Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет35/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1 Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А.С. Мемлекет жəне құқық теориясы. А., 2014ж. 

2 Қазақ КСР­інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, 25.10.1990ж. 

3  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тəуелсіздігі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Конституциялық заңы, 16.12.1991ж. 

4 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж. 

«Қазақстан­2030» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 

5  Адилова  К.А.  Қазақстан  Республикасында  азаматтық  қоғамның  қалыптасуы:теориялық 

құқықтық мəселелері: монография. Алматы, 2012ж.  

 

УДК 34 



Аманкожаев А. А.  

Сүлейман Демирел атындағы Университет Құқықтаны кафедрасының аға 

оқытушысы, құқық магистрі, Қазақстан Республикасы, Алматы. 

aidyn.amankozhayev@sdu.edu.kz

 

 

 

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МҮЛІКТЕРІНІҢ ЗАҢДЫ РЕЖИМІ ЖАҒДАЙЫНДА 



ӘРҚАЙСЫНЫҢ ЖЕКЕ МЕНШІКТЕРІ 

 

 



Abstract. In this article private property of a spouse in the assets legal regime is 

analyzed. 



Кілт  сөздер:  Ерлi­зайыптылардың  мүліктері,  ерлі­зайыптылар  мүлкінің  заңды 

режимі,  жұбайлардың  жеке  меншіктері,  бірлескен  ортақ  меншік,  ерлі­зайыптылардың 

əрқайсының жеке меншіктері.  

 

Ерлі­зайыптылардың  араларындағы  мүліктік  қатынастарды  кодексіміз  диспозитивті 



əдіспен  реттегендіктен,  араларында  шарт  жасау  арқылы  қалауларынша  реттей  алады. 

Жұбайлар  араларындағы  мүлікке  байланысты  қатынастарын  араларында  қалауларынша 

(шартпен)  реттемеген  жағдайда,  заңнамамыз  мүліктік  режим  қарастырған,  осыған 

жұбайлардың мүліктерінің заңды режимі дейміз. Жұбайлардың мүліктерінің заңды режимі 

–  бірлескен  ортақ  меншік.  Яғни  заңымыз  жұбайлардың  арасындағы  мүліктік  режимін 

меншік құқығы негізінде бірлескен ортақ меншік екенін анықтаған.  

Отбасы  (НОТК)  [1]  кодексіміздің  7­ші  таруының  §1.  «Ерлі­зайыптылар  мүлкінің 

заңды  режимі»  тақырыбымен  реттеген.  Алайда  заңнамамыз  §1  тақырыбындағы  «...ерлі­

зайыптылардың  мүлкінің  ...»  жəне  кодексіміздің  33­бабында:  «Ерлi­зайыптылар  некеде 

тұрған  (ерлі­зайыпты  болған)  кезінде  жинаған  мүлiк  олардың  бiрлескен  ортақ  меншiгi 

болып табылады.» деген сөздерінен нені түсінеміз? Осы параграф тақырыбын мен тиісті 

баптарда мүлік сөзінің нендей мағынада қолданылғанын алғаш анықтауымыз керек. Мүлік 

(орысша мəтінде: имущество) сөзі құқық терминологиясында үш мағынада қолданылады 


277 

 

[2].  Біріншісі,  заттық  құқық  мағынасында,  меншік,  шаруашылық  жүргізу  немесе 



оралымды  басқару  құқықтары  негізіндегі  заттар  мен  материалдық  құндылықтар 

жиынтығы;

 

Екіншісі,  активтер  мағынасында,  заттар  мен  құқықтардан  қалыптасқан 



материалдық  құндылықтар  жиынтығы;  Үшіншісі,  активтер  мен  пассивтерді  қамтитын 

мағынада,  материалдық  құндылығы  бар  иелігіндегі  құқықтар  мен  міндеттерден 

қалыптасқан жиынтылық. 

НОТК 32­бабы, «Ерлі­зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы» тақырыбымен 1­ші 

тармағында:  «Егер  неке  шартында  өзгеше  белгiленбесе,  ерлi­зайыптылардың  бiрлескен 

ортақ  меншiгiнiң  режимi  олардың  мүлкiнiң  заңды  режимi  болып  табылады.»  ­  деген. 

Анықтамадан  байқайтынымыз,  отбасы  кодексіміз  мүлік  сөзін  меншік  ұғымында 

қолданылғандығы  болып  отыр.  Себебі  міндеттемелік  құқықтық  мағынадағы  алашақты 

(талапты)  бірден  бірлескен  меншік  құқығы  қатарына  жатқыза  алмаймыз.  Оған  алғаш 

меншік құқығы туындауы керек сол кезде барып, ол ортақ меншікте болуы мүмкін. Осы 

айтылып  отырған  ережелерде  (нормаларда)  белгіленген  ұғымдарға  сəйкес,  отбасы 

кодексіміздің «Ерлі­зайыптылар мүлкінің заңды режимі» атты параграфында белгіленген 

ережелердің ерлі­зайыптылардың неке кезіндегі меншік құқығына байланысты айтылған 

ережелер екендігін шығаруымызға болады.  

Соттардың  некенi  (ерлі­зайыптылықты)  бұзу  туралы  iстердi  қараған  кезде  заңды 

қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сəуірдегі № 

5 Нормативтік қаулысының (ҚРЖСНҚ 28.4.2000ж. № 5) 14­ші тармағында, «...  Кодекстің 

39­бабына  сəйкес  ерлi­зайыптылардың  некедегi  (ерлі­зайыптылықты)  жəне  (немесе)  ол 

бұзылған  жағдайдағы  мүлiктiк  құқықтары  мен  мiндеттерiн  анықтайтын  өзге  тəртiп 

белгiленбесе  (неке  (ерлі­зайыптылық)  шарты),  азаматтардың  меншiктiк  құқықтарының 

объектiсi  болып  табылатын,  АК­нің  115,  116 жəне  191­баптың  2­тармағына  сəйкес  ерлi­

зайыптылардың  қайсысының  атына  сатып  алғанына  немесе  ерлi­зайыптылардың 

қайсысының ақша салғанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 

(бұдан əрі ­ АК) 223­бабына сəйкес ерлi­зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған кез 

келген жылжитын жəне жылжымайтын мүлiктерi, бөлуге жататын бiрiккен ортақ меншiк 

болып табылады (Кодекстің 33­бабының 1 жəне 2­тармақтары).» ­ деген түсіндірмесінен 

де жоғарыдағыдай мағына шығарамыз.[3]   

Жоғарыда  айтылғандар  жарығында  кодексімізде  ерлі­зайыптылардың  заңды 

режимімен олардың меншік құқығының бірлескен ортақ меншік екендігі анықталған. Ал 

меншік құқығы болса, азаматтың материалдық құндылықтарындағы активтердің бір бөлігі 

ғана болып табылады. Олай болса, жұбайлардың неке кезіндегі меншік құқықтарына ғана, 

неке шартымен өзгеше белгіленбесе, бірлескен ортақ меншік ережесін қолданамыз.  

Жұбайлардың  меншік  құқығынан  басқа  активтеріне  (алашақтарына)  заңды  режим 

ережелері  қолданылмайды.  Басқаша  айтқанда,  заңды  режиммен  реттеудегі  мүлік  ұғымы 

жұбайлардың  активтерін  қамтымайды,  тек  қана  меншік  құқықтарын  қамтиды.  Осы 

айтылғандардың құқықтық тұрғыдан тəжірибелік маңызы, жұбайлардың алашақтары мен 

талап құқықтарына заңды режим ережесі қолданылмайды. Яғни жұбайлардың алашақтары 

мен  талаптарына  меншік  құқығы  пайда  болғанда  ғана  оларға  заңды  режим  ережесі 

қолданылып, бірлескен ортақ меншік ережелерін қолдану мүмкіндігі туындайды да, содан 

кейін  меншік  құқығына  үлестерін  анықтап  бөлу  мүмкіндігі  туындайды.  Келесі  кезекте 

ерлі­зайыптылардың заңды режимін талқылауды осы негізде жалғастырайық.  

Келесі  кезекте,  ерлi­зайыптылардың  мүліктік  заңды  режимінде  əрқайсының  жеке 

меншіктерінің жағдайын талқылаймыз.  


278 

 

Ерлі­зайыптылардың əрқайсысының меншігі. Ерлi­зайыптылардың мүліктерінің заңды 



режимі  жұбайлардың  неке  кезіндегі  бірлескен  ортақ  меншіктерімен  қатар,  олардың 

əрқайсыларының  өздерінің  жеке  меншіктеріне  байланысты  мəселелерді  де  құқықтық 

реттеген.  Ерлi­зайыптылардың  жеке  меншіктеріндегі  мүліктері  отбасы  кодексіміздің 

(НОТК) 35­ші жəне азаматтық кодексіміздің (ҚРАК) 223­ші баптарында белгіленген.  

Оларды  төрт  топта  жинақтауға  болады,  а)  некеге  дейінгі  мүліктері,  ə)  ақысыз 

мəмілемен  алынған  мүліктері,  б)  ерлi­зайыптылардың  жеке  заттары,  в)  неке  іс  жүзінде 

тоқтаған кездегі алған мүліктері. 

а)  Некеге  дейінгі  мүліктері  ­  некеге  отырғанға  дейiн  ерлi­зайыптылардың 

əрқайсысының  меншігі  болған  мүлiктері.  Жалпы  ерлi­зайыптылардың  мүлкінің  заңды 

режимі  жұбайлардың  неке  кезіндегі  мүлкіне  байланысты  мүліктік  реттеуін  ескерсек, 

некеге дейін жəне некенің құқықтық салдары тоқтағаннан кейін еркек пен əйел бір­біріне 

ерлi­зайыптылар  болмайтындықтан,  олардың  арасындағы  бірлескен  ортақ  меншіктің  де 

болуы  мүмкін  емес.  Яғни  неке  кезінде  алынған  мүліктер  ғана  бірлескен  ортақ  меншік 

болатындықтан, некеге дейін жəне неке тоқтағаннан кейін əркімнің алған мүлкі өз меншігі 

болуы да табиғи нəтиже.   

Осы  топтағы  мүліктерінің  ерекшелігі,  мүлік  неке  қиылғанға  дейін  жұбайдың 

меншігінде  болуы.  Меншік  құқығының  некеге  дейін  пайда  болғанын  куəлардың 

айтуымен,  түбіртек,  өткізу  актісі,  меншік  құқығының  некеге  дейін  туындағанын 

көрсететін  құжаттар,  келісім  шарттар  арқылы,  азаматтық  кодекстегі  мəмілелердің 

құқықтық  салдарын  туғыза  алмау  жағдайлары  ескеріле  отырып  жəне  дəлелдеу  кезінде, 

азаматтық  заңнамамен  дəлелдеу  мүмкіндіктері  мен  олардың  шегі  ескеріліп, 

дəлелдеулеріне болады.  

Жұбайлардың осы түр жеке меншігіндегі мүліктің меншік құқығының ақылы ақысыз 

мəміле  арқылы  келуінің  де  маңызы  жоқ.  Мүліктің  неке  қиылғанға  дейін  жұбайдың 

меншігінде  болуы  жеткілікті.  Сонымен  қатар  неке  қиылғанға  дейінгі  мүлкінің  орнына 

неке  қиылғанан  кейін  келген  мүлік  жұбайлардың  өз  меншігінде  қалады.  Осы  орайда 

маңыздысы,  жұбайдың  жеке  меншігінен  түскен  табыс  болмауы  керек  (НОТК  33/2).  Сол 

сияқты, осындай  мүліктің  орнына неке кезінде алынған  мүлікке жұбайлардың  бірлескен 

ортақ мүліктерінен төлем жасалған жағдайда, жеке мүлік орнына алынған жаңа мүліктегі 

жеке меншік пен бірлескен ортақ меншік үлестері анықталып соған қарай неке кезіндегі 

мүлікке бір жұбайдың үлесі мен бірлескен ортақ меншік үлесі белгіленгені əділ болар еді.  

Мысалға неке дейін жұбайлардың біріне тиесілі болған пəтерін некеге тұрғанан кейін 

сатып, дəл сол ақша сомасына көлік алынса, көлік жұбайдың жеке меншігінде қалады.[4] 

Бірақ  жеке  меншіктегі  сатылған  пəтердің  (20 000 000тг)  ақшасына  қосымша  төлем 

(20 000 000тг)  бірлескен  ортақ  меншіктен  қосылып  (40 000 000тг)  басқа  жаңа  пəтер 

алынса, онда жеке мүлік орнына алынған жаңа пəтердің ½ ­не жеке меншік, ал қалған ½ ­

не  бірлескен  ортақ  меншік  екенін  анықтағаны  əділ  болатын  еді.  Бірақ  тəжірибеде  (сот 

шешімдерінде) [5] де некеден кейінгі алынған мүліктің бір бөлігіне ерлi­зайыптылардың 

жеке меншігін, ал екінші бөлігіне бірлескен ортақ меншік құқығы қабылданбайды. Себебі 

отбасы кодексіміздің 36­шы бабының 1­тармағындағы «Егер некеде тұрған кезеңінде ерлi-



зайыптылардың  ортақ  мүлкi  немесе  ерлі-зайыптылардың  бірінің  мүлкi  не  олардың  кез 

келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едəуiр арттырған салыным жасалғаны...» 

ережесіне негізделеді. Заңнамамыздың осындай ережесіне қарсы соттың басқаша шешім 

шығаруы  да  заңды  болмасы  анық.  Осы  жұбайлардың  жеке  меншігіндегі  мүліктің 


279 

 

жұбайлардың  бірлескен  ортақ  меншігіне  ауысып  кету  мəселесі,  бірлескен  ортақ  меншік 



тақырыбы болғандықтан, осы орайда талқыламаймыз.   

Алайда  отбасы  кодексіміздің  ерлi­зайыптылардың  мүліктерінің  заңды  режиміне 

байланысты  ережелердің  диспозитивті  екені  ескерілсе,  жұбайлар  жоғарыдағы  ережені 

(мүлікті алу немесе неке кезінде) араларында қарастыруларына немесе істің сотта қаралу 

кезінде де осылай келісулеріне еш кедергі жоқ. 

ə)  Ақысыз  мəміле  арқылы  немесе  мұрагерлiк  тəртiбiмен  алынған  мүліктері  ­  ерлi­

зайыптылардың  некеде  тұрған  кезеңiнде  мұрагерлiк  тəртiбiмен  немесе  өзге  де  ақысыз 

(өтеусіз)  мəмiлелер  бойынша,  сыйға  алынған  мүлiк.  Осы  топтағы  мəмілелер  арқылы 

меншік құқығы туындаған мүліктердің ортақ ерекшеліктерінің бірі, мүлікке жұбайлардан 

бірінде меншік құқығының туындауында ортақ меншіктен ақы ретінде төлем жасалмауы 

болып  отыр.  Яғни  меншік  құқығының  ауысуына  қарсылық  (себеп  ретінде)  ешқандай 

ақының болмауы. Ал екінші ерекшелігі ақысыз мəмілемен келген меншіктің неке кезінде 

туындауы.  Некеге  дейін  меншік  туындаса,  онда  ол  осы  негіз  (ақысыз  мəміле)  бойынша 

емес,  жоғарыда  талқыланған  (некеге  дейінгі)  негіз  бойынша  жұбайдың  жеке  меншігі 

болады.  

Сонымен қатар, жұбайлар араларында осындай ақысыз мəміле жасалуы мүмкін жəне 

оған  заңнамалық  тұрғыдан  еш  кедергі  жоқ.  Бірақ  ақысыз  мəміле  бойынша  меншік 

құқығын иеленген тарап, барлық жағдайларда, жұбайлардың бірі болуы міндетті талап. Ал 

ақысыз  мəміле  арқылы  меншік  құқығын  берген  (ауыстырған)  тараптың  үшінші  тұлға 

немесе жұбайлардың бірінің де болуы мүмкін. Осылайша, өсиет қалдырушы немесе сыйға 

беруші жұбайлардың бірі бола алады.   

Мұрагерлік  құқықта  заң  бойынша  мұрагерліктегі  əмбебап  құқық  мирасқорлығы 

немесе  өсиет  бойынша  мұрагерлікте  көбіне  кездесетін  жеке  құқық  мирасқорлық 

ережелеріне  сəйкес  мүліктің  меншік  құқығы  жұбайлардың  біріне  ауысса,  онда  ол  ерлi­

зайыптылардың жеке меншігінде болады.[6] Яғни мұрагерге ауысқан меншіктің əмбебап 

немесе  жеке  құқық  мирасқорлығы  ережелерінің  бірімен  ауысуының  ешқандай  маңызы 

жоқ.  Сонымен  қатар  мұрагерлік  құқықтағы  мирасқорлық  ережелеріне  сəйкес  меншік 

құқығының  ауысу  жағдайында  мүлік  жұбайлардың  əрқайсысының  жеке  меншігі  болып 

табылады.  

Мұрагерлік құқық бойынша мұра қалдырушыдан талап құқығы немесе міндет ауысқан 

жағдайда,  олар  ерлi­зайыптылардың  мүліктерінің  заңды  режиміне  кірмейтіндіктен, 

жұбайлардың əрқайсысының жеке меншігіне байланысты отбасы (НОТК 35) ережесін де 

қолдана алмаймыз. Бірақ талап құқығының орындалуы нəтижесінде жұбайлардың бірінде 

меншік  құқығы  туындаса,  осы  меншік  құқығына  жұбайлардың  əрқайсысының  жеке 

меншігіне  байланысты  отбасы  құқығы  (НОТК  35)  ережесін  қолданамыз.  Ал  керісінше, 

меншік құқығы емес өзге (шектеулі) заттық құқық мұраға берлісе, онда ол меншік құқығы 

болмағандықтан, жұбайлардың мүліктерінің заңды режимінде де орын алмайды. Мысалға, 

мұра  қалдырушының  жұбайдың  (легатарий)  пайдасына  өсиеттік  бастартуды  өсиет  ету 

жағдайы (ҚРАК 1057).  

Ақысыз  (өтеусіз)  мəмiлелер  бойынша  сыйға  алынған  мүлiктер  ұғымынан,  ақысыз 

мəмілелер  арқылы  пайда  болған  меншік  құқығын  түсінуіміз  керек.  Яғни  ақысыз  мəміле 

арқылы жұбайда меншік құқығы туындауы тиіс.  

Азаматтық кодексіміздің 506­шы бабында: «Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап 

(сыйға  тартушы)  басқа  тараптың  (сыйды  алушының)  меншiгiне  затты  немесе  өзiне 

немесе  үшiншi  адамға  мүлiктiк  құқықты  (талапты)  тегiн  бередi  немесе  беруге 


280 

 

мiндеттенедi  не  оны  өзiнiң  немесе  үшiншi  тұлғаның  алдындағы  мүлiктiк  мiндеттен 



босатады немесе босатуға мiндеттенедi.» ­ деген. Осы анықтамадан түсінетініміз, сыйға 

тарту  шарты  арқылы  заттың  меншік  құқығы  тегін  беріледі,  əлде  талап  құқығы  тегін 

ауысады немесе міндеттен тегін босатылады.  

Затқа  меншік  құқығы  берілгенде,  тегін  берілген  заттың  меншік  құқығы  жұбайда 

болады  да  жеке  меншігінде  бірден  орын  алып,  бірлескен  ортақ  меншікке  кірмейді.  Ал 

талап құқығы берілсе, онда талаптың орындалуы нəтижесінде меншік құқығы туындаса, 

ол  да  жұбайдың  жеке  меншігі  болады.  Себебі  неке  кезінде  ақысыз  мəміле  арқылы 

туындаған  меншік  құқығы  болғандықтан,  меншік  құқығы  туындаған  кезде  барып 

жұбайдың жеке меншігі болады. Керісінше əлі талап құқығы кезінде əлі меншік құқығы 

туындамағандықтан,  жұбайлардың  мүліктерінің  заңды  режимінде  (бірлескен  ортақ 

меншігінде)  орын  алу  мүмкіндігі  де  жоқ.  Мысалға  анасына  баласы  бірінші  айлығын 

ақысыз беруге уəде етсе, аталған қаражат анасына (жұбайға) берілгенде немесе анасының 

банктік шотына келіп түскенде барып анасының (жұбайдың) жеке меншігінде орын алады. 

Осы орайда айтылғандар меншік құқығына байланысты, ал жұбайлардың талап құқығына 

байланысты құқықтық өзгеріс болмайды.  

Сыйға  тартуда  міндеттен  босату  жағдайы  қарастырылса,  жалпы  меншік  құқығы 

туындамайтындықтан, ерлi­зайыптылардың мүлкінің заңды режиміне байланысты мəселе 

де болмайды. Осы орайда міндеттен  босатудың  өзіне қарсы (орындалуы тиіс) міндеттен 

босату  [7],  əлде  үшінші  тұлғаға  қарсы  міндетінен  босату  түрінде  кездесетінін 

ұмытпауымыз керек.  

Егер  міндеттен  босату  (əр  екі  жағдайда)  жұбайлардың  бірлескен  ортақ  меншігіндегі 

мүліктің  ақысына  байланысты  жасалғанда  құқықтық  шешім  табуы  күрделенеді.  Осыған 

байланысты  отбасы  кодексіміз,  жұбайлардың  жеке  меншігіндегі  мүліктің  жұбайлардың 

бірлескен ортақ менішігіне ауысуын қарастырған (НОТК 36). Ал керісінше, жұбайлардың 

бірлескен  ортақ  менішігіндегі  мүліктің  жұбайлардың  жеке  меншігіне  ауысу  жағдайын 

қарастырмаған.  Сол  себепті  мұндай  жағдайларда  жұбайлардың  бірлескен  ортақ 

меншігіндегі  мүліктің  ақысы  сыйға  тарту  ретінде  төленсе  де  мүлік  бірлескен  ортақ 

меншікте қала береді. 

Мысалға, жұбайлардың бірі (А) досынан (Д) ақысын кейінірек беру міндетімен көлігін 

алады.  Досы  (Д)  жұбайлардың  материалдық  жағдайының  қиындағанын  ескеріп,  (А)­дан 

көліктің  ақысын  төлемеуін  осылайша,  міндеттен  босатқанын  айтады.  Сол  сияқты  ерлi­

зайыптылардың  банткік  кредит  шартымен  (ипотекаға)  қарызданып  алған  пəтерлерінің 

қарызын жұбайлардың бірінің ата­анасы төлеп тастайды. Осы мысалдарда жұбайлардың 

көлігі  мен  пəтер  олардың  бірлескен  ортақ  меншігі  ма,  əлде  жеке  меншіктері  ма 

мəселесінің шешімі, мүліктер (көлік пен пəтер) жұбайлардың бірлескен ортақ меншігінде 

қала  береді.  Басқаша  мəселені  күрделендіруідің  мағынасы  жоқ,  себебі  барлық 

жағдайдарда мүлік жұбайлардың меншігі болудан шықпайды. Ал оның бірлескен немесе 

үлесті ортақ меншіктерінде болуы тəжірибелік тұрғыдан өте маңызды емес. Сол себепті, 

тəжірибеде  осындай  жағдай  туындаса,  жұбайлар  мен  сыйға  тартушы  арасында  сыйға 

тарту шарты жасалу кезінде немесе жұбайлар өз араларында мүліктің кімнің жеке меншігі 

болатынын көрсеткендері орынды болар. 

Жұбайдың  біріне  мемлекет  немесе  жеке  ұйымдар  тарапынан  ақысыз  төленген 

(берілген)  ақша  сомаларының  жеке  меншігінде  орын  алуы  пікір  таласты.  Жалпы 

жұбайларға əлеуметтік мақсатта төленген төлемдер олардың бірлескен ортақ меншігінде 

орын  алатыны  анық.  Олардың  ішіндегі  ақысыз  келгендері  жəрдемақылар,  арнаулы 


281 

 

нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер жəне осыған мысал ретінде заңнамамыз, 



«...  материалдық  көмек  сомалары,  мертігу  не  денсаулығының  өзге  де  зақымдануы 

салдарынан  еңбек  қабiлетiнен  айрылуына  байланысты  нұқсанды  өтеуге  төленген 

сомалар жəне басқалары» - деген.  

Заңнамамызда  жұбайлардың  бірлескен  ортақ  меншігінде  орын  алатын  материалдық 

төлемдердің  ортақ  ерекшелігі,  əлеуметтік  мағынадағы  төлемдер  болуы.  Яғни  мұндай 

төлемдер  болса,  бірлескен  ортақ  меншікте  орын  алады.  Яғни  мертігуіне  байланысты 

берілген (көмек) жəрдемақы, еңбек қабілетінің төмендеуі немесе жоғалтуына байланысты 

сол сияқты (əлеуметтік көмек мақсатында) төленген материалдық төлемдер қай жұбайға 

төленгеніне  қарамастан,  бірлескен  ортақ  меншіктері  болады.  Мысал  ретінде,  осы 

мақсаттағы сақтандыру төлемдерін немесе мемлекеттік жəрдемақыларды айтуға болады.  

Ал,  жұбайға  сый  немесе  сыйлық  ретінде  берілген  мүлік  жеке  меншігінде  болады. 

Мысалға,  жұмыс  орнынан  зейнетке  кету  кезінде  сыйланған  пəтер  немесе  көлік  жеке 

меншігінде орын алады. Егер, жұбайға пəтерінің жалдау құнының белгілі бір бөлігі жұмыс 

орны тарапынан төленсе, бұл бір əлеуметтік көмек төлемі болғандықтан, бірлескен ортақ 

меншікте орын алады.   

Осындай  төлемдерге  ұқсас,  жұбайларға  мемлекеттік  немесе  жеке  нысандағы 

сыйлықтар  мен  марапаттаулар  оның  жеке  меншігі  болып  табылады.  Себебі  сыйлықтар 

мен марапаттаулар адамға еңбегі, беделі сияқты адами қасиеттері ескеріліп беріледі. Олай 

болса,  марапаттау  мен  сыйлықтарда  (материалдық  жағдайының  ауырлығына  немесе 

денсаулығына  байланысты  көмек  сияқты)  əлеуметтік  мақсат  жоқ.  Мысалға  ғылыми 

жаңалығына, еңбек қызметіне немесе қоғамдық іс­шараларға үлесіне байланысты берілген 

мемлекеттік  сыйлықтар  мен  марапаттары  жұбайдың  жеке  меншігі  болады.  Аталған 

сыйлық  пен  мараптты  мемлекеттен  тыс,  жеке  қорлар  мен  жеке  ұйымдар  тарапынан  да 

ұйымдастырылып, берілген жағдайларда да нəтиже өзгермейді.  

б)  Ерлi­зайыптылардың  жеке  пайдаланатын  заттары,  некеде  тұрған  кезеңінде  ерлi­

зайыптылардың  ортақ  қаражаты  есебiнен  сатып  алынғанына  қарамастан,  ерлі 

зайыптылардың жеке меншігі болады. Осындай аталған затты жеке қолданатын жұбайдың 

меншігі болады. Бірақ  бұлар қымбат заттар мен басқа да сəн­салтанат заттары қатарына 

кірмеуі тиіс (НОТК 35/3).  

Жеке  заттар  жұбайдың  жеке  өзінің  қажеттілігін  қанағаттандыруға  арналған  заттар. 

Яғни  жұбайлар  ортақ  пайдаланатын  немесе  ортақ  пайдалануға  жарайтын  заттардан 

болмауы  тиіс.  Сонымен  қатар  мұндай  заттардың  бірлескен  ортақ  меншіктегі  заттардан 

немесе  солардың  есебінен  алынуы  тиіс.  Жұбайдың  жеке  меншігіне  немесе  жеке  меншік 

есебінен алынған заттар сол жұбайдың жеке меншігі болып табылатыны даусыз. Мысалға, 

айлығына  алынған  киiм­кешектері,  жеке  тазалық  (гигиена)  заттары.  Күйеудің  өзі  ғана 

қолданып  жүрген  компьютер  ортақ  меншік  болып  табылады.  Себебі  компьютер  ортақ 

пайдалануға жарайтын зат. 

Бірақ  осындай  жұбайлардың  жеке  заттары  жеке  меншігінде  орын  алуы  үшін  құнды 

зат



 (қымбат зат) немесе  сəн­салтанат заттары болмауы тиіс (НОТК 35/3).  



Құнды зат – түсті металдан жасалған немесе тарихи, əдеби, сандық өлшемдік жағынан 

аздығына  орай  материалдық  тұрғыдан  бағасы  жоғары  заттар.  Мысалға,  алмаз,  алтын, 

бриллианттан жасалған заттар, Ахмет Байтұрсыновтың тірі кезінде қолына таққан сағаты 

                                                           

 НОТК 35/3­тармағының орыс тіліндегі мəтінінде: «драгоценность» ­ деген сөз қолданылған, қазақша аудармасы «құнды зат» болуы 



керек еді, бірақ «қымбат зат» деп дұрыс аударылмаған. 

282 

 

сияқты  заттардың  қай  жұбайдың  жеке  қолдануында  екеніне  қарамастан,  жұбайлардың 



бірлескен ортақ меншігі болады.   

Сəн­салтанат  заттары  –  қажеттіліктен  туындайтын  пайдаланудан  көбірек  əлеуметтік 

жəне  материалдық  жағдайын  көрсету  үшін  қолданылатын  заттар.  Яғни  осындай  заттар, 

қолданушының  əлеуметтік  деңгейінің  немесе  материалдық  жағдайының  жоғарылығын 

көрсету мақсатымен пайдаланылатын заттар. Мысалға, сирек кездесетін қолтырауынның 

терісінен жасалған  қолғап,  атақты модельердің  қолымен  жеке дара тігілген көйлек. Осы 

заттар  иесінің  жеке  қолданатын  заттары  болғанына  қарамастан  жұбайлардың  бірлескен 

ортақ меншігінде орын алуы əбден мүмкін.   

Жұбайлардың  жеке  заттарын  құнды  (қымбат)  зат  немесе  сəн­салтанат  заты  екенін 

анықтау үшін  отбасының  əлеуметтік жəне материалдық  жағдайында ескеру қажет. Яғни 

жұбайлардың  жеке  қолданып  жүрген  заттарын  құнды  немесе  сəн­салтанат  заты  деп 

олардың  бірлескен  ортақ  меншігіне  қабылдау  үшін,  əр  оқиғада  жеке,  жұбайлардың 

табысын, өмір сүру салтын жəне отбасының əлеуметтік, материалдық жағдайларын ескере 

отырып  анықтаған  орынды.  Мысалға,  атақты,  халық  тарапынан  көп  танымал,  белгілі 

əншілердің  отбасын  алсақ,  олардың  əр  киімі  жеке  тапсырыспен  тігілген  киімдер. 

Осылайша  жұбайлардың  жеке  меншігі  немесе  бірлескен  ортақ  меншіктегі  зат  екенін 

анықтауда,  жоғарыда  айтылған  мəліметтерге  сүйене  отырып,  мəселенің  ерекшеліктерін 

ескерген орынды болады.  

 в)  неке  іс  жүзінде  тоқтаған  кездегі  алған  мүліктерін  сот  ерлi­зайыптылардың  жеке 

меншігі  деп  тануы  мүмкін.  Отбасылық  қарым­қатынас  жəне  ортақ  шаруашылықты 

жүргiзу нақты тоқтатылғаннан кейiн жұбайлардың бiрлесiп сатып алмаған мүліктерін сот 

жұбайлардың жеке меншігі деп тануы мүмкін.  

Жалпы  ереже,  неке  заңда  белгіленген  себептер  болған  жағдайда  өздігінен, 

жұбайлардың  бірінің,  не  екеуінің  бастамасымен  сот  шешімі  заңды  күшіне  енген  кезде 

немесе  АХАТ  органында  бұзылғанда  некені  бұзу  туралы  жазба  актілік  жазбалар  (АЖ) 

кітабына  тиісті  жазба  енгізілген  кезде  ғана  құқықтық  нəтижесін  тоқтатады.  Осылайша 

неке құқықтық нəтижесін тоқтату кезінен кейін жұбайлар арасындағы мүліктерінің заңды 

режимі де құқықтық күшін тоқтатады.  

Бірақ,  отбасы  кодексіміз  ерлi­зайыптылардың  арасындағы  мүліктік  режимнің 

құқықтық  салдарын  тоқтатуына  айрықша  жағдай  енгізген,  ол  ерлi­зайыптылардың 

арасында тар мағынадағы отбасылық (некеден туындаған) қатынас іс жүзінде тоқтағанда 

мүліктеріне  байланысты  мүліктерінің  заңды  режиміде  құқықтық  салдарын  тоқтатады. 

Осылайша  жұбайлардың  арасындағы  отбасылық  қатынас  іс  жүзінде  тоқтаған  жағдайда 

мүлікерінің  заңды  режиміне  байланысты  жұбайлардың  бірлескен  ортақ  меншіктерінде 

болуы тиіс мүлікті сот олардың жеке меншігі деп тануына құзырет берген. Бірақ НОТК 

35/2­ші  тармағында,  «Некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  іс  жүзінде  тоқтатылуына 



байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың əрқайсысы жинаған мүлiктi сот 

олардың əрқайсысының меншiгi деп таниды.» дегенінен, сот өздігінен таниды мағынасын 

шығармауымыз  керек.  Осыған  құқықтық  негіз  ретінде  де,  жұбайлардың  арасындағы 

мүліктік қатынастарды реттеген ережелердің диспозитивтілігін көрсете аламыз. 

Некенің  іс  жүзінде  тоқтау  жағдайы,  неке  заңнамада  белгіленген  құжаттар  негізінде 

тоқтамағанымен жұбайлардың бір­біріне тар мағынада отбасыдан туындайтын құқықтары 

мен  міндеттерін  жүзеге  асырмаулары  жəне  осыған  байланысты  араларында  құқықтық 

дауларының  болмауы.  Қысқаша,  ерлi­зайыптылар  екеуінің  де  қалауы  бойынша 

(еріктерімен)  араларында  отбасылық  шаруашылықты  бірлесе  іс  жүзінде  жүргізбейді. 



283 

 

Яғни,  мұнда  маңыздысы  екеуінің  де  қалауы,  некелік  араларындағы  қатынастарды 



жүргізбеу  бағытында  болуы.  Басқаша,  қабылдау  жұбайлардың  мүліктерінің  заңды 

режиміне  бір  жақты  өзгеріс  енгізуді  қабылдау  болады.  Олда  отбасы  кодексіміздің 

жүйесіне  қайшы  болады.  Себебі,  неке  кезіндегі  мүліктік  мəселелерін  жұбайлар 

араларында келісіммен өзгертпеген жағдайда заңды режим ережесі қолданылады.   

Некенің  іс  жүзінде  тоқтауы  жағдайында  ерлi­зайыптылардың  бөлек  тұруы  міндетті 

түрде  кездеседі.  Бірақ  отбасы  кодексіміз  ерлi­зайыптылардың  бірге  тұруларын 

міндеттемегенінде  естен  шығармауымыз  керек.  Яғни  ерлi­зайыптылардың  бөлек  тұруы 

жағдайы  некенің  іс  жүзінде  тоқтауына  жалғыз  басына  негіз  бола  алмайды.  Сол  себепті, 

ерлi­зайыптылардың  бірі  алыс  мекенде  іс  сапармен  немесе  оқуда  болу,  əскери  міндетін 

атқару  жағдайларында  неке  іс  жүзінде  тоқтаған  болмайды.  Себебі  жұбайлардың  қалауы 

некелік қатынасты іс жүзінде тоқтау бағытында емес.     

Жоғарыда  айтлығандарға  сүйене  отырып,  жұбайлардың  араларындағы  некелік 

қатынастың  іс  жүзінде  тоқтауы  кезінде  алған  мүліктерін  соттың  жұбайлардың  жеке 

меншігіндегі  мүліктері  деп  тану  жағдайы  айрықша  жағдай  екені  анық.  Олай  болса, 

жұбайдың  некенің  іс  жүзінде  тоқтағанын  жəне  осы  кезеңде  алынған  мүлікке  екінші 

жұбайдың  мүліктік  (материалдық,  еңбегімен)  қатысуынсыз  меншік  құқығының 

туындағанын сотта дəлелдеуі тиіс.  

Жұбайлардың  жоғарыда  айтылған  жағдайлар  мен  талаптарға  сəйкес  мүліктері 

олардың  əр­қайсының жеке меншігі  болады. Бірақ  осындай  жеке меншігіндегі мүліктері 

заңнамада  белгіленген  талаптармен  олардың  бірлескен  ортақ  меншігінде  болуы  əбден 

мүмкін.  

 



1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал