

 

концептісінің  лексика­семантикалық,  концептуалдық  мазмұнын  аялық  білім  деңгейі 



тұрғысынан  түсіндірген  А.Байғұтованың  кандидаттық  диссертациясында  [5],  əйел 

қолөнеріне  байланысты  атаулардың  этнолингвистикалық  сипаты  мен  ономасиологиялық 

негіздерін жан­жақты зерттеп, əйел қолөнеріне қатысты атаулардың табиғатын тілдік жəне 

тілдік  емес  факторлар  арқылы  анықтап,  оның  ұлттық  сипатта  қалыптасуы  мен  рухани­

мəдени  өмірдегі  орнын,  этномəдени  мазмұнын  қарастырған  А.Əлімжанова  [6] 

зерттеулерінде  «əйел»  концептісінің  берілу  жолы,  жалпы  «əйел»  лексемасының  ұлттық­

мəдени сипаты қарастырылған.  

Қазақ халқының ұлттық­мəдени ерешеліктерінің бірі – əдет­ғұрпы,  салт­дəстүрі. Қай 

халықтың болмасын өзінің өмір сүрген дəуіріне қарай тұрмыс­тіршілігі, сол ұлтқа ғана тəн 

əдет­ғұрпы,  салт­дəстүрі  қалыптасады.  Əр  елдің  өзіне  тəн  əдет­ғұрып,  салт­дəстүрі 

арқылы  халықтың  тұрмыс­салты,  мінез­құлық  ерекшеліктері  мен  дүниетанымының  сыр­

сипаты көрінеді. Қазақ ұлты салт­дəстүрге, əдет­ғұрыпқа бай халық. Жас сəби  «іңгəлəп» 

жар  салып  жарық  дүниеге  келгеннен,  адам  қартайып  бұ  дүниемен  қоштасқанға  дейінгі 

аралық олардың əрбір баспалдағы, əрбір кезеңі өзіне лайықты той­томалақпен, қуанышпен 

аталып өткен. Тіпті ақырғы демі бітіп, соңғы сапарға аттанған адамды арулап жөнелтудің 

өзі  де  халқымыздың  өзіндік  ерекшелігі  мол  ғажап  салты  болып  қалыптасқан.  Осындай 

салт­дəстүр, əдет­ғұрыптардың бір қатары тек əйел затымен байланысты.  



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал