Сақтандыруда сақтандыру тарифтерінің 3-түрі қолданылады:
орташа;
диференциялды;
жеке.
Орташа сақтандыру тарифтері -сақтандыру жиынтығына кіретін объектілердің жеке индивидуалды ерекшеліктері сақтандырушыға қызықтырмаған жағдайда қолданылады. Орташа тарифті сақтандыру сомасының залалы тұрақты деңгейінде мақсатқа сай қолданылады, өйткені залалдың өсімді болған жағдайда кезең соңында орташа тариф қажеттіден төмен болады және сақтандырушыға сақтандыру өтемін төлеуге қаражаттар жетпеуі мүмкін. Орташа тариф міндетті сақтандыруда да қолданылады, ол сақтандырушыға жататын біртекті объектілер көпшілігін қамтитын бас шарттарды жасасуда пайдаланылады.
Анықталған белгілері бойынша топтарға біріктірілген нақты объектілер мен тәуекелдерге арналған сақтандыру жарнасының қойылымын білдіретін сараланған (дифференцияланданған) сақтандыру тарифі жиі пайдаланы-лады. Мысалы, мұндай топтастыру табиғи жағдайы әртүрлі аудандарды ұқсас құрылыстарды сақтандыруда қажет. Шетел мемлекеттерінде сараланған тариф автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруда пайдаланады.
Жеке (индивидуалды) тарифтер 2 түрлі болуы мүмкін:
тиісті сақтандыру қызметінің қауіптілік дәрежесіне сүйене отырып, нақты экономикалық есептеу түрінде;
жеңілдіктерді (бонустар) немесе үстемақылар (манустар), қолдану арқылы құралатын тарифтік қойылым түрінде.
Бұл жеңілдіктер анықталған және сараланған тарифтерде белгілі бір сақтанушы тәуекелінің экспертті немесе статистикалық бағаларының төмендеуі немесе көтерілуіне сүйене отырып қоладанылады.
Жеке тарифтерді есептеу өте күрделі және статистикалық мәліметтердің жеткіліктілігіне сүйенеді, алдын ала метематикалық және экономикалық талдау жүргізуді талап етеді. Мұндай тарифтерді пайдалану типтік емес тәуекелді аса үлкен объектілерді сақтандыруда ақталады.
Тарифтік қойылымының таза сыйақыға есептегенде тиісті үстемақы-лардың басты бөлігі – істерді жүргізу шығындары. Мұнда сақтандыру шартын жасау мен қызмет көрсету шығындары кіреді. Себебі қызметті атқаруға әсер ететін көптеген факторлар бар, бұл шығындарды нормалау бойынша жалпыға бірдей кепілдеме жоқ. Сақтандыру тәжірибесінде сақтандыруға қойылған ішкі қызмет істері және сақтандыру қоғамының сыртқы желі істерінің шығындарын айыра білу қалыптасқан.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі шығындарға бөлуге болады. Істерді жүргізуге өзгермелі шығындарды бөлек сақтандыруға (сақтандыру түрі, бөлек сақтандыру полисі) жатқызуға болады. Тұрақты шығынды бөлек сақтандыруға жатқызуға болмайды. Олар жасалған сақтандыру шарттарының бүкіл портфеліне жүктелуі керек. Тұрақты және өзгермелі шығындар іс-әрекет мерзімі бір жылдан астам сақтандыру шарттарының актуарлы есептеулерінде қолданылады. Салыстырмалы тұрақты шығындар сақтандыру қызметінде тербелістерге тәуелсіз, яғни берілген сақтандыру ұйымы персоналдық жұмыс бастылық деңгейінен тәуелсіз. Сақтандыру қойылымын есептеуде сақтандыру жарналары сақтандыру сомасы және өтеу мерзімін жауып қана қоймайды, сонымен қатар сақтандыру ұйымын ұстау шығындарын ескеру керек. Сонымен байланысты қызметті жүргізу шығын-дарын келесідей жіктеуге болады:
ұйымдастырушылық;
аквизициондық;
инкассациялық;
ликвидациялық (тарату);
басқару.
Ұйымдастырушылық шығындары - сақтандыру қоғамын құрумен байланысты. Олар сақтандырушының активтеріне жатқызылады.
Аквизициондық шығындар – сақтандыру агенттігінің делдалдылығы арқылы жаңа сақтанушыларды тарту және жаңа сақтандыру шарттарын жасау мен байланысты сақтандыру компаниясының өндіріс шығындары.
Инкассациялық шығындар – қолма-қол ақша айналымын, сақтандыру төлемдерінің түсімдеріне қызмет көрсетумен байланысты. Олар сақтандыру төлемдерін қабылдау туралы квитанция құжаттарын және есеп құжат тізімдерін жасау шығындары.
Тарату шығындары – сақтандыру оқиғасы залалын жою шығындары. Оларға таратушылардың (зиянды таратумен айналысатын тұлғалар) еңбек ақысын төлеу, куәгерлік, сот шығындары, пошта – телеграф шығындары, сақтандыру өтемін төлеу шығындары кіреді.