Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет26/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

3-4 сабақ


Тақырыбы: Оқу құралдары
5- беттегі суреттер бойынша балалардың не көріп тұрғандары сұралады. Суреттегі әрбір заттың атын атап, олардың не үшін қажеттігі сұралады. Әңгіме барысында мектеп, мектеп мүліктері, сынып (парта, тақта, үстел, орындық, бор, кезекші т.б.) сөздерді қолдана отырып, сөздерді оқушылардың сөздік қорына енгізеді. Мектеп мүліктерін күтіп ұстау, сақтау туралы айтады. Мұғалім оқушыларды мектептің ішкі тәртібімен таныстырады. Партада дұрыс отыру, тақтаға шығу, мұғаліммен қарым қатынас, үлкендермен сәлемдесу т.б. жайларды түсіндіреді. Мұғалім оқулықтағы сөйлем сызбасы туралы түсінік береді.
Оқушылардың ауызша сөйлеу туралы алған білімдерін нақтылайды. Сөйлеу (сөйлесу) сөйлемдерден тұратынын айтады, мысалмен дәлелдейді: Бұл сынып. Сыныпта сабақ оқимыз деген сөйлемдер белгілі бір ойды білдіріп тұрғанын түсіндіреді. Осы ауызша айтылған сөйлемдерді жазумен де көрсетуге болатынын айтады. Жазуды әліппеден үйретіндері ескертіледі. Ал әзірше жаза алмасақ та, сөйлемді сызба арқылы бейнелеп түсіндіруге болатынын хабарлайды. Сөйлем сызбасымен таныстырылады. Әр сөйлем бір, екі, одан да көп сөздерден жасалатынын айтады. Сөйлем бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі қойылатынын сызба арқылы қойлатынын
сызба арқылы көрсетеді. Әр түрлі сызба үлгілері бойынша сөйлемдер құрастырып жаттығады. Дәптермен жұмыс жүргізу.

5-6 сабақ


Тақырыбы: Отбасы. Отбасы мүшелері
Сабақ оқулықтың 6 бетінде берілген суреттермен жүргізіледі.
Сабақ мақсаты: отбасы, оның мүшелері, бір-бірімен қарым-қатынас; үлкенге құрмен, көмек; кішіге қамқорлық; ұлттық тәлім- тәрбие, отбасы мүшелерінің орны; атқаратын міндеті; үлгі-өнеге, өсиет, т.б. мағлұматтарды беру; тілін дамыту.
6 тегі жоғарыдағы суретте отбасы мүшелерінің дастархан басында орналасуы; ата мен әже төрде, олардың арасында немересі, әкесі мен шешесінің ортасында қыз баланың отыруынан балалар өз оларын әңгімелеп айтады. Отбасындағы үлкен бала ата мен әже баласы болып, солардың бауырында өсетіндігі; ата-әже өсиетін тыңдап тағылым алудың өмірде пайдасы мол екендігі жайлы, қыз баланың бос уақытында анасынан, әжесінен көрген-білгенін түйіп өсетіні туралы әңгімеленеді.
6 тегі суретте атаның немересін ұлттық өнерге баулуы, үйреткен өнерін немересінің қаншалықты игергенін қызықтауы; ананың бөбегін бесіктен шешіп алып отырған сәті, әкесінің сәйгүлігіне қамқорлық жасауы жайлы, бос уақытты тиімді пайдалану, әркімнің пайдалы іспен айналысуы туралы әңгімелету.
«Ата көрген- оқ жонар, ана көрген- тон пішер» деген ұлағатты сөздің мән-мағынасын мұғалім жетекші сұрақтар арқылы балаларды өз отбасы туралы сөйлету. Баланың сөздік қорын дамытуда туыстық атаулармен таныстырылып, оларды қатыстырып грамматикалық тұлғада жүйелі, байланыстырып сөйлеуге, отбасы мүшелерінің бір-бірімен сыйластық, ізгілік қарым-қатынас орнатуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіледі. Сөйлемдерді толық құрастыруға, сөйлемдегі сөздердің байланысына ерекше мән беріледі. Дәптермен жұмыс жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет