Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет51/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Әдебиеттер:


  1. Аксенова А.К. «Методика обучения русскому языку в коррекционной школе», М., 2004

  2. Барская Н.М. «Методика обучения русскому языку в 5-9 классах вспомогательной школы. М., 19923.

  3. Рахметова С.Р. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы» Алматы, 2007.

  4. Арнайы білім беру бағдарламасы : қазақ тілі бөлімі. «ӘБЕО орталығы», 2009.



8. Есімдікті оқыту әдістемесі


  1. Есімдік туралы түсінік беру

  2. Есімдіктің мәні, міндеттері

  3. Жіктеу есімдігі және оның жіктелу жолы

  4. Жіктеу есімдігінің қолданылуы,септелуі.

Арнайы мектеп бағдарламасы бойынша есімдік сөз табы ретінде тек қана жетінші сыныпта өтіледі. Онда есімдікті зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз екендігі жөнінде мағлұмат беріледі. Ал, негізгі бағдарламалық тақырып болып жіктеу есімдіктері оқытылады. Бұл жөніндегі білімнің мазмұны мынадай: жіктеу есімдігінің анықтамасы оның жекеше, көпше түрлері, жіктеу есімдіктерінің септелуі және олардың сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы өтіледі.
Жіктеу есімдіктерін, олардың үш жақта айтылатын барлық формаларын және септелу ерекшеліктерін таныту – грамматикалық әрі стильдік білім мен дағды беру жүйесіндегі маңызды мәселенің бірі. Өйткені бұл есімдіктер оқушылардың сөйлеу тәжірибесінде өте жиі қоданылады. Ал, жіктеу есімдіктерін қолдану практикасында балалар емле және стиль жөнінен қате жіберіп отырады. Сол себепті оқушылардың жазу мен сөйлеу мәдениетінде кездесуі ықтитмал кемістіктердің алдын алу талабы алға қойылады.
Бағдарламада есімдікке анықтама беру ұсынылған. Соған орай жетінші сынып қазақ тілінде «зат есім, сан есім, есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз» − деген ереже жазылған. Бірақ бұл анықтама бойынша сабақ жүргізу мүмкіндігі көзделмеген. Яғни сынның, санның орнына есімдік қолданылатын жағдайлар оқулықта сөз етілмейді. Бұл
оқулықтың орнын толтыру үшін мысалға екі не төрт сөйлем алып, оның алғашқысында айтылған зат есімнің (адам, нәрсе аты) орнына келесі сөйлемдерді есімдік қойып, түсінік беріледі.
Жіктеу есімдігін таныстырғанда, зат есімнің жіктелу жолын балалардың есіне салған жөн. Бұл әрі тақырып арасындағы байланыс, әрі өткенді пысықтау тәсілдерін қолданғандық болса, оған қоса оқушылардың жіктік туралы ұғымы, оның үш жақпен айтылатыны жөніндегі бұрыннан білетін білімдерін жаңа материалдың мәнін тануға, оған оңай түсінуге негіз етіп пайдаланамыз. Сонда оқушылар зат есім жекеше және көпше түрде үш жақпен жіктелгенде оған байланыстырып қолданған «мен, біз, сен, сіз; сендер, сіздер; ол, олар»; деген сөздерді тез еске түсіреді. Осы дайындық сәтті пайдаланып мұғалім аталған сөздер (мен, сен, ол т.б.) жіктеу есімдіктері екенін таныстырады. Мысалыға келтірген есімдіктерді бақылата тұрып, олардың ІІІ жақта айтылатынын, әр жақтың есімдіктері қайсылар екенін оқушылардың өздерінен сұрап, соларға тұжырым жасатуға әбден болады.
Одан әрі мұғалім жіктеу есімдіктерінің мәнін дәлелдеп түсіндіреді. Оладың адам ұғымын білдіретін зат есімдердің орнына жүретін орынбасар сөз табы екені айтылады. Сондықтан жіктеу есімдігінде Кім? қойылатыны мысалмен дәлелденеді. Тек ІІІ−ші жақта ғана «ол, олар» есімдігі басқа заттарды да көрсетіп, оларға Не? Сұрағы қойылатыны ескеріледі.
Мұғалім сабаққа керекті тілдік фактіні яғни (мысалды) оқулықтағыға қоса өзі ойластырып тиіс.
Жіктеу есімдіктерінің І−ші жағы сөйлеуші кісінің өзін көрсетсе, ІІ−ші жағы сөз арналып айтылған кісіні білдіреді, ал ІІІ−ші жағы менде, сенде емес, үшінші кісі екенін аңғартады. Бұл ұғымдарды таблица түрінде жинақтап көрсетсе, тиімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет