Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет70/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Ақыл-ойы кемдіктің орташа деңгейі де -
бас миының қабығы және де 
төменде жатқан құрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала 
дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мұндай балалар 
басын ұстауды, өз бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін 
жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды. 
Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі 
ретінде пайда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бұзылған, моторикасы 
бұзылғандықтан, өзін-өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің 
көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: 
сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған. 
Бұл топтағы адамдарға тән негізгі белгісі, жалпы абстракциялық 
түсініктері қалыптаспайды. Сөйлеу тілінің дамуы қарапайым, өз сөйлеу 
тілі кедей, тұрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақталған. 
Ақыл-ойы кемдіктің орташа деңгейіндегі балалар мүгедектер деп 
саналады. Кейбіреуі арнайы мектептерде білім алады. Оқуы жеке 
бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл балалар оқи алады, яғни қатынас 
дағдысын, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыны, санауды, қоршаған орта 
туралы кейбір қарапайым мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Сонымен 
бірге, ерекше жағдайын бірі олар өзбетінше өмір сүре алмайды, үнемі 
қамқорлықты қажет етеді. 
Ақыл-ой кемтарлықтың ауыр деңгейі
– кемістіктің көптеген белгілері 
ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы 
ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, 
айналасына барабар реакция, тұру, жүру дағдысының кеш шығуы, былдыр 
және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен 
құбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады. 
Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. 
Сөйлеу тілі өте жай дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. 
Бұл балалардың моторика, қозғалыс координациясы, кеңістікте 
бағдарлауы ауыр деңгейде зақымдалған. 
Ақыл-ой кемтарлықтың терең деңгейі
– бұл бұзылыстың ауыр 
болғандығы соншалықты, нақұрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. 
Қарапайым өзің-өзі күту, гигиеналық дағдылары жай және қиындықпен 
қалыптасады (А.Р. Маллер, Г.В. Цикото). 
Ауыр және терең деңгейдегі балалар үй немесе әлеуметтік ұйымдар 
жағдайында арнаулы қолдау алуы мүмкін. 
Көмекші 
мектептегі 
оқушылар 
құрамының 
психологиялық 
мінездемесі балаға кәсіби тұрғыдан бақылау жасаудағы мұғалімнің әрекеті 
қажетті ақпараттармен қарулануы арқылы анықталады. Дамудағы 
кемшіліктің диагнозы мен тарихын білу оқушының психикалық жағдайы 


177 
мен тәртібіндегі ерекшеліктерді жақсы түсіну, оқыту мен тәрбиелеу ісінде 
мақсатқа бағытталған жеке әдістерді таңдай білуге көмектеседі. 
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептегі оқушылар 
құрамын практикалық мақсатта анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің 
себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының 
зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының 
зақымдануы түрінде екі топқа бөліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында 
кемшілігі бар балалар арнайы бағдарламалар бойынша білім алады. 
Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық 
диагнозы қойылған балалар құрайды. 
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың ерекшелігі 
мынадай белгілермен анықталады: 
-
қоршаған ортаны тану кезіндегі белсенділіктің төмендігі, 
ұмытшақтық; 
-
сөздік-логикалық ойлаудың төмендігінен өз ойын, пікірін, 
қоршаған орта туралы мінездемелерін берудегі қиындықтар; 
-
эмоциялық-ерік сферасының бұзылуынан мақсатқа жетудегі, өз 
инициативасын көтерудегі әлсіздіктер. 
Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы осы топтағы балаларды 
оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы жүйелерді талап етеді. Жеңіл дәрежедегі 
ой-өрісі зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды өмір сүруге 
бейімдеу мен жеткілікті білім беруді көздейді. 
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі 
коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды: 
- 1-ші (4-7 жас) мектепке деінгі кезең – санитарлық-гигиеналық 
талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық 
қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне көңіл 
бөлінеді. Бұл кезең баланы әлеуметтік бейімдеуге бағытталғандықтан, 
тәрбиелеу жүйесінде негізгі роль білім, дағды, іскерліктің қалыптасуына 
сәйкес, баланың болашақтағы білім алуы мен тәрбиесіне негізделеді. 
- 2-ші кезең (8-16 жас) – өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық 
дағдыларды 
игеруді 
қорытындылау, 
тұрмыстық 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру кезеңі. Бұл кезеңде балалар қарапайым сауаттылықты, 
байланыстырып сөйлеуді игереді. 
- 3-ші кезең (16-18 жас) – әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой 
дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың 
мақсаты – оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, 
әлеуметтік ортаға бейімдеу. Бұл кезеңде мынадай міндеттер орындалады: 
-
оқыту процесінде баланың танымдық әрекеті мен психикалық 
функциясын 
дамыту, 
бала 
бойындағы 
психофизикалық 
жетіспеушіліктерді түзету; 


178 
-
ақыл-ой дамуының күрделі формасындағы тәртіп ережелеріне 
үйрету; 
-
еңбекке үйрету, спортқа бейімдеу, өз-өзіне қызмет ету дағдысын 
қалыптастыру; 
-
тұрмыстық қажеттіліктер мен әлеуметік өмірге бейімдеу.
 
2-ші және 3-ші кезеңде коррекциялық-педагогикалық көмекті бала 
арнайы мектеп немесе әлеуметтік ұйым жағдайында алады. 
Интеллектуалды мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс 
жасудағы негізгі ерекшеліктерге тоқталсақ: 

медициналық-клиникалық бағыты – ақыл-ой дамуындағы 
кемшіліктің 
этиологиясын 
анықтау, 
интеллектінің 
дамуындағы 
кемшілікке 
апаратын 
генетикалық 
себептерге, 
анатомиялық-
физиологиялық себептерге назар аудару, 
- психологиялық бағыты – интеллект дамуы кешеуілдеген баланың 
эмоциялық-ерік сферасына, психикалық әрекетіне назар аудару, 
- педагогикалық бағыты – интеллект дамуы кешеуілдеген балаларды 
оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне, формаларына, принциптеріне назар 
аудару; 
- психометриялық бағыты – интеллектінің даму ерекшеліктеріне баға 
беру. 
Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі білім 
беру 
мекемелеріндегі 
жүргізілетін 
коррекциялық-педагогикалық 
процестің негізгі бағыттары баланың әлеуметтік және потенциалдық 
мүмкіндіктерін қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен 
әдістемесі Л.Б. Баряева, О.П. Гаврилушкина, Е.А. Екжанова, А. Зарин, 
Т.Н. Исаева, А.А. Катаева, Н.Д. Соколова, Е.А. Стребелева және т.б. 
еңбектерінде толық қарастырылған. Е.А.Екжанова мен Е.А.Стребелева 
интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет