26. Тыныс тұншықпасы. Тыныс тұншықпасы.Халықаралық анықтау бойынша: «астма-дамуына көптеген клеткалар (мес клеткалары, эозинофильдер, Т-лимфоциттер) қатысатын тыныс жолдарының созылмалы қабынуы. Бейімділігі бар адамдарда ол қайталамалы сырылдар, ентігу, кеудеде салмақ сезіну жəне жөтел эпизодтарын (əсіресе түнде жəне/немесе ерте таңертенгілік кезде) тудырады. Бұл симптомдарға қоса жайылмалы, бірақ өзгермелі, кем дегенде жартылай, өздігінен немесе ем əсерінен қайтымды болып келетін бронх тарамдарының обструкциясы қосылады. Онымен қатар қабыну «əр түрлі себептердің əсерінен тыныс жолдарының ынтымақты жауабын күшейтеді».Этиологиясы жəне патогенезі. Тыныс тұншықпасының себептері дəл белгілі емес. Бірақ тыныс тұншықпасына қатысы бар көптеген факторлар бар, олар қатерлі факторлар деп аталады. Төмендегідей қатерлі факторларды ажыратады:
1. Жағдай жасайтын факторлар: атопия жəне тұқым қуалайтын бейімділік.
2. Себеп факторлар (индукторлар):
а) инфекциялық емес атопиялық аллергендер. Шөптердің маусымдық тозаңдары, тұрмыстық,
өндірістік аллергендер;
- дəрілік аллергендер (антибиотиктер, ҚҚБП, сирек - өсімдіктер салицилаты, селективті емес
-блокаторлар);
- төсек-орын кенелерінің, жануарлардың (мысық, ит), зеңдердің жəне ашытқы саңырауқұлақтардың аллергендері;
- тағам аллергендері (балық, жұмыртқа, сүт, жаңғақтар), тамақ қоспалары, бояулар, консерванттар, көмірқышқылды газ.
б) төменгі тыныс жолдарының инфекциясы;
в) механикалық жəне химиялық факторлар – поллютанттар, ирританттар (металл, ағаш, силикат, мақта шаңдары жəне басқа шаңдар), тітіркендіретін заттардың булары, сигарета түтіні, өндірістік аэрозольдар;
г) климат, физикалық жəне метеорологиялық факторлар (ортаның температурасы, ылғалдылық, сыз, барометриялық қысым мен магнит кеңістігінің тербелісі);
д) нервті-психикалық жəне стрестік əсерлер, денеге күш түсу.
3. Ауырлата түсіретін факторлар: туғанда нəресте салмағының аз болуы, респираторлық вирустық инфекция, аэрополлютанттар (күкірттің қос тотығы, озон, азот тотығы, көміртегінің тотығы жəне қос тотығы, формальдегид), активті жəне пассивті шылым шегу;
4. Триггерлер (түрткілер): салқын ауа, денеге күш түсуі, тітіркендіргіш аэрозольдар, эмоция жəне басқалары.
Тыныс тұншықпасының түрі:
1.1. Экзогендік ТТ (аллергиялық, атопиялық, инфекциялы-аллергиялық, иммунологиялық). 1.2. Эндогендік ТТ (аллергиялық емес, атопиялық емес, инфекциялы-аллергиялық емес,
иммунологиялық емес).
2. Даму барысының ауырлығы (сатылары):
І сатысы – кезекпелі ұстама: белгілері апта ішінде бір реттен сирек кездеседі, аурудың
қайталау мерзімі қысқа (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін); түнгі белгілері айына 2 рет немесе одан да сирек, қайталау аралықтарында аурудың белгілері болмайды, өкпенің қызметі қалыпты күйде, ТСТ1 (СТЖ) ≥ 80 % тиісті мөлшердің, тəулік ішіндегі тербелісі 20%.
ІІ сатысы – жеңіл тұрақты тұншықпа: ауру белгілері аптасына 1 рет немесе одан жиі, бірақ
күнге 1 реттен сирек кездеседі, аурудың қайталауы науқас адамның белсенділігі мен ұйқысын 21
бұзады; түнгі белгілер айына 2 реттен жиі кездеседі; ТСТ1, (СТЖ) ≥ 80% тиісті мөлшердің, тəулік ішіндегі тербелісі < 20-30%.
ІІІ сатысы – орташа ауыртпалықты тұрақты тұншықпа: ауру белгілері күнде кездеседі, аурудың қайталауы науқастың белсенділігі мен ұйқысын бұзады; түнгі белгілер 1 реттен жиі кездеседі; күнде қысқа əсерлі 2-агонист препаттарын қабылдау керек; ТСТ1 (СТЖ) тиісті мөлшердің 60%-нен - 80%-не дейін, тəуліктік тербелісі >30%.
ІV сатысы – ауыр тұрақты тұншықпа: белгілері тұрақты, жиі қайталайды, түнгі белгілер жиі болады, дене қызметі шектелген. ТСТ1 (СТЖ) тиісті мөлшері ≤ 60%, тəуліктік тербелісі >30%.
1.ТТ-ң даму фазалары:
Қайталау фазасы
Тұрақсыз реакция фазасы
Тұрақты реакция фазасы – аурудың белгілері: кем дегенде 2 жыл бойы болмайды. Асқынулары:
Тұншықпа күйі
Спонтанды пневмоторакс
Пневмомедиастинум
Беттолепсия (жөтел ұстамасы кезінде болатын мидың өткінші гипоксемиясына байланысты
қысқа мерзімді естен тану)
Қазіргі кезде ТТ-ң көрсетілгендерден басқа төмендегідей клиникалық түрлерін ажыратады:
атопиялық ТТ, инфекциялық ТТ, аспириндік ТТ, күш түсу ТТ, кəсіби ТТ. Аурудың əр түрлі варианты бір адамда қоса кездесуі мүмкін.
Клиникасы. Тыныс тұншықпасының басты клиникалық белгісі қайтымды обстукцияның (бронхоспазм, бронх қабырғасының кілегей қабығының ісінуі жəне бронх кілегейінің гиперсекрециясы) салдарынан туындайтын тұншықпа ұстамасы. Тұншықпа ұстамасының даму барысында жаршылар кезеңін, тұншықпа кезеңін жəне қайта даму кезеңін ажыратады.
Жаршылар кезеңі кезінде түшкіру, мұрыннан су ағу, ұстама тəрізді жөтел, қақырықтың қиын бөлінуі, жалпы қозу күйі, салқын тер бөлу байқалады. Жаршылар кезеңі бірнеше секундтан бірнеше күнге созылады, бұл кезеннің болмауы да мүмкін. Тұншықпа ұстамасы ұстамалы ентігу жəне тынысты сыртқа шығарудың қиындауымен сипатталады.
Тұншықпа күйіне қоса кеудені қысу сезімі, тынысты сыртқа қиналып шығару, жөтел, ысылдап дем алу болады. Қақырық қиын бөлінеді, ысылдаған тыныс алыстан естіледі.
Науқас адам төсекте ортопноэ қалпында болады: ауру адам қолдарын тіреп, алға қарай еңкейіп отырады, ауру адамның иықтары аздап көтерілген жəне орталыққа қарай құрысқан, ауру адам қолдарына асылып тұрған сияқты болып көрінеді. Науқастың жалпы күйі ауыр. Беті қуқыл тартқан, ісінген, бетті салқын тер басқан, жайылмалы цианоз көрінеді. Адам жүзінде үрей болады.
Науқастың кеуде торы демді барынша ішке алған сияқты күйде болады. Тыныс алуға көмекші тыныс бұлшық еттері қатысады. Көбіне тыныс баяулаған, тахипноэ де болу мүмкін.
Ұстама шегіне жеткен кезде кеуде үстінде перкуссиялық қорап дыбысы немесе қорап дыбысының реңі бар өкпе дыбысы анықталады. Өкпелердің шектері жоғары жəне төмен қарай кеңіген, өкпенің төменгі шетінің экскурсиясы шектелген. Аускультация кезінде ұзарған сыртқа тыныстау, тыныс алудың екі фазасында да, көбіне сыртқа тыныстау фазасында құрғақ, ысылдаған сырылдар естіледі.
Жүрек – тамыр жүйесі жағынан жүректің абсолютті жəне шартты тұйық дыбысының ауданы азайған (өкпенің қампаюы), өкпенің қампаюы мен сырылдардың салдарынан жүрек тондары айқын естілмейді, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті, систолалық артериялық қан қысымының төмендегені анықталады.
Ұстаманың кері даму кезеңі түссіз, шыны түріне ұқсас қақырық бөлінуінен, ұстамалы ентігудің азаюынан басталады жəне аурудың барлық белгілері біртіндеп жойылып кетеді.
Қосымша тексерулер: аурудың ауырлық дəрежесін анықтау жəне жасалған емнің нəтижесіне баға беру үшін төмендегідей тексерулер жүргізіледі:
1) сыртқы тыныс қызметін зерттеу
2) қан мен қақырықтың жалпы клиникалық анализі 3) иммунологиялық зерттеулер
4) рентгенологиялық тексеру
5) бронхоскопия
6) ЭКГ
Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде (спирография, пневмотахография, пик-флоуметрия),
тыныс тұншықпасында сыртқы тыныс функциясының обструктивті өзгергені анықталады: бронх өткізгіштігін сипаттайтын көрсеткіштер мөлшерінің азаюы. ТСТ1 азаяды жəне Тиффно индексі оның тиісті мөлшерінің 75%-нан төмен болады. Бұл көрсеткіштерден басқа ТТ-да өкпенің қалдық көлемінің (ӨҚК) жəне функциональдық қалдық сиымдылықтың (ФҚС) көбейгені жəне трахея – бронх дискинезиясының белгілері – спирограмманың құлдилама тізесінің жоғарғы бөлігінде кертіктер болуы (Колбет-Висс симптомы) анықталады
Емі. Емнің негізгі мақсаты - ауруға тиісті бақылау қою. Ол үшін этиотроптық жəне
патогенетикалық емдеу əдістері қолданылады.
Ауруға адекватты бақылау қою критерийлеріне жатады:
1) аурудың клиникалық белгілерінің толық болмауы,
2) бүркемелі бронх обструкциясын (клиникалық анықталмайтын, функциональдық
зерттеулер көмегімен анықталатын) түзеу;
3) науқас адамның қалыпты тіршілік əрекеті: түскен күшті, психологиялық стресті қалыпты
күйде көтеру, респираторлық вирустық инфекцияға қалыпты түрде қарсы тұру;
4) əр түрлі əдіс қолданып, тұншықпаның қайталауынан оның ерте сатыларында сақтану. Емдеудің негізгі əдістері:
1. Этиотропты ем:
а) элиминация емі;
б) микробқа қарсы ем.
2. Патогенетикалық ем:
а) глюкокортикостероидтар;
б) клетка мембранасының стабилизаторлары (натрий кромогликаты, натрий недокромилі,
кетотифен, задитен);
в) теофиллин;
г) антимедиаторлық дəрілер (антигистаминдік, антилейкотриендік препараттар).
3. Бронхолитикалық ем: а) адреномиметиктер; б) холинолитиктер;
в) теофиллин;
г) муколитиктер;
д) кальций антогонистері;
4. Жалпы əлдендіру емі (витаминдер, микроэлементтер)
5. Дəрілік емес ем (спецификалық иммундық терапия, рефлексті инемен емдеу, психо-
терапия, баротерапия, емдік дене тəрбиесі, физиотерапия т.б.)
6. Ауру адамды үйрету, ТТ-н емдеуде науқастың дəрігерге серіктігін қалыптастыру. Элиминация емі науқас адамды қоршаған ортадан аллергиялық реакция тудыратын
аллергендерді (тұрмыс аллергендері, жануар аллергендері, өсімдіктердің тозаңдары, жəндіктердің шағуы, саңырауқұлақтар, тамақ аллергендері, дəрілік аллергендер т.б.) жою мақсатында іске асырылады.
Антимикробтық ем аурудың инфекциялық вариантында тағайындалады, ол төмендегі жағдайларда қолданылады:
а) пневмония, созылмалы ірінді бронхиттің қайталануы фонында қайталаған инфекцияға тəуелді тыныс тұншықпасында;
б) лор-органдарда активті инфекция ылғи барында;
в) тыныс жолдары саңырауқұлақпен зақымданған гормонға тəуелді тыныс тұншықпасы-мен ауыратындарға.
Глюкокортикостероидтар тыныс тұншықпасын емдегенде қабынуға қарсы ең белсенді əсер көрсететін дəрілер. Глюкокортикостероидтар ингаляциялық жəне жүйелік болып бөлінеді.
Ингаляциялық глюкокортикостероидтар жергілікті қабынуға қарсы əсер көрсетеді жəне олардың жағымсыз əсері ең төмен болып келеді.
Болжамы. Аурудың болжамы оның диагнозын мезгілінде қоюмен, науқас адамның өз күйін өзі бақылай алатын қабілетімен, түрткі факторларды аластаумен, медициналық көмекті мезгілінде көрсетумен байланысты. ТТ-ың үлесіне жалпы өлім-жетімнің 0,2% тиеді. ТТ-мен ауыратындар басқа аурулардан өледі.
Еңбекке қабілеттілік сараптамасы. Іріңді обструктивті бронхитпен қоса кездесетін ТТ-ң ауыр дəрежесінде уақытында еңбекке қабілетсіздіктің орташа мерзімі 34-48 күн, орташа ауырлықты ТТ-да - 24-28 күн, аурудың жеңіл дамуында -12-18 күн.
Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері: ұстаманың сиреуі немесе тоқтауы, дəрілік ремиссияға қол жеткізу, тыныс тұншықпасының даму барысының тұрақтануы, ТТ-ң бронхитпен қоса кездесетін жағдайларда бронхтардағы белсенді қабыну процесінің жойылуы.
МƏСК жолдама беру көрсетпелері: тыныс жетіспеушілігінің ІІ немесе одан да жоғары
дəрежесі бар гормонға тəуелді ТТ-ң ауыр дəрежесі, декомпенсациялы өкпе-текті жүрек.
Санаторлық-курорттық ем. Аурудың қайталауы жоқ кезде науқас адамдар Қырымның Оңтүстік жағалауында орналасқан климаттық курорттарға, Кисловдскіге т.б. климаттық курорттарға жіберіледі. Жергілікті санаторий-прафилакторийлерде, пульмонологиялық санаторийларда емдеуге болады. ТТ-ң орташа жəне жеңіл түрімен ауыратындар тұзды шахталарда емделеді.
Диспансерлеу. ТТ-мен ауыратын адамдар пульмонологта диспансерлік есепте болуы керек, оларды жүйелі түрде аллерголог қарап тұру керек. Қарау жиілігі – жылына 4 рет. Керек тексерулер жасалып, керегіне қарай ем қолданылады.
Алдын алу (профилактикасы). Бірінші ретті профилактика сұрақтарын отбасын құру жоспарланған кезде шешу керек. ТТ-мен ауыратын адамдар отбасын құрмаулары керек. Екінші ретті профилактика жедел респираторлық аурулардың алдын алу жəне оларды мезгілінде емдеу, қоршаған ортаны ластаумен күрес, аллергендерді жəне басқа себеп факторларды аластау түрінде іске асырылады.)