Арнаулы бiлiм министрлiгi



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/12
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Шөже Қаржаубайұлы 
                                            (1808-1895) 
 
Шөже Қаржаубайұлы (1808—1895)— Көкшетау облысының Қызылту 
ауданында туып-өскен. 1895 жылы кайтыс болып, сүйегі Айыртаудағы Абылай 
жотасына жерленген. Əкесі құлдықта, шешесі күңдiкте өткен адамдар. Өзі де 

 
 
 
117
жасынан жетім қалып, бай босағасында жалшы болған, сондықтан айтысқан 
ақындар Шөженің ата тегін,  оның кедейлігін жəне кемтар соқырлығын бетке 
басады. Сөйтiп оның осал жеріне мін тағыіп, жеңбек болады. Мұның үстіне 
олар қаңғырған қырғызсың, қазаққа келіп тойындың деп те айыптайды.Соған  
қарағанда,  Шөженің  арғы  аталары қырғыз  елінде тұрып, кейiн қазақ жеріне 
қоныс аударуы да мүмкін. 
Кемпірбай Шөжеге: 
«Тұрағың Алатауда, түбің қырғыз, 
 Ит соқыр, туған жерің одан да арман»,-дейдi. 
Шөженің  ұрпағынан  қазір    бізге  мəлім    Ержанов  Молдақымет  деген 
немересi.Ол Шығыс Қазақстанда тұрып,кейін Ресейдің  Тюмен облысы Маслянский 
ауданы, 43-разъезде тұрмыс кешкен. 
 Шөже өз бабалары туралы Кемпірбайға былай деп жауап береді:      
:
 
Кемпірбай, мен сөйлесем шын емес пе? 
Өзіңе күпірлік сөз күнə емес пе? 

Жайықтың əкем Қаржау ұлы емес пе? 
Қараның шешем Жама кызы емес пе? 
Жаралған екеуінен біздей болып, 
Жиені Қазыбектің мен емес пе? 
             Туыпсың Бөгембайдан қисық-кыңыр, 
Жіп таққан тұқымымен сен емес пе? 
Бұл  жерде  екі ақыңның  бірінен-бірі асыра айтушылығы  да  болуы 
мүмкін,  бірақ  өмір  фактілерін  берерлік  дерек  те  жоқ  емес.  Шөженің 
əкесі де, шешесі де, өзі де қазақ екені, онын өлеңі де қазақ тілінде шығып, 
қазақ арасында сақталғаны күмəнсыз. 
«Дүржан  үйінде»  деген  бір  өлеңінде  де  Шеже  өз  емірі  туралы 
едəуір  мəлімет  береді.  Жасынан  жетім  өсіп,  қорасан  ауруынан    көзi 
кеткенiн айтады. 
 
«Атым Шөже баласы Қаржаубайдың, 
Үйде жарлы болсам да түзде баймын. 
Асығымнан алтынға бөлесең де, 
            Дүние  жүзін  көрмеген  сор  маңдаймын  —деуіне  қарағанда 
ақын  өзінің  дүниені  өз  көзімен    көре  алмаған  зағиптығына 
назаланғанымен,  тағдыр  талқысына  мойын  сұнбай,  ел  кезіп,  талай 
думанда  тойларды  бастап,  өлең-жырды  судай  сапырған  жүйрік.  Көбіне 
арнаулар  шығарып,  өзінін,  көңілі  жеткен  қоғамдық  мəні  бар 
мəселелерді  жырлап  өткен.  Барынша  батыл  сөйлеп,  ешкімніө  бет-
ажарына  не  бақ-дəулетіне  қарамай,  тайсалмай  əркімнің  мінін  ашық 
айта білген. 
 Қуандық, Алтай, Қарпық араладым,  
 Тыңдадым ел жақсысын, сараладым. 
 Кісінің міні болса бетіне айтып, 

 
 
 
118
 Ат пен ас, ажарына қарамадым...—деуі бұған дəлел. 
Шөже  айтыстары  өзінің  өткірлігімен  де,  шынайылығымен  де, 
сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, 
Тазбала жəне қыз ақындармен айтыстары белгілі. 
Шөже  Балта    ақынмен  айтысқанда  оны  ұрысың,  байларға 
жарамсақтанған  арам,  жемқорсың  деп  айыптайды.  Бұл  айыпты  Балта 
қабылдамаса  да,  дəлелдеп  теріске  шығара  алмайды.  Айтыста  Балта 
арқа  сүйеген  парақор  үстем  тап  қатты  сыналады.  Олардың  ішінде 
Шөженің:Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте 
ерекше: 
  Жолшора өзің қазы, əкең Анай, 
        Бұрып сөйлеп, параны жедің талай. 
    Алдыңда жеті тамық, сегіз жұмақ, 
                              Қайсысына кіруің екі талай. 
     Қажылықпен дүниеде жедің пара, 
                        Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай!-десе, ал Алшынбай 
туралы ақын: 
               Жылың — қой, келдін Балта елу төртке, 
              Бойыңа қартайғанда өсек ертпе. 
 
              Құсбектің төрт қара атын параға алған, 
               Алшынбай не айтар екен ақыретте?!-деп түйрейді. 
Балтаның  «Ит  соқыр»  деп  балағаттаған  дөрекі  сөздеріне  де  акын 
тайсалмай, батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың 
да соқыр екенін айтып: 
Жалғыз соқыр халқыңа тиышсыз болса, 
 Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан,— дейді оған. 
 Шөже    Балтаны    жеңгенде  оның  билерді,  байларды  мақтап, 
солар  жағына  жалтақтауын  айтып,  бет  қаратпайды.  Сен  ұрысың, 
ұрылар жалақор — бəріңнің пиғылың бір деп оларды қоса айыптайды.. 
Ұры мен парақордың тілегі бір, 
            Менің айтқан сөзімді жұрт естіп тұр.  
            Азған елге табынған мұндай айуан, 
            Иiнiңдi шауып, Қуандықтың астына кір,—деп, Балтаның аузын 
буып, апшысын қуырады. 
Шөже  айтысқа  түсіп  қана  қоймай,  кезінде  бірнеше  арнау 
өлеңдер  де  айтқан.  Оның  бізге  жеткен  толғаулары  да  бар.  Олар: 
«Арқадан  шығып  едім  Ноғайға  еріп», «Дəуеке,  осынша  не  қылды  бейілің 
қашып», «Домбыра щыққан тыңқылдан», «Жиылған көп жамағат отыр 
қоршап», «Ассалаумағалейкум,  қара  Бəйтік», «Бəйтікке», «Кім  өлсе, 
соған  түсер  заман  ақыр», «Қосқұлаққа», «Ерден  батырға»  тағы 
басқалар… 
Шөженің бұл аталған толғаулары мен кейбір айтыстары алғаш рет
 
Сəкен Сейфуллин жинағында 1931 жылы басылған болатын. 

 
 
 
119
Бұдан  кейін, 1961 жылы «XVIII—XIX ғасырлардағы  қазақ  ақын-
жазушыларының  шығармаларында»  бір  топ  өлеңдері  жарияланды. 
Оның  творчестволык  жолы  туралы  проф.Х.Сүйiншəлиев 1964 ж. 
«Жұлдыз» 
журналының 3-санында 
«Шөже 
ақын» 
мақаласын 
жариялады.  Бұл  Шөженің  ақындық  қызметіне  алғаш  берілген  талдау, 
зерттеу болатын. Кейін ақын творчествосы «Қазақ əдебиетінің қалыптасу 
кезеңі» кітабында талданды. 
Шөженің  жоғарыда  аталған  толғаулары  негізінен  арнау  өлеңдерi. 
Онда  ақын  көбіне  адамгершілік  идеяны  көтереді.  Мейірімді,  əділ 
болуды  ұсынады,  Кейде  ол  біреуді  мақтап  не  жамандап,  олардан  мал 
дəметіп,  бишаралыққа  да  ұрынады.  Берген  сыйына  қарай  сөз  қозғап, 
өнер қадірін төмендететін жері де бар. Бірақ бұл ақын толғауларының аз  
бөлігі,  ал    оның    басым    бөлігі    əлеуметтік    мəселеге    арналған. 
Ақын  пейілді,  мейірімді,  адамгершілігі  мол,  əлсізге  қамқор, 
қысылған  жерде  қол  ұшын  берер,  ағайыншылығы  зор  ерді  арман  етеді. 
Жағымсыз қара ниетті адамдарға қарсы шығады. 
Пейілі кеткен адамда, 
Еш береке болмайды.. 
 
Дəулеті қашқан байларға 
 
Ырыс келіп қонбайды. 
Ата-енесін зарлатса, 
 
Зарлатқан жігіт оңбайды. 
Ақын  өлеңдерінде  өткен  өмірді  аңсауға  да,  өткен  іске  өкінуге  де 
болмайтынын  айтып,  елді  алға,  болашаққа  мегзейтін  жолдар  көп 
кездеседі. Бұған карағанда ақынның оптимистік идеялары да айқын. Ол 
өз  басының  кемтарлық  тағдырына  көп  көңіл  бөлмей,  өміршең  поэзия 
туғызған. 
 Шөженің  Ноғайбайға  арнап  айтқан  «Жиылған  көп  жамағат  отыр 
қоршап» деген өлеңінің сарыны да оның Дəулетімбетке айтқан сөздеріне 
ұқсас. 
Шөженің Ноғайбайға осы тұста айтқан жылы сөзді назының ішінде 
оның  жемқор  бай  екенін  ескертетін  жолдар  да  кездеседі.  Ақын  оны 
мақтай отырып, елге жайылған жемқор атын да есіне салады.   
Сені жемқор дейді ғой елдің бəрі, 
 Жегенмен бұл халықты тауыспайсың. 
Шөженің  Ыбырай  Жақыпұлы  деген  аға  сұлтанды  жамандаған 
өлеңдері  де  өткір.  Оның  арғы  тегі  қазақ  емес,  кірме  екенін  айтып 
ақылсыз, дөрекі, топас мінезін бетіне басады: 
 
Қошқарбайдың құлы едің мұндар естек, 
Қолағаштай мұрның бар қайқы төстек. 
Құл да болсаң құдайға жаққан кұлсың, 
 
Əрбіреуің айдадың мың-мың мəстек. 

 
 
 
120
Сен өзің қара бұқа сүзгенсің,   
Əкең естек болғанда, шешең қалмақ.  
Екі арада сен туған дөрегейсің. 
Шөженің  Бəйтік  деген  қырғыз  бегіне  арнап  айтқан  үш  өлеңі  бар. 
Соның  бірі — «Ассалаумағалайкум,  қара  Бəйтік», 36
 
жол  өлең.  Бұл 
ақынның  хан  Бəйтік  аталған  төреге  келу  бойында  айтқан  сəлемдесу 
ретіндегі  қошамет  жыры.  Ақын  Бəйтікті  патшаға  барып,  сый  алып 
келдің деп мақтап сөйлейді. 
Келесі «Он жетіге келгенде» деп басталатын 30 жол өлеңінде ақын 
Бəйтікті ат жалын ұстап мінген жас кезінен бастап суреттеп, оған қонған 
бақ-дəулетті  бейнелейді.  Бірақ  Шөженің  Бəйтікті  мақтаған  өлеңі 
Шернияздың  Баймағамбетті  «мақтағаны»  сияқты,  жеңіл-желпі,  тек 
патша  алдындағы  беделіне  байланысты  айтылады.  Шөженің  Бəйтікті 
мақтап  айтқан  бұл  өлеңдерінің  шығу  тарихын  Сəкен  Сейфуллин  былай 
тусіндіреді:. «Бəйтіктің  үйіне  ешкім  атымен  жақын  келіп  түспейді  екен. 
Бір  шақырым  кашыққа  атын  тастап,  жаяу  келіп  кіреді  екен.  Шөже  ол 
дəстүрін  бұзып,  есігінің  алдына  атымен  келіп  тоқтапты.  Бəйтік  бұған 
ренжіп,  Шөжеге  тап  бергенде,  Шөже  домбырасын  алып,  осы  сөздерін 
айтып, ханды ризалаған екен...». 
Сəкеннің бұл сөздерінің жаны бар. Бəйтікті ақын бұл тұста мақтай 
жөнелгенге  ұқсайды.  Мұнда  Бəйтіктің  патшаға  барған  сапары,  алған 
сыйлары  (оқалы  тоң,  алтын  медаль,  шар  айна,  белдік,  қылыш, 
бөріктері) саналып көрсетіледі. Бірақ мысқылдау да жоқ емес.  Мысалы, 
ол Бəйтікке: 
 О, дүние, бұ дүниені бірдей алдың, 
 Патшаға Петерборда іздеп бардың.  
 Бəйтікті мақтайды ғой мұндағы елі. 
 Бəйтікке  арналған  Шөженің  үшінші  толғауы  «Кім  өлсе — соған 
түсер  заман  ақыр» -деп  басталатын 44 жол  өлеңі.  Бұл  бастан  аяқ  хан 
Бəйтікті сынап айтқан шығарма. Бұл оның алдыңғы екі толғауына қарама-
қарсы.  Бұл  өлеңді  Шөже  де  Шернияз  сиякты  Бəйтіктің  өзінің  рұқсаты 
бойынша  сынапты  дейді,-  халық  аңызы.  Бəйтікті  жамандағанда,  Шөже 
оның  тексіз  хан  екенін  бетіне  басады.  Бəйтікке    «некесіз  туған  бала 
едің»  дегенді  айтады.  Шөженің  бұл  өлеңі  Шернияз  өлеңіне  ұқса-
ғанымен,  мазмұны  жағынан  терең емес.  Ханды  жамандауы батыл  болса 
да,  Шернияз  өлеңіндей  шебер  шықпаған.  Оған  таңған  айыбының 
əлеуметтік мəні де əлсіз. 
  Бір  өлеңінде  ақын  Мұса  деген  байдың  болыс  болып  тұрғандағы 
тəкаппарлығы мен сараңдығын сынайды. 
 
   Мен келдім сəлем бере, Мұса мырза! 
 
Көргенде ақ жүзіңді көңілім ырза. 
                Шөже келсе басыңды көтермейсің, 
                Біз келген кісі жейтін қасқырмыз ба?  

 
 
 
121
               Бақ қонып, қыдыр дарып тұрса дағы, 
               Істейтін тəкаппарлық бар мінезің... 
               Қарынбай секілденіп көзің тоймай,  
               Көрмейсің мал мен бақты тұрған шалқып. 
               Бергеніне кұдайдың риза болмай,  
               Бара ма бір жеріңді теңіз тартып...   . 
Байлардың  сараңдығын  Шөже  əр  түрлі  сипаттарымен  өте  шебер 
керсетеді.  Ол  бірін  надан,  нас,  сараң  десе,  екіншісін  ез_  дəулеттiң 
рақатын  өзі  көре  алмай,  қалтырап  жүрген  пайдакүнем,-  дейді.  Сараң 
байдың енді бірін өліге де, тіріге де пайдасыз, пейілі кеткен азған адам 
етіп,  оның  сүреңсіз  бейнесін  жасайды.  Шаңдыбас  деген  байды 
сынағанда  ақын  оның  өлген  əкесіне  де  бір  қой  сойып  ас  бере 
алмағанын  күлкі  етеді.  Шөженің  Шаңдыбас  байды  сынаған  бұл 
өлеңiнiң əдісі  де қызық. Ақын түс көрген болады, түсінде сол байдың өлген 
əкесін сөйлетеді. Байға ақын былай дейді:  
Əкең Лаба түсімде аян берді, 
Білмейтін менің балам надан деді. 
Мен өлгелі берген жоқ бір қой сойып, 
Соқыр-ау, не береді саған деді... 
Осылайша  ақын  байлардың  сараңдығын  əр  түрлі  жағдайда  мінеп, 
олардың  жұғымсыз  бейнелерін  келемеждейді.  Бүл  ақынның  байларды 
сынаудағы бір өзгешелігі деуіміз керек. Өз еліне аты шыққан Саққү-лақ деген 
би  қартайып,  сөзден  қалған  кезінде  Шөже  оны  жəне  оның  баласы  Ералыны 
мазақтап  өлең  шығарады.  Өлеңін  Ералыға  арнайды.  Ақын  Ералының  өзімшіл 
боп  туғанын,  əкесі  Саққұлақка  тартпағанын,  осыдан  оның  басқаларды  былай 
қойғанда  өзінің  əкесіне  де  қайырсыз  боп  отырғанын  бетіне  басады.  Оны  өз 
əкесінен  билікті  тартып  алған  мансапқор,  қара  пейіл  жан  ретінде  танытады. 
Халықтың  мұндай  бас-шыдан  жақсылық  күте  алмайтынын  бірден  байқатады. 
«Жаксыдан  ту-ған  жаман»—ретінде,  қайырымсыз,  қаныпезер,  нағыз  озбыр 
қоғам өкілі бейнесінде суреттейді. 
Саққұлаққа сəлем де сөзден қалған,  
Жақсыдан жаман туса болмас адам.  
Бір баласы тумапты өзіндей боп,  
Кетеді-ау көрге бірге осы арман. 
Шөже  ойда  жоқта  кісінің  мінін  тауып  мысқылдауға  шебер  ақын  дедік. 
Бұл ақынның көп өлеңдерінен көрінеді. Алшынбай деген болыс Шөженің өлең 
айтып  отырған  үстіне  келіп,  оны  кекете  сөйлейді.  Мы-нау  не  сұрап  зарлаған 
соқыр,-  деп  мұрнын  көтереді.  Соңда  ақын  өзінің  «Алшынбайға»  деген  өлеңін 
шығарады: 
Дүрілдеп сөз сөйлейсің, Алшынбай таз, 
 Өлең айтпай қайтемін дəулетім аз. 
 Екі сөздің бірінде соқыр дейсің, 
 Шыныменен жаратқан құдай болсаң.  

 
 
 
122
Былшылдамай алдымен өз басың жаз. 
Бəсентин елінің саудамен байыған Сатыбай деген қуына арнауы да мəнсіз 
емес.  Онда  уақ-түйек,  айна-тарақ  сатып  байыған  саудагерді  мазақтайды.  Алып 
сатар,  алдағыш,  сұмның  баю  жолын,  шын  сырын  ақтара  түседі.  Оның  бұрын 
елге «апай» атанып келемеж боп жүрген атадан шықканы, соған қарамай уақ 
саудамен байып, белгілі адам саналып жатқаны əшкереленеді: 
Атаң сенің белгілі Бəсентин,  
Қара жатақ ойдағы, жатқан жиын.  
Мелочь сатқан бақалшы ел болған соң,  
Деген сөзі емес пе, бес-он тиын. 
«Апай» деген тағы бар ұрғашы аты,  
Қаржау, Күшік оңған жоқ, Қозыбақ бəрің. 
 Еркектігі жоқ болып əйеліне, 
 «Апай» болып атанған атаң сенің. 
Сатыбайдың  өз  басы  мен  ата  тегін  қоса  жамандап,  оның  жер-жебіріне 
жетеді. 
Тəрбие-тəлім көрмеген бассыз елдің баласы, өнегесіз атаның ұлы екенін, 
сондықтан ондай адамнан жақсылық күтуге болмайтынын ай-тады. Еліне қарай 
аузын  ашқан  қасқыр,  дөрекі  адам  болғанын  жəне  оның  көрші  поселкелерден 
нан сұрап жеп, күн көрген бейшара болға-нын бетіне басады. 
   Бөрі деген касқырдың аты болар,  
   Ит пен аңға шатасқан заты болар.  
   Өзі сыйлық көрмеген бассыз елдің,   
    Кісі сыйлап күтпейтін салты болар.  
    Керекудің аузында Қаржау, Күшік,  
    Қала десе тұрады кұстай ұшып,  
    Жарты қалаш қойнына тығып алып,  
    Түнде келер үйіне мұрттай ұшып... 
Шөже байдан да, биден де қорқып, тіл тартпаған өткір тілді, батыл ақын 
болыпты  деседі.  Ол  ерегіскен  жерде  кім  болса  да  ауыз  салып,  оның  шын 
сырын жасырмай бетіне айтып отырған. Ақын бойында асау мінезді үйретіп, тас 
сараңды жібітерлік сөз құдіреті болған. 
Ерегісте кетеді жыным түсіп, 
Шолақ намыс, шырт мінез, сырт етпені, 
Шөкең сөзбен үйретер мұрнын тесіп,—деп, ол орынды айтса керек. 
Шөже тек қана үстемдер тобын сынап өтті десек, ол бір жақтылық болар 
еді. Ол өзі айтқандай: «Шолақ намыс, шырт мінезділерді», мейлі кім болса, ол 
болсын  сынға  алған.  Кейде  жеке  жай  адамдарды  да  оның өзімшіл, қиянатшыл 
мінездері  үшін  сынап,  дұрыс  жол  сілтеген.  Мысалы,  балаларының  көптігіне, 
олардың өсіп жетілгеніне масайрап, өктем мінез көрсеткен, тіпті жетім қалған 
туыстары  Омар  дегенге  қиянат  жасаған  Айман  деген  əйелді  ол  қатты  сынап,  
оның күншілдігін бетіне басқан.  

 
 
 
123
Сенде бар тоғыз бала, елде жоқ па, 
 Туысы он,  ұлы он бес пенде жоқ па? 
 Жетім, нашар Омарға зорлық істеп, 
 Шіркін-ай ар жағында зерде жоқ па,  
 Жакынға зорлық қылмай жүре алмайсын, 
 Күндейсің, ағайынды көре алмайсың... 
Ақын  өзінің  көптеген  өлеңдерінде  қазақтың  елін,  жерін,  батырларын 
дəрiптейді. Ел берекесін, жұрт рақатын көксейді. 
Сүйіндік туған елден жақын жатқан, 
Тасыған өзендей боп шалқып аққан. 
Не түрлі ерлер шькты ортасынан,  
Ел бар ма Сүйіндіктен  бағы артқан.  
Ел еді бірауызды Қаракесек 
Оңған ел бірін-бірі қылмайды өсек.  
Қазыбек, Жəнібектей ерлер шықты,  
Ерекше заманында туған кесек...      
Бұдан  кейін  де  ақын  қазақтың  тарихына  аттары  мəлім,  қалмаққа 
қарсы  соғыста  əйгілі  болған  белгілі  батырларды  санай  жөнеледі:.  Қанжығалы 
Бөгембай,   Дұған      палуан,   Сүйіндік,   Баяндарды      дəріптейді.  Олардың  ел  
қорғауда    сіңірген  еңбектерін  мақтан  етеді.  Қейінгілердi  солардай  ардагер 
батыр болуға үндейді. 
Біреуі жеті момын Қанжығалы,  
Ерлігі Бөгембайдың таң қылады  
Ту ұстап, тұлпар мінген ердің бірі,  
Қазақтың жауын жеңіп таң қылады...  
Кеше, өткен арыстандай Дұған палуан, 
Ұл туды Сүйіндіктен неше алуан. 
Садақшы Баян батыр он жетіде, 
Қалмақтың қалың қолын жалғыз қуған. 
Абылай  билеп  тұрған  кездегі  Олжабай,  Жасыбай,  Қазыбек,  Жəнібек 
сияқты  батыр-билерді  дəріптеп,  олар  туралы  өзінің  мадақ  сөздерін  аямайды. 
Солардың кейін  жолын  қуған данышпан, білімді деген адамдарын тағы сынап, 
ақыры  Торайғыр,  Абайлармен  сөзін  аяқтайды.  Бұларды  жоғарыда  өзі  сынаған 
жетесіздерге қарама-қарсы қояды, үлгі етеді. 
Олжабай Абылайдың дүлдүлі еді, 
Ерлігін, батырлығын ел біледі, 
Торайғыр жеті жұрттың тілін білген, 
Адамның қызыл тілге бұлбұлы еді.  
Жасыбай дулығалы батыр өтті, 
Қаржаста ер табылды жеке біткен. 
              Қазыбек, Жəнібек пен Ер Олжабай,  
             Жауына заманында тізесі өткен...   
 Бұдан кейін Абай туралы: 

 
 
 
124
                 Атадан артық болған аруағы, 
                   Ел билеп келе жатыр ақын Абай,- дейді 
Шөже  өзінің  көңілінен  шыққан  адамды  мырзалығы,  кең  пейілділігі 
үшін  мақтайды.  Олар  мейлі  бай,  мейлі  жарлы-жатақ  болсын  оның  тегіне 
қарамайды. Адамгершілікті бірінші орынға қояды. 
Мысалы: «Секербайға»  арнауы  оның  осы  бір пейілді,  мейірімді  жанды 
атасының аруағы қолдаған деп ардақтайды: 
Жайылған ақын атым ой мен кырға, 
Белгілі
 
 мен қыран құс түспес торға, 
Көп айдың көрмегелі жүзi болды,  
Жүрмісің есен-аман сары жорға... 
Арғы атаң Төле байға қыдыр қонған, 
Əулие Едіге би одан туған.  
Кешегі дуан аузы ашылғанда, 
Атақты болып еді аға сұлтан... 
Шөженің  Ерден  батырдың  рақымына  разы  болып  айтқан  жəне  Қосқүлақ 
деген  сараң  байдың  пиғылын  сынаған  өлеңдері  де  көңілге  қо 
нымды.  
 
Шөженің  тілге  жүйрік,  сөзге  шешен  ақын  болғанын  қазақтың  тұңғыш 
əдебиетші — ғалымы Шоқан Уəлиханов атап көрсеткен болатын. Ол өзінің бір 
мақаласында  Шөженің  суырып  салма  өнеріне  жетіктігін  жоғары  бағалап, 
Жанақ ақын дəстүрін берік ұстаған қобызшы, жыршы екенін ескерткен-ді. 
Ақынның  сөз  тапқыштығын  танытатын  өлеңдері  көп-ак.  Мысалы.  өзін 
соқыр деп кемітіп, сөз төресін молдаға ұсынған бір парақор, пəлеқор таз байға 
айтқан өлеңінде ол: 
Таздан жаман болып па көзі соқыр, 
Молда біткен құранды теріс оқыр,  
Дəлін айтса шариғат пара алсаңыз, 
Өлгеннен  соң  тазыңды  қарға  шоқыр,
 - 
деп  парақор    байдың  зұлымдығын,  
молданың алдағыштығын əшкерелейді. 
Ақын  қазақ  шаруаларының  ұлықтар  алдынан  шын  əділдік  таба  алмай 
зарыққанына,  заң-законға  шорқақ  халыққа  теңдік  болмайтынына  күйініш 
білдіреді: 
Жандарал ақырады пошол — кет деп 
Сөзіңді болысыңа тапсырғанмын. 
Білмеген бар законды қазақ сорлы, 
Қақпадан шыға алмайды төңіректеп,  
Барар жер, басар тауың, болмаған соң, 
Күн қайда оның сөзін кетер кектеп. 
Шөже халық мұраларын да жадында сақтап, жиі айтып жүрген. Əсіресе, 
эпостық  жырларды  көп  білген.  Оның  ішінде  Шөже  «Қозы-Көрпеш—Баян 
сұлу» жырын сүйсіне жырлап келген. Бұл жырдың Шөже орындаған нұсқасы 
кезінде ел арасына көп тараған». 

 
 
 
125
Шөженің  орындаушылық  қабілеті  де  мол  болса  керек.  Ол  жырларды 
өзіндік  бір  əуенмен  əндетіп  орындайтын  адам  болыпты,тіпті  кейде  əн  де 
шығарып жүріпті деседі. «Балқурай» атты əн ақынның есімімен тараған. 
Шөже — тілге  ұста  ақын.  Онын  өлеңдерінің  тілі  мəнерлі,  өткір,  шешен, 
айқын теңеу, əсірелеулерге толы: 
Домбыра шыққан тыңқылдан, 
Семсер суы бұлқынған, 
Жарқұшақтың баласы, 
Айдар айдай жұлқынған. 
Жайдың атқан тасындай,       
Ерегіскен дұшпанның 
Еңсесін үзген жасылдай, 
 Келбетті келген сұңқарсың.  
 Болатты кескен асылдай. 
Шөже халық тіліне жетік, табан асты тез тауып, əркімге лайық теңеу, 
эпитеттер  қолданғыш  қабілетті  ақын.  Оның  сөздері  шетінен  образды, бейнелі, 
суретті нақылдар десек артық емес. 
Баласы қаршығаның үйрек алар,  
Қан түсіп аяғынан ақсаса да. 
 Құладын қашса дағы кұтыла алмас,  
Ақ жемдеп өмір бойы баптаса да. 
Шөже  шығармаларын  таптық  тұрғыдан  қарасақ,  бəрі  бірдей  онша 
ұстамды  емес.  Ақын  кей  жерде  жалтара  сөйлеп,  орынсыз  мақтаулар,  арнаулар 
шығаруға əуес. 
«Шөже  ру  айтысының  ақыны:  айтыс  үстінде  бірде  ру  басы  феодалды 
өлтіре  сынаса,  бірде  ру  басы  феодалды  мақтайды.  Бірақ  Шөжеде  сыншылдық 
мотив басым...» дейді профессор Е. Ысмайылов. 
Бір  ескере  кететін  нəрсе,  Шөже  жасынан  кемтар,  мүгедек  болып  ел 
үстінен күнелткен ақын. Осыдан өз талантын күн көріс құралына ай-налдырып, 
кейде  сұрампаздыққа  салынған  кезі  де  болған.  Ал  феодал-дар  ақынның  бұл 
сияқты  осал  жағын  жақсы  пайдаланған.  Бірақ  бір  ескере кететін жай - мұндай 
кемшілік  тек  Шөжеге  ғана  емес,  сол  кездегі  айтыс  ақындарының  көбіне-ақ  тəн. 
Сыйлау,  ат  мініп,  шапан  кию,  қонақ-асы  туралы  өлең  шығару  көп  ақындардың 
басынан кездеседі.«Бұл ретте,— дейді профессор Е. Ысмайылов,— ақындардың 
олжаға  таласып,  өз  елінің  байын  мақтауы,  жағымпаздыққа  салынуы XIX 
ғасырдағы айтыс ақындарының басындағы үлкен аянышты хал». Міне, осындай 
аянышты жағдайға ұшыраған ақынның бірі — Шөже.        
 
                          

 
 
 
126
                           Орынбай Кертағыұлы 
                                                  ( 1813-1890) 
Орынбай  Кертағыұлы( 1813—1890) —талантты  импровизация  өнерінің 
шебері  ретінде  танылған  ақынның  бірі.  Орталық  Қазақстанды  мекендеген 
Қарауыл  елінен  шыққан.  Туған  жері  қазіргі  Көкшетау  облысына  карасты 
Айыртау өңірі, Ақбас көл мен Сары өзен бойы. 
Ақындық өнерге ерте араласып, 10—15 жасынан бастап, əуелі жаттамалы 
жыр,  кейін  ойын-сауық  керегіне  жарар  əзіл-оспақ  өлеңдер  айтып  танылған. 
Ержете  келе  төселген  ақын  дəрежесіне_жетіп,  өз  кезінiң  ірі  ақындарымен 
кездесіп, олармен өлең сайысына түсіп өнер сынасқан. Орынбай көп ақындармен 
айтысқан. Олардың ішінде: Шортанбай, Шөже, Дана, Арыстан, Тоғжан, Сералы, 
Ақансері  сияқты  үлкен  тұлғалар  да  бар.  Осы  айтыстарының  біразы  кезінде 
баспа бетін де көрген. 
Орынбайдың  Арыстанбай,  Қожа,  Шөже,  Тоғжан,  Сералы  ақындармен 
айтыстарының  ертерек  баспадан  шыққаны  белгілі.  Ақынның  Қожамен  айтысы 
1883  ж.  Я.Лютштің  «Киргизская  хрестоматиясында» (124—128-беттер) 
жарияланды. Бұдан кейін Орынбайдың Арыстанбай ақынмен айтысы 1929 жылы 
«Жаңа  əдебиет»  журналының 12-санында  басылды.  Сондай-ақ  С.  Сейфуллин 
жинағында да жарияланды. Бұл айтыстарға қарағанда, Орынбай талай ақынды 
тұралатып, жүлде алған жүйрік. 
Орынбайдың,  əсіресе,  Сералымен  айтысы  ерекше.  Бұл  айтыста  ре- 
волюцияға  дейінгі  қазақ  елінің  таптық  теңсіздігі  сөз  болады.  Ақын 
үстем  тап  өкілдерінің  озбырлығын,  алдамшы  қожалар  өмірін  əшкере- 
лейді.  
 
Ақын  əуелі  өзі  туралы  мəліметтер  беріп  барады  да,  одан  кейін  молда-
қожаларға  тəн  алдағыштық,  жемқорлық  əшкереленеді.  Олардын,  мысықша 
өтірік  мүлгіп  отырып,  момынның  малына  бас  салатындарын,  құлқыны  тойып 
көрмеген құзғындар екенін бетіне басады. 
Баласы Кертағының Орынбаймын, 
      Алашта ақын бар деп қорынбаймын. 
      Мойнында бір адамның қырық парыз, 
      Əр жерде əрқайсысын орындаймын. 
Момынның малын жейді зекет алып, 
Көп істе кеткен аузы қалыптанып... 
Қожа біткен сұбханға барған шығар, 
Елді алдауға құранын алған шығар,  
              Алты алаштың  баласын қойдай сауып, 
              Қоржын салмақ кожадан қалған шығар 
Орынбай тек айтыс ақыны ғана емес, оның басқа да өлеңдері көп болған. 
Орынбайдың бір топ өлеңін арнау ретіндегі толғауға жатқызуға болады. Олар: 

 
 
 
127
«Ерден  батырға», «Базылға»  атты - негізі  мақтау  мақсатындағы  толғаулар. 
Арнауының  екінші  тобы  сын-сықақ  ретінде  келеді.  Олар: «Шыңғыс  сұлтанға», 
«Зілқараның  Əлібегіне», «Жанқо-жаның  Ыбырайына», «Нүркей  ақынға», 
«Бексұлтан  байға», «Бари  ақынға»  айтқандары.  Ақын  мұралары  ішінде 
халықтың  əдет-  салт  өлеңдері  стилінде  тараған  шығармалары  да  кездеседі. 
Олар  көңіл  айту  немесе  естірту  ретіндегі  «Шоқан  өлімін  əке-шешесіне 
(Шыңғыс  пен  Зейнепке)  естірту,  көңіл  айтуы»  жəне  ауырып  жатқан 
Жазыби дегеннің көңілін сұрап айтқандары т. б. 
Бұларға  қоса  Орынбайдан  көлемді,  сюжетті  толғаулар  да  жеткен. 
Олар: «Болыстыққа  таласқандарға», «Жүз  жұлдыз», «Адам  атаның 
жайы» т. б. 
Адам  атаның  жерге  келуі  діни  аңыздар  негізінде  баяндалған.  Ал 
басқа  екі  толғауы  реалистік  өмірдегі  қоғамдық  мəні  бар  мəселелерге 
құрылған. Ел реңін кетірушілерге, бұзық, үстем тап өкілдеріне наразылық 
білдіріп,  өзінше  адамгершілік  ойлар  ұсынған.  Аталмыш  шығармаларының 
кейбірі  бізге  баспа  арқылы  да,  ауызша  да  жеткен.  Бiрақ  оның  əр  тұста 
жазылып  алынған  өлеңдері  əлі  ғылыми  жүйеге  түскен  жоқ.  Ал, 
Орынбайдың  баспа  көрген  өлеңдерінің  өзі  оның  өз  кезіндегі  əлеуметтік 
мəселелерге  үн  қосқан  ойлы  ақын  екенін  танытады.  Ақын,  əсіресе, 
болыстық,  аға-сұлтандық  сайлаудың  сырын  ашуға  тырысады.  Болыстыққа 
таласып,  ақылы  болмаса  да,  ақшасы  барлардын    бел  алып  жатқанын 
ашық айтады. 
«Ел  реңін  ақшаға  құныққан  елу  басылары  алып  жатыр»,—  деп 
сынайды.  Орынбайдың  бүл  пікірі  оның 1878 жылы  «Түркістан  уəлаяты» 
газетінде  басылған  бір  өлеңінде  айқын  бейнеленген. «Бір  жан  жоқ 
болыстыққа  талас  емес»—деп  басталатын  ақынның  бұл  өлеңінің  маңызы 
ерекше:  Өлеңнің  келемі 96 жол.  Ақын  бастан-ақ  болыстыққа  таласқан 
қулар  мен  байлардың  ақылсыздығын,  олардың  ел  қамын  ойламай,  дауды 
қоздырып,  оңай  олжа  тауып,  пара  алып  жатқанын  көрсетеді.  Ел 
ынтымағын жойып жатқан заманның билеріне мін тағады. 
Есті кісі есермен ойнамайды, 
Бойы қысқа терекке бойламайды. 
Ақша берген кісіні болыс сайлап, 
Елу басы ел қамын ойламайды... 
               Бар болыстар қарызға батып жүрсің, 
               Бал деп ұрттап зəһəрді татып жүрсің. 
               Хакімдер ықтиярды берді өзіңе,  
               Бұқара, бір-біріңді сатып жүрсің. 
Орынбай  бұл  өлеңінде  сайлау  заңына  түгел  қарсы  шықпайтын  да 
сияқты.  Оның  түсінігінше,  өкімет  заңы  əділ,  оны  бұзып  жатқандар 
қазақтың қулары мен сұмдары ғана. 
 Халал жүрген жігітке алла жарды, 
 Харам жүрген жігіттің пиғылы тар-ды, 

 
 
 
128
 Хəкімдердің сайлауы ғаділетті, 
 Өз қолыңа береді ықтиярды,— дейді ол. 
Сөйтсе  де  ақын  ел  билеуге,  үстемдікке  жеткізетін  адамның  жеке 
басының  артықшылығы  не  даналығы  емес,  оның  алдындағы  малы  мен 
қалтасындағы  ақшасының  молдығы,  оның  сүйенерінің  күштілігі  де 
дəулетінде ғана екенiн дұрыс түсiнедi. 
Қартайып ақылымнан танғаным жоқ, 
Өлеңде алдыма жан салғаным жоқ. 
Руымның аздығы бұл тұрысым, 
Болмаса ғибрат таппай қалғаным жоқ. 
Көкірегім дариядай шалқушы еді, 
Қызыл тілім кемедей қалқушы еді. 
Сөйлесем мың кiсінің ортасында, 
 Тыңдаушы қорғасындай балқушы еді. 
 Қанша шешен болғанмен тілің балдай,  
Қалың жұртың болмаса қара талдай.  
Қара тасты балқытсын қанша тілің, 
 Сайлау күні болмайды кірім салдай. 
 Орынбайдың аты Шоқан шығармаларында да аталады. Ақынды қазақ 
жерін аралаған поляк жазушысы А. Янушкевич те 1848 жылы көрген. Ол өзінің 
осы  сапары  туралы  жазған  «Қазақ  даласына  саяхат  кезіндегі  хаттар  мен 
күнделіктер»  деген  еңбегінде  Орынбайдың  талапты,  суырып  салма,  ерекше 
орындаушылық  қабілетi  бар, 30 жастағы  пысық  ақын  екенін  көрсеткен.  А. 
Янушкевичтің аталған кітабы «Қазақстан» баспасынан 1966 жылы орыс тілінде 
шықты.  
Орынбай  өлеңдері  Ы.  Алтынсарин  хрестоматиясына  енген  жəне 1910 
жылдары  шыққан  жинақтарда  да  басылып  жүрген.  Олар  сондай-ақ  кейінгі 
кейбір жинақтардан да орын алған. 
Орынбайдың  баспа  бетінде  жарияланған  өлеңдерінің  бірінде  Абылай 
жəне  оның  ұрпақтары  мен  батырлары  дəрiптеледі.  Ақынның  Ғұбайдолланың 
айдаудан  қайтқан  тойында  айтқан  мақтауы  бар.  Ол  мадақ  сөзі  «Сана» 
журналының 2—3-санында (120 бет)  алғаш  жарияланған-ды.  Ақын  Бұхар 
жырау  сияқты,  Абылайды  «қазақтың  үш  жүзінің  басын  құраған», «қалмақты 
жеңген қолбасы сұңқар еді» деп ардақтаған. 
              Бөгембай, Жанай, Олжабай, 
               Сабалақ атын қойдырып,  
               Оң қолына қондырып, 
                Хан Абылай сұңқарға       
                Қызметші болған ер екен. 
                Еділдің бойын өрлеген. 
                Қазаққа теңдік бермеген.  
 
             Он сан қара қалмақты 
                 Ұса менен Серенді,  
                 Жүргенде жері сайранды,  

 
 
 
129
                 Соны да алған Абылай... 
Асылы,  ақын  өзінің  арнау  өлеңдерінде  «ел  жақсыларын»  мақтауға 
көбірек  бой  ұрса  керек.  Сондықтан  Орынбайдың  бұл  сарындас  өлеңдерінің 
мəні төмен.  Бұл тəрізді өлеңдерінің маңызы ақынның басқа шығармаларынан 
көш кейін тұрады. 
Орынбайдың  мақтау  өлеңдері  мазмұн  жағынан  солғын  болса  да,  ақын 
шабытын  толық  танытарлық  көркем  шығармалар.  Əсіресе,  оның  «Ерден 
батырға» атты арнауы поэтикалык тілге бай: 
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей, 
Ақылың оман дария кемесіндей, 
Сұрасаң биіктігін мен айтайын, 
Күн шалған Алатаудың төбесіндей. 
Иілмес қарағайдай терегімсің, 
Қазақтың қазақ исі бар шағында,        
Алаштың баласына керегімсің. 
Есілдің ұзын бойын жүрдің жайлап, 
Жібектей шалғынына бие байлап. 
Керек бай, керек жарлы келсе мейман, 
Алдынан шығушы едің қойын байлап. 
 Елге кек, жұртқа намыс іс келгенде, 
 Жақұттай жанушы еді көзің жайнап,  
 Уа, Ерден, енді тумас сендей көзел , 
 Ішінен  Бағаналы  судай  қайнап...-деп  келетін  ақын  өлеңінде  Ерденге 
арнаған теңеулері оның тіл шешендігін танытқандай. 
Орынбай  арнау  өлеңдерді  көп  шығарған.  Əсіресе,  сараңдық  сияқты 
жұғымсыз  қылықтарды  қатты  сынап,  адамгершіл  ақылдар  айтқан.  Мысалы, 
оның Бұқарбай деген бір байды жəне оның сараң бəйбішесін сынап, қонақасына 
көңілі толмай айтқан мынадай сөзі бар: 
Бұқарбай нашарларға қараспайды,  
Жақсыға жаман сөзі жараспайды.  
Қолында дəулеті мол адамға,  
Қонаққа лақ сойған жараспайды. 
         Бəйбіше лақ деген сөзің айып,  
Кетсе дəулет өкінерсің қолдан тайып.  
Аты шыққан ақынға лақ сойып,  
Кетпеймін бе өлеңмен елге жайып, 
Мен Орынбай ақын едім жұрт білетін,  
 Алдында түмен халык, телміретін...   

 
 
 
130
 Бұл  сияқты  сын,  сықақ,  əзіл-оспақ  сөздерді  Орынбай  əр  тұста  айтып 
жүрген, күні бүгінге дейін ақын сөздері ел аузында əлі жинаусыз. 
                    

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал