1.2 Меншікке қарсы қылмыстар детерминациясы
Меншікке қарсы жалпы қылмыстық, оның ішінде пайдакүнемдік қылмыстылықтың детерминациялануы, зерттелуі мына сұрақтарға берілетін жауаптармен байланысты: оның қайнар көзі, тууы, әлеуметтік, экономикалық т.б. жағдайлары; себептердің пайда болуына және криминалдық нәтиженің осы бір немесе бірнеше қылмыс түрінде орын алуына жағдай туғызатын жағдайлардың ерекшеліктері қандай және әрине, осы құбылыстардың барлығы үйлескенде олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері қандай? Сондықтан меншікке қарсы қылмыстылықтың себептілік мәселесі криминология ғылымы үшін аса маңызды болып есептелінеді.Себептіліктің ғылыми мазмұнын анықтау практикалық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Криминология ғылымында барлық криминогендік жағдайларды себептермен жағдайларға бөлу қалыптасқан. М.Д. Шаргородский «Өздігінен туындайтын және пайда болатын қылмыстылықтың себептеріне кең мағынада барлық жағдайларды жатқызуға болады. Бірақ та барлық жағдайлар біртекті роль атқармайды. Олардың біреуі шынайы қылмыстық ниетті туғызса, ал басқалары осы мүмкіндікті шын мәнінде қылмысқа айналдырады. Сондықтан біріншісін себеп ретінде қарастырып, ал екіншісін жағдай ретінде қарастыру қажет. Нақты қылмыстың себебі- бұл субъектінің қылмыс жасаудағы ниеті және оның мүддесі» деп жазған [237, 45 б.].
Сондай-ақ, барлық кезеңде халық арасында қылмыстылықтың пайда болуының себептері әртүрлі жағдайда «негізгі», «басты» себептер болып саналатын бірізділік қалыптаспаған [238,33 б.].Шындығында да барлық қылмыстылықтың себептерінің шығу тегі жөнінде осы уақытқа дейін бірізділік байқалмайды. Философиялық детерменизм меншікке, оқиғаға әртүрлі факторлардың өзгеруімен, пайда болуымен тығыз байланысты білдіреді [239, 47 б. ]. Ал В.Н. Кудрявцевтің пікіріне сүйенсек «адамның қажеттілігі және оны қанағаттандырудың жағдайы және амал тәсілдері» деп топшылаған [240, 78 б. ].
Криминология әдебиетінде меншікке қарсы қылмыстардың себептерін жіктеуді талдаушылар аз болмаған. Қылмыстылықтың себептерін мынадай деңгейлер бойынша бөліп қарастыруға болады: жалпыәлеуметтік тұрғыдан, әлеуметтік-физикалық тұрғыдан.
Меншікке қарсы жалпы қылмыстық, оның ішінде пайдакүнемдік қылмыстылық тұтас қылмыстылық құбылысының құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жүйесімен, оның типімен себепші болады. Сонымен қатар аталған жүйе мен қарастырылып жатқан қылмыс түрінің өзара әрекеттесуінің маңызды ерекшелігі бар: көптеген басқа қылмыс түрлеріне қарағанда меншікке қарсы жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылық әлеуметтік-экономикалық жүйемен, оның қатынастарымен байланысты. Бұл кез-келген жүйенің мәнін меншік қатынастары құрайтынын түсіндіреді, демек аталған қылмыстылық түрі меншік қатынастарының белгілі-бір жүйесімен генетикалық жолмен байланысқан. Басқа қылмыстылық түрлеріне қарағанда, оның қарастырылып жатқан түріне белгілі бір әлеуметтік-экономикалық қатынастар типіне тән қасиеттер қысым жасауы тиіс және жасап та жатыр.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы жалпы қылмыстық, пайдакүнемдік қылмыстылықтың детерминациясының ерекшелігі олардың өзара қатаң келісілгендігінде. Байланыстар сипатына оның ішінде қоғамдық өмірдің көптеген және әртүрлі салалары, олардың күйі, дамуы, бағыттылығы, мазмұны, қоғамға жеке тұлғаға әсер ету дәрежесі тікелей немесе жанама әсер тигізеді. Біздің ойымызша олардың ішінде төмендегі салалар ерекше салмақты орын алады:
меншікке – меншіктің қатыстылығына, түбегейлі өзгеруіне, иеленуші мен оның мүліктік мүдделерінің қауіпсіздігіне, қорғалуына; теңдей қауіпсіздік туралы мәселенің шешілуіне және белгілі-бір меншік формалары мен белгілі-бір иеленушілерге қатысты жасампаздық, басымдылық принциптерін қорғауға немесе қолдануға қатысты мемлекеттік саясаттың, пікірлердің, идеялардың, тұжырымдамалардың қалыптасу саласы;
мемлекеттің, яғни уәкілдік етілген органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың меншікке, - аталған субъектілердің белгілі бір әдістерге, қатаң саяси және экономикалық нұсқауларға немесе осы субъектілердің іс-әрекетін дер кезінде түзетуге бейімділігіне қатысты мемлекет қабылдаған шешімдерді, идеяларды, тұжырымдамаларды іске асыру бойынша практикалық қызмет ету саласы; адам мен азаматтың лауазымына, мүлкінің мөлшеріне, белгілі-бір ұйымға қатыстылығына, кәсібіне қарамастан олардың құқықтарына көзқарасы немесе бағытталған, көбінесе мекенжайлық таңдау;
мәдениет, ғылым, білім беру, адамгершілік құндылықты бағалаушылық тәрбие беру, құқықтық ағартуды қоса алғанда білгірлік, бұқаралық ақпарат, яғни қоғам мен жекелеген адамдарға белсенді әсер ету, меншікке қатысты зиялы пікірлерді қалыптастыру мүмкіндігін беретін салалары.
Сонымен бірге, қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылық детерминациясы мағынасында зор мәні бар салалар қатарына мыналарды жатқызу қажет: әлеуметтік, меншікке, оны қорғауға, бөтен мүлікке қол сұғушылықтармен тікелей күресуге; аталған қылмыстылықпен күресті, оның ішінде оны сақтандыруды ұйымдастыру және жүзеге асыруға жататын салада құқықтық пайдалану және құқықтық шығармашылық ету.
Бұл жағдайда халық пен мемлекет тарихы себепші болған ұрпақтардың сабақтастығы, әлеуметтік психологияның және меншікке, оның ішінде жеке меншікке қатысты азаматтық нұсқаулардың тұрақтылығы; дәстүрлер, әдеттер, меншікке, бөтен мүлікке қатысты этностық-демографиялық және аумақтық ерекшеліктер сияқты категориялардың әсер ететіндігін естен шығармау керек. Бұл категориялардың өздері де, олардың жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстылыққа әсері де аса өзгеше.
Осы аталғандардан-ақ меншікке қарсы қылмыстылық, оның ішінде пайдакүнемдік қылмыстылықтың себепті кешені қаншалықты күрделі екендігі байқалады. Өзара әрекеттесетін құбылыстардың себепті кешеніне жасалатын криминологиялық талдау процесінің күрделілігі де осыдан, оның үстіне бұл процесс мемлекет я қоғам дағдарысқа ұшырағанда немесе өзінің дамуының формация кезеңіне келгенде бұрынғыдан да өршелене түседі.
Қорытындылай келе қылмыстылықты детерминациялайтын құбылыстардың ішінен іріктеп мыналарды бөліп шығаруға болады:
халықтың мүліктік дифференциациялануының күрт артуы, ірі байлықтың, кедейлік деңгейінің жоғарылауы, қоғамның шеңберінде басым болып отырған кедей, болашаққа сенімі жоқ адамдарға жіктелуі; ауылға қарағанда қалада кедей халық топтарының көбеюі; жұмыссыздықтың артуы; жалақының кешіктіріп төленуі; кәсіпорындардың тоқтатылуы;
қоғам мен шаруашылық қызметтің криминалдануы;
жалпы жекешелендіру саясатының әділетсіздік өрескел түрде жүргізілуін де айтпай кетпеске болмайды.
Қылмыстылықты, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстылық, пайдакүнемдік қылмыстылықты детерминанттың аталған әлеуметтік құбылыстармен қатар, нарықтық қатынастар жағдайында басқа да теріс құбылыстар пайда болды. Олар да нарықтық қатынастар қасиеті: пайдалану және асыра пайдалану; бастапқы кезеңде көбінесе криминалдық әдіспен, ал кейіннен – еңбекті құнсыздандыру, үстеме түрлі қутырқы әдістермен табыс табу арқылы мүлікті баю; мүмкіндіктердің әртүрлілігі; ешқандай қылмыстың алдында тайсалмайтын, алдау мен күштеуге айналатын бәсекелестік; ақшаның ең жоғарғы, зияттылықтан да құндылыққа, үстемділікке айналуы, зиялы еңбексіз оңай олжаға табыну; дарашылдық пен агрессияшылдық; осы қатынастарға бейімделе алмаған адамдардан шеттену немесе тіпті менсінбеу; мәдениет және адамгершілік құндылықтар саласында дүниеқорлықтың өріс алып таралуы. Қылмыстылықты жіктеу мен жүйелендіру қаншалықты маңызды болса да, бұл мәселе көбінесе ғылыми-танымдық, теориялық сипатқа ие болып отыр. Сақтандыру жұмысы тек қана қылмыстылық себептер туралы теориялық жасалымдардың мәліметтеріне сүйеніп құруға ұмтылу қажетті нәтиже бермейтіндігін қалай түсіндіруге болады?
Қылмыстылық себептері туралы мағлұматтар ешқашан қылмыстылықтық өзінің сипаттамасын дәлме-дәл көрсетпейді. Бұның себебі, «әртүрлі жағдайлардың бір салдарға алып келуіне әртүрлі себептердің түрткі болатынында, ал бір себеп – ол әртүрлі салдарға алып келу себебі болып табылады» [241, 47 б ].
Жоғарыда айтылғанға, бір нәтиже соңғы нәтижеге әртүрлі әсер ететін көптеген құбылыстардың (құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың себепті кешені) өзара әрекеттесуінен туындауы мүмкін деп қосуға болады. Бұл өзара әрекеттесу процесі әлемнің бейнесін өзгертеді, жаңа теріс те, оң да құбылыстар мен процестерді қалыптастырады.
Сондықтан себепті байланыстар көп қабатты, көп жақты сипатта болады. Мысалы, жасы кәмелетке толмағандардың ішінде қылмыстылықтың туындауына не себеп болуы мүмкін? Мұндай себептердің бірі ретінде жас шамаларының ерекшеліктерін атауға болар еді. Алайда адамгершілік тұрақсыздық, анық дүниетанымдық ұстанымның шамалылығы немесе жоқтығы, өзін-өзі аса жоғары (аса төмен) бағалау сияқты жас шамасының ерекшеліктері қылмыстық тәртіпке қалай және қандай дәрежеде әсер етеді? Организмнің қарқынды физикалық дамуы қандай жағдайларда қылмыстық тәртіпке алып келеді? Педагогикалық және адамгершілік салғырттықты құқықтық мәдениетке немесе белгілі-бір өмірлік ұстанымдардың жоқтығына қатыссыз қылмыстық тәртіптің нағыз себебі ретінде қарастыруға бола ма?
Жеке адамның әлеуметтену процесінің қылмыстық тәртіп генезисінде алатын орны қандай? Бұл фактор елдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздықпен қалай байланысқан? Жасөспірімдік өтпелі кезеңде қиындықтардың туындауына не себеп болады? Жасөспірімді төтенше жағдайлардағы қате әрекеттерден қалай аман алып қалуға болады?
Шамамен әрбір адамның күнделікті әрекетінде нормадан ауытқушылық байқалады. Қандай жағдайларда әлеуметтік, физикалық, психикалық ауытқулар қылмыстық заң бұзушылықтарға сөзсіз алып келеді?
Қылмыстық тәртіптің жеке де, әлеуметтік те сипаттағы көптеген факторлардың қорытпасы болып табылатынын белгілеуге болады. Нақты бір өмірлік жағдай қылмыстық тәртіпте қандай жағдайлардың шешуші рөл атқарғанын көрсете алады.
Әртүрлі әсер ету дәрежесі, көптеген келеңсіз әлеуметтік факторлар мен процестердің қылмыстылыққа ену тереңдігіндегі айырмашылықтар қылмыстылық себептерінің диффузиясы деп аталатын құбылыс бар деуге негіз болып отыр. Бұл пайымдау неге негізделеді?
Біріншіден, қылмыстылық бұл әлеуметтік өмірдің тек теріс тұстарының өзара байланысу және өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылмайды. Заңды тәртіп сияқты қылмыстық тәртіпке түбінде позитивті және сол себептен де жалпы мақұлдаған, сондай-ақ жағымсыз, яғни қоғам мүшелерінің басым көпшілігі бас тартатын қоғамдық процестердің жиынтығы жағдай жасайды.
Екіншіден, көбінесе қылмыстылықтың себептері әлеуметтік өмірдің нақты құбылыстары болып табылады. Бірақ олардың қылмыстық тәртіптің қалыптасуына әсер етуі ешқашан тікелей, бір мағыналы болмайды. Кез-келген нақты себеп оған көптеген басқа әлеуметтік факторлардың әсер етуімен қатар қылмыстылыққа әсерін тек ішінара ғана тигізеді. Мұндай толық енбеушілікті, ішінара қосылуды, жаңа процестің қалыптасуына белгілі-бір «қатысуды» диффузия құбылысы орын алады.
Қорыта айтқанда адам өмірдің әр жағдайларға байланысты ұстамдылыққа, бейімділікке берілуі тиіс. Бірақта ерте дәуірде ғалымдардың айтқанындай «жоғары билік, бұл өзіңді өзің басқару (imperarum est fibi imperium maxcimum) деген ілімге бұндай үстемдікке жол беріп ұстана бермеу.
Статистика мәліметтері бойынша, 2008 жылдағы қаржылық дағдарыстан кейін еліміздің шамамен барлық аймақтарында жұмыссыздық деңгейі жер-жерлерде өсе бастады. Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім біршама азайып, өндірісі құлдырады. Ел ішінде өзге макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің едәуір төмендегені байқалады. Бұл жағымсыз факторлардың меншікке қарсы қылмыстылық жағдайына теріс әсер ететінін айтпасқа болмайды. Қылмыстылық таңғажайып бір жолмен әлеуметтік өмірдің қылмыстылықты туындатады немесе оны басады деп санауға болмайтын құбылыстар мен процестер кешенін қамтиды. Қылмыстық тәртіптің тұрақты (стабильность) әрекет ететін детерминанттары жоқ. Біздің пікірімізше, зерттеліп отырған еліміздегі қылмыстылықтың жағдайын әлеуметтік саладағы ішкі сапалық позитивті және келеңсіз өзгерістер тудырады, және әлі толық зерттелуге тиіс басқа да құбылыстармен және процестермен детерминделеді.
Сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістер мен қылмыстылық серпінінің арасында тікелей және тұрақты байланыс жоқ сияқты. Тіпті керісінше. В.В.Лунеев көрсеткендей: «Қоғам дамыған сайын криминогендік сипаттағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және психологиялық қарама-қайшылықтар азаймай, керісінше артып жатыр. Оғаш естілсе де, қылмыстылықтың шынайы және ерекше ескерілетін жалпы деңгейі ең бай, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан дамыған елдерде ең жоғары болып отыр» [242, 5 б ].
Демек, әлеуметтік-экономикалық жетістіктер, өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, этностық ерекшеліктер өздігінен қылмыстылықты төмендету бойынша күш салуларда ауқымды нәтиже бермейді. Бұдан шығар жол қайда? Ол осы саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерін сезінудің қылмыстық саясатын дұрыс құруда болып отыр. Бұл арада сөз қазіргі заманға сай қылмыстық заңнама, қылмыстылықпен күресу әдістері мен амалдары туралы сөз қозғалып отыр.
Кез-келген қоғамдағы қылмыстылықтың жалпы себебі – бұл объективті әлеуметтік қарама-қайшылық.
Пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-күштеу қылмыстылығының жалпы себептері қоғамдық дамудың қарама-қайшылықтарына, экономикадағы аса жағымсыз үрдістерге, және ең алдымен, шынайы өмірде бар дағдарыстық құбылыстарға, әлеуметтік-рухани саланың кемшіліктеріне, тәрбие жұмысындағы олқылықтарға, адамдарға деген жалған демократиялық көзқарасқа, тауар тапшылығына және басқа да құбылыстарға негізделеді.
Меншікке қарсы қылмыстылықтың себептерін, біріншіден, экономикалық қатынастардан, олардың қарама-қайшылықтарынан, шаруашылық механизмнің теңсіздігінен, экономикалық үйлестірудің ақаулары мен кемшіліктерінен, сондай-ақ үйлестіру қатынастары жүйесінен іздестіру қажет.
Барлық құбылыстар сияқты, экономикалық қатынастардың деңгейлері әртүрлі болады. Алайда, қылмыстылықты аталған қатынастардың ең жоғарғы деңгейі анықтайды, себебі экономикалық қатынастардың «жоғарғы қабаттарының» «жаңғырықтары» қоғамды болмысының басқа барлық жақтарына әсер ететін ауыр дағдарыстық жағдайларға алып келе отырып, ең төменгі деңгей үшін олардың міндетті түрде бұзылуын тудырады.
Кез-келген экономикалық қатынастар, олардың қарама-қайшылығы қылмыстылықтың пайда болуына алып келеді. Нарықтық қатынастар бастапқыдан-ақ қылмыстылыққа «жүкті». Бұны олардың бәсекелестікке негізделуімен, демек – бәсекелестерді басатынымен түсіндіруге болады. Бәсекелестерді басу кезінде әрдайым өнегелі әдістер ғана емес, жұмыс күшінің артық болуын бағдарламалау, яғни жұмыссыздық, табысты мүмкіндігінше асыра мөлшерде сығып алу, адамдардың мүліктік және әлеуметтік топтарға жіктелуін бағдарламалау тәсілдері де қолданылады. Экономикалық (тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісі) тұрғысынан нарықтық экономика өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ол үшін бірнеше жүзжылдық қажет болды, бірақ оның көптеген келеңсіз салдары, атап айтқанда қылмыстылықтың, оның ішінде дамыған экономикалық мемлекеттердегі деңгейі– бұл шындық. Ал ақшаның соңына түсу адамзаттың рухани әлеуетін әлсіретуде, бұл құбылысты елемеуге болмас.
Біздің қоғамымызда әлі де орын алып жүрген әкімшілік-командалық экономикалық жүйе қалдықтары, өзі туралы бұрынғы пікірлерге қарамастан, қылмыстылықты тудырған және осындай жүйе өмір сүретін жерде тудырады. Оған да, оның белгілі-бір тұстарына, қылмыстылықтың негізі салынған. Мысалы, бастан келтірген жоғарыдан қатаң жоспарлау мен үйлестіруді алайық. Осы жүйенің арқауы болып табылатын олар бір-бірімен түйісе алмады (мысалы, бұл Мемлекеттік жоспарының тәуелсіз қызмет жасауында байқалды). Жоспар көбінесе ықыласты, ал ресурстардың жағдайы – шындықты көрсетіп отырды. Іс жүзінде жоспардың 100% -на ең көбі 70-80% жиналатын материалдар қоры бөлінуі мүмкін. Қалғанын өз бетінше табу қажеттігі лауазымдық қиянат етушіліктердің, парақорлықтың және басқа да қылмыстардың пайда болуына алып келгені анық.
Әкімшілік-командалық жүйенің жабықтығына қарамастан, криминологиялық ғылым сол жүйе жағдайындағы экономикалық қылмыстылықтың ең айқын себептерін анықтады. Дамып келе жатқан нарықтық қатынастар қылмыстылықтың негізгі белгілері анық көрінгенімен, оның себептерін зерттеуде жаңа міндеттерді алға шығарып отыр. Өйткені, нарық бұрын пайда болған және батыс криминологтары нарықтық жағдайдағы қылмыстылықтың себептерін егжей-тегжейлі зерттеген.
Нарықтық қатынастар – бұл тек тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы ғана емес, жұмыс күшінің де нарығы болып табылады. Ал жұмыс күші нарығына жұмыссыздық та жатады. Әкімшілік-командалық жүйеде жұмыссыздық жасырын сипатта болған, оны жұмыс орнындағы адамдардың толық жұмыспен қамтылмағандығынан, сондықтан жалақының төмен, күнкөріс деңгейінен де төмен болуынан, тұрақты мекенжайы мен жұмысы жоқ адамдардың көптігінен және т.б. байқауға болатын еді. Бұл жүйеге қарағанда, нарықтық қатынастар жағдайында жұмыссыздық ашық, ресми түрде орын алады. Жұмыссыздық – бұл қылмыстылықтың резерві. Азық-түліктер мен тауарлардың жетіспеушілігі адамдардың өмір сүруінің материалдық деңгейінің нашарлау себебі ғана емес, қылмыстылықтың нақты адамдарға ең жақын себебі болып табылады. Олар кейде тіпті сол қылмыстарды жасайтын адамдарды моральдық ақтау атмосферасын құратын бұл себепті көбінесе түсінеді де, ұғынады да. Алайда, біреулердің сондай жағдайларда өмір сүру деңгейінің төмендеуі басқалардың сол адамдардың бақытсыздығын пайдаланып баюына негізін салады. Ал белгілі-бір жағдайларда бұның салдары елеулі қылмыстарға алып келуі мүмкін, бұл, өз кезегінде, қоғам ішінде үрей мен ызаны, көпшіліктің сенімсіздігін таратып, саяси шиеленістерге, бандитизмге, әртүрлі күштеу түрлеріне ұшыратады.
Белгілі-бір жағдайларда экономикалық дағдарыс пайдакүнемдік –күштеу және мәжбүрлеу қылмыстылығына айналуы мүмкін және айналады да. Соның салдарынан лауазымды тұлғалардың қылмыстылығы да артады, себебі экономикалық себептер басқа қоғам топтарымен қатар, оларды да қозғайды.
Экономикалық қатынастар қылмыстылықты анықтағанымен, оны белгілі-бір жағдайларда алдын-ала болжай алмайды, өйткені өмірде болатын жағдайлардың барлығы адамның санасы арқылы өтеді, ал ол жалпы заңдылықтарға тәуелді болса да, олардың ойыншығы болып табылмайды. Сонымен қатар, батыс криминологтарының «ақ жағалылар» - қоғамдық сатының жоғарғы жағында тұрғандар қылмыстылығымен айналысқаны және айналысатыны кездейсоқтық емес. Өйткені олар, біріншіден, ақшалай және басқа да қаражаттармен әртүрлі іс-әрекет жасаудың ең көп мүмкіндіктеріне ие, екіншіден, дүниесін көбейте отырып, сол қаражаттарды пайдалана және басқара алады. Оның үстіне, психологиялық тұрғыдан, және бәлкім жүйеге енуінің салдарынан осындай өмір ағынына үйреніп, қылмысты нәрсені қылмыс деп санаудан жұрдай болады. Бұл жағдайда саяси көсемдердің қатарына кіріп жеңеді (айналадағыларының барлығы олардың дүниені қылмыстық жолмен тапқанын біле тұра, үндемейді), немесе көбінесе басқа қылмыскерлер түрлерінің қатарына тұрғызатын нәрсенің барлығынан айырылады.
Біздің елімізді қоса алғанда, барлық мемлекеттерде де осылай. Алайда, экономикалық қатынастарды адамшылыққа сәйкес етуге ұмтылған кезде, оларды дәріптемей, қоғамдағы қылмыстылық себептерін криминологиялық талдауға, оның ішінде экономикалық қатынастар мен қылмыстылық проблемасына байыппен қараудың маңызы зор.
Меншікке қарсы қылмыстылықтың себептерін адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі әлеуметтік ортамен жасайтын барлық қарым-қатынастар палитралық спектрын, адамның әлеуметтік болмысының барлық қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарындағы мазмұнынан іздеу керек. Экономикалық қатынастар сияқты әлеуметтік қатынастар алуан түрлі және түрлі деңгейде болады. Жалпы алғанда, жеке адам өзін басқалармен тең емес, кемсітілген болып сезінетін әлеуметтік қатынастар әрдайым қарсылық көрсету әрекетіне, ал күрделі жағдайда – қылмыстық әрекетке ұшыратады.
Қоғамдық ғылымда өз кезегінде қалыптасқан «базис» категорияларының қоғам өміріндегі орны, қарым- қатынасы, сонымен қатар жеке адамның био-психофизиологиялық қасиеттерін қылмыстық детерминанты екенін елемеске болмас, адамның әлеуметтік қатынастары микро және макро деңгейлерде болады. Макро деңгей адамның жалпы қоғаммен және мемлекетпен қарым-қатынастарын, оның өндірістік қатынастарын (оған қоса, білімін, мамандығын, жұмысын, қоғамдық қызметін және т.б.), жеке тұлға ретіндегі жағдайын білдіреді.
Осы тұрғыдағы әлеуметтік қатынастардың ең осал проблемалары – бұл ұлттық қатынастар мен теңдік проблемалары.
Мағынасыздыққа алып келген күрт «тәуелсіздену» туралы ұрандар салдарынан пайда болып бас көтерген (немесе дәлірек айтсақ, саясатшылар оятқан) ұлттық өшпенділік пен қастандық терроризмді, жаппай кісі өлтіруді, қару қолдануды және т.б. қоса алғанда, көптеген ауыр қылмыстардың себептеріне айналды. Дәл осылар ұрлықтар, зорлықтар, қаруды басып алулар және т.с.с. толқындарын қалықтатып жалпы қылмыстық қылмыстылықты оятты. Әсіресе ТМД ның кейбір елдерінде орын алды. Бұл жағдай Қазақстанда да әсерін тигізді. Мұндай жағдайларда адамдардың әлеуметтік өмірі төзімсіз болады. Ол әртүрлі қоғамдық тәртіп бұзушылықтар мен жауап ретінде жасалған қылмыстарды ғана емес, сенімсіздік пен қарбаластықты қоздырып, қылмыстылықпен қатар, үнемі қорқу сезіміне, жүйке күйзелісі мен психикалық ауруларға алып келеді. Ұлттық шиеленістердің салдарынан бауыр басып үйренген жерлерінен белгісіздіктен үрейлі қорқыныш сезімінің әсерінен ғана емес, сондай-ақ қорқыту және үздіксіз психикалық қысым жасау арқылы оларды осылай жасауға мәжбүрлегендіктен, қашып жүрген босқындар проблемасы пайда болды.
Қазіргі нарыққа көшу жағдайларында жалақыны емес, сыйақыны (ақшалай сыйақыны) кімге және қандай мөлшерде (кооперативтерде, аралас кәсіпорындар мен фирмаларда, тіпті жергілікті билік органдарында оның мөлшері ерікті түрде, әлеуметтік әділдік принциптері бұзыла отырып белгіленеді) төленіп отырғанына жүргізілетін бақылау әлсіреген (бұзылған десек те болады). Осы әлеуметтік әділетсіздік шиеленістер мен қылмыстылықтың көзі болып табылады.
Оның үстіне, қылмыстылыққа әлеуметтік үйлеспеушіліктердің, шиеленістер мен әділетсіздіктің нақты көрініс ғана емес, жарияланған ұрандарды биліктегілер, оның ішінде бұрынғы кезеңнің әділетсіздігін сынау арқылы билікке келгендер өз істерімен теріске шығаратын қоғамдағы жалпы атмосфера да әсер етеді (тудырады).
Қазіргі заманда бір қоғам топтарының басқа топтарды,байлығы, мысалы жалақысының жоғарырақ болуы, саяжайларының немесе үлкен пәтерлерінің, шетелге бару мүмкіндіктерінің және т.б. себептерімен жақтырмағандығын ескерусіз қалдырмау керек. Ғасырлар бойы адамдардың санасына теңдік идеясы (қазір қоғамда болып жатқан жағдайларға қарамастан) сіңдіріліп жүрсе де, абсолютті теңдік жоқ және болуы мүмкін емес те. Сол себептен де, вандализм актілерін, шығармашылық интеллигенция саяжайларында ұрлық жасаған адамдар кеңестік буржуйларды тонау, ал ұрылар сауда қызметкерлерінің (немесе шетелге кетіп бара жатқан адамдардың) пәтерлеріне түскенде мемлекет пен халықты тонағандардан ұрлап жатқандықтан, «әлеуметтік әділдік» орнатуға ұмтылғанын айтады. Не болғанда да, бұл әрекеттер әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы шиеленістердің және көптеген қылмыстылық көріністерінің себептерін ақтарады.
Адамның әлеуметтік болмысымен анықталатын меншікке қарсы қылмыстылық себептеріндегі ең төменгі буын отбасында, жақын және таныс адамдар арасында, сондай-ақ қылмыс жасаудан басқа дауды шешу жолып таппаған адамдардың мүдделері бір-бірімен қақтығысатын нақты жағдайдың негізінде кездейсоқ пайда болатын тұлғааралық қатынастар (шиеленістер) болып табылады.
Сонымен, әлеуметтік қақтығыстар алуан түрлі болады және олардың басым бөлігі қоғамның, оның әлеуметтік ұяшықтарының, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, бірінші кезекте полиция мен тергеудің іс жүзіндегі қызметі барысында байқалуы мүмкін. Алайда мұндай жағдайларда қылмыстардан сақтандыру шаралары көбінесе жалпы әлеуметтік сипатта жүзеге асырылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |