АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 4. Ішкі Бөкей  Ордасындағы Жәңгір хан жәрмеңкесінің Батыс



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 4. Ішкі Бөкей  Ордасындағы Жәңгір хан жәрмеңкесінің Батыс 
Қазақстандағы ХІХ  ғасырдың ІІ-жартысында сауда 
қатынастарының дамуында атқарған ролі 
 
1801-жылы  Ресей  патшасы  I  Павелдің  Рескрипті  негізінде  Бөкей 
Ордасы кұрылды.  
Ресей  империясының  негізгі  экономикалық  саясаты  сауда 
қатынастарын  ұлғайту    болды.  Ішкі  Бөкей  Ордасының  шекарасын 
белгілеу туралы 1806 жылғы патша жарлығында Ішкі Орданың Ақтөбе 
өзенінің  орта  ағысында  және  басқа  да  ел  қоныстанған  жерлерінде 
тұрақты сауда пункттері мен  жәрмеңкелер ұйымдастыру туралы  нақты 
тапсырма берілді. Ішкі Бөкей Ордасының халқының иелігіндегі өте көп 
мал  Ресей    империясының  өнеркәсібінің    қажеттілігіне    қызмет  етуі 
керек еді.  
Я.  Ханыков    деректеріне  сәйкес  Бөкей  хандығында  мал  саны 
мынадай болды: (1) 
 
Жылдар 
Түйе 
Жылқы 
Сиыр 
Қой 
Барлық мал 
 саны 
1803 




2 млн. астам 
1814 
63 338 
350 562 
135 856 
1 4760856 
2026 704 
1825 
51850 
491 100 
105 100 
1924 000 
2 572 050 
1830 
45 000 
250 000 
150 000 
1500 000 
1945 000 
1839 
91 000 
300 000 
180 000 
1500 000 
2071 000 
 
1814- жылы Бөкей ханның деректеріне сай Ордадан Ресейге  41242 
жылқы, 16302 сиыр, 277 мың қой, 14066 ешкі, барлығы 348710 бас мал 
сатылған. (2) 
Ішкі  Бөкей  Ордасының  сұлтан  –  правитель  Шығай  мәліметіне 
сәйкес 1824- жылы 277 100 қой Ресейдің  Ішкі губернияларына товарға 
айырбастауға 
айдалған. 
1824- 
жылы 
Ордадан 
мануфактура 
департаментінің  мәліметтеріне  қарағанда  400  мың  қой,  3  мың  жылқы 
айдалып,  2 925 мың рубльге бағаланған мал өнімдері жөнелтілген.(3) 

 
90 
1824-жылы  әкесі  Бөкейдің  орнына  Жәңгір  тағайындалып  арнайы 
указбен  хан  атағын  алды  да,  Жәңгір  екі  өзен  аралығындағы  Самар 
даласында  хандық  билігін  жүргізді.  Жәңгір  хан  Ресей  императорының 
коронация  салтанатына  қатынасып,  бірінші  Николай  патшаның 
қабылдауында  болып,  резиденция  салуға  өтініш  жасап,  Ресей  патшасы 
осы өтінішті қабыл алып, қүрылыс жұмыстары үшін 36 102 сом 70 тиын 
қаражат бөліп, құрылыс материалдары мен архитектор мәселесін шешуді 
Орынбор губернаторына тапсырды. 1826-жылы Орынборлық архитектор 
Тафаев бастаған Ресей құрылысшылары Жасқұс құмының батыс бетінде 
Жәңгір хан резиденциясы - Орда селосының негізін салды.  
1828  -  жылы  жарық  көрген  «Мануфактура  және  ішкі  сауда 
журналында»  Хан  Ордасындағы  сауданың  дамуы  ерекше  атап 
керсетілген:  «Бұл  жерде  өте  ерекше  сауда  қалыптасып  келеді:  Ресей 
саудагерлері  астық  пен  товар  сатып,  алмастыруда.  1827  -  жылы  қазан 
және  қараша  айларында  30  мың
 
қадақтай  астық  өткізілді.  Ішкі  Орда 
қазақтарының  жыл  сайын  еткізетін  қой  саны  400  мыңға  жетіп,  182І 
жылы  әр  қойдың  орташа  бағасы  6  сом  50  тиын  болды.  Осы  қойға 
қазақтар 2 600 000 сомның товарын алған. Базарда 3 мың жылқыны 100 
мың сомға сатуға болады. 
Сонымен  бірге  қазақтар  4  000  пұт  ешкі  түбітін  20  сомнан  80  мың 
сомға сатқан. 1827-жылы жәрмеңкеде мынадай мал өнімдері сатылған: 
 
 
Сатылған 
заттардың 
атауы 
Сатылған заттардың 
жалпы саны 
Сатылған заттың 
бағасы 
Сатылған  заттың 
жалпы  бағасы 

жылқы терісі 
15 000 дана 
1 сом 50 т. - 2 сом 
25 мың сом 

қой терісі 
100 000 дана 
60 тиын 
60 мың сом 

қоян терісі 
10 000 дана 
50 тиын 
5 мың сом 

қой майы 
10 000 пұт 
5-6 сом 
55 мың сом 

ешкі майы 
4 000пұт 
20 сом 
80 мың сом 
 
1827 жылы барлығы 2 млн. 925 мың сомның өнімдері жеткізілген. 
Осы журналда сонымен бірге  Бөкей қазақтарының саудаға  аз  да 
болса киік мүйіздерін, ұсақ терілерін әкеліп сататыны атап көрсетілді. 
Бөкей 
ордасынан 
Ресейдің 
көршілес 
губернияларының 
кажеттіліктері  үшін  мануфактура  департаментінің  журналындағы 
деректерге  карағанда,  1827  жылы  400  мың  қой,  3  мың  жылқы  және 
жалпы  бағасы  2  925  мың  рубль  (сомның)  тұратын  мал 
шаруашылығының өнімдері әкелінді. (4) 
Орынбор  шекара  комиссиясы  Орынбор  қаласында  ғана  емес, 
Орынбор  шебінде  сауда  көлемінің  дамуын  көздеп  саудагерлер  мен 
Орда  қазақтарының  арасында  еркін  айырбас  саудасына  рүхсат  етті. 

 
91 
Бұл  айырбас  ісін  тек  қана  бұрын  қалыптасқан  айырбас  пункттерінде 
ғана емес,  казақ даласының түкпірінде  жаңадан пайда бола бастаған 
бекіністерде де жүргізуге кеңінен мүмкіндік ашылды. (5) 
Орынбор  губернаторының  есебі  бойынша  1825-жылы  Бөкей 
Ордасының тұрғындары  иелігінде: 51 мың түйе, 491 мың жылқы, 105 
мың ірі қара, 1 924 мың қой-ешкі барлығы:  2 572 мал болған. 
Осы  есептің  деректеріне  қарағанда  1850  жылы  Ішкі  Бөкей 
Ордасындағы мал саны мынадай: түйе 60 мың,  жылқы 330 мың, мүйізді 
ірі қара - 250 мың,  ұсақ мал (қой-ешкі) - 1 200 мың, барлығы 1840 мың. 
1825  жылмен  салыстырғанда  мал  басы  27%-ке  кеміген.  1825  жылы 
Бөкей Ордасының қазақтары 41 242 жылқы, 16 802 мүйізді ірі қара, 227 
100 қой, 14 066 ешкі, барлығы - 349 210 бас мал сатты. 
Жәңгір  хан  1832  жылы  Ордада  жәрмеңке  ұйымдастыруға  ресми 
рұхсат  алды.  Жәрмеңке  ұйымдастыруға  мемлекет  қазынасынан  56,161 
сом  ақша  бөлініп,  оған  316  лавкасы  (дүкені)  бар  12  үлкен  корпус 
(ғимарат) салынған. (6) 
Орынбор  әскери  губернаторы  өзінің  1832  жылғы  12  шілдедегі 
№1224    қатынас  қағазымен  Орынбор  шекаралық  комиссиясына  Ресей 
шетел  министрлігінің    Нарынқұмындағы  Жасқұс  елді  мекенінің 
солтүстік  –  батысында  жәрмеңке  ұйымдастыру    туралы  өтініштің 
қанағаттандырылуы 
туралы 
хабарлап, 
мынадай 
талаптардың  
орындалуын қадағалауды тапсырды: 
1.
 
Тұрақты жәрмеңкенің ашылуына рұхсат беріледі. Оған сауда жасау 
үшін  мүмкіндігі  бар  адамдардың  барлығы  келе  алады.  Орда 
территориясын сауда жасау үшін аралауға  тиым салынады, әсіресе 
татарлар, бұқаралық және хиуалықтарға, қандай лауазым иесі болса 
да,  азиаттық мұсылмандарға еркін сауда жасауға рұқсат берілмейді. 
2.
 
Қазақтарға  өзінің  далалық  шаруашылығының  заттары  мен 
малдарын  өз  ауылдарына  жақын  отырықшы  тұрғындарға  сатуға 
рұқсат  етіледі.  Көршілес  губерниялардың    және  Орал  әскери 
басшылары  Ішкі  Орда    қазақтарымен  барлық  уақытта  көршілес  
отырықшы  тұрғындармен  сауда  барысында  талас-  тартыс    болған 
жағдайда  оларға  түсіністікпен  қарау  тапсырылады.  Осы  шешімді 
Ішкі  Бөкей  Ордасының  ханы  Жәңгір  Бөкейұлына  хабарлаған 
шекара  комиссиясының  председателі,  полковник  Генс  осы 
талаптардың  жоғарыдан  бекітілгенін  ескертіп,  барлық  талаптарды 
орындауды  тапсырды.  Осы талапты орындай  отырып, Ішкі Бөкей 
Ордасында жәрмеңке ұйымдастыру мәселесіне байланысты, Жәңгір 
хан  сұлтан  Сүйінғали  Жаналиевке  «Хан  Ордасында  жәрмеңке 
өткізу  ережесі  туралы»  нұсқау  беріп,  онда  мынадай  мәселелерге 
ерекше  назар  аударуды  міндеттеді:  «Көпестер  мен  Орда 
тұрғындарының  қабылдаған  дәстүрі  бойынша  хан  Ордасында 

 
92 
жәрмеңке  2  рет  15  сәуірден  15  мамыр,  15  қыркүйектен  15  қазан 
арасында тұрақты түрде өткізіледі.  
Сізге,  (С.Жанғалиев)  өткізгелі  отырған  жәрмеңкенің  басынан 
аяғына  дейін  ешқайда  кетіп  қалмай  сауда  барысын  қадағалау  ісін 
тапсырамын. Ол үшін: 
1.
 
Көпестер  және  әртүрлі  саудагерлермен  жақсы  қарым-  қатынас 
орнатып,  оларға үнемі ізет көрсетіп, қазақтармен әскери казактарға 
да осы тәртіпті сақтауларын қадағалауды жүктеймін. 
2.
 
Көпестер мен саудагерлер  екі, үш немесе одан да көп  ағаш (киіз) 
үй  дүкендерді  бір  қатарға    сауда  үшін  ыңғайлы,  өрт  қауіпсіздігін 
сақтауға қолайлы етіп орналастыру қажет. 
Өзіңіздің  қарамағыңызға  берілген  киіз  үй,  қарауыл,  қағаз 
көшірулерімен    бірге  тігілген  киіз  үйлердің  ортасына  орналасуды, 
сонымен    бірге  аттар  мен  арбаларды    сауда    үйлерінің  арасына 
қойып, олардың орнын күнде тазарту ісін қадағалауды тапсырамын. 
3.
 
Қағаз  істерімен  айналысуға,    сізге,      өз  қағаз  көшірушімді 
тағайындаймын. 
4.
 
Ұсақ-  түйек  істер  мен  талас  тартыстарды  уақытында  шешу  үшін  
және  арыз-шағымдарды  қарауды  өзіңізге  тапсырамын.  Сіздің 
шешіміңізге  наразы  болса,    ол  туралы  маған  рапорт  беріп 
хабарлауыңыз қажет. 
5.
 
Өте  үлкен  қылмыс  жасағандар:    кісі  өлтіру,  тонау,  өте  үлкен 
мөлшерде  ұрлық  жасап,  төбелесіп  кісіге  жарақат  салғандар 
тұтқындалып,  Орда  жанындағы  кордон  начальнигіне  жеткізілуі 
керек. 
6.
 
Қылмыс  жасаған  адам  сырттан  келген  болса,  оның  товары 
куәлардың  көзінше  есепке  алынып,  әскери  қарауыл  қарамағына 
берілуге тиіс. 
7.
 
Сырттан  келгендер  мен  жергілікті  қазақтарды  жұрттың  көзінше 
тіпті өте шамалы бұзақылығы үшін денесіне жарақат салу жолымен 
жазалауға болмайды. 
8.
 
Жәрмеңке  кезінде  5  рубльден  артық  ақшадан  асқан  ұрлық  жасаған 
немесе  басқа  да    ұсақ  тәртіпсіздік  жасаған  жергілікті  қазақтарға 
түзету  шараларын  қолдануға  рұқсат  беремін.  Бірақ,    дүре  соғу  15 
соққыдан артпау керек, сонымен бірге бұл шара кісі көзінен тасада, 
қарауылдар үшін тігілген киіз үйде орындалуы тиіс. 
9.
 
Мұсылмандар  арасында  арақ  ішу  ісіне  тыйым  салынады,  сонымен 
бірге  орыстар  мен  басқа  да  сырттан  келген  адамдарға    ішімдікке 
салынуға  болмайды.  Асханада  2  әскери  казак  күні-түні  кезекшілік 
атқарып, тәртіп сақтау ісін қамтамасыз етуі қажет. 
10.
 
Астрахань  начальнигінің  шешіміне  байланысты  қарақалпақтарға 
Ордаға  келуге  тиым  салынған,  сондықтан  оларды  жәрмеңкеге 
жіберуге болмайды. 

 
93 
11.
 
Жәрмеңкеге  келген  көпестер  мен  басқа  да  әртүрлі  лауазымды  
саудагерлердің  куәліктері  мен  паспорттары  болуы  міндетті  және 
олар  менің  Ордамның  жанындағы  кордон  бастығының  арнаулы 
кітабына тіркелулері талап етіледі. 
12.
 
Сатып  алынған  мал,  мал  өнімдері  және  басқа  Орда  товарларына 
куәліктер менің кеңсем арқылы беріледі, Сіз осы куәлікке  малдың 
және  орда  товарларының  санын  көрсетіп,  қол  қойып,  мөр  басып 
куәландыруға тиіссіз.  
13.
 
Сауда жасаушы саудагерлер мен қазақтардың салмақ өлшеуіштері-
таразылары  мен  безбендерінің  дұрыс  болуын  қадағалау  ісін  сізге 
тапсырамын. 
14.
 
Өлшенетін  товарлар  астық,  мал  майы,  жүн,  ешкі  түбіті  сияқты  
заттарға  қосымша  салмақ  тарту  үшін  бөтен  нәрселер  қосылмауы 
қажет.  Осындай  алдамшылық  жасаған    қазақтарға  айыппұл 
салынады, орыс саудагерлері заңға сәйкес сотқа беріледі. 
15.
 
Ұрлық  пен  тәртіпсіздіктерді  болдырмау  үшін  түнгі  мезгілде  
құрамында  1  аға  қызметші  бастық,  2  әскери  қарулы  казак  патрулі 
жәрмеңке  аяқталған  соң  таңға  дейін  кезекшілік  қарауылда  болуы 
керек. 
16.
 
Менің  нұсқауларымды  мүлтіксіз  орындауыңыз  үшін  және 
жәрмеңкеде    тәртіп  орнатып,  күзет  ұйымдастыру  және  патруль 
қызметін  жүзеге  асыру  үшін,  урядник  басқарған  15  қарулы  атты 
казак  әскері  хан  Ордасы  жанындағы  кордоннан    Сіздің 
қарамағыңызға бөлінеді. 
17.
 
Жәрмеңкеге  келген  саудагерлер  мен  басқа  да  адамдардың  мініс 
аттары мен сатып алған жылқылары олардың өз еріктерімен есепке 
алынып, күндіз жайып, түнде күзету ісін Сізге тапсырамын. 
18.
 
Жәрмеңкеге келген көпестер мен саудагерлер жергілікті қазақтарға 
сапалы  товарлар  сатуға  тиіс,  ал  орда  қазақтары  сатып  алған 
товарларының сапалы болуына назар аударуы қажет.  
19.
 
 Жәрмеңке  аяқталған  соң  жәрмеңкеге  келген  көпестер  мен 
саудагерлердің саны, қайдан келіп, қанша сауда орындарын алғаны, 
әкелінген  және  сатылған  товарлардың  мөлшері  туралы  толық 
мәлімет  көрсетілген  Ведомость  толтырылып  мөр  басылып  маған 
рапорт түрінде тапсырылуы керек. 
20.
 
1835 жылғы 31 октябрьдегі № 30077 Астрахань әскери губернаторы 
И.С.  Тимирязевтің  қатынас  қағазына  сайкес  Қожатай  және  Сейіт 
елді  мекендерінің  татарлары  князь  Тюменевтің  қоластындағы 
қалмақтардың  малдарын  ұрлағандығына    байланысты  жәрмеңкеге 
өз ру басылары, басшылары және ауылнайларының куәлігінсіз мал 
сату  құқығынан  айырылған.  Егер  татарлар  куәлік  қағазсыз  мал 
сататын  болса,  оларды  Красноярдағы  земствовалық  сотқа  беру 

 
94 
қажет.  Жәрмеңке  кезінде  осы  бұйрықты  орындауды  Сізге  ерекше 
тапсырамын. 
21.
 
Сіз  бен  хатшыңызға  жәрмеңкеге    келгендерге  қысым  көрсетіп, 
олардан  бірнәрсе  алудан  аулақ  болуды  тапсырамын.  Жәрмеңке 
аяқталған соң осы нұсқауды қайтаруды тапсырамын. (7) 
Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  жәңгір  хан  жәрмеңкесі  Жәңгір  хан 
Бөкейұлының осы жазбаша нұсқау- ережесінің негізінде жұмыс жасады.  
Қазақтар  жағынан  жәрмеңкеде  базар  сұлтаны  болды.  Ол  өз 
тарапынан 
сырттан 
келген 
саудагерлердің 
арасындағы 
келіспеушіліктерді шешу істерімен айналысты. 
Жәрмеңкеге  келушілердің  жалпы  саны  әр  кезде  әр  түрлі  болды, 
бірақ орта есеппен олардың саны 2 мың мен 5 мың аралығында болды. 
Жәрмеңкеге 75 мың қой, 12 мың жылқы, 500 түйе айдап әкелінген. 
Жәрмеңке  жұмысы  Комендант,  Астрахан  жандарманның  штаб- 
офицері және оның қарамағындағы әскери казак командасы орналасқан 
орындарда жәрмеңке жалауын көтеру рәсімінен кейін басталды. Жәңгір 
хан  өз  ұсынысымен  ашылған  Ордадағы  жәрмеңкенің  маңызын  заман 
талабына  қарай  өте  жақсы  түсінді.  Сондықтан  өзінің  есеп 
жазбаларында:  «Бұл    жәрмеңкенің    қазақтардың  және  басқа  саудамен 
айналысатындардың жалпы  пайдасына  әлі  де  де ұлғая түсетіне  менің 
көзім  толық  жетеді»  деген    болатын.  Сонымен  қатар  Жәңгір  хан  Орда 
қазақтарының  сауда  ісін  жақсы  меңгергенін  айта  келіп:  «Олар  өз 
жылқыларын Ордадан  тыс жерлерде сатады. Ордаға көрші  қалаларда, 
Еділ бойындағы селоларда, Оралда, колонистер (немістер) қоныстанған 
елді  мекендерде,  Үлкен  Өзен  және  Ырғыз  өзендерінің  бойында  жыл 
бойы  ордалықтар  жылқы    саудасымен  айналысып,  осы  жерлерде 
жылқыны  бұрынғыдай  товарға  айырбастамай  ақшаға  сатып,  өздері  де 
астық  және  басқа  қажетті  заттарын  ақшаға  сатып  алады,  олардың 
жаңадан  қалыптасқан  көз  қарасы  мен  ойы  бойынша  мал  мен  заттың 
ақшалай  бағасы  айырбасқа  қарағанда  шындыққа  сай,  әділірек»  деп 
қазақтардың  сауда  ісінде  тәжіриебе  жинап,  сауда  қатынастарының 
деңгейінің  бұрынғымен  салыстырғанда  өскенін  ерекше  атап  көрсетті. 
(8) 
Бөкей Ордасында сауда ісінің дамуы туралы Сейітқали Меңдешев 
«Бөкей  қазақтарының  1916-жылғы      көтерілісі»  деген  мақаласында 
былай  деп  жазған  болатын:  «1819  жылы  Шығай  хан  тұсында  (Бөкей 
Ордасында)  барлық  мал  5 110  506  тұяқ  болды. 1835-жылы  Жәңгір  хан 
тұсында 3 760 800 бас ма болды. 1819-жылы Бөкей Ордасында 141 530 
адам, 13 762 шаңырақ, 1835-жылы 189 817 адам, 26 909 шаңырақ болды. 
Бөкей  Ордасының  Қазақстандағы  өзге  облыстардан  сауданы 
өркендетуге  Бөкей  жағдайларының  өте  қолайлы  болғандығында  еді. 
Сауданың іргелі жерлері қырдан салынған Хан Ордасы, Жаңа кала, Тал 
өкпе, 
Азғыр 
сықылды 
поселкелер, 
іргелес 
облыстар 
мен 

 
95 
губерниялардың  таяу  поселкелері  мен  қалалары  болды.  Әр  поселкеде 
жылына 2 рет болып тұратын жәрмеңкелердің обороттары (айналымы - 
Б.Қ.)  да  үлкен  болды.  Сауданы  сол  поселкелерге  орнап  алған  татарлар 
мен  орыстар  істеді.  Кейбіреулері  сауданы  өз  сомасымен  жүргізді, 
көпшілігі  Ресейдегі  ірі  сауда  фирмаларының  өкілі  болды.  Халық 
қолындағы  жергілікті  шаруашылықтың  продуктарын  (өнімдерін  -Б.Қ) 
мал,  ет,  жүн,  тері,  май  және  басқа  сондайларды  алушылар  да  солар 
болды.  Олар  товардың  нашарын  қымбатқа  сатып,  жергілікі 
шаруашылықтан  өнген  продукталарды  арзан  бағамен  алып  отырды. 
Саудаға қазақтар да бірте-бірі кірісе бастады. Олар баста орыс пен татар 
саудагерлеріне тері-терсек, жүн-жұрқа жиып беруші, солардың саудасын 
елге  қыдыртушы  агент  болып  істеді.  Содан  соң  олар  сауданы  өз 
сомасымен  (ақшасымен)  бастады.  Бүлардың  ісі  көбіне  араға  жүру 
болды. Байлар да сауда істеді, үлкен алушыларға көп-көптен мал және 
мал  шаруашылығының  продуктасын  (өнімдерін)  да  жеткізіп  тұрады.  
(9) 
Бөкей  Ордасында  сауда  катьнастарының  дамуын  тарихшы 
А.Ф.Рязанов:  «Бекей  Ордасы  жан  жағынан  орыстың  отырықшы 
жұртымея қоршалып, олар қазақ халқының тұрмысына сөзсіз өз әсерін 
тигізді» - деп атап көрсеткен болатын. (10)  
Хан  ордасындағы  жәрмеңке  түйіскен  тоғыз  жолдың  торабына 
айналды.  Жәрмеңкеге  жергілікті    Бөкей  қазақтарынан  басқа 
Орынбордан,  Орал  (Теке),  Гляновск,  Кармановск,  Қызыл  оба, 
Мергеннен, Саратовтан, Эльтон мен Камышиннан, Астраханнан, Черный 
Яр,  Владимировскіден  саудагерлер,  айырбасшылар,  бақалшылар  келіп 
сауда-саттық жасаған. 
Хан Ордасындағы жәрмеңке арқылы XIX ғасырдың 30-жылдарында 
Бөкей  Ордасында,  Ресеймен  сауда  қатынастары  дами  түсті.  Ресейге 
Бөкей  Ордасынан  мал  және  мал  өнімдері  сатуға  шығарылды.  Жалпы 
сауда  айналымында  бірінші  орында  қой  және  жылқы  шаруашылығы 
тұрды. Жыл сайын қазақтар 1 800 мың рубль (сом) көлемінде 300 мың 
қой сатты. (11) 
1832  жылы  Бөкей  Ордасының  қазақтары  басы  артық  малдарын 
Ресейдің базарларында - Орал, Гурьев, Астрахан, Саратов т.б. - сатқан. 
Бөкей ханның мәліметі бойынша 1804 жылдан 1814 жыл арасындағы 10 
жыл  ішінде  қазактар  40  мың  жылқы,  16  мың  мүйізді  ірі  қара,  30  мың 
қой-ешкі сатқан. 
Ішкі  Бөкей  Ордасыңда  1832  жылы  ашылған  жәрмеңкеде  малдан 
басқа да товарлар сатыла бастаған. 
 
 
 
 

 
96 
Жәңгір хан деректері бойынша Хан Ордасындағы жәрмеңкенің 
сауда айналымы мынадай: 
 
жылдар 
сырттан әкелінген товар 
сатылған товар 
1837 
597 603 руб. 
367 775руб50 тиын 
1838 
562 971руб. 
339 174 руб 10 тиын 
1838 
691628руб. 
333 548 руб. 
Барлығы 
1 752 202 руб. 
1 041 497 руб. 60 тиын 
Сөйтіп  үш  жылда  жәрмеңкеге  шар  тараптан  1  752  202  сомның 
товары әкелініп, 1 041 497 сом 60 тиынның товары сатылған. 
1837  жылы  Бөкей  Ордасының  түрғындары  орыс  көпестерінен  3 
мың шалғы сатып алды. Хан   ордасындағы   жәрмеңке   көктемде   7-25   
маусым,      күзде      14-25      қыркүйек      аралығында  өткізілетін  болған. 
Жәрмеңкеге   келушілердің жалпы саны 2 мыңнан 7 мыңға жетіп, оның 
көпшілігін жергілікті қазақтар құраған. 
1839-жылы көктемде Хан Ордасында өткен жәрмеңкеде 75-түйе, 2 
245-жылқы,  65  445  қой  сатылған.  Сонымен  қатар  соғымға  жэне  басқа 
қажеттіліктерге  сойылған  10  718  дана  жылқы  терісі,  552  дана  түйе 
терісі, 8 220 дана  қой терісі өткізілді. Жергілікті халық сонымен бірге 
423 килограмм ешкі түбіті, 6 565 килограмм түйе жүні, 5 195 дана қоян 
терісін саткан. осы жәрмеңкеде шет аймақтардан 1 778 200 дана әртүрлі 
бұйым жергілікті халықка сатылған. (12) 
Жәңгір хан қайтыс болған соң 1845 жылдан 1863 жылдар арасында 
жәрмеңке алаңындағы ағаш лавкаларды (дүкендерді) жалдаудан түскен 
пайданы  оның  мұрагерлері  иемденді.  1863  жылы  Жәңгір  хан 
мұрагерлерінен  жәрмеңке  пайдасын  иемдену  құқығы  110  000  рубльге 
сатып алынған соң,  жәрмеңке жұмысын уақытша Кеңес басқарды. 
Жәрмеңке  саудасына  Бөкей  ордасының  халкы  жылдан-жылға  аса 
ынталылықпен  қатынасты.  бұл  туралы  Ресей  сауда  жэне  мемлекет 
мүлкі  министрлігінің  кеңесшісінің  ақпарында:  «Бөкей  хандығының 
жэрмеңкелеріңде  үлкен  торг  жүрді.  Ол  жәрмеңкелерде  орданың  тең 
жартысынан  артығы,  яғни  Бөкей  хандығы  қазақтарының  тең 
жартысынан  артығы  болады.  Сонымен  қатар  орыс  және  татар 
көпестерінің саны өсуімен бірге қазақ көпестерінің де саны өсуде» - деп 
атап көрсетілген болатын.*[13] 
Ішкі Бөкей Ордасындағы көктемгі жәрмеңкеге 1846 жылы сырттан 
1  183  саудагер  келді.  олардың  арасында  екінші  жэне  үшінші 
гильдиядағы 87 көпес болды. Ал 1847 жылы саудагерлердің саны 1 500-
ге  жетгі.  Жәрмеңке  территориясында  саудагерлер  салған  300-ге  жуык 
дүкендер тұрақты жұмыс жасады. 
Бөкей  Ордасының  Үялы  мекенінде  саудагерлер  75  мың  қой, 
Шапшағы мекенінде 50 мыңға тарта қой сатып алған. 

 
97 
1846-жылы  Бөкей  Ордасында  кірпіштен  89  үй,  ағаштан  59  үй 
салынды.  *[14] 
1846  жылы  көктемгі  жәрмеңкеге  1.5.7.3.  508  рубльдің  әртүрлі 
товары  әкелініп,  767.109  рубльдің  товары  сатылған.  Оның  ішінде 
сатылған мал және мал өнімдері: 
 
Мал және мал өнімдері 
Мал және мал 
өнімдерінің саны 
Олардың ассигнация бойынша 
орта бағасы 
Жылқы 
500 
35 рубль 
Ірі қара (сиыр) 
9460 
45-50 рубль 
Түйе  
420 
40-80 рубль 
Қой  
32511 
6-11 рубль 
Тері  
2300 
3-7 рубль 
Қой терісі 
5434 пұт 
50 рубль 
Түйе жүні 
7465 пұт 
7-8 р 50 коп 
Ешкі түбіті  
 
30-25 руб. 
 
Ішкі  Бөкей  ордасының  тарихына  байланысты  «Ставка  хана  
Киргизкой Орды» (Ішкі қазақ Ордасындағы Хан Ордасы) деп аталатын 
еңбегінде  М.Я.  Киттары  Жәңгірхан  жәрмеңкесі  туралы:  «қазақ 
халқының  сауда  істерін  жеңілдету  үшін  Хан  Ордасында  (ставка)» 
тұрақты  өткізілетін  2  жәрмеңке  болды.  Бірінші,  көктемгі  деп  аталатын 
жәрмеңкеде  товарлар  көп  сатылып,  ол  әдетте  20  сәуірде  басталады,  1 
маусымда  аяқталады.  Екінші,  керісінше  бірінші  деп  аталатын  күзгі 
жәрмеңке  қыркүйектің аяғында басталып қазанға  дейін өткізілді.  Осы 
уақытта    Жаңа  өзенде  жәрмеңке  басталып,  хан  Ордасына  келген 
саудагерлер  тезірек  сонда    баруға  асықты.  Бұрын  бұл  жәрмеңкелер 
қанша  уақыт  болса  да  ашық  алаңда    өткізілді.  Кейін  бұл  жағдайдың 
саудагерлерге  ыңғайсыздығын  сезінген  Жәңгір  хан  Хан  Ордасынан  4 
шақырым  жерде  өте  үлкен  Қонақ  ауласын,  салдырып  онда  235  лавка 
(дүкен)  болды.  1845  жылға  дейін  бұл  Қонақ  ауласы  сырттан  әкелген 
товар  сақтауға  жарамды  болды,  бірақ  осы  жылдан  бастап  басқа  
қалалардан  көп  адамның  келуіне  байланысты,    товар  сақтайтын  орын 
жетіспей, саудагерлер товарарларын киіз (ағаш) үйлерге орналастыруға 
мәжбүр болды. (15) 
1847 жылы  Ішкі  Бөкей Ордасындағы  20 сауда  орындарынының  
он  алтысы    татар  саудагерлердің    иелігінде    болды,  1885-жылы    95 
дүкеннің  көпшілігі татар саудагерлерінің меншігі еді.  1840-жылы Хан 
ставкасында Қазан қаласында тігілген аяқ киім (мәсі)  және бас киімдер 
сататын 32 татар саудагерлердің жылдық сауда айналымы 2 мыңнан 30 
мың  рубльге  жетті.  (16)  1849-жылғы  Ішкі  істер  Министрлігінің 
деректері  бойынша  Ордада  үзын  саны  89  кірпіш  үй  салынып, олардың 
ішінде  Хан  иелігінде  -  6,  сұлтандарда  -  4,  Орынборлық  мұсылман 
чиновниктерде  -  4,  орыстарда  -10,  Қазан  татарларында  -  13,  армян 
саудагерлерінде  -  2,  астрахандық  мещандарда  -  5,    қазақтарда  -  41  үй 

 
98 
болған.  Орда  тұрғындары  мен  маңайдағы  көшпенді  қазақтарға  қызмет 
керсеткен 49 лавка (дүкен) қысы-жазы тұрақты сауда-саттық жүргізген. 
Қазан  татарлары  1869  жылы  Жаңа  қала  (село  Новая  Казанка)  деген 
қоныс  салып,  сауда  орнын  қалың  қазақтың  ортасына  жеткізді.  Сол 
секілді  форт  «Таловая»  (қазақша  «Қарасу  мекені»)  аз  уақытта  сауда 
қалашығына айналып, бр мекенде 200-ден астам үй салынып, 2 мектеп, 
29 лавка, мешіт салынып, қолөнер кәсіп орындары пайда болды. (17) 
1870  жылы  көне  орындағы  сауда  лавкаларының  тозуына 
байланысты  Хан  Ордасынан  (ставка)  35  шақырым  жердегі  Ахун 
хуторында  қазынадан  бөлінген  56.161  рубльге    жаңа  жәрмеңке    алаңы 
салынып,  онда  316  сауда  орнынан  тұратын  12  сауда    корпусы 
орналасты. 
1872  жылы  Торғай  облысының  басқарма    архитекторы  академик 
Вебель 
Ахун 
Хуторында 
орналасқан 
жәрмеңке 
орнының 
жарамсыздығына  байланысты,  оны  жаңа    орынға  ауыстыру  туралы 
ұсыныс жасады, бірақ бұл ұсыныс жүзеге аспай, 1885 жылы жәрмеңкені 
сумен  қамтамасыз ету үшін Бүлдіргенді сайында су   жиналатын дамба 
(бөгет) салынды. (18) 
Ахун  хуторындағы  жәрмеңке  жылына    2  рет  7-25  мамыр,  14-25 
қыркүйек арасында өткізілді. 
Орда  жәрмеңкелерін  1874  жылы  Ресей  Ішкі  істер  Министрлігі 
бекіткен  уақытша  нұсқау  негізінде  құрылған  жәрмеңке  комиттетері 
ұйымдастырып басқарған. 
1880  жылдан  бастап  жәрмеңкеге  2-7  мың  адам  жиналды,  ал  XIX 
ғасырдың  70-  жылдарының  алғашқы  5  жылында  30мың,  кейінгі  5 
жылдығында 13 мың адам  жиналған еді. 
1887  жылы  Уақытша  Кеңес  жәрмеңкені  Ахун  поселкесінен 
Мұратсайға көшіру туралы ұсыныс жасады. 
1889 жылы Уақытша Кеңес Ордада үшінші жәрмеңке өткізу туралы 
ұсыныс жасап, осы жылы 15-21 желтоқсан аралығында жаңа жәрмеңке 
ашылды. 
Бөкей  Ордасында  И.С.Иванов  деректеріне  сайкес  хан  Ордасынан 
басқа  Казанка, Таловка  поселкаларында  және  Каспий теңізі  жағалауын 
бойлай орналасқан елді мекендерде тұрақты сауда өркендеген. Торғын, 
Таловка,  Қамыс  Самыр,  Нарын  бөліктерінен  мал  терісі  көршілес  Жаңа 
Өзен,  Самара  губерниясына  сатылған  Казанка  мекеніндегі  сауда 
айналымы    орта  есеппен  300  мың  рубльге  жетсе,  оның  жартысы 
қазақтардың мал және мал өнімдерін базарға салудан түсті. (19) 
 
 
 
 
 

 
99 
Хан ордасының Новый Қазан елді мекені  
жанындағы 1915 жылғы тамыз айындағы сауда  
Ведомосы 
р/с 
Саудаға түскен 
тауарлар, олардың саны 
және орташа бағасы 
(рубль) 
Саудаға түскен 
тауарлардың 
жалпы құны 
(рубль) 
Сатылған 
тауарлар жалпы 
саны және құны 
(рубль) 

Жылқы 519*80 рубль 
41520 
310/24800 

Түйе 483*45 
41538 
107/9202 

Мүйізді ірі қара 240*45 
108225 
600/27000 

Қой 180*7 
12620 
520/3640 

Мал азығы (шөп) 1150 
пұт*0,15 
172,5 
122/818 

Қарбыз 1000 дана*0,05 
500 
800/40 

Жылқы терісі 35*8 
280 
30/240 

МІҚ терісі 80*8 
640 
58/464 

Қой терісі 0,6*1135 
681 
1135/681 
10 
Ұн 144 қап*10 
1440 
93/930 
11 
Темір тор 20*1 
200 
8/80 
12 
Шаңырақ 30дана*8 
240 
12/96 
13 
Алма 2 арба*6 
12 

14 
барлығы 
207722,5 
67344,25 руб. 
 
Ішкі Ордадағы  жәрмеңкелерден  түскен қаржы көлемі: 
р/с 
Жәрмеңкелер аты 
Олардың өткен 
мерзімі 
Бюджетке 
түскен қаржы 
көлемі 

Ахун хуторы жанындағы 
Хан жәрмеңкесі (көктемгі) 
09-25 мамыр 
8323,8 руб. 

Самара бетіндегі Жаңа 
Қазан жәрмеңкесі (Жаңа 
Қазан елді мекені) 
01-07 тамыз 
263,7 руб. 

Таловская жәрмеңкесі 
25 тамыз-01 
қыркүйек 
735,12 руб. 

Ахун хуторы жанындағы 
Хан жәрмеңкесі (күзгі) 
14-25 қыркүйек 
4536,96 рубль 

Самара бетіндегі Жаңа 
Қазан соғым жәрмеңкесі 
(Жаңа Қазан елді мекені) 
01-07 желтоқсан 
54,29 руб. 
 

2 округтегі Бекмухамедов 
ордасындағы соғым 
жәрмеңкесі 
01-07 желтоқсан 
Қаржы түспеген 

 
100 

Хан ордасындағы соғым 
жәрмеңкесі 
15-21 желтоқсан 
430,10 руб. 

Барлық түскен қаржы 
көлемі 
 
14343,95 руб. 
 
Жәңгір  хан  жәрмеңкесінің  Батыс  Қазақстан  өңірінде  сауда 
қатынастарының  дамуына тигізген әсері туралы Ішкі Бөкей Ордасының 
тарихын  терең  зерттеген  А.  Евреинов:  «Орда  тек  өзіне  жақын 
губернияларды сауда товарларымен  қамтамасыз етумен қатар, сонымен 
бірге  Ресей  империясының  ішкі  тұтынушыларын  да  өзіне  таратып, 
олардың әртүрлі мұқтаждықтарын өтеуде. Сөйтіп бұл сауда- саттықтың 
тамаша қозғалысы болып отыр» деп жазған болатын. (20) 
Академик  С.Зиманов  Бөкей  Ордасындағы  жәрмеңке  саудасының 
жақсы  нәтижесінің  бірі ретінде  қазақ  және орыс еңбекші  бұқарасының 
өзара байланысының орнауы деп атап көрсетті. (21)  Орыс саудагерлері 
Хан  Ордасындағы  жәрмеңкеден  аса  зор  пайда  тапты.  Қазақтар  да  ез 
кезегінде  өздеріне  ете  қажет  орыстың  мануфактура,  галантерея 
товарларын алып қажеттеріне жаратты. 
Бөкей Ордасындағы Жәңгір хан ашқан жәрмеңке бір ғасырға жуық 
жұмыс  жасап,  1929  жылы  Кеңес  үкіметі  байларды  конфискациялап, 
жаппай ортақтандыру саясатына көшкен кезде жабылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
101 
ЕКІНШІ ТАРАУ 
ТОРҒАЙ  ОБЛЫСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ЖӘНЕ ЫРҒЫЗ УЕЗДЕРІ МЕН 
ЗАКАСПИЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ УЕЗІНДЕ 
САУДАНЫҢ ДАМУЫ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет