«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- тарау. Таза активтер/капитал аудиті



бет19/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
2. ! $ 07.docx (1)

9- тарау. Таза активтер/капитал аудиті

265. Таза активтер/капитал аудитінің мақсаты бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Бухгалтерлік баланстың «Таза активтер/капитал» V-бөлімі бойынша қаржылық есептіліктің дұрыстығы туралы аудиторлық пікір қалыптастыру болып табылады.


266. Таза активтер/капитал аудитінің міндеті:
операцияларды таза активтер/капитал шоттарында дұрыс есепке алу;
сомалардың күрделі салымдарға дұрыс жатқызу;
есепті кезеңнің соңында кірістер мен шығыстар шоттарын дұрыс жабу;
резервтерді дұрыс қалыптастыру және есепке алу;
есепті кезеңнің қаржылық нәтижелерін дұрыс көрсету, есептік деректерге түзету жүргізу;
ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп құралдарын бағалауды растау болып табылады.
267. Таза активтер/капитал аудитінің ақпарат көздері Түгендеу жүргізу қағидаларын есепке алмағанда осы Стандарттың 76-тармағындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары болып табылады.
268. Аудиторлық дәлелдемелердің көздері:
мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша және төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары;
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелер;
14-мемориалды ордері «Балаларды ұстау үшін ата-аналармен есеп айырысу жөніндегі ведомостардың жиынтығы» Нысандар альбомындағы 406 нысаны;
15-мемориалды ордері «Айырбас емес операциялардан түскен кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 409 нысаны;
16-мемориалды ордері «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түскен кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 409-а нысаны;
17-мемориалды ордері «Активтерді басқарудан түскен кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 409-б нысаны;
18-мемориалды ордері «Өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 409-в нысаны;
19-мемориалды ордері «Операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 458 нысаны;
20-мемориалды ордері «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 458-а нысаны;
21-мемориалды ордері «Активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 458-б нысаны;
22-мемориалды ордері «Өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 458-в нысаны;
касса құжаттары;
«Басты журнал» кітабы Нысандар альбомындағы 308-нысаны;
қаржылық есептілік Нысандар альбомындағы 4-нысаны;
бюджеттік есептілік;
аудит дәлелдемелерінің басқа көздері.
269. Таза активтер/капитал аудиті бухгалтерлік есеп тіркелімдері негізінде жүргізіледі. Қажет болған кезде сұрау салу сыртқы көздерден жүргізіледі.
270. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау осы Стандарқа 53-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Таза активтердің/капиталдың аудиторлық рәсімдерін жүргізу бағдарламасына (ЖҚ-ТАКР)» сәйкес аудиторлық рәсімдер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Аудиторлық дәлелдемелерді жинау өлшемшарттары:
туындау – бухгалтерлік есепте көрсетілген таза активтерді/капиталды есепке алу операциялары есепті кезең ішінде орын алған және аудит объектісімен байланысты;
толықтық – таза активтер/капитал бухгалтерлік есепте толық ескерілген және қаржылық есептілікте көрсетілген және оларбойынша ақпарат ашылған;
дәлдік және бөліп тастау – таза активтер/капитал бойынша операциялар тиісті сомада көрсетілген және есепті кезеңде бөлінген;
жіктеу – кірістер мен шығыстар есептілікте дұрыс жіктелген және оларбойынша операциялар тиісті шоттар бойынша бөлінген;
бар болу – есептілікте көрсетілген таза активтер/капитал шынымен бар;
құқықтар мен міндеттер – аудит объектісінің қызметінен туындайды және құжаттармен расталады;
бағалау және бөлу – таза активтерге/капиталға жататын қаржылық есептілік элементтері дұрыс бағаланған және бөлінген;
ұғынықтылық – қаржы ақпараты сенімді ұсынылған, ашу нақты көрсетілген;
сәйкестілік - таза активтермен/капиталмен операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес көрсетілген.
271. Егер қаржылық есептілік аудиті аудит объектісінде алғаш рет өткізілген жағдайда, аудитті жүзеге асырып отырған мемлекеттік аудиторға таза активтердің/капиталдың кіріс сальдосының тексерілетін кезеңнің қаржылық есептілікке елеулі ықпал етуі мүмкін бұрмалаулары жоқ екеніне және алдыңғы есепті кезеңнен дұрыс көшірілгеніне дәлелдеме алу қажет.
Кейінгі аудитте таза активтердің/капиталдың шоттары бойынша қалдықтардың алдыңғы есепті кезеңнің соңына қаржылық есептілікте расталған қалдықтарға сәйкес келетініне көз жеткізу қажет.
272. Таза активтердің/капиталдың кіріс сальдосының аудиті кезінде дұрыстығы сыртқы растау нәтижесінде аудиторлық рәсімдермен тексеріледі.
Мемлекеттік аудиторға таза активтердің/капиталдың кіріс сальдосының, күрделі салымдарды қаржыландырудың ұлғаюын және азаюын, активтерді қайта бағалауға (толық бағалауға) резервтер бойынша есептердің дұрыстығын уақтылы танудың, шоттарда кірістер мен шығыстарды есепке алудың бұрмалаулары жоқ екеніне көз жеткізу қажет.
Кіріс сальдосы аудитінің нәтижелері осы Стандартқа 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Таза активтердің/капиталдың кіріс сальдосы (ЖҚ-ТАККС)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
Мемлекеттік аудиторға таза активтерді/капиталды есепке алу шоттары бойынша шығыс сальдосы қаржылық есептілікте дұрыс көрсетілгеніне (бекітулерге сәйкес келеді) және бұрмалаулары жоқ екеніне жеткілікті және тиісті дәлелдеме алу қажет.
Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 55-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Таза активтердің/капиталдың шығыс сальдосы (ЖҚ-ТАКШС)» жұмыс құжатында ресімделеді.
273. Мемлекеттік аудитор жұмыс істеу тиімділігіне қатысты жеткілікті және тиісті дәлелдемелер алу үшін тестілеу өткізу арқылы таза активтердің/капиталдың ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесін бастапқы бағалауды растау рәсімін өткізеді.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін айқындау үшін мемлекеттік аудитор тексеру рәсімдерінің мәні бойынша сипатын, орындалу мерзімі мен ауқымын жоспарлайды.
Ішкі бақылау жүйесін зерделеу ақпарат жинаудың, жаңартудың және талдаудың үздіксіз процесі болып табылады және мынадай рәсімдердің көмегімен қол жеткізіледі:
аудит объектісінің бақылау құралдарын қадағалау, ықтимал қателіктер мен жосықсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында аудит объектісі белгілеген бақылау рәсімдерін талдау;
сұхбат жүргізу арқылы таза активтерді/капиталды есепке алуды қамтамасыз ететін мамандардың біліктілік деңгейін айқындау;
таза активтерді/капиталды есепке алу бойынша құжаттардың тиісінше ресімделуін бағалау;
алдыңғы тексерулер материалдарын шолу;
ішкі құжаттарды инспекциялау:
лауазымдық инструкциялар;
алдыңғы тексерулер нәтижелері;
өзге де құжаттар.
274. Мемлекеттік аудитор таза активтерді/капиталды есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалауды жүзеге асыру үшін ақпаратты қамтамасыз ететін құжаттарды сұратады.
Таза активтердің/капиталдың ішкі бақылау жүйесін тестілеу нәтижесінде мемлекеттік аудитор тәуекелді бағалау бойынша рәсімдерді орындау арқылы аудиторлық пікір негізделетін ақылға қонымды қорытынды жасауға мүмкіндік беретін дәлелдеме алады.
Таза активтерді/капиталды есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 56-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Таза активтер/капитал бойынша ішкі бақылау құралдарының тәуекелін бағалау тестісі (ЖҚ-ТАКТ)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
275. Тестілеу сұрағына жауап міндетті түрде жұмыс құжаттарымен бірге қысқаша ескертпемен сүйемелденуі қажет.
Тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік аудитор бақылау құралдарының тәуекелін айқындайды.
Бұрмалауларды анықталмау тәуекелін бағалаудың жоғары деңгейі ішкі бақылау жүйесінің осал жұмыс істеуін білдіреді, сондықтан аудиторлық рәсімдер көлемін мәні бойынша ұлғайту қажет.
Ішкі бақылау жүйесінің бұрмалаулар анықталмау тәуекелін бағалау деңгейін орташаға және төменгіге дейін азайту үшін мемлекеттік аудитор бақылау құралдарын қосымша тестілеуді орындайды.
Бұрмалауларды анықталмау тәуекелін бағалаудың орташа және төменгі деңгейі ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі қанағаттанарлық екенін білдіреді, сондықтан қолданылатын аудиторлық рәсімдер көлемін азайтуға болады.
Егер мемлекеттік аудитор тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендетуді болжаса, онда ішкі бақылау құралдарын қосымша тестілеуді орындау талап етіледі.
276. Таза активтер/капитал аудиті күрделі салымдарды және резервтерді қаржыландыру бойынша жүргізіледі.
277. Мемлекеттік аудитор құжаттарды зерделейді, қайтадан қайта есептеу жүргізеді, бастапқы құжаттардың тиісті есепті кезеңде көрсетілеуін талдайды.
278. Мемлекеттік аудиторға жалпы аудиторлық тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету үшін таза активтердің/капиталдың қандай баптарына аудиторлық іріктеу және талдамалық рәсімдер қолджану керектігін шешу қажет.
279. Мемлекеттік аудиторға таза активтерді/капиталды есепке алу бойынша барлық операциялардың қаржылық есептілікте дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет