Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет47/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78

  2001  ЕО/2001/77  Директивасы  жел,  күн,  геотермалдық  энергия,  толқын  энергиясы, 

гидроэнергия,  биомасса,  органикалық  қалдықтардың  газы,  сарқынды  су  газдары  жəне 

биогаз секілді өңдірілінбейті жаңартылатын энергия көздеріне бағытталды. 

  Бұл Директива 01.01.2012 жылы  жаңа директива қабылдаумен байланысты күшін жойды. 

Еуропалық  парламент  пен  ЕО  кеңесінің  2003/30/ЕО  «Көлікте  биологиялық  отын 

жəне  өзге  жаңартылатын  энергия  көздерін  пайдалануды  қолдау  туралы»  директивасы 

(01.01.2012 ж. дейін жарамды). Аталған  директива  ЕО əрбір  мүшесінде көлік  секторына 

қажет  бензин  немесе  дизель  отынын  алмастыру  мақсатында  биоотынды  жəне  өзге 

жаңартылатын  энергия  көздерін  пайдалануды  қолдауға  жəне  экологиялық  қауіпсіз 

қамтамасыз ету мен климат өзгеруіне байланысты міндеттемені орындауға  бағытталған. 

2003/30/ЕО директивасында келесі шаралар көзделеді: 

­ мүше мемлекеттер өз нарығында  биоотын жəне /немесе өзге жаңартылатын отыннын ең 

төменгі пропорциясын орнатуды қамтамасыз етуі  жəне осыған байланысты ұлттық 

индикативтік мақсаттары нақтылануы тиіс

­ Биоотын келесі кез келген нысандардың түрінде қол жетімді болуы мүмкін: таза биоотын 

түрінде  немесе  көлік  қажеттіліктерінде  қолдануға  арналған  арнайы  сапа  стандарттарына 


385 

 

сəйкес минералды май қоспаларының жоғары концентрациясы түрінде; көлік отындарының 



техникалық  ерекшелігін  анықтайтын,  сəйкесінше  еуропалық  нормалар  бойынша, 

минералды  май  өнімдерімен  араласқан  биоотын  түрінде;  Биоотыннан  алынатын  жəне 

биоотынның пайыздық мөлшері бар сұйықтық түрінде; 

­        ЕО  мүше  мемлекеттер    жарамсыз  көлік  құралдарында  5%  артық  концентрациясы  бар 

дизель қоспаларын биоотын пайдалану нəтижелерін тексеру керек; 

­  ЕО мүше мемлекеттер – биоотынның  əр түрлі типтерінен  жəне / немесе жаңартылатын 

энергия  көздерінен  алынатын  энергияның  жалпы  климатын  жəне  экологиялық  балансын 

қамтаммасыз  етуі  тиіс  жəне    жеткізілімнің  бəсекесетігі  мен  қауіпсіздігін  ескере  отырып 

тиімді  экологиялық  баланс  көрсететін  осындай  отын  түрінің  басымдықтарын  анықтауы 

керек; 


­    ЕО мүше мемлекеттер қоғамды биоотын жəне өзге жаңартылатын отын туралы қоғамды 

ақпараттадыруы тиіс. Бұл дректива 01.01.2012 жылы күшін жойды. 

       ЕО  Парламенті  мен  Кеңесінің    «Жаңартылатын  көздерден  алынатын  энергияны 

ынталандыру мен 2001/77/EC и 2003/30/EC директиваларына өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу жəне кейіннен осы Директиванын күшін жою туралы» 2009/28/ЕС Директивасы. Бұл 

директива жаңартылатын энергия көздерін қолдауға бағытталған жəне  Еуропалық Одақта  

2020  жылға  дейін  энергияны  тұтынудың  жалпы  көлемінің  20  %  жаңартылатын  энергия 

мөлшеріне    жеткізуді  көздейді.  Директиванын  атауында  көрсетіліп  тұрғандай,  ол  келесі 

директивалардың  күшін  жояды:  2001/77/EC  и  2003/30/EC106.  ОСы  директиванын  келесі 

артықшылықтарын атап өтуімізге болады: 

1. ЕО əрбір мүше мемлекеттер 2020 жылға дейін түпкілкті тұтынуда жаңартылатын энергия 

кздерінің үлесін  анықтайтын көреткішін бекітеді. Бұл көрсеткіш ЕО ­ «20­20­20» мақсатына 

сəйкес  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  2020  дейін  көлік  саласында  жаңартылатын  энергия 

көздерін пайдалану  10 %  жоғары болауы тиіс. 

2. ЕО мүше мемлекеттер көлік саласында, электр жүесі мен жылу жүйесінде  жаңартылатын 

энергия көздерінің мөлшерін бекітетін ұлттық жоспарларын жасауы тиіс. Бұндай жоспарлар  

түпкілікті энергия тұтынудың энергетикалықтиімділігі бойынша өзге шаралардың ықпалын 

ескерулері тиіс, жаңартылатын энергия көздерін қолдай отырып электр желілеріне қосылу 

жүйесін есептеулері тиіс. 

3.ЕО  мүше  мемлекеттер  жаңартылатын  энергия  көздерінен  алынатын  энергиямен  алмаса 

алады,  жаңартылатын  энергия  көздерін  пайдалану  арқылы  электр  жəне  жылу  өндіру 

бойынша бірлескен жоба жасауға бастамашылық білдіре  алады. Келесі шарттар негізінде 

үшінші  мемлекеттермен  əріптестік  орнату  да  мүмкін:  Электрэнергиясы  қауыммен 

пайдаланылуы тиіс жəне ол (2009 шілде айынан кейіңгі) жаңа қондырғылармен  өндіріліуі 

керек, не болмаса өңдірілетін энергия басқа өңдірісте қолдауға ие болмауы керек[6]. 

Қорытынды. Бүгінгі таңда еуропалық одақты халықаралық құқық субьектісі ретінде, 

оның құқық жүйесі шет мемлекеттерінде қайнар көзі бола алады ма деген мəселе 

теоретиктер арасында  əр түрлі талқыланып  отыр. Біздің пікірімізше, еуропалық одақтың  

құқықтық жүйесі  шет мемлекеттердің, яғни еуропалық одаққа мүше болмайтын 

мемлекеттер үшін заңи міндетті күші болмайды. 

Еуропалық  одақ  жаңартылатын  энергия  көздерін  дамытуда  дамыған  құқықтық 

жүйеге  ие.Еуропалық  одақ  жаңартылатын  энергия  көздерін  қолдануға  белсенділік 

танытудың себептері: 

­  Еуропалық одаққа  мүше мемлекеттерінде  дəстүрлі энергетикалық ресурстар көлемінің  аз 

болуы; 


386 

 

­  Қоршаған ортаны қорғау саясатының басым болуы; 



­  Саяси себептер; 

­  Бүгінгі тағдағы ғылым мен технологияның дамуының жемісі

­  Жаңартылатын  энергия  көздері  технологиясы  көмегімен  əлеуметтік  мəселелерді  шешу 

мүмкіндігі; 

­  Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген қажеттілік; 

­  Экономиканы дамытудағы қажеттілік жəне т.б. 

Қазақстан  Республикасын  жаңартылатын  энергия  көздері  заңнамасын  дамытуда 

Еуропалық одақ құқықтық реттеудің кейбір нұсқаларын қолдануға болады.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1 Капустин А.Я. Европейский Союз: интеграция и право, М„ 2000. С. 189. 

2 Кашкин Сергей Юрьевич Право Европейского Союза. Учебник   –М., Проспект. ­387с.  

Дерябина Е.М. Право Европейского союза. Вопросы истории и теории. ­ "Проспект", 2010 г.  

– 560с. 

3 30. FratelliVariolaS.p.A. v. AmministrazioneitalianadelleFinanze: Case 34/73: Judgment of the 

Court of 10 October 1973 // Ibid. 1973. P. 981 

4 Тихонов Е.В., Дырдов В.И., Принципиальные особенности действующей регламентации 

энергетической политики ЕС//:// www. Consultant.ru. 

5  Directive  2009/28/ec  of  the  european  parliament  and  of  the  council  of  23  April  2009  on  the 

promotion  of  the  use  of  energy  from  renewable  sources  and  amending  and  subse­  quently 

repealing 

Directives 

2001/77/EC 

and 

2003/30/EC 



//ttp://europa.eu/legislation_summaries/energy/energy_efficiency/en0002_en.ht 

 

УДК: 340, 15:39 /574/  



 

Тарап Ж. Д. 

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы  

заң ғылымдарының  магистрі, аға оқытушы, e-mail: 

tarap79@mail.ru

  

 

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ АР-НАМЫС ПЕН ҚАДІР-

ҚАСИЕТ 

 

   

Аннотация:  В  данной  статье  рассматриваются  честь  и  достоинство  и  другие 

духовные  ценности,  правовые  обычаи  и  правосознание  личности  по  обычному  праву 

казахов.  

Ключевые слова: Основной закон,  правовой статус, духовные ценности, правовой 

обычай,  праовое  сознание,  нормативные  правовые  акты,  правовая  система,  род,  племя, 

государство, общество.  

 

Ар­намыс пен қадір­қасиетті сақтау кісілік өлшемі ретінде адамзатпен бірге жасасып 

келе  жатыр  деуге  болады.  Қазақ  халқы  да  ұятты,  арлы,  намысшыл  болуға  ұмтылған, 

жастарын  сол бағытта  тəрбиелеген.  «Ұят кетсе – арға  кір  жұғады»,  «Малым – жанымның 

садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақалдар халықтық қағидаға айналғаны соны 

көрсетсе  керек.  Десек  те  сол  асыл  қасиеттерді  қадірлеу,  қорғау  əр  халықта  əртүрлі. 



387 

 

Қазақтың  дəстүрлі  əдет­ғұрып  заңдары  тек  өзіне  ғана  тəн  түсініктер  мен  танымдарды, 



заңдар мен ережелерді иемденеді. Сөйтіп өмір сүру, тіршілік ету дағдысына айналдырады.  

19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ақыны əрі ойшылы 

Абай  Құнанбаевтың  атақты  Қара  сөздеріне  жүгінуге  тура  келеді.  Ол  қазақтың  ар­намыс 

жөніндегі түсінігі, қадір­қасиетін сақтауы жөнінде де ой­пікір қозғаған. Мысалы, Жиырма 

екінші  сөзінде  қазақ  қоғамындағы  адамдардың  қадір­қасиеті  мəселесіне  тоқталады.  Ол 

қадір­қасиет  ұғымын  тым  биікке  қойып,  сол  деңгейге  жете  алмайтын  түрлі  топ  өкілдерін 

сынға  алады.  «Дəл  осы  күнде  қазақтың  ішінде  кімді  жақсы  көріп,  кімді  қадірлейін  деп 

ойладым. Байды қадірлейін десем, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде 

жоқ».  Яғни,  Абай  бай  адамның  бейнесінен  кіріптар,  өз  еркі  өзінде  емес  адамды  көреді. 

Басқаша  айтқанда  байдың  мəртебесі,  қадір­қасиеті  ел  күткен  деңгейде  емес.  Мырзалар 

жөніндегі  пікірі  де  осындай.  Ел  ішінде  шын  мəнінде  мырза  деуге  лайық  кісіні  дала 

данышпаны  таба  алмайды.  Болыс  пен  биді  құрметтеуге  де  құштар  емес.  Өйткені  оның 

болыстық  пен  билігі  сатып  алынған,  ел  сыйлап,  мойындап  бермеген.  Сондықтан  ешбір 

беделі  жоқ.  Мықты  мен  естіні  тауып  құрметтейін  десе,  жақсылыққа  мықты  кісі  елден 

табылмайды, ұят – нысапқа есті кісі елде тағы жоқ деп есептейді. Осылайша сол дəуірдегі 

ел  алдында  жүрген  əлденеше  топтың  ішінен  ар­намысы,  қадір­қасиеті  жоғары,  бүкіл  ел 

болып  қадірлеуге  лайық  жақсы  таптырмайды  екен.  Сөйтіп  өзі  өмір  сүрген  қоғамда 

қалыптасқан  ахуалдан  хабардар  етеді.  Бұл  шын  мəнінде  бүкіл  қоғамның  бойындағы 

кеселдерді ашық  айту, сынау болғанымен  сол заманда қадір­қасиет ұғымына қаншалықты 

мəн  берілгенін  көрсетеді  деуге  болады.  Демек,  ұлы  Абай  адам  бойындағы  қадір­қасиет 

мəселесін  өзінің  туған  халқының  таным­түсінігіне  сай  жоғары  қойып,  қоғамдағы  түрлі 

топтардың  бойынан  сол  асыл  қасиеттерді  көргісі  келеді.  Бірақ  өз  ортасындағы 

олқылықтарды,  туған  халқының  бойындағы  кемшіліктерді  батыл  сынаудан  қаймықпаған 

кемеңгер  қадір­қасиеті,  ар­намысы  биік,  ел­жұртқа  тұтқа  болар  байды  да,  мырзаны  да, 

болыс пен биді де, мықты мен естіні де таба алмай алаңдайды.  

Ол  қазақ  мақалдарының  кейбірін  талдай  отырып,  іске  татымақ  түгілі  адамшылыққа 

жарамайтыны да бар екенін Жиырма тоғызыншы сөзіне арқау етеді. «Жарлы болсаң – арлы 

болма» деген сөздің кері кеткен қағида, қазақ түсінігіне жат екенін дəлелдеуге тырысады. 

«Ардан  кеткен соң,  тірі болып  жүргені  құрысын. Егер онысы жалға  жүргеніңде жаныңды 

қинап, еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін 

сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен тапқан мал – ол арлы адамның 

ісі» – деп ой түйеді ұлы Абай. Бұдан байқайтынымыз, Дала данышпанының туған халқының 

ар­намыс пен қадір­қасиетті бəрінен де биік қоятын жақсы дəстүрін қорғай білгендігі.   

Бұдан  кейінгі  дəуірдегі  ақын­жыраулар,  би­шешендер  де  осыған  ұқсас  ойларды  жиі 

айтқан.  Мысалы,  оңтүстік  өңіріне  кеңінен  танымал  ақын,  20  ғасырдың  бас  кезінде  өмір 

сүрген Майлықожа Сұлтанқожаұлы: «Адамдықты ойласақ, мал мен бақтан ар жақсы» деген 

ғибратты сөздерін қалдырыпты.  Мұндай өсиет, нақыл өлеңдерді басқа да сөз зергерлерінің 

рухани мұраларынан молынан табуға болады.  

Бұған  ұлы  жазушы  Мұхтар  Əуезовтың  «Жалған  намыс  қасиет  емес,  ар  сақтаған 

қасиет»  деген  сөзін  қоссақ,  ұлт  зиялыларының  ар  мен  намыс,  қадір­қасиет  мəселесіне 

қаншалықты мəн бергенін сезер едік. 

Мұндай  түсінік­танымның  «Жеті  жарғыдан»  басталатынын  көреміз.  Бұл  тарихи 

құжаттың афоризмдерден, мақал­мəтелдерден, қанатты сөздерден құралуы да тегін болмаса 

керек,  өйткені  сол  тұстағы  қазақ  қоғамы  сөзге  ерекше  мəн  берген,  сөзге  тоқтаған.  Сөзге 

тоқтамау, серттен таю, уəдені бұзу ар­намысы жоқ адамдарға тəн белгі деп білген. 


388 

 

Ар­намыс,  қадір­қасиет  ұғымын  осылайша  қадірлеген  халық  оны  қорғау,  сақтау 



шараларын  қоса  ойластырғаны  даусыз.  Бұл  əр  дəуірде  дүниеге  келген  Дала  заңдарында, 

атап айтқанда «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Тəуке ханның «Жеті 

жарғысында»  хал  –  қадерінше  көрініс  тапқан.  Қазақтың  көрнекті  ғалымы  Ə.  Марғұлан 

«Қазақ  жазуының  тарихы»  деген  мақаласында  «Есім  хан  қазақ  заңының  ескі  сұлбаларын 

жинап  жаңа  қорытынды  шығарып,  тасқа  бастырған.  «Есім  ханның  ескі  жолы»  атты 

қолжазба қазір Стамбулда сақтаулы. «Жеті Жарғының» жинақталған нұсқасы Тəуке ханның 

қолында  болған.  Ол  ескі  Жарғыға  жаңадан  тараулар  қосып,  жаңалықтар  енгізеді.  Жеті 

Жарғының  жасалуы  барысына  қазақтың  барлық  билері  атсалысады»  деген  деректер 

келтіреді.  Тарихымыз  үшін  теңдесі  жоқ  осынау  бағалы  заңдық  еңбектердің  түп  нұсқасы 

бізге жетпегенімен оның жалпы мазмұны, толық емес нұсқалары, үзінділері, түсіндірмелері 

ғылыми  айналымға  түсіп,  дереккөз  ретінде  талдау,  зерттеу  объектісіне  айналып  жүр.  Сол 

құжаттарға біз сөз етіп отырған тақырып бірде тікелей, бірде жанама түрде арқау болған.  

Мысалы,  «Жеті  Жарғының»  4  бөлімі  24  бабында  «Əйелді  ренжіткен  адам  кешірім 

сұрауы  керек,  егер  кешірім  сұрамаса,  айып  төлейді»  деп  көрсетіліпті.  Бұл  жерде  əйелді 

ренжіту  деген  сөздің  астары,  мəнісі  толық  ашып  айтылмағанымен,  оның  ар­намыс,  қадір­

қасиет  мəселесіне  тікелей  қатысты  екені  даусыз.  Басқаша  айтқанда  əйел  намысын  қорғау 

ескеріліп  отыр.  Ғалым  Ж.С.  Əлдибеков  «Жеті  Жарғы»  жəне  əділсот,  адам  құқығы 

мəселелері»  деген  мақаласында  мұның  қазіргі  азаматтық  құқықтағы  ар­намыс  пен  қадір­

қасиетті  қорғау  нормаларымен  ұқсас,  үндес  екенін  алға  тартады.  Біздің  ойымызша,  бұл 

пікірге қосылуға болады.  

Қай кезде де қазақ елі ұлттық қымбат қасиеттерін, наным­сенімін қорғауға ерекше мəн 

берген.  Мысалы,  Құдайға  күмəн  келтіру  немесе  тіл  тигізу  қылмыс  саналып,  қатаң  жаза 

қолданылған.  Тіпті  біреудің  Құдайға  тіл  тигізгенін  естіп,  бірақ  үнсіз  қалған  адамды  да 

анықтап,  жазалаған.  Егер  қазақ  ішінен  біреу  христиан  дінін  қабылдаса,  меншігінен  жəне 

мұрагерлік құқығынан айырылған. Бұл жерде бүкіл ел намысы алға шығады деп ойлаймыз. 

Əрине жоғарыда айтылған тарихи, заңдық құжаттарды бүгінгі күннің ар­намыс жəне қадір­

қасиет, адам құқы жөніндегі толыққанды заңдық нормаларымен салыстыру артық болар еді. 

Оларда  осы  ұғымдардың  үзік  бөлшектері,  жанама  ұғымдары,  кейбір  түсініктері  бар  деп 

есептеуіміз керек.  

Қазақ өлкесін біртіндеп бағындыруды көздеген Ресей империясы жергілікті халықтың 

əдет­ғұрпын,  салт­санасын,  жазылған,  жазылмаған  заңдары  мен  дəстүрлерін  мұқият 

зерттеген.  Өйткені  отаршылдық  саясаттың  жымысқы  əрекеттерінің  бірі  –  сол  халықтың 

жетістіктері  мен  кемшіліктерін,  ерекшеліктерін  ғана  емес,  ділін  жəне  дінін  білуге 

ұмтылатындығы.  Бұл  істі  Қазақ  өлкелері  Ресей  қарамағына  алынғаннан  кейін  де 

жалғастырып,  қазақ  халқының  дəстүрлері  негізінде  қазақтар  үшін  тиісті  заңдар,  заңдық 

құжаттар жасауға əрекет жасаған. Сөйтіп, 1823 жылдары Батыс Сібір губернаторлығы Қазақ 

заңдарын  жасау  үшін  уақытша  комитет  құрғаны  белгілі.  Сол  əрекеттердің  нəтижесінде 

қазақтың əдет­ғұрып заңдарының жинағы жəне оларға қатысты Омбы уақытша Комитетінің 

ережелері  жарыққа  шыққан.  Əрине  бұл  құжаттарда  қазақтың  əдет­ғұрпы  толық 

мағынасында  сақталуы  мүмкін  емес.  Империялық  астам  пиғылдағы  Ресей  патшалығы  өз 

мүддесін бірінші орынға қойғаны анық. Сонда да белгілі бір тарихи кезеңде қол астындағы 

халқының тарихи дəстүрімен, ұлттық ерекшеліктерімен санасуға да мəжбүр болған. 

Сондықтан  да  бұл  құжаттарда  дала  демократиясы  жағдайында  қалыптасқан 

халқымыздың  əдет­ғұрпы  бойынша  түрлі  қылмыс,  ар­намысқа  тию,  кісінің  қадір­қасиетін 

кемсіту  жағдайлары  бойынша  қалыптасқан  дəстүрлі  жаза  түрлері  бар.  Мысалы,  жазаның 


389 

 

айып салу, құн төлету тəрізді түрлері көбірек қолданылғаны байқалады. Түрмесі болмаған, 



кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыс сирек кездесетін. Дала жағдайында кінəлі мен жазықтыға 

айып  төлету,  кешірім  сұрату,  жұртқа  жария  ету,  бетіне  салық  қылу,  ат­шапан  айып  салу 

тəрізді барынша қарапайым, зорлық­зомбылықсыз шаралар, жазалар қолданылып отырған. 

Шамасы басты мақсат келтірілген зиянның орнын толтыру, кемсітілген ар­намысты, қадір­

қасиетті  қалпына  келтіру  болса  керек.  Қазақтардың  ежелден  келе  жатқан  заңдарында  кісі 

өлтіргені үшін құн төлеу жазасы бар. Атап айтқанда, ер адамды өлтіргені үшін 100 жылқы, 

əйелді өлтіргені үшін соның жартысы, ал хан тұқымынан шыққан сұлтанды өлтіргені үшін 

алты еселенген құн төленеді екен. Өлім жазасы да қолданылуы мүмкін. Сол сияқты ұрлығы, 

көзін  шығарғаны,  саусақтарын  сындырғаны,  төбелескені,  тісін  сындырғаны,  тағы  басқа 

қиянаттары,  зиянкестіктері  үшін  айып  салынып,  шығыны  өтеліп  жатады.  Əрине  осы 

қылмыс деңгейін анықтаудың қай­қайсысында болмасын, ең бастысы, жеке адамның немесе 

тұтас  отбасының,  үлкен  əулеттің,  қарапайым  адам  мен  ақсүйектің,  əйел  мен  еркектің  ар­

намысына  тию,  қадір­қасиетін  кемсіту  мөлшері  ұлттық  салт­дəстүр  тұрғысынан  есепке 

алынғаны  даусыз.  Мысалы,  атастырылмаған  қызды  əлдебіреу  зорлап  кетсе,  қыз  əкесіне 

қалыңмал төлеуі тиіс. Өлім жазасына кесілуі де мүмкін. Ал атастырып қойған қызды алып 

қашқанға  өлім  жазасы  қолданылады  немесе  қызды  күйеуіне  қайтарып,  үстіне  қыз  қосып 

береді. Бұл жерде қыз намысын сақтау ғана емес, халықтың дəстүр­салтын қорғау мəселесі 

де тұр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.  

Оны  Абай  Құнанбаев,  Ыбырай  Алтынсарин,  Шоқан  Уəлиханов  тəрізді  ұлы 

ағартушылар  сол  дəуірдің  өзінде  айтып,  жазып  көрсеткен.  Мысалы,  қазақтың  тұңғыш 

ғалымы  Шоқан  Уəлихановтың  «Записка  о  судебной  реформе»  деген  еңбегінде  қазақтың 

билер соты институтын сақтау əрі нығайту қажеттігі, Дала өлкесінде жасалатын қылмыстар 

мен  тəртіпсіздіктердің  халықтық  дəстүрлерге,  əдет­ғұрыпқа  байланысты  түрлі  себептері, 

қыр­сыры, астары болатыны түсіндіріледі. Соның ішінде көпшілігі намысқой халықтың ар­

намыс,  абырой­атақ,  қадір­қасиет  мəселелеріне  де  қатысты.  Мұның  кейбірін  отарлаушы 

өкімет  дұрыс  түсінбей  орынсыз  жаза  тағайындауға,  өздері  халықтың  жаны  мен  жүрегіне 

бойламай жабайылық, тағылық деп түсіндіруге тырысқанын, соған сəйкес орынды­орынсыз 

жазалауға  ұмтылғанын  көреміз.  Атап  айтқанда  біреудің  малын  ешбір  себепсіз  ұрлықы 

жолымен  айдап  кету  мен  барымталап  алудың  себеп­салдары,  мотиві  бірдей  емес.  Мұны 

түсінбеген орыс өкіметі жөнсіз, қатал шараларға барып жүрген.  

Осы жағдайды терең талдаған Шоқан Уəлиханов мұндай істерді билер сотына тапсыру 

қажеттігін  дəлелдеуге  тырысады,  сондай­ақ  барымтаның  не  екенін  түсіндіріп  береді. 

Шынында  да  ұлы  ғалымның  жазып  отырғаны  қазіргі  күнде  де  маңызды  əрі  көкейтесті. 

Шоқан  Уəлихановтың  пікірінше,  барымтаны  кейбір  дəуірдегі  қазақ  заңдары  рұқсат  еткен 

кездері  де  болған.  Ұрлық,  тонау,  мал  айдап  кету  үшін  айып  салынады.  Барымта  үшін 

мұндай  жаза  қолданылмайды.  Неге?  Барымта  дегеніміз  дер  кезінде  төленбеген  құн, 

қалыңмал  үшін  біреудің,  дəлірек  айтқанда  уəдесін  яки  міндеттемесін  орындамаған 

борышкерлердің малын немесе дүние­мүлкін алып кету. Мəселе мынада. Азулы ру, күшті 

əулет  немесе  беделді  кісі  орын  алған  адам  өлімі  не  қорлау  əрекеттері  үшін  нақты 

белгіленген  құн  мен  айыпты  төлеуден  бас  тартып  немесе  сөзбұйдаға  салып  кететін 

жағдайлар  кездесіп  отырған.  Немесе  өмірде  орын  алған  кек  туғызар  оқиға  яки  өлім  үшін 

сотқа  бармай  қашатын  жағдайлар  ұшырасады.  Осындай  кезде  ру  ақсақалдарының,  билік 

айтуға құқы бар кісілердің ақыл­кеңесімен, шешімімен қорлау мен кемсітуге ұшырағандар 

барымта операциясын жүзеге асырған. Мұның арты, əрине, дау­дамайға ұласатыны сөзсіз. 

Алайда  кейін  екі  жақ  өзара  келіскен  соң  барымталанған  мал­мүлік  қайтарылған.  Қазақ 


390 

 

билерінің,  ақсақалдарының  мұндай дауларды  əділетті шешіп  отырғаны белгілі. Оған  бізге 



жеткен  халқымыздың  рухани  қазынасы  –  шешендік  сөздері,  ұлы  билері  –  Төле  би,  Қаз 

дауысты Қазыбек, Əйтеке би тəрізді қайраткерлерінің мұралары нақты мысал бола алады. 

Яғни,  барымта  ұрлық­қарлық  та  емес,  зорлықзомбылық  та  емес.  Ол  дүние­мүлік,  немесе 

мүліктік  емес  құқықты  қалпына  келтіру  үшін  жасалатын  қарсы  əрекет.  Сол  арқылы 

адамдардың, белгілі бір топтың кемсітілген ар­намыс мен қадір­қасиеті қалпына келтіріледі. 

Ендеше  сол  дəуірге  сай  барымта  əрекетін  ар­намыс  пен  қадір­қасиетті  қалпына  келтіруге 

бағытталған  əрекет  деп  бағалауға  толық  негіз  бар  деп  есептейміз.  Əрине,  бүгінгі  күннің 

құқықтық санасы мұны қабылдамауы да мүмкін.  

Осы жерде орыстың отарлау саясатына байланысты сот билігін өзгерту, қазақты орыс 

судьясына қарату мəселелеріне сол тұстағы қазақтың озық ойлы азаматтары қарсы шығады. 

«Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі, ұлт көсемдерінің бірі Əлихан Бөкейханов өзінің 1914 

жылғы  «Қазақ»  газетінің  50  санында  жарияланған  «Тағы  да  би  һəм  билік»  деген 

мақаласында  қазақ  мəселесін  орыс  судьясына  да,  шариғатқа  да  қарату  орынсыз  екенін 

дəлелдейді.  Ол  қазақтың  қалыптасқан  дəстүрлі  билер  сотының  артықшылығын  атап 

көрсетеді.  Əлихан  Бөкейхановтың  жазғандары  жоғарыда  айтылған  Шоқан  Уəлихановтың 

ой­пікірлерімен  сабақтас,  үндес.  Біздің  ойымызша,  мұның  бəрі қазақ  жұртының  қорлыққа 

ұрынбауын  ескеруден,  елдің  намыс  туы  жығылмауын  көздеуден  туған  əрекеттер. 

Отаршылдық кесірінен түрлі кемсітушілік пен қорлыққа душар болған қазақтың құқығын, 

соның ішінде ар­намысы мен қадір­қасиетін қорғауға бағытталған ой­пікірлер.  

Қазақ  қоғамында  əділ  билік  институты  ретінде  қызмет  еткен  билер  соты  да  осы  ар­

намыс  пен  қадір­қасиет  ұғымына,  яғни,  халықтық  қасиеттерге  сүйеніп  жұмыс  істегені 

белгілі. Бұл орайда атақты академик С.З.Зиманов өзінің «Қазақтың билер соты ­ бірегей сот 

жүйесі  деген  еңбегінде  былай  деген  еді:  «Көшпелі  қазақтар  мен  билер  əділ  сотындағы  ең 

киелі түсінік ­ «Ар» ұғымы. Халық оны өмір заңдылығы деп қабылдап, «Малым жанымның 

садағасы, жаным ­ арымның садағасы» деген қағиданы ұстанған. Ана сүтімен берілетін бұл 

өсиетті  былай  да  айтуға  болады:  «Мал  сақтама,  ар  сақта».  Бұл  бұқаралық  қағида  би,  хан 

жəне  ақсақалдар  сотының  құқықтық  нормативінде  де  көрініс  тапқан:  «Жігіттің  құны  жүз 

жылқы,  ары  –  мың  жылқы».  «Ардың»  алғашқы  иесі  би  деп  есептелген:  «Ханда  қырық 

кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар». 

«Ар» ұғымынан кейін тұрмыстық қана емес, нормативтік маңызы бар  «Ұят» түсінігі 

тұр. Егер халық «Өлімнен ұят күшті» немесе «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» десе, 

билер  соты  негізделген  «Жарғы»  заңдар  жинағында  «Ұятсыз  жалған»  немесе  «Ұятсыздан 

ант сұрама» деген нормалар бар. Бұл нормалардың түп төркіні: сот ісінің ережесіне сəйкес, 

егер  жауапты  жақтың  айыбын  айқындау  үшін  айғақтар  жеткіліксіз  болса,  би­қазылар 

дауласушы екі  жақтың келісімімен,  сенімді бір адамның  антын дəлел ретінде қабылдаған. 

Осы орайда,  «Ұятсыздан ант сұрама» деген норма ұятсыз адам жалған куə беруі ықтимал 

екендігін ескертіп тұр».  

Ар­намыс, қадір­қасиет ұғымы барлық қоғамдық­экономикалық формацияларға, түрлі 

ұлттар  мен  ұлыстарға  тəн  болғанымен  оған  əрбір  ұлт,  əрбір  мемлекет  өзінің  ұлттық 

ерекшелігі,  тарихи  дəстүрлері  негізінде  қарайды.  Біздің  халқымыздың  да  бай  тарихи 

тəжірибесін,  өзіндік  ерекшелігі  мол  салт­дəстүрін  ескеру  қажет  болғандықтан  бұрынғы 

дəуірлердегі  құқықтық  жүйедегі  нормалардың  пайдалысын,  озығын  анықтау  əрі  кəдеге 

жарату мəселесі үнемі ойда тұруы тиіс деп есептейміз. Өркениетті мемлекеттердің ілгерішіл 

деп  танылған  құқықтық  үлгілерінен  үйренудің  артықтығы  жоқ.  Осы  екі  арна  кісілік 



391 

 

өлшемдері болып  саналатын адамның  ар­намысы жəне қадір­қасиеті жөніндегі заңнаманы 



жетілдірудің қайнар көздері болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет