Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жаппасбайдың
  табиғаты  осыған  ұқсас.  Біреудің 
тұнығын
 лайлап, содан лəззат алуды өзінің өмір сүру 
машығына
  айналдырған  Жаппасбайда  жазықсыз 
адамның
    обалынан,  киесінен  қорқу  деген  жоқ. 
Автор
  бұл  жерде  кейіпкердің  іс-əрекетін  оның 
психологиясынан
  туындатумен  бірге  жақсыларын 
жасытып
,  жаппасбайларды  тайраңдатып  қойған 
қоғамның
  да  көлеңкелі  тұстарына  бойлатады. 
Жаппасбай
 
характерінің
 
астында
 
ұлт
 
трагедиясының
 шындығы жатыр. 
Қоспанның ішкі  жан иірімдерін, терең толғаныстарын 
аралауда  автор  пейзажды  ұтымды  қолданған.  Суреткердің 
поэтикалық  сөз  өрнектері  даланың  ақ  түтек    боранын  
суреттеуде  əйгіленеді.Табиғат  көрінісі  боранды    «Ақ 
дүлей» (Қоспан  берген атау) - тылсым  күштің  бейнесінде 
береді.  «Ақ  дүлейдің»    жанды  бейнесін    танытатын 
детальдар    бар.  «Шарбы  бұлттың  арасынан  нұры  қашып, 
жүдеу  тартқан  ай  сығалайды.Төрт  күн  соққан  боран  оның 
да  ажарын    алып  кеткен  сияқты»,-  дей    келе,  бұл 
құбылысты  «кең  атырапты    жүндей    түткен»,  адамға  тізе  
бүктірген жойқын күш  түрінде бедерлейді. 
Роман  соңында  Қоспан  өзінің  өткен  жолына  сын 
көзбен  қарап,  бойындағы  кемшіліктерін  ой  елегінен  
өткізеді. Бұл ойға итермелеген - өмірі үшін күрес, боранды 
күнгі    арпалыстан    кейін  бойында  пайда  болған  рухани 
  79 
 
 
шығар  еді.  Газет  хабарларында,  ышқына  жазылған 
репортерлік мақалаларда ол осылай көрінген, айтылған. 
Ақын  ойға,  суретке  ерік  береді.  Сол  жəйттардың 
қалпын,  түр-түсін  көз  алдына  келтіреді.  Бұл  не  ғажап,  не 
ғаламат, цифр-ақпарларды былай тастап, ой көзімен, сурет, 
бейне  амалымен  қараса,  оны  қалай  айтып,  қалай 
түсіндіруге болар еді. Көркем сөздің құдіреті жете ме, əсер, 
түйсік аларлықтай етіп айтып беруге болар ма? 
Жұбан Молдағалиев алдына осындай міндет қойған да, 
соны шешуге ұмтылған. Оңай дүние емес. Өйткені құр таң 
қалу,  құр  қиялға  берілу  жеткіліксіз.  Суреттеу  керек, 
дəлелдеу  керек,  шындықтан  озбай,  сол  орасан  оқиғаның 
нанымды  бейнесін  жасау  міндет.  Ақынның  шеберлігі  де, 
шыдамдылығы  да  бұған  жеткен.  Бүгін  де  біз  апат  селдің 
бейнесін  осы  поэмадан  көре  аламыз.  Мəселен,  қылқалам 
шебері 
бояумен 
салып, 
жазып 
берсе, 
композитор 
музыкамен  келтірсе,  қандай  əсер,  сезім  алар  едік,  міне, 
сондай сурет, үн осы поэмадан көрінеді, естіледі. 
Сұлық, тұнық, бейхабар жатқан қала ештеңе білмейді. 
Алатаудың  басындағы  ақ  қар  ақша  бұлтпен  астасып 
кеткенін де ешкім көрмейді.  «Сел»  деген сөз үкімет үйіне, 
басшыға келіп бір-ақ жетеді: 
Жетті кеп санаң ұққанша, 
Кезекті демің шыққанша.  
Бүлк етіп тамыр соққанша, 
Бұрқ етіп терді сыққанша. 
Көргендей жауын аңдыған, 
Жұлқынды жүрек, дір етті. 
Секундта көз алдынан 
Сұрапыл сурет дүр етті. 
Бір  сəт  Басшы  көзі  алдынан  өткен  сол  суретті  ақын, 
бізге,  оқушысына,  егер  тоғанды  бұзып  өткен  сел  қалаға 
келсе,  не  болар  ақпарын  беріп  тұр.  Бізге  бір  тəулік  қана, 
небəрі  бір-ақ  тəулік  уақыт  керек,  құбырмен  суды  ағызып, 

  80 
 
 
бөгетті итеріп, ысырып тастағалы тұрған ерен күшті азайту 
үшін,  дейді  ол.  Лирикалық  шегіністерінде  ақын  өлең  де, 
шабыт та, мойымайтын көңіл мен қажымайтын күш біздің 
бірліктің,  солай  бекіп  орнаған  батырлық  салтымыздың 
нəтижесі, соның арқасы деген тұжырымға келеді. Ақынның 
биікке  самғап,  өзі  туралы,  яғни,  өзіміз  туралы  ой  таратқан 
шақтарында түсінетініміз: «өлең - ол детектив те, ермек те 
емес, менің де өзге мұрат, мақсатым бар»: 
Жазбаймын уақыты өтсін, ойнасып деп, 
Жазамын, Абайша айтсам, ойласын деп. 
Ойласын өзі жайлы, заман жайлы, 
Көргенге қиялымен бойласын тек. 
Осы  ойды  жалғастырып,  ақын,  лирикалық  кейіпкер, 
сəтімен  біткен  оқиғаны,  баршаға  мəлім  ерлікті  неге  жырға 
қосатынын ұқтырмақ. 
Сөйтіп,  сел  туралы  дастан  осындай  қоғамдағы  адам 
орны  туралы,  оның  ақылы  мен  санасы  туралы  толғаныс, 
ода болып шыққан. Көркем шығармаға арқау  болардай екі 
үлкен  алып  күш  бар  екені  анық:  долылығымен  қатар,  - 
даналығы да мол табиғат, меңіреу күш деп айтылатын апат 
пен  опат,  соны  ноқталауға,  тоқтатуға,  игеруге  жасқанбай 
баратын сана, амал. Медеу тасқыны өлім мен өмірді қатар 
қойған  қауіпті  апат  еді.  Ақынды  бұл  оқиғаға  барғызған  - 
поэзияға,  өлеңге  өзі  тіленіп,  сұранып  тұрғандай  адам 
тұлғасы, адам парасаты. Жұбан алған ойын орындаған. 
Сел  -  бұрын  қазақ  əдебиетінде  айтылған,  жырланған 
тақырып.  Кезінде  Тайыр  Жароковтың  «Тасқын»  поэмасы 
жоғары бағаланғаны мəлім. Кейін ақын «Тасқынға тосқын» 
деген  поэма  жазды.  Өмірінің  соңғы  кездерінде  тудырған 
бұл шығармада ақын сол тоған, бөгет идеясын қолдап, жыр 
етіп  еді.  Сол  тосқын  ақын  өмірінен  біраз  кейін  қолға 
алынып,  жүзеге  асырылды.  Осындай  əдеби  фактілік 
жағынан  қарасақ,  сол  тасқыннан  кейін  болған  тосқынды 
айту Жұбан Молдағалиевтың қолынан келді. Медеу тоғаны 
 129 
 
 
сыры  ретінде  табиғаттың  стихиялық  күші  –  боранмен  
психологиялық  параллелизм  арқылы  астарласа    ашылады. 
Қоспанның    ішкі  дүниесіндегі  алай-түлей  сезім    мен  
табиғат  құбылысы  түрде  суреттеле  келе,  тұтастықта 
танылады.  Романның  өн  бойында  адамдар  өмірі    мен  осы 
құбылыс  қатар  өріліп  отырады. Жетімдіктің  тауқыметін 
тартқан    жас    қыз    Жаңылдың    трагедияға    толы    өмірі  
оның    еске  түсіруі    арқылы  көрінеді.  Өң    мен    түстің  
арасында өз ойымен өзі арпалысқа түскен Жаңылдың күйін 
бейнелеуде  автор  «айқайлаған  еміс-еміс  дауыс»,  «түнде 
шырылдаған  бозторғайдың  ащы  үні»  сияқты  көркем 
детальдарды  пайдаланады.  Оның    бойын  билеген  суық  
қорқыныш  аласапыран  боранда    отар    қойымен  адасқан 
Қоспанның  (Жаңылдың  күйеуі)  жай-күйін    сездіргендей. 
Осы    қорқыныш  сезім  оның  көз  алдына  өткен  өмір 
жолдарын  əкеледі.  Əке-шешесінен    ерте  айырылып, 
ағайынының  үйінде  жүргенде  Ұштап    пен    оның    қызы 
Ибаштан  көрген    тепкісі,  «буыны  бекіп,  бұғанасы  
қатпаған»  сəби  сезімін  жаралаған  жетімдіктің    тауқыметі,  
күйеуі  Қоспан  соғысқа  кеткенде еркегі жоқ үйге басына 
келген,  ауылдың  шолақ  белсендісі  Жаппасбайдың  арам  
пиғылынан  тартқан  жан  азабы,    жалғыз    ұлы  Мұраттың 
өлімі,  одан  кейін  бала  көтермеуі  -  Жаңыл    тағдырының 
тəлкекті тұстары. 
Қоспанның  да  өмірдегі  жүріп  өткен  жолы,  қанқұйлы 
соғысқа  қатысуы,  тұтқында    болуы,  еліне    оралғаннан  
кейінгі   көрген теперіштері,  тұтқында  болғаны  үшін  өрген 
қудалауы  –  бір  адамның  тағдыры  үшін  аз  нəрселер  емес. 
Бұл 
оқиғалар 
алғашқыда 
 
Боранның 
бойына  
жасқаншақтықты,    жігерсіздікті  ұялатады.  Жаңылдың  да, 
Қоспанның  да  ішкі  əлемінде  ұқсастық бар. Ол – біреудің  
ала  жібін аттамас  адалдығы, төзімділігі,  өмір сүйгіштігі.  
Романда  танымы  мен  табиғаты  жағынан  Қоспанның 
адамдық  əлеміне  мүлде    кереғар  Жаппасбайдың  характері 

 128 
 
 
бұл  бейне  прототипінің  «кадровая  армия»  дейтінде 
шыныққанын  алу  керек  пе  еді?  Купциановтың  кейіпкер 
ретінде  жақсы  суреттеліп  келе  жатып  орта  жолда  əрі-сəрі 
қалып  қоятыны  жоғарыда  ескертілді.  Тахауидың  алғашқы 
романының  ақауы  ретінде  бірен-саран  олқылықтары  да 
кезінде  сынға  ілікті.  Романның  тіліңде  де  «тау  силуэтіне 
қарады»  деген  сияқты  «орынсыз  кірген  орыс  сөздері», 
«боладыны»  көбірек  қолдануы  («Боранда»  да  ұшырасады) 
кездесіп  қалып  отырады.  «Шырағың  сөнбесін»  ондай 
кемшіндердің көбісінен азат. 
Тахауи 
Ахтанов 
«драматизм 
мен 
лиризмнің, 
ойшылдық пен суреткерліктің бір-бірінен басын оздырмай, 
терезелерін  тең»  ұстайды.  Сезім  шынайылығы,  ой 
уыттылығы,  сурет  дəлдігі  -  Ахтанов  поэтикасының  негізгі 
үш тіні», - деп жазады бес томдыққа кіріспеде əріптес інісі, 
жазушы Əбіш Кекілбаев. 
Талғампаз  таланттың  суреткерлік  өнері  əсіресе 
«Боран» романында айрықша реңк алды. Алғаш рет «Дала 
сыры
»  атты  повесть  (1963)  күйінде-ақ  даңққа  бөленді. 
1965 жылы орыстың кеңес кезіндегі озат ойлы, ең беделді, 
ерек талғамды «Новый мир» журналында, бұрын-соңды еш 
қазақ  туындысы  жарық  көрмеген  басылымда  шығуының 
өзі  қандай  абырой.  Повесть  өңделіп,  толықтырылып, 
романға  айналды.  Бірсыпыра  одақтас  республикалардың 
тіліне  аударылды.  Шет  елдік  неміс,  түрік,  парсы  тілдеріне 
тəржімаланды.  Авторы  1966  жылы  Қазақ  КСР-інің  Абай 
атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 
Т.Ахтановтың    «Боран»    романында    көтерілген    көп  
жайлар    өз    тұсында    заман    мен    идеология    қыспағынан  
ашық    айтылмады.    Айтылған    күнде    де    астарлып,  
айналсоқтап  өтуге  тура  келді.   
«Боран» 
романында
 
еңбек
 
адамы
 
– 
шопан  
Қоспанның  бейнесі    психологиялық  талдау  арқылы  
жасалған.  Кезең    келбеті,  адам  тағдыры  Қоспанның  ішкі 
  81 
 
 
сияқты,  «Сел»  поэмасы  да  адам  санасына  қойған  бір 
ескерткіш болды. 
Шығармашылық өмірде ақын орны ерекше. Ақын сөзі, 
ақын сезімі жалпыға ортақ, ол айтқан ой, парасат əркімнің-
ақ  бойында  бар  қасиет  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл  солай 
айтьштайды, 
көрінбейді. 
Сондықтан 
ақын 
адам 
қауымының көзі мен құлағы іспеттес. Ол бəрін көріп, бəрін 
сезінуі  қажет,  басқа  айта  алмай  жүрген  жайды  бұл  айтуы, 
жария  етуі  керек.  Əрине,  ақындық  дарын,  талант  қана 
мұны  көтере  алады.  Осыдан  келіп  ақындық  елек,  талғам 
шығады.  Поэзия,  асылы,  өмір-тұрмыстың,  адамның  көңіл-
күйінің қай түрін, қай тереңін болса да суреттеп көрсетуге 
құдіреті  жететін  өнер.  Бірақ  əр  ақын  соның  бəрін  тізе 
бермейді, 
өзінің 
таланты 
мен 
талғамына 
лайық 
құбылыстарды ғана алады. 
Ақын  қабілеті,  ақын  мəдениеті  сарапшы  ісімен 
туыстас. Жоғары ақындық мəдениет болмайынша, «көңілге 
түрлі  ой  салар»  жанды,  əлді  поэзия  туғызу  қиын.  Жұбан 
Молдағалиев  шығармашылығынан  осындай  ақындық 
мəдениетті байқаймыз. Поэзия алдындағы жауапкершілікті 
терең  ұғып,  сезінетін  ақын  басы  артық  сөзге  бармайды, 
ақыл-уағыз  айтам  деп,  бос  мақалға  ұрынбайды,  қайсы 
біреулерше ұрыншақ, анайы сөзді қаптатып жатпайды. Бұл 
-  шеберлік  мəселесі  ғана  емес,  ең  алдымен  поэзия 
мəдениеті,  оның  биік  нысанасын  көздеу,  соған  ұмтылу, 
көркем  сөздің  қоғамдық,  қауымдық  мақсатын  ұғыну. 
Азаматтық  поэзия  үлкен,  жоғары  мəдениетті  талап  етеді. 
Ақын  сол  идеалға  ұмтылуы,  сол  биіктен  көрінуі  қажет. 
Мұндай  сападағы  ақын  да,  поэзия  да  халық  даналығын 
онан əрі байытпақ, жоғары көтермек. 
Поэзияның  ұлттық  түр-сипаты  деген  əр  халық 
поэзиясының  өзіндік  төлқұжаты  сықылды  нəрсе.  Жұбан 
шығармашылығынан  қазақтың  нағыз  ұлттық  поэзиясын 
көреміз.  Қазақ  жері  мен  суынан,  желі  мен  көгінен  нəр 

  82 
 
 
алған,  даладай  тынысты,  пəрменді  поэзияны  танимыз. 
Мұндай  бояу,  өрнегі  болмайынша  ұлттық  поэзия  өзіндік 
сипатынан  айырылар  еді.  Əдебиет  тартымдылығы  оның 
əртүрлілігінде,  кесте,  қию,  өрнектерінің,  тіл  бедерлерінің 
санқилылығында.  Оқып,  үйрену,  тəлім  алу  деген  басқа 
поэзияның жемістерін пайдалануда емес, соны көріп-біліп, 
сондай  мəуелі  поэзия  жасауда.  Бұл  ретте  еліктеуге  жол 
жоқ.  Шығармашылық  ойлану,  ұғыну  болу  қажет.  Ұлттық 
беті, ой-түйіні жоқ поэзия өмір сүре алмайды. 
Жұбан  Молдағалиев  шығармашылығын  тұтас  алып 
қарағанда,  соңғы  ширек  ғасырда  оның  ірі  тұлғалы  ақын 
болып  қалыптасқанын  көреміз.  Бүкіл  дүние  өлеңінде  есімі 
мəлім Жұбан қазақ əдебиетіне өзіндік үн, нақыш əкелді.  
2.  Жұбан  Молдағалиев  –  көп  поэма  жазған  ақын. 
Ақынның  поэзия  сапарының  тең  жарымы  поэмадан 
тұрады.  Поэманы  көп  жазған  жəне  əріден  жазған.  70-
жылдардың  орта  тұсындары  бес  жылдың  өзінде  үш  үлкен 
поэмасы  шықты.  Əрі  бұл  туындылары  көп  елге  мəлім, 
танымал  шығармалар  боп  кетті.  Олары  «Қыран  дала» 
(1974),  «Сел»  (1975)  –  «Байқоңыр  баспалдақтары» 
(1977),  «Қыран  дала»  мен  «Сел»  поэмалары  үшін  1978 
жылы ақынға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Көлемі 
жағынан  ең  үлкен  поэмасы  «Жесір  тағдыры»  1959-61 
жылдары жазылды. Уақыты жағынан ең алғашқы поэмасы 
«Қызыл  галстук»  1947  жазылып,  1958  жылы  өңделген, 
толықтырылған. 
Оқырман  қауымға  тез  таралып,  жақсы  қабыл  алынған 
поэмасы  «Мен  -  қазақпын»  1964  жылы  жарық  көрді. 
Кезінде  Ұлы  Отан  соғысының  батыры,  татар  ақыны  Мұса 
Жəлел  жайындағы  «Жыр  туралы  жыр»  поэмасы  жоғары 
баға  алған  (1956).  Бұл  поэма  көп  тілдерге  аударылып, 
оқырмандар  жылы  қарсы  алған  туынды  болды.  Ақын 
қаламынан  «Нұрлы  жол»  (1951),  «Қиял  қанаты»  (1957), 
«Дала  дастарқаны»  (1957),  «Туған  жер»  (1962), 
 127 
 
 
Степановна Некрасованың соғыс біткен соң Майяға жазған 
хатынан ұтымды детальдар келтірілген. Майя аяғын əнтек-
тəнтек  басысымен  партизандардың  жер кепесін  өз бетімен 
аралауды  шығарады.  Кішкентай  сəбидің  «тілі  шыға 
бастағанда,  -  деп  жазады  Некрасова,-біздің  ротаның 
командирі  Василий  Новиков  жігіттерге:  «Енді  боқтап 
сөйлеуді  қойыңдар,  Майяны  да  үйретіп  алып  жүрерміз»,  - 
деп артық сөзге тыйым салған. 
Қ.Исабаевтың 
«Партизан 
қызы» 
суреттемесінен 
деталь:  «Тұтқиылдан  жау  самолеті  келіп  қалса,  лагерь 
маңында  аяғын  тап-түп  басып  ойнап  жүрген  Майяны  кез 
келген  партизан  көтеріп  алып,  тасаға  қарай  жүгіретін. 
Сонда  Майя  өзі  де  аспанға  қолын  шошайтып:  «-У-у, 
самолет», - деп сол партизанның өзін қорқытатын». 
Романда немістер партизандарды қыспаққа алатын осы 
тəріздес  көп  эпизодтар  қайталана  береді.  Соның  бірлі-
екеуінің  есебінен  баламысың  дегізіп  езу  тартқызатын 
детальдарға,  тəй-тəй  баса  бастаған  жанның  тəтті  қылығын 
суреттеуге  лайықты  орын  берілуі,  үлкендердің  кішкентай 
қорғансыз 
сəбиді 
көргенде 
елжіреп, 
мейірленетін 
шақтарының  бедерлі  бейнеге  түсірілуі  қажет-ақ  еді. 
Детальсыз  құр  баяндау  «Шырағың  сөнбесін»  идеясына 
жөнді 
қызмет 
етпей, 
шығарманың 
бұл 
тұстарын 
шырайсыздандырып-ақ тұр. 
Бұл  мысалдар  көркем  шығармадағы  поэтика  рөлінің 
мазмұнға  тигізетін  əсерін  көрсету  үшін  келтіріліп  отыр. 
Негізінен,  «Шырағың  сөнбесін»  образ  тақырыбын  жеріне 
жеткізе  шешкен.  Тырнақалды  «Қаһарлы  күндердей  емес» 
Бұл  романында  Мұраттың  соғыстан  бұрынғы  кезеңде 
байларды кəнпескелеуге білек сыбанып кірісіп кеткені сол 
кездердегі  идеологиялық  қасаң  нормативке  байланысты 
жазылса  керек.  Əйтпесе  мейлінше  адал,  ақ  жүрек 
Мұраттың  образы  логика  шеңберіне  сыйыспай  тұр.  Үздік 
командир  шаршысына  қалай  тез  көтерілген  дегізбес  үшін 

 126 
 
 
оқиғасының  азын-аулақ  жыл  ішінде  өтетін  уақытын  Қазақ 
елінің  XIX  ғасырының  аяқ  шені,  XX  ғасырының  алғашқы 
жартысындағы  өмірінен  алынған  белесті  оқиғаларды  еске 
түсіріп, шегініс жасау арқылы ұлғайтады. Нəзира өткеннен 
көп  жайларды  еске  алады:  ашаршылық  нəубеті,  сталиндік 
қанды    қасап,    неміс-фашист    оккупанттарының    салған  
ойраны,  партизандық  соғыс  шындығы  -  бəрі  біртұтас 
композиция құрайды. Рас, Қасымбек - Нəзиралардың ерлі-
зайыпты  хикаяты  аяқтала  бере,  бұл  іші  алай-түлей  қайғы-
мұңнан  діріл  қаққан  ахуалды  енді  Абан  -  Нəзира 
сүйіспендігіне  айналдырып  жалғау  шығарманың  соңғы 
жағын  созалаңқы  тартқызған.  Құдай  қосқан  қосағының 
қазасына  жыл  толмай  жатып,  қаралы  Нəзира  қайта 
тұрмысқа  шығуға  көңілі  кетуін  асығыс  ақтау  жөнді 
қисынын  таппаған.  Сөйтіп,  жалпы  шебер  шегенделген 
композицияға  жарықшақ  енген.  Роман  мазмұны  бас 
кейіпкер  атынан  баяндалады  дедік.  Бұл  формаға  салмақ 
сала  бермей,  ретті  жерінде  суретке  орын  берілетін  тұстар 
романның  ең  тандаулы  беттеріне  жатады.  Əттегене,  бұл 
тəсіл кей сұранып тұрған жерінде қолданылмай қалады. 
«Кішкентай  Дулатжан  ата-анасына  ғана  емес,  бел 
шешпей  түзде  жортып  отбасы  ошағының  жылуын  аңсап 
жүрген  еркектерге  де  жақсы  ермек  болып  алды.  Өтіп  бара 
жатқан  біреуі  қайрылмай,  оны  еркелетпей  кетпейді, 
кішкене  сəбиді  көргенде  түзде  тотыққан  суық  жүздері 
жылып қоя береді...» - делінеді романда. 
«Сұрқай  өмірдің  ортасында  жылтыраған  кішкентай 
нəзік  шырақ»  -  шығарманың  негізгі  көркемдік  идеясы... 
Соны  бұл  жолы  баяндамай-ақ,  жə  болмаса  сын  жанры 
іспетті түсіндіріп талдамай-ақ толыққанды кең өрістетілген 
сурет  етіп  жайғанда  ұтымдырақ  шығып,  күллі  роман 
кеңістігін жарқыратып жіберетін бе еді, қайтер еді. 
Мəселен,  Қалмұқан  Исабаевтың  «Жиырма  жылдың 
жырлары»  деген  мақаласында,  партизан  əйел  Александра 
  83 
 
 
«Айттым  сəлем»  (1966)  атты  жəне  басқа  да  поэма, 
дастандар шықты. 
Ақынның  «Туған  жер»  поэмасы  да  осы  тақырыптас. 
Өзгерген,  өркендеген  Жыланды  жерінің  бұрыңғы  тарихы 
мен  бүгінгі  қалпы  айтылады.  «Дала  дастарханы»  да 
бүгінгі  ауыл  көркін,  оның  өнімді  еңбегін,  еңбек  зейнетін 
көріп отырған ауқатты ел тұрмысын паш етеді. 
Көлемді  дастан  «Байқоңыр  баспалдақтары»  Қазан 
төңкерісінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейінгі  өсу,  өну 
жолдарымызды  суреттейді.  Қала  мен  далада  бұл  дəуірде 
қол  жеткен  табыстар  орасан.  Қырда  миллиард  болса, 
өндірісте  Түрксіб,  Қарағанды  көмір  кені  сияқты  бүгінгі 
Байқоңыр  биігінің  баспалдары  болды.  Космосқа  құлаш 
сермеу  сол  басқыш,  тиянақ,  сүйеніштер  арқасында  ғана 
мүмкін болғаны хақ.  
«Мен  –  қазақпын»,  «Қыран  дала»,  «Сел»  -  үш 
дастан  үшеуі  үш  қилы  жайды  жырлағанымен,  бір  түйінді 
аңғартатын  жəне  он  шақты  басқа  поэмалардың  басын 
қосатын,  яғни,  басқаларының  да  мазмұнын  ашатын 
туындылар. Мұнан – бір тектес, бірыңғай деген ұғым тумау 
керек. Қолтаңба, ақындық стиль, өзіндік сыр біреу, бірегей; 
өнерлік,  көркемдік  қырлар  осы  үшеуінен  айқынырақ 
байқалады дегенді айтамыз.  
1975  жылы  ақынның  «Сел»  поэмасы  жарық  көрді. 
Алматы  тарихында  1921  жылғы  селден  кейін  немесе  1963 
жылғы  Есік  көлін  жойып  жіберген  топаннан кейін,  орасан 
қауіп əкелген 1973 жылғы сел айтарлықтай апат етеді. Қала 
аман  қалды,  бірақ  оның  қаншалықты  күш-жігерге  түскені 
тарихтан белгілі. Тау бұзылып, су  мен сел боп аққан, қара 
жерді  қақ  тіліп,  жүрген  жерін  ұстарадай  жалмап  отырған. 
Апат басталып, топан жөңкіп күш алды. Тек тоған, тоғанда 
ғана  үміт,  соған  келіп  тосқауылға  ұшырамаса,  хал  қиын. 
Əлі  түгел  жасалып  бітпеген,  əрі  жұқа  тоғанды  дереу 

  84 
 
 
биіктету,  қалыңдату  керек.  Тоған  кетсе,  бүкіл  Алматы  сел 
астында қалуы анық еді.  
Сұлық, тұнық, бейхабар жатқан қала ештеңе білмейді. 
Алатаудың  басындағы  ақ  қар  ақша  бұлтпен  астасып 
кеткенін де ешкім көрмейді. «Сел» деген сөз үкімет үйіне, 
Басшыға келіп бір-ақ жетеді.  
Ел  басшы  рөлін  ойлы,  сабырлы,  байсалды  етіп 
көрсеткен. Образ, бейне жасау жолымен басшыны кейіпкер 
етіп  алып,  оның  іс-қимылын,  қозғалысын  нанымды 
шындыққа  жанасымды  етіп  танытқан.  Сын  сағаттарда 
қайнаған  күрес  майданында  адам  мен  техниканы  селге 
қарсы  ұйымдастырып,  рухтандыру  ісі  оңай  іс  емес  екені 
белгілі.  Ең  алдымен  іркелден  судан  арылу,  ол  үшін  бөгет 
арқылы  су  құбырын  жүргізіп,  насосты  іске  қосу  керек-ті. 
Бұл сəттерде тоғанның бүйірінен су сорғалап, лықсыған тас 
пен  топырақ,  лай  дүмпуінен  бүкіл  бөгет  опырылғалы 
тұрған-ды.  Осылай  Басшы  бейнесін  ақын  арпалыс,  күрес 
үстінде көрсетіп, əрі қарай оның сыр-сипатын аша түседі.  
Сөйтіп,  сел  туралы  дастан  осындай  қоғамдағы  адам 
орны  туралы,  оның  ақылы  мен  санасы  туралы  толғаныс, 
ода болып шыққан. Көркем шығармаға арқау  болардай екі 
үлкен  алып  күш  бар  екені  анық:  долылығымен  қатар,  - 
даналығы да мол табиғат, меңіреу күш деп айтылатын апат 
пен  опат,  соны  ноқталауға,  тоқтатуға,  игеруге  жасқандай 
баратын сана, амал. Медеу тасқыны өлім мен өмірді қатар 
қойған  қауіпті  апат  еді.  Ақынды  бұл  оқиға  барғызған  – 
поэзияға,  өлеңге  өзі  тіленіп,  сұранып  тұрғандай  адам 
тұлғасы, адам парасаты. Жұбан алған ойын орындаған.  
«Мен  қазақпын»  поэмасы  І.Жансүгіровтің  «Дала» 
поэмасындағы дəстүрдің жалғасы іспеттес.Автор халықтың 
неше  ғасырлық  ұзақ  жылдардағы  даму  жолын,  алуан 
сырларын  көркем  жинақтап,  түйіп  айта  алған.  Лирикалық 
кейіпкер  –  халық,  қазақ  халқы.  Поэмада  халық  басынан 
кешірген көне дəуірлердегі тарихтың сілемдері көрінген. 
 125 
 
 
Бастықтың елде өзі бастық қана емес, əйелі де бастық 
болғысы  келіп  тыраштанатыны  ежелден  белгілі  ақиқат. 
Полк  командирінің  жұбайы  Елизавета  Сергеевна  –  сондай 
əйелдердің  бірі.  Күйеуінің  қарауындағы  офицерлердің 
бəрінің 
əйелдеріне 
бұйыра 
сөйлемесе, 
көңілі 
көншімейтіндей.  Қиындық  дегеннің  бір  əділетті  жері, 
қандай  да  адамның  өмірдегі  нағыз  орнын  өзі  тағайындап 
береді.  Кімнің  кім  екенін  нақтылы  ашады.  Елизавета 
Сергеевна  сондай  қиындықта  жасып  қалады.  Сол  күйі 
Нəзира көзімен былайша бейнеленеді. 
«Елизавета  Сергеевнаны  басынан  үнатпап  едім:  əкім 
болғысы келіп сонша тыштаңдаған, əйелдің ішінен шыққан 
бюрократ,  өр  көкірек...Мұның  да  сыртқы  жылтырағын 
соғыс  сыпырып  алғанда,  ар  жағынан  қорғансыз,  керек 
десең  мүсəпір  əйел  шыға  келді.  Еркектер  осалдықты  жек 
көреді, бірақ əйел халқы олай емес. 
Ал  мен  болсам  Елизавета  Сергеевнаның  мүшкіл халін 
көргенде жаным ашып, аяп, бүрынғыдай емес, тіпті жақын 
тартып  кеттім.  Абзалы  адам  өзінің  құдай  тағала  жаратқан 
табиғи кейпіне түскенде бір-біріне, жақынырақ көрінеді-ау 
деймін». 
Ұрысқақ  Муся  мен  күлегеш  Муся,  қысылтаяңда  ақыл 
тапқыш Алевтина Павловна, мінезі қатқыл, жүрегі жұмсақ 
Дуня  апай,  сырты  да  ішкі  жаны  да  сұлу,  бірақ  талайсыз 
сорлы,  тағдыр  тəлкегіне  ұшыраған  аяулы  Света,  партизан 
отрядының комиссары, ел мүддесін өз мүддесі деп білетін, 
отыз  жетінің  ойранында  большевик  досының  нақақтан 
ұсталуына  ара  түсе  алмаған,  жүрегінің  жарықшағы  жəне 
бар  қайсар  Носовец,  кешегі  белсенді,  бүгінгі  сатқын 
Усачевке 
дейін 
сюжет 
шытырманында 
жан-жақты 
ашылып, сыралғы жандардай көз алдыңнан өтіп жатады да, 
көкейінде қалып қояды. 
Роман  -  тынысы  терең  жанр.  Уақытының  да, 
кеңістігінің  де  кеңдігін  қалайды.  Сақа  жазушы  роман 

 124 
 
 
Нəзира  жасы  жиырма  бірге  енді  іліксе  де,  көпті  көрген 
көнедей ой түбіне сүңгитін мінез тапқан. Сол бір сəттерде 
көз  алдына  көшпенді  қазақ  өмірінен  бір  тағылымды  оқиға 
келе  қалады.  Найман  көші  «Екі  жасты  өлтіргені  үшін 
ағайынның бетіне қарай алмай, ата қоныстарынан ығысып 
əрірек  кетіп  барады.  Найман  қолынан  қаза  болған,  тіпті 
Еңлік пен Кебек болса да, екі-ақ адам еді-ау. Бірақ кісі өлді, 
қан төгілді, ағайын арасын ажал бөліп кетті. Нақақ қанның 
ұяты  қалың  елді  қонысынан  ығыстырды.  Сол  найман 
баласының ұятын адам баласына берсе...» 
Бұл – ұлттық шеңберде тұйықталып қалып қоймайтын 
сөздер.  Өйткені  ол  сөздерде  адам  қанын  судай  шашқан 
кешегі  фашизмді  айыптау  үстіне,  жалпы  адамдық  санаға 
бағышталған  ақ  тілек  те  баршылық.  Ұяттан  кешіп,  бөтен 
елді қанға бояйтындар бүгін де адамзат арасынан, амал не, 
молынан  табылады.  Ендеше,  ар-инабат  мəселесінен  үлкен 
ойларға  бастайтын  осынау  қазақ  романының  бұдан 
былайғы  жер  басып  жүргендерге  бағамы  артпаса, 
кемімеген деп ауыз толтырып айтуға толық қақылымыз... 
Роман 
философиясы 
көркем 
бояулы 
образдар 
қуатымен жеткізілген. Балажанды жүрегі отбасында қаңдай 
жұмсақ  болса,  жауынгерлік  борышын  өтеуге  келгенде 
сондай қатқыл Қасымбектің бейнесі құрыштан құйылған ба 
дерсің. Албырт та алғыр жас, айбынды жауынгер Абан ше? 
Қарапайым қазақ қызы Нəзира өзінің жеке басының қамын 
ойлаудан  бүкіл  халық  тағдырын  ойлау  биігіне  көтеріледі. 
Жəне  сол  өсу  жолы  мейлінше  нанымды  жеткізілген. 
Туынды  оқиғасы  Ресейдің  батысыңда  өтетіндіктен,  роман 
жұртының  көбісі  өзге  ұлт  өкілдері.  Əсіресе,  орыс  жағы 
басым.  Тахауи  Ахтанов  қаптаған  көп  орысты  басы-басына 
даралап  мінездеп,  қазақ  əдебиетінде  бұған  дейін  болып 
көрмеген  табысқа  қол  артқан.  Даралау  шеберлігіне  тəнті 
еткізетін  жəне  бір  қыры  -  бұл  сипаттамалардың  қазақы 
əйел көзімен берілетіндігі. 
  85 
 
 
Қаза тапқан солдаттай ізгі өліммен  
Қалалар да өтіпті түз белінен  
Қаңқалары табылмай жатыр қазір 
Соғыстар мен жорықтың іздерінен. 
О, замандас, соларға бір қараңыз; 
Əр кірпіште, əр таста бір қора аңыз, –  
деп  ақын  Отырар,  Тараз,  тəрізді  көне  қалалардың  – 
мəдениет  ошақтары  болғанын, халқымыздың ұлы  тарихын 
мақтан ете жырлап отыр. Лирикалық кейіпкер өз халқының 
басынан өткен небір зобалаңды білсе де, 
- Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім, - дейді. 
Бір  кезде  дүрілдеп  өскен  мəдениетті  елді  Шыңғысхан 
тоз-тоз  етес  де,  қалмақтар  «ақтабан  шұбырындыға» 
ұшыратса  да  ұлттық  рухын  жоғалтпаған  халқының 
құдіретін, биіктігін, асқақтығын паш еткен патриотизм бар. 
Орыс  патшалығының  отаршылық  саясаты,  азаттық  үшін 
күрескен 
Исатай, 
Махамбеттер, 
Шоқан, 
Ыбырай, 
Абайлардың ағартушылық идеясы-бəрі де  ақын назарынан 
тыс  қалмаған.  Поэмадағы  лирикалық кейіпкер  –  қазақ  осы 
оқиғаларға өз көзқарасын анық танытып отырады.  
Қазақ – тарихшы, өз күйінің неге олай болғандығының 
себеп-салдарын ішкі монолог арқылы ашып айтады. Қиын-
қыстау  кезеңнің  қазақтың  тəні  мен  жанына  салған 
жарасының  өзі  де  өткеннен  шежіре  шертеді.  Көз 
алдымызда  –  тарих  сахнасында  «Мың  өліп,  мың  тірілген» 
қазақтың  бейнесі.  Поэмада  контрасты  суреттер  бар:  «Мың 
өлу,  мың  тірілу»,  «Жыласа  күн  тұтылып,  қуанса  түн 
түрілу»  т.б.  Автор  поэмада  лирикалық  кейіпкердің 
монологы арқылы халықтың өткенін бедерлеген. 
Халық  бейнесінің  символындай  қазақ  тұлғасы  биік, 
өршіл. Ол өзін қыранға балайды. 
Құс ішінде ұнайды қыран маған. 
Күрт құлаймын құласам, бұраңдаман... 
Сауысқан мен қарғадан жиіркенем, 

  86 
 
 
Бірі сұйқылт, біреуі сұғанақ тым. 
Бұл  құстардың  астарында  адамға  тəн  қасиеттер, 
кеселдер  жатыр.  Автор  символ-образ  арқылы  өзінің 
адамдық  кредосын  аңғартады.  Поэмаға  социалистік 
реализм  өз  қолтаңбасын  салған.  Ақын  Абылай,  Жəңгір, 
Хан  Кенеге  қатысты  тұста  кеңестік  дəуірдің  теріс 
бағасынан асып кете алмаған. 
Қамшы үйірдім атойлап хан тағына, 
Хан-сұлтандай қайырымсыз аң табына 
Жалаңдаған найзама жалт қарады 
Қаңтарылған зар заман аңтарыла,- 
деген  жолдардан  соң  Ресейдің  ұлылысын  жырлау-сол 
дəуірдің  өлшеміне  айналған  құбылыс.  Ж.Молдағалиев  та 
осы үрдістен алыстамаған. Ленинді дəріптеу, коммунизмді 
марапаттау сəттері осы ойымызға дəлел. 
Бұл  поэмада  қазақ  басынан  өткен  тарихи  кезеңдердің 
бəрін  де  рет-ретімен  жырлай  келе,  сол  жолда  өзінің 
қазақтығын  жоғалтпаған  халықтың  мəрттігін  мадақтай 
келе,  оның  негізінде  жатқан  ұлттық  құндылықтарымызды 
мақтан  етеді.  Тарихи  тұлғаларымыздың  халық  өміріндегі 
ролін  аша  келе,  əрқайсысының  орнын  салмақтайды.  Қазақ 
–  бүкіл  тарихтың  куəгері,  халықпен,  тарихпен  бірге 
жасасып келе жатқан патриот. 
Мен – қазақпын, қаныммен, сүйегіммен, 
Сəн-салтанат, салтымды сүйемін мен. 
Бақ орнатам моланың басына да, 
Мұрагермін оған да, иемін мен. 
 
Қарап тұрып жүзіңе жайраңдаған, 
Бір нəрсеге сүйсінем, қайран қалам: 
Жүзге, руға ұнталған көшпе халық 
Мұнша өлкені қалайша сайрандаған. 
Ұлылықтың емес пе белгісі бұл? 
 123 
 
 
пен  Жамал»  естеліктерін  қоссақ,  романның  материалға 
кенде болмағандығы аңғарылады. 
Тахауидың  бұл  романы  да  жанр  табиғатына  бағып, 
оқушысын  енді      не      болар      екен      деп      ынтықтыратын   
қызықты   оқиға сюжетінің кестесіне  көңілдегі ойын қоса 
торлап  отырады.  Жау  тылында  қалған  екіқабат  қазақ 
əйелінің  тірлігін,  бастан  кешкен  қиямет        қиындықтарын    
психологиялық    бояуын    келістіре, реалистік қарыммен 
суреттей  отыра,  философиялық  реңкті    ой  толғаныстарын 
негізгі  екі  тарапта  түйіндейді.  Біреуі  кітаптың  мұқабасына 
жазылған  «Шырағың  сөнбесін»  делінген.  Оның  мəні 
кітаптың  алғашқы  беттерінде  бас  кейіпкер  Нəзираның 
əжесі  Қамқа  сөзімен  түсіндіріледі.  Нəзира  анасынан  ерте 
айырылады.  Əжесі      сол      анасының      қабіріне      шырақ   
жағып,      бата      оқиды.  «Шырағың  сөнбесін!»  деп 
күбірлейді.  Жас  бала  Нəзира  түсінбей  күдік  айтады. 
Жаққан  шырағыңыз  майы  таусылып  əрі-беріден  соң  сөніп 
қалмай ма дейді. Сонда əжесі басын шайқап жауап береді. 
«-  Əй,  балам-ай,  əлі  баласың  ғой...  Сенсің  ғой  оның 
шырағы. Сенің тілеуіңді тілеп кеткен жоқ па, бейшара». 
Мəңгілік  заң:  қырық  жыл  қырғында  ажалды  өледі. 
Өзге өмір жасай береді. Өмірге ажалдың шамасы жетпейді. 
Роман  осы  ақиқатгы  үлкен  пафоспен  жеткізеді.  Кішкентай 
орыс  қызы  бүкіл  деревня  тұрғындарын  бір  жерге  қамап, 
атып  жайпауға  ыңғайланғанда:  ағатайлар,  атпандар,  мен 
сендерге өлең айтып беремін! - деп жалынады. Фашист оғы 
аямай  үнін  өшірсе  де,  қыз  əні  оқырман  құлағында  қалып 
қояды...  Қасымбек  пен  Нəзираның  жаққан  шырақтары  да 
сөнбейді.  Тұла  бойы  тұңғыштары  -  Дулат  бір  құдайдың 
демеуімен дейіқ соғыс өрті ішінен дін аман шығады. 
Екінші  тарапты  идея  күллі  адамзат 
құлағына 
арналғандай.  Бастапқы  күйеуі  Қасымбектен,  одан  соң 
шыққан  Абан  деген  жігіттен  айырылып,  бір  баласын 
жетектеп,  екіншісіне  жүкті  болып,  ел  шетіне  іліккен 

 122 
 
 
суреттелген.  Жау  қоршауында  қалған,  өмір  мен  өлім 
ортасында  қалған  жаумен  табан  тіресе  айқасқан  нағыз 
патриоттардың  қажырлы  келбеті,  қилы  тағдыры  өтіп 
жатады.  Мəселен,  Нəзираның  өмір  жолы  арқылы,  сол 
кездегі  кез-келген  адамның  трагедиясына  ортақтастырады. 
Соғыста  адамның  моральдық-психологиялық,  рухани-
этикалық  қадір-қасиеті  үлкен  сынға  түседі.  Света  образы 
арқылы  əйел  тағдырының  ауыр  сəтін  берген.  Қиянатпен 
зорлық  еткен  неміс  фашисінен  аяғы  ауыр  болып,  бала 
тууы,  күйеуі  Николайдың  оны  естіген  соң  Светаны  жек 
көріп  кетуі  –  соғыстың  адам  тағдырын  трагедияға 
əкелгенінінің  бір  көрінісі.Романның  тақырыптық-идеялық 
желісін көтеріп тұрған образ – Нəзира образы. 
Нəзира  хикаяты  оқырман  қауымға  таныс  фабуладан 
тарайды.  Жазушы  шын  болған  оқиғаның  беталысын 
өзгерткенімен, 
роман 
материалынан 
есімі 
күллі 
Қазақстанға  танымал  майдангер  Жылбек  Ақəділов,  оның 
жүбайы  Жамал  мен  партизан  отрядында  туған  қызы 
Майяның  басынан  кешкен  төтенше  оқиғаның  табы 
сезілмейді  емес.  Ақəділовтың  өз  естеліктерін  былай 
қойғанда,  жауынгер  мен  оның  үйелменінің  бастан  кешкен 
хикаясы  туралы  қазақ,  орыс  тілінде  бірқатар  мақала, 
суреттеме  жəне  повесть  жарық  көрді.  1959  жылы 
«Социалистік  Қазақстан»  газетінің  10  қазан  күнгі  санында 
жазушы  Қалмұқан  Исабаевтың  «Партизан  қызы»,  1963 
жылдың  22  маусымында  «Лениншіл  жас»  газетінде 
«Жиырма  жылдың  жырлары»  атты  суреттемелері,  сол 
жылғы  «Казахстанская  правда»  газетінің  9  мамыр  күнгі 
нөмірінде  З.Танхимовичтің  «Память  сердца»  мақаласы 
жарияланды. Ондағы əдемі, қызғылықты детальдар, кешегі 
күркіреп  өткен  соғыстан  естен  қалғысыз  елес  беретін 
фотосуреттер  оқушысын  бірден  баурап  алады.  Бұған 
партизан жазушы Əди Шəріповтің «Партизан қызы» (1961) 
повесін,  «Жеңімпаздар»  (1965)  атты  жинақтағы  «Жылбек 
  87 
 
 
Еліміздің  елдігін  танытатын,  ұлылығын  əйгілейтін 
қандай  қасиет,  қандай  тұлғалары?  деген  сауалға  жауап 
іздейді.  Ұлттың  байлығы  –  тілі,  салт-дəстүрі,  өнері,  жері, 
халқы,  тұлғалары.  Поэмада  осы  белгілердің  əрқайсысын 
үлкен пафоспен, шабытпен жырлайды. 
Поэмадағы қазақ – ұлттық патриотизм бойын кернеген 
қазақ,  бірақ  сонымен  бірге  сана-сезімін  саясат  шектеген 
кеңестік мінез, психология да байқалмай қалмайды. Қызыл 
идеология  күйіп  тұрған  кезде  «Мен  –  қазақпын»  деп 
ұрандаудың өзі ақынның биік тұлғасын танытса керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет