Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет20/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
annotation68524

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шарттары түрлерін сипаттап беріңіз?


2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруда көлік құралдарының әрбір бірілігіне жылдық сақтандыру сыйақысы қандай көлемде тағайындалады?
3. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша?
4. Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету үшін сақтанушы қандай құжаттарды тапсырады?
5. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?
6.4 Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауап-кершілігін міндетті сақтандырудың (әрі қарай – тасымалдаушы жауапкер-шілігін міндетті сақтандыру) объектісі болып тасымалданушының мүліктік қызығушылығы, яғни жолаушыларды тасымалдауда олардың өміріне, денсау-лығына немесе мүлігіне келтірген зиянды өтеп беруде, Қазақстан Республи-касының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеттерімен байланысты тасымалдаушының мүліктік қызығушылығы табылады. Ал, жолаушыларды тасымалдау кезінде, сақтандыру өтелімін төлеу арқыры олардың мүліктік қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету, тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты.


Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізінде келесі қағидалар орын алады:

  • зиян шегушілердің мүліктік қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету;

  • тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, жолаушылардың сақтандыру полисінің негізінде оларды және мүліктерін тасымалдауын қамтамасыз ету;

  • тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша тараптардың өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ету.

Теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль және қалалық электрлі көліктермен тасы-малдайтын, Қазақстан Республикасының тасымалданушылар резиденттерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігі сақтандыруға жатады. Сонымен бірге, жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдауда қолданылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша тасымалдаушының жауапкершілігі сақтанды-руға жатады. Тасымалдаушыны, жолаушылардың алдында тасымалдаушы-ның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру келісім шарты-ның жасалуы тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасау міндетінен босатпайды. Сақтандырушымен сақтанушының арасындағы жасалынатын келісім шарттың негізінде тасымалдаушы жауап-кершілігін міндетті сақтандыру іске асырылады. Бұл келісім шартта, мүліктің тауарлық құның жоғалтуды қоса алғанда зиян шегушінің табысын жоғал-тумен моральдық зиянды өтеуді, сонымен бірге тауарды жеткізу немесе жұмысты өндіру мерзімінің бұзылуымен байланысты айып-пұлдың орнын толтыруды және келісім шарттағы басқа міндеттемелерді қоспағанда, зиян шегушінің мүлігіне немесе денсаулығына, өміріне зиян келтірумен байланыс-ты міндеттемелер бойынша сақтандыру өтелімін жасау қарастырылады. Келісім-шарт сақтанушыға сақтандырушымен жазбаша түрде сақтандыру полисін беру арқылы, міндетті сақтандырудың осы түрі (сынып) бойынша қызмет етуге құқығын айқындайтын лицензиясы бар сақтандырушымен жасалынады. Бұл жерде, тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтанды-ру келісім шартың жасаудың негізі болып сақтанушының өтініші табылады.
Темір жол тасымалдауларын атқаратын тасымалдаушы жауапкершілігінің міндетті сақтандыру бойынша, сақтандыру сыйақысының мөлшері, тасымал-даушы жауапкершілігін сақтандыру келісім шартының іске асыру мерзімінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша, жолаушыларды және олардың мүлігін тасымалдау қызметін көрсетуден табылған табыстын сомасынан 0,2 пайыздың көлемінде белгіленеді, ол бір ай аралығында алынған табыстың көлемінен ай сайын төленентін сақтандыру қойылымы ретінде төленеді. 12-ай мерзімінен кем уақытқа тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқанда келесі көлемде сақтандыру сыйақылары белгіленеді.
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартты сақтанушының сақтандыру сыйақысын төлеген уақытынан бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады, ал оны бөліп төлеген кезде алғашқы сақтандыру қойылымы төленгеннен кейін енеді. Сақтандыру келісім шарты күшіне енген уақыттан бастап 12 ай мерзіміне жасалынады және барлық сақтандыру мерзімінде әрекет етеді, сонымен қатар өзінің іс-әрекетін алғашқы сақтандыру оқиғасы бойынша тоқтатпайды. Егер тасымалдау-шының жолаушыларды және олардың мүліктерін тасмалдауды іске асыру құқығы 12 айдан аз мерзімде бітсе, онда тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты тек сол кезеңде жасалады. Тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартының мерзімінен ерте тоқталуы үшін сақтанушы (сақтанушының өлімі жағдайында - мұрагері) сақтандырушыға жазбалы түрде арыз береді
Темір жол тасымалдау қызметімен айналысатын тасмалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқанда, сақтандыру сыйақысының мөлшері тасмалдаушы жауапкер-шілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын іске асыру мерзімі бойы, сақтандыру тәуекелін бағалау негізінде, Қазақстан Республикасынын аума-ғында жолаушы және олардың мүліктерін тасымалдау арқылы табылған табыстын көлемінен 0,5 пайыздан аспайтын шекте көбейтілуі мүмкін. Темір жолдан басқа жолаушы тасымалдаудың басқа түрлерін іске асыратын тасымалдаушы жауапкершілігін сақтандыру келісім-шартың жасауда, сақтандыру тәуекелін бағалау нәтижесінде, сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандырушымен 50%-дан көп емес шекте өсуі мүмкін.
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, сақтан-дыру оқиғасы болып тасымалдаушымен жолаушыларды тасымалдаған кезде олардың мүлкіне, деңсаулығына, өміріне тигізілген зиянның орнын толтыру-дағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің болу жасау фактісі саналады. Жапа шегушінің өміріне және деңсаулығына тигізілген зиян, өзіне, оның өлімі уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігінің жоғалуымен байланыс-ты зиянның материалдық түрін қамтиды. Жапа шегушінің өміріне және денсаулығына тигізілген зиянның көлемі сәйкес ұйымдар берген құжаттар негізінде анықталады. Жапа шегушінің мүлігіне тигізілген зиян өзіне тасы-малдау кезінде, тасымалдаушы тасымалдауға қабылдаған жүк немесе жолау-шының жанындағы мүлік, жолаушының жойылған мәні бар және зақым-далған мүліктің құнын қамтиды. Жүктін жоғалуы, кемістігі және зақым-дауында немесе жолаушының жанындағы заттарына, тасымалдаушының кінәсы бойынша тигізілген зиян көлемі келесі түрде анықталады:

  • жолаушының жанындағы заттарының, жүктің жоғалу немесе жетіспеу жағдайында – олардың құнының көлемінде;

  • жолаушының жанындағы заттары, жүктің зақымдалу жағдайында – олардың құнының төмендетілген көлемінде, ал зақымдалған жүкті қалпына кетіру мүмкінсіз болғанда нақты құнының көлемінде;

  • тасымалдауға берілген жүктің жоғалуы жағдайында оның бағасын жариялауымен бірге – жүктің жарияланған бағасы көлемінде төленеді.

Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі бір сақтандыру оқиғасы бойынша келісіні құрайды (айлық есептеу көрсеткішінде):





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет