§ 3. Орынбор айырбас ауласының Батыс Қазақстанда сауда
қатынастарының дамуына тигізген ықпалы
Қазақ жерінің, оның ішінде Батыс Қазақстан территориясының
отарлануы Орынбор қаласының салынуымен тығыз байланысты.
72
Патша үкіметінің Орынбор қаласын салудағы негізгі мақсаты Кіші
жүз бен Орта жүзге Ресейдің ықпалын күшейту, башқұрт халқына
Орыс мемлекетінің азаматтығын мойындату болды.
1731 жылы Ресей қарамағына кіргеніне қарамастан Кіші жүз ханы
Әбілқайыр өз саясатын жүзеге асыруға тырысты, осы әрекет сауда
мәселелерінен де анық байқалды. Орыс тарихшысы В.В.Вильяминов-
Зернов: «Әбілқайырдың отбасы Кіші Орда ұлыстарының көпшілік
бөлігімен Сырдарияға жақын Қарақұмда көшіп жүрді, ұлыстың қалған
бөлігі Сырдарияның төменгі жағында Ембі өзені мен Қаракөл көлінің
бойында, Борсұқ құмында және Електің жағалауына орналасты.
Сөйтіп қазақ ханы өзінің бақылауындағы халықаралық транзиттік сауда
жолының өте тиімді тұстарына өзі орналасты. Сол арқылы Ресей
өкіметінің еркінен тыс салық саясатын жүргізді» деп жазған болатын.
(1). Сонымен бірге Әбілқайыр хан көршілес мемлекеттермен (Хиуа,
Бұқара – Б.Қ.) сауда қатынастарын табысты жүргізе отырып өзіне
қараған Қіші жүзді экономикалық жағынан күшейтуге тырысты. Әрине
Әбілқайырдың бұл әрекеті Орынбор әкімшілігінің мүддесіне сай
келмеді. Бұл туралы орыс зерттеуші В.Н. Витевский: «Татищев
көршілес қырғыз-қайсақ даласында болып жатқан істерді қатты
қадағалап көз тігіп отырды, өйткені Орынбор экспедициясының негізгі
мақсаты қырғыз ордасын орыс өкіметіне бағындыру, олардың жеріне
орыс қаласын салып Орта Азияға сауда жолын ашу болатын»-деп атап
көрсетті. (2)
Заманның ыңғайына қарай қалыптасқан халықаралық, әскери,
саяси-экономикалық жағдайды ескере отырып, Кіші жүз халқының және
өзінің жеке басының мүддесіне сәйкес Ресейдің бодандығын
қабылдаған Әбілқайыр хан өз ықпалындағы территорияның тұтастығын
сақтау мақсатында жаңа қала-бекініс салдыру мақсатын ойластырды.
Осы мақсатты орындау үшін дипломатиялық әрекеттерді жүзеге асыра
бастады.
Орынбор әкімдерінің бүкіл қарым-қатынас хат-қағаздарын
жүргізген П.И. Рычков «Орынбор тарихы» деген еңбегінде: «Әбілқайыр
хан Жайыққа Бұхара жақтан келіп құятын Ор өзенінің сағасына қала
салу
туралы
өтінішімен
Тевкелевпен
бірге
ұлы
мәртебелі
императрицаның сарайына ұлы Ералы сұлтанды, немере інісі Нияз
сұлтанды және қазақтың бірнеше рубасын жіберуге ұйғарды.
1734-жылдың басында айтылмыш Тевкелев хан ұлын, қазақ
рубасыларын, сондай-ақ қазақтың Ұлы жүзінен жіберілген адамдарды
және басқаларын ертіп Санкт-Петербурге келді. 10 ақпан күні хан ұлы
өзінің ағасымен, ру басыларымен ұлы мәртебелі императрицаның
қабылдауында болды. Қабылдау палатасында хан ұлы сөз сөйледі, оған
жауап ретінде сөзді сол кезде мемлекеттік канцлер болған Остерман
айтты. Тевкелевтің бүкіл комиссиясы туралы айтылмыш хан ұлы және
73
бұлармен келген барша адамдар туралы мәселені қарау мемлекеттік
сыртқы істер коллегиясына тапсырылды» деп жазған болатын. (3)
1734-жылы Ресейдегі үкіметтік сенаттың обер-секретары Иван
Кириллов Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өтініші бойынша Ор өзенінің
құйылысында қала салудың Ресей мемлекеті үшін пайдалы екендігі
туралы император кабинетіне «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордасы
туралы түсініктеме» деген арнаулы жоба дайындап тапсырды. (4)
1734 жылдың 1 мамырында бұл ұсынысты Ұлы мәртебелі
император өз қолымен мақұлдап, Ор өзенінің сағасында қала салуға, бұл
орайдағы барлық істі жүзеге асыру үшін обер-секретарь Иван Кириллов
пен Алексей Тевкелевті жіберуге бұйырды. 1734-жылғы 18-мамырда
И.Кирилловқа бірінші статс-советник, А.Тевкелевке полковник атағы
берілді.
Ресей императоры статс-советник Иван Кирилловты Кіші жүзге
аттандырған кезде Мемлекеттік сыртқы істер Коллегиясынан
мемлекеттік мөр басылған ерекше Грамота жіберілді. Кіші жүз ханы
Әбілқайырға берілген Грамотада: «Біз құдай шапағатындағы Бүкіл
Ресей патшайымы және жеке билеуші Анна Иоановна осы жерден
статс-советник Иван Кирилловты және полковник Алексей Тевкелев
мырзаны жіберіп, Әбілқайыр хан, сенің өтінішіңе зор ілтипатпен
қарадық, сөйтіп Ор өзенінің сағасында қала салуға рұхсат бердік. Ол
қала біздің боданымыз.
Әбілқайыр хан, сені, рубасылары мен бүкіл әскерді, сондай-ақ бізге
бодан болған басқа да қазақ және қарақалпақ хандары мен рубасыларын
және бүкіл әскерін сіздің де біздің де жауларымыздан сақтап
қорғайтындай болып, зеңбіректермен мортирлермен және де басқа
жауынгерлік қарумен жарақталады.
Санкт-Петербургте берілген. Маусымның 10-ыншы күні 1734 ж.,
мемлекет басқаруымыздың бесінші жылы». (5)
Орынбор қаласын салу үшін И.Кириллов 200 адамнан тұратын,
алғашқыда «Белгілі» кейін «Орынбор» деп шартты турде аталған
арнаулы экспедиция және 2 мыңға жуық әскері бар отряд жасақтады.
«Орынбор» экспедициясының құрамында осы өлкені жан-жақты
зерттеу-істерін жүзеге асыру тапсырылған көрнекті мамандар:
астраном-математик Д.Эльтон, ботаник И.Гейнцельман, геодистер
П.Чигачов және А.Клешнев, суретші Д.Кестель т.б. болды. (6)
Жаңадан қосылған облысты басқару үшін Статс кеңесші
Кирилловке мынадай нұсқаулар берілді:
1.
Ор өзенінің құйылысында қамалы бар қала салып, оған
тұрғындарды көптеп тарту.
2.
Егер Әбілқайыр хан және басқа хандар мен жай қазақтар
қалаға жақын жерлерге көшіп-қонуға ниет білдірсе, оларға
қажетті жер бөлігін тағайындау. Егер хандар келу үшін
74
немесе тұрақты түрде осы қалада тұру үшін үй салғысы
келсе, оларға қала маңынан өз дәстүріне сәйкес үй салып
беру.
3.
Орал өзенін бақылау шекарасы деп белгілеу және өзеннен
қазақтарды оң жағалауға өткізбеу.
4.
Қаланың негізін салып болған соң Әбілқайыр ханмен
кездесуден кейін, ең бірінші мүмкіндік туған бойда Бұқараға
товарлармен керуен жіберу, егер мүмкін болса одан арғы
жерлерге де сауда керуендерін аттандыру. Сонымен қатар
Азияның әртүрлі жерлерінен Ресеймен сауда жасауға
көпестерді көптеп тарту.
5.
Кен орындарын іздеп табу, Әбілқайырдың алтын табылады
деген жерлерін зерттеп қарау.
6.
Атты әскер үшін қырғыздардан (қазақтардан) жылқыларды
көптеп сатып алу. (7)
Кириллов осындай нұсқаулармен 1734 жылы 15 маусымда
Петербургтен Орынбор өлкесіне аттанды. Кирилловпен бірге
полковник Тевкелев, Ералы сұлтан және елшілік құрамына кірген
қазақ және башқұрт старшиналары (ақсақалдары) Орынборға келіп
жетті.
Уфа қаласына жетісімен Кириллов Ор өзенінің бойына әскери
экспедиция жасақтап жіберу мәселесімен айналысты. 1735 жылы 6
тамызда Ор өзенінің бойына Кириллов өз отрядымен келіп,15 тамызда
құдайға құлшылық етіп, дұға оқығаннан кейін 4 бастионды
Орынбор бекінісінің негізі қаланды, ал 31 августе қазіргі Орск
(Жамақала) қаласының орнында Орынбор қаласының құрылысы
салтанатты түрде басталды.
Бұл туралы Кириллов Петербургке Ресей патшасына және
Кіші жүздің ханы Әбілқайырға оның немере туысы Нияз сұлтан
арқылы хабар беріп, келесі 1736 жылы көктемде өзімен бірге басқа
да қырғыз-қайсақ (қазақ) билеушілері Орынбор қаласына алып келуін
тапсырды. Сонымен бірге Кириллов жаңа қалаға берілген ерекше
жеңілдіктерді жариялап, Ташкент саудагерлерін қалаға сауда жасауға
шақырды.
1736 жылы Кириллов башқұрт жерінде Губерлинская, Озерская
бекіністері мен Средний, Бердский және Крылов форпостыларын салды.
1837 жылы 10 мамырда Ресей императорының Жарлығымен
(Указ) Орынбор экспедициясының начальнигі (бастығы) болып, осы
кезде құпия Кеңесшілік лауазымына ие болған статс Кеңесші Татищев
тағайындалды. Жаңадан тағайындалған Татищевке Кирилловқа берілген
нұсқаулар және дипломатиялық талаптарды басшылыққа алып қызмет
істеу тапсырылды.
75
Орынбор қаласының салынып, оның жанынан айырбас сауда
алаңының жұмыс жасауына байланысты Кириллов пен Татащев
былай деп атап көрсеткен болатын: «Орынбор қаласы салынғаннан
кейін шамалы уақыттан соң бүкіл Ресей империясынан және
Азиаттық саудагерлердің осында ағылып келуінен өте көп пайда
түсті, жыл сайын Ресей империясының қазынасына алтын мен
күміс құйылуда, сонымен қатар өте көп алым-салық алынуда,
ақырында Орынбор тұтас губернияға айналды». (8)
П.И. Рычков «Орынбор тарихы» (1730-1750) деп аталатын
еңбегінде Орынбор қаласының ірге тасының қалануы туралы былай
деп баяндайды: «1735 жылы тамыздың 15-і күні, құдіреті күшті құдайға
тиісінше құлшылық жасағаннан кейін, Орынбор қамалын салу жұмысы
басталды. Отызы күні (тамыздың) жауынгерлер жасағы енгізіліп,
ертеңіне артиллерия орын-орнына қойылды. Осыдан соң Кириллов
Әбілқайыр ханның інісі Нияз сұлтанды, біраз қазақ рубасыларымен
қоса, сый-сияпат жасап, қазақ ордасына қайтарды. Әбілқайыр ханға
оның өтініші бойынша Орынбор қаласының іргетасы қаланғанын
баяндап, алдағы көктемде басқа қазақ жүздерінің билеушілерін өзімен,
Кирилловпен жүздесіп қайтуға шақырып хат жолдады. Орынборда
подполковник Чемодуров басқарған қыруар қол гарнизон қойып, хан
ұлы Ералы сұлтанды жанындағы ру басыларымен осында қалдырып,
қыркүйектің жетінші жұлдызында Уфаға аттанып кетті» (9).
Орынбор қамалының Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасындағы
салынып жатқан жері тым шалғай, құлазыған ыңғайсыз орын деп
табылып, жаңа қамал қаланы Жайық өзеніне Сақмар өзені келіп құятын
жерге салу ұйғарылды да, ескі бекініс Ор (Жаманқала), жаңа қамал
Орынбор (Оренбург) деп аталатын болды.
1737-жылы 14 сәуірде қайтыс болған Иван Кирилловтың орнына
Орынбор комиссиясының жаңа бастығы болып статс-советник
В.И.Татищев тағайындалды.
1737-жылдың 10-мамырынан бастап Орынбор экспедициясы
Орынбор комиссиясы болып өзгертілді. (10) Орынбор комиссиясы Кіші
жүз даласында болып жатқан саяси-экономикалық оқиғаларды үнемі өз
бақылауында ұстап, талдау жасап шешім қабылдап отырды. Орынбор
комиссиясының бастығы В.И. Татищевтің бұйрығы бойынша Жайық
өзенінің бойында айырбас ауласы салынды. Сөйтіп Орынбор қаласы
саяси-экономикалық орталыққа, сонымен қатар Ресей империясын
Қазақстан жері арқылы Орта Азиямен байланыстыратын ірі айырбас
сауда орталығына айналды. (11)
П.И. Рычков Орынбордағы Азиялық айырбас ауласының салынуы
туралы «Топография Оренбургской губернии» деген еңбегінде былайша
суреттейді: «Бүкіл жаз бойы күзге дейін азиялық халықтармен сауда-
саттық және айырбас жүргізілетін Айырбас ауласы Жайықтың қаладан
76
көрініп тұратын дала жағына, жағалаудан 2 шақырым қашықтықта
салынған, себебі, оны жақынырақ салуға мүмкін болмады, өйткені
барлық жер ойпат болатын да, су алып кететін еді. Кіріп – шығу күмбезі
бар 2 қақпа жасалған, олар Жайық өзені мен қала жағындағыларына
кеден директоры үшін әдемі әрі едәуір кең орындар, ал дала жағындағы
және Азиялық халықтар келіп кететін басқаларының үстіне кеден
орналастырған. Ауланы айналдыра салынған 246 дүкен және 140 қамба
бар, олардың бәрі ауланың ішінде және күмбездің астында. Нақ сол
айырбас ауласының ішінде азия көпестеріне арнайы аула салынған
және Азиялық аула деп аталады, оның да 2 қақпасы бар, олардың
кеденге қараған жағына Захарий мен Елизавета атындағы
архитектурасы әдемі шіркеу салынған. Осы Азият ауласында нақ
осындай 98 дүкен және бұрышында екі-екіден, барлығы 8 қамба бар.
Барлығы – 148 қамба және 344 дүкен. Олардан дүкен үшін жылына 4
854 сом ақша алынуға тиіс. Сол айырбас ауласының көп бөлігі қазірдің
өзінде қаңылтырмен жабылған, ал қалған дүкендер жабылып жатыр.
Далаға қараған бұрыштарына екі батарея жасалып, оларға зеңбіректер
қойылған. Бұл құрылыстың кеңдігі мен жайлылығын айтқанда,
мемлекеттің ішкі жағында көпестерге арналған мұндай үлкен үй бар
жерді айтуға бола қоймас. (12)
Орынбор «айырбас ауласы» туралы И.Г. Георги «Қазақстандағы
сауда туралы» деген мақаласында былай деп жазады: «Ең үлкен сауда
саттық Орынборда жүргізіледі, онда Оралдың қырғыздар жағында,
қаладан 3 шақырым жерде, атақты айырбас ауласы бар, ол азиялық деп
аталады және бекініс сияқты, 4 бұрышты етіп салынған бірнеше жүз
дүкендерден тұрады. Ортасында бұқарлықтарға арналған көлемі шағын
тағы бір ауласы бар бұл айырбас ауласы қазынаның иелігінде.
Қауіпсіздік үшін барлық дүкеншелердің беті ішке қаратып салынып
қана қоймай, сонымен қатар онда атыс қаруы бар солдат наряды тұрады.
Кіші орданың бүкіл сауда-саттығы осында жүргізіледі деуге болады,
өйткені олар Оралда және Орынбор шебінің басқа қалаларында онша
көп сауда жасамайды. Қырғыздардың саудасына баж салығы
салынбайды. Ал Ресей көпестері жүзден 10 баж салығын төлейді, бірақ
соның өзінде бұл сауда оларға өте пайдалы, сөйтіп қырғыздардың ара-
тұра бойкүйез болатыны жағынан алғанда, олары әбігерлігімен тең
мөлшерде арта түседі. Қырғыздар жылқы, ірі қара, қой, елтірі,
өңделмеген тері, түйенің жүнін, қасқыр мен түлкінің терісін, киіз және
ұсақ түйек нәрселер сатады. Орынбордың бір өзінде ғана олар жылына
150 мыңға жуық, ал кейде одан да көп қой сатады: өйткені олардың ең
басты тауары әрқашанда сол. Ал, оның есесіне алатындары: шұға,
әсіресе қызыл түсті жібек және жүн маталар, жібек орамалдар, тігілген
қырғыз етіктері, мата белбеулер, шашбаулар, алтын шашақтар, жіп,
қазан, шәугім темір, ошық, шелек, аттың ер-турманы, қырғыз әйелдері
77
үшін дайын заттары, моншақ, ине, оймақ, сырға, жүзік пен сақина,
оттық және басқа да жеңіл-желпі тауарлар, сондай-ақ бүркіт, ұн, тары
және басқа жармалар.
Бұқарлықтар, Хиуалықтар, Ташкенттіктер және соларға көрші жер
жыртумен және қолөнермен айналысатын басқа да халықтар
қырғыздардан союға мал және көпес керуендері үшін түйелер алады,
оның керісінше оларды Ресей көпестерінің сатуына тиым салынған
қарумен, сауыт-сайманмен, мақта маталармен, шапандармен және
басқалармен жабдықтап отырады» (13)
Статс-советник, Орынбор комиссиясының бастығы Татищев
Әбілқайыр ханмен Ресей көпестерінің қауіпсіздігі үшін алдағы 1739
жылдан бастап сауда орнын Орынбордан Озерноеға немесе төменірек
Бердянскіге ауыстыру туралы келіссөз жүргізіп, Әбілқайыр хан:
«сауданың Орынборда немесе одан төмен Жайық бойында жүргізілгені
бізге бәрі-бір» деген өз ойын білдірді. Осы жолы Ташкентке Кіші жүз
жері арқылы сауда керуенін жіберу туралы сөз болды. Осы келісім
бойынша Ресейден Ташкентке сауда керуені жөнелтілді. керуенге сол
өңірде сатылуға тиіс 20 мың сомның, оның ішінде тікелей қазына
есебінен 3 мың сомның әртүрлі өтімді товарлары болатын. Керуен
көпестеріне командир болып поручик Карл Миллер және жол бойын
сипаттап жазып келуге геодезия подпоручигі Кошелев жіберілді.
Керуен Кіші жүз бен Орта жүздің жерлерінен аман өтіп, Ұлы жүз
жерінде Түркістан қаласынан асып Ташкентке жетуге екі күншілік жер
қалғанда Ұлы жүздің ру басы Ханкелді өз серіктерімен қарашаның
(1738 ж.) 2-сі күні Балакемпір деген жерде бүкіл керуенді тонап,
адамдарын тұтқынға алған.
Поручик Миллерді сол маңайдың беделді адамы Қонай мырза өз
қамқорына алып, Ташкентке жеткізген. Орта жүздің билікті адамы
Жәнібек тархан көмегінің арқасында поручик Миллер өз адамдарын
жинап Ташкенттен кері қайтуға мүмкіндік алды. (14)
1739-жылы 19 тамызда Әбілқайыр ханның ұлдары Нұралы мен
Ералы сұлтандар Орынбор қаласымен танысуға қала маңына жақын
келіп орнықты, 22-тамызда мәртебелі қонақтарды қаладан 24 гренадер,
60 мушкетер, т.б. әскери шенді адамдар қарсы алды. Осы қабылдауда
Нұралы мен Ералы сұлтандарға сабына күміс жалатқан қылыш, әр түрлі
қымбат маталар сый тапсырылды. (15)
Өз әкесінің сауда саясатын Әбілқайырдың баласы Нұралы хан да
жалғастырды. Ол Хиуа мен Бұқараға, Қоңыратқа өз адамдарын жіберіп,
олардан Орынборға дейін жеткізіп салу үшін товарлар мен күміс заттар
тасыған көпестердің сауда керуендерінің өз территориясы арқылы өтуін
талап етті. (16)
Сонымен бірге Нұралы хан Гурьевте (Үйшік) қазақтардың еркін
сауда жасауына рұхсат беруін өтініп Ресей үкіметіне елшіліктер
78
жіберуінің нәтижесінде 1854 жылы Гурьев қаласында 25-қазаннан 10-
қараша аралығында жәрмеңке өткізуге мүмкіндік ашылды. (17)
1736 жылы қазақтармен айырбас сауданың басталған кезінде Ресей
үкіметі қазақтардан басқа да бұратаналармен бірдей мөлшерде әкілінген
товардың бағасынан 2 % кеден салығын алды. 1739 жылы бұған тағы да
1 % қосылды. 1750 жылы кеден салығының мөлшері 5 %-ке жеткізілді.
Ақырында қазақтардан айырбас үшін ештеңе алмайтын болып, есесіне
орыс көпестерінің товарларынан 10% кеден салығы алынатын болды.
(18)
1745 жылы Орынбор айырбас саудасына қазақтар 3,1 мың бас мал
әкелсе, 1746 жылы – 7,3 мың бас мал әкелді. ХҮШ ғасырдың 60-70
жылдарында жыл сайын орта есеппен 150-200 мың бас мал, ал Орынбор
айырбас саудасының басталған кезінен ХҮШ ғасырдың аяғына дейін
(1745-1792) 5,5 миллион бас мал айырбасталған. Бұдан басқа қазақ
даласынан Орынбор айырбас сауда алаңына мал өнімдері (тері, жүн,
т.б.) әкелінді. Малды қазақтар астық, өңделген тері, киім, маталар,
темір, шойын бұйымдарға алмастырды. ХҮШ ғасырдың соңында
құрылған шекара комиссиясы орыс-қазақ қатынастарын, сауда көлемін
өсіріп қауіпсіздігін арттыруға күш салды. 1785 жылы Орынбор айырбас
сарайы мешітінің жанынан 64 оқушыға арналған қазақ балалары үшін
мектеп ашылды.
Орынбор қаласының салынып орыс-қазақ сауда қатынастарының
орнауына байланысты Телжан Шонанов 1926 жылы Ташкент
қаласында басылып шыққан «Қазақ жер мәселесі тарихы» деген
кітабында өз көзқарасын былай деп баяндайды:
«Әбілқайырға берілген 1731 жылы 19 ақпанда берілген грамотода
орыс үкіметінің «Орыс керуенін қорғайсың» деген сөзі – саудашыл
капитал қазақ жерін шыға кешіп, кіре жайласын деген сөз еді.
Орынбордың бастапқы әкімі Кирилловқа берген нұсқауының 11,
12, 15 – тармақтарында қатын патша Анна «Қазақ жерінен алтын-күміс
табуға тырысу керек. Сол үшін де ең әуелі керуендерден қалдырмай
инженерлер жіберілсін. Табылған алтынды законге сиғызып алам деп
әуреленбей, саудагер ретімен пайдаланыңдар», - дейді. Мұның мәнісі –
қазақ даласының асты-үстіндегі байлықтың рахатын, қызығын орыстың
саудашыл капиталы көрсін деген сөз.
Қазақ даласынан Ресейге алтын-күміс кіріп тұрған, бірақ шықпаған.
Неплюевтің Сенатқа берген есебінде қазақ жақтан 1748-1755 жылдары
50 пұт алтын, 5 мың пұт күміс алынғанын айтады». (19) Қазақтардың
айырбас сауда жасайтын ең маңызды орындарының қатарында тарихшы
А.И. Левшин Орынбор және Троицк сияқты Семей, Петропавл,
Өскемен, Омбы т.б. шекаралық қалаларды ерекше атап көрсетеді.
Осылардың ішінде ең басты сауда нүктесі ретінде Орынбор
қаласындағы айырбас саудасын атайды.
79
Ең ұзақ айырбас саудасы шілде айының ортасынан бастап, қазан
айының аяғы немесе қараша айының бас жағына дейін созылып,
Орынбор айырбас сарайына күніне бірнеше жүздеген, 1 мыңға дейін, ал
1780 жылы 2 мыңға дейін адам келетініне баса назар аударады. (20)
Витевский «И.И.Неплюев и Оренбургский край в прежнем его
составе до 1758 г.» деген еңбегінде: «1747 жылы қыркүйекте, яғни
Орынбор қаласының негізі салынғаннан кейін 4 жылдан соң, қалада
837 үй, 4 шіркеу, гауптвахта, қазыналық қонақ үй, аптека, оқ-дәрі
погребі, дүкен, қонақ аулада тастан салынған 44 лавка, айырбас
ауласында 131 лавка болды» деп жазған болатын. (21)
Айырбас алаңы қаладан 4 шақырым жерде, 40 мың шаршы сажен
аумаққа орналасқан.
Г. Гельмгольц деректеріне сәйкес Орынбор айырбас ауласында
329 сауда орындары, 2 пакгауз, 1 трактир және 3 татар асханасы
(харчевня) жұмыс жасаған. (22)
Айырбас саудасы үшін жасалынған осындай жеңілдіктерге
байланысты Орынбор қаласына жақын орналасқан қазақтар жыл сайын
өз малдарын базарға айдап айырбас саудасымен айналысуды кәсіпке
айналдыра бастады.
ХVШ-ғасырдың 40-жылдарында Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның
иелігіндегі қазақтардың Орынбор айырбас сарайы арқылы өзара тиімді
саудасының көлемі ақшалай 1 млн сомға жетті. (23) Әбілқайыр хан
ауылдарының тұрғындарынан Орынбор кеденінде алынған салық
көлемінен сауда табысының жылма-жыл көбейгендігі айқын көрінеді:
1745 жылы – 6893 сом, 1746 жылы – 8027 сом, 1747 жылы – 12627
сом, 1748 жылы 19 689 сом. (24)
Қала ретінде салынуына өз үлесінің мол екендігіне сенімі мол
Әбілқайыр хан Орынбор қаласының айырбас сауда орталығына
айналуын өз байлығының артуына да тиімді пайдалануға тырысты. Осы
себепті Әбілқайыр хан 1747-жылы бригадир А.Тевкелевке Ресейден
Орта Азияға жүретін сауда керуендерінің өз территориясымен жүруіне
көпестерді көндіру туралы өтініш жасады. (25)
Батыс Қазақстанның транзиттік саудада маңызы артып, осы
территория арқылы Ресейге Хиуадан, Бұқарадан, Ташкенттен
Самарқандтан, Астраханнан керуен жолдары жүретін болды.
ХVШ ғасырдың 40-шы жылдары баж салығы қызметі реттелді.
1745 жыл мен 1774 жыл аралығында қазақ товарлары мен малынан
Орынбор шекаралық баж жинағынан түскен алымның өзі ғана күміспен
334 771 сом 02 тиынға жетті. Осы мерзімде орыс және Орта Азия
көпестері, сондай-ақ қазақтар 11 894 925 сомның товарлары мен және
мал өнімдерін сатты. (26)
Орынбор өлкесін игеру Ресей империясының Орта Азия және
Қазақстан жерін мекендеген халықтармен сауда қатынастарын
80
дамыту мүддесінен туындап, көптеген материалдық және еңбек
ресурстарын пайдалануды қажет еткен болатын. Орынбор регионының
Ресей империясының негізгі орталығынан өте қашықта орналасуы,
көшпенді
халықтардың
жиі
шабуылдау
қаупі,
қажетті
инфраструктураның жоқтығы орыс көпестерінің бұл аймаққа көшіп
келуін қиындатты, алғашқыда саудагерлер маусымдық саудаға
қатынасумен ғана шектелді. Сондықтан 1740 жылы Орынбор
комиссиясының бастығы В.А.Урусов Анна Иоановна басқарған
Министрлер кабинетіне Ресейдің орталық аудандарынан Орынбор
қаласына тұру үшін саудагерлерді еркінен тыс мәжбүрлеуді
ұсынды. Оның орнын ауыстырған И.И.Неплюев мәселенің шешімін
әкімшілік жолмен емес, саудагерлерге әр түрлі жеңілдіктер беру
арқылы олардың экономикалық мүдделілігін арттыру қажет деп
тапты.
Сауда жүргізудегі бай тәжірибе, қолөнер кәсібімен айналысудағы
терең дәстүрдің қалыптасуы, тілдің түсініктілігі, діннің бірлігі,
мәдениеттің жақындығы Ресей мен Шығыс халықтарының арасында
экономикалық байланыс орнатудың табиғи аралық ағайыны ретінде
орыс үкіметіне татар халқын Орынбор өлкесін игеру ісіне
шақыруды мәжбүрледі.
1744 жылы И.И.Неплюев үкіметке баяндама дайындап, онда
оған қазан татарларының «Орынбор қаласына көшіп келіп, сауда
ісімен айналысуға рұхсат сұрағанын өздерінің «алыста тұратынына
байланысты» татарларды (өздерін) рекруттық міндеттерден босату
туралы және тұрған жерлерінде мешіт салуға өтініш білдіргенін»
атап көрсетеді. (27)
1744 жылы 2 наурызда И.И. Неплюев баяндамасы үкіметтік
Сенатта тындалып, 1744 жылғы 13 наурыздағы Жарлық бойынша 200
отбасынан тұратын Қазан татарларына Орынбор қаласына көшіп
келуге рұхсат беріліп, олардың (татарлардың) шаруашылығы қуатты
болып, сауда ісімен айналысуға мүмкіндігі болуына назар аударылды.
Сонымен бірге қоныстанушылар рекруттық міндетінен босатылды,
бірақ қажет жағдайда тұрақты әскери қызметке шақырылатын болды.
1736 жылы 11 (февральда) ақпанда және 1776 жылы 22 қарашада
қабылданған указдар (жарлықтар) бойынша татарларға бүкіл Ресей
территориясында ешқандай кедергісіз сауда жасауға мүмкіндік берілді.
(28)
Үкімет жәрдеміне ие болған татар саудагерлер өздерінің ыңғайлы
жағдайын өте жақсы түсініп, қазақ даласында сауда жасаудың
тиімділігін тез сезініп, осы процестен коммерциялық пайданың көп
түсетініне көз жеткізе білді. Бірінші гильдия көпестері Ахмет, Ғани
және Махмұт Хусаиновтар қазақ даласында өздерінің сауда орындарын
ашты.
81
ХVШ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі Орынбор
губерниясының атқаратын саяси-экономикалық ролінің аса маңызды
екенін ескере отырып Орынбор қаласының қарқынды дамуына ерекше
көңіл бөлді.
Ресей үкіметі «Орынбор қаласына айрықша артықшылық беру»
туралы жарлық қабылдады. Осы «артықшылық» бойынша: «Орынбор
қаласына көшіп келген адамдарға олардың этникалық және діни
ерекшеліктеріне
қарамастан
сауда-шаруашылық
жеңілдіктері
жарияланды. Барлық ниет қылушыларға, әсіресе көпестерге, қолөнер
шеберлеріне, әр түрлі мемлекет қызметкерлеріне, шет ел азаматтарына
және басқа лауазым иелері мен діндарларға Орынбор қаласына көшіп
келіп орнығуға, өмір сүруге, сауда істерімен айналысуға және әр түрлі
кәсіппен шұғылдануға» рұхсат етілді. Осы шешімнің нәтижесінде
Орынборға Қазан губерниясынан «сауда ісімен айналыса алатын әрі
өте бай» 200 отбасы көшіп келді. Татарлардың көші-қон жұмыстарын
ұйымдастыру ісімен Қазан уезінің Мәмет тақыры деревнясының
тұрғыны Аитов Сеит Хаялинұлы айналысты. Сөйтіп ол 1745 жылы
Орынбордан 18 шақырым (верст), Сақмар өзенін бойлап жоғары
өрлегенде Бердянск слободасынан 20 шақырым қашықтықта Сеит
посады деп аталатын елді-мекеннің негізін салды.
1747-жылы Сеит посадында 996 ер адам тізімге енгізіліп, олардың
ішінде 973 татар, 23 башқұрт болды. (29)
1792 жылы Сеит посадында 2674 адам тұрып, олардың 1820-сы
саудамен айналысты. (30)
Х1Х ғасырдың аяғында Сеит посады Орынбор губерниясының ірі
сауда орталығына айналды. Қала халқының саны 11 мыңға жетті. (31)
Орынбор қаласының жанында негізі қаланған Сейіт посадының
татар саудагерлері Батыс Қазақстан территориясында қарсы сауданың
дамуына өз ықпалын тигізді.
Европалық және Азияттық товарларды алмастыру орталығы
Орынбор айырбас сауда ауласы болғаны белгілі. Орынбор мен Орта
Азия территориясының арасында орналасқандықтан осы аймақтардың
товарлары Ақтөбе, Ырғыз уездері мен Орал облысында кеңінен
сатылды. Европа товарларының Ақтөбе, Ырғыз, Темір, Ойыл т.б.
жәрмеңкелерде және Хиуа, Бұхара, Ташкент базарларында сатылуында
Сейіт посады саудагерлерінің үлесі мол болды.
1752 жыл аяғында 5 қамалы бар Орск (Жаманқала) дистанциясынан
қазақтар Ресей көпестеріне 40 мыңға тарта қой сатты.
А.Тевкелев пен П.Рычков сыртқы істер коллегиясына тапсырған
1759 жылғы 22 январьдағы (қаңтардағы) жолдауында: «қазақтар саудаға
«енді ден қойып алғандығы сондай, қазір 1 күнде 700-ден 800-ге дейін,
кейде 1 мыңға тарта адам Орынбор айырбас сарайына келеді. Сонымен
бірге олар нағыз көпестер сияқты саудаласатын болды, олардың
82
кейбіреулері көпестердің керуендерін онда-мында шығарып салып,
кәсіп қалып жүреді» - деп атап көрсетті. (32)
ХҮШ ғасырдың аяғында Россиямен сауда жасайтын қазақтардың
саны Орта Азиямен сауда жасайтын сауда жүргізетіндерден асып түсті.
ХҮШ ғасырдың аяғына таман жалпы саны 217 мың отбасы бар 26
рудың, 152 бөлімінің Орта Азиямен сауда байланыстары болды, ал
Ресеймен 300 мыңға тарта отбасы бар 40 рудың 200 бөлімінің
қазақтары сауда жүргізді. (33)
1779 жылы Орынбор және Троицк кеден бекеттері арқылы айырбас
саудасы үшін салық төленіп 1 892 219 бас қой мен ешкі, 4 638 бас
жылқы, 6 есек өткен. Сонымен қатар 1779 жылы салық төлемей-ақ осы
кеден бекеттерінен 748 бас өгіз, сиыр және бұзау өткізілген. Осы жылы
түрлі товарларға барлығы 194 611 бас мал алмастырылып, Орынбор
кеден бекетінде өткізілген малдардан 27 809 сом 62½ тиын, Троицк
бекетінде 29 559 сом 67 ¾ тиын салық жиналған. 1779 жылы Ресейден
қазақ шекарасы арқылы 62 268 пұт астық өткізілген. (34)
1785 жылғы 19 шілде мен 19 қазан арасында өткізілген Орынбор
жәрмеңкесінде орыс көпестері мен қазақтардың айырбас саудасы
туралы мәліметті келтірейік: (35).
Орынбор жәрмеңкесіндегі мал саудасы туралы Ведомость № 86 31
қазан 1785 ж.
Ресей көпестерінің
қазақтарға
товарға
алмастырған мал
мал саны
сом
тиын
1
жылқы
1821
2
құлын
186
3
өгіз
352
4
қой
189 585
5
қозы
11 244
6
ешкі, оның ішінде
-
үлкен
300
орташа
8 452
ұсақ
3 666
Осы малдар және
азиаттық
товарлардан
қазынаға
түскен
табыс мөлшері
210 615
29 410
83½
83
Тарихшы А.И.Левшин Орынбор айырбас саудасы туралы былай
деп жазады:
«Орынбордың байырғы тұрғындарының айтуына қарағанда
Орынбордағы сауданың гүлденген 1786 және 1887 жылдары
аралығында жылына қазақтар 500 мың қойды товарларға алмастырған,
сонымен бірге шекара бойындағы жерлерге де осындай мөлшерде қой
айдап келген. Сөйтіп, жылына Ресейге 1 миллиондай қой өткізілген.
Орынбор және Сібір шептерінде сатылған жылқының саны кейбір
жылдары 50 мыңға жеткен. Қазақтардың түйелерін Ресей көпестері
онша көп алмаған, бірақ есесіне түйелерді Бұқар, Хиуа, Ташкент
көпестері өте көп мөлшерде өз товарларына алмастырады. (36)
Орта Азиялық халықтармен сауда қатынастарын реттеу және
дамыту ісінде 1817 жылы бекітілген азиаттық сауда бойынша
қабылданған Уставтың (жарғының) үлкен маңызы болды. Сонымен
қатар үкіметтік Сенаттың 1834 жылы 5 шілдеде қабылдаған «Азиаттық
сауда бойынша таможниялық (кедендік) Уставқа (жарғыға) кейбір
толықтырулардың қажеттігі және Орынбор және Сибирь кедені мен
заставасындағы штатты өзгерту туралы» Уставтың да Ресей, Қазақстан
және Орта Азия сауда қатынастарының жаңа деңгейде жүргізілуіне игі
әсері тиді.
Азиаттық сауда бойынша Кеден Уставында (жарлығында)
көпестердің іс-әрекетін бақылау және кедендік салықтар салу туралы
нақты нұсқаулар берілді: «Кеден әрқашан айырбас ауласына кірген
көпестердің өзі әкелген товары үшін салық төлеуін қадағалауы тиіс,
өйткені кеденнің көпестермен арадағы жұмысы айырбас ауласындағы
сауданың біткен кезінде аяқталуға тиіс. Керуеннің аттануы туралы
хабарды кеден өз басшылығына тез хабарлап отыруы қажет.» деп атап
көрсетілген. Кеден Уставына (жарғысына) толықтыруларда «товар
иелеріне міндетті түрде квитанциялар (түбіртек) беріліп, оны
алғандары туралы қолдарын қойғызып алулары қажет, ол
квитанциялар жәй қағаздарға басылған арнаулы бланкалар түрінде
болуға тиіс» деген ерекше талап болды. (37)
Тек қана 1819 жылы Орынборда 145 077 бас мал, Троицкіде – 2356
бас мал алмастырылған. 1820 жылы Орынборда 164 706 бас мал
айырбасталса, Троицкіде 12 335 бас мал айырбасқа түскен. (393). (38)
Х1Х-ғасырдың алғашқы ширегінде Орынбор қазақтар үшін ең
үлкен айырбас орталығы болды. 1819-жылы Орынборда барлығы 145
077 бас мал айырбасталды. Осы жылы Петропавл бекінісінде 69 679
айырбасталған. Сонымен қатар Семейде 9 945 бас мал,
Пресногорковскеде 4 485, Өскеменде 4 220, Омбыда 3 238, Троицкіде –
2 356 бас мал айырбасталған.
84
Келесі 1820-жылда да Орынборда айырбасталған мал басы басқа
сауда орындарында айырбасталған мал басынан бірнеше есе көп болды.
Оны мына мәліметтен көруге болады: (39)
Айырбас орындары
Айырбасталған (1820) мал саны
1
Орынбор
164 706
2
Петропавл
82 880
3
Семей
15 017
4
Троицк
12 335
5
Пресногорковск
5 316
6
Омбы
625
7
Өскемен
586
1824 жылы Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен дайындаған
«Орынбор қазақтарының Уставы» Кіші жүз қазақтарының сауда ісіне
араласуына үлкен мүмкіндік туғызды. Әсіресе, Х1Х ғасырдың бірінші
жартысында Орынбор кеден бекетінде айырбас саудасының өрістеуіне
ықпал тигізді.
Ресейдің қазақ даласымен сауда қатынастарын орнату процесіне
байланысты профессор Е.Бекмаханов: «Өнеркәсіп бұйымдарына, ең
алдымен тұтынатын заттарға деген зәрулік қазақтарды көрші
мемлекеттермен товар айырбастауға итермеледі. Қазақтардың Ресеймен
айырбас сауда жасауы Х1Х-ғасырдың бірінші жартысында кең өріс
алды»– деп ерекше атап көрсеткен болатын. (40)
1829-жылы Ресей сыртқы істер министрлігі 1-Николай патшаға
Қазақстанның өте арзан шикізат байлығын орыс империясының
өркендеп дами бастаған өнеркәсіп орындарына пайдалану мәселесін
қойған болатын.
Сөйтіп Қазақстанды Ресей көпестерінің өнеркәсіп товарларын
өткізу рыногы ғана емес, орыс мемлекетінің өнеркәсібін қажетті
щикізатпен қамтамасыз ететін аймаққа айналдыру көзделген
болатын.
1831-жылы тері және мал майына, 1845-жылы астық және
металл бұйымдарына мемлекеттік салық салу тоқтатылды.
Орынбор таможнясының деректері бойынша айырбас аулалары
мен сауда пункттерінде және Орск, Елек, Орал, Калмыков және
Гурьев заставаларында және Орынбор таможнясының өзінде 1841-
жылы 116 832 қой айырбасталған.
Небольсиннің деректеріне қарағанда, Х1Х-ғасырдың екінші
ширегінде, 1827-жылдан 1837- жылға дейін, он жылдың ішінде
Қазақстанмен жасалған орыс саудасының айналымы 10,53 миллион
рубль (сом) мөлшерінде болды. 1840-1850 жылдарда бұл көрсеткіш
15,73 миллион сомға жетіп, бір жарым есе өсті.
85
Ресейдің қазақ даласымен саудасында товар әкелу, товар әкетуден
асып түскен. Орынбор губерниясы бойынша жасалған айырбас сауда
осыны дәлелдейді: (41)
Сырттан әкелінген товар
Сыртқа шығарылған товар
1846
647 868 сом 44 тиын
469 694 сом 44 тиын
1847
749 769 сом 60 тиын
490 299 сом 64 тиын
1 397 638 сом 04 тиын
959 994 сом 08 тиын
1856 жылы Орынбордың айырбас сарайына қазақтар 490 504 бас ірі
және ұсақ мал айдап әкелсе, 1857 жылы бар болғаны 398 954 бас, яғни
91 550 бас мал кем әкелінді. Сол сияқты мал өнімдерінің де көлемі
азайды. 1857 жылы жәрмеңкелерде 226 888 сом 81 тиынға мал өнімдері
(тері, жүн, елтірі, түбіт, май т.б.) сатылып, оның көлемі 1856 жылмен
салыстырғанда 5 547 сом 17 тиынға келіп кетті. (42)
1855-1856 жылдары қазақ даласындағы болған жұтқа қарамастан
1856 жылы 321 870 иленген тері сатылса, 1557 жылы – 255 141 дана тері
сатылған болса яғни 66 729 дана тері аз өткізілді. 1857 жылы Кіші жүз
қазақтары үй жағдайында дайындалған қол өнер бұйымдарын 13 081
сомға сатты, бірақ бұл сауда 1856 жылмен салыстырғанда 3 663 сомға
кем болды. (43)
1862 жылы Батыс Қазақстаннан жәрмеңкелерге 486 мың қой, 25
мың ірі қара, 9700-ден астам жылқы әкелінді. (44)
Товар – ақша қатынастарының дамуына жәрмеңке саудасы ерекше
жәрдемдесті.
Бөкей Ордасы, Орал, Ақтөбе, Ырғыз, Ойыл (Қөкжар), Темір
(Қарақамыс) – Гурьев т.б. жәрмеңкелер ашылып, Батыс Қазақстанмен
көршілес Ресей губернияларында – Орынбор, Астрахан, Самарада ірі
сауда орталықтары жұмыс істеді.
Батыс Қазақстанның ірі қалалары мен селоларында тұрақты сауда
пайда болды. Бұларда жергілікті рыноктардың құрылу процесі жүрді.
Егер 1820 жылы үш шепте – Орал, Орынбор, Сібір шептерінде –
күміс ақшамен есептегенде 115 мың сом орыс товарлары сатылса, 1852
жылы күміспен 534 838 сомның товарлары түсіп, 4 431 772 сом күміс
ақша товары жөнелтілді. (45)
Статистикалық мәліметтерге қарағанда 1869 жылы Орынбор және
Троицк айырбас сарайларында қазақтар 1 150 түйе, 1001 жылқы, 16 031
мүйізді ірі қара, 273 823 қой сатып, 1,5 миллион сом ақша тапқан.
Орынбор қаласының айырбас сауда орталығына айналуына
байланысты қазақ даласына Ресей империясының өндіріс өнімдері
көптеп әкеліне бастады. 1867-жылы Орынбор шекара шебі арқылы
қазақ даласына 2,2 миллион рубльге 40 миллион аршын шыт (ситец)
мата әкелінген. Сөйтіп қазақ даласындағы сауда орындарынан Орта
86
Азиялық тоқыма маталар ығыстырылып шығарылды. Х1Х-ғасырдың
60-жылдарында жыл сайын орта есеппен 400-450 мың рубльге
иленген тері, 300-400 мың рубльге металл бұйымдары сатылды.
Әсіресе қазақ ауылдарында самаурын, қазан, балта, балға, орақ
шалғы үлкен сұранысқа ие болды. (46)
1867-жылы қазақ даласынан Ресейге мынадай мал және мал
өнімдері жөнелтілді: (47)
Мал және мал өнімдерінің түрі мен саны
Бағасы
1
374 882 қой
1 063 256 рубль
2
6 039 жылқы
170 689 рубль
3
18 220 сиыр
226 086 рубль
4
2 419 ешкі
2 230 рубль
5
397046 тері
173794 рубль
6
327 914 елтірі
82 409 рубль
7
140 046 пұт жүн
294 178 рубль
1867-жылы қазақ даласынан Ресейге өткізілген малдың 91,8%,
терінің 66,9%, жүннің 94,1 % Орынбор және Сібір шептерінен
тасылған. (48)
1868 жылға дейін Орынбор айырбас ауласында кеден (таможня)
болған. 1868-жылғы 7 қыркүйектен Ресей императорының жарлығына
сәйкес кеден 70 мың рубльге бағаланып Орынбор қаласының
қарамағына өткізілген.
1871 жылғы 25 наурызда Орынбор генерал-губернаторы Орынбор
қалалық Думасына Ішкі істер министрлігінің Әскери және Қаржы
министрліктерімен келісімінің нәтижесінде Орынбор қаласының
айырбас ауласында тәжірибе жинақтау үшін 3 жыл қатарынан маусым
мен қараша аралығында жәрмеңке өткізуге болатынын хабарлады.
Осыдан соң Орынбор губерниялық басқармасы Орынбор айырбас
ауласында жәрмеңке Комитетін құру туралы Жарлық (Указ) шығарды.
Комитет құрамына Дума мүшесі, қала комиссары, саудагерлер
класының депутаттарынан, оның ішінде 2 орыс, 1 христиан, 1мұсылман,
және жәрмеңкеге келушілер арасынан 1 қазақ, 1 хиуалық, 1 бұқарлық
саудагерлер енді. Комитет қарамағында 1 полиция қызметкері, 10
городовой болды.
Үш жылдан соң айырбас алаңындағы жәрмеңке мерзімі тағы да 5
жылғы тәжірибе жинақтау үшін созылды. Бұл шешімді Орынбор
Губернаторы 1871 жылы 4 мамырда қабылдап, Орынбор қалалық
Думасына хабарлады. Кейінірек 1881 жылы 20-қыркүйекте Орынбор
губернаторы Орынбор айырбас ауласындағы жәрмеңкені 1
маусымнан 1 қараша аралығында жыл сайын тұрақты түрде өткізу
туралы шешім қабылдады. (49)
87
Г.Гельмгольц өзінің «Орынбор айырбас ауласы» (Оренбургский
меновой двор) деп аталатын статистикалық очеркінде 1878-1892
жылдар арасында өткізілген жәрмеңкелердің товар айналымы туралы
мына деректерді келтіреді: (50)
Жылдар
Товар айналымы (рубль есебімен)
1
1878
6 223 537
2
1879
3 643 840
3
1880
4 536 659
4
1881
3 549 660
5
1882
4 226 558
6
1883
2 739 191
7
1884
2 794 246
8
1885
3 264 398
9
1886
2 542 016
10
1887
2 803 243
11
1888
3 387 894
12
1889
3512 029
13
1890
453 732
14
1891
3 369 293
15
1892
2735 765
Осы көрсетілген 15 жыл ішінде ең жоғарғы көрсеткіш 6 223 537
рубль болса, товар айналымы ең төменгі деңгейі 2 735 765 рубль
болды. Жылдық орта сауда айналымы 3 538 037 рубльді ғана құрады.
Орынбор айырбас ауласының сауда айналымы 1888-1892 жылдары
аралығында 1883-1887 жылдармен салыстырғанда 2 915 517 рубльге
өсті. (51)
…Жаңа жағдайда қазақтар сауда ісіне икемделіп, мал және мал
өнімдерін саудаға шығарып, өздеріне тұрмысқа қажетті бұйымдар
айырбастап немесе сатып алу арқылы қам-қарекет жасай бастады.
Бұл туралы Фальк былай деп атап көрсетеді:
«Бұрын қазақтар дала мен далалық мал шаруашылығының
бергенін ғана пайдаға асырумен шектелетін. Кейінірек, қазақтар
шаруаға бейімделіп ыждағатты бола бастады. Олар жаңалыққа тез
үйреніп қабылдайтын болды. Ішімдік пен тәттіге емес, негізінен
киім-кешек, әшекей бұйымдар, үй жиһаздары сияқты заттарды
көптеп жинап, жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысуда».
(52)
Орынбор айырбас сарайының тарихы маңызы туралы
Г.Гельмгольц өз очеркінде былай деп жазған болатын: «Орта Азия
мен Европалық Ресей рыноктарының арасын байланыстырушы
ретінде айырбас сарайы өзінің тарихи маңызын баяғыдан
88
жоғалтқанына қарамастан, көп уақыттар бойына ол (айырбас сарайы)
Орынбор өлкесіндегі ең алғашқы рынок болды және оның товар
айналымы өте жоғары болған еді. Бірақ Орынбор Әскери Округінің
таратылуына байланысты сауда ісінің деңгейі тек Орынборда ғана
емес, айырбас сарайында да төмендеді. Сонымен қатар 1885-жылы
Закаспий темір жолының іске қосылуы Орынбор жәрмеңке
саудасына өте қатты соққы берді, өйткені осы кезден бастап Орта
Азиямен сауда қатынастары жыл бойына жүргізіле бастады. Әсіресе
Орынбор айырбас сарайындағы жәрмеңке саудасының деңгейінің
төмендеуіне (мал ауруына байланысты) жоғарыда айтылған
карантиннің де әсері болды
Айырбас сауда айналымының қысқаруына Торғай және Орал
облыстарының қырғыз (қазақ) даласында (сауда) пункттерінің өсуі
себебін тигізді. Бұдан 10 жыл бұрын қазақ даласындағы кішігірім
пункттер Қостанай және Ойыл қазіргі кезде қаулап өсіп, қалалық
мекен деңгейіне жетті, осы қалалық жерлерге қазақтар өзінің
малдары мен ішкі заттары және жүндерімен ағылып келуде. Осы
жерлерде сауда гүлдене бастады, әсіресе Ойылда сауда шұғыл
дамып, қазақ даласындағы сауда орталығы осында ауысты. (53)
Орынбор әскери округінің таралуына байланысты Орынбор
қаласында және Орынбор айырбас алаңында сауда деңгейі төмендей
бастады. Сонымен қатар 1885 жылы Закаспий темір жолының іске
қосылуы Орта Азиямен сауда байланысы поездар арқылы жүзеге
асуына сәйкес Орынбордағы жәрмеңке саудасы құлдырауға
ұшырады.
Сонымен қатар көршілес Торғай, Орал облыстарында жәрмеңке
саудасының дамуына орай көршілес қазақ даласынан Орынбор
айырбас алаңына мал және мал өнімдерінің әкелінуі толастады.
Х1Х ғасырдың орта тұсында сауданың дамуында айырбас
сарайлардың рөлі ерекше болды. Кейінірек олардың маңызы төмендей
бастады. Закавказ темір жолының іске қосылуына байланысты
Орынбор сарайының сауда айналымы күрт азайып кетті. Егер Х1Х
ғасырдың 60-жылдары Орынбор айырбас сарайының товар
айналымы 10 миллион рубль құраса, 1890-жылы 4 миллион рубль,
1892-жылы 2,7 миллион рубльге дейін төмендеді. Ал Х1Х-ғасырдың
90-жылдарының аяқ кезінде Орынбор айырбас сарайы тек
жергілікті сауда орталығы болып қалды. (54)
1891 жылы Орынбор қаласындағы қасапханаларда 140 мың ірі қара
мал мен 300 мыңға жуық қой сойылды. (55)
Орынбор айырбас сауда орталығының Ресей мемлекеті үшін
атқарған ролін Юджин Скайлер былай деп атап көрсетеді: «Отарлар мен
табындар қырғыздардың ең басты байлығын құрайды. Әрі Ресей
империясының табыс көзі болып табылады. 1896 жылғы статистикалық
89
мәліметтерге сай Орынбор мен Троицкіде қырғыздар 1150 түйе, 1001
жылқы, 16031 ірі қара, 273823 қой сатқан. Оның жалпы құны 1 миллион
500 мың сом (рубль) болған». Ю.Скайлер сонымен қатар өз мүддесі
тұрғысынан Кіші жүз ханы Әбілқайырдың орыс сауда керуендерін
қорғауға міндеттеме алғаны туралы мәлімет береді. (56)
Кіші жүз өңірінде сауда қатынастарының дамуы мен Батыс
Қазақстан территориясына сауда капиталының тереңдеп енуіне Ресей
мен Қазақстан шекарасы салынған Орынбор қаласының саяси,
экономикалық маңызы өте зор болғандығы тарихы шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |