Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет27/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1  Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы: Рауан, 1991. ­216 б. 

2  Қазақ сөздігі. –Алматы: Дəуір, 2013. ­1488 б. 

3   Фразеологиялық сөздік. –Алматы: Арыс, 2007. ­800 б. 

4  Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. –Алматы: Ана тілі, 1998, ­304 б. 

5  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Дайк­Пресс, 2008. ­968 б. 

 

ƏОЖ 821.512.122.09 



 

Т.  С.  Тебегенов 

филология   ғылымдарының  докторы,профессор, Қазақстан  Республикасы 

Гуманитарлық  ғылымдаракадемиясының  академигі 

 

ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМ ТУЫНДЫСЫ 

 

 

Abstract.  In  the  works  of  T.N.  Rakhimzhanova  "Kui  aty  ­"Dairabai"  reveals  various 

socio­legal conditions of life of the Kazakh people in the village during the colonial period. With 

help  of  critical  realism,  describes  the  conflicts  among  the  people  of  one  nation,  that  had  lost 

social  and  legal  justice.  Contradictory  actions  of  people  of  different  characters  masterfully 

outlined  the  laws  of  artistic  poetics  and  techniques  of  critical  realism.  Fundamentals  of 

philosophy  law  is  that  life  prove  the  defeat  of  evil  and  arbitrariness,  optimistically  assert  the 

triumph of good. Due to the completion of the artistic works of the author artists endowed with 

national recognition and eternal worship. 

   

 

   

Key  words:  kui  art,  poet,  artist  kui,  characterization,  conflict,  confrontation,  point  of 

view, dombra, the listener, the land of their ancestors, knowledge of the world. 

 

Əлем    өркениеті    кеңістігіндегі  халықтардың  сөз  өнері    мұралары  ­  



жалпыадамзатқа    ортақ  рухани    құндылық  қазынасы.Авторлары    ұмытылған  – 

фольклорланған    мұралар  мен    авторлары  мəлім  ауызша  жəне  жазбаша    əдебиет 



211 

 

туындылары  көрнек  өнерінің  барлық  түрлері  (сөз  өнері,  əуез  өнері,  бейнелеу  өнері, 



сымбат  өнері,  сəулет  өнері)  көркемдік­эстетикалық    заңдылықтары  негізінде    жасалып, 

тіршіліктану əлемінің  сан түрлі бояулы, көп дауысты, мол үнді, əрі үндес, əрі  бір­біріне 

ұқсамайтын    болмысты­бітімді,    ғарыштық­ғаламдық  кеңістік  заттарының, 

құбылыстарының    болмысын  танытады.  Бұл  орайда,  академик­жазушы    З.  Қабдоловтың  

көркемөнер  түрлеріне,  оның  ішінде    əдеби  шығармаларға  тəн    поэтикалық­эстетикалық  

сипат туралы бағалауын  айрықша назарға аламыз:  

«...Өнер туындысының  бəріне ортақ мазмұн – адамның ойы, арманы, құштарлығы, 

мұраты;  өнер  туындысының  қандай  түрі  болсын,  əрқайсысы  өз  тілінде    өмірдегі,  

қоғамдағы адам тіршілігінің  мəні мен мағынасын ғана  баяндап жатады.  

...Адам  тағдыры  –  жазушы  үшін  шығарма  арқауы    ғана    емес,  өмірді    танудың 

өзгеше тəсіліде: өмірде  көрген тірі адамдар туралы,олардың хал­күйі, кескін­кейпі туралы  

тебірене, толғана ойланудан көбіне сурет­ кердің  сол адамдар өмір сүрген  қоғам туралы 

көзқарасы    қалыптасады,  нəтижесінде    сол  қоғамдық  шындықты    көркем  жинақтау 

мақсатындағы  творчестволық əрекеті басталып кетеді» [1,119­б.]. 

Бұл – көркем шығармаларымен (поэзиялық, прозалық, драматургиялық) мыңдаған, 

миллиондаған  оқырмандарының  жүректерінен    орын    алған    танымал      шығармашылық  

тұлғаларға ортақ жағдай. Бұл орайда, XXғасырдың 70­90­жылдары мен    XXI ғасырдың 

басындағы  əдеби  үдерісте  сөз  өнері    тарихында  поэзиядағы,  прозадағы  көркем 

шығармаларымен,əдебиеттанудағы    іргелі  ғылыми­зерттеулерімен  үлес  қосқан  танымал 

шығармашылық  тұлға  Теңізбай Нəбиұлы  Рахымжановтың да  өзіндік орнына айқын баға 

береміз.  

Жазушының    поэзиялық    [2,3]  прозалық  шығармалары  XX    ғасырдың  70­90­

жылдары  мен  қазіргі    əдеби  үдерістегі    көркемдік­эстетикалық  тағылымымен 

ерекшеленеді.  Жазушының  əңгімелері    («Оралу»,  1982[4,109­155­бб];  «Кенже  ұл»,  1989; 

«Əке  көңілі»,  1984;  «Боранды  түнде»,  1984;  «Қыран  қия»,1984  [5,154­199­бб.]; 

«Тойтарқар»,1988;  «Қисық  бұтақ»,1988,  «Ат  тұяғын  тай  басар»,  1988  [6,187­223­бб.]), 

повестері  («Таңсəріде»,  1982  [4,3­108­бб];  «Туысқандар»,  1984[5,3­154­бб.];  «Көгілдір 

тырналар», 1988[6,5­186­бб.]; «Жел өтіндегі ұя»,1990; «Күй аты – «Дайрабай»,1992 [8,191­

304­бб.]  –  бəрі  де    қаламгерді    қалың  оқырмандарына      танымал  еткен    көркем 

шығармалары.  

Жазушының  прозалық  туындыларында    қазақ  ауылының    көпғасырлық  тіршілік 

кезеңдеріндегі  халықтық­этнографиялық    сипатты    тұрмысы,  тіршілік  қозғалыстары  

жүйесіндегі    өзара  қарым­қатынастары  мəдениетінің    ұлттық  болмысы,    тағдыр 

тауқыметтерімен  бетпе­бет  келген  жеке  адамдардың,  олармен  бірге  əлеуметтік  орта 

мүшелерінің  ­    бəрінің  амалдары­əрекеттері,  материалдық  жағдайлары  əралуан  адамдар  

араларындағы  өзара  келісімдер  мен  қақтығыстар,  мінез­құлық  психологиясының 

əралуандығы  аясындағы  үндестіктер  мен  қайшылықтар,т.б.  –  саналуан    қасиеттер, 

құбылыстар,  оқиғалар  романтикалық  жəне  реалистік  сарындар  тұтастығына  негізделген 

поэтикалық­стильдік    өрнектермен  жазылған.  Жазушының  көркем  шығармаларындағы  

кейіпкерлер 

дүниетанымының,портреттерінің 

əралуандығы, 

оларға 

қатысатын  



оқиғалардағы саналуан  қақтығыстар,  туындылардағы табиғат  құбылыстары мен адамдар 

көңіл­күйлері  сабақтасқан психологиялық  егіздеулер,т.б. – поэтикалық ерекшеліктердің  

қазіргі  заманғы    өмір  сүру  философиясы    аясындағы  шығармашылық    стиль  жүйесінде  

бағаланғанын  дəйектейді.  Испан  философы  Хосе  Ортега­и  Гассеттің  (Оrtega­y  Gasset) 

(1883­1955)  «Адам  жəне  адамдар»  атты  еңбегіндегі  өмір  сүру  философиясына  қатысты 


212 

 

тұжырымдары  шығармаларға  негіз­арқау  болған  көркем  шындық  идеяларын  бағалауға 



бағдарлайды: «...Өмір сүру  дегеніміз міндетті түрде  өзінің шеңберінен абсолютті сыртқа, 

ортаға,  əлемге  шығу  дегенді  білдіреді,  ­  бұл  дегеніңіз,  үнемі,  толассыз  бұл  əлемді 

құрайтын  минералдарға,  өсімдіктерге,  жануарларға,  басқа  адамдарға  яғни  барлығымен 

қақтығысу жəне қарсы тұру. Бұның болмауы мүмкін емес» [9,459­б.]. 

Жазушының «Күй аты – «Дайрабай» повесі алғаш рет «Жұлдыз» (1992,№2, 63­101­

бб)  журналында,  одан  кейін  «Сарыарқа  кітапханасы»  сериясымен  жарияланған  жинақта 

(2014,191­304­бб.) жарық көрді. Повестің тақырыбы – қазақ халқының Ресейдің отарлық 

бұғауындағы    тарихи  кезең    шындығы,  идеясы  –  адамдар  ортасындағы    құқықтың, 

əділдіктің  озбыр,  пасық  пиғылды  байлық,  билік  иелері  салдарынан  мəңгілік 

бағаланбайтынын, əлеуметтік­құқықтық  əділеттіліктің  аяққа тапталатынын əшкерелеу. 

Повестің  көркемдік  арқауында  –  дара  дарынды,  киелі  өнер  иесі,  ақын,күйші  

Дайрабай мен оның əкесі Ағабек, анасы Мəпеш жəне  оларға қарама­қарсы  мінез­құлық 

иелерінің (Күпілдек  қара шал Көбен,  оның  жандайшабы – жағымпаз  атшабары Құлғара, 

болыс  Есбол,т.б.)  қақтығысты­қайшылықты  іс­əрекеттері    көркем  шындықпен 

суреттелген.  

Повестің    сюжеттік­композициялық  желісіндегі    оқиғалар  жүйесі  эпикалық 

туындының көркемдік­эстетикалық  сипатын айқындайды. Сюжеттің басталуы – дəулетті, 

ел арасында Күпілдек Көбен атанған  шалдың жалғыз ұлы  Нарқоспаққа  кедей Еңсегеннің 

сұлу  қызы  Ақбілекті  айттырып,  енді  келін  түсіру    қамында  отырғаны,    ағайыны,  аталас 

туысы  Ағабектің  ұлы    Дайрабайға    бұрын  өзі  «Жалпақ    қоян»    жұтында  тартып  алған 

Шұбарағаш  қыстауына  олардың  қайта    орналасуына  рұқсат  бергені,  Көбен  шал  үйінде 

Дайрабайдың əн шырқаған,  күй төгілткені  баяндалған. 

Сюжеттің дамуында Ақбілек қалыңдықтың əкесі Еңсеген  аулына күйеу бала мен  

құдалар    тобының  келгені,  осы  топпен  келген  Дайрабайдың  əн  («Қарғаш»)  шырқағаны, 

күй («Қорқыт ата күйлері», «Алабайрақ», «Аққу айрылған», т.б.) төгілткені, Дайрабай мен 

Ақбілектің оңашада  қауышуы, оны Көбеннің көріп қалғаны, қорланған Көбеннің  Есбол 

болысқа  барып Дайрабайды жазалауды, Шұбарағаш қыстауын, Ағабекке  берген  өзінің  

баласы  Нарқоспаққа меншіктеп  беруін  сұрауы  айтылған. Сюжетте эпикалық авторлық 

баяндаулар,  кейіпкерлердің    монологтары,  диалогтары  өмір  шындығын  реалистікпен  

суреттеуімен  ерекшеленеді. Кейіпкерлердің даралана  мінезделуі де  осы сюжеттік даму  

бөлігінде  саралана  байқалады.  Күпілдек      Көбеннің  зорлықшылдығы,  екіжүзділігі 

«Жалпақ  қоян»  жұтында  ағайын­туысы  Ағабек  əулетінен  қонысы  Шұбарағашты  тартып 

алғаны,  енді  баласын  үйлендіру  кезінде    уақытша        алдаусыратып  сол  қыстауға    қайта 

қоныстануға    уəде  еткені,  нəтижесінде  туысы    Дайрабайға  өтірік  күліп  жүріп,  оның 

болашақ  келініне      ғашықтығын  білгесін  уəдесінен    тайқып,    Шұбарағашты  өзінің 

баласының  атына  жаздырып  алғысы  келген,  бірақ  Есбол  болыстың  қыстауды    орыстың 

қоныс аударушы  мұжықтарына бергені ­  осындай адамдар болмысына тəн қасиеттердің  

көркем  жинақталуы    тұрғысында      бейнеленген.  Сюжеттің  шиеленісті      танытатын 

оқиғалар  (Шұбарағаш  қыстауының    берілгеніне    нанып  көшіп  келген  Ағабек  əулетінің  

дағдарысы, күйзелісі, Күпілдек Көбеннің, оның жандайшабы Құлғараның ұйымдастырған 

ұрлық­барымта  сапарынан  Ағабектің  кіші    ұлы    Шақантайдың  ауыр  жараланып,    мəңгі  

мүгедек   болғаны, Көбенді,  оның   жандайшабы  атшабар Құлғараны   жазалауға келген  

Дайрабайдың тең емес шайқаста жеңіліп, тұтқындалып  түрмеге түскені, Ақбілек арудың 

боранда  адасып өлгені жүйелене суреттелген. Шығарма сюжетінің шиеленісті оқиғалары 



213 

 

адамзат  ұрпақтарының  мыңдаған  жылдар  бойы  осындай    қақтығыстар­қайшылықтар  



шырмауындағы  тағдырын күрделі психологиялық  сипатын  айқын елестетеді.  

Сюжеттің шарықтау  шегінде түрмеден қашып шыққан басты кейіпкер Дайрабайға  

ел ағасы, абыз ақсақал Кəрібоздың, əкесі Ағабектің, анасы Мəпештің ақылымен оның енді  

Сыр  өңіріндегі    нағашы  жұртына    аттануы  да    өмір  шындығына  сəйкес  үйлесіммен  

берілген.  

Повестің арқауындағы  негізгі коллизия ­ қақтығыс – дүниетанымдық көзқарастары  

қарама­қайшы    жеке  адамдардың,  олардың  өздерімен  тектес  əлеуметтік    топтардың  

араларында    өрбуімен    байқалады.  Қазіргі    заманғы  мəдени­философиялық  анықтама  

бойынша:  «Коллизия  (лат.  Collisio  –  қақтығыс)  –  қарама­қарсы    күштердің, 

көзқарастардың,  ұмтылыстардың,  мақсаттардың  қақтығысын  білдіретін термин. Көркем 

коллизия  –  көркем  шығармадағы  кейіпкерлердің,  ондағы  оқиға  шиеленістерінің 

қақтығыстарының  көрінісі.  Көркем  коллизия  тікелей  шығарманың  сюжетінде  оқиғадағы  

тартыста байқалады» [10,134­135­бб.]. 

Жазушы    Теңізбай    повесінің    сюжетіндегі  басты  кейіпкерлер    қақтығыстарының 

тарихи­поэтикалық  бейнеленуінің  халық тағдырына  қатысты  қоғамдық­əлеуметтік   кең 

ауқымдылығының 

«Конфликт 

(лат. 


conflictus 

– 

қақтығыс)­қарама­қарсы 



көзқарастардың,пікірлердің, мақсаттардың қақтығысы.  

...Көркем  шығармада    оқиғаға  қатысушы  бейнелердің    қарама­қарсы  іс­əрекет,  

қимылын    көркемдік    шиеленіс    деп  атайды»[10,136­б.]  тұжырымына  да  сəйкестігін 

аңғарамыз.  Жазушының  халық  тарихының  күрделі    кезеңіндегі    (саяси­қоғамдық­

əлеуметтік  ауқымдағы  мəселелер  қақтығыстарын  (конфликт),  солардың  ішіндегі  тектес 

əлеуметтік  топтардың  өз  ішінде  де  күнделікті  тұрмыстық  қарым­қатынастардағы  

жекелеген  қайшылықтарды  (коллизияларды)    саралаудағы  «Егер  конфликтіде    ірі 

тартыстар,  ауқымды  заманалық    күрестер  арқау  етіп  алынса,  коллизияда  оған  қарағанда 

кіші көлемдегі қақтығыс  ретіндегі əркеттер ғана  сөз болады»[11,206­б.] сынды бағалауға 

сəйкес ерекшеліктер көрінеді.  

Демек, жазушы  Теңізбайдың повесіндегі Ағабек аңшы мен  оның баласы Дайрабай 

мен Күпілдек Көбен,  жандайшап атшабар  Құлғара араларындағы  қақтығыс (конфликт) ­ 

замандық­халықтық күрес болмысының көрсеткіші. Ал, Есбол болыс пен Күпілдек Көбен 

екеуінің  болыстыққа  таласқаны,  Есбол  болыстың    параға  тұлпарын  алса  да,  Күпілдек 

Көбеннің  талап­сұранысын  орындамағаны,  Есбол    болыстың    патшалық  кеңседегі 

баласының    шені    өсуі    үшін  Шұбарағаш  қыстауын  қоныс  аударған  орыс  мұжықтарын 

бергені,    екеуінің  бақастық,  күншілдік  деңгейіндегі  іс­əрекеттері  –  туынды 

композициясындағы  шағын  коллизиялық  мəнді    қақтығыстар  əлеуметтік­психологиялық 

көрінісі.  

Шығарманың  композициясындағы    шағын  тартыстар  (коллизиялық),  ірі 

қақтығыстар  (конфликт)  жүйесінің  ең  орталық  желісінде  көркемөнер  тұлғалары 

меноларды  ешқашан    бағаламайтын    қарама­қайшы  дүниетаным  иелері    араларындағы 

бітіспес көзқарастардың  психологиялық­философиялық мағыналы қақтығысы шиеленісті 

жағдайда көрінеді.  

Шығарманың  сюжеттік    басталуындағы  аңшы  Ағабектің  зорлықпен    ажыраған 

атақыстауы  Шұбарағашын  сағынғанда    ескі  домбырасын  бебеулете,  безілдете  

жырлайтынын  («Құйқалы,  көкқтұмалы  Шұбарағаш,сСенімен  əнім  жалғас,  жаным 

жалғас»)    Дайрабайдың  еске  алуы,  халыққа  кең    тараған  əндерді  («Ақан    серінің 

«Əудемжері»,  халық  əні  «Қарғаш»,т.б.),  күйлерді    («Қорқыт  Атаның  күйлерін, 


214 

 

«Алабайрақ»,  «Аққу  айрылған»,  «Дайрабай»,т.б.)  орындаған  сəттеріндегі    өнерден 



эстетикалық      қуат  алатын,  жігерленетін,  өмір    сүруге  құштарланатын,  ақыл­ойы  кемел 

өнер  иелерінің  тыңдаушы  халықтық  парасат  биіктігіндегі  болмыс­бітімі  дараланған. 

Жазушының  эпикалық  баяндай  суреттеулерінің  көркем  мағыналы  бейнелеулерінен  

көрнек өнерінің сөз жəне  əуез түрлеріне ортақ эстетикалық бағалаудың, психологиялық  

қабылдаудың      табиғаттағы  саналуан  дыбыстармен,  əуендермен,  оқиғалармен, 

құбылыстармен    баламалануы    романтикалық    сарындылығымен,  реалистік 

шыншылдығымен оқырмандар жан ділін  баурай бейнелеп  суреттелген: 

«О, күй атасы ­  Қорқыт баба! Өзің желеп, жебей гөр!». Домбырашы жігіт қиядан  

ұшқан  қыран  бүркіттей  екі  иығын  қомданып  алып,  домбырасын  қағып­қағып  жіберді. 

Сол­ақ екен, жаңа  ғана тілі жұлынған қоңыр аудай  күрмеліп отырған  домбыра күмбірлей 

жөнелді.  Одан    бірде    уілдеген    желдің,  бірде    сыбырлаған  жапырақтың,  бірде  жел  

шайқаған қара  орманның шуылы  естіледі, енді  бірде үйдей­үйдей толқындары жартасқа 

соғылып барып, кейін  қайтқан  дауылды теңіздің солығын  баса  алмай уһілеген дыбысы  

құлаққа  келеді. 

Бұдан  кейін  атойлап  «Алабайрақ»  кетті.  Қара    жердің  төсін    қасыған    сансыз  

аттұяғының    дүбірі,  бір­біріне  сатыр­сұтыр  тиіп,  кезек  қайшыласқан  болатсемсерлер 

сыңғыры,  «Аруақ!Аруақ!»  деп  ұран  тастаған  өр  де    намысшыл  дауыстар  жер­дүниені 

жаңғыртып,  тұнық  ауаны    аяусыз  тілгілегендей.  Енді  бір  сəт    дірілдеген  егіз    шек: 

«Алабайрақ! Алабайрақ! Жасаған жанға қайрақ!» деп кетті. Сонсоң домбыра үні бəсеңдеп 

барып,  майда  қоңыр бипыл  əуенге ауысты. 

Енді  саңғырлап кеткен қос ішектен тұла  бойды  шымырлатар соны  үн  шығып, 

қоңыр  домбыра  аққу  құс    боп  қаңқылдайды,  кей­кейде  үпір­шүпір  сары  үрпек  

балапандарын  соңынан  шұбырта  ерткен мама  қаздай мамырлады. Сонсоң домбыра  үні 

ширай  түсіп, шиыршық  атып, су мен  ауадай, аспан мен жердей, Күн мен Айдай  мəңгілік  

өмірді  аңсаған  Қорқыт ата боп  күңіренді,  басына  үкі  таққан  маймақ ботасын  іздеген   

бозінген  боп   тайрақтады; туған  жерін  талақ   етіп, бет­бағдарсыз  үдере  көшкен  елдің  

көзінен  бір­бір ұшқан «Саймақтың сары  өзеніндей»  сарқырап ақты. 

...Бір  кезде Дайрабай «Аққу  айрылған» күйіне  ауысқан еді. Сабырлы  да сырбаз 

күй айдын көлді сызып, тұнығынан  балдыр  сүзген аққу құстай сұңқылдап, кейде қаңқ­

қаңқ    етіп,  қанатымен    су  сабалап  барып,  солығын  басқанда  Ақбілек:  ­Аққу    айрылған, 

аққу  айрылған,­деп күбірледі...» [8,246­247­бб.]. 

Шығарма    композициясындағы    сюжеттік    бөліктерде    бірде    жиналған  

жұртшылықтың  алдында,  бірде  оңашада  үйде    өзімен­өзі,  ал  соңғы    эпизодта    жақында 

əйелі  өліп, жалғыз қызы  Күмісай екеуі  айдаладағы киіз үйде  отырған («қабағы түксиген, 

түсі    суықтау  отағасы»;  «аса  қою,  қау  сақал  басқан  қоңырқай    жүзінде  кірбің  бар  үй 

иесі«...Ортада  маздап жанған оттың  жарығында кесте  тігіп  отырған  талдырмаш денелі, 

бидай    өңді  бойжеткен»  [8,299­300­бб.]  екеуінің  ықыласымен,  сұрауымен  күй  орындау  

сəттерінің суреттелуі сөз өнері  туындысының  өмір философиясын тұтас қамтитын  киелі  

құдіретіне    оқырманды  еліктіре  кіріктіргендей  əсерге    бөлейді.  Күй  əуендерінің  

бірдеқаһармандық  рухпен  жігерлендірген,  бірде  елжірете,  егілте  мұңдандырған 

сарындарынан  жан  жүйесі  аласапыран    толқуларға,  тебіреністерге    ұшыраған  

тыңдаушыларының    көңіл­күй  болмысы  –  өнер  құдіретін  ұлықтайтын    адамзат 

ұрпақтарына  ортақ психологиялық хал­ахуал. Повесть соңындағы эпизодта Дайрабайдың 

мұңлы­зарлы    күйін    тыңдап  отырған  отағасының  («Сырттай    қарағанда  берік  көрінетін 

қаба    сақалды,  батыр  тұлғалы  үй  иесінің  екі  иығы  селк­селк    етіп,  жанарынан  жылжып 


215 

 

аққан  ірі    тамшылар  жалпақ  бетінен  төмен  сорғалап,  үнсіз  егіліп  отыр    екен»[8,302­б.], 



бойжеткен  қыздың  көңіл­күйі    ­  тағдыр  талқысына,  тауқымет  соққысына  ұшырап 

жүргендердің бəріне  ортақ егілудің көрінісі. Күй – шерлі жүректерге ортақ  мұң əуендерін 

өнер  тілімен    жеткізген  сезім  сазы.  Ал,  жалған  дүниенің  қайғыға,  қасіретке  толы 

тауқыметті  болмысын    егілте  төгілген  əуез  əуендерінен    кейін  қиындыққа    мойымауға,  

жігерленуге,    қайраттануға,  айбаттануға,  асулы  алыстарға  аттандырар  жауынгерлік­

қаһармандық  айбарлануға    рухтандырған  «Дайрабай»  күйін  тыңдаудан  кейінгі  

кейіпкерлер  мен  оқырмандар    бағалаулары  да    бір  арнада    тоғысады.  Тыңдаушы  

бойжеткен  домбырашы    қыздың    тебіренісі,  жүрек  алғысы  («Біресе  иесіз    үйдің 

мұржасындай  уілдеп,  біресе,  ондаған,  жүздеген  сəйгүліктер    қатарласа  шапқандай 

дүбірлеп, дүрілдеген күй бебеулей түсіп, солығын басқанда, күй əсерімен нəзік денесі бір 

ысынып,  бір  суынып  отырған  домбырашы  қыз:  ­Аға,  керемет  күйші  екенсіз,­деді 

ризашылық  сезіммен,­үй  маңынан    ұзамай,  басыр  болып,  басылып    қалған  көңілімізді 

Көктөбеге  көтеріп  тастадыңыз.    Оған  мың  да  бір  рахмет!»[8,303­б.])  арқылы  өнер 

құдіретін  жан    жүйесімен  қабылдаған  адамдардың    рухани    əлем  сұлулығы  да  

айқындалған.  

Көркем  шығарманың  тақырыптық    аталуына  негіз  болған    күй  өнерінің    өмір 

шындығына    негізделген  эстетикалық    əсерінің    адамдар  жан  жүйесін  баураған 

психологиялық өмірдің  ықпалы,  қат­қабат əлемін қамтыған  философиялық болмысы ­ 

басты  кейіпкер ақын, əнші, күйші кейіпкердің  күй  орындау сəтімен  түйінделгендей: 

«Екі  иығын  қомданқырап  алып,  домбыра  шанағын  қағып­қағып  жібергенде, 

қатқылдау  үні  ширығып  шыққан  егіз  шектен  үстінде  алай­түлей  қара  дауыл  тұрған  көк 

жойқын дарияның шуылы естіліп қалғандай болды. Аспан ашық, желсіз, тымық күндері 

жай  ғана  жыбырлай  жататын    айдын  бетінен   кенет көк   бұйра толқындар ереуілдей 

көтеріліп, жүз бүктеле ойнақ салып,  қаһарын төгіп, күркіреп келіп, жер кемерге соғылып, 

быт­шыт болып, кері қайтқандай ма?! Бірақ  арындап, гүрілдеп, атойлаған асау толқындар 

тұмсығым    тасқа  тиіп    жүрегім  шайлықты»  деп  ойламайтын  тəрізді.    Бір  сəтке  тауы 

шағылғанымен,  түпсіз  дарияның  тұңғиық  тереңінде  шымырлай  түсіп,  бойына  тың  күш 

жинап,  айналаны  айран­топалаң  етіп,  бұрынғыданда  гөрі  екілене,  есерлене  жағалауға 

ұмтылады. Иə, көк жойқын дария ақ көбігін аспанға атып, сақ­сақ күледі; кейде əлденеге  

ызыланғандай өксіп­өксіп жылайды, кейде тұла бойы буырқанған ашу буып, гүр­гүр етіп, 

айбат  шеккендей  болады.  Жо­жоқ,  əлде,  ол  үстінде  аласапыран  дауыл  тұрған  көк  

мұхиттың  сарыны  емес,  ғұмыр  бойы  жоқ­жұқаналықпен күн  кешіп,  еңбегі  еш,  тұзы  сор 

болған қалың елдің бұғау қамытын жұлып тастап, зорлық пен қорлыққа қарсы дөң 

айбат  көрсетуі  ме?!  Əй­əй,  солай  болар­ау!  Сондықтан  айналаға  ұран  тастап,  атойлаған 

тентек те  тегеурінді күй:  

«Қайдасың, ала байрақ, ала байрақ. Жасыған жігерімді жаныр қайрақ!» деп тепсіне 

ме, қайтеді?» [8,302­303­бб.]. 

Көркемөнер    туындылары  (сөз,  əуез,  бейнелеу,  сымбат,  сəулет)  авторларының 

шығармашылық    шабыт  буған  сəттері  –  қарапайым,  адамдарға  байқала  қоймайтын 

айрықша  бір  мезеттік  психологиялық  құбылыс.  Повестің  құрылысындағы    сюжеттік  

бөліктерде басты кейіпкер Дайрабайдың əн,күй орындау сəттеріндегі саналуан көңіл­күй 

құбылыстары    құрсауындағы  табиғи  келбеті  –  адамзат  өркениетіндегі    осындай    тектес 

шығармашылық өнер иелеріне  ортақ  көрсеткіш.  

Мысалы:«Жиі  қағылған    кірпіктей  лыпылдаған  саусақтар  домбыраның  бұғалық 

пернелерін бойлап барып, сағалық пернелерге түсіп, тың əн­əуез іздейді. Сол сəте қатты 



216 

 

тартылған екі шектен  шыққан үн «дəри­дай­дай» кейде  əуелеп, кейде баяулап, енді бірде 



сыбызғыдай сыңсып кетеді. 

...Қоңыр  дауыспен  қоңырлап    басталған  əн,  бірте­бірте  асқақтап,  шалқи  түсіп, 

шарықтап  барады.  Əнші  даусын  ышқына  созып,  асығып  аптықпайды.  Қайта  əн  əуезі 

көңілге шым­шымдап  еніп, мап­майда ырғағымен жүректі баурайды»[8,236­б.]. 

Көркем  шығармалардағы  кейіпкерлер  портреттерінің  бейнеленуінде  идеялық­

поэтикалық    мағыналы  астарлаулар,  мегзеулер  болады.  Академик  З.Ахметов  көркем 

шығармадағы кейіпкерлер  портреттерінің  бейнеленуінде оларды сюжеттік оқиғалардың, 

тартыстардың  сипатына  орай  қиялмен  жасалуына,  оқырманның  өзіндік    елестетуіне 

орайластырыла  жазылатынын  айтады:  «Портрет  (франц.  рortrait—бейнеленген­əдеби 

кейіпкердің    сырт  көрінісін,  кескін­келбетін,  бой­тұлғасын  суреттеу.  ...Əдебиеттегі 

портреттің өзгешелігі   мысалы, суретші бояумен кескінделген портреттен айырмасы, ол 

адамның  бет­əлпетін,  кейпін  тұтас  бейнелемей,  көбінесе    жекелеген    ерекшеліктер,  есте 

қаларлықтай  сипат  белгілер,  көркемдік  детальдар    арқылы  көрсетеді.  Суретші  жасаған 

портретте адамның бет­пішіні, кескін­келбеті  суреттелген жеке сипат­белгілері негізінде 

ойша толықтырылып көзге елестетіледі» [2,270­271­бб.]. 

«Күй  аты  –  «Дайрабай»  повесіндегі  портреттік  бейнелеулер  де  кейіпкерлерінің 

авторлық  көркемдік­идеялық  желі    аясындағы  қақтығыстармен,  кейіпкерлер    іс­

əрекеттерімен  сабақтастырыла,  үндестіріле  берілуімен  ерекшеленеді.  Мысалы,  ару 

Ақбілектің  ішкі  монологынан  Күпілдек Көбеннің  жалғызы Нарқоспақтың  портретін, ол 

туралы  болжамды оқырман да  кейіпкермен біріге жасайды:  

«...сыртынан бір­ақ рет көрген Нарқоспақтың үлкен бұзаубасын, кертпеш танауын, 

ойсыз алайған көзін, ерте шыққан жуан қарнын  көз алдына елестетсе, өз­өзінен  қорынып, 

жасып  қалады.  Бəкене  бойлы  аласа,  қол­аяғы  қып­қысқа,  шой  желкесі  күжірейген  сол 

бадамша жігіт мұны түсіне қойса жақсы. Ал, əйел баланы  нəзік жүрегі, ой сезімі, арман­

үміті бар адам екен деп ойламай, ақша мен малға сатып алған зат деп қараса, Ақбілектің 

өмірі  өле­өлгенше  өксіп  өтпей  ме?»  Құдай  шебер­ай,  бойжеткен  деп  мұң­қамсыз 

бұлғақтап  жүргенде    кімге  душар  қылдың?  Мұны    ойлағанда    Ақбілектің  нұрлы 



1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал