«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- параграф. Резервтер мен қаржылық нәтиже аудиті



бет20/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
1- параграф. Резервтер мен қаржылық нәтиже аудиті

280. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін кезең соңына бухгалтерлік есептілік пен қаржылық есептілік тіркелімдерінің деректерін салыстырады, күмәнді дебиторлық берешек, пайдаланылмаған демалыстар бойынша есептелген резервтерді тексереді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына салым ретінде пайдаланылатын активтерді қайта бағалау (толық бағалау) бойынша резервтер сомасына қайта есептеу жүргізеді.


281. Мемлекеттік аудитор резервтердің құрылу себептерін анықтайды, құрылған резервтерді тексеру нәтижелерін қайта талдайды, қарсы тексеру барысында алынған мәліметтерді нақтылау үшін қосымша рәсімдер жүргізеді.
Мемлекеттік аудиторға резервтерді есептен шығару осы резерв құрылған объектіге жүзеге асырылатынына көз жеткізу қажет.
Мемлекеттік аудиторға қызметкерлер демалыстары бойынша есептелген және пайдаланылған резервтің дұрыстығына көз жеткізу қажет.
Мемлекеттік аудитор кірістер мен шығыстардың тексерілетін кезеңнің қаржы нәтижесіне дұрыс жатқызылуын тексереді.
282. Тексеру нәтижелерін қорытындылай келе мемлекеттік аудиторға жұмыс құжаттарында жиналған аудиторлық дәлелдемелерді жүйелендіру қажет. Жүйелі сипаттағы бұзушылықтар бойынша анықталған қателіктерді барлық тексерілетін жиынтыққа тарату керек. Анықталған ауытқулардың маңыздылығы іріктеу мөлшері мен жүйелі сипаттағы қателіктер ескеріле отырып айқындалады.
Анықталған ауытқулар осы Стандартқа 57-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ-Таза активтер/капитал қателіктерінің жиынтығы (ЖҚ-ТАКҚ)» жұмыс құжатында тіркеледі. Есепті құжат деректері негізінде мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті қалыптастыруға ықпал ететін бұрмалауларды талдайды.
283. Мемлекеттік аудитор нақты бір операциялар сыныбы, шоттар сальдосы немесе ашу үшін белгіленген маңыздылық деңгейі асып кеткені туралы мәселені қоса алғанда, тиісті операциялар сыныптарына, есептер сальдосына немесе ашуларға ықпалын бағалау үшін әрбір бөлек бұрмалауды қарайды.
Егер жекелеген елеусіз бұрмалаулар көп болған жағдайда мемлекеттік аудитор ақшалай мәнде бұрмалау саны мен жалпы әсері туралы ақпарат береді.
284. Таза активтерді/капиталды есепке алудың аудиторлық пікірін қалыптастыру және қаржылық есептілікте дұрыс көрсету үшін мемлекеттік аудиторға:
тиісті операциялар сыныптарына, есептер сальдосына немесе ашуларға ықпалын бағалау үшін әрбір жекелеген бұрмалаудың мөлшері мен сипатын қарау;
жалпы тексерілетін кезеңнің қаржылық есептілігіне бұрмалаулардың ықпалын қарау қажет.
Таза активтер/капитал аудитін аяқтау үшін мемлекеттік аудитор:
аудиторлық дәлелдемелер негізінде аудит нәтижелерін қорыту және бағалау;
қателіктер мен бұрмалауларды, олардың тексерілетін кезең ішіндегі қаржылық есептіліктің дұрыстығына ықпалын талдау рәсімдерін жүргізеді.
Таза активтер/капитал аудитінің нәтижелері осы Стандартқа 58-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ-Таза активтер/капитал - қорытынды (ЖҚ-ТАК-қорытынды)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
Таза активтер/капитал аудиті аяқталғаннан кейін мемлекеттік аудитор пікір қалыптастырады, аудиторлық есептің бір бөлігін жасайды және жұмыс құжаттамасымен бірге аудит тобының басшысына және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты тұлғаға ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет