Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет25/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Тұтас сөз әдісі.Тұтас сөз әдісі алғаш Англияда 19ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Соңынан Америкада кеңінен қолданылды. Сондықтан да оны «американдық әдіс» деп те атайды. Ағылшын тілінің табиғи ерекшелігі бойынша сөздің айтылуы мен жазылуы арасында өзгешелік күшті болады. Онда сөз ішіндегі кейбір дыбыс екі не үш әріппен таңбаланып жазылады. Сол себепті көп құрамды сөздерді дыбыстық жүйемен оқыту қиынға түседі. Ал, осы бір тілдің және бір ерекшелігі тілдегі сөздің 80 процентке жуығы бір құрамды, яғни бір буынды сөзден тұрады.
Тұтас сөз әдісі орыс мектебінде 1905 жылдан бастап ешқандай талғамсыз қолданыла бастайды. Бұл әдіс орыс тілінің табиғатына мүлдем қайшы келеді. Себебі, біріншіден орыс тілінде бір құрамды сөз өте аз кездеседі. Екіншіден, орыс сөзінің айтылуы мен жазылуы көп ретте бірдейге жақын ұқсас келеді. Бұл әдіс, комплексті оқуға қолайлы болғанымен, балалардың сөз мағынасын түсінуіне, оның дыбыстық мәнін айырып, әріптік элементтерін тануына өте қолайсыз. Оқушылар сөзді тек сырт түріне қарап көру қабілетімен ғана таниды. Сауат ашу жолы өте қиын әрі тым ұзаққа созылады. Баларға арналған оқу материалды өте шұғыл түрде күрделендіре береді де, әлі оқу дағдысы, білім дәрежесі дұрыс қалыптасып болмаған оқушыға көп құрамды бүтін сөзді тұтас қалпында бірден танып оқу қиынға түседі. Сөзге дыбыстық талдау- жинақтау процесі жүрмегендіктен, балалар жазғанда әріп тастап кетеді, сөйтіп шала сауаттанады. Оқуда да жаңсақтық жібереді. Сөзді көз қаныққан тұрпатына қарап жобамен оқитын болған соң, саналы ұғым ала алмайды. Бұл әдістің осылар сияқты көптеген қолайсыз жақтары мұғалімдерін қатты ойландырады. Сөйтіп олар тұтас сөз методынан бірте- бірте бас тартып, сөз дыбыстық талдау жолымен оқы тәсіліне көше бастайды.

Өткізетін сабақтардың үлгісі





    1. ӘЛІППЕГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢНІҢ САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ

1-2 сабақ


Тақырыбы: Мектеп. Сынып.
Оқулықтың 3-4 індегі сурет бойынша жұмыс жүргізу. Төмендегідей сұрақтарға жауап алу.
Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Балалар қайда келді?
Оларды кім қарсы алды?
Балалардың қолдарында не бар?
Балалардың, мұғалімнің жүздері (бет-әлпеттері) қандай кейіпте? Мұғалім мен балалар не істеп тұр?
Адамдар бір-бірімен не үшін сөйлеседі?
Сурет бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, мұғалім балаларды сөйлетеді. Оқушылардың алғашқы күннен бастап дұрыс сөйлеуін, сөйлемді толық айтуын қадалаған дұрыс. Мұғалім адамдар тіл арқылы сөйлесетінін, біздің тіліміз-қазақ тіліміз екенін айтады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін (бір нәрсені айту, сұрау, хабарласу, пікір алысу т.б.) сөйлеу (сөйлесу) қажет екендігін айтып өтеді. Мұны сабақпен байланыстыра түсіндіріледі. Яғни, мұғалім мен балалардың бір-бірімен сөйлесу арқылы түсінісіп тұрғандықтарын айтады. Мұның өзі ауызша сөйлеу болып табылатынын қарапайым тілмен айтып жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет