Басқару шығындарын – жалпы басқару шығындары және мүліктік басқа-ру шығындарына бөлуге болады. Олардың үлкен бөлігі берілген сақтандыру компаниясының жұмыстылық деңгейіне тәуелді. Сақтандыруды ұйымдас-тыру кешені, ақпараттық-аналитикалық, сақтандырушыларға қолайлығын, тартылымдығын және сақтандырушы операциялары табыстылығын қамтама-сыз ететін тарифтік анықтамаларды қолдану әзірлеуге бағытталған экономи-калық шаралар маңызды роль атқарады. Тарифтік саясат келесі қағидаларға негізделеді:
- Тарифтік саясаттың бірінші қағидасы ретінде елде сақтандыру қатынастарының баламалылығын айтуға болады. Ол нетто-ставканың зиян ықтималдығына максималды сәйкес болуы керек. Тарифтік қойылымдар аумақтық бірлік маштабының 5-10 жылға белгіленеді. Осы масштабта белгіленген кезенде төлем түрінде төленген сақтандыру жарнасының қайтарылуы керек. Баламалық қағидасы зиянының тұйықталған үлестірме жүйесі ретінде сәйкес келеді.
- Тарифтік қойылымдардың қол жететіндігі сақтанушылардың саны және сақтандырылған объектілерінің мөлшеріне тура тәуелді болады. Неғұрлым сақтандыруда сақтандырылған тұлғалар және объектілер көп болса, соғұрлым әр адамға зиян үлестірмесінің кіші үлесі жетеді. Ол тарифтік қойылымды төмендетеді және сақтандыруға кол жеткізеді.
- Сақтандыру тарифтері мөлшерінің ұзақ уақыттағы тұрақтығы. Егер сақтандыру тарифтері көптеген жылдар аралығында өзгермесе, онда сақтанушыларда сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығына сенімділік артады. Егер сақтандыру сомасының залал көрсеткіштері төмендесе тарифтер өзгермеген жағдайда сақтандыру жауапкершілігі көлемін арттырған жөн. Шығындардың тұрақты өсу жағдайында тарифтер көтеру соңғы іс-шара болып табылады. Сақтандыру сомасының шығындылық көрсеткіштерін төмендету арқылы сақтандыру жауапкершілік қөлемін ұлғайтуға қол жеткізіледі. Сақтандыру жауапкершілігі – сақтандырушының сақтандыру сомасын немесе сақтандыру өтемін төлеу міндетті. Заңмен немесе сақтандыру шартымен белгіленеді. Сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен, яғни сақтандыру тәуекелдерінің белгілі тізбесімен сипатталады - сақтандыру жағдайы болған уақытта төленетін төлемдермен. Сақтандырудың нақты объектісіне қатысты қауіптің тізбесіне байланысты, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі нақтыланады.
- Сақтандыру жауапкершіліктің көлемін кеңейту, егер оны қолданыс-тағы тарифтер мүмкіндік берсе жүзеге асырылады. Сақтандырушы қызме-тінде бұл қағиданы сақтау басыңқы, өйткені сақтандыру сақтандырушының мүдделеріне сәйкестілігі арта түседі. Сақтандыру жауапкершілігін кеңейту сақтандыру сомасының залал көрсеткіштерін төмендету арқылы қамтамасыз етіледі.
- Сақтандыру операцияларының өзін-өзі өтеуін және табыстылығын қамтамасыз ету. Есептелген және тарифке сәйкес сақтандыру жарналары, сақтандыру төлемдерінің мөлшерін және табыстардың шығыстарға қарағанда белгілі бір мөлшерде арттыруын қамтамасыз етеді. Бұл артықшылық тарифтік ставкаға жоспралы түрде жүктеме салынуы мүмкін. Бірақ, егер қолайлы жылда сақтандыру сомасының нақты залалы қолданыстағы нетто-ставкадан төмен болса, онда үнемділік екі бағытқа бөлінуі керек:
а) сақтандырушының босалқы қорына;
б) пайданы толтыруға.
Сақтандыру тарифін есептеудің негізінде сақтандырудың келесі белгілері жатады:
зиянның тұйық үлестірмесі;
төлеуге арналған (нетто-төлемдер) сақтандыру төлемдерінің қайтарылымдығы
Бұл белгілер мынадай теңдікпен көрсетіледі:
П=В, мұндағы В-төлемақылар;П-төлемдер
Нетто – ставканы есептеу осы теңдікке сүйенеді. Теңдік тек есептеу мезетінде жұмыс істейді. Осыдан кейін бұл теңдік бұзылады, өйткені тәуекел мен шығындар үздіксіз өзгереді. Бағалар алдын ала және нақты шығындар негізінде белгіленетін қоғамдық өндіріс пен қызмет саласымен салыстырғанда сақтандыру сыйақылары сақтандырушының нақты төлемдеріне сәйкестігі сирек кездеседі. Сақтандыру залалы да, сақтандырушының шығындары да - болжамды көрсеткіштер. Үлкен сандар заңы аз мөлшерде көрінетін кіші жиынтықтарға үлкен дәрежеде қатысты. Сақтандыру жарналарын есептеудің екі жүйесі қалыптасты: кейінгі және алдыңғы. Кейінгі жүйенің мәні сақтандыру қатысушыларының біреуіне тиген заянды, барлық қатысушылраға үлестіру. Залалды бөлу сақтандыру оқиғасы болғаннан кейін, зиян сомасы белгілі болған кезде. Қазіргі бұл талап сирек қолданылады. Қазіргі уақытта сақтандыру жарналарын төлеуде алдыңғы нысан пайдаланылады, яғни тарифтер негізіндегі.
Тарифтерді есептеудің келесі кезеңдерін атап айтуға болады:
- Сақтандыру жиынтыққа кіретін бөлек объектінің есептеу бірлігін анықтау. Бұл бірлік натуралдық, сонымен қатар бағалық мазмұнда болады. Бұл бірлік бөлек аймақта, жалпы мемлекетте және т.б. бойынша қарастырылуы мүмкін.
- Берілген есептеу бірлігінің тәуекел деңгейін анықтау. Ол экономикалық статистика арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде жалпы және белгілі бір уақыт мезетіне сақтандырылатынын ықтималды төлемдер көлемі есептеледі.
- Содан кейін жиынтыққа кіретін әр есептеу бірлігіне түсетін тәуекелдің бір бөлігі ретінде орташа өлшемі белгіленеді. Бұл сатыда, тәуекел бірлігінің орташа статистикалық ықтималдығы және әр объектінің берілген оқиғаға ерекше тәуелділігінің нетто-қойылымының тәуекел бөлігі есептелінеді.
- Тәуекел ауытқуына әсер ететін факторларды және қажеттілігі болса тәуекел үстемесін анықтаймыз. Тәуекел үстемесін есептеудің бірнеше тәсілі бар - дисперсия тәсілі, стандартты ауытқу тәсілі;
- Нетто - қойылымды қалыптастыру: сақтандыру сомасының орташа залалдығының қажеттігі бойынша тәуекел үстемесін қосамыз, яғни толық нетто - қойылымды қалыптастырамыз.
- Берілген сақтандыру түрінің операциялары бойынша өзіндік құнын бейнелейтін жеткілікті сыйақыны анықтаймыз. Ол іс жүргізу шығындарына қосылған нетто-қойылымға тең.
- Қажетті емес, бірақ мақсатқа сай болатын әртүрлі үстемелердің жеткілікті сыйақыға қосылуының қажеттігін зерттейміз. Көбінесе мұндай үстеме тарифтің бір бөлігі болып табылатын, алдын алу шаралар қорына аударымға арналған. Қор сақтандыру оқиғаларының алдын алу шараларын жүзеге асыру көзі ретінде қызмет атқарады, яғни амалдар арқылы сақтандырудың қаржылық тұрақтылығын күшейтеді.
- Тарифтік ставкаға енгізілетін пайданың оптималды көлемі анықталады. Кейбір жағдайларда есептеме берілген кезеңде аяқталмай бірнеше сатылардан өтеді де сақтандырушы алдында тұрған әлеуметтік- экономикалық мәселелерге байланысты тариф түзетілуі мүмкін.