Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет50/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78

Список использованной литературы: 

1 Н.И. Матузов, А.В. Малько –  Теория государства и права: Курс лекций. Москва. Юристъ, 

2007г. с. 327. 

2 В.П. Малахов – Концепция философии права. Москва, 2007г. с. 272. 

3 И.А. Ильин – Порядок или беспорядок? М., 1917. с. 24. 

Конституция ФРГ. 

4 А. Дюма – История знаменитых преступлений. Москва: ЭКСМО, 2007 с 341. 


406 

 

СЕКЦИЯ 10 



SESSION 10 

 

Халықаралық қатынастар және әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері 

Significant issues of International Relations and Social sciences 

Uluslararası İlişkiler ve Sosyal Bilimlerin Аktuel meseleleri 

Актуальные проблемы международных отношении и гуманитарных наук 

 

УДК 316 



Әйтімбет І.А., Қасымова Л.Н. 

ф.ғ.к., профессор, Сулейман Демирел атындағы университет, Алматы, Қазақстан,  

e-mail:

anrahay@mail.ru

;  

с.ғ.к., доцент, Сулейман Демирел атындағы университет, Алматы, Қазақстан, 

 e-mail:

Leila67@mail.ru

 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН 

ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Abstract.  In  the  article  examined  objective  and  субьективные  factors  of  innovative 

process  and  role  of  sociology  in  the  increase  of  his  efficiency.  Drawn  conclusion  about  a 

necessity  strengthening  of  them  взаимодейстии  in  modern  terms  as  a  general  tendency  of 

informative epoch. 



Keywords:  Innovation, an objective factor, the subjective factor, sociology, innovation 

stages. 


 

Ұсынылған тақырыптың мазмұнын ашу үшін  социология ғылымының өмірге келуі 

мен  өткен  жолдарына  кішігірім  тоқталғанымыз  жөн.  Сонда  ғана  біздің  көтеріп  отырған 

мəселелеріміз  кездейсоқ  туындап  отырмағанын  түсіне  аламыз.  Социология  ғылымы 

өмірге қоғамның үлкен сұранысы негізінде келді. 

Х1Х  ғасырдың  40  жылдарында  Батыс  Европа  елдерінде  капитализм  аяғына  нық 

тұрып,  монархияның  орнына  республика,  өмірге  демократиялық  əлеуметік  институттар, 

машиналынған  өнеркəсіп,  заводтар  мен  фабрикалар,  қалалардың  қарқынды  өсуі,  дамуы 

қоғамда  үлкен  миграциялық  қозғалыстарды,  көпшіліктің  қалыптасқан  əлеуметтік 

мəртебеден  мүлдем  басқа  мəртебеге  өтуін  тудырды.  Жаратылыстану  ,  техника 

ғылымдары,  философия  да  көп  жетістіктерге  жетті.  Ал  осы  өзгерістердің  əлеуметтік 

салдарын арнайы зерттейтін ғылым саласы жоқ болатын. 

Міне  осы  қоғамдық,  өмірлік  сұраныс  социология  ғылымын  өмірге  алып  келді. 

Социологияның  негізгі  мақсаты  осы  үрдістерді  жаратылыстану  ғылымдары  сияқты 

ғылыми  тұрғыдан  қарастырып,  туындаған  қайшылықтарды  шешу  жолдарына  ғылыми 

негіз ұсынып, болашақты болжау болатын. Əрине социологияға қойылған жаратылыстану 

ғылымдарының  талаптары  адамдарға,  қоғамға  сай  келмейтін  еді,  өйткені  заттық, 

материалдық  топтағы  заңдылықтар  рухани,  саналы  іс­əрекетерді  түсіндіре  алмайтын. 

Мұндағы заңдылықтар тек рухани, адами негіздермен ғана анықталатын. Жəне де олардың 

табиғаты физиологиялық  немесе  биологиялық  негізбен алдын ала берілмейтін  қоғамдық 

қатынастар болғандықтан, соның ішінде трансценденттік актілер арқылы шексіз өзін – өзі 

тудыратын,  дамытып  отыратын  үрдіс  ретінде  қарастырылды.  Социология  өмірге  келген 

соң  осы  бағытта  қызмет  атқарды.  Мысалы,  социологияның  ірі  өкілі  М.Вебер  өзінің 


407 

 

«Пртотестанттық  этика  жəне  капитализм  рухы»  атты  еңбегінде  капитализмнің  өмірге 



келуін  жəне  дамуын  экономикалық  себептермен  емес,  рухани,  протестанттық  діни 

ұстанымдармен  байланыстырды.  Ол  К.Маркстің  қоғамның  дамуының  негізі 

экономикалық  детерменизм  деген  концепциясын  сынға  алды  жəне  де  оның  ұстанымы 

шындық екенін өмірдің өзі дəлелдеп берді. 

Қоғам  тіршіліктің  ең  дамыған  сатысы  болғандықтан  оның  заңдылықтары  да  өте 

күрделі болып келеді. Жəне де адамның өмірінің мəні еркіндік болғандықтан социология 

сол  еркіндікті  қалыптастыруға  тікелей  қызмет  ететін  ғылым.  Сондықтан  өзінің  ішкі 

болмысына  сай  социология  демократиялық  қоғам  құруға  жəне  де  оны  дамытуға  қызмет 

етеді. Социология жабық қоғамда, тоталитарлық мемлекетте өмір сүре де алмайды. Соның 

нақты  көрінісі  советтік  тоталитарлық  жүйе  орнағаннан  кейін  ХХ  ғасырдың  30  –  шы 

жылдарында  совет  мемлекетінде  ең  алғашқы  болып  ғылымдар  арасынан  репрессияға 

ұшырап  жабылған  осы  социология  ғылымы  болатын,  оның  қайта  жаңғыруы  Сталин 

өлгеннен  соң  басталған  демократиялық  өзгерістермен  байланысты  болды.  КСРО 

ыдырауына жəне одан кейін өткен ғасырдың 90 – шы жылдарында оның негізінде өмірге 

келген  тəуелсіз  мемлекеттердің  құрылуына  қоғамдық  пікір  қалыптастырып  белсенді  ат 

салысқан  да  осы  социология  ғылымы  болғаны  ақиқат.  Ал кейінен  сол  тəуелсіз  елдердің 

қайсы бірін де авторитарлық, тіптен демократияға үйлеспейтін саяси режимдер орынаған 

шақта  нақты  дербес  социология  ғылымдары  да  құрдымға  кетіп  оның  орнына 

социологияның  атын  жамылып  ресми  биліктің  немесе  олигархиялық  топтардың 

ұстанымдарын  қоғамдық  пікірдіке  деп  ақпарат  жүргізушілер  насихат  аренасына  шықты. 

ИНДЕМ  қорының  президенті  Г.Сатаровтың  пікірінше  қазір  Рессейді  адекваты  емес 

социологияның  кең  тираждалған  деректері гипнозда ұстау да.[1.]  Яғни Рессей  де қазіргі 

жағдайда қоғамдағы болып жатқан нақты үрдіспен социологиялық деректердің арасында 

сəйкестік болуы мүмкін емес. 

Қазір ХХ1 ғасырда əлемдегі үрдістер жаһандану тенденциясының ауқымында өтуде. 

Яғни  əлем  де  оқшаулану  кішігірім  мемлекеттер  емес  үлкен  алпауыт  мемлекеттерге  де 

(Қытай,  АҚШ),  мүмкін  емес  екенін  нақты  адамзат  тəжірибесі  дəлелдеп  отыр.  Сонымен 

қатар  ғылыми  ­  технологиялық  жаңалықтар  өндіріске  тез  арада  енгізілуі  арқасында 

ақпараттық  технологиялардың  дамуы  мен  олардың  адамзат  қоғамына  алып  келген 

өзгерістері  ұшан  теңіз,  ал  олардың  əлеуметтік  салдарын  зерттеу  ең  өзекті  мəселелердің 

қатарын  да.  Мысалы,  компьютерге  жəне  де  ақпараттық  желелерге,  виртуалды  əлемге 

тəуелді  болудан  құтылу,  əсіресе  жасөспірімдер  арасын  да,  бүкіл  адамзаттың  өте  де  бір 

қиын  мəселесі  болып  тұр.  Сонымен  қатар  осы  ғылыми  –  технологиялық  негізде  өмірге 

цифрлық  экономика  экономика  өмірге  келіп,  əлемдік  қауымға  жаңа  сапада  арақатынас 

жасау  қажеттігін  күн  тəртібіне  қойуда.  Кешегі  индустриалды  материалдық  заттық 

өндірістің  орнына  білім  өнімі  негізгі  өндіріс  өнімі  болып  орын  алды.  Ал  ол  дегеніміз 

өндірістің ең негізгі компоненті ғылымға негізделген инновация. Сондықтан егерде кешегі 

заманда  ғылым,  білім,  өндіріс  арақатынастарынын  интеграциялау  арнайы  басқаруды 

қажет ететін болса, қазір инновация білімнің де, ғылымның да, өндірістің де ең негізгі ішкі 

компоненттері. Яғни ол əлсіреген немесе жоқ жағдайда олар өз мəндерінен де айырылады 

деген сөз. 

Инновацияның  əлеуметтік  мəні  мен  оның  қоғамға,  жеке  адамға  тигізген  əсерін 

түсінуге  жəне  зерттеуге  арналған  инновацияның  социологиясы  атты  бағыт  өмірге  келді. 

Оның  ерекшелігі  инновацияны  əлеуметтік  жүйенің  өмір  сүруінің  тəсілі  деп 

қарастыруында. Инновация социологиясының объектісі ретінде инновацияны əлеуметтік 


408 

 

үрдіс  тұрғысынан  зерттейді.  Ал  инновация  социологиясының  зерттеу  тақырыбы  ­ 



инновацияның  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласын  да:  əлеуметтік,  саяси,  экономикалық, 

мəдени,  рухани  ­  өмірге  келуін,  шешімін  тапқан  жаңа  ғылыми  өнім  түріне  жетуін,  оны 

өндіріске  ендіруді,  оны  бейімдеуді  жəне  интеграциялау  ды  реттеудің  əлеуметтік 

механизмдері деп анықтайды. 

Инновация  социологиясы  басқа  да  арнайы  социологиялық  теориялармен  іштей 

байланыста.  Мысалы,  бизнес  социологиясы,  менеджмент  социологиясы,кəсіпкерлік 

сооциологиясы,  экономикалық  социология,  құқық  социологиясы.  Инновациялық 

социологияның  қалыптастырған  арнайы  ұғымдары  мен  категориялары  бар.  Мəселен, 

инновациялық  ойлау,  инновациялық  мəдениет,  инновациялық  іс  –  əрекет,  əлеуметтік 

инновация.  Инновация  социологиясы  инновациянық  толық  үрдіс  ретінде  өтуін 

инновациалық  цикл  деп  атайды.  Ол  бес  кезеңнен  тұрады:  өмірге  келуі; 

апробациясы(селекция);  бейімдеулуі;  интеграциялануы;  іске  жаратылуы(утилизация). 

Жəне  де,  осы  үрдістің  əр  кезеңінің  өтуіне,  бір  жағынан  инновация  үрдісіне 

қатысатындардың объективті жəне субьективті көрсеткіштері (инновациялық ойлаулары, 

иновациалық  іс  əректтеріні  типтері),  ал  екінші  жағынан  инновацияның  өзі  осы  үрдіс 

кезінде əлеуметтік субьектердің көрсеткіштеріне əсер етіп, оларды өзгертулері ықтимал. 

 Инновация  социологиясы  инновациялық  цикл  мен  инновацияның  қай  қоғамның 

типіне байланысты өтуіне үйлестіріп əлеуметтік механизмдерді іске қосу арқылы олардың 

тиімділігін артыруға мүмкінділігі бар. Ал осы мақсатқа жетуге инновация социологиясы 

бірнеше  мəселеледі  шешу  арқылы  қол  жеткізеді.  Олардың  негізгілері:  жоспарланған 

инновацияның  əлеуметтік  тиімділігіне  социологиялық  экспертиза  жасау;  ұсынылған 

инновацияның  динамикасын  болжау;  инновацияның  келтіретін  əлеуметтік  келеңсіз 

жайларын мүмкіншілігінше азайту. 

Социология  инновацияны  пəнаралық  жəне  транспəндік  тұрғыдан  қарастырады. 

Сонымен  қатар  инновациялық  теориялардың  дамуын,  іске  асырылуының  тиімділігін 

əлеуметтік  –  мəдени  компоненттер  тұрғысынан  қарастыру  арқылы  қамтамасыз  етеді. 

Инновация əлеуметтік құблыс ретінде қарастырылады. Бұл арнайы социологиялық теория. 

Оның негізгі мазмұны: социологиялық категориялар мен заңдар  инновацияны қоғамның 

прогресивті  дамуының  қажетті  шарты  деп  қарастыруы.  Сонымен  қатар  инновациялық 

мəселелерді  экономикалақ  жəне  технологиялық  тұрғыдан  қарастыру  ауқымынан  жоғары 

деңгейде  талдайды.  Əлеуметтік  объекттілер  мен  үрдістер  туралы  толық  жəне  шынайы 

мəліметтермен  қамтамасыз  етеді.  Эмпириялық  мəліметтер  теорияны  дамытуға  жағдай 

жасайды. Инновациялық үрдістің өтуін соған қатысты субъекттердің пікірін білу арқылы 

оның тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. 

Финляндия,  Оңтүстік  Корея  сияқты  дамыған  елдердің  тəжірибесі  жасалып  жатқан 

реформалардың жағымды нəтижелері инновациялық үрдіске социологияны іске қосуымен 

тікелей  байланысты  екнін  дəлелдейді.  Бұл  заңдылық  бірнеше  объективтік  жəне 

субьективтік факторлардың өзарақатынасымен байланысты. Біріншіден, инновациялық іс 

–  əрекет  қоғамдағы  өндірістік,  экономикалық,  əлеуметтік  қатынастарды  түбегейлі 

өзгертуге  алып  келу  себебінен  қоғамдық  сана  мен  ділдің  сапалы  өзгеруіне  алып  келеді. 

Екіншіден, инновациалық іс – əрекет адами фактордың ролін өсіріп, оны алдыңғы қатарға 

шығарады.  Сонымен  қатар  кейбір  жағдай  да  инновациялық  үрдіс  қоғамда  шиеленістің 

пайда  болуына  себеп  болады.  Міне  осыларға  байланысты  инновациялық  іс  –  əрекетті 

қажетті кадрлармен қамтамсыз ету мақсатқа жетудуің бірден бір негізі болады. 



409 

 

Инновациялық  іс  –  əрекет  үрдісін  социологиялық  мониторингтен  өткізу  басқару 



аппаратына  оның  ішкі  қырларының  өз  ара  байланысын,  үрдістің  динамикасын,  негізгі 

мəселелердің маңыздылығының иерархиялық ретін анықтау арқылы мəселелерді шешудің 

тиімді тəсілдері белгіленеді. 

Осы мəселені арнайы зерттеуші М.Н.Хурс социология ғылымына келесі мəселелерді 

қарастыру  қажет  деп  біледі:  өлке  мен  өндіріс  салаларында  инновацияны  қабылдау 

көрсеткішін  анықтау,  жұмыскердің  инновацияға  ынтазарлығының  деңгейі,  оларды 

материалдық  жəне  моральдік  ынталандыру,  өндіріс  ұжымында  жағымды  əлеуметтік  – 

психологиялық  жағдайдың  қалыптасуы,  БАҚ  –  та  инновацияны  насихаттау.[2.].Жалпы 

осы  мəселенің  қазіргі  кезде  өзектілігінің  өсуіне  байланысты  көтеген  зерттеулер  мен 

мақалалар жарық көру де. 

Елімізде социология ғылымының инновациялық потенциалын іске асырудың өзекті 

мəселелерін  қарастырған  да  методологиялық  екі  топ  тұрғысынан  қарастырған  жөн. 

Бірінші  топқа  объективті  факторлар,  яғни  қалыптасқан  материалды  –  заттық  əлеуметтік 

дүние, қоғамдық қатынастар, əлеуметтік институттар, дəстүрлер, діл жатады. Екінші топқа 

субьективті  факторлар,  яғни  жеке  адамның,  əлеуметтік  топтың,  ұлттың  сана  сезімі, 

ұғымы, түсінігі жатады. Бұл ай қарастыру тек ғылыми қарастыру тəсілі, ал нақты өмірде 

бұлар бірімен бірі іштей байланыста болып қоймай, бір біріне ауысып тұрады. Мысалы, 

сана  –  сезімнің  іске  асырылуы  міндетті  түрде  объективті  факторлар  арқылы  іске  асады, 

керісінше объективті факторлар сана – сезім арқылы іске қосылады. 

Енді  осы  екі  факторлардың  еліміздегі  жағдайын  қарастралық.  Қарағанды 

мемлекеттік  университеттің  бір  топ  зертеушілері  мемлекеттік  статистика  жəне  де  басқа 

ресми  деректерді  талдай  отырып  Қазақстандағы  инновация  индикаторларының  дамуын 

əлемдік  деңгейде  салыстырады.  Олар  келесі  индикаторларды  талдауға  алады:  1. 

инновациялық – белсенді өндірістердің үлесі; 2. зерттеулер мен ізденулердің Ішкі Жалпы 

Өнімдегі үлесі; 3. мың еңбекетушілерге шаққандағы зерттеушілердің саны. 

Бірінші  индикатор  бойынша  Қазақстанда  2003  жылмен  2013  жыл  аралығында 

инновациялық  –  белсенді  өнеркəсіп  саны  4  есеге  өсіп,  2,1%  дан  8%  жетті.  Ал  бұл 

индикатор АҚШ­та 50%, Германия да 79,3%, Финляндия да 58%. Еуропа Одағының орта 

көрсеткіші 53%. 

Екінші индикатор бойынша Қазақстанда зерттеулер мен ізденістердің Жалпы Ішкі 

Өнімдегі үлесі ­0,17%, Израиль де ­4,38%, Финляндия да­3,78%. 

Үшінші  индикатор  бойынша  зерттеушілер  саны  Қазақстанмен  салыстырған  да 

Финляндия да 12,2есе, Оңтүстік Коре да ­9 есе артық. [3] Ал инновациондық өнімнің Ішкі 

Жалпы Өнімдегі үлесі Қазақстан да ­ 0,65%, ал Жапонияда – 11%. Қазақстан ғылымының 

ерекшелігінің  бірі  қолданбалы  бағыттағы  зерттеулерге  71%,  ал  тəжірибелі  – 

конструкторлық  бағытқа  8%  қаржының  бөлінуі.  Инновациялық  бағыт  осы  соңғысын 

да.[4.] Онымен қатар кіші жəне орта бизнес бəсеклікті дамыту мақсатымен инновациялық 

өнім  өндіруге  ынтазарлық  танытпау  да.  Əзіргі  жағдай  оларды  қанағатыру  да.  Мысал 

ретінде жекеменшік жоғарғы оқу орнындарының ұстанып отырған саясаттарын келтіруге 

болады.  Олар  инновациялық  бағытқа  қаржы  бөлуге  ынталы  емес,  өйткені  қаіргі  түсім 

табысы оларға жеткілікті.  

Мемлекеттің  инновацияға  бөлген  қаржат  да  тиімді  пайдаланылмау  да,  өйткені 

нақты  нарықтық  қатынастар  əлде  болса  жаппай  өз  заңдылықтарын  жүргізе  алмау  да. 

Сыбайлас жемқорлық, бюрократияшылдық өз позицияларын берер емес. 



410 

 

Сонымен қатар еліміздің өндірістің шикізаттық бағыты да инновацияның дамуына 



қатты  кедергі  болу  да.  Осыған  кешегі  советтік  заман  да  қалыптасқан  əлеуметтік 

институттар,  соның  ішінде  білім  беру  жүйесі  де  инновациның  дамуына  ынтазарлық 

таныта  қойған  жоқ.  Енді  ғана  функционалдық  білім  беру  жүйесіне  көшуге  əрекеттер 

жасалу да. Бұған адамдардың сол кезде қалыптасқан салт – дəстүрлерін, ділін қосыңыз. 

Міне осы инновацияға кедергі болатын объективті факторлармен тиімді күресуде 

социология  ғылымының  атқаратын  ролі  зор.  Өйткені  бұл  ғылымның  ішкі  табиғаты 

демократиялық  ұстанымдрдан  тұрады  жəне  де  соларды  іске  асыруға  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан, дамып отыратын тəсіл, құралдары да бар. Соның бірі инновациялық үрдіске 

қатысатын  барлық  субъектілердің  пікірлеріне  мониторинг  жасау,  оны  көпшілікке 

жариялау, сол арқылы кедергілерге заң ауқымында тойтарыс беру. 

Ал  енді  субьективті  факторлерге  келер  болсақ,  ол  макро­  мезо­жəне  микро 

деңгейдегі сана мен қалыптасқан көзқарастар мен үстанымдар. Бұл факторлермен жұмыс 

істеу  өте  күрделі  жəне  де  ұзақ  уақытты  қажет  етеді.  Экстенсивті  шаруашылық  ету  мен 

мемлекттік  патернализм,  бодандық  пен  тоталитаризм  кезеңі  жеке  адамның  санасы  мен 

ақылын,  ожданын  үлкен  күйзеліске,  азғындауына  алып  келді.  Белгілі  поляк  социологы 

П.Штомканың  берген  анықтамасы  бойынша  сол  кезде  адамдардың  жады  үлкен  зақым 

алған, одан айығу үлкен жігерді, күшті, төзімді талап етеді. 

Міне  осы  бағыта  да  социологияның  атқаратын  міндеті  зор.  Биылғы  көктем  де 

университетімізде  оқытушылар  арасында  жүргізген  социологиялық  зерттеудің  нəтижесі 

бойынша  басым  көпшіліктің  пікірінше  инновацияға,  ғылыми  зерттеулерге,  заман 

талабына  тез  бейімделу  мен  басқару  жұмысына  оқытышылардың  белсенді  қатысуына 

жағдай  жасалу  талабы  айтылды.  Зерттеудің  нəтижесі  университеттің  Ғылыми  Кеңесінде 

талқыланып, арнайы шара қабылдау мəселелері қарастырылды. 

Қорыта келгенде, инновациялық үрдістің тиімді жүрууі үшін объективті факторлар 

мен субьективті факторлар диалектикалық үйлесімді арақатынаста болулары шарт. Ал бұл 

жолда социологияның атқаратын жəне де шеше алатын мəселелері зор. 



 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1   Г.Сатаров.Объединяет только действие. 

www.svoboda/a/27991526.html

2М.Н.Хурс.  Социологический  мониторинг  как  инструмент  повышения 



эффективности 

подготовки 

кадров 

для 


инновационной 

сферы. 


Belisa.org.by/ru/izd/other/Kadr2007/kadr07_81.html) 

3 Ж.М.Шаекина, Д.Г.Мамриева, Л.Г.Ташенова. Индикаторы развития инновации в 

Казахстане в мировом сравнении. /aritcleKz.com/article/11847/ 

4Сансызбаев 

С.Н.,Сансызбааева 

Г.Н. 


Стимул 

инновации 

в 

РК. 


/be5.biz/ekonomika1/r2013/3215.html. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

411 

 

УДК 37.016:159.9+378.14 



Абдигапбарова А.И. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан 

e-mail:

Aitkul_kaznau@mail.ru

 

 

БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ 

ПРОЦЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ РОЛІ 

 

Abstract. The article discusses the social and psychological intervention from the teacher 

and his decision. 

 

Keywords: expression, psychological and educational support, training of future teachers, 

self­help in overcoming personal difficulties, the potential of the human person. 

 

Қазіргі заманда Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев мемлекетіміздің өркендеуіне байланысты 



алға  қойып  отырған  міндеттерінің  бірі  ­  оқушы  жастарды  кəсіпке  ерте  бағдарлау  мен 

бейімдеу,  сондай­ақ  кəсіптік  даярлау  мен  оқытуға  мəн  беру.  Бұл  ретте  техникалық 

жəне

 

кəсіптік  білім  беру  ұйымдарындажүзеге  асатын  студенттерге  психологиялық­



педагогикалық қолдау іс­əрекетінің маңызы ерекше. Мемлекеттің Жұмыспен қамту 2020 

жол картасы бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі ретінде экономика саласын 

білікті кадрлармен қамтамасыз ету ерекше атап көрсетілген [1]. 

Бұрыңғы  дəстүрлі  білім  беруде  болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогына  авторитарлық 

тəрбие  беру  жүзеге  асырылса,  ал  қазіргі  кезде  студенттерді  оқыту  мен  тəрбиелеуде 

гуманистік ізгі əдіс­тəсілдерді қолдану өзекті болуда.  

Біздің заманымыздың əйгілі гуманистік педагогы Ш.А.Амонашвилидің білім беруді 

ізгілендіру  технологиясы  бойынша  баланың  жеке  қасиетін  аша  отырып,  азамат  етіп 

тəрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру 

жəне  дамыту,  білімін  кеңейтуге  жағдай  жасау.  Оның  негізгі  ерекшеліктері: 

ынтымақтастық  педагогикасы;  бала  психикасын  дамыту,  есеюге  жəне  еркіндікке 

құштарлығын  қалыптастыру;  əсемдікті,  əдемілікті  сезіну,  қабылдау;  ізгілікті,  жекедара 

қарым­қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата­анамен бірлесіп жұмыс істеу [2]. 

Біз психологиялық­педагогикалық қолдау терминін білім беруге тұлғалық­бағдарлық 

тұрғыдан  қарау  контекстінде  қолданатын  боламыз.  Бұл  тұрғыда  психологиялық­

педагогикалық  қолдау  студенттерге  (болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогына),  мұғалімдерге, 

ата­аналарға  əлеуметтік­психологиялық,  тұлғалық  қиындықтарды  жеңудегі  көмек  беру, 

адамның тұлғалық потенциалын ашып көрсететін психологиялық­педагогикалық іс­əрекет 

жүйесі ретінде түсіндіріледі. 

Отандық  педагогикада  қазіргі  кездегі  психологиялық­педагогикалық  қолдау 

идеялары,  ең  алдымен,  О.С.Газман  есімімен  жəне  осы  мəселені  қарастыруда  өздерін 

«шығармашылық тəрбие орталығы» деп атаған ғалымдармен байланысты [3]. 

1995  жылы  Мəскеуде  «психологиялық­педагогикалық  қолдау»  ұғымы,  оның 

мазмұны,  технологиялары  алғаш  рет  кеңінен  талқыланған  бірінші  Бүкілресейлік 

конференция­семинарда қорытындыланып, мəселені қарастырудың жаңа кезеңіне бастама 

жасалды.  

Білім  беруге  тұлғалық­бағдарлық  тұрғыдан  қарау  жеке  тұлғаның  негізгі 

басымдықтарына  бағытталған.  Ол  студенттің  өзіндік  даму  бағытын  таңдау  құқығын 

тануға негізделеді жəне оны өзін­өзі жетілдіруге ынталандыратын өзіндік даму процесіне 



412 

 

студенттің осы кезеңде өзін­өзі айқындауы, өзін­өзі танытуы үшін құнды жəне əлеуметтік 



мəнді  кезең  ретінде  сезінуіне  психологиялық­педагогикалық  қолдау  көрсетуді  қамтиды. 

Сондай­ақ,  тұлғалық­бағдарлық  тұрғы  педагогикалық  тəжірибеде  студенттерді  (болашақ 

кəсіптік  оқыту  педагогын)  өзін­өзі  тануға,  өзін­өзі  анықтауға,  өзін­өзі  жүзеге  асыруға, 

өзін­өзі дамытуға, өзін­өзі танытуға ынталандыру тəсілдерін оқып­үйренуді жəне игеруді 

қарастырады.  

Білім  алуға  тұлғалық  бағдарланған  бағыттың  құрамдас  бөлігі  ретіндегі 

психологиялық­педагогикалық қолдау  қазіргі  қоғамда одан əрі зерттеуді талап етеді. 

О.С.  Газман  психологиялық­педагогикалық  қолдауды,  ең  алдымен,  студенттерге 

олардың  мəселелерін  шешуде  көмек  көрсету  деп  қарастырады.  Бұл  жерде 

«психологиялық­педагогикалық  қолдау»  ұғымын  сипаттайтын  ең  маңызды  дүние 

педагогтың  емес,  студенттің  немесе  тəлімгердің  мəселесі  орын  алған.  Психологиялық­

педагогикалық  қолдаудың  мəні  «мəселе»,  «қорғану»,  «дербестік»  сияқты  ұғымдармен 

бейнеледі [4]. 

Мəселе  –  бұл  тұлғаның  оның  келеңсіз  жағдайын  туғызатын  себептерді  жою 

мүмкіндігі болмаған сəттегі күйін сипаттайтын жеке тұлғалық сипаттамасы. 



Қорғану  –  студенттің  дене  күші,  психологиялық,  моральдық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету, оның мүдделері мен құқықтарының сақталуын қорғау. 



Дербестік  –  студенттің  ешкімнің  көмегінсіз  жəне  бақылауынсыз  өз  мəселелерін 

шешу қабілетін білдіретін, бірлескен іс­əрекет нəтижесі. 

Мұндай  өзара  қарым­қатынастың  табыстылығы  келесі  шарттарды  орындаған  кезде 

мүмкін болады: 

1. Студенттің көмекке жəне қолдауға келісімі. Студент көмекті өзі сұрайды немесе 

ұсынылған  көмектен  қашпайды.  Шартсыз  көмек  (араласу)  студенттің  өмірі  мен 

денсаулығына қауіп төнгенде жəне жеке мінез­құлық жағдайларында жүзеге асырылады.  

2. Өз мəселелерін шешудегі басымдық студенттің өзіне тиесілі. Педагог осыған тек 

мəселенің  мəнін  сезінуге  көмектесе  отырып  жағдай  туғызады,  оның  шешімін  іздеуде  өз 

көмегін  ұсынады  немесе  студенттің  дербес  əрекет  етуіне  жанама  əсер  етеді.  Шетелдік 

педагогикада мұндай педагогты фасилитатор деп атайды. 

3.  Бірлестік,  ынтымақтастық,  көмектесу.  Бұл  жағдай  кедергіні  жеңудегі  педагог 

пен  студенттің  бірлескен  əрекет  үрдісін,  мəселені  шешуде    көмекті  білдіре  отырып, 

психологиялық­педагогикалық  қолдаудың  мазмұндық  жəне  технологиялық  қырын 

бейнелейді. 

4.  Құпиялық    қағидасын  сақтау.  Бұл  студенттермен  сенімді  түрде  жеке  сырласу 

əңгімелерін  жүргізу  жəне  кеңесу  кезіндегі  қарым­қатынас  үшін  аса  маңызды.  Педагогқа 

толық  сенім  болғанда  ғана  студент  көмекті  қабылдайды  жəне  ішкі  құлшынысына 

белсенділік танытуы мүмкін. 

5.  Тілектестік  жəне  баға  бермеушілік.  Студенттермен  қарым­қатынас  кезінде 

сезімнің болуы психологиялық­педагогикалық қолдау көрсетудегі табыстың да, қателіктің 

де  кілті  болуы  мүмкін.  Педагог  «студенттен»  бастағанда  оның  əрекетін  басқалардың 

əрекетімен  салыстырмайды,  есесіне  студенттің  іс­əрекетін,  дауыс  басымын,  оның  қиын 

жағдайлары мен мəселелерін ұғынуға тырысады. 

6.  Студенттің  құқықтары  мен  мүдделерін  оның  өмірінде  жан-жақты  қорғау. 

Педагог­тəрбиеші адвокат секілді кез­келген жағдайда студент жағында болады. Тіпті ол 

жалпы  қабылданған  нормаларды  бұзғанның  өзінде,  тəрбиеші  өз  тəлімгерінің  ересекке 

қарағанда  қателік  жіберуге  көбірек  құқылы  екенін  ескере  отырып,  «жазаны  жеңілдету» 



413 

 

мүмкіндігін іздейді. Қолдау көрсетуші педагог – ол студенттердің мүддесін қорғаушы да. 



Бұл  шарттардың  орындалуы  кез­келген  жағдайды  аяқ  асты  күтпеген  қалыппен 

қабылдаудан  аулақ  болуға,  өзін  дамыту  жолындағы  студентке  қолдау  көрсетудегі 

мақсатты бағытталған іс­əрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрсетті [4]. 

Психологиялық­педагогикалық  қолдаудың  мазмұны  студенттің  өз  мүмкіншіліктері 

мен  қабілеттеріне  бағдарлана  отырып,  дербес  əрекеттің  табыстылығына  қажеттілігін 

дамыта  отырып,  оның  қиындықтарды,  кедергілерді  өз  бетінше  жеңуіне  көмек  көрсетуде 

болып  табылады.  Мұнда  өсіп  келе  жатқан  жастар  белгілі  бір  ұмтылыс  жасағанда, 

таланттылық,  қабілеттілік  байқатқанда  немесе  керісінше,  лайықсыз  қылық  көрсетіп, 

қателік  жібергенде  байқауға  болады.  Алғашқы  жағдайда  көріне  бастағанды  қолдау,  ал 

келесіде құлдыраудан, құлаудан сақтау маңызды дегіміз келеді. 

Болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогы  өз  ынтасын  өзгертпей  жəне  төмендетпей  оларды 

педагогикалық  қолдай  отырып,  əрі  ынталандыра  отырып,  тəлімгерді  сақтандырады. 

Педагогикалық іс­əрекеттің мəні оқушыға бар кедергіні жоюға көмек көрсетуде ғана емес, 

сондай­ақ  оған өз мəселелерін байқай білу жəне шешу тəсілдерін игеруге де көмектесуден 

көрінеді. 

Болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогының  бірлескен  əрекетінің  бірнеше  кезеңдерін 

көруге болады: 

1. Диагностикалық. Ол оқушы  мəселелерін байқауды, оның олардың мəнін сезінуін, 

оларды шешу талабын білдіреді. 

2. Іздену кезеңі. Себептер мен шешу тəсілдерін оқушымен бірлесе отырып  іздеу. 

3.  Жобалаушылық.  Мəселені  шешуге  бағыттау  мақсатында    педагог  пен  оқушы 

арасындағы келісімге негізделген қарым­қатынасты орнату. 

4.  Іс-əрекеттік.  Педагог  пен  оқушының  өзара  бірін­бірі  толықтырушы  іс­əрекеті. 

Негізгі  əрекетті  оқушы  өзі  орындау  керек.  Ол  орындай  алмайтын  нəрсені  педагог  жəне 

оның əріптестері ­ психолог, дəрігер, əлеуметтік педагог толықтырады. 

5.  Рефлексивтік.  Мəселені  шешу  жөніндегі  бірлескен  іс­əрекетті  талдау.  Алынған 

нəтижелерді талқылау. 

Психологиялық­педагогикалық  қолдаудың  феноменін  ғылымда  жəне  практикада 

саралауға  байланысты  бағыт,  ең  алдымен,  білім  беру  субъектілерін  гуманистік 

бағдарланған жүйе қағидасы ретінде педагогикалық  қолдауды білдіреді. Практиктер оны 

дəл  осы  мағынасында  жиі  қолданады.  Егер  қалыптасқан  немесе  жобаланатын  тəрбиелеу 

жүйесі  ересектер  мен  оқушылардың  өзара  əрекетіне  гуманистік  тұрғыдан  келуді  жүзеге 

асыруға бағдарланса, ондағы қолдау педагогикалық  іс­əрекет мəніне ие болады [5].  

Сондай­ақ,  өсіп  келе  жатқан  оқушы  бойынан  нені  «қолдау  керек»  деген  мəселе 

маңызды пікірталас болып қала беретіні анық. 

«Адам  психологиясының»  авторлары  Е.И.Исаев  пен  В.И.Слободчиков 



субъектілікті,  яғни  тұлғаның  өзіндік  тіршілік  əрекетіне  түрленушілік  қатынасқа 

қабілетін,  сондай-ақ  жекетұлғалықты  (оқушының  басқалардан  өзін  бөліп  көрсететін 

жəне өзімен­өзі болып қалуына мүмкіндік беретін қайталанбастығын, ерекшелігін) қолдау 



жəне дамыту керек деп есептейді

Мұндай  жағдайда  В.П.Бедерханова  «психологиялық­педагогикалық  қолдаудың» 

мазмұны  «адам  мəселесімен  жұмыс  істеуге»  қарағанда  (кез­келген  мəселенің  жеке 

тұлғалану  үрдісімен  байланысы  жоқ  екенін  ескерсек)  əлдеқайда  кең  жəне  қағидаға 

қарағанда тар деп есептейді. 


414 

 

Ол  педагогикалық  мəселені  əрбір  оқушы  айқын  көрінетін  қандай  да  бір  нақтылық 



ретінде есептейді. Оған оқушының қиыншылықтарын ашып көрсету аса маңызды болып 

көрінеді.  Əркімге  өзекті,  көкейкесті  нəрсе  əрқашан  да  қиын  болады.  Міне,  дəл  сол 

«қиындық»  оқушының  өзін­өзі  танытуын  көтеру  үрдісін  «байқауға»  мүмкіндік  беретін 

бірлік болуы мүмкін. 

Ол мəселені əрі қарай қарастыру  «оқушының жеке тұлғасы» ұғымын саралау жəне 

осы феноменнің психологиялық түзілуін түсіну арқылы жүруі мүмкін деп есептейді. Бұл 

жерде білім берудегі жеке тұлғалану үрдісін педагогикалық қамтамасыз ету туралы айтуға 

болады.  Мұндай  келіс,  осы  кезең  үшін  нақты  жəне  қажетті  болып  табылатын  жоғарыда 

келтірілген екеуін жоққа шығармайды. 

Жеке тұлғалықты түсіну адамның рухани өлшемдеріне жатады. Сонымен, тұлға мен 

жеке тұлғалық ­ адам болмысының екі тəсілі. Бұл ұғымдардың сəйкес болмауы тұлға мен 

жеке тұлғалықтың қалыптасуының əр түрлі екі үрдісі бар екендігінен байқалады.  

Егер тұлғаның қалыптасуы адамның өзіндік əлеуметтену, қоғамдық мəнін игеруден 

тұратын  əлеуметтену  үрдісі  болса  жəне  бұл  игеру  əрқашан  адам  өмірінің  нақты  тарихи 

жағдайларында жүзеге асса жəне индивидтің қоғамда қалыптасқан əлеуметтік қызметтер 

мен  рөлдерді,  мінез­құлықтың  əлеуметтік  нормалары  мен  қағидаларын  қабылдауымен, 

басқалармен  қатынас орнату шеберлігін  қалыптастырумен  байланысты болса, онда жеке 

тұлғаның қалыптасуы субъективті нақтылықтың тұлғалану үрдісі болып табылады. 



Тұлғалану  –  бұл  тұлғаның  өзін  айқындауы  мен  ерекшеленуі,  оның  қоғамда  бөлек 

көрінуі,  оның  жекелігінің,  дербестігінің,  даралығының  жəне  қайталанбайтындығының 

рəсімделуі.  Қалыптасқан  тұлға  əлеуметтік  қоғамдастықтағы  еркін,  дербес  жəне  жауапты 

мінез­құлық субъектісі болып табылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет