Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік



бет5/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
annotation5725

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:

1. Көп жағдайда қылмыстылықты ретсіз тек әлеуметтік құбылыс, бақыланбайтын стихиялық процесс деп танып, оның параметрлері анық емес, бұлдыр, ал белгілері мен қасиеттері анық белгіленбеген т.с.с. деп саналуда. Мұндай пайымдаулар қаншалықты дәлелді? Егер олай болса, онда біз неге әрдайым қылмыстылықпен күресті күшейтудің маңыздылығын қайталаймыз. Егер әрбір қылмыстық құқық бұзушылық фактісі негізінде белгіленіп, ол бойынша қажетті шаралар қолданылатын болса, мұндай пайымдауларды негізсіз деп санауға болады.

2. Құқық қорғау қызметі жоғары деңгейге белгілі бір жағдайлар жасалған кезде ғана жете алады. Ондай жағдайларға мыналар жатады:

а) қызметтің сенімді құқықтық негіздерінің, атап айтқанда қабылданатын шаралардың негізді және әділ болуын қамтамасыз ететін заң шығару актілер жүйесінің бар болуы. Заңдар құқықтық тұрғыдан келісілген, шынайы және орындалатындай болу керек;

б) әртүрлі ведомстволардың арасында құқық қорғау қайшылықсыз функцияларын үйлестірудің ойластырылған жүйесінің болуы;

в) ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және құқықтық белгіленімдермен нақты басқару құрылымының әрбір жалпыға маңызды құқық қорғау функциясының бекітілуі.

3. Кез-келген мемлекетте құқық қорғау функциясы оның сақталуы мен дамуының міндетті (имманентті)шарты болып табылады. Сондықтан құқық қорғау органдарының нығайтылуы ғана қылмыстылықты әлсіретудің сенімді құралына айналуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет