Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет56/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78

Literature: 

1.Nursultan Nazarbayev, Na Paroge XXI veka, Atamura, Almaty, 2003, p. 193. 

2.N. Nazarbayev, Gasyrlar togysynda, Atamura, Almaty, 2003, p. 192. 

3.Muhtar Qul­Muhammed, ‘Teñizder terbetken Türkiya’, Jas Alaş No.145, 22 Qaraşa 1994 jıl. 

4.‘KazakistanCumhuriyeti Devlet Başkanı Nursultan Nazarbayev’in Türk Dili Konuşan Ülkeler 

Devlet  Başkanları  Zirvesinde  yaptığı  konuşma  18­19  Ekim  1994,  İstanbul’,  in  Kazakistan­

Türkiye Dostluk ve İşbirliğinin 20 Yılı, Kazakistan Cumhuriyeti Ankara Büyükelçiliği, 2012, p. 

61. 


5.‘Qazaqstan  men  Türkiya  Dostıq  jane  Intımaqtastıq  turalı  şartqa  qol  qoydı’,  Halıq  Kenesi 

No.158, 19 Qazan 1994 jıl. 

6. ‘N. Nazarbayev: Türkiyağa sapar jemisti boldı’, Halıq Kenesi No.160, 21 Qazan 1994 jıl. 

7.  http://www.turkkon.org/docs/10_IstanbulBildirisi1994_2.DevletBaskanlariZirveBildirisi.pdf 

Accessed on 20.10.2013. 

8. 


http://www.turkkon.org/docs/09_BiskekBildirisi1995_3.DevletBaskanlariZirveBildirisi.pdf 

Accessed on 20.10.2013. 

http://www.turkkon.org/docs/08_TaskentBildirisi1996_4.DevletBaskanlariZirveBildirisi.pdf 

Accessed on 20.10.2013. 

9. 

http://www.turkkon.org/docs/07_AstanaBildirisi1998_5.DevletBaskanlariZirveBildirisi.pdf 



Accessed on 20.10.2013. 

10. 


http://www.turkkon.org/docs/06_BakuBildirisi2000_6.DevletBaskanlariZirveBildirisi.pdf 

Accessed on 20.10.2013. 

11.  N.  Nazarbayev,  Lessons  of  History  and  the  Modernity:  Speech  in  ceremonial  Meeting 

devoted to 5

th

 anniversary of Kazakhstan Independence, Almaty, “Kazakhstan” 1997, p. 101.  



 

 

 



 

 

                                                           



8

 N. Nazarbayev, Lessons of History and the Modernity: Speech in ceremonial Meeting devoted to 5



th

 anniversary of 

Kazakhstan Independence, Almaty, “Kazakhstan” 1997, p. 101. 

455 

 

УДК 297 (574/575)(09) 



Дариябек Д.С. 

ҚР Білім жəне Ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, Философия, саясаттану  

жəне дінтану институтының PhD докторанты

d.dariabek@mail.ru

 

 

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САБАҚТАСТЫҒЫ 

 

Abstract. The article analyzesperformancebased on religioustoleranceKazakhstan society. 

And alsomarkedthe significanceof the activitiesof toleranceinKazakhstan. 



Key words:tolerance, culture, religion 

 

Қазақстан  қоғамында  қалыптасқан  бүгінгі  жағдай  əлеуметтік,  рухани 



құндылықтардың  басын  қосып,  бір  игі  мақсаттың,  елдің  тұрақтылығы  мен  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ететін  мүдденің  кəдесіне жарату  қажеттілігін  алға тартып отыр. Шарасынан 

шыққан  жаһандық  дүрбелеңдердің  салқыны  тəуелсіз  Қазақстанның  ұлттық  жəне 

мемлекеттік  келбетін  шарпып  тұрғаны  жасырын  емес.  Оның  негізгі  ағысы  дінаралық 

қақтығыстар,  лаңкестік  жəне  экстремистік  пиғылдағы  арнайы  топтардың  қимыл­

əрекетінен  байқалып  отыр.  Осы  орайда,  бөгде  пиғылды,  жат  пікірлі  субьективтік 

күштердің елдің қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне нұқсан келтіруге бағытталған шараларына 

тойтарыс беріп, əлемдік тыныштықты тұрақтандыруға арналған іргелі жобаларды жүзеге 

асыру  кезек  күттірмес  мəселеге  айналды.  Қазақстан  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  қазақ 

топырағындағы  ынтымақтастық  пен  татулық  қағидаларының  əлеуетіне  аса  үлкен  маңыз 

бере  отырып,  толеранттылықтың  қазақстандық  үлгісін  жария  еткені  де  XXI  ғасырдың 

бергі  кенерінде  жүзеге  асты.Қазақстанның  2010  жылы  ЕҚЫҰ­ына  төрағалылығы 

барысында  мемлекет  басшысы  Н.Назарбаев  əлемдік  қауымдастықты  «Т»  əрпімен 

басталатын төрт сөзге ерекше мəн беруге шақырды: Tolerance (төзімділік), Trust (сенім), 

Tradition (дəстүр), Transparency (ашықтық, жариялылық) [1, 7]. 

Осы  аталған  ұғымдар  төңірегіне  шоғырланатын  құндылықтардың  болашақта 

Қазақстанды  дүние  жүзіне  бірегей  бейбітшілік  отанына  айналдырудағы  ролі  үлкен 

болмақ.  Бұл  ұстанымдардың  ішінде,  əсіресе,  толеранттылық  тұғырнамасының  орны 

айрықша. Себебі бағзы дəуірден бастап, дін адамдардың сенім, моральдық құндылықтар 

бастауы  ретінде  тұрмыс­тіршілігі,  рухани  жəне  заттық  мəдениетіне  өшпестей  ізін 

қалдырды.  Адамға  материалдық  игіліктер,  тұрмыс  қажеттіліктері  қандай  қажет  болса, 

сенім де соншалықты қымбат. Сенімі үшін адам өзін­өзі құрбандыққа шалады, сенімі үшін 

не  нəрседен  болсын  тайынбай,  өзінің  ұстанған  дінін  өзгелердің  дінінен  артық  санайды. 

Жалпы  əр  дəуірде  өмір  сүрген  адамзат  ғұламалары  осы  күрделі  мəселеге  барынша  бас 

қатырып, осы жайтты əр қырынан шешуге тырысады. Бірақ дəлелденбейтін бір ақиқат – 

жан­дүниесіне берік орныққан діни түйсік соны ұстанған адамның өміріне жол бастаушы. 

Осы тұрғыда орыстың  ұлы ойшыл ғұламасы Л.Н.Толстой былай деп өзінің күнделігінде 

жазады: «Бір ақиқат: Құдайға жан­тəніңмен берілу. Адал жолдан айнымай жүріп, қалған 

дүниенің  шырғалаңы  мен  тағдыр  тауқыметін  Жаратушы  Иеңе  тапсырсаң  болды.  Мейлі 

ажал  тап,  мейлі  өл.  Əзелде  не  жазылған  болса,  сол  болуға  тиіс.  Пешенеңе  жазылған 

нəрсенің  өзі саған  шаттық  əкелмек.  Өмірде  адал жолмен  жүргісі келетін адамға дін  мен 

қайырлы  істен  басқа  ештеңе  жол  серік  бола  алмайды»  десе,  тағы  бірде  «Адам  екі  түрлі 

жағдайда  ғана  тыныштық  табады.  Жаныңды  жеген  қайғыдан,  дүниенің  шуынан  тыныс 

тауып, үлкен күрес, үлкен дауылдан кейін тынши қалу. Бұл – тəннің тыныштығы. Жəне 

барынша шаттыққа бөленетін екінші бір тыныштық – жанның тыныштығы да бар [2, 45]. 


456 

 

Адам  мұндай  халге  дін  жолымен  жүріп­тұрған  кезде  ғана  жетпек.  Бұл  саналы  түрде 



Құдаймен,  барлық  ғаламмен  бірігу,  барлық  нəрсеге  деген  махаббаттың  салтанат  құруы. 

Барлық  таза,  кінəсіз  мақұлықтарды  жан­жүрегіңмен  беріле  сүю.  Арман­тілегің  мен 

құштарлығыңды құрбандыққа шалып, ғаламдық өмірге басты біржола байлау. Өз еркіңді 

оның өзінің мөлдір бастауына ұластыру. Жұдырықтай жүректің жұмақ тыныштыққа еніп, 

басқа бақыттың орнайтыны осы кезде», ­ деп ағынан жарылады. Л.Толстой өзінің бір жыл 

бойы үзбей жазған туындысы «Круг чтение» еңбегінде он төрт күндік толғанысын дін мен 

діни төзімділік тақырыбына арнаған.  Осыған  қарағанда, дін  жəне онымен  қатар жүретін 

діни төзімділік ұғымының бұдан үш­төрт ғасыр бұрын да кеңінен танымал болғандығын 

аңғаруға  болады.  Бұған  қатысты  Толстойдың  еңбектерінен  тəлім  алған  қазақ  данасы 

Ш.Құдайбердіұлы  «Иманым»  атты  жинағында:  «Бұл  кездегі  діндердің  бəрі  нашар  // 

Ешбірі түзу емес көңіл ашар // Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді // Тексерсең ойың түгіл, 

жаның  сасар  //  Əлемдегі  діндердің  түп  мақсұты  //  Үш  нəрседе  бұлжымай  құшақтасар  // 

Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын // Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар» [3, 36]деп сол 

кезеңдегі  соғыстардың  түпкі  себебін  діни  қайнаркөзден  іздейді  жəне  дұрыс  анықтайды. 

Расында шатақ діннің кесірінен ел мер жер қанға бөгіп, қырғынға ұшырайды. Ал бір елдің 

ішінде əр діннің өкілдері өмір сүре отырып, тату­тəтті тіршілік ету адамзатқа бұйырмай 

келген  арман.  Əлем  халқы  бірнеше  ғасырлар  бойы  зардабын  тартқан  діни  төзімсіздік 

факторларының  Қазақстанның  тəуелсіздігіне  де  тигізетін  зардабы  мол.  Сондықтан 

толеранттылық қағидаларын қоғамдық өмір көрінісіне, сонымен қатар жеке тұлғалардың 

сана­сезіміне орнықтыру қажеттілігі күн өткен сайын сезіліп келеді. 

  Ұлтаралық қақтығыстар да көбінесе құндылықтар қақтығысынан (тіл, дін, жер т.б. 

үшін)  туындайды.  Мұндай  қақтығыстың  масштабы  да  үлкен  болады.  Өйткені,  бұған  екі 

немесе  одан  да  көп  ұлт  өкілдері  жаппай  қатысуы  мүмкін.  Жəне  құндылықтар 

қақтығысының тарихи тамыры да тереңге кетеді. Өйткені, құндылықтар дегеніміз мəдени 

құбылыс.  Осылардың  ішінде  «Адамдардың  сый­құрметіне  қол  жеткізу»  құндылығы  – 

бейбітшілік  орнатушы  негізгі  фактор.  Адамдар  үшін  бұл  құндылықтың  маңызы  көбіне 

білімді, сауатты қоғамда арта түседі. Қазақ мемлекеттілігі тұтастық сақтау үшін көбінесе 

тек  құндылықтарға  сүйенді  деп  айтуға  болады.  Қазақтардың  құндылығының 

қалыптастыруда діни толеранттылықтың да маңызы зор болып саналады.  

ҚР  ҰҒА  Философия  жəне  саясаттану  институтының  1997  жылы  мешіттер  мен 

шіркеулерде  жүргізген  əлеуметтік  сауалнамасының  нəтижесі  бойынша  «адам  өлтірме» 

(«не  убей»)  деген  өсиетті  православтардың  92  пайызы  құптаса,  мұсылмандардың  40 

пайызы  ғана  дұрыс  көреді  [4,  192­193].  Православтардың  88  пайызы  өзінің  ұлттық 

дəстүрлерін үйімізде сақтаймыз деп жауап берсе, мешіттегілердің 75 пайызы бұл сұрақты 

жауапсыз қалдырған да, тек 25 пайызы ғана дінге сəйкес келетін дəстүрлерді ұстанатынын 

жазған.  Ал,  православтардың  65  пайызы  өздерінің  ұлттық  салт­дəстүрлерін  білетінін 

айтса,  мешіттегілердің  80  пайызы  бұл  сұраққа  жауап  беруді  қажет  деп  таппаған.  Ал, 

«теңдік»,  «əділдік»,  «адам  құқы»,  «күш  қолданбау»,  «бөтен  діндерге  төзіммен  қарау» 

деген сияқты  жалпы адамзаттық құндылықтарды 78 пайыз православтар қолдаса, мешітке 

келетіндердің  25  пайызы  ғана  құптаған.  Демек,  бұл  жағдай  ел  арасында  дəстүрлі 

исламның негізінде діни­ағарту жұмыстары жүргізілуі қажет екендігін көрсетеді.  

  Осыны  ескере  отырып,  төл  топырағымызда  халқымыздың  мінезімен  үндесіп 

жатқан  осы  дəстүрлі  исламды  Президентіміз  Н.Ə.  Назарбаев  жаңғыртуды  ұсынады. 

„Қазақстанда  біржолата  орныққан  Исламдық  дін  таным  үлгісін  одан  əрі  идеологиялық 



457 

 

тұрғыда дамытып, біздің теологтар исламдық мұраларды жаңғыртып, еліміздегі мұсылман 



қауымының қажетіне жаратуы керек.” [5, 105] 

  Қазақ  халқының  мұсылмандығы  жоғарыдағы  себептермен  исламның  сыртқы 

құлшылық  формалары  мен  амалдарына  байланып  қалмай,  діннің  ішкі  маңызын  терең 

игерген,  бейбіт  һəм  демократияшыл  мұсылмандық  болды.  Соның  арқасында  қазақтың 

қонақжай мінезі, адамзатты жатырқамайтын ашық­жарқындығы қалыптасты. Қожа Ахмет 

Ясауи  құдайды  танудың  жəне  оған  жетудің  құлшылық  үлгісімен  қатар,  адамдардың  өз 

нəпсісімен  күресе  отырып,  жоғары  тазалық  арқылы  бару  жолдарын  да  көрсетті. 

Сондықтан ислам көшпелі тұрмыс кешетін қазақтың өмір салтына айнала білді. 

Қазақ дəстүрлеріндегі  ең  ұлы ұлағат –  «біреудің  игілігі үшін,  өзгенің  бақыты үшін 

өмір сүр!» деген  діннің  негізгі ережесін  күнделікті тұрмысқа кіргізіп  жібергендік. Қазақ 

халқының  барлық  əдет­ғұрпы  –  адам  дүние  есігін  ашқаннан  (жарыс  қазан,  шілдехана, 

бесік той, тұсау кесу т.б.) бастап, үйленгендегі (ұзатылғандағы) той­томалағы (неке қию, 

есік көру, қоржын сөгу, сыңсу, өңір салу), өлік жөнелтуіне дейін (жетісі, қырқы, жылы, ас 

беру)  көпшілікпен,  адамдардың  бір­бірінің  қуанышы  мен  қайғысын  бөлісу,  бір­біріне 

жомарттық  көрсету,  көмектесу  түрінде  атқарылады.  Яғни,  қазақы  салт­дəстүрмен  өскен 

адам діни төзімділіктің негізгі принциптерін бойына мықтап сіңіреді. 

Қазіргі  қоғамда  да  діни  төзімділік  қағидаттарының  қоғамда  кең  таралуы  үшін 

кешенді  зерттеулер  мен  жалпыхалықтық  қолдау  қажет.  Қазақстан  тəуелсіздік  алғалы 

құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде демократиялық құндылықтарды барынша дамытып 

келеді.  Осы  бір  сын  сағатта,  тəуелсіздігіміздің  туы  желбіреп  азат  елге  айналған 

шағымызда, тарихи сүрлеу негізінде жəне жалпыадамзаттық құндылықтар қорымен саяси 

модельді  барынша  дамытып,  халқымыздың  арасында  төзімділікке  бастайтын  рухани 

ағартушылық,  құқықтық  сауаттылық  пен  азаматтық  қоғам  сұраныстарына  сай  мəдени 

өлшемдерді дамыту – өте өзекті міндет. Осы бағытта Елбасымыз маңызды бастамаларды 

тек  еліміздің  шеңберінде  ғана  емес,  əлемдік  деңгейде  көтеріп  келеді.  Тату  тірлік  пен 

баянды  бірліктің  берік  негізін  қалауға  себеп  боларлық  бұл  саясат  –  жалпыхалықтық 

қолдауға  ие  болып  отыр.  Сонымен  қатар,  əлемдік  қауымдастықтар  мен  мемлекеттер 

Қазақстанның  бірлікке,  татулыққа  негізделген  мемлекеттік  моделін,  саяси  бағдарын  оң 

бағалауда.  Олар:  Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндердің  съезі,  Қазақстан  халқы  ассамблеясы, 

ЕҚЫҰ­на төрағалық етуімен, Ислам конференциясы ұйымының жетекшілігін қолға алуы 

жəне  осы  жұмыстар  барысында  діни  экстремизм,  терроризм,  исламофобия,  есірткі 

саудасы, адам құқығы, ядролық қарусыздану, діндер мен мəдениеттер арасындағы  диалог 

секілді  ғаламдық  мəні  бар  проблемаларды  талқыға  салуы  мен  олардың  шешімінің 

табылуына ұсыныстар айта білуі дер едік.  

Толеранттылық  –  диалог  жəне  пікірлер  мен  ұстанымдардың  сан  алуандылығы 

арқылы  ақиқатқа  қарай  жүруге  қабілетті  күшті  де  дана  халықтың  артықшылығы. 

Бақытымызға қарай,  біз  осындай  құлшыныс пен  ұмтылысты осы заманғы Қазақстанның 

саяси  өмірінен  кездестіріп  отырмыз.  Мысал  ретінде  егемендіктің  елең­алаңында 

Президент  Н.Ə.Назарбаевтың  жеке  бастамасы  бойынша  белгіленген,  жыл  сайын  атап 

өтілетін  «Рухани  келісім»  күнін  айтуға  болады.  Тағы  бір  мысал  ретінде  алғаш  рет  2003 

жылы  Мемлекет  басшысының  бастамасы  бойынша  өткізілген  Əлемдік  жəне  дəстүрлі 

діндер лидерлерінің съезін атап көрсеткен жөн. Съез барысында жалпы жəне 4 секциялық 

отырыс  жоспар  бойынша  сəтті  жалғасын  тапты.  Олар  «дін  көшбасшыларының 

тұрақтылықты дамытуға қол жеткізудегі рөлі», «Дін жəне мултикультурализм», «Дін жəне 

əйел»,  «Рухани  құндылықтар  мен  қазіргі  заманғы  сын  тегеуріндер»,  «Дін  жəне  жастар» 


458 

 

тақырыптары  аясында  ұйымдастырылды.«Форумға  діни  конфессиялар  мен  ұйымдардың 



басшылары,  белгілі  саясаткерлер,  қоғам  қайраткерлері,  сарапшылар  жəне  көптеген 

шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы алғанда діни көшбасшылар форумына 30 елден 

73­ке жуық делегат қатысты [6, 68]. 

Қазақстан халқының тарихи тəжірибесіне, сандаған ғасырлар бойы бейбіт қатар өмір 

сүру тəжірибесіне қайырылудан артық ақылды шешім бола қоймас. Осынау ықыластылық 

мысалдарына  бай  тəжірибе  көп  ретте  қазақ  халқының  тамаша  қасиеттері  –  басқа  ұлт, 

наным мен мəдениет адамдарына деген құрметтің арқасында мүмкін болды. Əсіресе ХХ 

ғасыр қазақтардың тамаша рухани жəне жоғары адамгершілік қасиеттерін айқын танытты. 

Өздері  қандай  қиын  жағдайда  болса  да  өздерінің  атамекенінде  тарихтың  қатал  қолымен 

қуғынға  түскен  көптеген  ұлт  өкілдерін  лайықты  қарсы  алып,  оларға  ұлттық 

төлтумалығын,  тілін,  дəстүрін,  мəдениеті  мен  дінін  сақтауға  мүмкіндік  туғызды.  Өз 

кезегінде  осындай  жақсылыққа  сай  Қазақстанда  өзінің  екінші  отанын  тапқан  басқа  ұлт 

өкілдері  қазақтар  ұсынған  мəртебелі  рухани  заңды  бір  шаңырақ  астында  өмір  сүрудің 

өзекті заңы ретінде қабылдады.  

Осы айтылғандардың бəрі бүгінде біз Қазақстан халқы деп атайтын тұтас халықтың 

жанды  тəжірибесі  болып  табылады.  Ал  саясаттану  ғылымының  қасаң  тілі  оны 

толеранттылық  деп  атайды.  ЮНЕСКО­ға  мүше  185  мемлекет  1995  жылғы  16  қарашада 

Парижде  қол  қойған  Толеранттылық  қағидаттарының  декларациясында  оған  мынандай 

анықтама  берілген:  «біздің  əлем  мəдениеттерінің  бай  сан  алуандылығын,  біздің  өзін­өзі 

таныту формалары мен адамдық дербестік көріністері­нің əдістерін құрметтеу, қабылдау 

жəне  дұрыс  түсіну.  Оған  білушілік,  ашықтық,  араласу  жəне  ой,  ар­ождан  мен  сенім 

бостандығы жағдай жасайды. Толеранттылық – бұл сан алуан тұрғыдағы бостандық. Бұл 

моральдық  парыз  ғана  емес,  сонымен  бірге  саяси  жəне  құқықтық  қажеттілік. 

Толеранттылық – бұл бейбітшілікке қол жетуін мүмкін етіп, соғыс мəдениетін бейбітшілік 

мəдениетімен алмастыруға жəрдемдесетін жарылқаушы».  

Демек  толеранттылықты  мəдениеттерде,  діндерде,  ұлттық  тұрпаттарда  көрінетін 

дүниенің сан алуандылығына деген сүйіспеншілік деп қабылдасақ болады. Алайда мұнда 

бір шектеудің бар екенін естен шығармаған жөн: бұл сан алуандылық адамзаттық ортаның 

жалпы  мойындалған  нормаларының  шегінен  шықпауы  тиіс.  Толеранттылық 

қағидатсыздық  дегенді  емес,  мəмілеге  келуді  көздейді.  Мұнда  қайырымды  Августиннің: 

«басты мəселеде – бірлік, даулы мəселеде – еркіндік, барлық мəселеде – сүйіспеншілік» 

деген сөздерін еске алу артық болмайды. 

Былай  алып  қарағанда,  бəрі  де  қарапайым  –  өзің  өмір  сүр  жəне  басқалардың  өмір 

сүруіне  мүмкіндік  бер.  Өз  өмір  салтың  болсын,  нанымың  болсын,  өз  дүниетанымыңды 

жекелей де көптің алдында да білдір, сонымен бірге басқалардың да дəл осыларға деген 

құқығын мойында, сонда бəрі де жақсы болады.  

Осындай үлгілі өрнекпен құқықтық жəне саяси тұрғыдан тұрақтылыққа негізделген 

мемлекет  құра  білген  елімізде  «діни  толеранттылық»  мəдениетін  одан  əрі  дамыту 

жолдары  тарихи  сүрлеу  негізінде  жүзеге  асуы  тиіс.  Діни  білім  беру  мəселесін  жолға 

қоюды  біз  ханафи  бағытындағы  Ислам  жолымен,  Ясауи  бабамыздың  хəл  ілімімен 

астастырғанда ғана қоғамдық тұрақты дамуды қамтамасыз ете аламыз. Мəдени тұтастық 

пен діндер аралық келісім қазақ топырағында жерсінген дəстүрлі құндылықтар негізінде 

өріліп, құқықтық, саяси тұрғыдан мемлекет қолдауына ие болғанда ғана «толеранттылық» 

мəселесі феноменологиялық ақиқатқа айналары сөзсіз. 



459 

 

Көпұлтты  Қазақстан  үшін  адамдарды  «кəпір»  мен  «мұсылманға»  қатаң  түрде 



бөлетін,  бөліп  қана  қоймай  «мұсылмандарды»  «кəпірлерге»  айдап  салатын 

фундаменталистік  идеялар  ұлтаралық  татулыққа,  Қазақстан  халқының  мəдени 

тұтастығына  төнетін  ең  үлкен  қауіп.  Сол  үшін  еліміздегі  діни­идеологиялық  вакуумді 

«адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» дейтін Абайдың көзқарастарымен, «топырақ болғыл 

əлем  сені  басып  өтсін»,  «Кəпір  болса  да  ешкімге  берме  зарар»  дейтін  Қожа  Ахмет 

Ясауидің  сопылық  ұстанымымен,  яғни  далалық  дəстүрлі  исламмен  толтырған  лəзім. 

Дүниежүзінде мемлекеттің ресми дінін белгілеу, сол дінге заң жүзінде мемлекеттік қолдау 

көрсету  тəжірибесі  бар,  ол  тəжірибені  геосаяси  тұрақтылығын  сақтау  үшін  бірқатар 

мемлекеттер  (Греция,  Түркия  т.б.)  пайдаланып  отыр.  Ондай  заңдар  қазір  Дағыстанда, 

Шешенстанда бар. Бірақ бұл елдер тым кеш қимылдағандықтан бұл заңдардан мардымды 

пайда  көріп  отырған  жоқ.  Ал,  көпұлтты  Қазақстанға  кешігуге  болмайды.  Біз  бұл 

шараларды  іске  асыру  арқылы  Қазақстан  халқының  азаматтық  бірлігінің  нығаюына 

кедергі болар бір үлкен бөгетті жоямыз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Smagulov  E.  K  voprosu  o  prepodovanii  religiovedeniya  v  svetskix  uchebnyx      

zavedeniyax.  //  «Khozha  Akhmet  Yasaui  tagylymy  zhane  Khazakhstandagy  dіni  bіlіm  beru 

maselelerі»  atty  khalykharalykh  simpozium  materialdarynyng  zhinagy.    ­  Turkіstan:  «Turan» 

baspasy, 2011. 

2 Shhekoldina S. D. Trening tolerantnosti. – Moskva: Os'­89, 2004.  

3 Shakarіm. Imanym. –Almaty: Arys, 2000. 

4  Obshhechelovecheskie  i  nacionalnye  cennosti  v  izmenyayushhemsya  obshhestve.  ­ 

Almaty: «Akyl kіtaby», 1997.  

5 N. A. Nazarbaev. Kriticheskoe desyatiletie. ­ Almaty: «Atamura», 2003.   

6  A.P.  Abuov.  Dіnaralykh  dialog  Khazakhstandagy  madenietaralykh  kelіsіmnіng  negіzі 

retіnde.  «Islam  orkenietі  zhane  Khazakhstandagy  dіni  maseleler»  atty  khalykharalykh  gylymi­

teoriyalykh konferenciya zhinagy. ­ Turkіstan: «Turan» baspasy, 2009. 

 

 

УДК 32:061.234 



ЕлеукуловаГ. 

к.ф.н., Ассоциированный Профессор, Казахский Национальный Исследовательский 

Технический Университет им. К.Сатпаева, Алматы, Казахстан

e-mail:

gyeleukulova@gmail.com

 

 

DUALITY OF THE TSARIST RELIGIOUS POLICY IN KAZAKHSTAN IN THE XVIII-

XIX CENTURIES 

 

Abstract. Religion as a form of worldview was the basis of the moral values and forms 

of consciousness.  Religion in the steppe took very specific form: the residue of pagan beliefs 

nourished by shamanism was cemented by Islam. Restriction of spiritual life, destruction of the 

traditional mentality, and the way of thinking were the main tools in the ideology of Tsarism. 

The Tsarist policy was crafty and mercenary. But the authorities mistook the real state of affairs 

in  following  the  policy  of  religious  tolerance  which  protected  Islam.  The  second  half  of  the 

XVIII century: The Russian state developed the law which favored non­Orthodox religions and it 


460 

 

resulted in the dissemination of canonic Islam especially among Kazakhs. However, it took form 



of subordination of the clergy to the state authorities. Nevertheless, strengthening of the position 

of Islam caused further consolidation of the nation and spiritual development. It was backed by 

traditional  spiritual  culture  of  the  nomads  to  worship  their  own  saints  and  the  spirits  of  the 

deceased ancestors, appreciation of the Sufis. The second half of the XIX century: new policy of 

restriction  of  Islam  through  strengthening  the  ruling  status  of  Orthodoxy.  Expansion  of 

missionary activities through extensive forms of financing, development of new structures and 

other measures failed.  

 

Key words: Kazakhstan, Islam, Orthodoxy, missionary activity, Tsarist policy, 

 

Introduction  

The  role  of  religion  in  a  society  is  very  important.  It  is  connected  to  values,  culture, 

language and ethnic identity. In all times basic values and forms of consciousness were based 

more  on  religions  rather  than  other  human  institutions.  Religious  identity  was  more  stable 

comparing to all other aspects of identity including national identity. The changes of religious 

beliefs are directly connected to the changes in the society. Evidently, religion plays an important 

role in any country, but the focus of the paper is Kazakhstan ­ a country in the center of Central 

Asia. Inasmuch as it was situated on the crossroads from Persia to India, Byzantium to Asia it 

hosted many ideas and beliefs of the bypassing peoples. There was formed a unique Eurasian 

civilization encompassing  one of the  oldest  forms of monotheism like  Tengrianism and many 

other beliefs and religions which came with the caravan routes of the Silk Road, traditions and 

spiritual values of Arabic­Islamic world and Christianity. The questions under consideration are 

how imperial authorities used religion to achieve their goals and how depending on the social­

economic realities these goals changed. 



1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал