АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 1.  Ақтөбе уезіндегі тұрақты және жәрмеңке саудасының дамуы



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
§ 1.  Ақтөбе уезіндегі тұрақты және жәрмеңке саудасының дамуы  
 
Торғай  облысының  территориясында  1869-жылы    бекініс  қала 
ретінде  негізі  қаланып,    1891  жылдың  25  наурызынан  бастап  уездік  
қала  статусын  алған  Ақтөбе  қаласы  Батыс  Қазақстандағы  ірі  сауда 
орталығы болды. 
1869  жылдың  басында  Елек  және  Қобда  өзендерінің  аралығына 
құрамында  Орынбор  казактарынан  №  4  батальонының    2  ротасы, 
Орынбор казактарының жүздігі, 169 жауынгерлік губерниялық батальон 
командасы және 14 зеңбірекші бар әскери отряд келіп жетті. Бұл әскери 
отрядтың негізгі мақсаты Елек уезіндегі қазақтардың көтерілісін басып-
жаншу  және  Орта  Азияға  шабуыл  жасау  плацдармын  даярлау  болды. 
1869  жылы  14  мамырда  Ақтөбе  шатқалына  полковник  Ю.А.Борх 
бастаған  әскери  отряд  келіп,  бес  күннен  соң  артиллериядан  бірнеше 
дүркін  (залп)  оқ  атып,  оқиғаға  әдейі  келген  Торғай  облысының  әскери 
губернаторы  Л.Ф.Баллюзектің  руқсатымен  Ақтөбе  бекінісінің  негізі 
қаланды.(1)    Бұл  тарихи  оқиға  туралы  Петербургтен  шығатын 
«Биржевые  новости»  газеті:  «Ақтөбе  бекінісінің  орны  ретінде  Елек 
өзенінің  сол  жағалауы  Илецкая  защита  бекінісінен  180  шақырым 
(верст), Ильинка станицасынан 170 шақырым жердегі Қарғалы өзенінің 
құйылысындағы,  Орынбор-Қазалы  керуен  жолына  жақын  жер 
таңдалды»  деп жазған болатын. (2) 
Ақтөбе  бекінісінің  алғашқы  орналасқан  территориясының  көлемі 
8900 десятина  жер болды.  Осы аумақта  қарауыл алаңдары, гауптвахта, 
қару-жарақ  қоймасы  салынды.  (3)  Алғашқыда  Ақтөбе  бекінісінде  357 
солдат қыстап шықты. (4) 
Орынбор  губернаторы  Н.А.Крыжановский  1867  жылы  Оралдың 
сыртындағы далалық өлкеде жәрмеңкелер ашу туралы жоба жасап, осы 
жоба  бойынша  қазақ  даласына  салынған  және  жаңадан  салынатын 
әскери  бекіністерді  экономикалық  жағынан  күшейту  мақсаты  жүзеге 
асырылуға  тиіс  болды.  Сонымен  қатар  жоба  бойынша  жәрмеңкелердің 
ашылу  уақытының  кестесі  жасалынып,  онда  саудагерлердің  бір 
жәрмеңкеден  соң  екіншісіне  барып  сауда  жасау  мүмкіндігі 
қарастырылды. Сөйтіп әскери бекіністердің тұрғындарын азық-түлікпен 
қамтамасыз  ету  және  қазақтарды  сауда  қатынастарына  енгізу  арқылы 
Қазақстанның  батыс  бөлігінен  мал  және  мал  өнімдерін  Ресейдің 
өнеркәсібіне  шикізат  ретінде  пайдалану  мәселесі  күн  тәртібіне  

 
102 
қойылды.  Осы мәселені шешу қазақ даласында  жәрмеңкелер жұмысын 
ұйымдастырып жолға қою болды. (5) 
Н.А.Крыжановский  жобасын  жүзеге  асыру  үшін  1870    жылы  12 
қарашада Ішкі істер министрі генерал-адьютант Тимашев  Ақтөбе  және 
Ырғыз  жәрмеңкелерінің  жұмыс  «Ережелері»мен  өткізілу  мерзімдерін 
бекітті. (6) 
Ақтөбе  бекінісінде    тұрақты  сауда  сөрелері  (лавка)    1869  жылдан 
Татар  слободасында салынып жұмыс жасай бастады.  
1869-жылы  шілдеде  Ақтөбеге  Орынбор  көпесі  Дмитрий  Петрович 
Дегтяревтің  сенімді өкілі Н.Е.Бобоедов келіп, сауда  орнын ашты. Осы 
жылы  Орынбор  көпесі  Д.П.Петров  сауда  орнын  ашты,  оның  сенімді 
өкілі  К.П.Чикалов  болды.  Одан  кейін  Д.П.Дегтяревтің  бауыры 
Ф.П.Дегтярев  және  бұқаралық  ағайынды  Сабыр,  Зәкір  және  Мырзақай 
Ғаббасовтар сауда орындарын ашты. Алғашқы саудагерлердің ісі онша 
жүре  қоймады:  малға,  мал  өнімдеріне  және  1  пұты  5-6  тиын  тұратын 
тарыға айырбас сауда жүргізілді. 
Ақтөбе  бекінісінде  ең  ірі  саудагер  Е.И.Тухтин  болып    саналды, 
оның  сауда  ісінің  жылдық  товар    айналымы  50-60  мың  сом  болды.  (7) 
Товар жергілікті  халыққа өте  қымбатқа сатылды. Мәселен  «матрешка»  
шөбі  араласқан  шайдың  1  фунты  2  сом,  қанттың  фунты  –  20-25  тиын, 
кептірілген  жәй    нан  өнімдері  10,  15,  20  тиыннан,  шыттың  ең    арзан 
түрінің 1 аршыны 18-20 тиыннан  сатылды. (8) 
1869-жылы  Тухтин  әскери  губернатордың  рұхсатымен  Ақтөбеде  
бірінші  рет  шарап  қоймасын  ашты.  Закаспий  темір  жолы  ашылған  соң 
барлық  әскер  Ақтөбе  арқылы  Түркістан    өлкесіне  жүрді.  Қалада 
эшелондар  ұзақ  аялдады    және  әскерлер  спиртті  ішімдіктерді  ішуге 
көптеп алды. 
Саудагерлер 
жеке 
сауда 
құрылыстарын 
қазіргі 
татар 
слободкасында,  дәлірек  айтқанда,  ағайынды  Ғубайдуллиндер  тұрған 
бұрышта  жүргізді. Осы көшеге Подковырковтің үйі салынды, одан соң 
Дегтяревтің,  Петровтың,  Тухтиннің  және  Ғаббасовтың  сауда 
орындарының құрылыстары жүргізілді. (9) 
Сол жылы 3 лавка іске қосылып, 1870 жылы сауда  лавкаларының 
(сөрелерінің)    саны  тағы  да  үшке  өсіп,  алтыға  жетті.  Алғашқы  кезде 
сауда  айырбас  түрінде  жүргізілді,  өйткені  жергілікті  қазақтарда  ақша 
болмады,  кейбір  қазақтардың  қолындағы  бұқар  монеталары  қала 
саудасына жарамады. (10) 
Ақтөбе  уезінің  территориясынан  Ресейден  Түркістан,  Орта  Азия 
хандықтарына және осы оңтүстік өлкелерден Ресейге сауда  керуендері 
мен көлік жолдары өтеді. 
Тасымал  жұмыстары  негізінен    жергілікті  қазақтардың  күшімен 
жүргізіліп, керуен тасыған қазақтар өздерінің  түйелерінің қызметі үшін 
белгілі бір дәрежеде табыс тауып отырды. Сауданың осы түрі біртіндеп 

 
103 
жергілікті  жерде  көшпенді  халыққа  қолайлы  уақыттарда  жәрмеңкелік 
сауданың  қалыптасуына  өзінің  әсерін  тигізді.  Жәрмеңкелік  сауданы 
ұйымдастыруда Ақтөбе бекінісінде алғашқы кезден бастап қалыптасқан 
жеті сайын өткізілетін жергілікті базарлардың да ықпалы мол болды. 
Торғай облысы бойынша Ақтөбеде жәрмеңке өткізуге  1870 жылы 
рұхсат  етілді, бірақ іс жүзінде Ақтөбе жәрмеңкесі тек қана 1895 жылдан 
бастап кеңінен  өткізіле бастады.(11) 
Ақтөбе  уезімен  көршілес  Қостанайда  Покров  (қазақ  боқырау  деп 
атайды – Б.Қ.) күзгі жәрмеңке 1886 жылдан, 1893 жылы рұхсат етілген 
Петров    жәрмеңкесі  1894  жылдан  бастап  өткізілді,  ал  1896  жылдан 
бастап Ырғызда көктемгі    жәрмеңке  өткізіліп тұрды. (13) 
1870  жылы  19  қарашада  өткізу  ережесі  бекітілген  Ақтөбе  
жәрмеңексінің товар айналымы  жыл сайын жақсы қарқынмен  дамыды. 
Ақтөбе  жәрмеңкесіне  әкелінген  товар  мөлшері  жылдан-жылға  арта 
түсіп,  оның  мөлшері  жәрмеңке  ашылғаннан  бастап  1871-1875  жылдар 
арасында мынадай болды: (14) 
 
Жылдар 
1871 
1872 
1873 
1874 
1875 
Әкелінген 
товар 
мөлшері 
(рубль) 
11700 
27420 
14542 
30390 
28430 
Сөйтіп Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған товар мөлшері 1875 жылы 
1871 жылмен салыстырғанда 2-2,5 есе артты. 
1876-1880    жылдар  аралығында  Ақтөбе  жәрмеңкесінің  өткізілетін 
мерзімі  «Орынбор  айырбас  алаңындағы  жәрмеңке  уақытымен  сәйкес 
келіп,  жіргілікті  қазақтардың  өз  малдарымен  үнемі  Орынборға  өтіп 
кетуіне байланысты» Ақтөбе жәрмеңкесі 5 жыл бойы өтпей қалды. 
Кейінірек Орынбор әкімшілігі Ақтөбелік жергілікті саудагерлердің 
өтінішін  ескеріп,  жәрмеңкелердің  өткізу  мерзімін  қайта  қарап 
өзгертуінен  соң,  Ақтөбе  жәрмеңкесі  15  қыркүйек  пен  15  қазан 
аралығында өткізілетін болды.  (15) 
Ақтөбе  жәрмеңкесінде  сатылған  малды  Ресей  көпестері 
қазақтардан  арзан  бағаға  алып,  қымбатына  сатуға  Орынбор,  Орск 
(Жамақала) және Самараға айдатқан. 
1878 жылдан бастап Ақтөбе бекінісінде базар алаңында 2 апталық  
кішігірім жәрмеңкелер қала іргесіндегі төбенің солтүстік жақ етегіндегі 
саудагерлердің дүкендерінің жанында өткізілді. 1891 жылы 23 наурызда 
Ақтөбе  бекінісінің  қала  статусын  алуына  байланысты  жәрмеңке  
өткізетін алаң да өзгерді. Жаңа жәрмеңке алаңы қаланың солтүстік жақ 
сыртында  3  шақырым  жерде  Қарғалы  өзенінің  оң  жағындағы  арғы  
бетте өткізілетін болды. Тең төрт  бұрышты сауда  алаңында бір қатарға 
ағаштан  және  кірпіштен  сауда  дүкендері  салынды.  Жәрмеңкеге  мал 

 
104 
айдап келген көшпенді қазақтарға жәрмеңке  алаңының барлық  жағына 
еркін  орналаса  алатын  мүмкіндік  жасалынып,  олардың  малдарына  кең 
өріс,  жайылым  және  Қарғалы,  Терісбұтақ  өзендеріне  мал  суаруға  
қолайлы  жағдай  туғызылды.  Жәрмеңке  алғашқыда  жылына  көктемде, 
күзде  2  рет,  кейінірек  желтоқсан  айында  да  өткізіліп  жәрмеңке  саны  
үшке  жеткізілді.  Бұрынғы  бекіністің  қалаға  айналуына  байланысты 
жәрмеңке  алаңының  көлемі,  жәрмеңке  өткізу  мерзімі  артты,  күзгі 
жәрмеңке    қыркүйек    жәрмеңкесі    деп  аталып,  үшінші  жәрмеңке 
«Қасиетті  үштік»      мейрамының  алғашқы  күні    басталады.  Кейінірек 
жәрмеңке  өткізілетін  мерзім  тұрақтанып  көктемгі  жәрмеңке    15 
ақпаннан  1  наурыз  арасында,  күзгі  жәрмеңке  1-30  қыркүйек  
аралығында  және  қысқы  жәрмеңке  бір  жетілік  (10-20  желтоқсан 
арасында)  уақытта  өткізілді. Жәрмеңкеде мал және мал өнімдері, астық 
және астық өнімдері, Орта Азия товарлары (шапан, көрпе, кілем, жібек, 
қағаз, кептірілген жеміс-жидек), Ресей товарлары (былғары бұйымдары, 
темір, мата, бакалея, галантерея т.б.) сатылды.(16) 
Ақтөбе  қаласында  1870  жылы  ашылған  30  күндік  (1  айлық) 
жәрмеңке  (15  шілде-15  тамыз)  Торғай  облысының  әскери 
губернаторының  1880  жылғы  15  наурыз  №  1072  жарлығымен  15 
қыркүйек – 15 қазан аралығында өткізілетін болып өзгертілді. (17) 
Ақтөбедегі  алғашқы  тұрақты  сауда  орындарының  иелері  негізінен 
орыстар  мен  татарлар  ғана  болды.  Тұрақты  лавка  иелерінің  ішінде  13 
орыс, 8 татар болды.  Сауда ісімен  айналысып тез арада көп  байлыққа 
кенеліп  жылдық  товар  айналымын  П.Шибаев  40  мың  рубльге, 
М.Габбасов 30 мың рубльге, И.Осидков және Е.Тухтин 20 мың рубльге 
жеткізді. 
Қалада П.Шибаев фирмасы Рейн погребінен арақ-шарап сату ісімен 
айналысты.  1897-жылдан  бастап  Ақтөбеде  Даниил  Мелихов  сыра  сата 
бастады. (18) 
Саудагерлер Е.Тухтин, П.Шибаев өте табысты сауда жүргізіп, әрбір 
100 рубльден 10% өсім алды. (19) 
Ақтөбе    бекініс-қаласындағы  ұсақ  сауда  орындары    уақыт  өткен 
сайын  ірі сауда орталығына  айналды,  сонымен бірге  қала  тұрғындары 
және  көршілес  қазақ  ауылдарының  мұқтаждығы  үшін  жәрмеңкелер 
ұйымдастырылды. 
Ақтөбе уезіндегі сауда орындарының және товар айналымының өсу 
динамикасын мына кестеден (таблица) көруге болады. (20) 
 
Рет саны 
Жылдар 
Сауда 
орындарының  
саны 
Товар 
айналымының 
мөлшері 
(мың. руб.) 
1.
 
 
1884 
 
71 000 

 
105 
2.
 
 
1885 

157  000 
3.
 
 
1886 

288 961 
4.
 
 
1887 
10 
170 000 
5.
 
 
1888 
18 
170 000 
6.
 
 
1889 
18 
140 000 
7.
 
 
1890 
18 
115 000 
8.
 
 
1893 
20 
200 000 
9.
 
 
1894 
20 
200 000 
10.
 
 
1895 
28 
380 000 
11.
 
 
1896 
28 
300 000 
12.
 
 
1899 
37 
400 000 
13.
 
 
1900 
46 
700 000 
14.
 
 
1901 
54 
800 000 
15.
 
 
1902 
90 
800 000 
16.
 
 
1903 
106 
800 000 
17.
 
 
1904 
184 
800 000 
18.
 
 
1907 
219 
1 800 000 
19.
 
 
1908 
226 
33 977 000 
20.
 
 
1915 
604 
 
 
Ақтөбе уезінің қазақтары Орынбор, Жаманқала (Орск) қалаларында 
да сауда жасады.  
1891 жылы  Ақтөбе уезінің  қазақтары Орынбор айырбас сарайында 
1741 түйе, 5128 жылқы, 3811 ірі қара, 5213 қой, 894 ешкі сатып, сауда 
айналымы 114366 рубльге жеткен.  (21) 
Орынбор  айырбас  сарайында  Ақтөбе  уезінің  қазақтарының  сауда 
жасауына  осындағы  жәрмеңкеде  базарбасы  болып  жұмыс  атқарған 
Бөрте  болысының  биі  Меңдіғұл  Ешмұхамбетов  өзінің  көп  көмегін 
тигізген.  Ол  орысша  және  қазақша  жақсы  білетін  болғандықтан 
саудагерлер  мен  сатып  алушылардың  арасындағы  таласты  өте  шебер 
шешіп,  орыстар  мен  қазақтарды  өзара  сауда  ісінде  тиімді  келісімге 
келтіріп отырған.   (22) 
1892  жылы  Ақтөбе  уезінде  18  сауда  орындары  жұмыс  жасады, 
олардың жалпы сауда айналымы 120 мың рубльге жетті. (23) 
1892  жылы  Ақтөбе  жәрмеңкесінің  қасынан  мал  соятын  орын 
ашылып,  ол  саудагерлер  М.Габбасов  пен  Бойченконың  меншігінде 
болды. (24) 
1893  жылы  Ақтөбе  қаласы  мен  Ақтөбе  уезінде  сауда  жасау  үшін 
120  сауда  құжаттары  таратылды.  Осы  жылы  сауда  жасау  үшін  2 
гильдиялық  12  көпес,  1  және  2  гильдиялық  көпестердің  23 
приказчиктері, ұсақ саудамен айналысатын 30 шаруа, қазақ ауылдарын 
аралап сауда жасайтын 60 адам сауда жасау құқығына ие болды. (25) 

 
106 
Ақтөбе  уезінде  сауда-саттық  жұмыстары  Ақтөбе  қаласында, 
Бердянск  және  Томар  Өткелде  ақшаға  жүргізілді,  ал  көшпенді  қазақ 
ауылдарындағы  сауда  мал  және  мал  өнімдеріне  айырбас    түрінде 
өткізілді. Ақтөбе уезінінің  территориясында сауда жұмыстарын жүргізу 
үшін  жергілікті  басқару  орындары  саудамен  айналысатын  адамдарға 
арнайы құжаттар беріп отырды. 1894 жылы Ақтөбе уезі бойынша сауда 
және  өндіріспен  айналысу  үшін  рұхсат  қағаздарын  алған  кәсіпкерлер 
саны туралы мәлімет. (26) 
 
Құжаттар түрі 
1-жылға 
(адам саны) 
жарты жылға 
(адам саны) 
1. Сауда жасауға берілген куәліктер 
 
 
                 2-гилдия  Ү-класс куәліігі 
12 

                 Ү-кластың ұсақ сауда 


                 тасымал сауда 
59 

                 приказчиктер  1-класс 


                                           2-класс 
22 

                 Билеттер  1-гилдия Ү класс 


                                   2-гилдия Ү класс 


                                   Ү класс ұсақ сауда 


П. Өндірістік куәліктер  
 
 
                                   1-разряд Ү класс       


                                   2-разряд Ү класс 


                                   3-разряд  Ү класс 


Ш. Темекі сату патенті 


                                    Барлығы 
101 
14 
 
Ақтөбе уезі бойынша жергілікті басқару орындарынан  1894-жылы 
101  адам  1  жылға,  14  адам  жарты  жылға  саудамен  айналысуға 
мүмкіндік беретін құжаттар сатып алды. Осы жылы уездегі тұрақты 20 
сауда орындарының жылдық  товар  айналымы  200 мың сомға (рубль) 
жетті. (27) 
1895-жылы 
Ақтөбе  уезі  бойынша  сауда  және  өндірістік  
кәсіпкершілікпен  айналысу  үшін 1 жылдық  мерзімге  232 адам 2 680 
сомға,  жарты  жылдық  мерзімге  21  адам  110  сомға  рұхсат  беретін  
құжаттар    сатып  алды.  Сөйтіп  саудагер-кәсіпкерлер  саны  253  адамға 
жетіп,  олардың  саны  1894  жылмен  салыстырғанда  2  еседей  өсті.  1895 
жылы  жалпы  Торғай  облысы  бойынша  1626  адам  1  жылдық,  146  адам 
жарты жылдық рұхсат қағаздарын алған болатын. (Барлығы 1472 адам). 
1895-жылы  Ақтөбе  уезіндегі  28  сауда  орындарының  товар  айналымы 
380 мың сомға жетті, сөйтіп жылдық өсім 180 мың рубльге ұлғайды.(28)  
Салыстырмалы  түрде  қарастырсақ  1895-жылы  көршілес  Ырғыз 
уезінде  сауда-саттық  жұмыстарымен  айналысуға  мүмкіндік  беретін 

 
107 
рұхсат  қағаздарды  297  адам  алған.  Олардың  ішінде  269  адам  рұхсат  
қағазды 1 жылға, 28 адам жарты жылға иеленді. Алған құжаттары үшін 
Ырғыздық  саудагерлер  жергілікті  билік  орындарына  4575  рубль 
төлеген.(29) 
Сауда  жүргізуге  қажетті  құжатқа  ие  болған  Ақтөбелік  253 
саудагерлердің  саны  көршілес    Қостанай    уезіндегі  саудамен 
айналысатын әріптестерінен әлде қайда аз болды. 1895 жылы саудамен 
айналысуға  қажетті  құжатты    Қостанайлық  1087  адам  алған 
болатын.(30) 
1895-жылғы  ішкі  сауданың  даму  мәселесін  талқылап  Торғай 
облыстық  әкімшілігі  төмендегідей    мәселелерге  назар  аударды:  1) 
Торғай  облысында  жәрмеңке  саудасын  реттеу.  2)  Жол  қатынастарын  
жақсартып,  саудагерлердің  көшпенді  қазақ    ауылдарымен  сауда  жасау 
ісін    жеңілдету.  Осы  мақсаттарды    жүзеге  асыру  үшін  Қостанайда  29-
маусым  –  5-шілде  аралығында  өткізілетін  екінші  петров  жәрмеңкесін 
белгілеп,  оның  жұмысын  қамтамасыз  ету  шарасы  алынды.  Сонымен 
бірге  Ақтөбе,  Ырғыз  және  Торғай  уездерінің  бастықтарына  жергілікті 
сауда  істерін  реттеу  жұмыстары  тапсырылып,  осы  жылы  15-22  мамыр  
аралығында Ырғыз  жәрмеңкесін өткізуге рұхсат етілді. 
Облыстың    әкімшілік  уезд  бастықтарына  барлық  қазақ  болыстары 
арқылы өтетін земстволық тракт (жол) сметасын жасау ісін қолға алуды 
тапсырып,  осы  бағыттарда  земстволық  почта  қатынасын  жақсартып 
болыстықтардан    кемінде  жетісіне  1  рет  корреспонденция    тапсырып,  
қабылдау ісін жүзеге асыру талап етілді. Осы  шұғыл  шаралар Торғай 
облысында, оның  ішінде Ақтөбе уезінде де сауда ісінің  дамуына өзінің 
игі ықпалын тигізді. 
1895 жылы Ресей ішкі істер және қаржы Министрліктерінің рұхсатымен 
Ақтөбе  жәрмеңкесі  15-қыркүйектен  1-қыркүйекке  ауыстырылып,  бұл  мерзім 
жәрмеңкеге  қатынасушылардың мүддесіне сай келді. (31) 
1895-жылы  Ақтөбеде  өткізілген  жәрмеңкеде  сатылған  тірі  малдың 
бағасы мынадай болды: (32) 
 
рет саны 
малдың түрі 
мал бағасы  сом   (рубль) 

ірі қара мал 
25 сом 

қой 
5 сом 

ешкі 
2 сом 

түйе 
40 сом 

жылқы 
25 сом 
 
  Жәрмеңкеде сатылған мал өнімдерінің бағасы: 
 
Рет саны 
өнім түрі 
Бағасы (рубль) 
 
(жүн) түйе жүні (пұт) 
4 сом 

 
108 

қой жүні 
3 сом 

ешкі жүні 
2 сом 

ешкі түбіті 
16 сом 

жылқының құйрығы мен жалы 
12 сом 

(Май)                    ірі қара 
3 сом 

қой 
3 сом 

Мал терісі  (1 дана) 
3 сом 

жылқы терісі 
2 сом 50 тиын 

түйе  терісі 
4 сом 
10 
қой  терісі 
25 тиын 
11 
ешкі терісі 
60 тиын 
12 
Киіз (ені 2 аршын) 
1 сом 
13 
Армячина 
2 сом 50 тиын 
 
1895-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінің товар айналымы туралы мәлімет: (33) 
 
№ 
сауда заттары 
жәрмеңкеге  
әкелінгені 
(сом) 
сатылғаны 
(сом) 

Азия товарлары 
5 010 
1 900 

Ресей товарларыы 
 
 
а) 
мануфактура, бакалея 
61 240 
42 000 
в)  тері, темір 
2 750 
2 750 
в)  жаға, тон, байпақ 
5 250 
5 000 
г) 
ұсақ-түйек заттар 
7 350 
4 670 

Мал,  егін  шаруашылығы,  қол 
өнері 
 
 
 
тірі мал 
93 457 
49 625 
 
мал өнімдері 


 
нан, ұн, түрлі жармалар 
3 223 
3 050 
 
орман (ағаш) материалдары 
1 750 
1 525 
 
қол өнеркәсібі, ұсақ өндіріс 


 
Барлығы 
180030 
110600 
 
Ақтөбе  жәрмеңкесіне  1895  жылы  15  қыркүйек  пен  15  қазан 
аралығында 180 030  рубль 30 тиын тұратын товарлар әкелініп, 110 611 
рубль 45 тиынға сатылады. (34) 
 
 
Саудағы түскен заттардың  
атауы 
Әкелінгені 
 (рубль, коп.) 
Сатылғаны 
(рубль, коп.) 

Мануфактура 
66250 
43900 

Ұсақ товарлар 
7350 
4760 

 
109 

Дәнді дақылдар (астық) 
2848 р.30к. 
2676р.45к. 

Юфтілік қара товарлар 
2750 
2750 

Тері 
5250 
5000 

Ағаш материалдар 
1750 
1525 

Мал 
93457 
49625 

Пісірілген нан 
375 
357 
 
                   Барлығы 
180030 р.30к. 
110611р.45к. 
   
Жәрмеңкеге  әкелінген    және  сатылған  товарлардың    жартысына 
жуығы  мал  және  мал  өнімдері  болды.  осы  жәрмеңкеде    49625  рубльге 
мал, 5000 рубльге түрлі тері сатылды. Сатылған малдың ішінде 1237 бас 
ірі қара, ұсақ мүйізді мал 2973 бас, ешкі 127 бас, жылқы 149 бас, түйе 16 
бас болды. 
Жәрмеңкеге  саудагерлер  8138  пұт  астық  әкеліп,  7647  пұт  астық 
сатылған. (34) 
Жәрмеңкеге  келген  саудагерлерге  берілген    сауда  орындары  үшін 
қала  қазынасына 91 рубль 85 тиын  түсті. (35) 
1896 жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде 67 760 сомға ірі қара мал, 15 345 
қой  мен  ешкі  сатылды.  Осы  жылғы  жәрмеңкеде  жалпы  құны    148  815 
егін,  мал  шаруашылығы  өнімдері  мен  қолөнер  кәсібінің    бұйымдары 
өткізілді. 
1896 жылы Ақтөбе уезі бойынша 346 адам 1 жылға, 32 адам жарты 
жылға  сауда  жасау  үшін  рұхсат  қағаздарын  алып,  олар  қазынаға  3  769 
рубль төледі.(36) 
1896  жылы  1  қыркүйектен  1  қазан  аралығында  өткізілген  Ақтөбе 
жәрмеңкесінде  барлығы  166  лавка  жұмыс  жасады.  Мануфактура 
товарларын  сататын  57,  түрлі  ұсақ  товарлар  сататын  20,  жәрмеңкеге 
келгендер  тамақтанатын  3  асхана  ағаштан  салынған  болса,  2  асхана 
саман кірпіштен салынды. Сонымен қатар мануфактура сататын 16, ұсақ 
заттар сататын 12, тігіншілер  үшін 14, ұсталар үшін 5, қымыз сататын 
7, басқа түрлі шикі заттар сатуға 6 ағаш үйлер, барлығы 84 ағаш (киіз) 
үйлер тігілді. (37) 
1896 жылы Ақтөбе уезінде сауда ісімен айналысу үшін 1 - гильдия 
бойынша – 1345,  2  – гильдия бойынша 378, 3  –гильдия бойынша 780, 
ұсақ  сауда  жасау  үшін  –  261,  ауылдарға  апарып  товар  сату  үшін  –  63 
куәлік сатылған.  (38) 
1896  жылы  жәрмеңке  тұсында  29,  1897  жылғы  жәрмеңкеде  –  33 
асхана  қазақтардың  иелігінде  болды.  Қазақ  асханаларында  жәрмеңкеге 
келген  саудагерлер  мен  сатып  алушыларға  шәй,  қымыз,  қуырдақ  және 
піскен ет дайындалып сатылды.   (39) 
Осы жылғы жәрмеңкеде 14 іс тігетін, шеберхана, 5 ұстахана жұмыс 
жасады. Ақтөбе жәрмеңкесіне шеберлер әдейілеп Орынбор, Жаманқала 
және Темір қалаларынан келді. 

 
110 
Келесі 1897 жылы жәрмеңкеде жұмыс жасаған ұстаханалар 2,5 есе 
көбейді,  олардың  саны  11-ге  жетті.  Осы  ұстаханалардың  ішінде  7 
ұстахана  қазақтардың  иелігінде  болды,  2  ұстахана  Орынбор 
татарларының,  2  ұстахана  Жаманқаладан  келген  орыстардың 
меншігінде жұмыс жасады. (40) 
1897    жылдың  1  қыркүйегімен  1  қазан  аралығында  өткізілген 
жәрмеңке  Жақсы  Қарғалы  бойында  бұрынғы  жәрмеңке  алаңынан  1,5-2 
шақырым (верст)  жерде өткізіле бастады. 
Жәрмеңке  әр  жағы  223  сажыннан  тұратын,  барлығы  892  сажын 
құрайтын,  ауданы  4967  шаршы  сажыннан  тұратын  тік  төрт  бұрышты 
алаңға орналасты. 
Жәрмеңкеде сауда қатарлары сатылатын товарлардың түріне сәйкес 
орналасты.  Жәрмеңкенің  оңтүстік-батыс  жағында  мануфактуралық 
товарлар  сатылды.  Оңтүстік-шығыс  сауда  қатарларында  тұрмысқа 
қажетті  әр  түрлі  ұсақ  бұйымдар  сататын  саудагерлер  орналасты. 
Солтүстік  шығыс  қатарға  түрлі  тағам  сататын  асханалар    орын  тепті. 
Солтүстік  батыста  ұста,  тігінші,  т.б.  кәсіпшілер  өз  шеберханаларын 
ашты. (41) 
Торғай  облысы  бастығының  рухсатымен  1897-жылы  Ақтөбе 
бекінісінде апта сайын базар ұйымдастырылды. Ақтөбе уезінің бастығы 
(начальнигі)    Краснокутскийдің  шешіміне    сәйкес  6  лавка  жаңа  базар 
алаңына көшірілді. (42) 
Осы  жылы  базар  алаңына  қарсы  көшеге  3  көпес  әдемі  түрғын  
үйлер салып, үй жанынан сауда лавкаларын ашты. (43) 
Жаңа  жағдайға  бейімделген  саудагерлер  Ақтөбеде    тұрақты  сауда 
жасау үшін сауда лавкаларының  санын өсіруге тырысты. 
  Ақтөбеде жаңадан  ашылған  сауда лавкалар саны: (44) 
  1889 – 2 лавка 
1892 – 1 лавка 
1893 – 4 лавка 
1894 – 2 лавка 
1895 – 2 лавка 
1896 – 6 лавка 
1897 – 4 лавка 
Барлығы – 25 лавка 
1897 жылы  жәрмеңкеден  түскен  табыс салығынан  қала бюджетіне 
1200  рубль  құрады.  Сондықтан  қала  әкімшілігі  сауда  қатынастарының 
дамуына қолайлы жағдай туғызуға тырысты. (45) 
Торғай    облыстық  басқармасының  жарлығымен  Ақтөбеде  1887 
жылдан  аптасына  1  рет  өткізілетін  сауда  базары,  1896  жылдан  бастап 
аптасына    жұма,  сенбі  күндері  екі  рет  өткізіле  бастады.  (46)    Қала 
халқының қажеттілігін өтеу үшін Ақтөбеде 5 ет лавкасы ашылып, оның 
екеуі базарда, үшеуі үй жанында жұмыс жасады. Күнделікті ет сатумен 

 
111 
Орынбор  көпесінің  сенімді  өкілі  Семинихин,  татар    саудагер 
Ибрагимов, Орынбор көпесі Ғабитовтың сенімді өкілдері Құдайбердиев, 
Құрбанғалиев  және  Ақтөбелік  көпес  Самархан  Жетехановтар 
айналысты. (47) 
Ақтөбеде біртіндеп  тұрақты саудамен айналысатын ұсақ кәсіпкер-
саудагерлер қалыптаса бастады. 
Ақтөбеде  1897-жылы  21  саудагер  тұрақты  жұмыс  жасайтын 
лавкалар ашып сауда кәсібімен айналысты. (48) 
 
 
Саудагердің аты-жөні  лавкалар саны 
жылдық товар 
айналымы 

Подковырков Андрей 

7500 руб. 

Габбасов Шингерей 

6000 руб. 

Усманов Ували 

3000 руб. 

Забиров Фаткулла 

5000 руб. 

Устинов Тихон 

1200 руб. 

Бойков Савелий 

500 руб. 

Михайлов Григорий 

5000 руб. 

Гаврилов Николай 

5000 руб. 

Габитов Сибагатулла 

20 000 руб. 
10 
Бойнов Иван 

1-жыл 
11 
Гаврилов Александр 

1-жыл 
12 
Огидков Иван 

20 000 руб. 
13 
Худайбердиев 
Сетулла 

10 000 руб. 
14 
Секалиев Гатаулла 

15 000 руб. 
15 
Гаврилов Андрей 

2000 руб. 
16 
Кеткачев Федор 

1-жыл 
17 
Габбасов Мурзакай 

30 000 руб. 
18 
Забиров Фаткулл 

500 руб. 
19 
Тухтин Емельян 

20 000 руб. 
20 
Латипов Нуритдин 

800 руб. 
21 
Шибаев Павел 

40 000 руб. 
 
1898  жылы  Ақтөбе  жәрмеңкесіне  мануфактура,  бакалея,  темір  
бұйымдары  мен  бұқар  товарлары  Орынбор,  Орск  (Жаманқала),  Темір 
және  Ақтөбеден  әкелінді.  Осы  жылы  жәрмеңкеге    қатынасқан  61 
саудагер 184 359 рубль тұратын товар әкеліп, 126 579 рубльдің заттары 
сатылды.  Жәрмеңкеге    әкелінген  ағаш  Орскі    уезінен  әкелінсе,  астық 
(тары,  сұлы),  нан  өнімдері  Ақтөбе  мен  іргелес  ауылдардан  жеткізілді. 
(49) 

 
112 
1898-жылғы  Ақтөбе  жәрмеңкесінде  7559    бас  мал,  17761  дана  мал 
және  аң  терілері  493  пұт  жүн  сатылып,  олардың  жалпы  бағасы  99178 
рубль  болды.  Мал  және  мал  өнімдері  Орал  облысының  Темір  уезінен 
Торғай  облысының  Ырғыз  және  Ақтөбе  уездерінен  әкелініп,  Орынбор 
және Орск  қалаларына жіберілді. Сатып алынған малдың 98% Орынбор 
қаласына айдалды. (50) 
Жәрмеңкеде  27040  пұт  астық,  оның  ішінде  8000  пұт  бидай,  5160 
пұт сұлы, 9280 пұт  тары және 4000 пұт ұн сатылды. (51) 
1898-жылғы  Ақтөбе жәрмеңкесінде 2314 бас ірі қара орта есеппен 
25  рубльге  сатылып,  56850  рубль  жиналды.  Сондай-ақ  жәрмеңкеде  4 
рубльден  4577  қой  18307  рубльге  сатылды.  Саудаға  шығарылған  
жылқы мен түйенің бағасы бірдей 30 рубль болды. Жәрмеңкеде 30 түйе 
960 рубльге, 229 жылқы 6870 рубльге сатылды. (52) 
1898  жылы  жәрмеңкеде  сауда  жасаған  2-гилдия  саудагерлері  мен 
ұсақ  кәсіпкерлерден  және  1-2  класты  приказчиктерден  қазыналық 
пошлина,  земство  және  қалалық  төлемдер  үшін  994  рубль  50  тиын 
жиналды. (53) 
1899 жылы Ақтөбе  жәрмеңкесіндегі товар айналымы  262 078 сом 
құрады. Осы жылғы жәрмеңке  саудасының  өсуіне мынадай  себептер 
болды.  Бірінші:  жәрмеңке    басталғанға    дейін    қыстауға    көшетін  
көшпенді қазақтар үшін астық өнімдері алдын ала  дайындалды. Екінші:  
жәрмеңке  өткізілетін  мерзім  (1-30  қыркүйек  арасы)  Ақтөбе  уезінің 
қазақтарының  оңтүстікке  көшу  алдында  астық  өнімдерінен  басқа  
шаруашылыққа    қажетті    товарлар    қорын    жасайтын    кезге  сәйкес  
келеді. Үшінші: осы кезде көрші  өңірлерде жәрмеңкелердің өткізілмеуі 
әсер еткен болатын. 
1899-жылы    Ақтөбе  уезі  бойынша  сауда  жасау  үшін  қазынадан  3 
719 рубль 50 тиынға түрлі куәлік сатылды.(54) 
1899-жылы  Ақтөбе  жәрмеңкесінде  сатылған  товарлар  туралы 
мәлімет (55) 
 
Товарлардың атауы 
Саудагерлер  
саны 
Сатылған 
товар (рубль) 
Сатылған товар 
(пұт) 
Мануфактуралық 
43 
109500 
 
оның ішінде темір 
 
5000 
 
Тері 
19 
7700 
 
Бакалеялық 
31 
5700 
 
Бұхаралық 

3500 
 
Ағаш 
10 
3500 
 
Астық 
 
 
 
Бидай 
 
8200 
9000 
Сұлы 
 
2200 
3000 
Тары 
 
6000 
9000 

 
113 
Ұн 
 
6000 
6000 
Барлығы 
110 адам 
152300 рубль 
27000 пұт 
 
1899 жылы жәрмеңкеге Темір, Ырғыз, Ақтөбе уездерінен  әкелінген 
малды  сатып алған орыс көпестері Орынборға 1814 ірі  қара, 4416 ұсақ 
мал, 179 жылқы алып кетті. (56) 
1899  жылы  жәрмеңкеде  109778  рубль  17  тиынға  мал  және  мал 
өнімдері сатылды. Осы жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған мал және 
мал өнімдері туралы мәлімет: (57) 
 
Мал және мал өнімдері 
Сатылды 
бас 
дана 
пұт 
ірі қара мал 
2328 
 
 
қой 
4874 
 
 
ешкі 
341 
 
 
түйе 
76 
 
 
жылқы 
290 
 
 
ірі қара терісі 
 
563 
 
қой терісі 
 
14249 
 
ешкі терісі 
 
10150 
 
түйе терісі 
 
467 
 
жылқы терісі 
 
535 
 
кой жүні 
 
 
149 
түйе жүні 
 
 
85 пұт 85 фунт 
сало (май) 
 
 
11 
ішек 
 
1182 
 
Барлығы 
7909 
24146 
245 пұт 30 фунт 
 
1900-жылы  Ақтөбе уезінде  жалпы товар айналымы 700 000  рубль 
болып,  жәрмеңкедегі  товар  айналымы  326  386    рубль    құрады.  Осы 
жылы  саудагерлер    үшін  4  607  рубль  52  тиынға  рұхсат  куәліктер 
сатылды. 
1900-жылы  Ақтөбе  жәрмеңкесінде  99  саудагер  сауда  істерімен 
айналысқан болатын. (58) 
1900-жылы жәрмеңкеде сатылған товарлар туралы  мәлімет: (59) 
 
Товарлардың атауы 
Сатылды 
рубль 
пұт 
мануфактуралық 
118850 
 
тері бұйымдары 
6295 
 
бакалеялық тағамдар 
3415 
 
бұқар заттары 
3510 
 

 
114 
           ағаш 
4275 
 
          бидай 
2348 
4360 
          сұлы 
1125 
3207 
          тары 
951 
4037 
          ұн 
3948 
4935 
                   Барлығы 
144767 рубль 
16539 пұт 
   
1900-жылы  Ақтөбе  жәрмеңкесінде  сатылған  мал  саны  1899-
жылмен  салыстырғанда  бір  шама  артты.  Осы  жылы  3404  ірі  қара  35 
рубльден  119140  рубльге  сатылды.  Саудаға    түскен  әрбір  қойдың  
бағасы  5  рубль  болып,  4429  қой  22145  рубльге  өткізілді.  Әр  ешкі  3 
рубль  50  копеекке  бағаланып,  646  ешкі  2961  рубльге  сатылды.  1900-
жылы  сатылған  түйе  саны    былтырғымен  салыстырғанда  2  есе  кеміп  
кетті. Сөйтіп әр түйе 40 рубльден бағаланып, жәрмеңкеде 1080 рубльге 
27  түйе  сатылды.  1900-жылы  1899-жылмен  салыстырғанда  118  жылқы 
артық  сатылды.  Осы  жылы  35  рубльден  408  жылқы  сатылып,  14280 
рубльге бағаланды. (60) 
Жәрмеңкеде  сатылған  малдан  2497  ірі  қара,  4321  бас  қой,  408 
жылқы Орынборға  жіберілді. (61) 
1900-жылы Ақтөбе уезінде 46 сауда орындары жұмыс жасап, оның 
ішінде  41  лавка,  4  ішімдік  сататын  орындар,  1  сырахана  тұрғындарға 
қызмет  көрсетті.  Осы  жылы  уездік    және  басқа  қалалар  мен 
жәрмеңкелердегі сауда орындарының  товар айналымы  700 000 рубльге 
жетті. (62) Осы жылы өткізілген жәрмеңкедегі товар айналымы 326 386 
рубль  болып,  отырықшы  елді-мекендердегі  сауда  бойынша  товар 
айналымы    373  614  рубль  құрады.  1900-жылы  Ақтөбе    уезінің 
территориясында  түрлі  сауда  операциясын  жасау  үшін  4607  рубль  52 
тиынға түрлі құжаттар (куәліктер, билеттер, патенттер)  сатылды. (63) 
1900-жылы  Ақтөбе  уезі  бойынша  товар  айналымы  1884-жылмен 
салыстырғанда 71 мың сомнан 700 мың сомға жетіп, 10 есе өсті. Уездегі 
сауда  орындарының  саны  да  жедел  артты.  Егер  1894  жылы  Ақтөбе 
уезінің  территориясында  20  сауда  орындары  болса,  1900-жылы  сауда 
орындарының саны 46-ға жетіп, товар айналымы 200 мың рубльден 700 
мың рубльге жетті. 
Ақтөбе  жәрмеңке  комитеті  1901  жылы  30  қыркүйекте  Торғай 
облысының әскери губернаторынан 1902-жылдан бастап Ақтөбеде 1-15 
маусым  аралығында  екінші  жәрмеңке  ашуға  рұхсат  сұрап,  оған 
Орынбор  қазыналық  палатасының  меңгерушісі  «Ақтөбеде  2  апталық 
екінші жәрмеңке өткізуге өзінің қарсылық көрсетпейтінін»  хабарлаған. 
(64) 
Ақтөбеде  екінші  жәрмеңкенің  ашылуы  Темір,  Ойыл  жәрмеңкенің 
сауда  жұмысына  белгілі  бір  дәрежеде  залал  тигізеді  деген    қобалжуға 
қарамастан 1902-жылы Ақтөбеде 9-23 май аралығында екінші жәрмеңке 

 
115 
ашылып,  ол  туралы  Ресей  ішкі  істер  Министрлігіне  және  көршілес 
Орал, Сырдария облыстарына хабар берілген. (65) 
Ақтөбеде қосымша жәрмеңкенің маусым айында өткізілуін Ақтөбе 
жәрмеңке  комитетінің председателі подполковник Сухинь, саудагерлер 
Федор  Подковырков,  зауряд  хорунжий  Хұсайын  Арынғазиев,  Гимран 
Сагадиев  Иван  Тухтин  т.б.  қызу  қолдап,  осы  істің  жүзеге  асырылуына 
белсенділік көрсеткен. (66) 
Ақтөбеде  өткізілетін  жәрмеңкенің  1903  жылы  таза  сауда 
капиталының айналымы 262078 рубль болса, бұл  көрсеткіш 1907 жылы 
471026 рубль құрады. Жәрмеңкеде сатылатын мал бағасы үнемі өзгеріп 
отырды. Орта есеппен ірі қараның сатылу бағасы 12-60 рубль, қой мен 
ешкі  1-7  рубль,  сиыр  12-70  рубль,  түйе  15-70  рубль  болды.  Сонымен 
бірге мал және мал өнімдерінің бағасы да түрлі болды: (67) 
Түйе жүні – 3-5 рубль 
Ешкі түбіті – 10-14 рубль 
Тері -  2-5 рубль 
Жылқы қылы  - 8-6 рубль 
Текемет (киіз) – 90 тиын – 1 рубль 
Ақтөбе уезінде ХХ ғасырдың бас кезінде (1901-1904 жылдар) сауда 
орындары,  саудагерлер,  жалпы    жәрмеңкелік    сауда    айналымының   
даму  тенденциясын  мына кестеден  көруге болады: (68) 
 
рет 
саны 
жылдар 
сауда 
орындар-
ының саны 
жалпы товар 
айналымы  
(рубль) 
жәрмеңкедегі 
товар айналымы 
(сом) 
рұхсат 
қағаз 
(куәліктер 
т.б.) 
сатылады 
(рубль) 

1901 
54 
800 000 
258 136 
6 728 рубль 
98 тиын 

1902 
90 
800 000 
300 000  
5 132 рубль 
50 тиын 

1903 
106 
800 000 
224 731 
6 429 рубль 
50 тиын 

1904 
184 
800 000 
307 840 
 
    
Осы  төрт  жылда  ұсақ  сауда  орындарының  54-тен  184-ке  дейін 
өскеніне қарамастан, уезд бойынша жалпы товар айналымы тұрақталды. 
Сонымен  қатар  осы  жылдары  жәрмеңке  жылына    бір-ақ  рет  өткізіліп. 
жәрмеңкелік  товар  айналымы  1901-жылғы  258136  рубльге  қарағанда 
1904-жылы 307840 рубль болып, өсім  небәрі 49 704 рубль құрады. 
Осы жылдары жалпы сауда айналымы  тұрақтанып  800000 рубльге 
жетіп, бұл көрсеткіш Х1Х ғасырдың соңғы жылдарымен салыстырғанда 

 
116 
2  есе  артық  деңгейге  өсті.  Ақтөбе  уезі  бойынша  1899-жылы  жалпы 
товар айналымы 400000 рубль мөлшеріне жеткен болатын. 
Ақтөбе  уезінің  территориясында  Орқаш  көлінен  өндірілген  тұз 
Қостанай,  Орынбор,  Троицк  қалаларына  және  басқа  елді  мекендерге 
тасып жеткізілді. 
1903  жылы  Торғай  ауыл  шаруашылық  қоғамы  құрылды.  Осы 
қоғамның  құрылуына  Торғай  облыстық  ветеринарлық  (мал)  дәрігері 
И.Ф.Колесников  басшылық  жасады.  Қоғамның  басты  мақсаты  –  мал 
шаруашылығының  дамуын  дұрыс  жолға  қою,  ірі  қара  малдарды 
асылдандыру  болды.  Торғай  ауылшаруашылық  қоғамы  Москва 
ауылшаруашылық  қоғамымен  байланыс  жасап,  осы  қоғам  арқылы  етті 
бағыттағы  ірі  қара  үшін  асыл  тұқымды  бұқаларды  Торғай  облысына 
алдырып,  оларды  жергілікті  климатқа  бейімдеу  мақсатын  қойған 
болатын. 
Торғай  ауыл  шаруашылық  қоғамының  құрылтайшыларының 
қатарында Ақтөбе уезінің малы көп байлары 
1.
 
Беркімбаев Дербісәлі 
2.
 
Қосуақов Ақметкерей 
3.
 
Түлкібаев Әбіл 
4.
 
Ибрагимов Мәмбетжан 
5.
 
Кейкин Сабыр 
6.
 
Қойайдаров Мырзағұл 
7.
 
Наурызбаев Баймұхамед  т.б. болды.  
Ақтөбе  уезінің  ірі  байлары  Орынбор,  Орск,  Ойыл,  Ырғыз,  Ақтөбе 
жәрмеңкелеріне  мал  сату  арқылы  капитал  жинаған,  қазақ  қоғамының 
буржуазия өкілдері еді. (69) 
Ақтөбе  уезінің  қазақтары  сауда  жасаумен  қатар  саудагерлердің 
товарларын  тасу-  кіре  тарту  ісімен  де  шұғылданды.  Кірешілер  Орта 
Азия  саудагерлерінің  товарларын  Хиуа,    Бұқара  және  Ташкенттен 
Ақтөбе  уезінің  территориясы  арқылы  Орынборға  дейінгі  аралықта 
тасып пайда тапты. Сонымен қатар Тұзтөбенің тұзын Орынбор, Ақтөбе 
қалаларына жеткізді.  
ХХ-ғасырдың  басында  Торғай  облысында  өнеркәсіп  саласындағы 
оң өзгерістер Ақтөбе уезінде сауданың дамуына өзінің игі әсерін тигізді. 
Уезд  территориясында  тұрақты  сауда  Ақтөбе,  Илецкая    защита  (Елек 
қорғанысы)  Бердянск,  Томар  Өткел    елді  мекендерінде    өрістеді. 
Сонымен  қатар  Ақтөбе  уезінің  саудагерлері  Орск  (Жаманқала), 
Орынбор қалаларына барып сауда  жүргізді, осы қалалардан   Ақтөбеге 
саудагерлер мен көпестер көптеп келе басталады. Сауда  дүкендері мен 
лавкалардағы  сатылатын  негізгі    товарлар:  галантерея,  мануфактура, 
бакалея өнімдері және шаруашылық пен тұрмысқа қажетті темір құрал-
саймандар, әсемдік, әшекей  бұйымдар болды.  Жергілікті  қазақтар мал 
және мал өнімдерін көптеп өткізді. 

 
117 
1904 жылы 1-30 қыркүйек аралығында өткізілген күзгі жәрмеңкеде 
8480  бас  әр  түрлі  мал  95925  рубльге  сатылған.  Осы  малдан  тек  қана 
1556  бас  мал  (260  сиыр,  1209  қой,  81  ешкі)  ғана  Ақтөбеде  союға 
қалдырып,  қалған  6924  бас  мал  Орынбор,  Орск  және  Самараға 
жіберілген: (70) 
 
Қайда 
жіберілді 
Мал саны 
Сиыр 
Бұзау 
Жылқы 
Түйе 
Қой 
Ешкі 
Барлық 
мал 
саны 
Орынборға 
сатуға 
1908 

29 
 
2048 
560 
4727 
Ақтөбеге 
союға 
266 
 
 
 
1209 
81 
1556 
Орынбор 
губерниясына 
шаруашылық 
үшін 
175 
 
 
 
 
 
175 
Орскіге сатуға 
 
 
 
 
50 
175 
225 
Орынбор 
губерниясына 
семірту үшін 
 
 
 
 
1732 
 
1732 
Самараға 
сатуға 
 
 
 
65 
 
 
65 
 
2349 

209 
65 
5039 
816 
8480 
   
1904-жылға күзгі жәрмеңкеде 25316 дана әр түрлі мал терісі 26322 
рубль  70  тиынға  сатылған.  Сонымен  қатар  224  пұт  38  фунт  жүн  1163 
рубль  53  тиынға  өткізілді.  Осы  жылғы  жәрмеңкеде  сатылған  мал  және 
мал өнімдері бағасы 123413 рубль 23 тиынға жетті. (71) 
Самара-Златоуст темір жолының Орынбор тармағымен 1904-жылы 
6528257 пұт бидай шетке жіберіліп, 240 551 пұт бидай әкелінген. Торғай 
облысынан  астық  тасуға  оның  Ресейдің  өндірістік  аймақтарына  өте 
жақын  орналасқандығы  өз  әсерін  тигізді,  сонымен  қатар  Орынбор-
Ташкент  темір  жолының  іске  қосылуы  да  астық    тасудың  дамуына 
қолайлы жағдай жасады. 
1905 жылы Ақтөбе уезінен 1202 мың пұт астық сыртқа шығарылды, 
ал 1906 жылы – 2586 мың пұт астық шетке жіберілді. (72) 
1907  жылы  Ақтөбеде  өткізілген  күзгі  жәрмеңкеге  67  саудагер 
келген.  Олардың  ішінде  11  саудагер  Бұқар  бұйымдарын  сатумен 
айналысты.  Осы  жәрмеңкеге  36100  рубль  тұратын  Бұқар  товарлары 
әкелініп,  21775  рубльдің  бұйымдары  сатылды.  Осы  жәрмеңкеге  Қожа 
Ізбастиев  деген  саудагер  3000  рубль  тері  бұйымдарын  әкеліп,  оның  
жартысынан артығын (1600 рубль) сатқан. (73) 
1907  жылы  қала  басқармасы  шешімімен  қонақ  сарайы  салынып, 
онда  сауда  лавкалары  үшін  60  орын  бөлінді.  Лавкалардың  аралығы  2 

 
118 
сажень, ұзыны мен ені 9 сажень  болып, сауда алаңында 4 үлкен қойма 
салынған. (74) 
1907 жылы Ақтөбе  уезі бойынша 219 сауда орындарындағы товар 
айналымы  1800000  рубль  болды.  Осы  жылы  Ақтөбе  қаласы  мен  уезд 
территориясында  194  лавка,  13  ларек,  2  қазыналық  шарап  лавкасы,  1 
земство    погребі,  1  трактир,  8  сырахана  жұмыс  жасады.  1907  жылы 
Ақтөбе уезінде мал және мал өнімдерін  сату мөлшері мынадай болды: 
(75) 
 
Рет саны 
Сатылған мал және мал өнімдері 
Саны 

жылқы 
7 567 

мүйізді  ірі  қара 
18 290 

түйе 
1 709 

қой 
29 117 

ешкі 
7 972 

Барлығы 
64 655 

Мал сатудан түскен қаржы 
790 805 рубль 

Тері сатудан  түскен қаржы 
172 910 рубль 

Жүн сатудан түскен қаржы 
40 437 рубль 
1907-жылғы  күзде  өткізілген  Ақтөбе  жәрмеңкесінде  67  саудагер 
барлығы  346760  рубль  тұратын  товарлар  әкеліп,  191595  рубльдің 
товарларын жәрмеңкеге келген тұтынушыларға өткізген. (76) 
Ақтөбе  жәрмеңкесіне  келген  44  саудагер  мануфактуралық 
бұйымдармен  сауда  жасады.  Олар    жәрмеңкеге  296500  рубль  тұратын 
мануфактура  товарларын  әкеліп,  163240  рубльдің  мануфактура 
бұйымдарын сатқан. (77) 
Ақтөбе  жәрмеңкесінің    ұсақ  товарлар  сататын  қатарларында  10 
саудагер  2980  рубль  тұратын  әр    түрлі  бұйымдар  сатқан.  осы 
жәрмеңкенің  темір  бұйымдарын  сататын  қатарда  Анастасий  Савельев 
деген орыс саудагер 2000 рубль тұратын темір товарларын сатқан. (78) 
1908  жылы  Ақтөбе  жәрмеңкесінің  комитеті  жанында  қала 
бюджетінің  есебінен  аудармашы  қызметкері  енгізілді,  бұл  қызметті 
Ақтөбенің  2  кластық  орыс-қазақ  училищесінің  түлегі  Ермұхамбет 
Нұрмұхамбетов атқарды.  (79) 
1908-жылы Ақтөбеде өткізілген күзгі жәрмеңкеде 20632 рубль 12,5 
тиынға мал өнімдері өткізілді. Осы жәрмеңкеде 17318 тері 19941 рубль 
50 тиынға сатылды. Сонымен қатар 131 пұт 25 фунт жүн 500 рубль 25 
тиынға,  38  пұт  3  фунт  шыжғырылған  май  190  рубль  37,5  тиынға 
сатылды. (80) 
1908-жылы    Ақтөбе    уезіндегі    226  сауда    орындарының  товар 
айналымы  3397700  рубль  құрады.  Осы  жылы  өткен  1907  жылмен 
салыстырғанда  сатылған  мал  саны  арта  түсті.  Оны  мына  мәліметтен 
анық  көруге болады. (81) 

 
119 
 
рет саны 
сатылған мал және мал өнімдері 
саны 

жылқы 
10 608 

мүйізді ірі  қара 
22 424 

түйе 
1 761 

қой 
29 376 

ешкі 
5 359 

                               барлығы 
69 528 
 
1908  жылы  Ақтөбе  уезі  бойынша  сатылған  малдан  1425342  рубль 
табыс  түсті.  Сонымен  бірге  154409  рубльге  тері,  51918  рубльге  жүн 
сатылды. (82) 
Ақтөбе  уезінде  1907,  1908  жылдары  сатылған  мал  және  мал 
өнімдерінің қаржылай мөлшері мынадай (салыстырмалы  көрсеткіш): 
 
рет саны 
сатылған 
1907 ж. рубль 
1908 ж. рубль 



Мал сатудан түскен қаржы 
Тері  сатудан түскен қаржы 
Жүн  сатудан түскен қаржы 
790 805 рубль 
172 910 рубль 
40 437 рубль 
1 425 342 рубль 
154 409 рубль 
51 918 рубль 
 
                                Барлығы 
 
 
1909  жылы  қала  басқармасының  ұсынысы  бойынша  Ақтөбеде  2 
апталық екінші жәрмеңке (15.02 – 1.03) өткізілді. Көктемгі жәрмеңкеде 
шаруашылық  қажеттілігіне  мал  сатып  алуға  өте  қолайлы  болды.  Осы 
жәрмеңкеде  Самара  губерниясынан  келген  миллионер  көпес 
П.И.Шихабалов  жүздеген  өгіз  сатып  алған.  Осы  өгіздер  негізінен 
көктемгі егіс жұмыстарына пайдаланылған.  (83) 
Ақтөбе  қаласы  ХХ  ғасырда  үлкен  сауда  орталығына  айналды. 
Сөйтіп  қала  басшылығы  Торғай  облысының  әскери  губернаторы 
И.Страховскийге  қалалық қоғамдық банктің несиелік негізін салу үшін 
10  мың  рубль  бөлуін  сұрап  өтініш  жасады.  Осы  оқиға  туралы 
«Тургайская  газета»  былай  деп  жазған  болатын:  «қалада    несие  қорын 
ашу  арқылы  қала  басқармасы  мәселенің  түбіне  көз  салды,  яғни 
саудагерлер класына және егіншілерге көмек қолын созды».  (84) 
Ақтөбе  қаласында  қоғамдық  банк  1910  жылы  10  қарашада  өз 
жұмысын  бастады.  Бұл  шараға  Торғай  облысының  вице-губернаторы 
А.А.Ващенко  қатынасып,  өз  сөзінде:  «банктің  клиенттерге    (несие 
алушыларға) қатынасы объективті болуын, кедеңсіздіктерді болдырмау 
қажеттігін» атап көрсетті.  (85) 
Ақтөбе  қалалық  басқармасы  банк  меңгерушісі  қызметіне 
Ф.А.Мещеряковті  сайлады.  Оның  орынбасарлары  Ф.П.Шульгин, 
Г.А.Фадеев,  кандидаттар  болып  Н.П.Пестов,  С.Г.Алюков  сайланды. 
Есеп  комитеті  мүшелері  болып  А.Е.Елисеев,  А.И.Арышев,  Г.Г.Гайнов, 
М.И.Далатказиев, А.Н.Авилов тіркелді.  (86) 

 
120 
Ақтөбе  банкісінің  меңгерушісі  Ф.А.Мещеряков  өз  кезегінде 
жұртшылықты:  «Ақтөбе  банк  коммерциялық  мақсат  емес,  саудагерлер 
мен  басқа  өз  ісін  жақсартуды  тілейтіндерге  көмек  көрсету  үшін 
ашылды» деп сендірді. (87) 
1911-жылы  8  қыркүйекте  Ақтөбе  жәрмеңкесі  ашылып,  жәрмеңке 
комитетінің  баяндауынша  қазақтардың  ораза  айы  аяқталмағанына 
байланысты  жәрмеңкеге  адам  аз  жиналған.    (88)  Мануфактура,  темір 
және  жеміс-жидек  сататын  20  лавка  жұмыс  жасап,  әртүрлі  асхана, 
шәйхана  және  тігін  шеберханалары  үшін  қазақтар  50  ағаш  (киіз)  үй 
тіккен. Осы жәрмеңкеде күніне 2 мың пұттан астам ұн сатылған. (89) 
Ақтөбе 
уезінің 
территориясында 
1911-жылы 
Ақбұлақ 
поселкасында  жәрмеңке  ашылды.  Бұл  жәрмеңкенің  осы  жылғы  товар 
айналымы 80 мың болды. 
Ақбұлақ жәрмеңкесіне әкелініп сатылған товарлар туралы мәлімет: (90) 
 
 Мал және мал өнімдері 
Әкелінген 
Сатылған 
орташа бағасы 
(рубль) 
жылқы 
602 
415 
35 
өгіз 
3486 
440 
40 
сиыр 
2827 
363 
25 
баспақ, қашар 
1043 
267 
12 
бұзау 
132 
22 
2р. 50 тиын 
түйе 
725 
158 
50 
қой 
16608 
5141 

ешкі 
324 
156 

жылқы терісі 
124 
124 

сиыр терісі 
98 
98 

қой терісі 
1380 
1380 
70 тиын 
ешкі терісі 
540 
540 

Осы  жәрмеңкеде  76829  рубльге  мал,  2492  рубльге  мал  өнімдері, 
барлығы 79321  рубльге  мал және мал өнімдері сатылған. (91) 
1915-жылы  Ақтөбе  уезінде  қалалық    және  отырықшы    елді 
мекендердегі    тұрақты    сауда,  көшпенді  қазақ  ауылдардың    халқының 
қатынасуымен  жәрмеңкелік  сауда  және  қала  саудагерлерінің өздері 
немесе 
солардың 
сауда 
шаруашылығын 
жүргізетін 
өкілдері 
(приказчиктер)  арқылы  ауылдарға  (жайлау  мен  қыстауларға)    шығып  
жасайтын  сауда  түрлері  дами түсті. 
Сауда  негізінен  орыстар,  татарлар  және  сарттар  мен  бұхара 
еврейлерінің қолында болды. Тұрақты сауда Ақтөбе, Ақбұлақ, Илецкая 
защита т.б. сияқты елді мекендерде өркендеді. Уездегі ең үлкен Ақтөбе 
қаласында  54  дүкен-сөрелер  жұмыс  жасап,  оның  иелері  аренда  үшін 
мемлекетке 2 172  рубль  08  тиын төледі.  Ақтөбе қаласында  жеті сайын 
өткізілетін  базарларда  барлығы  248  800  рубльдің  товарлары  мен  мал 

 
121 
сатып алушыларға ұсынылып, осы базарларда 133 420 рубльдің  товары 
мен мал сатылды. (92) 
1915  жылы  Ақтөбе  қаласында  тұрақты  125  лавка,  140  ларек,  9 
трактир  барлығы  274  сауда  орындары  жұмыс  жасады.  Ал  уезд 
территориясында  324  лавка,  2  ларек,  4  трактир  барлығы  330  сауда 
орындары қызмет істеді. Қала мен уездік елді мекендерде барлығы 604 
сауда  орындары  сауда-саттық  жұмыстарымен  айналысты.  Ақтөбе 
жәрмеңкесінде  сауда  жасау  үшін  916  сом  10  тиынға  рұхсат  қағаздар 
сатылды. (93) 
1915-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінде 1727 жылқы, 240 түйе, 208 685 
мүйізді ірі қара, 5 724 қой мен ешкі сатылды. Сонымен бірге жергілікті 
лавкалардан  91  610  сомның  товарлары,  сырттан  әкелінген  товар  7  800 
рубльге сатылды. Осы жәрмеңкеде 477 699 рубльге мал сатылып, жалпы 
сатылған мал мен товардан 576 609 рубль түсті. (94) 
1915-жылғы  Ақтөбе  жәрмеңкесінде    сатылған  заттар  мен  малдың 
ақшалай мөлшері туралы мәлімет: (95) 
 
 
Товарлардың атауы 
Сатылды (рубль) 

Бұхар кілімдері 
1 500 

Былғары товарлар 
2 000 

Мал 
120 236 

Текемет 
100 

Ат әбзелдері 
120 

Басқа түрлі  товарлар 
200 

Мануфактура 
10 280 

Темір заттар 
100 

Ағаш 
2 050 
10 
Жағалық тері 
800 
11 
Ыдыс-аяқ, форфор. әйнек 

12 
Тері бұйымдар 
2 420 
 
                                           Барлығы 
141 006 
 
1915 
жылы 
Ақтөбе 
уезінің 
территориясында 
өткізілген 
жәрмеңкелердің  ұзақтылығы  мынадай  болды:  5  күндік  1  жәрмеңке,  7 
күндік  20  жәрмеңке,  8  күндік  1  жәрмеңке,  10  күндік  1  жәрмеңке,  14 
күндік 1 жәрмеңке, 30 күндік 1 жәрмеңке. 
1915-жылы  Торғай  облысы  бойынша  ұзақтығы  1  күннен  1  айға 
дейін созылатын жәрмеңкелер өткізуге 161 елді мекен рұхсат алып, осы 
мекендерде (жылына бірден төртке дейін) 278 жәрмеңке  өткізілген. Бір 
ғана  Ақтөбе  уезінде  55  елді  мекенде  1915-жылы  141  жәрмеңке 
өткізілген.  Ақтөбе  қаласында  осы  жылы  жәрмеңке  үш  рет 
ұйымдастырылған.(96) 

 
122 
1915 жылы Ақтөбе уезіндегі сауда орындарының  товар айналымы 
Торғай  облысының  оңтүстігінде    орналасқан  Ырғыз  уезіндегі  сауда 
орындарының товар айналымен бір деңгейде болды. Осы жылы Ырғыз 
уезіндегі бұл көрсеткіш 650 мың сомға тең болды. 
1915-жылы  Торғай  облысында  товар  айналымы  3122314  рубль 
болса,  соның  тең  жартысы,    яғни  1540654  рублі  Қостанай  уезінің 
үлесіне тиді. Сөйтіп Қостанай уезінің товар айналымы Ақтөбе уезінен 2 
есе  артық  болып,  Қостанайлықтар  Ақтөбе,  Ырғыз  уездерінің  сауда 
орындарының  товар  айналымын  қоса  есептегендегі  көрсеткішке  қол 
жеткізді. 
ХХ-ғасырдың  басында  сауда  қатынастарының  өркендеуіне 
байланысты  Ақтөбе  өңіріне  татарлар  келе  бастады.  Олар  Ақтөбе  
қаласындағы  тері,  мануфактура  (тоқыма),  бакалея  (нан  өнімдері)  
сияқты негізгі сауда қатарларын өз қолдарына алды. Қаладағы 34 сауда 
лавкаларының  қожайындары  татарлар  болды.  ХХ  ғасырдың  басында 
Ақтөбе қаласында 996 татар қоныстанып, олар жоғарғы (Верхний) және 
Татар  поселкаларының  негізін  салды.  Осы  поселкалардың  старостасы 
болып М.Ғаббасов тағайындалды. (97) 
Ақтөбе уезінің 140 адам тасымал жұмыстарымен айналысты.  (98) 
Ақтөбе  жәрмеңкесінде  сатылған  мал  және  мал  өнімдері  Оңтүстік 
Оралға  жіберілді.  Торғай  облысының  ветеринарлық  (мал)  дәрігері 
А.Добросмысловтың  деректері  бойынша  Ақтөбе  жәрмеңкесінде 
сатылған  мал  және  мал  өнімдерінің  Орынборға  -  75%,    Жаманқалаға 
(Орскіге) малдың 7-10 %, мал өнімдерінің 1 % жөнелтілді. (99) 
Ақтөбе  уезіндегі  ірі  сауда  орталықтарының  бірі  Орынбордан  73 
шақырым,  Илецкая  защита  бекінісінен  68  шақырым  жерде  орналасқан 
Томар  Өткел  базары  болды.  Томар  Өткел  базарына  Ақтөбе  уезінің 
Тұзтөбе,  Елек,  Қобда,  Қаратоғай  болыстарынан,  Орал  облысының 
Калмыков  болысынан  жергілікті  қазақтар  өз  малдарын  айдап  келетін 
болған. (100) 
Томар Өткел базарында 1896 жылы 6104 бас ірі қара, 8484 қой, 220 
ешкі, 1897 жылы 9181 бас ірі қара, 13586 қой, 228 ешкі сатылған. Осы 
базардан  арзанға сатып алған мал терілерін Илецкая защитада тұратын 
татар  саудагерлері  Орынбор  қаласына  апарып  қымбат  бағаға  тері 
заводтарына өткізген. 
1896 жылы татар саудагерлері қазақтардан 22238 тері сатып алған. 
Саудагерлер ірі қара мен қой терісін өте жоғары бағалаған. 1896 жылы 
Томар өткел базарында қазақтар 13099 дана ірі қой терісі, 4674 дана ірі 
қара терісін өткізген.  (101). 
Ақтөбе уезінде жеті сайын жұма күні Беляев болысының Брайловск 
поселкесінде,  бейсенбі  күні  Қаратоғай  болысының  Степановка 
поселкесінде  базарлар  өткізіліп  тұрды.  Брайловск,  Степановка 

 
123 
поселкаларындағы  базарларда  қазақтар  мал  және  мал  өнімдерін  сатып, 
түскен ақшаға өздеріне қажетті тұрмыстық заттарды сатып алды. (102) 
Ақтөбе  уезінде  сауда  қатынастарының  дамуына  1890  жылы 
ашылған Бердянск базарының қосқан үлесі мол болды. Бердянск базары 
Ақтөбе  уезінің    Бөрте  болысының  №  1  аулында  Орынбордан  25 
шақырым (верст) жерде орналасты. Бұл жердің негізгі ерекшелігі базар 
Орынбор  губерниясы  мен    Торғай  облысының  шекарасында  болып, 
саудагерлер  мен  сатып  алушылар  үшін  өте  қолайлы  болды.  Бердянск 
базарында  осы  жердегі  ветеринарлық  пунктте  тексеруден  өткізілетін 
мал  сатылды.  Бердянск  базарына  қазақтар  әкелген  малды  негізінен 
Орынбор  губерниясының  саудагер  татарлары  сатып  алды.  Базарда 
сатылған мал саны жылдан-жылға арта түсті. Егер 1896 жылы Бердянск 
мал  базарында  8117  бас  ірі  қара  сатылса,  1897  жылы  10872  ірі  қара 
сатылды.  (103) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет