Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата15.03.2017
өлшемі8,26 Mb.
#9298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қасым тектес құс
Зады, серік жайлы айту үшін, ақ сұңқар
туралы білу шарт. Ақсұңқарұлы
Қарағанды шаһарында қалды. Бірде,
оның тентек өлеңін кездейсоқ оқығаным
бар. Өлеңнің аты да қызық –
“Провинциялық əдебиет”. Жұрт
Бальзактың аузына салатын аталы сөз
есіңізде шығар, оқырман: “Ақындар про-
винцияда туып, Парижде өледі”, – делі-
неді сонда. Оны түгел естігенбіз, бірақ
Серіктің қарсы пікірі бас қалаға жетпей
қалыпты:
Ауыл менен астананың арасы, 
қанша қашық дегенімен, қарашы: 
Асқақ қарап тұрған Алатауынан 
Абайың да – 
Шыңғыстаудың баласы!
Жүрегімді сол Семейдің оты ұрып, 
Өмір сүріп келем өксіп, өкініп. 
Ақындардың ауылдарда туатын, 
Астанада өлетіні – өтірік! 
Ақындық əділдікке салып жіберіпті.
Тағдырдың Қасым құсап Алматыға ұшып
жетіп, бүлік шығаруына жазбағаны ма
деймін, əйтпесе сол ағасы айтқан асау
сөзді ол да ойланбай-ақ оңай айта салар
еді:
Берсең – бер, бермесең – қой
баспанаңды,
Бəрібір, тастамаймын астанамды.
Өлеңіммен от жағып, жылытамын
Өзімді, əйелімді, жас баламды .
Ол Қасым Алматыда жаққан отты
Қарағандыда алаулатып отыр:
Кешір, əке! Өркеніңе қарашы: 
Жазылмаған жүрегімнің жарасы. 
Жаңа білдім: жер мен көктей екен ғой, 
Туған жер мен тойған жердің арасы!
Бəйге. Пырақтар
Осы өлеңді мен жатқа білемін. Əр
ойды дөп басқан метафора, Арқаның өзі
тəрізді еркіндік, дүниенің көлемі мен түсін
жылқының белгі, қасиеттерімен
айқындаған көшпелі қазақтық пафос, əр
құбылысты космостық деңгейге шейін
кеңейтіп алып, талқыға салатын ауқымы
мол аласапыран жүйе жаңаша форма-
мен, өзгеше өлең техникасымен астасып
жатады.
Сəуірбек аға!
Ғафу ет сұрағаныма:
Арғымақтың да адамша жылағаны ма?!
Арғымақтар-ай!
Ғасырдың ғажап
тұлпары!
Менің де қаным – қыр қаны,
қазақтың қаны.
Шынымды айтам, шынымды –
сандырақтамай:
Құндыз қыл құйрық сұржекей,
арғымақтар-ай!
Даламыз – кітап.
Беттерін ашқанда кілең –
терең ол,
ерен ғажайып дастандарымен.
Эпосы,
эпопеясы қыраттарымның 
тұяқтарымен жазылған пырақтарымның. 
Ат тұяқтарының даламда азан сапты
əні... 
Ата-бабамның сол еді қаламсаптары!
(“Жиырмасыншы ғасырдың
жиырма сəті”,
поэма-панорама, Алматы,
“Жалын”, 1984 ж., 
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
20

«Мәңгілік ел» идеясы
және оның үш негізі.
Ұлттық идея мәселесі
бүгінде барлық
посткеңестік мемлекет-
тер үшін маңызды болып
отыр. Бүгінде
қ о ғ а м ы м ы з д а
«мемлекетіміздің болашақ
даму бағытына қатысты
ұлттық идея мен мемле-
кеттік идеология қандай
болуы?» тиіс деген
пікірталастың жүріп
жатқандығын аңғаруға бо-
лады. Бұл туралы
Қ а з а қ с т а н
Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
тұңғыш президенті,
Ұлт лидері Н.Ә. На-
зарбаев өзінің
биылғы «Қазақстан
жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты
Қазақстан халқына
Жолдауында: «Мен
қоғамда «Қазақ елінің
ұлттық идеясы
қандай болуы
керек?» деген сауал
жиі талқыға
түсетінін көріп
жүрмін. Біз үшін
б о л а ш а ғ ы м ы з ғ а
бағдар ететін,
ұлтты ұйыстырып,
ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея
бар. Ол – «Мәңгілік
ел» идеясы», – деген
едi. 
Әдетте, «идея» (грек. ідеа –
түсінік, елес, бейне) – теориялық
жүйенің, логикалық құрылымның, соның
ішінде дүниетанымның негізінде
жатқан анықтаушы түсінік
мағынасында қолданылатын
философиялық термин. XVIII ғасырдағы
немістің классикалық философиясының
негізін салушылардың бірі  – И.
Канттың тілімен айтсақ: «Адам
білімінің қайсыбірі болмасын, түйсіктен
басталып, түсінікке
ұласып, идеямен
аяқталады» [1, 124 б.]. Осы
бір қарапайым сөз тірке-
стері «идея» түсінігінің
мәнін және қалыптасу жол-
дарын қысқаша түрде
нақты бере алады. 
Жалпы «Мәңгілік ел»
идеясының үш негізден не-
месе үш тұғырдан тұрғаны
анық.   Біріншісі–Түркі
қағанаты билеушілерінің
(Күлтегін, Білге қаған,
Тонықұқ ескерткіштерінде)
саяси акт – «манифесті»
әзірлеп, тарих сахна-
сына шығаруы; екін-
шісі – әл-Фарабидің
ф и л о с о ф и я л ы қ
ш ы ғ а р м а с ы н д а
идеяның теориялық-
ф и л о с о ф и я л ы қ
тұрғыдан негізделуі
және үшіншісі – Жүсіп
Б а л а с а ғ ұ н н ы ң
«Құтты білік»
дидактикалық да-
станында құқықтық
мемлекеттің негізгі
қағидаларының, яғни
Ата заң
і р г е т а с ы н ы ң
қалануы.  
Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың түркі
м е м ле к е т т е р і н і ң
ынтымақтастығы
мен интеграциялық
үдерістерін нығайту
жолында көптеген
идеялық және практикалық іс-
шаралардың ұйтқысы болып, бірталай
маңызды істерді жүзеге асырғаны
мәлім. Ал, «Мәңгілік ел» идеясы барлық
түркілердің бір тарихи кезең – VII
ғасырда, бір шаңырақ астында
тұрғанда қабылданған және
жарияланған идея болатын. Ендеше
тарих сынынан өткен бұл идея бүкіл
Түркі дүниесі үшін ортақ және осы идея
төңірегіне бірігу қазіргі  жаһандану
заманындағы  түркі тектес
Сыздықов Сатай
Мақсұтұлы – тарих
ғылымдарының докторы, профес-
сор, Күлтегін атындағы
сыйлықтың лауераты. Л.Н.Гуми-
лев атындағы Еуразия Ұлттық уни-
верситеті жанындағы
Этносаралық қатынастар жəне
Қазақстан халқы Ассамблеясының
толеранттығы» ғылыми зерттеу
Орталығының директоры.
«Қарлық  мемлекетінің тарихы»,
«Түркілердің тарихи-мəдени
мұрасы», «Евразийская идея Н.На-
зарбаева и тюркское простран-
ство», «Түркі халықтарының
тарихы», «Қарлық-Қарахан мемле-
кеті: саяси тарихы жəне мəдени
мұралары», «Мəңгілік ел» идеясы:
қалыптасуы, үш негізі, тарихи
сабақтастық»   атты монография-
лар мен оқулықтардың жəне 100-
ден астам ғылыми мақалалардың
авторы.    
Сатай 
Сатай 
СЫЗДЫҚОВ
СЫЗДЫҚОВ
тарих ғылымдарының 
тарих ғылымдарының 
докторы, профессор
докторы, профессор
Қ А Р Қ А Р АЛ Ы  –  
«Мəңгілік елдің» мəңгі қаласы
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
21

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
22
халықтардың мұраты  болары
анық
Жоғарыда аталғандай,
«Мәңгі ел» идеясы ежелгі
түркілердің өз заманында
туған  үш тұғырдан, яғни
үш негізден тұрады. Бұл үш
негіз бір-бірімен тығыз бай-
ланысты, бір заманның же-
місі және өзіне дейінгі
бабалар мұратымен жалғаса
отырып, кейінгі ұрпақтарының
құрған мемлекетшілдік идеялары-
мен сабақтасады. Бұлардың бәрінің ба-
стауында орта ғасыр дәуіріндегі
түркілердің өркениеті тұр. 
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі
саяси тұжырымдары, Әбу Насыр Әл-
Фарабидің «Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары» және
тағы басқа әйгілі туындыларының ой-
идеялары – «Құтты білік»
дастанындағы аналогиялық толғам,
философиялық түйіндер, саяси-
әлеуметтік болжамдар  бір
мәдениеттің, бір өркениеттің, заман
мен әлеуметтік жағдай ғана емес, бір-
тектес ел-жұрт тіршілігі
тұтастырған бір дүниетанымның же-
містері. Тарихи кезең мен мемлекет-
шілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар
Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің
философиялық шығармаларында да
және Жүсіп Баласағұн дастанында да
бірдей кездесіп отырады.
Белгілі бір идеяның мемлекеттік
сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен
шығуы үшін  негізгі екі талапқа жауап
беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемле-
кетте өмір сүріп отырған  халықтың
мақсат-мүддесімен, болмысымен толық
сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монть-
еске: «Заңдар үкіметтің табиғаты мен
принциптеріне, басқару формасына,
елдің географиялық факторы мен
физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен
көлеміне, климатына, топырақ   сапа-
сына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне,
санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-
ғұрпына сәйкес болу  керек», – дейді.
Екіншіден, идеологияның мемлекеттік
сипат алуына қажетті тағы бір
қасиет оның сол мемлекет тарихымен
сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы
сол қоғамда үйреншікті, жетекші
идеологиялық деңгейде болу тиістігін
айтады [2,289 б.]. Осы негізгі екі белгі
де, бірінші бөлімде дәлелденгендей,
түркі-лердің ұлы қағанатын құрғанда
бар еді. 
Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс
Түрік қағанаты әскерінің бас
қолбасшысы Күлтегінге арнап
қойылған бітіктаста түркі
еліне жария етілген. Күлтегін
ескерткішіндегі жазудың
сол жақ [КТ.IV.8] бетінде:
«Өтікен жынысында
отырсаң мәңгі ел тұтып
отырар ең», – деп
айтылған. Тура осы
сөздер Білге қаған
ескерткішінің  оң жақ
[БК.IV.6.] бетінде
қайталанған. «Мәңгі» сөзі ай-
тылмаса да, оның мағынасы
Тұйұқық ескерткішінің екінші
ұстынының сол жақ бетінде  «ел»
сөзінің бір сөйлемде екі рет
қайталануы  арқылы берілген: «ел  де
ел болды» [Тұй. II.56.].
Ескерткіште «мәңгі ел» Өтікенде,
яғни түркі мемлекетінің бас  ордасымен
бірге айтылған. «Қаған», «қан», «хан»
атауларының бір-бірімен тығыз байла-
нысты екеніне кәсіби мамандар ерекше
көңіл бөледі. В. Бангтың пікірінше: «йе-
тікан» (жұлдыз атауы) сөзіндегі «кан»
және «мәңгілік елдің» сақталуын Түркі
қағанатының астанасы – «Өтікенмен
байланыстырған Күлтегін мен Білге
қаған ескерткіштеріндегі («Өтікен жы-
нысында отырсаң мәңгі ел тұтып от-
ырар ең») сөздің соңғы буыны  «кен» ~
«кан» да осы [ 3, 40 б.]. «Қан» сөзі батыс
ғұндарда да болғанын Атилланың
Арықан [Арығ қан -таза, пәк патша-
йым) есімді әйелі болғанынан байқауға
болады [4. ІІ, 173 б; 5, 221 б; 6, 97 б.].
Атақты ақ ғұн әміршілерінің бірі Визан-
тия деректерінде Күн хан (V ғ. екінші
жартысы) деп көрсетіледі  және «хан»
сөзінің ғұндар дәуірінің өзінде «ел» тер-
минімен қатар қолданылғаны мәлім
болып отыр [7, 322 б.]. Асылында
түрікше екені белгілі және кей жер атау-
ларында кездеседі (мысалы: Ханбалық -
Хазар астанасы) [8, 452 б.]. бұл термин
түріктер исламды қабылдаған соң да
қолданыстан түскен жоқ. Сөздің кең
географиялық аймақта әр түрлі
мағынада қолданылғаны мәлім. 
Ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идея-
сын теориялық-философиялық
тұрғыдан негізін салып берген
түркілердің әйгілі ойшылы, философы
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) болды.
Әл-Фарабидің көзқарастарынан басты
үш бағытты айқын аңғаруға бо-
лады.Ол дүниенің мәңгілігін, танымның
болмысқа тәуелділігін мойындады, со-
нымен қатар, ақыл-парасат туралы
ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік
бастауларын ақыл-парасаттан,
адамның жан дүниесінен, түр мен мате-
рия арақатынасынан, аспан әлеміндегі

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
23
құбылыстардың мәнінен іздеді. Әл-
Фарабидің  философиялық ілімін де өз
кезеңінің, яғни ортағасырлық түркі
және мұсылмандық дәуір тұрғысынан
зерделеген жөн. Алайда, ол жоғарыда
аталған түсініктерді философиялық
тұрғыдан алға қарай
дамытты.Мәдениетсіз қалалардың
барлық түріне қарама-қарсы
қайырымды қалаға ең жақыны ұжымды
қала дейді. Бұл қаланың тұрғындары
барлық іс-қимылда тең құқылы, бұл
жерде бағыныш-тылар мен билік ету-
шілер жоқ. Ал  қаланың басшылары
құрметке иеленгендер ғана бола алады.
Фараби бостандық пен тең құқылыққа
ықыласпен қарайды, бірақ басшысыз,
оның өкіметінсіз жалпыға ортақ
бақытқа жету мүмкін емес деп есеп-
тейді. Әл-Фараби заманында түркі
жұртының қала-мемлекеттері басым
болды. Сондықтан әл-Фарабидің «қала»
түсінігін «мемлекет» түсінігімен сәйкес
қарастыру орынды.
«Құтты білік» дастаны орта
ғасырларда өркениетті ел болған
Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің
тілінде жазылғаны белгілі. Қарахан
әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-
ғайыр өлкені алып жатқан осы
мемлекеттің басқару тәртібін белгі-
лейтін ережелер, сондай-ақ қоғам
мүшелерінің құқықтары мен міндетте-
рін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын
толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұн
өзінің «Құтты білік» дастанын жазды.
Демек, дастан белгілі бір мағынада ел-
дегі Ата заң   қызметін атқарған.
Шығармада ел басқарудың, экономи-
каны, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды,
әскери істі ұйымдастырудың,
шаруашылықты, тағы басқа да
мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың
ерекшеліктері суреткерлік-
философиялық тілмен баяндалады.  
Ж. Баласағұн еңбегіндегі елдегі
заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі
және орта топтың мемлекеттің
әлеуметтік тірегіне айналуы туралы
идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы
үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі
таңда «Мәңгілік ел» идеясын ұлттық
идея ретінде жариялап отырған  Ел-
басы, ҚР президенті  Н. Назарбаевтың
да   ұстанып отырған саясаты.
«Қарқаралы» атауының этимоло-
гиясы мәселесіне.Жалпы «Қарқаралы»
атауын-да «қар» түбірінің қайталануы
анық байқалады. Осы жерде қарға
құсының «қар-қар» деп қайталап дауыс
шығаруы бірден еске  түседі.Ежелгі
түркі ата-бабаларымызда әр румен
тайпаның өз киелі тотемі аң-құстар
болғаны мәлім. Сондай тотемнің бірі –
қарға құсы болған. Бұған түркі-монғол
фольклоры мен этнографиясынан
көптеп мысалдар келтіруге болады.
Ұшқанда қанатынан күн тұтылатын
қарға, адам жегішке қарсы тұратын
қарға, батыр бейнесіне енген қарға,
мәңгілік өмір мен дәулеттің иесі қарға,
өлілер дүниесінің әміршісі қарға т.б.
түрінде айтылатын миф-аңыз мотив-
тері жиі ұшырасады.
Қазақтың көптеген ру-тайпалары да
осы құсты киелі тотемі ретінде
санаған. Оған төменде келтірілген
аңыздар мен тарихи оқиғалар айғақ.
Ежелгі үйсіндердің таңбасы да қарғаны
бейнелеген. Қытай тарихшысы Сыма
Цянь  тарихи аңызды келтіреді. Оның
желісі бойынша үйсіндер ғұндардың ба-
тысында мекен еткен. Ғұндар   үйсін би-
леушісі гуньмоның әкесіне шабуыл
жасайды. Ал,  гуньмо туғанда оны
далаға тастайды. Сонда  аузында еті
бар қарға   гуньмоның үстінде ұшып
жүрді, ал қасқыр емшегін беріп, емізіп
отырады.Хазардың қағаны тек Ашина
әулетінен билікке келген. VIII-X
ғасырлардағы Қытай деректері бо-
йынша олардың таңбасы да қарға
болған. Әрісі Алтай мен берісі қазақ
халқының наным-сенімі мен салт-
дәстүрінде қарғаны кие тұту, тотем
деп санау күні бүгінге дейін сақталған.
Осы тұрғыда қарға тотемі сөз
болғанда, уақыт пен кеңістікке
қатысты байырғы таным-түсініктер
бірінші кезекте назар аудартады.  
Тарихи-салыстармалы тәсіл
тұрғысынан алтай тілдік тобындағы
халықтар арасында ең байырғы
тотемнің қарға екенін байқауға бо-
лады. Этнография ғылымының негізін
салушы америкалық әйгілі ғалым
Л.Г.Морган өзінің «Байырғы қоғам»
атты еңбегінде үндістердің тотемі
ретінде қасқыр, жолбарыс, аю, бұғы,
қабылан, балық, сұңқар, құтан сияқты
аң-құстардың санатында қарғаны да
атайды. Солтүстік Америкадағы тлин-
кит, атапаск тайпаларында «ел» деген
сөздің баламасы «қарға» екен. Олар
қарғаны жарық нұр мен тұщы суды,
қара жерді, қызулы отты, т.б. игілік-
терді жаратушы деп есептеп,
жақсылықтың нышаны ретінде кие
тұтқан.
Азиялық Сібірді тұрақ ететін
халықтарда, олардың наным-сенімінде
қарғаны күні бүгінге дейін кие тұтады.
Сахалардың қаңғалас тайпасының
және шор тайпаларының ішінде қарға
руы бар. Қазақ арасындағы  керей руы

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
24
атауының «қара», «қарға» сөздерімен
тамырласы жөнінде Рашид ад-Дин,
Г.Н.Потанин еңбектерінде
генеологиялық аңыздар келтірілген.
Қарғаның қадір-қасиетіне қатысты
деректер генеологиялық аңыздармен
ғана шектелмейді. Манжұрлардың ара-
сында қағанды өлімнен құтқарған қарға
туралы аңыз бар. Бұйраттардың
(бурят) наным-сенімі бойынша, құдіреті
күшті Гучин-Гурбу-Гурбстен-ханның
құрметіне шалған құрбандық малының
етінен үш қарға шоқыса, аруақ риза бо-
лады екен. Ал мама ағаштың басына
қарға қонса, аттары жүйрік болады-
мыс. Бұл монғолдар түсінігі мен кие
тұтудағы сенімі. Сонымен бірге,
көшпелiлерде «Қарға - Тәңiрiнiң елшiсi»
деген деген сөз қалған. Көктемнiң кел-
генiн алғаш жеткiзетiн жыл құсы - осы
ұзақ қарға. Алтай тiлдiк тобына жата-
тын халықтардың сонау әлiмсақтан
берi қарғаны кие санайтындығы белгілі.
Сонымен бірге, түркi тiлдес халықтар
арасында көбiне жыл құсы ретiнде
қарғаны есептейтiндiгi анық
байқалады. Мысалы, барабалықтар
жыл басын «қарға айы» десе, чұлым та-
тарлары «қарғи айы» деп есептеген.
Бізде де «қарға тамырлы қазақпыз,
«қарға қарғаның көзiн шұқымайды»
деген де бiз. «Қарғам» деп жиі сезiмiмiздi
де бiлдiремiз.    
Бұл құстың қазақ ру тайпаларына
тотем болуының бір себебі, олардың
интеллектуальдық қабілетінің жоғары
болуы. Ғалымдар аң-құстың интелек-
тісін тексергенде, алдыңғы орынға
шимпанзе, одан кейін қарғаны, одан
кейін дельфинді шығарған.  
Саяси тарихтан. Гар-рга-пур –
қарғаның ұлы Бахрам Чубин. Ғалым П.
Пельоның экспедициясы тапқан VIII
ғасырдағы   географиялық трактатта
Батыс түріктерінің ішінде янь-ти, хеб-
дал(эфталиттер) және гар-гра-пур
тайпалары аталады. Бұлар кезінде  VII
ғасырдың 20-жылдарында Түн жабғы
қағанның қол астына енген болса керек.
«Гар-гра-пур» екі түбірден тұрады.
«Пур»-ұл (парсыша) және «гар-гра» -
қарға(түрікше). Бұл парсыша «чубин» -
қарғаның калькасы, яғни «қарға тай-
пасы»  -  бұл  Чубин тайпасы. Хормизд
шах тұсындағы Бахрам Чубин батыр
қолбасшының  лақап атына айналған.
Бахрам Чубиннің тегі ежелгі
парфяндардың михран руынан шыққан.
Парфяндар скифтердің туысы ретінде
сактар мен юечжылар мен қатар өмір
сүріп, кейін б.э.д. II- ғасырда ғұндар мен
сяньбилердің ығыстыруымен Орта
Азияға қарай жылжыған. 224 жылы
оларды парсылар талқандап, 240-тай
парфян жан-ұялары аман қалған. Ба-
храм Чубин батыр қолбасшы
осылардың ішінен шыққан.Оны Истеми
қағанның қызын алған парсы билеушісі
Хосроу Ануширван бағалап, өзінің
қолбасшысы еткен.Кейін, 589 жылы
түркілер мен парсылардың арасындағы
шешуші шайқаста Бахрам Чубиннің
жасаған ерлігі мен тапқырлығы
нәтижесінде парсылар жеңіске жетіп,
түркі билеушісі Савэнің қолы
талқандалған болатын. Савэнің
армиясындағы пілдердің көзіне садақпен
оқ жаудыру арқылы түркілердің өз
әскерін пілдері таптаған. Сонымен
бірге, Бахрамның 700 метрден садақпен
атқан оғы түркі қолбасшысы Савенің
темір қалқанынан өтіп, өлтірген. Бірақ
кейін парсы шахымен араздасып, Ба-
храм Чубин өзінің туыстары болып
есептелетін түркілер жағына шығып
кетеді де сол жақта парсылар жіберген
тыңшының қолынан қаза табады.
Сөйтіп, біз қарға атын жамылған, тегі
прототүркілерден шыққан
ортағасырлық заманның аңызына
айналған батыр қолбасшы Бахрам
Чубин туралы деректер келтірдік.
«Қарқаралы-Қазылық» ежелгі жыр-
аңыздарда. Қарқаралының ежелгі
атауының бір нұсқасы - «қазылық»
болған. Бұл атау Қорқыт Ата
дастанының қалыптасу кезінен бастап,
ХХ  ғасырға   дейін жиі айтылып жүрген.
Оған Қорқыт Ата кітабындағы
«Қазылық ұлы ер Жүгенек» жыры мен
ХIХ  ғасырда өмір  сүрген қазақтың
атақты ақыны Күдеріқожа
Көшекұлының  «Қарқаралы - Қазылық»
атты толғау жыры куә бола алады.
ХІХ ғасырдың басында сонау Сыр бо-
йында туып, Қарқаралы топырағында
дүниеден озған айтулы айтыскер  ақын
Күдеріқожа Көшекұлы  осы толғауында
Қарқаралы  өңірінің заманында ырыс пен
ынтымақтың, байлық пен бақыттың,
береке мен бірліктің құтты мекені
болғанын тілге тиек етеді.
Қарқаралы, қайран тау,
Тиюші еді пайдаң тау,
– деп тебірене жырлайды
ақын.«Қарқаралы- Қазылық» атты
толғау жырын  Мұхтар  Әуезов те,
Сәкен  Сейфуллин де аса жоғары
бағалап, оқулыққа,  хрестоматияларға
енгізген.  Мәшһүр Жүсіп
қолжазбаларында  бұл толғаудың
көнерек нұсқасы «Қалмақтың  жер - суы
мен қоштасуы» деп аталады 1820 жыл-
дары  туған  Күдеріқожа 1858 жылы
Қарқаралы өңірінде қайтыс болды. 
Қарқаралы өңірі арқылы әлемге

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
25
әйгілі саяхатшылар да ғылыми экспе-
дициялар да өткен. Қазақтың тұңғыш
ғалымы, ғұлама Шоқан Уәлиханов
Қарқаралы өңірінде екі рет – 1855 және
1863 жылдары болды. «Қарқаралының
сыртқы округтері болыстарының
қысқы көші-қоны» деген белгілі еңбегі
осы тақырыпқа арналған1909 жылы
орыстың танымал жазушысы Михаил
Пришвин осы өлкеге келіп, ат басын ті-
реді. Шоқанның сүйікті досы, белгілі
саяхатшы-этнограф Григорий Пота-
нин де осы өңірден алған әсері туралы
орыстың Императорлық-
географиялық қоғамының Батыс-Сібір
бөлімшесінде арнайы баяндама
жасаған.
Қарқаралы – Алаш қозғалысының  бе-
сігі. Осы уақытқа дейін Алаш тарих-
нама-сында жеткілікті тұрғыда көңіл
аударылмай келе жатқан мәселе –
Қазақстан тарихындағы  өзекті орын
алатын  Алаш қозғалысының
Қарқаралы қаласынан  қайнар баста-
уын алатын-дығын мойындау.
Басқаларын айтпасақ та бір
Қарқаралы петициясының өзі осыған
дәлел. Өйткені Алаш зиялыларының
тәуелсіз мемлекет, яғни мәңгілік ел
құрудағы бағдарламасы мен іс-
әрекеттері осы Қарқаралы петиция-
сында көрсетілген талап, тілектерден
бастау алды және іс жүзінде
өрбіді.Оған дәлел болу үшін сол
петициядағы талаптардың  біразын
келтірсек  түсінікті болар: 
1)Қырғыз халқының аты мұсылман
қырғыз деп аталып әскери міндеттен
босатылсын.
2) Қырғыздарды Орынбордың рухани
жиналысына бағындырып, 1868 жылға
дейінгі ережелерді қолданып, қазан
мұсылмандарының тәртібіне
сәйкестендіру керек.
3) Қырғыздарға мешіт, медресе салуға
рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге
еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша,
парсы және түрік тілінде сабақ беруге,
газет және кітаптар шығаруға баспа-
хана салуға рұқсат берілсін.
4) Қырғыз халқын басқаратын адам
қырғыз тілін білулері міндетті. Оларды
тағайындау немесе орнынан алу
мәселесі қырғыз қоғамының өкілінің
таңдауымен болуы шарт. Бүгінгі шаруа
бастықтарының орнына халықтың
арасын бітістірушілерді заңдандыру
керек. Бұл қызмет қырғыздардың ішінен
жеткілікті білімді қырғызды
тағайындау қажет.
5) Барлық қырғыз істері қырғыз диа-
лектісінде жүргізілуі міндетті. Хат жа-
зушы, күзетші, хаттарды
таратушылары тегіс тек қырғыз тілін
білетін адамдардан тағайындалсын.
15) Ертіс бойындағы жерлер ерте за-
маннан қырғыздардың ата қоныстары
болып есептелген, кейіннен әскерлердің
пайдасына берілді. Сондай-ақ басқа
мәртебелінің кеңсесіне қарасты
қырғыздардың пайдалануына берілген
жерлер сол қырғыздарға ата қонысы
ретінде мәңгілікке берілсін.
16) Қырғыздардың қыстаулары және
жаз жайлаулары бұрынғы салт бо-
йынша олардың меншігінде қалуы тиі-
сті.
17) Қырғыздың таулы даласында
ашылған қазба байлықтары олардың өз
меншігі болуы, ол жерде салынатын за-
водтар қырғыздардың өзінікі болып
есептеледі. Егер де олар өздері оны
өндіруден бас тартса, сонда ғана басқа
адамдарға жалға беруге болады. Бірақ
олар әр десятинасына жалдау ақысын
төлеулері тиіс.
30) Қырғыздар православниктер
сияқты империяның қай уезінен, облы-
сынан, губерниясынан болмасын жер
алуға, сондай-ақ мемлекеттік
қызметтерде істеуге құқығы болсын.
38) Соңғы 20 жылда қырғыздардан тар-
тып алынып, жер аударылғандарға бе-
рілген жерлер қырғыздардың
басшыларына қайтарылсын.
Сонымен қатар, Алаш зиялыларының
қай-қайсысы болмасын өздерінің қазақ
елінің тәуелсіздігі үшін күресі мен
қызметі Қарқаралы өңірінсіз өткен деп
айту қиын.Бұл жөнінде деректер жет-
кілікті, және оларды шағын
мақаламызда түгендеу мүмкін емес. Ен-
деше, Қарқаралы-ны Алаш
қозғалысының алтын бесігі десек
қателеспейміз.
Пайдаланылған  әдебиеттер:  
1.Кант И. Сочинения в 6 томах, 4  –
том. – М., 1963.  
2.Монтескье Шарль Луи. Избранные
произведения. – М.: Госполитиздат, 2.
1955.  
3.F. Laszlo. Kagan ve aіlesі. // Türk Hukuk
Tarіhі Dergіsі, І. – Ankara, 1944.
4.Gy. Moravcsіk. Byzantіnoturcіca. І-ІІ. –
Berlіn, 1958.
5.Gy. Nemeth /türk.terc./. Hunların Dіlі. – İs-
tanbul, 1962.
6. P. Vaczy /türk.terc./. Hunlar Avrupa'da. –
İstanbul, 1962.
7.Eberhard W. Birkaceski Turk unvani hak-
kinda. Belleten, no.35.Ankara, 1945. 
8.V.Mіnorsky. Hudud'ul-Alem. The Relіgіon
of the World, a persіon Geography,
GMNS, XІ. – London, 1937.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
26
Алихан Букейханов один из самых популярных
представителей национальной интеллигенции
первой трети ХХ в. О нем написаны десятки книг
и статей, и все же до сих пор крайне сложно от-
следить многие вехи из биографии А.Н. Букейха-
нова. В частности, известны лишь некоторые
эпизоды из жизни и деятельности А.Н. Букейха-
нова в период его вторичного пребывания в
Омске (1894-1908), во время самарской ссылки
(1908-1916). До сих пор неизвестны все псевдо-
нимы А.Н. Букейханова, активно публиковавше-
гося на страницах периодической печати в
Омске, Санкт-Петербурге, Самаре, Москве,
Троицке, Оренбурге, Семипалатинске и других
городах. А это значит, что остается закрытым
для исследователей и огромный пласт статей и
очерков А.Букейханова. До настоящего времени
найдены и опубликованы лишь часть исследований А.Букейханова, написанные по
итогам работы в экспедициях Ф. Щербины и С. Швецова. Остается вне исследо-
вательского поля эпизоды его жизни в Москве в 1920-1930-е гг. Главная причина
этих лакун в том, что значительная часть архивных материалов о нем была либо
уничтожена, либо затерялась в фондах архивов государств, информационное и
исследовательское поле которых сегодня не является единым. Однако активная
работа по изучению истории жизни и деятельности А.Букейханова начинает да-
вать плоды. В 2012 г. журналист Султан-Хан Аккулы, проживающий в Праге, в
рамках исследовательского проекта, посвященного 95-летию Автономии Алаш-
Орда, опубликовал серию статей о А.Букейханове. В них отслеживается ряд
новых страниц из жизни Алихана Букейханова.
В данной статье мы остановимся на двух фрагментах взаимосвязей А.Букейха-
нова и каркаралинского региона – исследовательские и общественно-политиче-
ские. В конце XIX в. А.Н. Букейханов был одним из крупных исследователей жизни
казахов-степняков Центрального Казахстана. В течение ряда лет он работал в
составе экспедиции по исследованию степных областей в статистико-экономи-
ческом отношении, руководимой Ф.А. Щербиной. В 1899-1899 гг. вместе с Д. Са-
тыбалдиным, Е. Итбаевым, У. Абичевым, И.Ф. Гусевым, М. Чумбаловым, И.Д.
Трипольским и другими занимался  обследованием Каркаралинского уезда. Экспе-
дицией была проведена перепись 67% всех имеющихся хозяйств, материалы ко-
торой опубликованы в 1905 г. Руководитель отряда Л.К. Чермак высоко оценил
вклад Букейханова: «Ему принадлежит составление примечаний к общинно-ауль-
ным группам, разные схемы, установление естественно-исторических районов и
описание их, составление таблицы перекочевок и составление алфавитного ука-
зателя киргизских слов, вошедших в примечания. Им же совместно с И.Ф. Гусе-
вым была составлена карта киргизского землепользования».
Одна из целей руководимой Ф.А. Щербиной экспедиции заключалась в изучении
вопроса о переселении сюда крестьян из Европейской России. В одной из своих
публикаций Букейханов, анализируя переселенческую политику России в казахские
земли, пишет: «Считая землю своей собственностью, киргизы, при вступлении в
русское подданство, не думали, что государство позволит себе посягнуть на
частную собственность; между тем русское правительство создало законы, по
которым без всякой мотивировки просто и по праву сильного, все киргизские
степи признаются государственной собственностью, последствием чего созда-
лось переселенческое движение в киргизские степи, и самые лучшие участки земли

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет