Aspergillus, Rhizopus тектес микроскопиялық саңырауқұлақтар. Penicillium және басқалары, сондай-ақ Bacillus тектес бактериялар және актиномицеттер.
ФП-ды қолдануда олардың қасиеттерін және технологиялық үдеріске әсерін ескеру қажет. Яғни, негізгі ферменттің әсер етуіне оптималды жағдай жасай отырып, қажет емес ферменттердің белсенділігін айтарлықтай дәрежеде басуға болады. Мысалы, нан пісіруде қолданылатын ферменттік препараттағы белсенді протеиназа ферментімен бірге α-амилаза ферментінің әсері тиімсіз. Ал бұған қарама қарсы жағдай: спирт өнеркәсібінде дән мен крахмалдың қанттануы кезінде бұл екі ферменттің әсері бірмезгілде болуы қажет.
Ферменттік препараттардың басым көпшілігі кешенді түрде шығарылады, яғни құрамында негізгі ферментпен бірге қосымша ферментер мен белоктар болады. Сол себептен биотехнологияда ферменттік препараттарды қоспа құрамындағы фермент қызметіне қарап топтайды: амилолитикалық, протеолитикалық, липолитикалық,т.б.
Тамақ өнеркәсібінде ФП қолдану:
- технологиялық үдерістерді қарқынды жүргізуге,
- дайын өнімнің сапасын жақсартуға,
- шығымын жоғарылатуға,
- еңбек жағдайын жақсартуға,
- бағалы тағамдық шикізатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Егер белсенді ферменттердің негізгі көзі ретінде арпа, қара бидай және т.б. дақылдардан алынатын уыт қолданылса, ал ФП қолдану арқылы ол дәндерді басқа мақсатта қолдануға болады.
Біздің елде ФП атаудың белгілі жүйесі қалыптасқан, ол кезде негізгі фермент түрі мен алу көзі және тазарту дәрежесі есепке алынады. Яғни әрбір препарат аты негізгі ферменттің қысқартылған атауы, өндіретін продуцентінің аты және – ин жұрнағын қосу арқылы қалыптастырылады. Мысалы, Aspergillus oryzae дақылынан алынған амилолитикалық препараты амилосубтилин д.а. Артынша өндіру әдісін және тазалық дәрежесін білдіретін индекстер қойылады. Түптік дақылдау арқылы алынған ферменттерге Г, және беттік дақылдау арқылы алынса П белгісі қойылады. Продуцент культурасы ажыратылмаған жағдайда Г, П әріптік белгілерден соң х белгісі қойылады. Х әрпінің алдында сандар тұрған жағдайда ол ФП тазалық дәрежесін көрсетеді. Мыс, 2 саны тұрса, онда ол фермент тазартылмаған сұйық продуцент культурасының концентраты болып табылады, 3- құрғақ тазартылмаған культурадан тұратын ФП, 10- органикалық еріткіштерде еріту арқылы немесе тұздар көмегімен ығыстыру әдісімен алынған құрғақ препараттар, 15, 18, 20 индекстері тазалығы жоғары ФП білдіреді.
Қазіргі кезде, ферменттерді кеңінен қолданып отырған елдер: Жапония, АҚШ, Англия, Чехословакия, Голландия, Германия. Жапонияда ферменттерді қолданудың қарқындап дамуы соншалық одан түсетін табыс ұлттық бюджеттің 20 пайызына тең келеді. Мысалы, нан пісіру саласында бір тонна қамырға небәрі 300г фермент қосқанда оның құнары артады, нанның иісі, дәмі жақсарып, тез пісетін болады. Ферментті препараттар қамырдың ашуын тездету арқылы нан пісіруге кететін уақытты 8-25 пайызға дейін қысқартады. Демек, оны үнемделген уақыт ішінде тағы да бірнеше мыңдаған тонна нан өндіруге болады.
Нан пісіруде қолданылатын негізгі препарат – ол
Достарыңызбен бөлісу: |