bacillus subtilis культурасының көмегімен алады. Олар аэробты, грамм оң, қозғалғыш, эндоспоралар түзетін таяқшалары. Бұл бактерияларға гидролитикалық ферменттердің өте бай кешені тән. Қоректену көзі ретінде олар ақуыздар, көмірсулар,спирттер және органикалық қышқылдарды пайдалана алады. Bacillus subtilis культурасын кебекте,сондай-ақ сұйық орталарда(ерекше құрамды) сәйкесінше беттік культивирлеу және терең культивирлеу әдістерімен культивирлейді.
Культураны өсірудің беттік әдісінде процесс 30немесе 37˚С температурада 2-3тәулік жалғасады. Бұл кезде bacillus subtilis құрғақ препаратының амилолитикалық белсенділігі 150 бірлік/г төмен емес,ал протеолитикалық белсенділігі 6 бірлік/г аз емес болуы керек. Протеолитикалық белсенділік бірлігі 40˚С температурада және 7,0-7,3 РН мәнінде 1 сағат ішінде ақуыздардан 1мг аминдік азоттың түзілуін катализдейтін ферменттің мөлшерін сипаттайды.
Bacillus subtilis терең ферментациясы үшін ортаны жүгері ұнының негізінде дайындайды. Ферментация басында РН-тың мәні 7,0-7,8, ал аяғында 6,5-6,9 болуы керек. Аэробты жағдайда екі тәулік ішінде амилазалар мен протеазалардың максималды мүмкін мәнінен 90%ға жуығы синтезделеді. Ферментация аяқталған кезде культуральді сұйықтықты вакуумда 28˚С температурада буландырады, содан соң келіп түсетін ауаның температурасы 140-150˚С болатын шашыратқыш типті кептіргіштерде кептіреді. Ылғалдылығы 4-10% , протеолитикалық және амилолитикалық белсенділігі өте жоғары ұнтақ тәрізді өнім алады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, тағам өнеркәсібінде ферменттік препараттардың маңызы зор. Жоғарыда аталып өткен салаларда өнімнің сапасын жоғарлату, бағалы шикізаттарды үнемдеу, технологиялық үдерістерді қарқынды жүргізуге қолданылады.
Ферменттік препараттар - бұл микроорганизмдердің көмегімен алынған ферменттердің концентраттары. ФП кейбірінің құрамында бір ғана фермент болса, кейбірінде негізгіден де басқа бірнеше басқа да ферменттер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |