Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:
1.Статистика мәліметтері бойынша, 2008 жылдағы қаржылық дағдарыстан кейін еліміздің шамамен барлық аймақтарында жұмыссыздық деңгейі жер-жерлерде өсе бастады. Сонымен қатар жалпы ұлттық өнім біршама азайып, өндірісі құлдырады. Ел ішінде өзге макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің едәуір төмендегені байқалады. Бұл жағымсыз факторлардың меншікке қарсы қылмыстылық жағдайына әсер ететінін айтпасқа болмайды. Қылмыстылық таңғажайып бір жолмен әлеуметтік өмірдің қылмыстылықты туындатады немесе оны басады деп санауға болмайтын құбылыстар мен процестер кешенін қамтиды. Қылмыстық тәртіптің тұрақты әрекет ететін детерминанттары тұрақтылығы жоқ. Біздің пікірімізше, зерттеліп отырған еліміздегі қылмыстылықтың жағдайын әлеуметтік саладағы ішкі сапалық позитивті және келеңсіз өзгерістер тудырады және әлі толық зерттелуге тиіс басқа да құбылыстармен және процестермен детерминделеді.
2. Меншікке қарсы қылмыстылықтың себептерін, біріншіден, экономикалық қатынастардан, олардың қарама-қайшылықтарынан, шаруашылық механизмінің теңсіздігінен, экономикалық жобалаудың саяси кемшіліктері.
3. Пайдакүнемдік және мәжбүрлеу қылмыстылығының жалпы себептері қоғамдық дамудың қарама-қайшылықтарына, экономикадағы аса жағымсыз үрдістерге, және ең алдымен, шынайы өмірде бар дағдарыстық құбылыстарға, әлеуметтік-рухани саланың кемшіліктеріне, тәрбие жұмысындағы олқылықтарға, адамдарға деген жалған демократиялық көзқарасқа және басқа да құбылыстарға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |