Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


МЕНШіККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ



бет4/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
annotation5725

1 МЕНШіККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
1 Меншікке қарсы қылмыстармен күрес қылмыстық саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде

Қылмыстылықпен күресу саласындағы құқық қорғау қызметіне тән маңызды ерекшелік бұл оның әлеуметтік-саяси бағыттылығы. Сонымен қатар кез-келген әлеуметтік саясат басқаруда, басқарушылық қатынастарда іске асырылады. Біз әлеуметтік саясат пен әлеуметтік басқару, қаржыларды басқару мен қаржылық саясат, әскерлерді басқару мен әскери саясат, құқық қорғау органдарын басқару мен құқықтық (заңды) саясат және т.б. туралы бірдей негізбен айта аламыз.

Заң саясаты мемлекеттік-құқықтық қондырманың қызмет жасауымен байланысты әлеуметтік өмірдің өзгеше саласында әрекет етеді. Ол құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастар түрлерінің анықталуын, тиісті қоғамдық қатынастар түрлеріне құқықтық әсер ету әдістерінің қолданылуын, заң шығару қызметінің прогноздау, мемлекеттік органдар мен мекемелердің туындау, оның ішінде құқық қорғау және құқық қолдану қызметінің негізгі бағыттарының жасалуын және т.б. білдіреді.

Қылмыстылықпен күресудің шеңбері кеңістігінде тұжырымдамалық тәсілдері, стратегиясы мен тактикасы және оның сақтандыру (криминологиялық) бағыты туындайтын қылмыстық құқықтық саясат заң саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Қылмыстылықпен күреске тек қылмыстық құқықтық қана емес, әлеуметтік, ұйымдастыру, идеологиялық және басқа да шаралар жатады деп есептейді А.Х.Миндагулов [230, 7 б.]. Қылмыстық саясатта қылмыстылықтан сақтандыру талабы Чезаре Беккариа өзінің «Қылмыстар мен жазалар туралы» өшпес кітабы 1765 жылы жарияланған уақыттан бастап ғылымда, саясатта бірінші орынға қойылып отыр. Ол былай деп жазған: «Қылмысты жазалағаннан гөрі оның алдын алған жөн. Бұл - өмірдегі жақсылық пен жамандықтың ортақ нәтижесі туралы айтар болсақ, адамдарды барынша көп бақытқа немесе барынша аз бақытсыздыққа апару өнері болып табылатын кез-келген дұрыс заңнаманың басты мақсаты». Бұл жөнінде Ш.Фурьенің айтып кеткен нақыл сөздері бар.

Қылмыстық саясат заң саясатының бір бөлігі ретінде мемлекеттік органдар мен қоғамның қызметін қылмыстылықпен күреске бағыттайды, оның барлық міндеттерін, бұл күрестің жекелеген қылмыстардың сақтандырудан бастап жалпы қылмыстылық себептеріне қатысты ең күрделі проблемаларды шешуге дейінгі формалары мен бағыттарын қамтиды. Осыған байланысты, Г.М.Миньковский айтқандай, оның шеңберінде қылмыстылықпен күресу процестерін тиімді басқару проблемаларын зерттеу мақсатқа сәйкес болып табылады»[231, 66 б.].

Өкінішке орай, бұл арада бұрмалаулар, қате пайымдаулар, бүкпелер, қасақана бұрмалаулар немесе үзік мәліметтер көп. Біздің қылмыстылық туралы түсініктеріміз негізінен әрекеттегі заңнамаға құқықтық органдардың жұмысын әрдайым объективті түрде баяндамайтын өздерінің жарияланымдары мен теледидар хабарлары арқылы әсер етуге ұмтылатын белгілі-бір саясаткерлердің, журналистердің пікірлеріне негізделеді. Егер өмірдің кейбір тұстары туралы жалған ақпарат көп нәрсені өзгерте алмайтын болса, онда қылмыстылық туралы қате мағлұматтар қарапайым азаматтар үшін нағыз қауіпті немесе тіпті қайғылы болуы мүмкін»[232, 37 б. ].

Қылмыстылықпен күресу, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстарымен күресу үшін стратегиясын дұрыс құру үшін басқарушылық әсер ету объектісі туралы ұғымдарды қалыптастырып айқындау керек. Ғылыми ұғымдар тұрғысынан қылмыстылық, соның ішінде меншікке қарсы қылмыстылықпен күрестің тиімділігі қандай деген сұрақты туындатады.

Меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес туралы теорияда бірқатар пікірлер айтылады. Атап айтқанда, оның алдына тосқауыл қою, еңсеру, оны бақылауды күшейту және тіпті оған соғыс жариялау сияқты пікірлер айтылуда. Бірақ оған нәтижелі қол жеткізуге болатындығын ешкім баса айта алмайды. Мысалы, С.В.Бородин былай деген: «Біз қылмыстылықпен күрес әлеуметтік-саяси категория ретінде мемлекет пен қоғам қылмыстылық пен оның себептері туралы материалистік түсінігі негізінде жүргізетін мақсатты қызмет болып табылады» [233, 13 б.].

Алайда, мақсатты қызметтің мәні неде және қылмыстылықтың материалистік ұғымы деген не? Оны түсіндіру қажет. А.И.Долгова қылмыстылықпен күрес әлеуметтік басқару кең мағынадағы салаларының бірі болып табылады, себебі бұл ең алдымен, қылмыс пен қылмыстылықты тудыратын себептер мен жағдайларға әсер ету болып есептеледі» деп жазған [234, 37 б. ].

Г.Ф.Хохряков өзіне тән кекесінмен қылмыстылықпен күрес туралы ұғымдар күресі ретінде сөз етеді. Оның пікірінше, қылмыстылықпен күрес қажет, ол үшін бақылау да, тексеру де, тексеру мақсатымен қадағалау да, сақтандыру ретінде ескерту де қажет. «Анығырақ және сондықтан да ашық айтар болсақ, онда «қылмыстылықты бақылау» бұл күрес және тіпті алғышарт, күрестің міндетті алдын ала шарты емес, оған қарсыласу немесе оған әсер ету болып табылады... Сол себептен қылмыстылықты бақылау туралы айтқан кезде, нақ бақылаудың өзі, қарсыласу туралы айтқан кезде нақ қарсыласу және т.с. туралы тұспалдаймыз» [235, 17 б.].

Қылмыстылық – бұл ең жоғарғы деңгейдегі абстрактілі ұғым. Оған қатысты жеке қылмысты сипаттайтын қасиеттер мен белгілерді қолдануға болмайды. Сонымен бірге қылмыстылық жекелеген қылмыстық актілерден бөлек өмір сүре алмайды. Ол жеке қылмыстарды сипаттайтын жалпы белгілер мен қасиеттерді өз бойына сіңіреді. Барлық қылмыстарға тән ортақ нәрсе – бұл әрекеттердң қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, жазаланатындығы, әлеуметтік себепшілдігі. Сол ортақ нәрсе нақты жеке фактілер көпшілігінің ішінен бөлініп алынады.

Қылмыстылық шынайылық ретінде жасалған қылмыстар туралы сандық мәліметтер түрінде көрсетілуі мүмкін. Бірақ бұл шынайылық бұрынғы оқиғаларды көрсетеді. Өтіп кеткен нәрсені басқаруға болмайды. Алайда қылмыстылық статисткасында көрсетілген бұрынғы оқиғалар сол уақыттың процестерін танудың негізінде болашақты болжау үшін зерттеу жұмысына қажет. Статистика қылмыстылықтың жағдайы мен құрылымы, оның серпіні, деңгейі және т.б. туралы пікір тұюға мүмкіндік береді, яғни сол құбылыс туралы жүйелі түсініктеме береді.

Қылмыстылық белгілерінің алуан түрлілігі, оның қоғамдық өмірдің көптеген тұстарымен байланысы оның себептерін тек жіктеуге ғана емес, жүйелендіруге түрткі болады, себебі ғылыми әдіс ретіндегі кез-келген жіктеудің нәтижесі зерттеліп жатқан объектіні белгілі-бір жүйеге келтіру болып табылады. Жүйелендірусіз, яғни қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары туралы барлық білімдерді белгілі-бір жүйеге келтірусіз бұл құбылыспен күрес проблема тудырады.

Қылмыстылық жүйелі ме, жоқ па? Бұл сауал академиялық сауалдарға жатпайды және оның мәні қылмыстылықты басқаруға болу-болмауында емес. Оны қоғамға қауіпті кез-келген құбылыс сияқты басқару қажет. Осы әлеуметтік құбылысты – процесті басқарудың күрделілік дәрежесі проблема тудырады.

Қылмыстылық үшін бастапқы кезеңде статистика сандық көрсеткіштер жүйесі ретінде қылмыстылықты тудыратын келеңсіз құбылыстар мен процестердің қозғалысы мен дамуын бақылау, қадағалау және талдау үшін ең қолайлы ақпараттық үлгі болып табылады. Алайда статистика қылмыстылықтың жалғыз жүйелі сипаттамасы емес. Қылмыстылық туралы жүйелі ұғымдар ғылыми мақсаттар мен міндеттерге қарай ерекшеленуі мүмкін.

Меншікке қарсы қылмыстылықпен күресуді ұйымдастыру туралы айтылған кезде қылмыстық істерді жүргізу затына қатысты әртүрлі өкілеттіктер мен жауапкершілік дәрежелері, оған қатысты құзыреттілік деңгейі тағайындалған әртүрлі субъектілер арасындағы басқару қатынастары тұспалданады. Ішкі істер органдарының құқық қорғау қызметінің негізгі және басты затын қылмыстылықпен себепті байланысы бар факторлар кешені құрайды. Қылмыстылық пен басқа да мүліктік құқық бұзушылықтар себептерінің көріністерінің сан алуандығы құқық қорғау функциясын диверсификациялық функцияға айналдырады, яғни оны әлеуметтік өмірдің барлық салаларына енетіндей әр бейнелі және әр сипатты етеді.

Қылмыстылықпен күрестің қосбірлікті міндеті бар. Бір жағынан, қылмыстылық күрделі көп факторлық құбылыс ретінде қоғам өмірінің көптеген тұстарымен байланысты, көптеген әлеуметтік проблемалардың шешіміне жағымсыз әсер етеді. Мысалы, егер әртүрлі меншік формаларының қатынастары тең құқықты меншік түрлері ретінде жөнге салынбаса және нормативтік түрде реттелмесе; егер барлық қаржылық құрылымдардың (несие, банктік, сақтандыру және т.б.) қызметі қатаң мемлекеттік бақылауға алынбаса; егер мемлекеттік салық жүйесі салық салынатын кәсіпорындардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың өркендеуіне емес, құлдырауына жағдай жасайтын болса, экономикалық қылмыстылық аясындағы құқық қорғау органдарының әрекеттері нәтижесіз болып шығады. Бір қарағанда, аталған міндеттердің шешімінің қылмыстылықпен байланысы жоқ сияқты. Алайда қылмыстылықтың табиғаты оны қоғам өмірінің көптеген құрамдауыштарының туындысына айналдырады. Мысалы, тұрғын үй мен тұрғын емес ғимараттарды жекешелендіру мәселелерінің реттелмегендігі мен сыбайлас жемқорлықтың арасында, лауазымдық қылмыстар мен мемлекеттік меншікті жеке тұлғаға жалға беру және сату кезінде бағаны жасанды арзандатудың арасында, кедендік құрылымдар жүйесіндегі контрабанда мен парақорлықтың арасында тікелей тәуелділік бар. Басқаша айтқанда, қылмыстылық экономикада орын алып отырған барлық келеңсіз процестердің айнадағы көрінісі болып табылады. Сондықтан экономикалық мәселелердің шешілуі, олардың ішіндегі барлық кері тұстарының жойылуы құқық қорғау органдарының материалдарына, оның ішінде түсініктерге, экономикалық қылмыстылықтың нақты бағыттары бойынша қорытындылар мен ұсынымдарға сүйену керек.

Қылмыстылық статистикасы әлеуметтік өмірдің тікелей қылмыс тудыратын факторларының даму серпінін бақылауға және талдауға мүмкіндік беретін адам жасаған сандық көрсеткіштер жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Қылмыстылық статистикасының заңдылық пен құқықтық тәртіптілік тұрғысынан бұрын орын алған оқиғалардың айнадағы кескінінен басқа ештеңесі жоқ. Егер бүгін қоғам қылмыстылық себептерін бәсеңдету шараларын қабылдамаса ертең кеше болған нәрсе қайталанады. Қатаңырақ айтқанда, ол (қылмыстылық) табиғатта жоқ. Бұрын орын алған қылмыстық заң бұзушылықтардың жиынтығы кейбір өзгерістерге (өзгерген жағдайларына қарай) ұшырап болашақта қайталанады. Әрбір қылмыстық заң бұзушылық – бұл объективті және субъективті реттегі жағдайлардың тоғысуы, мүдделердің қақтығысы, заң (құқық) мен нақты субъектінің түрткі болған ниеттерінің арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.

Аталған себеп бойынша жалпы қолданатын «қылмыстылықпен күрес» ұғымы көп мағыналы болып табылады және арнайы ғылыми өңдеуден өткізуге бой ұсынбайды. Бірақ бұл осы көпшілік қолданатын ұғымнан бас тарту керек деген сөз емес, ол біздің санамызда да қалыптасып кетті. Түсінбеушілікке жол бермеу үшін қылмыстылықпен күрес туралы айтқан сайын біз қылмыстылықпен күресу, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамды қылмыстық қастандықтардан белгілі-бір формаларда (мысалы, процессуалды), белгілі-бір құралдар мен әдістері (мысалы, жедел-іздестіру) қолдана отырып қамтамасыз ету туралы сөз қозғап отырғанымызды анықтап отыру керек. Демек, ғылыми ұғымдар тұрғысынан қылмыстылықпен күрес – бұл құқық қорғайтын құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті. Егер қатардағы қызметкер үшін (тергеуші, тыңшы, учаскелік инспектор) қылмыстылықпен күрес нақты қылмысты ашу мен тергеуді білдірсе, онда орган басшысы үшін міндет күрделене түседі, себебі ол жеке бір қылмыстың ашылуы мен тергелуі үшін ғана емес, бүкіл аумағындағы қылмыстылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы үшін жауапты. Қылмыстылықпен күресті жүзеге асыратын орган басшылары үшін иерархиялық пирамиданың әртүрлі сатыларында қылмыстық саясат тұрғысынан басқарушылық әсер етудің басты объектісі қылмыстылықтың өзі емес (абстрактілігі жоғары болғандықтан стихиялы, ықтималды және тіпті елесті құбылыс), қылмыстардың жасалуына алып келетін әлеуметтік өмір құбылыстары мен процестері болып табылады. Қылмыстылықпен күрес жүргізу борышы жүктелген лауазымды тұлғалар мен органдардың арасында басқару қатынастары пайда болады (субординация, үйлесу, билік жасау және бағыну т.с.с. түрінде). Бірақ бұл қатынастар қылмыстылық себептеріне қатыссыз пайда бола алмайды (пайда болмау керек). Сондықтан құқық қорғау органдарының басшылары үшін иерархиялық құрылымның әртүрлі сатыларында басқарушылық әсер етудің басты объектісі қылмыстың жасалуына негіз құратын әлеуметтік факторлар кешені болып табылады. Басқару органы (аппараты) болса, мақсатқа жету, практикалық міндеттерді шешу құралының рөлін атқарады.

Қылмыстылықпен күресті ұйымдастыру туралы айтылған кезде, әрине, әртүрлі өкілеттік пен жауапкершілік дәрежелері, істерді жүргізу затына қатысты құзыреттілік деңгейі үлестіріп берілген түрлі субъектілер арасындағы басқару қатынастары туралы сөз қозғалады. Шын мәнінде, бұл арада сөз қылмыстылық детерминанттарына қылмыстылықпен күресті жүзеге асыратын барлық органдарды ұйымдастыру (үлестіру, өзара әрекеттесу) арқылы әсер ету және анықтау туралы болып отыр.

Бүгінде меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу проблемасының күрделілігі (басқарушылық тұрғыдан) ішкі істер органдарының, басқа құқық қорғау органдары сияқты ресурстармен – материалдық-техникалық, қаржылық, адам және т.б. жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмегендігінде. Бұл мәселелердің маңызды екендігі сөзсіз, бірақ бүгінгі таңда олардың шешілуі үлкен қиындықтарды еңсерумен байланысты емес. Біз көбінесе басқарушылық әсер ету объектісі – қылмыстылық туралы үстіртін талқылаймыз. Көп жағдайда қылмыстылықты ретсіз әлеуметтік құбылыс, бақыланбайтын стихиялық процесс деп танып, оның параметрлері анық емес, бұлдыр, ал белгілері мен қасиеттері анық белгіленбеген т.с.с. деп санайды. Мұндай пайымдаулар қаншалықты дәлелді? Егер олай болса, онда біз неге әрдайым қылмыстылықпен күресті күшейтудің маңыздылығын қайталаймыз. Егер әрбір қылмыстық заң бұзушылық фактісі қатаң түрде белгіленіп, ол бойынша қажетті шаралар қолданылатын болса, мұндай пайымдауларды негізсіз деп санауға болады.

Егер қазіргі түсінік бойынша доктрина теориялық және саяси ұстанымдарды анықтайтын ілім, ғылыми немесе философиялық теория, саяси жүйе болып табылса»[236, 13 б. ], онда белгілі-бір шарттылық үлесімен мұндай доктрина ретінде қылмыстылықпен күрес саласындағы құқық қорғау қызметінің негізгі, концептуалды ережелер қарастырылуы мүмкін.

Әдетте, доктрина туралы қоғамдық-мемлекеттік қызметтің (мысалы, әскери доктрина) қандай да бір маңызды саласындағы саяси және идеологиялық талаптардың жүйелендірілген көпшілік мақұлдаған (тіпті жоғары инстанциялар бекітілген) жинағы ретінде айтылады. Доктрина бір ұғымдар мен түсініктер жүйесінің екіншісінен айырмашылығы туралы талдауға мүмкіндік береді. Құқық қорғау қызметі ғылым мен практикада көпшілік қабылдаған қылмыстылықпен күресу, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстармен күресу әдістерінің, шараларының және принциптерінің жүйесі болып табылады.

Сонымен, меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу саласындағы құқық қорғау қызметі доктринасының негізгі ережелері қандай?

1. Қылмыс пен қылмыстылық – құқық пен заңдылықтың туынды ұғымдары. Құқықтан тыс, нақты заң нормасынан тыс қылмыс жоқ. Қылмыстық заң өзгерістеріне байланысты (қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің криминалдандырылуы және декриминаландырулары), біздің қылмыстық әрекет пен қылмыстылық туралы түсініктеріміз өзгеруде. Бұл мағынада құқық қорғау қызметі құқық белгілеген қатынастарды қылмыстық нышандардан оқшаулау әдісі болып табылады.

2. Құқық қорғау қызметі бұл әлеуметтік құндылықтардың сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-процессуалдық шаралар жүйесі. Құқық қорғау қызметі қылмыстардың жасалуының қылмыстық-құқықтық сипаттағы күтілетін санкциялардың себебінен қауіпті болатын белгілі-бір жағдайларды жасайды. Аталған функция құқық қорғау органдары жүйесімен қамтамасыз етіледі. Меншікке қарсы қылмыстардың жасалу себептеріне құқық қорғау қызметінің тіпті өте нашар ұйымдастырылған жағдайда қатысы жоқ. Қылмыстылықтың себептері негізінде келеңсіз қасиеттегі әлеуметтік өмірдің әртүрлі факторларында.

3. Құқық қорғау қызметінің өзінің алдына меншікке қарсы қылмыстылықты жою және тіпті оның деңгейін төмендету мақсатын қою мүмкіндігі жоқ. Мақсат басқа – құқықтық тәртіпті нығайту, жеке адамды, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық-саяси құрылысты, экономикалық шаруашылық жүргізу жүйесін, әртүрлі меншік формаларын және т.б. қылмыстық қастандықтардан тиісті деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету.

4. Осы мақсатқа жүгінсек, құқық қорғау қызметінің мәні қылмыстылықты реттеуде, оны әлеуметтік өмір жағдайлары себеп болған (себепті байланысқан) белгілі-бір берілген параметрлерде ұстап тұруда болып табылады. Әлеуметтік жағдайлар қандай болса, қылмыстылық та, оның жағдайы да, деңгейі де, серпіні де сондай болады. Қазақстан сияқты аумағы кең, 16 миллиондық халқы ғана бар мемлекеттің әлеуметтік өмірі қылмыстылық тек жеке эксцесстер түріне айналып, мінсіз жағдайда болатынын елестету мүмкін емес.

5. Құқық қорғау қызметі оның мазмұны тұрғысынан қосбірлікті міндетті орындап отыр. Бір жағынан, сөз қылмыстылыққа төмендету әсер ету туралы жалпы әлеуметтік және жалпы құқықтық шаралар тұрғысынан қозғалып отыр: әлеуметтік бағдарламалардың, оның ішінде қылмыстылықпен күресу бағдарламаларының орындалуы, тиімді сот және прокурорлық бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың жасалуын туғызатын жалпы әлеуметтік себептерді айқындау және бәсеңдету арқылы қылмыстылықтан сақтандыру.

Екінші жағынан, біз жекелеген қылмыстарға қатысты құқық қолдану қызметі, нақты қылмыстық істер бойынша қылмыстық-процессуалдық және жедел-іздестіру қызметі, жекелеген құқық бұзушылармен сақтандыру жұмыс жүргізу туралы айтып отырмыз.

6. Құқық қорғау қызметі жоғары деңгейге белгілі-бір ұқыпты жағдайлар жасалған кезде ғана жете алады. Ондай жағдайларға мыналар жатады:

а) қызметтің сенімді құқықтық негіздерінің, атап айтқанда қабылданатын шаралардың ғылыми негізді және әділ болуын қамтамасыз ететін заңға сәйкес актілер жүйесінің бар болуы. Бұл актілер әлеуметтік, құқықтық тұрғыдан шынайы және іске асыру, қабылдау керек;

б) әртүрлі ведомстволардың арасында қайшылықсыз келіспеушілік тудырмайтындай құқық қорғау функцияларын үйлестірудің ойластырылған жүйесінің болуы;

в) ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және құқықтық белгіленімдермен нақты басқару құрылымының әрбір жалпыға маңызды құқық қорғау функциясының бекітілуі;

г) халықтың қылмыстылықтың жағдайы және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі туралы мүмкіндігінше жұртшылық халық хабардар болуы;

д) барлық құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуінің жоғары деңгейде болуы.

7. Құқық қорғау қызметі, кез-келген әлеуметтік еңбек сияқты белгілі-бір критерийлер бойынша бағалануы тиіс. Ол үшін критерийлер:

а) халықпен тығыз байланыстың болуы, оның құқық қорғау органдарының жұмысы туралы пікірлерінің ескерілуі;

б) жоғары біліктілік, яғни құқықтық ұйғарымдарды білуі және мүлтіксіз орындауы;

в) қылмыстық-процессуалдық және жедел-іздестіру қызметіне қойылатын нормативті бекітілген, ұғымды регламенттелген талаптардың болуы, құжаттардың заңды рәсімделуі.

Құқық қорғау саясаты ғылыми категория ретінде қылмыстық қызметін құқықтық негіздерін, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу стратегиясы мен оны ұйымдастыру тактикасын сипаттайтын ұғымдар жүйесіне еніп, басқарушы теориялық, саяси және ұйымдастыру принциптерінің сипатына ие болуы қажет. Осы тұрғыда қылмыстық (құқық қорғау) саясаты саласындағы доктрина туралы айтуға болады.

Кез-келген мемлекетте құқық қорғау функциясы оның сақталуы мен дамуының міндетті шарты болып табылады. Сонда ғана құқық қорғау органдары қылмыстылықпен күресуде сенімді құралына айнала алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет