Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Сенсің  -  өлеңім»  (1961),  «Ұлы  саз»  (1964),  «Шыңның 
шыны
»  (1977),  «Санаттамын,  саптамын»  (1978)  жəне 
басқа өлең-толғауларында ақын биік парасатты ой-ұғымдар 
төгеді.  Бұл  азаматтық  жырлар  ақын  өзі  бастан  кешкен 
жайға  толық  ұйқасады.  Яғни,  қаршадай  басынан  соғысқа 
аттанып,  елін  қарумен  де,  қаламмен  де  қорғаған,  кейінгі 
қиыншылық  жылдарды  басынан  кешкен  жан  нағыз  халық 
перзентті  ретінде  көкірегіндегі  ой-арманын,  ризалық 

  72 
 
 
көңілін  ашық,  қалтқысыз  білдіреді.  Бұлар  –  Жұбан  жырға 
қосқан қасиетті өнегелі, əрі өнімді тақырып. 
Қазақ тілі жайындағы ойлы, сырлы өлеңдер де көңілге 
қонымды. «Аманат» (1968), «Қазақшадан аударылған»и 
(1971),  «Қазақ  тілі»  (1975)  деген  өлеңдерінде  туған  тіл, 
оның  жер  мен  халық,  сахара  даламен  біте  қайнасқан  ата 
мен ана тілі екенін терең толғаныспен айтады. 
Қанша жан, қай заман озбасын,  
Намысын қорғайды барымен.  
Жасаңдар, жасаймын өз басым,  
Ардагер Октябрь арымен. 
Адамды 
мадақтаумен 
қатар, 
ақын 
оның 
кейбіреулерінің  осал,  жағымсыз,  ұнамсыз,  тіпті  жексұрын 
кейіптерін де назардан тыс қалдырмайды. Алдымен, əрине, 
бауырмалдықты,  достықты  паш  етеді.  Сыйластықты, 
қарапайымдылықты  жырлайды.  Сондықтан  да  ақын  ең 
алдымен адамды қадірлей білу шарт дейді. 
Адамды тіріде тек бағалайық,  
Ардақтап, апалайық, ағалайық... 
Өлген соң өзі жайлы некрологты  
Оқуға дананың да шамасы жоқ. 
Тұрмайды өлгенен соң соққан белгі 
 Бір ауыз жылы сөзге тірідегі. 
Сонымен  бірге  ақын  күйректікті,  солқылдақтықты 
жаратпайды: 
Қорқақтар құлдыққа көніпті, 
Батырлар дауыл боп төніпті. 
...Өзін жеңсе, ажалды да жеңеді, 
Ажалдың да əлсіздер ғой сенері. 
Бар əркімнің өз өмірі, өз мінезі 
Жайылады қой ықтап, жылқы желдеп. 
.. Дүмпуіл тауларды да төңкереді, 
Осы бір қуаты ғой ең керегі. 
Оқа емес жарықшағы жанап өтсе, 
 137 
 
 
үйіп-төгеді. Жүйе  таза,  Сталин культы  болмағанда...  деген 
өкініш көп айтылатын кез. 
Бұдан  туатын  қорытынды  біреу  ғана.  Жазушы 
дүниетанымы  үстем  көзқарас  догмасы  шырмауынан 
түбегейлі  шығып  үлгірмеген.  Роман  тақырыбын  өрбітуге 
Алаш 
орда 
қозғалысын 
сынап-мінеудің 
пəлендей 
жанасымы жоқ болса да, сол ұлтшыл атанып сорлағандарға 
қарсы қамшы үйіру де айтылғанға қосымша дəлел. 
Жалпы  алғанда,  Тахауидың  «Боран»  романы,  уақыт 
табы  түсірген  кей  əттегенайына  қарамастан,  өз  кезіндегі 
əдеби  үрдіске  үлкен  ықпал  еткен  шығарма.  Қарапайым 
адам  ба  (Қоспан),  қой  бастаған  көк  қошқар  -  билік 
басындағы 
көсем 
бе 
(Қасболат)-кім 
де 
болсын, 
азаматтығын 
көздің 
қарашығындай 
сақтауы 
тиіс. 
Романның  моральдық  кредосы  осы.  Ол  кеңес  кезіндегі 
жағдаяттардан  туындағанымен,  бүгінгі  мен  ертеңгінің 
кəдесіне  де  жарамды.  «Боран»  романы  -  қазақ  əдебиетінің 
көп  жылдар  бойы  сырын  да,  сынын  да  жоғалтпайтын 
туындысы. 
Тахауи  Ахтанов  конъюнктурадан  аулақ,  ағымдағы 
саясат  ықпалынан  тыс  шығарма  жазудан  да  қалыс  қалған 
жоқ.  Онын  «Махаббат  мұңы»  повесі  (1960),  сол  аттас 
пьесасы 
тақырыбынан 
көрініп 
тұрғандай, 
мəңгілік 
тақырыпқа  бойлайды.  Бойлай  отырып,  махаббаттың  мұң 
шағуының бірқатар қырларына зер салады. 
Гюстав  Флобер  «Мадам  Бовари  -  менің  өзім»  десе, 
повестің бас кейіпкері Лəззат - Тахауидың өзі деуге толық 
негіз  бар.  Лəззат  махаббатынан  опа  таппаған  қыз  ретінде 
суреттелсе  де,  бұл  жəйт  кездейсоқ  оқиға  сияқты 
қабылданады. Шығарманың бас тақырыбы ол емес. Талант 
өркенінің əдебиеттің егін жайында  қылтиып өсіп гүлденіп 
қанат  жаюы.  Əдебиет  ісіне  жауапкершілігін  азайтқан 
адамның  тауы  шағылып,  талайы  қайтатындығы.  Осы 
тақырыпты  өрістетуде  Ахтановтың  жазушылық  һəм 

 136 
 
 
мал  үшін  жеткілікті  жем-шөп  базасын,  жайылымдарда 
ықтасын,  қора-жайларды  өзіміз  ыңғайлап  алайық  деп  жар 
салып жүр. Бірақ ол ұсынысқа колхоз басқармасы да, аудан 
басшылығы да көңіл бөлмейді. Өйтетіні қолдарында тиісті 
Қаражаты,  құралы  жоқ.  Құр  идеядан  не  өнбек?  Мəселенің 
түп  тамыры  қазақ  əкімдерінің  қыңыр  кержақтығында  ғана 
емес.  Одан  тереңіректе...  Орталық  ойларына  келгенін 
істеді.  Қой  шаруашылығының  материалдық  жағынан 
нығайту шараларын жүзеге асыру орнына, көп қиындықты 
əкімшілік əмірлік Қыспағымен жеңбекші болды.  
«Боран»  -  Тахауи  Ахтановтың  бас  шығармасы. 
Ойдағыдай  шығуына  барын  салған  туындысы.  Тілі  ме, 
стилі  ме,  образ  саптауы  ма,  қай  жағынан  да  үкілі  туынды. 
Қып-қызыл  белсенді,  арызқойлығы  жалақорлығынан, 
жалақорлығы 
арызқойлығынан 
асатын 
Жаппасбай, 
Қоспанның  махаббаты  мен  инабаты  бірдей  бөліскен  əйелі 
Жаңыл,  жаңашыл  жас  Қаламүш  (шын  аты-Ғалымжан),—  
қай    кейіпкер  бейнесін    алсаң  да  ісмер  қолдан  құйылған. 
Қыл  аяғы  бір  ғана  көрінетін  қайыс  қара  Салиқа,  Қоспаң 
шопанның  иттері  Құтпан  мен  Майлыаяққа  дейін  əрқайсы 
өз мінез-сыпатымен есіңде қалып қояды. 
Əрине,  уақыт  табы  қалмайтын  шығарма  кемде-кем. 
Тахауи  романында  да  бүгін  ескірген  түсініктер  ішінара 
ұшырасып  қалады.  Автор  үлкен  ізетпен  суреттейтін 
Əлиасқаровтың 
аузына 
мынадай 
сөздер 
салады. 
«Ұлтшылдардың  «ұлт  азаттығы»  деген  қызыл  сөзінің  ар 
жағында ауыз тұшытар үлкен программасы жоқ болатын». 
Немесе  «Ең  қиын  шайқаста,  тап  тартысында  жеңіп 
шықтық»  деген  сияқты.  Бүл  қағиданы  Қасболатпен  бірге 
негізінен  автордың  өзі  де  қолдайтын  тəрізді.  «Негізінен» 
дейтініміз,  Қасболат  Əбдіқалықовты,  жалпы  қызыл 
идеологияны 
өзінше 
сынағансиды. 
«Сол 
шығынды 
болдырмау  қолдан  келмесе  де,  аз  етуге  болатын  еді  ғой»  - 
деп  жүйе  кінəратын  жеке  адамдардың  ұр  да  жықтығына 
  73 
 
 
Қорқақтар қарап жүріп еңкейеді. 
Адамның  жарамсыз  қылықтарын  айтқанда  ақын 
ерекше  жігерленіп,  ашынатын  сияқты,  оған  өзінің  төзе 
алмайтын  жай-күйін  білдіргендей.  Өткір,  өтімді  теңеу, 
метафора  сөздер  де  іркілмей  табылып  жатқандай.  «Бір 
жолдас»  (1977)  деген  өлеңінде  ұждан  мен  мансап  жайын 
əңгіме етеді, яғни, мансапқорлықтың адам мінезін, құлқын 
қалай  өзгертетінін  көрсетеді.  Облыстағы  бір  жолдасы 
қияннан  көзі  шалса  болғаны,  қолпаштап  қолды  бір 
қысқалы  жүгіреді  скен.  Бір  күні  ол  Алматыға  қызметке 
ауысыпты: 
Қонжиды астаналық бір столға, 
Қуандым, білмей кенет өзгерерін. 
Мен оны құттықтадым сол тұрғыдан, 
Ұстап бір жиналыста қолтығынан. 
Тигендей болды қолым монументке, 
Қараған сұп-суық сұр зор тұғырдан. 
Өлеңнің 
келесі 
жолдарынан 
əлгі 
«батырдың» 
сонадайдан бұрынғыша ұмтылғанын көреміз. Көн құрысса, 
қалпына барады деген, «бір тықыр, - деп ойладым - таянды 
оған».  Бірақ  қайырылмай  кете  берген  кейіпкер  мінезінен 
əлгі  бишараға  берілген  бағаны  да  байқаймыз.  Мұндағы 
«қонжиды»,  «монумент»  деген  сөздер-ақ  оның  желкесін 
үзіп  тұр.  Кекесін,  сықақ  жеткілікті,  əсіресе  «монумент», 
«суық монумент» өте орынды табылған метафора. 
«Жалақорға,  күншілге»  (1973)  деген  өлеңінде  ақын 
осындай  жандарда  өші  бардай,  шабыттана,  өршелене  сын 
айтады. 
Сенен ақ сөз естімедік, 
Қастық, жала қаруың. 
Сүт орнына өстің бе еміп, 
Əбжыланның зəр уын. 
Бұл  сипаттас  топтамалар,  жеке  өлеңдер  жеткілікті. 
Адам  артықшылығын,  ізгілігін  жырлаған  ақын,  оның 

  74 
 
 
шерменде, 
пендешілік 
халін 
көргісі, 
мойындағысы 
келмейді.  Сондай  жексұрын  адамдар  мен  жат  мінездерге 
ақынның  жаны  қас,  оған  төзе  алмайды.  Сондықтан  да 
оларды  айтпай,  сынамай,  əжуа,  əшкере  етпей  ақын  тұра 
алмайды.  Бұл  шығармаларға  қағаздың  оң-терісі  сияқты  əр 
нəрсенің оңы мен солы сияқты қарауымыз керек. Дүниені, 
өмірді,  адам  ортасын  танитын,  білетін  адам,  философ, 
ойшыл  құбылыстың  бір  жағын  ғана  көріп,  екінші  жағын 
көрмесе,  сыңаржақтық,  субъективтік  түсінік,  ұғым  болар 
еді.  Сан  алуан  құбылыс,  көріністердің  алды  мен  артын, 
дұрысы  мен  бұрысын,  байламын  айту,  əсіресе,  ақын 
адамның  тікелей  міндеті,  парызы.  Сондықтан  да  бұл 
таным,  білімдерді  Жұбанның  кең  диапазонын,  мол 
дүниетанымын  байқататын  жайлар  деп  қарағанымыз  жөн. 
Өйткені бұл ең алдымен өмір көрінісі, өмір құбылысы, əрі 
соның  шындығы.  Диалектикалық  заңдылықпен  жақсы  да, 
жаман да қатар жүріп, қатар өмір сүрмек. 
Жұбан  ақынның  көп  өлеңдері  əйел  қауымына,  қазақ 
əйелінің бұрынғы-соңғы халіне, əйел - ана, əйел - жар, əйел 
-  қарындас,  қыз  деген  қасиетті  тақырыпқа  арналған. 
Толғана,  тебірене  жазған  мойындау,  пайымдауы  мол, 
пафосы,  тасып  төгіліп  жатқан  асқақтығы  жағынан 
пəрменді,  отты  туынды.  Əрбір  жол,  шумағы  жатқа  айтуға, 
жаттап алуға тіленіп тұрғандай, дыбыс ырғағы өлең буыны 
мен  ұйқасына  дем  беріп,  оған  үн  бітіріп,  дабылға 
шақырғандай  не  бір  салтанатты  апофеоздай  естіледі. 
Жұбан  ақынның  аса  бір  шабыты  түскен  сəтінде  дүниеге 
келген  сияқты.  Публицистикалық  болумен  бірге,  қайратты 
лирикалық  толғау.  Ешбір  жасықтықты  көтермейтін, 
тегеурінді, отты, қуатты лирика.  
1.  Ж.Молдағалиевтің  поэмалары.  «Мен-қазақпын» 
поэмасындағы
  ұлттық  сана  жəне  көркем  характер. 
Поэма  дүниеге  келгеннен  кейін  сан  рет  радиомен  де, 
 135 
 
 
көңілге 
түйткіл 
енгізеді. 
Ойындағысын 
орындамай 
орағытып бара жатқандарға: «Не финти мне, голубчик, я не 
либерал»  дейді.  Роман  жазылып  жатқан  мезгілдегі  нағыз 
большевик  деп  мақтатқызатын  мəтел  ғой.  Бірақ  қазіргі 
оқылуында 
мүлде 
басқаша 
естілетіндей. 
Бүгінгі 
либералдық  реформалар  жағдайында  Иван  Митрофанович 
халықшыл бейнеге ұқсай қояр ма екен деген күмəн туады. 
«Суық мүйізді қысады, мүйіз тұқылды қысады».  Иван 
Митрофанович  төменгі  буын  басшыларды  үнемі  қыспаққа 
алып, дегенін істеткізеді. Бір кезде жүгері егісіне мəн бере 
қоймаған  Қасболатты  мықтап  бір  бұқтырып  алады  да,  қой 
шаруашылығын күрт өрлету жөнінде көтеріңкі міндеттеме 
қабылдатқызады.  Істің  бұл  жағы  романда  аса  сақтықпен, 
ишарамен  астарлы  айтылған...  Иван  Митрофановичке  тіке 
шүйілмегенмен, роман «бір сөзді тамағыма қойдым тақап» 
тəсіліне жүгінгендей. 
Мал  басының  ойсыраған  шығынға  ұшырауы  билік 
басындағылардың  өлшеусіз  авантюризмінде  еді.  «Балық 
басынан  шіриді»  деп  тегін  айтылмаған.  Бар  кесел  кеңес 
кезіндегі  жүйенің  даңғаза  ұранпаздығында,  сөзі  мен  ісінің 
алшақтығында 
екенін 
Тахауи 
романынан 
терең 
мағынасында ұғамыз. 
Көркем  шындық  статистикамен  өлшенбейді.  Поэзия 
өмірдің  өзінен  де  өмірлірек  десек  те,  жазушы  жұт 
фактілерін  ойдан  шығарып  отырған  жоқ.  Қазақстанның 
əсіресе  қойы  көп  оңтүстік  аудандары  қатты  қыс  қаһарына 
жиі  ұшырайтын.  Жергілікті  жағдаймен  санаспаудың 
салдарынан  қазақ  елі  не  қиянат  тартпады?  Мал  көбейт 
дейді.  Жайылымы  қайда?  Жайылымдар  тың  игеру 
науқанында жойылуға жақын қалды. Қосымша қора-қопсы 
салуға  қаражат  жетпеді.  Қой  шаруашылығынан  түскен 
табыс  оның  өз  игілігіне  жаратылып  көрген  емес.  Романда 
Қаламүш  атты  «бала  бүркіт»  шопандардың  комплексті 
бригадасын  ұйымдастырайық,  соның  күшімен  қоғамдық 

 134 
 
 
басқарып  жүрген  Қасболат  бұрынғы  солдатына  қол  үшын 
беруі  тиіс  еді  ғой.  Бірақ  ол  қара  басының  тыныштығын 
ойлап, жəрдем беруден жалтарады. Ар-ұяттан кетіп, кісілік 
қалпынан  тағы  да  тоналады.  Бастығының  дегенін  екі 
етпесем, (мансабымды сақтармын) деп ойлап, көтере алмас 
шоқпарды  беліне  қыстырады.  Аудан  бойынша  жоғары 
социалистік міндеттеме алып, қой басын шұғыл көбейтуге 
кіріседі.  Артын  ойламай  істеген  істің  ащы  таяғын  жейді. 
Ауданда  төрт  күн  ақ  дүлей  боранда  ығып  кеткен  отар  бір 
Қоспандікі ғана емес. Талай отар жұтқа ұшырайды. 
Роман 
проблемасы 
шаруашылық 
қидалаңдардан 
туыңдайды десек те, қадала зерттейтіні - замандас келбеті. 
Құлдилап  кері  басқан  Қасболатты  аяусыз  əшкерелеудегі 
мақсаты  -  моральдық  азып-тозғындаудың  қоғам  үшін 
қауіптілігіне  назар  аудару.  Ұстазы,  қарт  коммунист 
Сəтімбек  Əлиасқаров  Қасболаттың  мансап  үшін  от-суға 
қойып  кеткіш  мінезі  бар  екенін  ерте  байқап:  «сенің 
ыстықтай  қабатын  жерің  көп»
18
  деп  ескерткені  бар-ды. 
Бірақ 
ұстазының 
тағылымын 
ол 
жүре 
тыңдаған. 
Қорытынды  шығармаған.  Соның  зардабын  өзі  ғана  шексе 
бір сəрі. Бүкіл бір аудан дəулетін қаусатып алып отыр. 
Қасболат  -  типтік  образ.  Мансапқорлық  кембағал 
мінездің ұйтқысы. Алайда қоғамға кесірі тиген кесапат бір 
тұлғамен шектеліп тұрған жоқ. 
Романда  жамандауға  да,  жақсылауға  да  келмейтін  бір 
кейіпкер  бар.  Ол  -  облыстық  партия  комитететінің 
басшысы  Иван  Митрофанович.  Хрущевтей  көкесіне  көп 
ұқсайтын  жақтарымен  елең  еткізеді.  Хрущев  шахтер 
болдым  деп  кеудесін  қақса,  бұл  жүрген  жерлерінде  бұрын 
бақташы,  тракторшы  болғанын  еске  алғыш.  Қарапайым 
еңбек  адамымен  шүйіркелесе  кететін  əдеті  ел  арасында 
халықшыл деген дақпыртқа ие етті. Хрущевке тартқан тағы 
бір  жері  -  жүгерішіл.  «Өмірден,  халықтан  үйреніңдер» 
дегенді  аузынан  тастамайды.  Тек  бір  сүйікті  мəтелі  ғана 
  75 
 
 
концерт  залы  сахнасынан  да  оқылды,  əлі  де  солай.  Бұл 
шығарманың нұсқалық болып кеткенін дəлелдейді. 
Поэма  кəдімгі  төрт  жолды  он  бір  буынмен  жазылған. 
Бірақ тропалық - бейнелеу, суреттеу құралдары көбіне тың 
болуымен  шығарма  ойға  да,  көңілге  де  қонымды, 
оралымды  қабылданады.  «Мен  -  белеспін,  мен  - 
Октябрьмін,  көзім  басыр  болса  да,  ойым  көргіш,  Түрксіб 
боп төселдім поездарға, тамшы болдым, шық  болдым, дəн 
де  болдым,  Мен  -  Жамбылмын,  Мен  -  Москва,  Жиырма 
сегіз, Мен - Əлия, Мен - Мəншүк, Мен - Төлеген» дегендей 
бейнелі  теңеулермен,  метафорамен  бүкіл  тарих  айтылып 
тұрғанын 
сеземіз. 
Көркемдеу 
құралдары, 
бейнелеу 
амалдары  қиыннан  қиыстырылған,  сөз  асылы  теріп 
айтылған, жоғары патриоттық сезімге толы шығарма. «Мен 
-  қазақпын»  Жұбанның  ақындық  белесі,  əрі  үлкен  табысы 
деп есептеледі. 
«Қыран  дала»  поэмасы  ақынның  өлең,  лирикада 
талай  көрініс  тапқан  дала,  ауылды  жер,  берекелі  ел  іші 
деген  ұғымдарды,  ондағы  өскен,  өнген  жандарды 
білдіретін,  өзі  сүйіп  жырлайтын  тақырыптың  апогеясы, 
яғни, шарықтап көрінген түрі деуге сияды. 
Тың жерді игеруге қатысқан, соған атсалысқан Тыңбай 
атынан жүріп отыратын хикая жаңа бастамаға байланысты 
бекіп, нығая түскен халықтар достығын, олардың бірге бас 
қосқан 
табысты 
еңбегін 
көрсетеді. 
Поэма 
сюжеті 
шытырман  оқиғаны  қамтитын  ұзақ  сонар  емес.  Басты 
кейіпкердің  өзі  туралы  баяндауы  шығармаға  желі  болып 
тұр. Автор сюжет, фабула қоюлығын іздемеген жəне оның 
керегі  де  жоқ.  Өйткені  айтылмақ  ой-өрнек  осы  форманың 
өзімен-ақ  тиісті  жеріне  жеткен,  шешімін  тапқан.  Тың 
əкелген  жаңалық,  табысты,  ел  өміріндегі  үлкен  əлеуметтік 
оқиғаны  айтып  ұғындыру  үшін,  сол  үлкен  құбылысты 
көркем  поэма  дəрежесіне  көтеріп  жырлау  үшін,  ақын 
осындай лирикалық толғау формасын таңдаған. 

  76 
 
 
Музей 
үйінде 
тың 
дəуірінің 
бейнесін 
көріп 
əңгімелескен 
кейіпкерлер 
сөзінен 
үлкен 
тарихты 
аңғарамыз.  Əкесі  қазақ,  шешесі  орыс  Тыңбайды  белорус 
қарты асырап өсірген екен. Соғыс басталғанда Тыңбайдың 
əкесі  əскери  қызметші,  атақты  Брест  қамалындағы  қиян-
кескі ұрысқа қатысқан, əрі қарай майдан жолдарын шарлап 
кеткен. Белорус қарты төңкерістен бұрын-ақ қазақ жерінде 
болғанын, 
ауып 
келген 
орыс, 
украин, 
белорус 
мұжықтарына  қазақ  даласы  пана  болғанын  айтып,  өткен 
тарихи  шындықты  біздің  көз  алдымызға  елестетеді.  Рас, 
бұл  достықтың,  «тамырлы»  достықтың  түбірі  əріде 
болатын.  Балықшы  да,  егінші  де,  малшы  да  болып  орыс-
қазақ  кедейлері  бірге  күнелткен.  Дүрбелең,  дауылды 
жылдарда  да,  онан  кейін  де  сол  достық  нығайып  өскен. 
Соғыс  дəуірі  өз  алдына  хикая.  Кешегі  қиын-қыстау  кезде 
барша  халық  басқыншы  жауға  қарсы  тұтас  қол  ұстасып, 
қоян-қолтық  соғысқаны  мəлім.  Бала-шағасын  ертіп, 
Ленинградтан  келіп,  қазақ  жерінде  пана  тапқан  аяулы  ана 
да сол достық отына жылынды. 
Осындай ұлы шындықтардың нəтижесінде кешегі тың 
жерді  игеру  науқаны  да  орасан  оқиға,  белес  болып, 
жаңалық болып тарихқа енді. 
Поэмада  даланың  қаталдығы,  қыста  бораны  мен  аязы 
қысқан,  жазда  ыстық  аптабы  күйдірген  ауыр  күндер  мен 
түндер  жайы,  сол  қиыншылықтарды  жеңуге  бастаған 
халық ерлігі кең, терең жырланады. 
Айналып  келгенде,  қаншама  қиын-қыстау  күндер 
бастан  өткенмен,  ырысты  да,  табысты  да  берген  сол  дала. 
Қатал  дала  болса  да,  адам  күшімен,  адамның  қайырымды 
еңбегімен  көгерген,  жаңарған  дала.  Ақын  бар  өнер-
шабытын  сол  дала  мейіріміне  арнайды.  Жалпы  дала 
лейтмотиві поэмада ылғи қайталанып, əртүрлі сыр-сипатта 
көрініп отырады. 
О, дала, ойхой дала, өркен дала.  
 133 
 
 
ұйтқуы  сырттағы  бораннан  кем  соқпайды.  Роман  басында 
танысатын  Қоспан  мен  соңғы  қоштасар  кездегі  Қоспан 
бірдей  емес.  Кейінгі  Қоспан  –  күрескерлік  дəрежеге 
көтерілген қайрат иесі. Өзіне де, өзгеге де қояр талабы зор 
нағыз азамат. 
«Қасболаттың 
шаужайына 
неге 
мықтап 
тұрып 
жармаспады? Сонау Алматыға барғанда неге қақсап тұрып 
айтпады?  Қандай  кежір  желкесінен  тартып,  еңсесін 
басқан?». 
Бар  еңбегінің  зая  кеткенін  Қоспан  осы  өкінішті 
сұрақтарды  дер  кезінде  қоя  алмаған  ынжықтығының 
салдары  деп  түсінеді.  Қыстың  басы  қатты  боп,  қораның 
маңындағы  өрісті  уақытынан  бұрын  жеп  қойған-ды.  Үюлі 
пішені  там-түм.  Оны  сары  майдай  сақтамасыңа  амал  жоқ. 
Қой  қоздап,  жаппай  төл  төккенде  пайдаланбақ.  Алыстағы 
қамсаусыз  жайылымға  амалсыз  кетті.  Сонда  жаямын  деп 
мұндай күйге үшырады. 
Роман  бар  кінəні  Қасболатқа  артады.  Негізінде  ол 
жаман  жігіт  емес-ті.  Жас  кезінде  өжет,  пысық  Қасболат 
комсомол  жұмысына  араласты.  Игі  істер  атқарды. 
Ашаршылықта  жетім  қалған  балаларға  қол  ұшын  беріп, 
интернатқа  орналастыруға,  басқа  да  істерге  жанын  салып 
кіріскен  жанып  тұрған  азамат  болатын.  Ұлы  Отан 
соғысының  офицері  ретінде  қан  майданда  бір  кісідей 
шайқасты.  Ал,  соғыстан  оралып,  жауапты  қызметке  қолы 
ілінген  жылдары  бірқыдыру  жақсылық  қасиеттерінен 
айырылып қалады. Шəрипа деген ынтығына үйлене алмай, 
бойындағы  қорқынышқа    (мансабына  залал  тие  ме  деген) 
жеңдіріп  бір  тоналады.  Қоспан  -  қандыкөйлек  досы.  Бір 
кезде  шегініп  бара  жатып,  тосқауылда  қалдырған  ержүрек 
солдаттарының бірі еді. Сол сарбазы еліне оралғанда сүтке 
тиген  күшіктей  хал  кешеді.  Фашист  тұтқынында  болғаны 
үшін  сенімсіз  аталады.  Қызмет  таба  алмай,  əуре-сарсаңға 
түседі.  Дəп  осы  қиын-қыстау  мезетте  кадр  бөлімін 

 132 
 
 
Автордың  үлкен  табысы  –  Қоспандай  кейіпкердің 
Қасболатқа  қарсы  ішкі  наразылығын  тартыс  формасына 
түсіріп,  қос  тағдырлы  роман  қабаттарын  қиюластырып, 
бастапқы  кішілеу  жанрдың  тұтас  бітімді  сюжетін  бұзбай 
сақтағандығы.  Ішкі  монолог  құралы  арқылы  екі  адамның 
қиын да күрделі өмірін Кеңес Одағындай алып мемлекеттің 
шешуші  кезеңдердегі  сұрапыл  тарихымен  ұштастыра 
отырып шебер суреттегендігі. 
«Біздің халықта əкім көп болғанмен, азамат аз» Тахауи 
романының  осы  бір  іргелі  қағидасы  Қоспанға  да, 
Қасболатқа  да  тікелей  қатысты.  Азаматтық  неден 
басталады?  Елін,  жерін  сүюден,  қоғамдық  өмірге  саналы 
түрде,  белсене  араласудан,  шындық,  əділет  жолын  ар-
намыс туы етіп ұстанудан, өзіңе де, өзге адамдарға да қатаң 
талап  қоюдан.  Романның  бір  кейіпкері,  атап  айтқанда, 
Қоспан  азаматтық  биігінде  шыңдала  түседі.  Екінші 
кейіпкер  Қасболат,  керісінше,  барды-жоқты  азаматтық  ар-
инабатын мансабына құрбан етіп – омақаса құлауға тақау. 
Қоспан  –  негізі  мықты,  мінезге  бай,  сүйекті  характер. 
Халық  орманының  емені.  Бір  кездегі  солдат,  артынан 
шопан, азды-көпті білімі де бар  еңбек адамы.  Істеген ісіне 
адал, 
мейлінше 
жауапкершілікпен 
қарайтын 
жан. 
Жолдастыққа,  достыққа  берік.  Кең  қолтық  мейірімділігі, 
кешірімділігі,  балажандығы,  -  бəрі  қосылып  келіп, 
қарапайым  қазақтың  мол  пішілген  момын  тұлғасының 
жиынтық образын көзге елестетеді. Алайда бұл кейіпкерде 
жағымпаздық  демесек  те,  жалбақтаушылық,  кісі  көңілін 
жықпаймын деп қалбалақтап жүріп, есе жіберіп алушылық, 
бір ұшы саясатқа тірелетін енжарлық басым. Роман сюжеті 
барысында Қоспан азаматтық қасиет-қадірінде олқы соғып 
жатқан  осы  бір  кемшіндерінен  біржола  айығады.  Төрт 
тəулік  ақ  дүлейде  отарымен  адасып  жүріп,  ақ  таяқ  ұстап 
қалуының  себептерін  іздеп,  іштей  қатты  толқыныс-
тебіреністе  ширығып  шынығады.  Іштегі  сезім  боранының 
  77 
 
 
Өңкей бір шілдехана өлкем дала!  
Білмеймін неге сені теңерімді,  
Кең дала, керік дала, көркем дала! 
Қазақ даласының қырын да, сырын да білетін, əрі оның 
қан  мен  аңға  сіңген  тіршілік  түбірі,  тірлік  төркіні  екенін 
терең  ұғатын  ақын,  сол  ен  далаға,  кең  далаға  гимн,  ода 
айтқысы келгендей. Жалпы «Қыран дала» поэмасы осылай 
ұғылғанда  ғана  өз  бағасын,  дұрыс  бағасын  алады.  Əрине, 
жыр  арқауы  алдымен  адам,  еңбек,  тыңға  шабуыл.  Бірақ 
соның  бəрі  далада,  ежелгі,  ескі,  бергенінен  берері  көп 
берекелі  далада  өтіп,  жүзеге  асып  жатыр  деген  ұғым 
поэмадан үнемі сезіліп отырады. 
Дала  тақырыбын  көп  жырлаған  ақын  осы  поэмасында 
шарықтаған,  биікке  көтерілген.  Көркемдік  жағын  алсақ, 
белгілі  он  бір  буынды  өлең  түрімен  жазылса  да,  теңеу 
метафора, салыстыру əдістерінің молдығынан, əрбір сөздің 
өз  орнында,  толық  мəн-мағынасында  қолданылуы  арқылы 
тартымды  көркем  сурет  бейнелер  жасалынған.  Əдетте 
үлкен  тақырыпқа  барып,  шабытпен  жырлағанда,  ақын  əр 
қилы  ою-өрнекке  ұмтылып,  ұйқас,  ырғақ  іздеп  əуре 
болады. Бұл жағынан əңгіме етіп отырған поэма таза бірақ 
əрбір  шумақ,  жол  мағына  жағынан,  ой  салмағы  жағынан 
мейіріңді  қандырып  отырады.  Астық  үшін,  нан  үшін 
күрестің мəнін ескі қазақ ұғымында бар түсініктерге жүгіне 
аңғартады. 
Түс емес, еске салсын өң күндерді, 
Нан үшін нансыз аштан өлгендерді. 
Құраннан қазақ оны биік қойған, 
Ұмыту жөн бе өсіп-өнген енді? 
деген  жолдардан  нанды  қадірлеген  қазақ  ұғымын 
көреміз.  Дін  кітаптарын  баяғыда  дорбаға  салып,  биікке 
асып  қоятын  болған  ғой.  Сондай-ақ  керегенің  басында 
жарты  таба  нан  деген  жұмбақ  та  бар.  Нанды  да  көтеріп 
қоятын  болған.  Сонан  шыққан  шығар,  қазақтар  нанға 

  78 
 
 
шығып  құранды  алуға  болмайды,  құранға  шығып  нанды 
алуға  болады  деген.  Мұнан  дінге  самарқау  қарайтын 
қазақтың,  өмір-тіршілікке  келгенде  пысықтығын,  əрі  дəм 
мен тұзға қасиетпен қарайтынын аңғарамыз. 
«Қыран  дала»  дегендегі  эпитет  толық  емес  сияқты 
көрінеді.  «Қыранды  дала»  емес  пе,  дегің  келеді.  Əсіресе, 
орысшасы  «Орлиная  степь»  болған  соң,  сондай  ой  туады. 
Бұған ақын өзі анықтама берген: 
Қыран деу - қанаттысың дегенім ғой, 
Əйтпесе тең келер ме қыран саған? 
Ақын даланың қыранды екенін, онда қыран ұшатынын 
айтпай-ды  екен.  Даланың  өзін  қыранға  теңейді,  қыранға 
балайды  екен,  яғни,  даланың  өзі  қыран,  қанатты  дала 
демек.  Бұл  сəтте,  əрине,  «қыран»  эпитет  түрінде  даланың 
ерлігін, биіктігін байқатып тұр. 
1975  жылы  ақынның  «Сел»  поэмасы  жарық  көрді. 
Алматы  тарихында  1921  жылғы  селден  кейін  немесе  1963 
жылғы  Есік  көлін  жойып  жіберген  топаннан кейін,  орасан 
қауіп  əкелген  1973  жылғы  сел  айтарлықтай  апат  еді.  Қала 
аман  қалды,  бірақ  оның  қаншалықты  күш-жігерге  түскені 
тарихтан  белгілі.  Тау  бұзылып,  су  мен  тас  сел  боп  аққан, 
қара  жерді  қақ  тіліп,  жүрген  жерін  ұстарадай  жалмап 
отырған.  Апат  басталып,  топан  жөңкіп  күш  алды.  Тек 
тоған,  тоғанда  ғана  үміт,  соған  келіп  тосқауылға 
ұшырамаса,  хал  қиын.  Əлі  түгел  жасалып  бітпеген,  əрі 
жұқа тоғанды дереу биіктету қалыңдату керек. Тоған кетсе, 
бүкіл Алматы сел астында қалуы анық еді. 
Осындай əрі алып, əрі қаупі зор оқиға поэмаға мазмұн 
болған.  Шығарма  түгелдей  сол  күндер  мен  түндердің 
аласұрған  күрес  сағаттарына,  ессіз  жауға  қарсы  біліммен, 
техникамен  қаруланған  адамдардың  күресіне  арналған. 
Мұндай оқиғаны көркем шығарма қалай суреттеуі мүмкін. 
Олай  болды,  бұлай  болды  десе  -  ол  жай  баяндау  болып 
 131 
 
 
күш,    серпіліс.Романды  талдау  барысында  психологиялық 
талдаудың  компоненттеріне,  олардың  Қоспан,  Жаппасбай, 
Жаңылдың характерлерін даралаудағы көркем мəніне назар 
аудару  қажет.  Қаһарманның  рухани  болмысында  болып 
жатқан 
өзгерістердің, 
жаңарулардың 
себеп-салдарын 
автордың 
қаншалықты 
көркем 
жинақтай 
алғанын 
қадағалау орынды. 
60-жылдардағы  əдебиет  қоғамдық-əлеуметтік  өмірдегі 
сан  қырлы  өзгерістерді  көркем  зерттеп,  жаңа  заман 
адамының  сана-сезімін,  психологиясын,  рухани  болмысын 
жан-жақты  саралауға  ден  қойды.  Ауылшаруашылық, 
өндіріс салаларында жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық 
санасын  зерделеп,  олардың  бойындағы  адамгершілік, 
моральдық  принциптерді,  өз  мүддесінен  ұжым  мүддесін 
жоғары қою секілді сапаларды аша көрсету  күн тəртібінен 
түспеген 
мəселелер 
болды. 
Адамның 
ішкі 
əлемін 
меңгеруде    көркемдік  принциптер  мен  психологиялық 
стильді  оның  бойындағы    қайталанбайтын  өзгешелікті 
таңбалаудан  гөрі,  ұжымдық  санасының    қырларын 
танытуға бағындырды. 
Романның  жұртшылық  назарына  бірден  ілігуінің  өз 
сыры  бар.  Бұл  актуальдігі,  зəрулігі  айырықша  шығарма, 
Сталин 
культінің 
кетеуін 
кетіріп, 
тоталитаризм 
кінəраттарын бетіне басқан алпысыншы жылдар ағымының 
(«Шестидесятники») алдыңғы толқын үздігі. 
Повесте орталық кейіпкер біреу ғана – Қоспан шопан. 
Ал,  романда  ондай  кейіпкер  –  екеу  Аупартком  хатшысы 
Қасболат  образы  бұрынғы  қосалқы  рөлдегі  қалпынан 
əлдеқайда  толысып,  қомақтанып,  орталық  қаһарман 
өресіне көтеріледі. Повесті ұлғайтып роман жанры етудегі 
автор  ойының  түп  қазығы  айқын:  сол  кездегі  ақ  дегені 
алғыс,  қара  дегені  қарғыс,  ақырып  тұрған  партиялық 
басшылықтың шын мəнінде кетеуі кете бастағанын əйгілеп 
əшкерелеу. 

 130 
 
 
іс-əрекет  үстінде  ашылады.  Қоспан  мен    Жаппасбайдың 
ішкі  дүниесі  ешқашан  бітіспейді.  Өйткені,  Жаппасбайдың 
ұғымына ар алдындағы  жауапкершілік сезімі жат. 
Осы  ретте  Ф.Оңғарсынованың  өлеңіндегі  ақын 
жанының бітімге келмейтін жауы  еске түседі: 
Ол – адамдар шындыққа  жүгінбейтін, 
көлгірсіп күлімдейтін, 
Өзі істеген  жауыздық, зұлымдықтан, 
Қайғы шегіп  ішінен түңілмейтін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет