Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


Меншікке қарсы қылмыстардың криминологиялық мониторингі



бет8/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
1.3 Меншікке қарсы қылмыстардың криминологиялық мониторингі
Тиімділік (эффективность) мәселесі заң ғылымында мәселелердің теориялық та, тәжірибелік те аспектілерінде оның қалыптасу сәтінен қазіргі таңға дейін күрделі, даулы, сондай­-ақ жоғары өзекті және сөзсіз маңыздылардың бірі болып табылады. Кеңестік заңтануда ғалымдармен толығымен құқық тиімділігінің, құқықтың жеке салалары, оның институттары мен нормаларының тиімділігінің потенциалды қайнар-көздерін зерттеу мен анықтауға белсенді күш жұмсалды [296, 39-40 б.]. Құқық тиімділігінің сипаттамасына үш негізгі пікірді бөлуге болады.

Тиімділік тек мемлекет пен құқықтың институттары мен нормаларының нәтижелілігі ретінде ғана анықталады, және ол алдына қойылған мақсаттарға жету деңгейімен өлшенеді; сонымен бірге бұл анықтама зерттеліп отырған барлық мемлекет институттары қызметінің немесе зерттелуші құқық нормаларының әрекет етуінің барлық жағын бағамен қамтуға жеткілікті деп есептеледі. Сондықтан «тиімділік», «қолайлылық», «қоғамдық құндылық» түсініктерінің қатыстылығы туралы мәселе тек ақша мақсатында бағалаутолысты осы ғылыми бағыттың ақаулығын байқатады.

Өйткені тиімділіктің келтірілген бұл анықтамасы дұрыс деп мойындау, мемлекет институттары мен құқық нормаларын жан-жақты бағалауға жеткіліксіз деп есептеледі. Бұл пікірді жақтаушылар тиімділікті кең және сыйымды категория «қолайлылыққа» жатқызады. Олардың ойынша қолайлылық ұғымы үш элементті біріктіреді: 1) мақсаттың қандай екендігіне қарамастан, мақсатқа жету дәрежесімен анықталатын - тиімділік; 2) құқық нормасы (институты) әрекетінің нәтижесі мен осы әрекеттің әр түрлі белгісіз, соның ішінде аралас, бұл нормалармен реттелмейтін қоғамдық қатынастарға кейбіреулері жағымды, басқалары жағымсыз әсер ететін салдары арасындағы айырмашылық түсінілетін - пайдалылық ; 3) норманың үнемділігі, яғни оның әрекеті үшін қажетті материалдық шығындардың мөлшері.

Үшінші пікір көптеген ғалымдардың еңбектерінде қолайлылықтың қабылданбайтын категориялары түрінде кездеседі. Авторлар оның барлық элементтерін тиімділік ұғымына біріктіреді, кейде оларға кей элементтерді (мысалы, құқық құндылығы) қосады.

Әрбір пікірде құқықтың, оның нормалары мен институттарының тиімділігін, мемлекеттің құқықшығармашылық және құқық қолдану қызметінің тиімділігін тиянақты іздеудегі нәтижелер байқалады. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай өмір шарттары ғалымдардың алдына құқықтық мемлекет құру ұстанымында құқық тиімділігі туралы жаңа концепция қалыптастыру мәселесін қояды.

Толығымен құқық тиімділігі мәселесін түсіндіруді әлеуметтік құқық тұжырымдамасына салу керек. Әлеуметтік-ғылыми тұрғыдан құқықты зерттеу барысында басты назарды өмірде іске асырылатын құқықтың нормаларына аударылуы қажет. Ол өзіндік ғылыми зерттеудің обьектісі болуы үшін өмірдегі іске асырылатын құқық заңда көзделген құқықтың көрінісі деген дәстүрлі сенімнен бас тарту қажет. Керісінше, ол өздігінен өзіндік және табиғи қасиеттері жағынан зерттеуге ұшырауы қажет. Мұнда ерекше мүддені оның ұлттық, тұрмыстық, экономикалық және басқа әлеуметтік қатынастарға тәуелділігі білдіреді. Ол бұл қатынастармен өзара байланыс кезінде қалыптасады, түрленеді және дамиды. Егер біз құқық нені білдіретінін қысқаша анықтамада көрсеткіміз келсе, онда құқық нормалары өңделіп, кристалданатын өмірде жүзеге асатын құқықтық қатынастардың жиынтығы деп айтуға болады.

Келтірілген теориялық ережелерге байланысты қылмыстылықпен күрес, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстармен күрес тиімділігін арттыру мәселелерін дайындау толығымен құқық тиімділігі, тактика тиімділігі мен қылмыстылыққа ықпал етудің стратегиясы, қылмыс пен меншікке қарсы қылмыстылықтың жеке түрлері туралы концептуалды ұсыныстарға негізделуі тиіс. Ежелгі Римнің Ұлы философы және заңгер Марк Тулий Цицерон айтып кеткен дана афорозмінде айтқандай: «заң нормалары біздің жазба заңымыз табиғат заңынан (non scriptum est sed naturalex) туады»,- деген нақылын басшылыққа алған жөн. Өкінішке орай, айтылған ғұлама нақылдар мемлекеттің заң тұрғысында, тәжірибеде онша ескеріле бермейді. Оған дәлел молырақ.

Қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттыру мәселелері көптеген ғалымдардың назарында және ол қазіргі таңда құқықты жүйелендірудің үздіксіз процесі, қылмыстылықпен күрес шараларын ары қарай жетілдіру мен мемлекеттің құқық қорғау қызметінен жоғары пайдалы нәтижелер алу жолдарын іздеу барысында ерекше жоғары қызығушылықты шақырады,- дейді белгілі ғалым Р.Т. Нуртаев [243].

Виктор Лунеев: «Тиімділік» термині нақтылық немесе бір нәрсенің нәтижелілігі дегеннен басқаны білдірмейді. Бірақ қылмыстылықпен күрес сияқты күрделі қызметке мұндай түсінікті қолдану бірқатар пікірлер мен көзқарастарды иеленуі мүмкін. Бір жағдайларды қылмыстылықпен күрес тиімділігі құқық қорғау қызметі мен құқық нормаларының мақсаттылығын, негізділігін, басқа жағдайда адам энергиясының, уақыт пен материалды құралдардың минималды шығыны кезінде максималды жетістіктерге жетуді, үшінші жағдайда қылмыстылықпен күрестегі нақты жеңіл жолмен жетістіктерге жету үшін сол не басқа шара қолданылған мақсатқа жатқызуды білдіреді», ‑ деп жазды.

Біздің ойымызша теориялық тұрғыдан тиімділік мәселесін тереңірек қылмыстық құқықтық социология шегінде зерттеуді мақсатқа сай деп мойындау керек. Тәжірибелік тұрғыдан меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес тиімділігі мәселесін концептуалды ережелер мен қылмыстық құқық социологиясының, яғни мемлекеттің қылмыстық саясатында қылмыстылық пен басқа да құқық бұзушылықтарға ықпал ету шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды іске асыруды «бастағанда» әзірлеу керек.

Криминологиялық ғылымда меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес, оны бақылау қоғамға артылады деген ой туатын «қылмыстылықты қоғамдық бақылау» деген 1959 ж. 27 шілдедегі КСРО- ның Министрлер Кеңесінің Қаулысы «қылмыстылықпен күресте қоғамдық ұйымдардың ролін күшейту туралы» түсінік әлі де бекітілуде. Шынында қылмыстылықты бақылау, онымен күресті ұйымдастыру сияқты ол ең алдымен қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдармен емес, құзыретті мемлекеттік органдармен орындалатын мемлекеттің функционалдық міндеті болып табылады. Сонымен қатар, заңға сәйкес тұлғаларды қылмыс үшін жауапкершілікке тек қылмыстық әділет органдары тарта алады. Сондықтан да әңгіме қоғамдық емес, қылмыстылықты мемлекеттік бақылауда болу керек. Сәйкесінше, криминологиялық ғылым мен тәжірибеде қоғамдық бақылау түсінігін өзгертіп, «қылмыстылықты мемлекеттік­-қоғамдық бақылау» деген ұғымды енгізу керек,- деп есептейді Қазақстандық ғалым Нұртаев Р.Т. Мемлекет жүргізіп отырған қылмыстық саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында қылмыстылықтың жеке түрлеріне, меншікке қарсы қылмыстарға қатысты қылмыстармен күресті ұсынатын қылмыстылыққа ықпал етудің дұрыс стратегиясын мен тактикасын таңдау келешекке бағдарлама болып табылады.

Қылмыстылықпен күрес, оның ішінде меншікке қарсы қылмыспен күрес тиімділігінің шартының бірі ретінде қылмыстық заңнама әрекетінің тиімділігін мойындау керек. Бірақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде жеке нормалар емес, қылмыстық құқықтың түгел институттары республикамыздың негізгі заңында бекітілген қағидаларға тікелей қайшылықта және біздің қылмыстық заңнаманың тиімділігі туралы айту ертерек сияқты. Оған дәлел ҚК- ке жыл сайын енгізіліп жатқан толықтырулар мен өзгерістер.

Кінәнің соңғы теориясының негізделген сынын өз уақытында қылмыстық құқық теориясына профессор Пионтковский А.А. ұсынды: «финалистер қылмыстық әрекеттің мәнін жасалған әрекеттің сипатынан емес, ал оны жасаған тұлғаның еркінің қауіптілік сипатынан көреді. Осыдан құқық бұзушылық емес, құқықтық ойлаудан еріктің ауытқуы ретіндегі қылмыс трактаты шығады. Бұған «соттың айыпталушының тұлғасына қатысты тірегі мен құқыққа қайшылықты қылмыс құрамының обьективті елементі ретінде емес, ал ерік-жігерді іске асыру бағасы ретінде түсінуі сияқты кінәні бағалап ойлау қорғанысы да негізделген» кінә ұғымы, айта кеткен жөн, ол көп астарлы ұғым. Бұл жайында психоанализ (З. Фридтің) бағытында ескерусіз қалдырып, толық теріске шығаруға болмас.

Келтірілген пайымдауларға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіне оны Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер енгізу қажет шығар.



Ерекше назарға ары қарай заңнамалық жетілу мен қылмыстан сақтандырудың арнайы және жеке міндеттерін шешудегі оның рөлін арттыру жоспарымен қылмыстық жазалау институтын теориялық тұрғыдан зерттеу тұрарлық. Заңшығарушымен (пенитенциарлық) «қоғамдық әділеттілікті қалпына келтіру» сияқты қылмыстық жазалаудың мақсаты ҚР ҚК-нің 38-бабы жеткілікті анық құрастырылмаған. Жазаның дәстүрлі мақсаты жасаған әрекеті үшін жазалауды қабылдаған мақсатқа лайық.

Меншікке қарсы шаралардың барлығы соңында еліміздегі қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге қабілетті болар еді.

Жоғарыда айтылдарды қорытындылай келе, тиімділік мәселесін қалыптастырудың негізгі бағыттары біздіңше келесі мәселелерді шешу мен зерттеуден тұрады:

1) Меншікке қарсы қылмыстылыққа ықпал ету шаралары тиімділігінің түсінігі мен олардың жекелеген түрлері;

2) Қылмыстылықпен күрестің тиімділігінің фундаментті теориялық негіздері;

3) Оның жекелеген түрлерімен күрестің тиімділігінің теориялық негіздері;

4) Кең таралған және жоғары қоғамдық қауіпті білдіретін меншікке қарсы қылмыс түрлерінің сипаты;

5) Жалпы меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес тиімділігі;

6) Сыбайлас жемқорлық, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес байланыстылығы (ғылыми диалектикалық тұрғыдан);

7) Экономикалық қылмыстылықпен күрес тиімділігі;

8) Экологиялық қылмыстылықпен күрес тиімділігі, оның меншікке қарсы қылмыспен ара қатынасы;

9) Меншікке қарсы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартумен байланысты қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігі;

11) Меншікке қарсы қылмыстық жазаның тиімділігі;

12) Меншікке қарсы қылмыстан сақтандырудың тиімділігі;

13) Меншікке қарсы қылмыстардың латенттілігі, оның себептілігінің сипаттамасы, түрлері.

Профессор Лунеев В.В. жаһандану процесінің мәнді аспектілерін аша келе былай жазды: «Жаһандану бұрыннан келе жатыр, ол әрбір адамның өміріне, әрбір ел мен әлемге ықпал етеді. Ол көп жылдан бері зиянды салдарын да тигізіп келді. Зиянды салдарлардың құрылымындағы ерекше маңызды криминогендік және жаһанданудың өзге де криминологиялық мәнді салдары білдіреді»[244 ].

Лунеев В.В. жаһандану феноменінің жағымды және жағымсыз салдарларына жан жақты, тереңдетілген зерттеу жүргізді және әлемімізде жаһандану процесінің салдары мен криминогендік спутниктердің таралуына тиімді қарсы тұру мәселелерін шешу үшін толығымен іргелі ғылыми негізді білдіретін келешектік тұжырымдамалық қорытындылар жасады.

«Иә, жаһандану тоқтамайды, әлемдік дамудан тысқары қалмау үшін оған кәсіби бейімделу керек. Бірақ та ол жағымсыз салдарды азайту мақсатымен оның қоғамға қауіптілігі (әсіресе, криминологиялық тақырыпқа қатысты) мен криминогендік тенденцияны бағаламауды білдірмейді. Ал болжау алдын ала дайындыққа көмектесуі мүмкін»,-деп жазды Лунеев В.В.

Егер профессор В.В. Лунееевпен құрастырылған ғылыми ұсыныстарды қазақшалап нақтылыққа аударсақ, онда жаһандану біздің еліміз үшін де қажет болғандықтан, әлемдік даму желісінен қалмау үшін кәсіби бейімделу керек. Сол сәтте жаппай электрондық, механикалық көшіру, соның ішінде жаһандану алып жүретін жағымсыз криминогендік қасиет пен мазмұн, елді ол қаламаған әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық жаман салдарларға алып келеді. Яғни, жаһандану процесіне кіру Республикамызда терең және жан жақты ойластырылған стратегиялық бекітілген, жаһандануға жайлап бейімделудің тұжырымдалған ғылыми бағдарламасымен іске асырылуы керек. Кез келген түрдегі жаһанданудың зиянды жақтарын ескермейтін ұтымды шешімдер елге әр түрлі әлеуметтік аномалиялар төну қаупін тудырады.

Қазақстандағы жаһандану процесінің зиянды салдарымен байланысты құқық бұзушылықтардың сақтандыру ғылыми негізделген, қарастырылып отырған қоғам өміріне қарсы категорияларға қарсы тұрудың тиімді шараларының тәжірибе түрінде тексерілген жүйесіне негізделуі керек. Мұнда сақтандырудың өзі - «тұтастықтың белгілі бір қасиеттері бар, құрастырылған, көпаспектілі процесс екенін ескеруіміз керек. Бұл жерде оны кешенді қарастырудың, құраушы элеметтенттерін бөлудің және олардың әр түрлі негіздердегі жіктелімінің маңызы зор.

Мақсаттық (деңгейлік) белгілері бойынша қылмыстан сақтандыруды жалпы қоғамдық (жалпы) және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы сақтандыру жағдайында әңгіме қоғамның дұрыс дамуы, оның экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге де институттарының жетілуі, өмірден дағдарыстық құбылыстарды, қылмысты сіңіруші диспропорцияны жою объективті түрде ескертуге қабілетті екендігі (іс әрекет аясын шектеу арқылы зиянды салдарлардың деңгейін төмендету т.б.) жайында болып отыр».

Яғни республикамызда құқықтық саясатты жүргізуден бұрын жаһанданудың зиянды салдарымен байланысты әрекетке қатысты жалпы нақты сақтандыру шараларын әзірлеу керек.

БҰҰ VII Конгресінің тікелей стратегиялары шараларына мыналар жатады:


  • Қылмыс жасауға мүмкіндіктерді азайту (ғимараттарды күзету, жарықтандыруды жақсарту, патруль жүргізу, күзет қоңырауларын қолдану сияқты қылмыс жасау техникалық және ұйымдастырушылық жағдайын жоятын мүмкіндіктер);

  • жастарды қоса алғанда, тұрғындармен тәрбиелік-ескерту және ақпараттық жұмыс жүргізу (қылмыстарды ескерту шаралары, қылмыстық әділет органдарының жұмысы туралы ақпараттар, құқықтық тәрбие, ол үшін ақпарат құралдарын қолдану);

  • қылмыстылықпен күреске қоғамды тарту (сақтандыру жұмыстарын жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік және аралас қоғамдық органдар құру, қайырымсыз отбасылардың балаларын өзге отбасыларда тәрбиелеу);

  • қылмыстың құрбандарына көмек көрсету (мемлекеттік өтемақы, моральдік және әлеуметтік қолдау).

XXI ғ.«қылмыстық шығарылымдарына» қарсы тұрудың толық Мемлекеттік Бағдарламасын әзірлеу қажеттігі жетілгендігі дау тудырмайтын сияқты. БҰҰ VII Конгресінің шешімі мен ұсынысында құрастырылған қылмыстылыққа алдын алу ықпалы бар тікелей және жанама стратегияларды елімізде масштабы кеңейіп бара жатқан жаһандану процесінің жағымсыз, криминогендік салдары фактілеріне тиімді мемлекеттік және қоғамдық қарсы тұрушылықты қалыптастыру мен ұйымдастыру мақсатында жаһанданудың зиянды салдарларымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысанындағы ресми заңдық құжатты республикамызда қалыптастыру үшін қолдануға болар еді.

Мұндай құқықтық актіні қабылдау Қазақстандағы жаһанданумен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысты сақтандыру ықпал ету шараларын реттеу мен нақтылауға шынайы келешек (перспектива) қалыптастырар еді.

Қоғамдық қызметтің қандай да бір саласындағы атқару тиімділігін бағалау критерийлері ақпараттық ғасырда идеологиядан алшақтау қажет. Отандық меншікке қарсы қылмыстылықтан сақтандыру практикасының қазіргі заманғы даму кезеңінде криминологиялық зерттеулердің ең өзекті бағыттарының бірі мемлекеттің құқық қорғау қызметінің тиімділігінің тұрақты мониторингі әдістері мен механизмдерін жасау және енгізу болып табылады. Бұл жағдайда мониторинг деп әлеуметтік объектінің жағдайын бақылау, оның болашақ қызметін болжау, сондай-ақ сақтандыру сипатындағы тиісті шараларды қабылдау мақсатымен оны мерзім сайын үздіксіз өлшеуді және қажетті ақпаратын алуды айтады.

Тиімділіктің криминологиялық мониторингін қылмыстылықтың сақтандыру жүйесінің элементтері туралы анық түсіндірмесі болмаса, модельдеу [245, 91б.] мүмкін емес. Бұл мәселе криминологтардың да, басқа білім саласындағы мамандардың да ғылыми ізденістерінің тұрақты заты болғандықтан, ұсынылған қызмет түрінің негізіне жатқызылуы мүмкін бір мағыналы тәсіл әлі жоқ. Бұл жағдайда даулардың көбісі адамдардың құқық қорғау жүйесінің өзіндегі де, одан тыс жеріндегі де тәртібіне қатты әсер тигізетін бағалау критерийлері жүйесіне қатысты пайда болады. Егер мемлекет ақпараттық дәуірде тек аман қалып қана қоймай, жетістіктерге жеткісі келсе, онда бағалау және басқару жүйелері стратегиялық міндеттер мен мүмкіндіктерге сүйеніп құрылуы тиіс.

Теңестірілген көрсеткіштер жүйесі құқық қорғау қызметін дүниетаным мен мемлекеттің даму стратегиясын өзара тәуелді көрсеткіштер жинағы арқылы түсіндіретін әмбебап механизммен қамтамасыз етеді. Барлық құқық қорғау органдары қызметтегілер мемлекеттік басқарудың қоғамдық құндылықтар жүйесі мен принциптерін сезінуі тиіс. Ол үшін көптеген ведомстволар олардың негізгі мақсаттары мен құралдары, құндылықтары мен принциптері анықталатын стратегиялық құжаттарды жасайды, мысалы: ҚР Ішкі істер органдары қызметкерінің кәсіби этикасының кодексі немесе Қоғамдық қауіпсіздік полициясының патрульдық-посттық қызметінің жарғысы.

Мұндай құқықтық актілер рухтандырылу керек, олардың тиісті ведомстволар, қызметтер немесе жекелеген бөлімшелер қызметкерлеріне әсер ететін энергетикалық қуаты және уәжі болуы тиіс. Алайда құрғақ рухтандыратын ұрандардың болуы жеткіліксіз. Ұлы Шекспирдің айтқанындай: көп бос сөз тиімсіз болуы мүмкін (Mucx adu abonfanothing). Тиімділік көрсеткіштерінің теңестірілген жүйесі стратегияны таратуға арналған механизмді, тілді ұсынады; бағалау критерийлерінің жүйесі арқылы ол қызметкерлерді қазіргі және келешектегі табыстың қозғаушы факторлары туралы хабардар етеді. Олардың жетістіктерінің соңғы нәтижелері мен факторларын сипаттай отырып, әртүрлі деңгейдегі басшылар өз қызметкерлерінің қуатын, қабілеттерін және кәсіби білімдерін ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу арнасына бағыттауға ұмтылады.

Көпшілік қылмыстылықтан сақтандыру, сондай-ақ мүліктік қылмыстылықтан сақтандыру тиімділігі критерийлерінің жүйесін бір жағынан, бақылау құралы, екінші жағынан, - қызмет нәтижелерін бағалау құралы деп санайды. Бірақ бұл көрсеткіштерді басқаша – қылмыстылықтан сақтандыру стратегиясының қалыптасу және таралу құралы ретінде, ортақ мақсатқа жету үшін жеке, ведомствоаралық және ведомствоаралық бастамалар арасында өзара байланыс құрудағы көмек ретінде қолданған жөн. Бұл аталған жүйе дәстүрлі бақылау жүйесінің рөлін атқара отырып, құқық қорғау органдарын бекітілген жоспардың қатаң шектерінде ұстап қалуға ұмтылады деген сөз емес. Бұл бақылаушы емес, коммуникациялық, ақпараттық және үйрететін жүйе болып табылады.

Біздің пікіріміз бойынша, қылмыстылықтан сақтандыру тиімділігінің криминологиялық мониторингі белгілі-бір шарттылық үлесімен төрт топқа біріктіруге болатын күрделі көрсеткіштер жүйесін білдіреді:



  • қаржылық-экономикалық (ресурстық) көрсеткіштер;

  • азаматтар мен қоғамның қауіпсіздік көрсеткіштері (объективті және субъективті бағалау критерийлері);

  • қылмыстылықтан сақтандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділік көрсеткіштері;

  • құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің білімін жетілдіру және даму көрсеткіштері (ақпараттық және зияткерлік әлеует).

Қаржылық көрсеткіштер криминологиялық мониторинг құралдарының жинағына енгізілген, себебі олар қабылданған іс-әрекеттердің экономикалық салдарын суреттейді және қылмыстылықтан сақтандыру, оны жүзеге асыру және нақтылы түрде көрсету стратегиясының мемлекет пен қоғамның жалпы даму масқаттарына сәйкестік индикаторлары болып табылады. Сонымен қатар бұл көрсеткіштер құқық қорғау қызметінің ресурстық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін анықтайды. Оларға келесі кезеңде қылмыстылықтан сақтандыру бағдарламалары мен болжамын тиісті бөлімдерінің мазмұны байланысты. Қаржылық мақсаттары табыстылыққа жататын және мысалға, операциялық табыстылықпен, жұмылдырылған капиталдың пайдалылығымен өлшенетін экономикалық қызметке қарағанда, құқық қорғау қызметі қаражаттардың жеткіліктігі және оларды жұмсау тиімділігі тұрғысынан бағалануы мүмкін.

Сақтандыру қызметінің тиімділігін қоғамдық пікірдің криминологиялық мониторингісіз, азаматтар мен ұйымдардың қауіпсіздігін субъективті сезіну туралы ақпарат жинамай шынайы бағалау мүмкін емес. Бұл көрсеткіштер тобы агрегатталған түрде, мысалы «қауіпсіздік индексі» түрінде қылмыстылықтың сақтандырудың сыртқы нәтижелілік индикаторына айналуы мүмкін. Бұл көрсеткіштерді тұжырымдау кезіндегі бағалау критерийлерінің проблемасы азаматтар мен қоғамның оларды қылмыстық қастандықтардан қорғау саласындағы мұқтаждықтарын дұрыс түсінген жағдайда шешіле алады. Бұл арада қоғамдық пікірдің криминологиялық мониторингі экономикадағы маркетингтік зерттеулермен үндеседі; клиенттер (азаматтар мен ұйымдар) мұқтаждықтарының қанағаттандырылуы, (халықтың) тұтыну базасының сақталуы, жаңа клиенттер мен инвестициялардың тартылуы (тиімді иммиграциялық және сыртқы экономикалық саясат) бағаланады. Алайда криминологиялық мониторингтің аталған сегментіне қылмыстылықтың сақтандыру бойынша ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсетулердің өзгеше құндылық көрсеткіштері ену керек. Бұл арада халық үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде ең маңызды болып табылатын факторлар туралы сөз қозғалып отыр. Мысалы, азаматтар үшін құқық қорғау қызметтерінің дер кезінде әрекет ету; олардың жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіру; мемлекеттің азаматтардың криминологиялық қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерін, және де оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін бұрынырақ білуге қабілетті болу факторлары өте маңызды. Азаматтар мен ұйымдардың криминологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау жүйесін терең және жан-жақты түсінуі ел басшыларына адамға, азаматқа келешекте қоғам мен мемлекеттің шынайы және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететіндей бағытталған стратегияны тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Белгіленген проблематика шегіндегі криминологиялық мониторингтің келесі ерекше бағыты – меншікке қарсы қылмыстылықтан сақтандыру саласындағы тиімділігін бағалау болып табылады. Бұл құрамдауыш кемеліне жеткізілуі қажет, азаматтардың, меншіктің криминологиялық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі және мемлекеттің жалпы стратегиялық міндеттеріне қол жеткізілуіне байланысты ең маңызды ішкі әкімшілік механизмдерді [246, 18 б.] анықтайды.

Мемлекеттік басқару жүйесінде жалғасып келе жатқан кадрлық дағдарыс қылмыстылықтан сақтандыру тиімділігінің мониторингін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің осы жүйенің ақпараттық және зияткерлік әлеуетін құрайтын оқытылу және даму көрсеткіштерін ескерусіз жүргізу мүмкін емес екендігін дәлелдеп отыр. Сондықтан тиімділік көрсеткіштері жүйесінің төртінші құрамдас бөлігі ұзақ мерзімді өсу мен жетілуді қамтамасыз ету үшін құру қажет инфрақұрылымды анықтайды. Жүйенің алдыңғы екі құрамдауышы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең маңызды болып табылатын факторларды тұжырымдайды. Агрессивті криминалдық орта құқық қорғау жүйесінен қылмыстылықтан сақтандыру кезінде үздіксіз жетілдірілуді талап етеді.

Кәсіби оқыту мен мансаптың өсуінің үш басты параметрлері бар: жеке адамның сипаттамалары, білім беру технологиялары және кадрлық жұмыс жүйесі. Мемлекет инвестицияларын мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, білім беру технологияларын жетілдіруге, ғылым мен практиканың арасындағы байланысты нығайтуға салу керек. Бұл мақсаттар қылмыстылықтан сақтандыру жүйесінің ішкі резервтерінің криминологиялық мониторингі негізіне жатады.

Мемлекеттік билік органдары министрліктер мен ведомстволар басшылығына беретін есептерінде белгілі-бір қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштер жинағын үздіксіз қолданады [247,18б.]. Қылмыстылықпен күреске және құқық қорғау жүйесін жетілдіруге барынша бағытталу азаматтар мен ұйымдардың қылмыстылық, әшкерелену, шағымдар мен үндеулердің бюрократтық тегеурінсіз қарастырылу деңгейіне қатысты көрсеткіштерді бақылап, осы ақпаратты күнделікті қызметінде қолданылуына алып келді. Сонымен бірге, қылмыстылықтан сақтандыру туралы ақпарат ведомствоішілік, азаматтар үшін ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін же жабық болып қалып отыр [248, 18 б.]. Осы қызмет түрі туралы ақпараттың ашықсыздығы, жоқтығы қылмыстылықтан сақтандыру қызметіне кесірін тигізіп отырғанын көрсетеді. Сөйтіп, меншікке қарсы қылмыстылықтан сақтандыру тиімділігінің криминологиялық мониторингі міндеттерінің бірі осы қызмет түрін халық және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында ашықтығы болып табылады.

Қылмыстылықтан сақтандыру тиімділігінің криминологиялық мониторингі – бұл ең маңызды көрсеткіштердің немесе табыс факторларының жай жинағынан жоғары түсінік. Дұрыс құрылған жүйедегі көпжоспарлық индикаторлар өзара байланысты мақсаттардан және оларға қол жеткізудің ретті және бір-бірін толықтыратын бағалау критерийлерінен құралуы тиіс. Тиімділік көрсеткіштерінің теңестірілген жүйесі – бұл себепті тергеу байланыстарының оларға қол жеткізу нәтижелері мен факторларын бағалау критерийлерінің өзара тәуелділігі болып табылады.

Сонымен, меншікке қарсы қылмыстылықтан сақтандыру тиімділігінің криминологиялық мониторингінің дұрыс жасалған механизмі мемлекет стратегиясының тұтастай мазмұнын білдіріп, нәтижелер критерийлері мен оларға қол жеткізудің қозғаушы факторларының арасындағы гипотетикалық себепті-тергеу байланыстарын анықтауы керек. Мониторингте қолданылатын әр көрсеткіш құқық қорғау жүйесінің барлық қызметкерлеріне оның стратегиясының мәнін жеткізетін себепті -тергеу байланыстары тізбегінің бір буыны болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет