Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет27/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

7-8 сабақ


Тақырыбы: Күн режимі. Тамақтану. Сөйлем.
Оқулықтағы 7 тердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу. Оқушылар оқушының бір күндегі іс-әрекетін ретімен әңгімелеп шығады. Онда мынадай сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады: таңертең, түсте, түстен кейін, кешке, түнде, орнынан тұру, жаттығу жасау, жуыну, тамақтану, мектепке бару, сабақта, көмектесу,сабақ дайындау, ойнау, демалу, ұйқыға кету.
Оқушылар өздерінің күнделікті іс-әрекеттері жайлы атып береді. Жеке бас гигиенасына қажетті заттардың атын атайды.
Оқулықтың 12 індегі сурет бойынша да әңгіме құрастырылады. Мұнда ертеңгі ас, түскі тамақ, кешкі ас, тазалық, уақытымен тамақтану, дұрыс тамақтану, сүт тағамдары, көкөніс, ет тағамдары, т.б. сөздер мен сөз тіркестерін тірек етеді.
Бұл сабақта оқушының жеке бас гигиенасын сақтау, күн режимін дұрыс құрып, оның орындалуын қадағалау, жеке басының тазалығы үшін қолданатын заттары (сүлгі, сабын, тіс щеткасы, тарақ, айна, т.б.) болуын және оны орынды пайдалану, тамақтану, денені шынықтыру, таза ауаның денсаулыққа пайдасы, оның дұрыс дамуына әсері жайлы барлық мағлұматтарды мұғалім жеткізе білуі керек.
Сонымен қатар, оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру, дұрыс тамақтану, тәртіп сақтау, дастархан басында өзін-өзі ұстау мәдениеті, тазалық сақтау, тағамдардың құнарлылығы, оны талғаммен пайдалану, т.б. туралы түсінік беріледі. Дәптермен жұмыс істеу.

9-10 сабақ


Тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі. Көліктер. Сөз
Сабақтың мақсаты- оқушыларды көшеде жүру ережесімен, көлік аттарымен, қоғамдық көліктерде өзін-өзі ұстай білумен таныстыру. Сөздерге буындық талдау жасату.
Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көздері қандай белгіні білдіретінін түсіндіру. Көшеден өтерде бағдаршамның «тілдеріне» бағыну адам өмірінің қауіпсіздігі үшін зор маңызы бар екендігін ұғындыру. Көшені кез-келген жерден кезіп өтуге болмайтыны, арнайы өтетін жолақшамен сызылған жолдан өту керектігі айтылады. Жер асты жолы- метромен таныстыру. Елімізде метро Алматы қаласында жұмыс істей бастағанын айту. Метро сөзіне буындық талдау жасату. Метро сөзінде екі буын бар. Бірінші буын-ме, екінші буын-тро. Бірінші буында екі дыбыс бар: м, е, екінші буында үш дыбыс бар: т, р, о; метро сөзінде екі дауысты дыбыс бар: е, о. Үш дауыссыз дыбыс бар: м, т, р. Вагон сөзінде осындай буындық талдау жасау.
18-19 беттегі көліктермен таныстыру. Олар: ат, ұшақ, тікұшақ, кеме, автобус, троллейбус, машина. Әрбір көліктің қай жерде жүретіні, ерекшелігі, маңызы, т.б. туралы түсініктер беру. Басқа да көліктермен таныстыру. Сөздерге буындық талдау жасату. «Әліппе серігінде» берілген осы тақырыптағы материалдарды пайдалану. Дәптермен жұмыс жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет