Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет22/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
annotation68524

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың қағидаларын атаңыз?

  2. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды іске асыруда көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйақыларының жылдық көлемі қандай мөлшерде белгіленеді?

  3. Сақтандыру өтелімін төлеуге қажетті және міндетті құжаттар атап беріңіз?

  4. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?

  5. Қандай жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады?

7. САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРІН ҚҰРУДЫҢ МӘНІ. АКТУАРЛЫҚ ЕСЕП

7.1 Сақтандыру тарифтерін құрудың мәні және міндеттері


Сақтандыру тарифі –­ сақтандыру сомасының немесе сақтандыру сыйақысының қойылымы. Сақтандыру тарифі сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тиісті заңмен белгіленеді. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандырушының өзімен есептеледі. Сақтандыру тарифін есептеу сақтаудың кез келген бойынша (актуарлық есептеу) берілген обьектіні сақтандыру шығынын анықтау процесі болып табылады


Актуарлық есептер көмегімен сақтанушыға сақтандырушының көрсет-кен қызметінің өзіндік құны мен құны есептелінеді, сақтау қорын құрудағы әрбір сақтанушының үлесі анықталды, яғни тарифтік қойылымның мөлшері анықталды.
Берілген объектіні сақтандыру үшін қажетті шығындарды анықтау сақтандырушының қызметіндегі ең күрделі процестердің бірі. Сақтан-дырудың бір түрін жүргізүге кеткен шығындарды есептеу формасы сақтан-дыру (актуарлық) калькулациясы деп аталады. Актуарлық есеп айырысулар-дың негізгі міндеттері келесілер:

      • жиынтық сақтандыру шеңберінде тәуекелдерді зерттеу және топтау;

      • сақтандыру оқиғасының болуының математикалық ықтималдығын есептеу, жекелеген сақтандыру топтары, сондай-ақ жалпы жиынтық сақтандыру жағдайының салдарының жиілігімен ауырлығын анықтау;

      • сақтандырушының жұмысын жүргізүге қажетті есеп айырысулардың және олардың даму тенденцияларын болжаудың материалық негізделуі;

      • сақтандырушының қажетті резервтік қорын материалдық негіздеу осы қорлардың құрылуының нақты әдістері мен көздерін ұсыну.

Сақтандыру ісінің тәжірибесімен байланысты, актуарлық есепайырысу-лардың мынадай бірқатар ерекшеліктері бар:

  • бағалауға ұшырайтын оқиға ықтималдық сипатқа ие, бұл сақтандыру төлемдерін төлеу кезінде көрініс табады;

  • жекелеген жылдарда жалпы заңдылық сақтандыру төлемдерінде тербелісте болатын кездейсоқ оқиғалар арқылы көрінуі сақтандырушының көрсеткен қызметінің өзіндік құны бүкіл сақтандыру соммасына қатысты есептеледі;

  • сақтандырушының арнайы резервтерін ерекшелеудің қажеттігі, осы резервтердің оптималды мөлшерін анықтау;

  • сақтандыру оқиғасымен байланысты толық немесе жартылай шығындардың болуы, бұл арнайы кестелер көмегімен уақытпен кеңістікке оның көлемін ашу қажеттігін анықтайды;

  • сақтандырушы төлемдері сақтандырумен қамсыздандыру арасындағы теңдікті орнату.

Актуарлық есеп айырысулар теориясының негізі XVIIғ. Д. Граунт, Янадс Витта, Э. Галлей еңбектерінде қаланды. 1662-ж.ағылшын ғалымы Д. Граунт-тың "Өлімділік бюллетенінде жасалған табиғи және саяси бақылаулар" атты еңбегі басылды. Ол бірінші болып адамдар өлімі тұралы мәліметтер жасады және өлімділік кестесін тұрғызды. Осы уақытта голландиялық ғалым Ян де Витт өмірлік рентаны сақтандыру тарифтері атты еңбегін шығарды. Онда ол ақшаның өсу нормасымен сақтанушының жасына байланысты сақтандыру жарнамаларын есептеу әдісін көрсетті.
Актуарлы есеп айырысулар тиориясының одан әрі дамуы ағылшын астраномы Э.Галлей еңбектерінде жалғасын тапты.Ол өлімділік кестесіне анықтама берді. Өлімділік кестесі-өлімнен кейін туылғандар жиынтығының жас бойынша азаюын көрсететін өзара байланысты өлшемдердің реттеме қатары. Бұл жас көрсеткіштерінің жүйесі келесілерді өлшейді:

      • әттүрлі өмір кезеңдерінде, өлім жағдайларының жиілігін;

      • әрбір жасқа дейін, өмір сүрушілердің үлесін;

      • өмір ұзақтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет