169
Кәсіби қазақ тілі
Жақ
Жекеше
І.
Менің ашық айт+қы+м келеді.
ІІ.
Сенің ашық айт+қы+ң келіп тұр.
Сіздің ашық айт+қы+ңыз келген.
ІІІ.
Оның ашық айт+қы+сы келетін.
Жақ
Көпше
І.
Біздің ашық айт+қы+мыз келді.
ІІ.
Сендердің ашық айт+қы+лар+ың келді.
Сіздердің ашық айт+қы+лар+ың+ыз келіпті.
ІІІ.
Олардың ашық айт+қы+сы келеді.
4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз және бұйрық райды та-
быңыз.
Сен дәптерге жаз. Кітапты дауыстап оқы.
Жұмысқа ерте кел. Оған ойыңды ашық айт.
Дәрігерге бүгін бар. Таңертең ерте тұр.
Салқын суға жуын. Тамағыңды іш.
5-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз және шартты райды та-
быңыз.
Марат шақырса барамын, шақырмаса бармаймын. Баласы жақ-
сы оқыса, анасы қуанады. Ол ертең келсе, айтамын. Күн күркіресе,
жаңбыр жауады.
Қар жауса, күн суытады.
6-тапсырма. -ңыз/ңіз, -ыңыз/іңіз жалғауы арқылы бұйрық рай-
лы сөйлем құрастырыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі:
Маған анальгин, валидол, цитрамон, мукалтин беріңіз.
Тыңда, көр, сана, сөйле,
бас тарт, көтер, байла, ойлан, кел, күт.
7-тапсырма. Берілген сөздермен бұйрық райлы сөйлем құрас-
тырыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Жазыңыз, сөйлесін, үйрет, оқы, қайтала, бар, жауап бер, қой-
ыңдар, орында, отыр, сұра,
көмектес, түсіндір, толықтыр.