Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет25/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78

 

Устная речь теле и радиожурналиста имеет в своей основе письменную речь, даже если 

конкретное  выступление  не  зафиксировано  письменно.  Используемые  здесь  средства 

разговорности  служат  задачам  общепублицистического  воздействия.  Интонация  речи, 

используемой  в  массовой  коммуникации,  отличается  от  интонации  непринужденного 

межличностного  общения  "нейтральностью"  мелодии  основного  тона.  Общение 

журналиста  со  своей  аудиторией  в  электронных  СМИ  имеет  социально  обусловленный 

характер.  Журналист  передает  социально  значимую  информацию.  В  информационных 

передачах ведущий занимает подчеркнуто объективную позицию, это серьезный разговор 

со  зрителем  или  слушателем,  при  котором  минимально  проявляется  индивидуальность. 

Тональность текстов спокойная, нет ярких речевых выразительных средств, невербальные 

средства подчеркивают ощущение сдержанности и объективности [4]. Удачное сочетание 

принципов  устной  и  письменной  речи,  остроумный  комментарий  облегчает  понимание 

политической, экономической информации. 

  

Тексты  СМИ  формируют  общественное  мнение,  воздействуя  на  поведенческие 



установки  слушателей/зрителей.  Причем  коммуникатор  всегда  представляет  взгляды, 

мнения,  установки  с  позиции  той  или  иной  социальной  группы  и  социальная 

направленность  выражается  в  выборе  темы  текста  и  ракурса  её  раскрытия.  Социально 

ориентированный характер текста проявляется по­разному в зависимости от конкретной 

тематики передачи: от самых "отстраненных" от зрителя, официальных – до максимально 


191 

 

приближенных к нему  по  типу межличностных  отношений. Эффективное воздействие в 



электронных  СМИ  возможно  лишь  при  наличии  в  речи  эмоциональности, 

экспрессивности, 

личностности 

изложения, 

ясности 

сообщения, 

присущих 

публицистическому стилю в целом. 

 

 

 



 

Список литературы: 

 

1 Стилистический энциклопедический словарь русского языка. — М:. "Флинта", 

"Наука". Под редакцией М.Н. Кожиной. 2003. 

2  Рэндалл Д.Универсальный журналист. СПб., 1998.   

 

 

  



3  Сенкевич М.П. Культура телевизионной и радиоречи. – М., 1994 

4 Лазарева Э.А. Язык электронных СМИ/Публицистика в совр. обществе. – М., 2000      

5  Бойкова Н.Г., Беззубов А.Н., Коньков В.И. Публицист. стиль. – СПб, 1999. 

 

6 Научная библиотека КиберЛенинка: 



http://cyberleninka.ru/article

 

7  З. Оразбекова// Мастерство журналиста – язык и стиль //Материалы международной 



конференции: «Современные технологии подготовки, выпуска и распространения научно­

позновательных изданий и научной фантастики». КазНУ им. Аль­Фараби, Алматы, 2013 



 

  

УДК 81’373; 001.4 



Ордабекова Х.А. 

 

Сулейман Демирель атындағы университет 

ф.ғ.к., ассоц. профессор 

hafiza_1975@mail.ru

  

 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЯКУТ ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ 

СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҮЙЕСІ 

 

Absrtact.  In  this  article  compared    lexical  and  lexical­semantic  system  of  Kazakh 

language and lexical system of Yakut language. In this comparative research we find linguistic 

analysis of the similarities and distinctions between Kazakh and Yakut languages, and the facts 

were formulated them. 



 

Key words: lexical system, the relative aspect of borrowed words, lowen words, word­

formation system. 

 

Якут тілі туралы алғашқы іргелі зерттеулер санскрит тілінің маманы О.Н. Бётлингтің 



«О языке якутов»  (1851 жылы Санкт­Петербургте неміс тілінде, 1990 жылы орыс тіліне 

аударылады)  еңбегінде  жазылады.  Э.К.  Пекарскийдің  1907­1930  жылдары  аралығында 

жарық  көрген  «Словарь  якутского  языка»,  В.В.  Радловтың    «Якутский  язык  в  его 

отношении  к  другим  тюркским  языкам,  1908),  Д.  Хитров,  С.В.  Ястремский,  Л.Н. 

Харитонов,  Е.И.  Убрятова  Н.Е.  Петров,  П.А.  Слепцов  жəне  тағы  басқа  ғалымдардың 

еңбектерінде  зерттеледі.  Якут  тілі  түркі  тілдері  жүйесінде  ерекше  орын  алады.  Бізге 

белгілі В.В.Радловтың, К.Менгестің  генеологиялық жіктелімі бойынша якут тілін ерекше 

тіл ретінде бөлек көрсетеді, А.Н. Богородицкий, К. Менгес географиялық белгісі бойынша 



192 

 

топтастырады,  А.Н.  Самойлович,  С.Е.  Малов,  Н.А.  Баскаков,  И.  Бенцингтің 



генеологиялық  жіктелімі  бойынша  өзге  тілдермен  байланысы  негізінде  қандай  да  бір 

ерекшеліктері  бойынша  топтастырады.  Якут  тілі  өзінің  грамматикалық  құрылымы 

бойынша  көне  түркі  тілімен  байланысты.  Айталық,  өзге  түркі  тілдерінен  якут  тілінің 

ерекшелігі  ретінде  ілік  септігінің  жойылуы,  шығыс  септігінің  арнаулы  септік  түріне 

айналуы көне руникалық ескерткіштерде кездесетін  тілдік құбылыстар саналады [1]. 

Якут  тілін  зерттеу  бұдан  100  жыл  бұрын  басталған  болатын.  1851 жылы  академик 

О.Н.  Бётлингтің  «Über  die  Sprache  der  Jakuten»  классикалық  еңбегінде  якут  тілінің 

фонетикалық  жəне  морфологиялық  жүйесі  жан­жақты  қарастырылады,  сөздіктер  мен 

мəтіндер  түзіледі.  1900  жылы  С.В.  Ястремскийдің  «Грамматика  якутского  языка»  өзіне 

дейінгі жазылған О.Н. Бётлингтің грамматикалық бөлімін аударылған нұсқасы жəне оған 

толықтырулар  енгізеді.  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  алғашқы  жылдары  якут  əдеби  тілін 

қалыптастыру,  оқу  құралдары  мен  оқулықтар,  сөздіктер  шығаруға  арналады. 

Л.Н.Харитонов  –  якут  совет  тіл  маманы,  оның  ғылыми­зерттеу  еңбектері  негізінен  якут 

тілінің грамматикасы, орфографиясы жəне тарихы, лексикологиясы мен лексикографиясы 

мəселелеріне  арналған.  Сондай­ақ,    мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  якут 

тілі 


оқулықтарының 

авторы, орысша­якутша, 

якутша­орысша 

сөздіктерді 

құрастырушылардың  бірінен  саналады.  1935  жылдардан  бастап  якут  тілінің 

морфологиялық  жүйесіне    байланысты  түбегейлі  зерттеу  жүргізіп,  бірнеше  ғылыми 

монографиялық жұмыстарын арнаған Л.Н. Харитоновтың,  Н.С.Григорьевтің якут тілінің 

сын  есімдер  жүйесі  мен  фразеологиялық  қорына  байланысты  зерттеу  еңбектерін,  якут 

тілінің  фонетикалық  жүйесі  бойынша  зерттеу  жүргізген  П.П.Барашков  пен 

Н.Д.Дьячковскийдің,  якут  тілінің  диалектологиялық  жүйесі  бойынша  П.С.Афанасьевтің, 

М.С.Воронкиннің  ғылыми  зерттеу  еңбектерін  айтып  өтуге  болады.  Сонымен  қатар 

Е.И.Коркинаның зерттеу жұмысы якут тілі етістіктер жүйесінің өткен шақ формалары мен 

рай  категориясын қарастырады, Н.Е. Петров  якут тілі  материалдары  негізінде қорғалған 

диссертациялардың  библиографиясын түзіп шығады.   

1907  жылы  Э.К.  Пекарскийдің  «Словарь  якутского  языка»  атты  еңбегі  Қазан 

төңкерісінен кейін жарияланады.Ұлты поляк, лингвист, этнограф, фольклоршы, СССР ҒА­

ның құрметті мүшесі, үш томдық «Якут тілі сөздігінің» авторы Э.К. Пекарский 25 мың сөз 

енген  якут  тілінің  сөздігін  жасап  шықты,  бұл  түркі  тілдері  жүйесі  бойынша  жасалған 

ғылыми  еңбектердің  бірі  болатын.  Аталған  еңбектің  ең  кереметі  мұндағы  сөздерден, 

ұғымдардан саха халқының  ұлттық  бейнесін көруге болатындығы  еді. Онда ежелгі көне 

аңыз­ертегілер  мен  ұлттық  эпос­жыр  кейіпкерлерін  жəне  осы  күнге  дейін  келе  жатқан 

əдет­ғұрыптар  туралы  деректерді,  тіпті  онда  олардың  қай  түркі  тайпасынан 

шыққандығын, руының атына шейін кездестіруге болады. Якут тілі бастауыш жəне орта 

мектепте, жоғары оқу орындарындағы қарым­қатынас құралы саналады. Оқулықтар, оқу 

құралы,  көркем,  публицистикалық  əдебиеттер,  газет­журналдар,  радио­теледидар 

ақпараттары,  театр  қойылымдары    якут  тілінде  жүргізіледі.  Якут  тілі  түркі  тілдері 

жүйесіне енеді, дегенмен эвенк, монғол жəне орыс тілдерімен өзара қарым­қатынасы якут 

тілінің  фоно­морфо­семантикалық  жүйесіне  өзіндік  əсерін  тигізген.  Жалпы  дүние  жүзі 

бойынша  якут  тілінде  жарты  миллион  адам  сөйлейді  екен.  Якут  тілінің  əдеби  тілі 

Якутияның  орталық  аудандары  тұрғындарының  ауызекі  сөйлеу  тілінің  негізінде 

қалыптасқан.  


193 

 

Э.Пекарскийдің осы сөздігінде кездесетін қазаққа тəн дəстүрлер мен ұғымдар туралы 



көптеген  мəліметтер  келтіруге  болады.  Мəселен,  «Биэ  уол  Балхан»  [2,  356]  деген  тілдік 

бірлік теңіз батыры мен биеден туған ұлдың, яғни сиқырлы да құдыретті Жауыз алыптың 

аты.  Теңізге  қатысты  Балхан  сөзі  Балхаш  көліне  байланысты  сақталған  сияқты  жəне 

Балхаш  бойындағы  елдің  аттың  құлағында  ойнаған  шабандоздығы  соншалық,  тіпті 

жылқыдан жаратылған деп отыр. Европа халықтарының санасындағы Кентавр ұғымының 

аңыздық  бейнеге  айналуынан  осы  «Биэ  уол  Балхан»  ұғымы  қалыптасқан.    

        Якуттар  көлді  куөл,  ал  теңізді  байақал,  байқал  (Байкал)  деп  атайды.  Ал,  Арат-

Байақал сөзін Арат­море (въ песняхъ и сказкахъ) деп аударып былай түсініктеме береді: 

«...которое  есть  край  или  подножье  земли  и  под  западную  сторону  которого  солнце, 

закатываясь,  скрывается;  Арат­балыкъ  –  имя сказочного  абасы».  Абасы  деген  сахаларда 

мифтік  жамандық,  жауыздық  бейнесі,  зұлым  жан  деген  мағынаны  білдіреді  [2, 

358]. Мұндағы  абасы  тұлғасы  қазақ  тіліндегі  албасты  тұлғасымен  əрі  формалық,  əрі 

мағыналық жағынан да сəйкес келетінін байқау қиын емес.   

Қазақ  жəне  якут  тілдерінің  лексикалық  құрамын  ғасырлар  бойы  сақталып  келе 

жатқан  байырғы  сөздер,  халықтың  өзімен  бірге  жасасып  келе  жатқан  төл  сөздер,  кірме 

сөздер,  неологизмдер  мен  термин  сөздер,  ауызекі  сөйле  тіліне  тəн  қарапайым  сөздер, 

диалектизмдер, кəсіби сөздер құрайды.   

Түркі тілдеріне ортақ сөздердің көпшілігі қазақ тілінің де төл сөздері болып келеді. 

Мысалы: бас, су, тіл, қол, аяқ, көз, жер, бала (зат есім), ақ, қара, көк, сары, жақсы, жаман 

(сын есім), бір, екі, үш, төрт, жүз, мың (сан есім); мен, сен, ол, қанша, қандай (есімдік), 

кел,  кет,  отыр,  тұр  (етістік),  тез,  ерте,  кейін  (үстеу)  т.  б.  Якут  тілінің  төл  лексикасын 

жалпы  түркілік    жүйедегі  мынадай  лексика­семантикалық  топтар  құрайды:  туыстық 

атаулар  жүйесі  киһи ~  кісі,   эр ~  ер, кыыс  ~ қыз, уол ~  ұл;  дене  мүшелері  атауларының 

лексика­семантикалық тобы: бас ~ бас, атах ~ аяқ, буут ~ бұт, илии ~ қол, унуох ~сүйек, 

сүрэх ~ жүрек; металл атаулары: тимир ~темір, көмүс ~күміс, кыһыл көмүс ~алтынтимир; 

мезгіл атааулары: күн ~ күн, ый ~ ай,  түүн ~ түн; төрт түлік мал атаулары: ат ~ ат, ынах ~ 

сиыр; үй жануары атаулары: ыт ~ ит; сан есімдер жүйесі: биир ~ бір,  икки ~ екі, үс ~ үш, 

түөрт ~ төрт, биэс ~ бес, уон ~ он; сын есім атаулары: кыһыл ~ қызыл, хара ~ қара, үрүҥ ~ 

жарық,   үтүө ~ жақсы,  улахан  ~ үлкен; қимыл атаулары: бар ~бару, кэл  ~ келу, ис ~ іс, 

миин ~ міну; табиғат атаулары: су ~ уу, жер ~ сир, тау ~ хейа, жұлдыз ~ сулус, өзен ~ өрүс, 

көл ~ күөл, аспан ~ халлаан,  қар ~ қаар, муус ~мұз,  муус  сүрэх ~ мұз  жүрек;  сондай­ақ 



кыыс «қыз», кэл  «келу»,   кус «үйрек»,   куо  «сұлу», кир «кір», киэҥ «кең», күл «күл», күөс 

«құмыра», кэтэх «желке, шүйде», кыах «күш», куобах «қоян», күөх «көк, жасыл» [3, 1108­

1110]. 


Түркі тілдеріне ортақ сөздердің қазақ не якут якут тілдеріндегі   сөздерден ешқандай 

айырмашылығы  білінбейді.  Ерекшелік  сөздердің  фонетикалық  өзгерістерге  ұшырағаны 

немесе  көне  формасын  сақтағанынан  білінуі  мүмкін.  Мəселен,  сары  сөзінің  көне  түркі 

тілінде сарығ, үлкен сөзінің ұлуғ болып айтылғандығы қазіргі қазақ тіліндегі сарғай, ұлғай 

формаларынан аңғарылады.  

Қазақ  тілімен  салыстырғанда  якут  тілінің  лексикалық  құрамы  өте  күрделі,  өйткені 

якут тілінің лексикалық жүйесінде түркі, монғол, эвенк, палеоазиат жəне орыс тілдерінен 

енген кірме сөздер көптеп кездеседі. Якут тілінің өзге түркі тілдері жүйесінен ерекшелігі 

ретінде  шығу  тегі  белгісіз  лексикалық  бірліктердің  көптеп  кездесуін  атап  өтуге  болады. 

Дегенмен,  якут  тілінің  сөздік  құрамының  негізін  түркі  тілдеріне  ортақ  төл  сөздері 

құрайды. Оған жаңбыр ~ yaĝmur (түрік) ~ camĝır (қырғыз) ~ samır (якут;) жату ~ yat (түрік) 


194 

 

~ cat (қырғыз) ~ sit (якут); жеті ~ yedi (түрік) ~ ceti (қырғыз) ~ sette (якут) сияқты бірліктер 



негіз болады.  

Сондай­ақ, кейбір көне түркілік сөздер якут тіліне монғол тілі арқылы енген. Монғол 

тілі  арқылы  енгендіктен,  ондай  тілдік  бірліктер  фонетикалық  жəне  семантикалық 

өзгерістерге  ұшыраған.  Мысалы:  көне  түркі  тілінде  j'ыл  түрінде  дыбысталатын  сөз  якут 

тілінде  дьыл  түрінде  айтылып,  «мерзім,  кезең»    деген  мағынаны  иеленеді,  ал  монғол 

тілінде жил «жыл» мағынасын білдіреді. В.В.Радловтың айтуынша, монғол тілінен енген 

сөздер якут тілі сөздік құрамының 30 % құрайды. Монғол тілінен енген сөздер, көбінесе 

жан­жануарлар атаулары (тэбиэн – түйе), металл атаулары (алтан – алтын, мөҥүн – күміс), 

аспан денелері атаулары (Чолбон – Шолпан) құрайды, сондай­ақ, якут тілінің бейнелеуіш 

жəне  еліктеуіш  сөздер  құрамында  монғол  типті  элементтер  көптеп  кездесетіндігі 

байқалады. 

Кез келген халық өзге халықтармен экономикалық, саяси, мəдени қарым­қатынаста 

болады.  Мұндай  факторлар  тілдік  жүйеге,  əсіресе,  тілдің  лексикалық  жүйесіне  ықпал 

етеді.  Тіл­тілде  басқа  тілден  енген  сөздер  ішкі  жəне  сыртқы  факторларға  байланысты 

пайда  болады.  Сыртқы    фактор  сөз  алушы  халықтың  басқа  халықтармен  байланысынан 

пайда  болатын  сөз  ауысу  процестерін  бейнелейді.  Мысалы,  араб  жаулаушыларының 

халқымызға  мұсылман  дінін  енгізуі,  моңғол  шапқыншыларының  ұзақ  уақыт  билік 

жүргізуі, қазақ  халқының  Ресейге қосылуы қазақ  тіліне көптеген  кірме  сөздердің енуіне 

себеп  болды.  Айталық,  парсы  тілінен  аспан,  баға,  ұстаз,  дерт,  көше,  керуен,  маржан, 

диқан,  дарақ,  гүл      сөздері  енсе,  араб  тілінен  кітап,  қалам,  мектеп,  халық,  мағына, 

мəдениет, əдебиет, тарих, əдеп, сауат, айла, сағат, сəулет, сауал  сөздері енген. Ал ішкі 

фактор  тілдік  жүйедегі  сөздік  ішкі  мағыналық  құрылымының  дамуына  тікелей 

байланысты.   

Қазақ  тілінің  монғол  тілдерімен  қарым­қатынасы  екі  түрлі  фактор  негізінде 

қарастырылады.  Бірінші,  қазақ  тіліне  монғол  тілінен  тікелей  ауысып  енген  сөздер: 

əкімшілік,  ел  билеу  ісіне  байланысты:  жасақ,  ноян,  нөкер  жəне  жер­су  атауларына 

байланысты:  Алтай  (Алтын  тау),  Қорғалжын  (қорғасын),  Тарбағатай  (суырлы),  Қордай 

(қарлы),  Нұра  (жақсы)  сөздер  кездеседі.  Екінші,  бір  тілден    екінші  тілге  ауысты  деуге 

келмейтін, екеуіне де ортақ сөздер тобы. Қазақ лексикасында монғол тіліндегі сөздермен 

түр­тұрпаты жағынан ұқсас, мағынасы жағынан үйлес келетін, əсіресе, зат есім, сын есім, 

етістік  сөздер  көптеп  кездеседі.  Мысалы:  қой,  қойшы(қон,  қончын),  бұқа  (бух),  алтын 

(алтан),  сары  (шар),  қап­қара  (хап-хар),  дулыға  (дуулга),  бура  (бұғура)  т.б.  Бұл  сияқты 

сөздер  тек  қазақ  тіліне  ғана  емес,  түркі  тілдеріне  ортақ  сөзер  болғандықтан,  олар  түркі 

тілдерінен  монғол  тілдеріне  ауысты  ма,  əлде  монғол  тілінен  түркі  тілдеріне  ауысты  ма 

деген  мəселелер  əлі  күнге  дейін    күн  тəртібінен  түскен  жоқ  [4].  Сол  себепті,  мұндай 

сөздерді  түркі  (қазақ)  –  монғол  тілдеріне  ортақ  сөздер  деп  атауға  болады.  Түркі­монғол 

тілдеріне ортақ сөздердің бар екенін Ш.Уəлиханов айтқан болатын. Мұндай ортақты тек 

сөздік қордан ғана емес, олардың грамматикалық құрылысынан да байқауға болады. Түркі 

тілдері сияқты монғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады.             

Араб,  парсы  жəне  моңғол  тілінен  енген  сөздер  ауызша  қабылданғандықтан, 

фонетикалық өзгерістерге ұшырап, қазақ тілінің дыбысталу заңына сай қолданылып, басқа 

тілден енгендігі аңғарылмайтын дəрежеге түскен. 

Орыс  тілі  арқылы  енген  кірме  сөздерді  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  жəне  Қазан 

төңкерісінен кейінгі кезеңде енген сөздер деп екі үлкен топқа бөліп қарастыруға болады. 

Төңкеріске  дейінгі  кезеңдегі  сөздерге  жəрмеңке  (ярмарка),  жəшік  (ящик),  бөтелке 



195 

 

(бутылка),  бөрене  (бревно),  əшмөшке  (восьмушка),  сіріңке  (серняки),  божы  (вожжи), 



бөкебай (пуховой), самауыр (самовар),  шен (чин),  сот (суд),  түрме (тюрьма), əтпекет 

(адвокат), кір (гир) тағы басқа сөздер жатады. Бұлардың ішінде кейбір сөздер қазіргі орыс 

тіліндегі  нұсқасымен  айтылып  та,  жазылып  та  жүр.  Мəселен,  атпекет,  пошта,  кəмпит 

сөздері баспа беттерінде адвокат,  почта, конфет болып жазылып жүр.  

Қазан  төңкерісінен  кейін  енген  сөздердің  қазіргі  əдеби  тілде  молдығы  қоғамдық­

саяси, мəдени, оқу, ғылым, техника, сауда, спорт, əскери ұғымдарға тікелей байланысты. 

Мысалы:  демократия,  диктатура,  партия,  конференция,  пленум,  фабрика,  электр, 

энергия, машина, станок,   троллейбус, трамвай, бригадир, азот, фосфор, гербицид  жəне  

т. б.  


Якут тілінде эвенк тілдерінен енген кірме сөздер аз кездеседі, мəселен, үй атаулары 

холомо  «жұқа  ағаштардан  салынған  үй»,  үүтээн  «аңшының  үйі»,  эвенк  сөздері  якут 

тілінде топонимдер жүйесін құрайды.  Эвенк жəне монғол тілдерімен өзара тығыз қарым­

қатынасы якут тілінің фонетикалық жүйесіне түбегейлі өзгерістер əкелді, сондай­ақ оның 

лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысына да біршама əсер еткен. Мəселен,  

        Орыс тілінен енген кірме сөздерді Қазан төңкерісіне дейінгі жəне Қазан төңкерісінен 

кейінгі деп жіктеу принципі якут тілінде де кездеседі. Бұлай жіктелудің негізі төңкеріске 

дейінгі  сөздер  қазақ  тілі  сияқты  якут  тілінің  фонологиялық  жүйесіне  сəйкестендіріп 

алынған  болатын.  Ал  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  енген  орыс  тілді  элементтер  сол  тілде 

қалай  дыбысталып  жазылса,  солай  айтылып  жазылуы  тиіс  болды.  Дəл  осындай  тілдік 

ерекшелікті  якут  тілінің  лексикалық  жəне  фонологиялық  жүйесінен  байқаймыз.  Мұны 

якут тіліндегі мынадай тілдік фактілер арқылы дəйектей аламыз: Дьөгүөр (Егор), Өлөөнө 

(Алена),  хобордоох  (сковорода),  сылабаар  (самовар),  баһыыба  (спасибо),  остуол 

(стол),   хортуопуй  (картофель),  хортуоска  (картошка),  тэлэбииһэр  (телевизор)

көмпүүтэр (компьютер). 

            Сондай­ақ, орыс тілді кірме элементтер якут тілінде жаңа семантикалық мағынаны 

иеленетіндігін байқаймыз. Айталық, орыс тіліндегі ключ сөзі якут тілінде күлүүс түрінде 

дыбысталып «құлып» мағынасын білдірген, ал крыльцо сөзі кирилиэс тұлғасында айтылып 

«баспалдақ»,  мешок  сөзі  мөһөөх  түрінде  дыбысталып  «жүз  сом»  мағынасында  

қолданылған. Якут тіліне енген орыс тілді есім сөздердің есебінен етістіктер туындайды: 



табах  (сигареты)  →  табахтыы  (темекі  шегу);  көмпүүтэр  →  көмпүүтэрдии 

(компьютерде  ойнау);  кус  (үйрек)  →  кустуу  (үйрек  аулау);  арыгы  (арақ)  →  арыгылыы 

(арақ ішу).  

Якут  тіліне  орыс  тілді  кірме  элементтер  сөйлеу  тілінің  ауызекі  жəне  жазбаша 

формасы  арқылы  енген.  Ауызекі  сөйлеу  тілі  арқылы  енуі  Якутиядағы  жергілікті  орыс 

халқы  арқылы  жүргізілсе,  жазбаша  формасы  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  білім  жəне 

ғылым жүйесі арқылы еніп жатыр. Осы жазбаша формасы арқылы еніп отырған орыс тілді 

кірме элементтер дыбысталуы, жазылуы жағынан орыс тілді нұсқасын сақтап қалған. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1 Жалмаханов Ш. Жалпы тіл білімі. –Алматы, 2009.  

2 Пекарский Э. Словарь якутского языка. АН СССР. 1958 г. т.1. 

3 Ahmet B. Ercilasun Türk Lehҫeleri Grameri. –Ankara: Erek Matbaasi, 2007.   – 1340 s. 

4  Қалиев  Қ.,  Болғанбаев  Ə.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен  фразеологиясы.  – 

Алматы, 2003.  



196 

 

ƏОЖ 811.852.1 



 

Отарбаева Ғ. Н. 

МА, Сулейман Демирель атындағы университет, Қаскелең қ., Қазақстан 

gaziza.otarbaeva@sdu.edu.kz

 

 



О. БӨКЕЙДІҢ «САЙТАН КӨПІР» ПОВЕСІНДЕГІ ТҮРКІЛІК МИФОЛОГИЯ 

КӨРІНІСТЕРІ 

 

Abstract. The main idea in the story "Saitan kopir (Lucifer Bridge)" consists of cat­and­

dog fight between Good and Evil. Actions of meanness and attempt, which the Evil makes to 

humanity, were successfully described by intricate symbolical images, referred to as Shout and 

Echo. 


 

The purpose of this paper is to fully demonstrate the function of mythical knowledge of 

the  national  literary  criticism  and  emphasize  its  importance  as  a  stylistic  device.  In  order  to 

answer such questions as whether mythical motifs are characteristic to prose of O.Bokey if not, 

what  the  writer  intended  to  show  when  he  made  the  mythical  models  as  a  foundation  for  his 

work, we will draw conclusions on the basis of comparison and analysis. 



 

Key words: knowledge, archetype, nature and spirit. 

 

Миф – сөз құдіретіне ие болған тұлғаның тарихы деп қарасақ, осы мəдени тұлғаның 

рухани­шығармашылық  қазынасын  құрастыратын  тылсымның  құрылымдық  бөлімдерін 

архетиптер деп атайды. «Архетип» атауын енгізген  К. Г. Юнг пікірі осыған келіп саяды. 

Мəдениеттанушылар  əрбір  халық  мəдениетін  еркін  дамытуға  мүмкіндік  алған  кезде 

архетиптеріне  жиі  оралатынын  ерекше  атап  өтеді.  Осы  тұжырым  аясында  О.  Бөкейдегі 

мифтік таным көріністері алып қарасақ, көне сенімге табан тірей отырып, ұлттық болмыс 

пен рухтың белсенділігін арттыруды мақсат еткен қаламгер идеясын тани аламыз.  

О.  Бөкей  аңыздық  проза  үлгілерін  пайдалануда  да  өзіндік  жаңалығымен  келген 

қаламгер.  Əсіресе,  «Сайтан  көпір»,  «Қар  қызы»,  «Атау  кере»  повестеріндегі  жұмбақ 

сырлы аңыздық мифтік мотивтер шығарманың əлеуметтік мəнін тереңдетіп тұр. Жазушы 

бүгінгі замандас бейнесін қалыптастыруда аңыздың тылсымдық құдіреттілігіне баса назар 

аударады.  Адам  əлемін,  оның  рухани  болмысын  көркемдік  шындықпен  танытуда  түрлі 

мазмұндық­формалық əдеби тəсілдерге барады. О. Бөкейдің кейіпкерлері алған бағытынан 

қайтпайтын, қандай қысталаң халде де елдің рухын сақтап қалатын ерлер бейнесі. Адам 

психологиясының нəзік иірімдерін тап баса білетін суреткер, сана ағымындағы жай көзге 

көріне  бермейтін  ішкі  рухани  толғаныстарды  психологиялық  дəлдікпен  аңыздық  арнада 

жеткізе білген. О. Бөкей – заманына сай қоғамдық болмыстың дүниетанымын көркемдік 

тəсілмен бейнелеп, өзіндік өрнегімен танылған қаламгер.  

Жазушының  өзіндік  даралық  қолтаңбасын  айқындап  тұрған  тағы  бір  шығармасы  – 

«Сайтан көпір» атты повесі.  

«Сайтан  көпір»  повестіндегі  негізгі  ой­идея  Жақсылық  пен  Жамандықтың  бітіспес 

күресінен  тұрады.  Жамандықтың  адам  баласына  жасар  зұлымдық,  қастандық  іс­

əрекеттерін Анау, Айқай, Жаңғырық атты астарлы символдық бейнелермен сəтті суреттеп 

шыққан.  


197 

 

Əр  адам  өз  дəуірінің  перзетті.  Сондықтан  да  оның  бітім­болмысы,  өмірге  деген 



көзқарасы қоғамдық қатынастармен терең тамырласып, тығыз байланысып жатады. Автор 

адам  бойындағы  жағымсыз  қасиеттерді  даралап,  бөліп  алып  аңыздық  желілер  арқылы 

жеткізеді. Повестегі баяндалар «Тоқылдақ кемпір» туралы аңыз халықтық ұғым «біреудің 

ала  жібін  аттама»  деген  этикалық  əдептерін  танытып  тұр.  Біреуге  қаншама  жақсылық 

істесең, ертең сол алдыңнан жақсылық болып шығады. Ал, жаманшылықтың дəні онсыз 

да жетеді. Автор айтпақ  адамгершілік туралы ойын осындай  адамдар  туғызған  аңыздың 

астарымен  суреттейді.  Замандас  тұлғасы  дегенде  қаламгер  қатар  жүрген  адамдарға  ғана 

тоқталмайды.  Аңыз­мифтерді  повестке  арқау  ете  отырып,  жаңа  зерделі  концепциялар 

туғызады.  О.  Бөкей  халықта  бар  аңызды  жай  ғана  баяндап  қана  қоймай,  соның  негізгі 

айтар  идеясын  түрлендіріп,  көріктендіріп  өзіндік  мифтік  шығармашылыққа  жол  салады. 

Жаманнан  жиренту  үшін,  жақсылықтың  жолы  қашанда  ауыр  екендігін  үздіксіз  күрес 

арқылы жеткізеді. Повестегі Аспан образы қаншама қиындықтарға тап  болса да, тағдыр 

тəлкегінің асау бұралаңдарын жеңіп шыққан кейіпкер. 

Шығармада  жоғарыда  айтқан  Жақсылық  əлемінің  көрінісі,  үлгісі  Аспан  бейнесі 

арқылы берілсе, Жамандық дүниесі – Жаңғырық, Айқай, Анау. Осы жерде мынадай бір ой 

келеді. Жақсылықтың (адалдық, əділдік, шындық) қашанда беті ашық, жүзі жарқын, еңсесі 

биік,  оны  ешкім  де,  ешнəрсе  де  көлегейлеп  өшіре  алмайды.  Сондықтан  да  ол    повесте 

нақты адам – Аспан бейнесінде көрініп отыр. Ал Жамандықтың (зұлымдық, қараниеттік, 

арамдақ,  мансапқорлық)  жүзіқара,  алпыс  айлалы.  Ол  көбіне  қылмысты  жасырын  айла­ 

тəсілмен істейді. Үстіне ешкім танымастай қара шапан жауып келіп, Жақсылықты арттан 

шалуға  тырысады.  Оның  нақты  кім  екенін  кейде  түстеп  тани  да  алмайсың.  Мына 

шығармада  оның  –  Жаңғырық,  Айқай,  Анау  болып  көрінуі  де  сондықтан.  Бұл  жерде  ол 

үшеуі кім, нақты адам бейнесі қайда деп тəппіштеп жату мүлде артық. Ал, осы Жақсылық 

пен  Жамандықтың  мəңгілік  күресінде  Жақсылық  Жамандықты  қаншама  қара  түнектің 

ішінде  болса  да  аймандай  қып  əшкерелеп  келеді.  Жамандықтың  Жақсылықтан  өлердей 

қорқатыны  да,  өш  болатыны  да  сондықтан.  Жамандық  өлермен,  айла­тəсілмен  ол  да 

күреске  шығады.  Бірақ  Жамандық  Жақсылықпен  бетпе­бет  келіп  шайқасуға  қашанда 

тайсақтай  береді.  Сол  себептен  де  ол  көбіне  жүзін  жасырып,  айла­амалға  көшеді. 

Қылшылдаған жігіт шағында, анығырақ айтсақ, орда бұзар отыз жасында қар көшкінінің 

астында қалып, екі аяғынан айырылған Аспан шырылдаған шындықтың символы. 

Ия, осынау ұлы өмірде «Сайтан көпірге» итермелейтін сайтан адамдар да көп. Əлемді 

бүлдіріп, былғайтындар да солар. Ал егер осы өмірде Аспан, Аман, Ерік сияқты ақ ниетті, 

ізгі жүректі адамдар болмаса, жер беті АЙҚАЙҒА айналар еді­ау, деген ойға тірелеміз біз 

де.  Сонымен  «Сайтан  көпір»  автордың  тынымсыз  ізденісін,  философиялық  үлкен  ой 

айтуға бет алған творчестволық бағытын айқын танытатын айтулы туынды.  

 О. Бөкейдің «Сайтан көпір» повесінде көркем бейнелердің тылсымдық, сыршылдық 

ерекшеліктері  табиғат  көріністерімен  реалистік  тұрғыда  жан­жақты  ашыла  түскен. 

Повесте  əр  адамның  өмірде  өтпей  қоймайтын  «Сайтан  көпірі»  болатынын,  оны  жеңіп 

шығу  үшін  алдымен  өз  «Менін»  табу  керектігін  жазушы  аңыз,  мифтерді  бүгінгі  күннің 

өзекті адамгершілік, адалдық, адамдық мəселелерімен байланыстыра құбылтып, бейнелеп 

суреттейді. 

Қоғамдағы құбылыстардың мəн­маңызын, сыр­сипаттарын мифтің, аңыздың астарлы 

жұмбағымен  терең  талдап,  адам  мен  заман  пробемасын  үлкен  философиялық  талғамға 

көтереді.  «Сайтан  көпір»  повесі  жазушының  аңыз  жасаушылық  шеберлігінің  үлкен  бір 

қырын танытады. 


198 

 

Мифтік  санаға  жүгінер  болсақ,  өмірге  айналып  келу  –  рухтың  ажалсыздығының 



айғағы.  Ал  сол  мəңгі  рух  тек  қана  бір  денеде  тұрақтап  қалмай,  бірнеше  қалыпта  ғұмыр 

кеше  алады.  Ол  «бұрынғы»,  «бүгінгі»,  «ертеңгі»  ғұмыр  түрінде  жүйеленеді[1;273].  Осы 

таным бейнелі жолдарға айналып, жазушының көркемдік­идеялық мақсатына қызмет етіп 

тұр. Жазушы бірде адам өлген соң оның жаны құсқа айналып кетеді десе, бірде оны бала 

бейнесінде береді. Əсіресе,  О. Бөкейдің  «Сайтан көпір» повесіндегі  сайтан  көпірден өте 

алмай тығырыққа тірелген Аманға күш­жігер беретін бала Аман бейнесін Аманның рухы, 

жаны деп қарауғы болады. Үлкен Аманды əнмен оятып Айқайды жеңуге шақырады. Адам 

өз  бойындағы  үрейін  жеңгенде  ғана  алдына  қойған  мақсатына  жетеді.  Міне  осы  жерде 

жоғарыда  айтылып  кеткен  адам  жанының  мəңгіліктігі,  «тірілер  əлемінен»  «өлілер 

əлеміне» өту құбылушылығы деп қарастыратын мəселе көтеріледі.  

«Мұңлы  жанарын  қаумалаған  кірпіктерін  қақпастан  қалшиып  тұрған  БАЛА  бұдан 

ширек ғасыр бұрынғы ӨЗІ екенін енді шырамыта бастаған Аманның тұла бойынан суық 

тер шыпшып шығып, дірілдеген саусақтарын тарбайтып соза берді. 

1

 



Сен екенсің ғой, Аман. Қайдан жүрсің? Бұл жерге қалай келдің? 

2

 



Мен өмір бақи сіздің жаныңыздамын, тек байқай бермедіңіз. 

3

 



Оған мұрша болды ма, айналайын. Ерте есейдік те, балалық 

шағымызды ерте жоғалттық. 

4

 

Көріп тұрсыз, жоғалмаған екенмін.  



5

 

Мен сені, Аман, қатты айқайдан шошып, талып құлағанымда көрген 



едім. Көз алдымда ұлыған ал қара дүниенің ар жағынан шықтың да, мені қол бұлғап 

шақырдың. 

6

 

Мен əрқашанда сіздің жан дүниеңізде өмір сүріп жүрмін. Жүз жасасаңыз да бір 



елі қалмақ та, қартаймақ та емеспін. Мен сізбен бірге тудым, бірге жасаймын. Сіз – Үлкен 

Амансыз,  мен  –  Кіші  Аманмын.  Айырмашылық  осында  ғана.  Қуансаңыз  қоса  қуандым, 

қайғырсаңыз бірге ортақтастым. Кейде мені ұмытып кеткеніңізде осылайша сіздің де бала 

болғаныңызды  есіңізге  саламын.  Түптің  түбінде  қартаярсыз,  ажалыңыз  жетіп  өлерсіз, 

бірақ  мен  сонда  да  жасай  беремін.  Үлкен  Аманмен  мəңгілікке  қоштасамында,  жер 

бетіндегі азап атаулыны білмейтін арман қуған балалардың тобына қосыламын. Сіз білесіз 

бе,  жер  бетінде  бірде  бір  адам  өлмейді,  олардың  барлығы  да  балаға  айналып,  қайта 

жасайды,  міне  осылай  ғұмыр  жалғаса  береді.  Қазір  қарға  көміліп  қатып  қалсаңыз,  мен 

бəрібір тірі жүремін»[2;273].  

Иə,  автор  адам  қанша  есейіп,  ер  жеткенімен  оның  жаны  бала  деген  ойға  негіздеп 

Аманды 

өз рухымен күреске салар алдында оның жанын бала бейнесінде беруді жөн көрсе керек. 



  Автор Аман ойы арқылы: «Мен көшкіннің астында қаламын. Мен ғана емес бүкіл 

əлемге топан су қаптайды. Табиғат ашу шақырады, ағайын! Біз, адамдар, жер бетінен тып­

типыл  жойыламыз  да  мұз  басу  дəуірі  қайта  орнайды.  Жаяу­жалпылы  жүргендер  мен 

бауырымен  жорғалайтындар  мəңгілікке  ғайып  болады,  тек  аспанда  ұшып  жүргенде  мен 

жер астындағы аруақтар, тек солар ғана тірі қалады»[2;283],­ деген терең астарлы əлемдік 

мəселелерге  барады.  Автор  мифтік  дүниетанымды  білдіретін  үш  əлемді  астарлап 

суреттейді.  Аспанға  ұшатындар  таза  періштелер  ғана,  ал  жер  астындағылар  аруақтар. 

Топан суына тұншығатын жер бетіндегі күнаһар адамдар дейді. Үш түрлі əлем: аспан, жер 

жер асты деген ұғым қазақ халқының мифтерінде де кездеседі. Оны қазақ халқының ауыз 

əдебиетін  зерттеген  мына  ғалымдардың  еңбектерінен  кездестіреміз:  Ш.  Уалиханов,  Ш. 

Ыбыраев, С. Сейфуллиннің жəне т.б. 


199 

 

О.  Бөкей  шығармашылығындағы  мифолгизм  мəселесін  зерттеуші  ғалым 



Аймұхамбетова  Ж.Ə.  «О.Бөкеев  прозасындағы  мифологизм  мəселесі»  атты  кандидаттық 

диссертациясында  «Метафоралардың  метаморфозадан  түбірлі  айырмашылығы  болса  да, 

белгілі  дəрежеде  бұл  екі  ұғым  бір­бірімен  сабақтастықта  екенін  естен  шығаруға 

болмайды»  дей  келе,  автометафоралардың  күрделеніп,  тұрақталуы  метаморфозаларды 

туындатады деген ой айтады[3;29]. Дəл осындай автометафора «Сайтан көпір» повесінде 

де көрініс береді. «Біле­білсең сен менің өтіп кеткен дəурен, өліп қалған арманымсың, екі 

АЯҒЫМСЫҢ!  Ал  менменің  АЯҒЫМ  сіңірі  босап,  сүрінуді  білмейтін  жілікті 

болатын!»[2;269]  ­  деген  үзіндіден  біз  құбылуға  жақын  сарын,  құбылудың  алғашқы 

белгілерін көретіндей боламыз.   

Белгілі  бір  мақсатты  көздеп,  басқа  бір  нəрсеге  айналуды  армандайтын  мифтік 

құбылушылық  түрлері  кездеседі.  Бірақ  бұл  толық  құбылушылық  емес,  құбылушылыққа 

деген ынтызарлық. Міне дəл осы құбылушылыққа деген ынтызарлық жазушының «Сайтан 

көпір» повесінде айқын көрініс тапқан. 

 Шығармада Аспан аңға айналғысы келеді: «Аң ба, адам ба? Аң болса екен деп тіледі, 

­ А, құдай, аң  болса екен,  бүйтіп ит  қорлығын тартқанша, жеп  тынса екен... Сөйтіп  бұл 

өмірде  сүйегім  де  қалмай,  жым­жырт  жоғаламын  немесе  сол  мені  жеген  аңға  айналып 

екінші ғұмыр бастаймын... Екеуміз тек осылай ғана өмір сүре аламыз. Адам аюға айналса 

дүниеде ешқандай айқай қорқыта алмас еді»[2;218]  

Повестегі  Аспен  бірде  қанат  бітіп  құс  болып  ұшуды  армандайды,  бірде  өзін  жеген 

аңға айналып дүниедегі Айқай, Анаулармен күреске шыққысы келеді.  

Сонда осындай пəлеге ұшырайтындай қай жерде, кімге қиянат жасап алдым деп ойға 

батып, қиналады. Бір жолы жайлауда Аспан еліктің қозықасын ұстап алып, қолға үйретіп 

баққан.  Бірде  жылқышыларды  аралап,  ауыл  бастыға  Анау  келеді  итін  ертіп.  Қолға 

үйретілген  қозықаны  сол  анаудың  иті  талап  өлтіреді.  Соған  өзін  кінəлі  санап,  бейкүнə 

жануардың  обалына  қалғанына  өкініп:  «Жақсылық  жасаған  түрім  осы  ма?..  Əттең, 

Алтайдағы елік жабылып келіп сүзіп, тепкілеп өлтірсе де обал жоқ маған, обал жоқ. Бүкіл 

əлемдегі жан­жануар жабылып,  адамзатқа шабуыл жасаса ғой... Мен  сонда сол аң құсқа 

қосылып,  қарсы  аттанар  едім.  Ең  əуелі  кімдердің  жағасына  жармасар  едім  сонда... 

АНАУЛАРДЫҢ» деп зығырданы қайнаған. 

Немесе  дəл  осы  метаморфоза  тəсіліне:  «Мен  түлкіге  де,  балыққа  да  айналғым 

келмейді,  құс болып аспанға да ұшпаймын, ертекті еміп есеңгірегем де жоқ; қара жерге 

қада  болып  қағылған  Адаммын!  Азды  дегеннің,  тозды  дегеннің  жағына  жылан 

жұмыртқаласын; кешегім – бүтін, болашағым – айқын, бізге барлығы жетеді, барлығы бар, 

бізге  жалғыз­ақ  нəрсе  жетпейді,  бізге  адал  дос,  жақсы  адамдар  ғана  жетпейді  азайып 

барады.  «Қызыл  кітаптан»  орын  қалдырыңдар»[1;264]  ­  деген  Ерік  ойы  арқылы  келеді.   

Жазушы  неге  мұндай  тəсілге  барды.  Көздеген  мақсаты  не  деген  сұрақтың  тууы  мүмкін. 

Бұған  жауапты  қаламгердің  өзі  береді.  «Пенденің  не  ойлап  тұрғанын,  жан  сарайында 

ненің  жанып  жатқанын  күні  бұрын  білер  амал­айла,  құрал  сайман  ойлап  табылған  жоқ. 

Сол секілді табиғат иеміздің де толайым құпия­сырларын толық аша алдық па? Міне, мен 

жазған  дүниелерлің  тылсымдығы  əрі  кейіпкерлерімнің  қиялшыл  да  арманшыл  болып 

келері  сондықтан.  Бəлкім  бұл  өмірде  болған  емес,  бірақ  болуы  мүмкін  оқиғалардың 

əсіресе  ынтықтырарынан  шығар­ау.  Өз  замандастарымның  толыққанды  бейнесін  өзімді 

қойып, мұқым қазақ əдебиеті жасап біткен жоқ, ұмтылыстар мен ізденістер соңында жүр» 

[4;3]  ­ деп жауабын береді. 



200 

 

Жазушының  өзіндік  даралық  қолтаңбасын  айқындап  тұрған    «Сайтан  көпір» 



повесінде  кездесетін  метаморфозалардың  да  сюжет  құруға  əсері  үлкен  болмағанмен, 

идеялық  тұрғыдан  көтерер  жүгінің  саламақты  екенін  айта  кеткен  жөн.  Көмескі  ғана 

көрініс  беретін  метаморфозалар  көбіне  шығарма  оқиғасынан  емес,  кейіпкерлер  сөзінен 

көрінеді.  Суреткер  шығармаларының  сөз  құрамын  шартты  түрде  үшке  бөлуге  болады: 

автор сөзі, кейіпкерлер сөзі жəне автор сөзімен кейіпкер сөзінің қосындысы, яғни, автор 

сөзінің  кейіпкерлер  ойындағы  көрінісі.  Міне,  «Сайтан  көпір»  повесінде  мифтік 

құбылушылықты да кейіпкер аузындағы сөзден табасыз. Автор өз кейіпкерлерінің аузына 

мəңгілік мəселерді салады. Демек, мифтік құбылушықтың бұл шығармадағы үлесі үлкен 

болмағанмен, автор идеясын беруде маңызының зор екенін байқаймыз. 

Мифтік  құбылушылық  желісі  О.  Бөкей  танымында  адам  атты  жаратылыстың  сыры 

мен  құпиясын  білуге  ұмтылу,  рух  мəңгіліктігі  мен  жасампаздығын  қуаттау,  адамзат 

баласына тəн сана мен сезім əлемін қастерлеу мақсатында көркемдік қызмет атқарған.    

О. Бөкей  шығармашылығы көне танымдардан  нəр ала отырып,  тың ізденістермен 

байыған,  бұл  тарапта  мифопоэтиканың  сан  қырлы  көркемдік  қызметінің  маңызды  орын 

алғаны анық.  

Бұл  мақалада  ұлттық  əдебиеттанудағы  мифтік  танымның  қызметін  жан­жақты 

көрсетіп,  көркемдік  тəсіл  ретіндегі  маңызын  айқындай  түсуді  мақсат  еттік.  Мифтік 

желілер    О.  Бөкей  прозасына  тəн  бе,  олай  болмағанда  жазушы  аңыздық  үлгілерді  өз 

шығармасына  арқау  еткенде  нені  мақсат  етті  деген  сауалдарға  жауап  беру  үшін 

салыстыру, талдау негізінде ой қорыттық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет