Пайдаланған әдебиеттер:
1 Сейдімбек А. Аққыз. Повестер мен əңгімелер. Алматы: Атамұра, 2002.288 б.
2 Ақсұңқарұлы С. Алаштың Ақселеуі. // Орталық Қазақстан. 2. 11. 1992.
3 Аймауытов Ж. Псиқолоғия. – Алматы: Рауан, 1995. – 312 б.
ƏОЖ316.77:001.4
Халел А.
1
, Садықова Р.К.
2
1
магистр оқытушы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті,Алматы,Қазақстан,
aknur_h@mail.ru
2
ф.ғ.к. Садықова Р.К.Алматы,Қазақстан,
roza.sadikova@mail.ru
ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Abstract. In the paper, dictionary usage is suggested one of effective ways in teaching
Professional Turkish Language for students of the Department of International Relations. The
author also discusses the ways of improving vocabulary skills for translating
diplomatic terms with the help of different dictionary exercises and activities.Methods shown in
the process of research widen and strengthen the metodology of improving teaching vocabulary
to the students in Kazakh groups.
Key words: diplomatic term, terminology, methodology of teaching vocabulary,
international the methodology.
Дипломатиялық терминдердің қолданысында өзіндік коммуникативтік –
прагматикалық ерекшелігі бар екені даусыз. Дипломатиялық терминдер мен атаулардың
қалыптасу жəне даму тарихын анықтау үшін, ең алдымен дипломатиялық қарымкатынас
пен оның тарихына шолу жасаған орынды болмақ.
Осыдан XIV ғасыр бұрын бүгінгі таңда жалпы саны 200 млн.адамға жетіп отырған
түркі халықтары бір тілде сөйлеп, «Түрік қағанаты» атты бір мемлекеттің құрамында
тіршілік еткені тарихтан белгілі жайт.Тек VІІ ғасырдан бастап,
олардың тарихында бөліну
жəне ажырау үдерісі басталды. Атақты Ататүрік "Жер бетінде түрікке түріктен артық дос
жоқ" деген. Осы сөздің мəнін байсалдылықпен пайымдасақ, бұл жақындық түркі
халықтарының тілінің бірлігі, дінінің бірлігі, мəдениетінің бірлігі, əдет ғұрпы мен
дəстүрінің бірлігі арқылы анықтала түспек.
Дипломатиялық құжаттар тілінде етістіктердің өзі таңдалып алынып барып
жұмсалатынын анық аңғарылады. Негізгі кездесетін предикативтік тұлғалар: кездесті,
245
шешім қабылдады, жеделхат жолдары, қатысуға шақырды, қол қойылды, мəлімдеме
қабылдады, мəлімдеме жасады, келісімге қол қойылды, талқыланды, мəлімдеді, ноталар
алмасылды, атап көрсетті, хаттамаға қол қойылды, кездесу өтті жəне т.б. сипатында
болып келеді.
Дипломатиялық қатынастағы коммуникативтік жағдай – дипломатиялық протокол
арқылы орындалатын нақты орта, онда қарымқатынасты анықтайтын тілдік бірліктердің
қалыптасқан құралдары ғана қолданылады. Екі ел арасындағы коммуникативтік қарым
қатынаста орныққан, сыннан өткен коммуникативтік жағдай орындалады.
Коммуникативтік жағдай қалыптасу үшін алдынала мағлұматтар алынып, əр елдің
дəстүрі, салты зерттеледі. Соған орай коммуникативтік интенция таңдап алынады.
Дипломатиялық қарымқатынас барысында екі елдің адресаттары бірбіріне мейлінше
сыйластық, сыпайылық танытуы қажет саналады. Кезкелген дипломатиялық
коммуникация бірбірімен теңдік жағдайда өтуі көзделеді.
Түрік жəне қазақ тілдерінің тарихи туыстығы, ортақ діл мен діннің болуы көп
нəрсенің байыбына терең барлауға жетелейді. Қазіргі уақытта түбі бір түркі тілдерінің
терминдік жүйесін реттеу, мүмкін болған жағдайда, ондағы ортақ терминдердің санын
көбейтіп, сапалық мүмкіндігін арттыру мəселесі күн тəртібіне қойылуда.
Түрік жəне қазақ халқының өзге елдермен дипломатиялық қарымқатынас жасауының
тарихы терең. Дегенмен, жазу арқылы сақталған тілдік деректердің тарихы екі тілге де
ортақ көне түрік жазбаларындағы тарихи деректермен тікелей байланысты айтады.
Түрік жəне қазақ тілдеріндегі дипломатиялық терминдер мен тіркестерді салыстыра
зерттеу қазіргі тіл ғылымындағы антропологиялық пайымдаулармен тығыз байланыста
қаралады. Тіл ғылымында антропологиялық бағытта қазіргі кезде кең көлемде зерттеулер
жүргізілуде. Тілді адам болмысымен бірлікте қарау антропологиялық əдістің негізі
саналады. Тіл арқылы адамның өзін тану, адамның қасиеттерін білу бұл тəсілдің негізгі
ерекшелігі.
Белгілі ғалым И.А. Бодуэн де Куртене тілдің сол тілде сөйлейтін қоғамдағы
жекелеген адамдар мен индивидтердің психикасында, жанында, миында өмір сүретінін
жазған болатын.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысып, сөйлесіп қарымқатынас жасауы тіл арқылы
іске асырылады. Ойдың жарыққа шығып, іске асырылуы үшін əрине ол тілдік бірліктерге,
тілдік таңбаларға негізделуі қажетті. Тілі ортақ, тегі бір елдердің арасындағы қарым
қатынастың дұрыс орнығуына, олардың бірбірін жақсы түсініп, терең байланыстар
жасауына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ортақ дипломатиялық терминдердің
болуы. Зерттеуші ғалымдар ойлау жүйесін екі түрлі бағытта қарастырады. Біріншіден,
ойлау ұғым мен пайымдау формаларында болатын абстрактылы емес, абстрактылы
процестер. Екіншіден, қабылдау мен елестің образы түрінде болатын сезім – образдардың
мазмұны. Термин сөздердің де көпшілігінің мазмұны абстрактылы болып келеді. Ал
қабылдау мен елестің образы түріндегі образдардың ұқсастығы, яғни тілтілдегі
терминдердің жақын болуы, ұқсас келуі адамдардың бірбірімен түсінісуінде де маңызды
рөл атқаратыны даусыз.
Тіл мен ойлаудың жақындығы тек теориялық бағытта ғана емес, күнделікті қарым
қатынаста да аса маңызды фактор ретінде танылатынын дəлелдеп көрсетуге болады. Тілі
мен діні, ділі ортақ болғандықтан, адамдар ресми сөйлеу барысында жақындықты
сезінетіндігі, бірінбірі дос санап сөйлесе алатындығы белгілі. Бұл əсіресе,
дипломатиялық қарымқатынаста аса бағалы, құнды. 1991 жылы 16 желтоқсанда
246
Қазақстан Республикасы өз Тəуелсіздігін жариялаған кезде шет мемлекеттерінің ішінен
бірінші болып мойындаған Түркия Республикасы болғанын да кездейсоқтық деуге
болмайды. Мұның ең негізгі факторларының бірі – тілдің жақындығы. Тіл жақындығының
арқасында халықтар бірбірімен тез табысатынын аңғарамыз.
Дипломатиялық терминдер елдің өзге ел арасындағы қарымқатынас жасау үстінде
қолданылатын лексемалар мен сөз тіркестерінен, елдер арасында құрылған одақтар мен
ұйымдардың атауынан құралады. Олай болса, тіл – ойлаудың жемісі деген ескі қағиданы
негізге алуға толық негіз бар. Ой ортақтығы – тіл ортақтығының негізгі кепілі. Ал тіл
ортақтығы арқылы адамдардың қарымқатынасының жақсы болуына қызмет етеді.
Түркі халықтарының ортақ мəдени мұрасы саналатын көне түркі жазбаларынан
бастап, дипломатиялық терминдер мен атаулардың ортақтығы қалыптаса бастады деуге
толық негіз бар.
Тілші ғалым Құлмат Өмірəлиев "VIIIХІІ ғасырлардағы көне түркі əдеби
ескерткіштері" деген зерттеу еңбегінің "Рухани қазыналарды таныпбілудің мəні" деген
бөлімінде мынадай терең мəні бар ойларды білдіреді: "Өз тарихы мен əдебиетінің түп
негіздерін зерттеп білу, оның із соқпағы көмескі тартқан тылсым сырларына үңілу, тарих
пен мəдениеттің ортақ бастау кезеңдерін табу, сөйтіп өздерінің төл мəдениетінің көне
дəуірден бастап бүгінгі күнге жалғасып жатқан біртұтас ортақ тарихын жасау –барлық
мəдениетті халықтарға тəн дəстүр".
Олай болса, дəстүрлі мəдениеті бар іргелі ел болғандықтан, кезкелген сөздің тарихи
дамуын көне мұралардан іздеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда дипломатиялық
терминдердің шығу тарихын Көне түркі жазба мұраларында жазылған мəтіндерден де
іздеп табуға болады.
Л.Дүйсембекова "Қазақ ресми – іс қағаздары" атты еңбегінде: ''Ескерткіштердің сол
замандағы ірі тарихи тұлғаларға арналғандығын, бұл сөздердің авторы да жеке адам
болғанымен, ел бастаушы, қол бастаушы тұлға екенін ескерсек, мұны қазіргі
Елбасшыларының халыққа жолдауы, арнауы, үндеуі түрінде жарияланатын ресми құжат
үлгісінің алғашқы нұсқасы ретінде де қарастыруға болады" деп жазады.
Көне түркі тілінде кездесетін дипломатиялық мағынада келетін сөздер қазақтілі мен
түрік тіліне ортақ сөздер. Айталық, ескерткіште кездесетін elci-елшісөзі екі тілде де осы
негізгі мағынасында жұмсалады. Ulusсөзі қазіргі түрік тілінде иlus-ұлт мағынасында
белсенді қолданылады. Сү сөзі арқылы түрік тілінде savaşсөзі қалыптасып, дипломатия
терминіне айналған. Sаvаşсөзі арқылы savaş hali (соғыс жағдайы), haklı savaş (əділетті
соғыс), savaş hukuku (соғыс құқығы), soğuk savaş (суық соғыс) т.б. сияқты дипломатиялық
терминдер қалыптасқан.
Дей тұрғанмен, аударманың өзі дипломатиялық терминдердің қолданысын
тереңдетіп, терминдік жүйенің қалыптасуының негізі болған деуге толық болар еді.Бұл
жөнінде осы кезеңдегі қазақ əдеби тілінің үлгілерін терең зерттеген ғалым Б. Əбілқасымов
былай деп жазады: "Баспадан шыққан материалдардың көпшілігі дерлік – орыс əкімшілік
орындарының халық арасына тарату үшін шығарған документтері, сондықтан олар көп
жағдайда орыс тілінен қазақшаға аударылған аударма материалдар болып келеді".
Түркия мен Қазақстан қатынастарының қазіргі дəуірінің негізі Қазақстанның
мемлекеттік тəуелсіздігін жариялауына дейін қаланған болатын. 1990 жылдың қазанында
Мемлекеттің тəуелсіздік туралы Декларация жарияланғаннан кейін Қазақстан басшылығы
дүниежүзінің көптеген елдерімен түрлі салаларда халықаралық қатынастарды кеңейтуге
кіріскені белгілі. Осы Декларацияның 14бабында былай делінген: "Қазақ ССРінің
247
халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз муддесіне сай
бегілеуге, дипломатиялық жəне елшілік өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың,
оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жəне мамандандырылған мекемелердің
қызметіне қатысуға хұқы бар. Республика шетмемлекеттермен экономикалық жəне сауда
байланыстарын еріктілік пен құқылық принциптерін сақтай отырып, өзара тиімді шарттар
негізінде құрады, сыртқы экономикалық қызмет мəселелерін дербес шешеді"
(Декларация).
Осы қысқаша мəтінде мынадай дипломатиялық терминдер бар: халықаралық
қатынастар, дербес субъекті, сыртқы саясат, мүдде, дипломатиялық жəне елшілік
өкілдіктер, өкілдіктер алмасу, халықаралық ұйымда, Біріккен Ұлттар Ұйымы, хұқ, шет
мемлекет, экономикалық жəне сауда байланысы, еріктілік пен тең құқылық принциптері,
өзара тиімді шартта, сыртқы экономикалық қызмет.
Бұл терминдердің көпшілігі бұрын қолданылып келгенімен, жаңа тəуелсіз
мемлекеттің тұсында нағыз дипломатиялық термин ретінде өз мəнінде жұмсалып,
белсенді қолданыла бастады.
Бұл екі ел арасындағы өзара экономикалық, сауда жəне ғылымыитехникалық,
ынтымақтастық туралы қол қойылған алғашқы ресми құжат болып саналады.
Бұл мəтіндерді газет беттерінен келтіріп отыруымыздың мəнісі – бұл уақытта əлі де
дипломатиялық мəтіндер таза қазақ тілінде жазылған жоқ болатын. Дипломатиялық
мəтіндер де, ауызша айтылатын дискурстық мəтіндер орыс тілінде болғаны жасырын
емес. Ал олардың түсінік – мəтіндері қазақ тіліндегіақпарат беттерінде жарияланды
немесе радио арқылы оқылды.
Келтірілген мысалдарда мынадай сөздер мен сөз тіркестері дипломатиялық термин
мəнінде жұмсалған:
Ынтымақтастық туралы келісім, қол қойылды, саудаэкономикалық, ғылыми
техникалық, экологиялық, мəдени, ақпараттық жəне басқа да салаларда ұзақ мерзімді
негізде өзара пішінді ынтымақтастық, ынтымақтастықты одан əрі кеңейтуге жəне
тереңдетуге деген тілек, мемлекеттік тəуелсіздік, таныды, Президент, Қазақстанның
өкілдігі, АҚШ елшісі, қабылдады, кездесу, экономикалық реформалар, мəселелер
талқыланды. Бұл сөздер мен сөз тіркестерінің біразы бұрын терминдік мағынада
жұмсалмаған, дипломатиялық мəтіндерде біртебірте қолданыла бастаған.
Газет мəтініндегі қоғамдықсаяси лексика мен оның бағалауыштық қызметі туралыБ.
Момынова өзінің "Газет лексикасы. Жүйесі мен құрылымы" атты еңбегінде былай деп
жазады: "Бағалауыштық сипат қоғамдық – саяси сөздерді өзге терминологиялық
сфералардан ерекшелендіріп тұратын басты əрі өзіндік айырмашылық, ал терминдерге тəн
нақтылық, дəлдік болғанмен, эмоционалды – экспрессиялық мейлінше аз мөлшерде
кездеседі немесе мүлде болмайды. Сондықтан газет бетінде үнемі қолдануымен қатар,
ылғи бағалауыштық мəн таныту да аталмыш лексика тобына жат болып табылмайды.
Айталық, əкім, ішкі саясат, сыртқы саясат, тəуелсіздік, егемендік, азаттық, ұлт
жандылық, ұлттық патриотизм, азамат, дербестік тағы басқа жүздеген сөздің
семантикалық құрылымында бағалауыштық категория бар". Автордың бұл жердегі
бағалауыштық категория дегені, бағалауыштық сема немесе бағалауыштық мағына болуы
керек. Өйткені сөз құрамында категория емес мағынаның бір бөлшегі жүреді.
Келтірілген мысалдардағы ішкі саясат, сыртқы саясат, тəуелсіздік, азаттық,
азамат, дербестік деген терминден сол кездерде бағалауыштық мəнде, мүмкін жұмсалған
болар, дегенмен қазіргі біздің зерттеген тілдік материалдарымызда бұл атаулар
248
дипломатиялық термин мағынасында орныққан. Сондықтан мəтіндерде бұл сөздер
негізінен сипаттай келіп, жағымды не жағымсыз мағынада жұмсалмайды.
Түрік қазақ тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің морфологиялық сипатын
анықтау арқылы олардың коммуникативтік прагматикалық жүйесіндегі қолданыс
ерекшелігін де көрсетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Kaplan М.Terminler. – İstanbul: Hisap, 990. – 321s.
2 Левенд А. Ябанджы келимелер салгыны. – Анкара: Түрік дили, 1957. – 65 б.
3 Реформатский А. Что такое термин и терминология. – Москва, 1961. – 540с.
4 Бегимова Г. Қазақ жəне түрік тілдеріндегі дипломатиялық терминдер мен атаулардың
мағынасы, қолданыстағы қызметі.дисс. – Алматы: 2007. – 135б
5 Өмірəлиев К. YIH – XII ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері. – Алматы:
Мектеп, 1985. – 127 б.
6 Дүйсембекова Л. Қазақ ресми – іс қағаздары. – Алматы: Ана тілі, 2005. – 207 б.
7 Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 96б.
8 Əбілқасымов Б. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. – Алматы:
Ғылым, 1982. – 222 б.
9 Рүстемов Л.З. Казахскорусский толковый словарь арабскоиракских иимствовных
слов. – Аламата: Мектеп, 1989. – 320 с.
10 Оразбаева Ф. Қазақ ресми – іс қағаздары. – Алматы: Ана тілі, 2005. – 207б.
11 Момынова Б. Газет лексикасы. Жүйесі мен құрылымы. – Алматы, Арыс, 1999. – 224б.
12
http://turkkazak.com
УДК 81
Хасен Б.
ф.ғ.к., Сулейман Демирель атындағы университет, Қаскелең қаласы, Қазақстан
bota.khassen@sdu.edu.kz
СӨЗ – ЭКСПРЕССИВТІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ БІРЛІГІ
Abstract. This article is devoted to expressive characteristics of words in Kazakh
language. The expressive characteristics of words in the context is mentioned in the article.
Key words: vocabulary, synonym, expressive, emotion, syntactic structure, text.
Адам өз ойы мен сезімін айналасындағыларға жеткізу үшін саналы түрде айтпақ ойын
іштей қорытып, сөйлей біледі. Адамзат өзге тірі мақұлықтан да санасы мен сөзі арқылы
дараланады. Сондайақ өмір сүрген заманына қарай ойын жазбаша түрде жеткізуге де
адам баласының мол мүмкіндігі бар. Осының негізінде бүгінде лингвистикада тілдің екі
түрлі формасы қарастырылып жүр. Біріншісі, артикулациялық базадан шыққан дыбысқа
негізделген ауызша форма, екіншісі, графикаға құрылған жазбаша форма. Сөйлеудің бұл
екі формасының ішінде ауызшаның бірінші болып қалыптасқандығы ешқандай дау
тудырмайды. Ал тілдің жазбаша формасы ауызша форманың негізінде қоғамдық
қажеттіліктен адамзат ақылымен тарих тезінен өте отырып жасалды. Ауызша жəне
249
жазбаша сөйлеудің əрқайсысы жеке, ерекше сөйлеудің түрлері емес, тек ғана бір ғана
сөйлеудің екі бөлек берілу жолы ғана екендігі мəлім.
Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөздің арасындағы ажырамас бірлікті аңдау үшін іштен
ойлау жайлы түсінікті сараптап көрелік. Бір нəрсені ішімізден ойлағанда қандай да бір
сөздің материалдық бөлігі сыртқа көрінбейді, яғни ойымыз бізден тысқары шықпайды.
Бірақ адамның ішкі дүниесі өзіменөзі сөйлеу үстінде болады. Бұл процесс кітап
оқығанымызда да айқын аңғарылады. Мəтінді оқығанда құр көз жүгірту арқылы мəліметті
қабылдамаймыз, берілген графикалық таңбалар санамызда өңделіп тілімізге сөз болып
оралады да, ішімізден сол сөздерді қайталау арқылы ақпаратты сөйлеу негізінде
санамызға сіңіреміз. Ал жаңа əліпби үйрене бастаған оқушының дауыстап оқуға бейім
болуы жоғарыда атап өткен күрделі процеске икемделе қоймағандығында. Əлі таңбаларды
жоғары деңгейде игермеген бала сырттан алған əріптер тізбегін санаға сөздік деңгейде
сіңіруге бейімсіз. Əріптерді ауызша формада яғни дыбыстай отырып, алдымен сөздің
сыртқы формасын құрастырған соң ғана сол сөздің ішкі мағынасына үңіледі. Өзге тілді
жаңа меңгере бастаған адам да осындай жағдайды басынан өткізеді. Алдымен сөздің
сыртқы қалыбын дайындап алған соң ғана оны іштей қайталап, мазмұнына үңіледі. Кез
келген сөзді іштен айтудан қарағанда сыртқа шығарып дауыстап сөйлеу түсініктірек
болады. Мұның өзі ауызша сөйлеудің тілдің алғашқы формасы екендігін дəлелдей түседі.
Ойлауы дамымаған адамның сөйлей алмайтынындай, сөздің қатысуынсыз ойлау да
мүмкін емес. Олай болса, тіл адамзат тарихының ең алғашқы күніненақ бар деп батыл
айта аламыз.
Жазбашамен салыстырғанда ауызша сөйлеуде адам ойы əлдеқайда анық, түсінікті
жеткізіледі. Себебі ауызша сөйлеуде сөзбен қатар ойды жеткізуге қызмет атқаратын
қосалқы элементтер бар. Дауыс ырғағы, беттегі əртүрлі эмоция, қолдың түрліше қимылы
мен көз жанарының тыңдаушыға ойды жеткізуде атқар рөлі орасан зор. Бірақ бүгінгі
қоғамда біз ақпарат алуда жазбаша форманы кең қолданамыз, сырттан алатын білім мен
ақпараттың негізгі көзі қағазға қатталған. Ағылшынның белгілі драматургы Бернард Шоу:
«Ия» деп айтудың елу түрлі, «жоқ» деп айтудың бес жүз түрлі тəсілі бар, ал оларды
жазудың амалы біреуақ» деген екен [1:11]. Ауызша тілдегі мұндай фонациялық
ерекшеліктердің қызметін жазбаша да жеткізе білу үшін, тіл заңдылықтарын жете
меңгеріп, тілдің экпрессивтік қызметін терең зерттеудің маңызы зор. Бұл мəселемен
қазірігі таңда тіл білімінің стилистика саласы айналысып жүр. Қазақ тіл білімінің
терминдерінің негізін салған А.Байтұрсынов өз тұсында стилистиканы тіл қисыны деп
атап, оған мынадай анықтама береді: «Тіл қисыны дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын
заңдарын, шарттарын танытатын ғылым, лебіз ғылымының мақсаты асыл сөздің асыл
болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, əдебиет жүзіндегі өнерпаздардың
шығарған сөздерінің үлгі өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын,
не жасауға болатындығын көрсету» [2;348]. Демек тілді меңгеру деңгейіміз лексикалық
қорымыздағы сөздің санымен емес, сөзді қолдану сапасымен өлшенеді. Абайша айтар
болсақ, тіл шебері «қиыннан қиыстырар ер данасы» болуы шарт.
Тіл функцияларын терең танып білу үшін ажырамыс диалектикалық бірліктегі тіл мен
сөйлеудің ара жігін айыра білудің маңызы зор. Ағылшын тілін зерттеуші ғалым
О.В.Александрова тіл коллогация (сөздердің арасындағы лексикалықфразеологиялық
байланыс) мен коллигацияның (сөздердің сөз табы ретіндегі грамматикалық белгілері)
диалектикалық бірілігінен тұрады дейді [3;13]. Демек, тілді құрайтын элементтерге
морфема, сөз, сөз тіркесі жəне сөйлем кіреді де, тіл қарымқатынас құралы болады. Ал
250
сөйлеу осы тіл арқылы адамдар арасындағы араласуды жүзеге асырады. Араласу яғни
коммуникация сөйлемнің қызметі арқылы жүзеге асады, ал сөз бен сөз тіркесінің негізгі
қызметі номинативті. Бұл жайлы тиянақты талдауды К.Ахановтың оқулығынан
кездестіреміз [4;396401]. Коммуникация барысында сөз кейде сөйлемнің де қызметін
атқара беретін кездер болады. Бұл диалогте, атаулы сөйлемдерде, парцелляция
құбылысында жиі кездеседі. Сондықтан сөзді тек лексикологияның еншісіне қарау тіл
табиғатын толық тануда кедергі келтіреді.
Тілдің ішкі құрылысын жүйелі, терең зерттеу үшін ғалымдарымыз тіл білімін əр түрлі
салаларға бөліп қарастырып жүр. Жалпы тіл білімінің жинақтаған тəжірибесінен
туындаған бұл тəсілдің зерттеу жұмыстары үшін тиімділігі дау туғызбайды. Бірақ кез
келген сəтте тілді зерттеуші тіл тұтастығын назардан тыс қалдырмауы тиіс. Ахмет
Байтұрсынұлы: «Сөзден құрастырып пікірлі əңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер.
Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен
қалап түрлі үй жасау сияқты, сөздер бірігіп түрлі əңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып
шығуы балшықтан, кірпіштен, əсіресе қалауынан болатыны сияқты, əңгіменің түрлі болып
шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, əсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса
кірпіш жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты
тілдің дыбысы жаман болса, дыбысының қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды
болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы
əңгіме шықпайды » дейді [2;349]. Қарапайым мысал арқылы ғалым тіл бөліктерінің
ажырамас байланысын аңғартады. Ешқандай синтаксистік байланысқа түспеген,
сөйлемнен тысқары тұрған сөз, техниканың бөлек бір бөлшегі іспеттес, жеке тұрғанда
атқарар функциясы анық көрінбейді. Ал сөйлем құрауға қатысып, басқа сөздермен
байланысқа түскенде жанданып қоя береді. Сондықтан да тіл білімінде лексикология
саласының үлесіне тиіп, стилистикалық лексиканың ауқымында қарастырып жүрген
экспрессивтік реңк тудырушы көріктеуіш құралдардың қызметін синтаксис ауқымында да
саралаған жөн. Мұндағы мақсат лексикологияның мүмкіндігін шектеу емес, лингвистика
салалары арасындағы тығыз бірлікті, тұтастықты таныту.
Қатынас құралы міндетін атқаратын, ішкі ойсезімді білдіретін, оны біреуге жеткізетін
құрал ретінде тіл қай қоғамда да айрықша мəнге ие болып келді. Бірақ адамдар сөзді тек
ғана қарымқатынас құралы ретінде ғана қолданбайды. Адамға жаратылысының алғашқы
күнінен қызмет еткен тілдің функциясы жанжақты. Сөз адам рухының ажырамас бір
бөлігі. Адамзаттың жан дүниесінің бар толғанысы, ішкі əлемінің сан алуан жағдайы,
реніші мен күйініші, қуанышы мен сүйініші сөз арқылы сыртқа шығады, сөз арқылы
өзгеге жетеді. Сөзді «мірдің оғына» балаған қазақ халқы ежелденақ жүйелі сөзге жете
мəн берген. Халқымызда тіл қарымқатынастық құрал болумен ғана шектелмей,
əлеуметтік мəні бар қоғамдық қызметті де атқарған. Теориялық тұрғыдан толық
жүйеленбегені болмаса, қазақ тіл ғасырлыр бойы өзінің экспрессивтік қызметін
жетілдіріп, сөз зергерлері тарапынан өңделіп, жаңа бояулармен қанығып келеді. Қарым
қатынас құралы ретіндегі тілдің қызметі тіл білімінде тілдің коммуникативтік (латынның
«қатынас», «байланыс» деген сөзінен алдынған) функциясы деп аталынса, ал ойлауды
жеткізуші құрал ретінде тіл экспрессивтік (латынның «сөйлемше» деген сөзінен алынған)
функция атқарады.
Қазақ тіл білімінде экспрессивтік мəселесі Ə.Қайдаров, Ғ.Мұсабаев, Ф.Мұсабекова,
Ə.Болғанбаев, М.Серғалиев, Х.Нұрмұханов, Ш.Нұрғожина сынды зерттеушілердің
еңбектерінде қарастырылған. Бірақ тілдегі эмоциональдық пен экспрессивтіліктің
251
арақатынасы жайлы ғалымдар пікірі əр қилы. Қазақ тіліндегі эмоциональдыэкспрессивті
сөздерді зерттеушілердің түрлі көзқарасы бүгінгі күнге дейін теориялық тұрғыдан толық
тұрақталмаған. Бұл жайттың тілдің əртүрлі салаларына тигізер кері ықпалы жайлы
Г.Ақылбекованың мақаласынан аңғаруға болады [5]. Ол «Қазақ тілі түсіндірме
сөздігіндегі» етістіктердің стильдік ерекшелігін саралай отырып, сөздіктегі бірізділіктің
жоғын тілге тиек етеді. Мұнда көтерілген басты мəселе тіліміздегі кейбір сөздердің
болмысынан яки əуелден бар экспрессивтікэмоциональды реңктерінің сөздікте берілуінде
бірізділіктің сақталмауы.
Экспрессивтікэмоциональдық жайлы Ə.Болғанбаев, Б.Қалиев сынды ғалымдардың
еңбегінен мынадай жолдарды кездестіреміз: «Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі
қасиетін, болмаса ісəрекетін ғана атап білдіріп ғана қоймайды, сонымен бірге адамның
сезіміне əсер ететіндей стильдік мəнге ие болады. Адамның сезімінге əсер ететін сөздер
тобы экспрессивтікэмоциональды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивтік сипаты
оның бейнелі, мəнерлі айтылуынан, ал эмоциональдығы оған қоса адамның бір затқа,
құбылысқа адамның өзіндік көзқарасын, көңілкүйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Сөздің
бейнелі, мəнерлі айтылуы мен сезімге əсер ету қасиеті бірбірімен тығыз байланысты.
Эмоция бар жерде экспрессивтік болады» [6:178]. Байқағанымыздай, экспрессивтік пен
эмоциональдықтың арасына нақты шек қойылмаған.
Ал зерттеуші ғалымдар І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев та бұл терминдерді бір ұғымда
қарастырып, сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа эмоциональдық көзққарасын
білдіретін сөздер деген пікір айтады [7].
Қазақ тілінің стилистикасының практикалық тұрғыдан қарастырған ғалым
Ф.Мұсабекова экспрессивті сөздер мен эмоциональды сөздер бірдей емес дей келе, өз
ойын былай тұжырымдайды: «Тілдегі эмоциональдық элементтер адам сезімін білдірсе,
экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мəнерлікті күшейту үшін
қызмет етеді» [8;59]. Яғни экспрессивтіктің ауқымын эмоциональдықтан кең етіп
көрсетеді.
Ал ғалым Е.Жанпейісов «экспрессивтік сөздер», «экспрессивтік бояу» деген
терминдердіді қолданады да, экспрессивтік бояудың жеке сөздерге де, фразеологиялық
орамдарға да, синтаксистік конструкциялардың да қайқайсысына тəн сипат екенін атап
көрсетеді[9;76].
Біз ғалымның бұл пікірін қуаттай отырып, тіліміздегі экспрессивтікэмоциональды
лексика терминін ықшамдап экспрессивтік лексика деп қолдауды жөн санаймыз. Себебі
эмоция байқалатын жерде сөз өзінің экспрессивтік қызметін де танытады. Демек, тілдің
экспрессивтілігі дегеніміз сөздерді түрлендіре қолдануда қызмет атқаратын тіл
бірліктерінің семантикалықстилистикалық белгілерінің жиынтығы.
Бұл орайда тіліміздегі сөздердің өздері экспрессивтілігі жағынан сан алуан екендігін
ескермеуге болмайды. Экспрессивтік сапа барлық сөздерде бірдей байқалмауы мүмкін.
Тіліміздегі кейбір сөздер жеке тұрғанда толық мағыналы дербес сөз ретінде заттар мен
құбылыстардың атауын білдіріп, номинативті (латынның «атауыш» деген сөзі) қызмет
ғана атқаруы мүмкін. Мысалы, адам, күн, көз, бала, киім, өсімдік, ағаш сияқты сөздерде
ешқандай экспрессивтік реңк байқалмайды. Ал лексикологиядағы экспрессивтік
эмоциональды лексика деп атап жүрген бірқатар сөздер ешбір қосымшасыз жеке тұрыпақ
экспрессивті бояуға ие болуы мүмкін.
Бұл жайлы ғалым Е.Жанпейісов: «Экспрессивтік бояу əдетте екі тұрғыда сөз етілуі
тиіс. Біріншіден, лексикалық мағынасы əуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер,
252
екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен
етістіктер»[9;76]. Ал Ф.Мұсабековадан да осы іспеттес пікірді байқаймыз: «Кейбір жеке
сөздер контекссізақ экспрессивті мағынаны білдіріп тұрады, себебі ол мағына сол сөздер
бойынша бұрыннанақ қалыптасқан»[8;151].
Сөздердің синонимдік қатарын түзгенде бұл ерекшелікті айқын аңғаруға болады.
Ғалым Ə.Болғанбаев күнделікті қолданысымызда жиі қолданылатын «бет» сөзінің отызға
жуық синонимін береді [10;72]. Олардың ішінде келбет, көрік, ажар, шырай, дидар,
жамал сөздерін естігенненақ жылы қабылдап, жағымды эмоцияны сезінесің. Ал
ұсқын,сиық, сұрық, тұрпат, сықпыт, порым, пошым əуел бастан өзіне сүреңсіз реңкті
сіңірген сөздер. Қазақтың сөз зергерлері бұл сөздерді өз мақсаттарына шебер пайдаланып
отырған. Мысалы: Сары алтын, сапы меруерт қарағым-ай, Көргенде жамалыңды
көңілім қош (Ақан сері). Ұсқының құрғыр түге, жұртты шошытып, түсіне кірейін деп
көрінемісің (М.Əуезов). Адамның сықпытынан азып туған, Адам боп түсін бояп жүрген
айуан (И.Байзақов).
Сөздердің басым көпшілігі белгілі бір текст ішінде, сөйлем құрамында экспрессивтік
эмоциональдық бояуға ие болады. Көру мүшесі ретінде біз білетін «көз» сөзінің жеке дара
тұрғанда ешқандай экспрессивтікэмоциональдық қызметі байқалмайды. Сөйлем
құрамына кіріп, өзге сөздермен байланысқа түскен сəтте номинативтік рөлдегі сөз өз
қызметін толықтырып, ары қарай түрлендіре түседі. Мысалы: Нанбасаңдар, сұраңдар
мына Омардан. Көзі тұр ғой, айтсын,- деді Сəду даусын қаттырақ шығарып (Б.
Тілегенов). Əдете қандай да бір затты немесе құбылысты өз атауымен атамай басқа бір
белгісімен бөлшегімен атау дағдысы қазақ тілінде жиі кездеседі. Оған тіл білімінде
синекдоха деген терминді қолданып жүрміз. Ал берілген сөйлемдегі қолданыстың
мазмұнға тигізер ықпалы не? «Көзі» сөзінің орнына «өзі»деп қолданылуға да болар еді.
Бірінші сөйлемге назар аударар болсақ, инверсия құбылысы байқалады. Яғни сөйлем
мүшелерінің қалыпты орны бұзылып, толықтауыш сөйлемнің соңынан орын тапқан.
Сөйлем соңындағы «Омардан» сөзіне ерекше дауыс екпіні сала айтылып, сілтеу есімдігін
тіркестіре тыңдарман назарын аудартқан. Одан кейінгі сөйлемдегі «көзі» сөзі бетпебет,
тура, осы жерде деген мағынаны ішіне сидырып, айтушының ішкі сезімін оқырманға
жеткізіп тұр. Нақтылай түссек, кейіпкердің сөзінен шындықты дəлелдеуге тырысып
баққан, екпінді леп сезіледі. Бұл мысалдан тілдің экспрессивтілігі тек лексикологиялық
қабатта ғана емес экспрессивтік синтаксиспен селбесе отырып, сөз мəнерін ұштай
түсетінін анық байқауға болады.
Cөйлемнің құрамындағы жекеленген сөздерді талдағанда, жеке дара алып қарамай,
қасындағы басқа да сөздермен, сөз тіркестерімен бірге, өзара тығыз бірлікте тексерген
жөн. Бұлайша бір тұтас қарастыру жалпы сөздің табиғатын, экспрессивтік мүмкіндігін
жете тани білуге жол ашады. Тіпті мағыналық жағынан тұтасып келген бір бүтін абзацтан
тұратын синтаксистік тұтастықтағы жеке сөздің мазмұнды толықтырудағы өзіндік
функциясын ескере отырып, саралау жұмыстарын жасағанда ғана, тіл табиғатын тереңірек
танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |