АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
 
 
 
 
 
 

 
36 
БІРІНШІ ТАРАУ 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА САУДА ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ 
§ 1.   Батыс Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуының 
саяси, әскери және экономикалық алғы шарттары 
 
Ресей  империясының  ұлан-ғайыр  евразиялық    континент 
территориясына  енуі, оның сыртқы  саясат  стратегиясына  өзінің  аса  
зор  ықпалын    тигізді.    Ресей    патшасы      І  Петрдің  «қырғыз-қайсақ  
даласы  барлық    Азия    елдерінің    кілті»    деген    идеясы    Ресей  –  Орта 
Азия  қатынастарының  негізгі  тұжырымына  айналды. 
Сөйтіп  Ресей  патшасы  І  Петр    Ресей  империясының  жаңа 
саясатының    негізін    қалады.    Оның    сыртқы    саясатын  екі    мақсат 
айқындады  - Европа  кеңістігіне  ену  және  Индияға  жол  ашу. (1) 
Ресей  континентальды держава болғандықтан  оңтүстікке  жол  тек  
қана    құрғақпен  ғана    салынатын    еді.    Осы    мақсатты    жүзеге    асыру  
үшін    алғаш    Бухгольц      және    Бекович-Черкасский    бастаған    2  
экспедиция  жасақталды.  Бұл  отрядтар  Ұлы   Моголдар   империясына  
дейін жете алмады.  Бірақ  осы   экспедициялардың   нәтижесінде  Орал  
мен  Ертісте    әскери    бекіністер    салынды.    Сөйтіп    Ресей    Қазақстан  
шекарасына  жақындады. (2) 
Алғашқыда  Қазақстанды  өзіне  қосып  алу  Ресейдің  жоспарында   
болған жоқ. Орыс  колонизациясының  негізгі  легі солтүстік  арқылы, 
орманды  даланы  жағалай,  Сибирь  және  Қиыр  Шығысқа  жетті.  Қазақ  
хандығының  жерін (территориясын)  тұтастай құрсаған жаңа  бекіністер  
жүйесі пайда  болып, шеп (линия)  жүйе  сызығы  табиғи шекара  арқылы 
өтті. Ертіс және Орал өзендері жер  бедеріне (рельефіне) сәйкес шекара 
жүргізуге  өте  қолайлы  болды.  Кейінірек  Солтүстік  Қазақстан  арқылы 
Орал  және  Ертіс  линиясын  жалғастыратын  әскери  бекіністер  тізбегі 
салынды.  Сөйтіп  Қазақстанның  батыс,  солтүстік  және  оңтүстік  
территориясын  түгел  қамтитын  әскери  бекіністер  торы  құрылып, 
Ресейдің сыртқы шекарасы  болат шеңбермен  қоршалды  да,  оңтүстікке 
қарай  қол  созуға  күшті  плацдарм  жасалды.  Әскери  елді-мекендердің  
ұйымдастырылуы Орал және Ертіс  өзенінің  бойындағы қазақ жерлерін 
тартып  алуға  жағдай  жасады.  Орта  және  Кіші    жүз    қазақтарының 
шаруашылығының 
табиғи 
негізінің 
бұзылуы 
көшпенділердің-
номадтардың  өмір сүру салтының бұзылуына әкеліп соқты. 
Алғашқыда  бұл  Қазақстан  жерін  колонизациялау  емес  Ресейдің 
Орал мен Оңтүстік Сибирь  даласын бағындыруының тікелей нәтижесі 
ғана  болып  есептелінді.  Кейінірек  Ресей  патшасы  І  Петрдің  әскери 
әкімшілік  реформасының  нәтижесінде    Ресей    ХҮШ  ғасырда  Орта 
Азияны өзінің сыртқы саясатында  негізгі бағытқа  айналдыра бастады. 

 
37 
Сөйтіп    империяның  негізгі  мүддесінің    Орта  Азияға  қарай    ауысуына 
байланысты  Ресейдің  жоспарлы  түрде  қазақ  жерін  игеруіне  әкеліп 
соқты. Соның нәтижесінде  ХҮШ ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстан 
(колонизация  процесінде)    жерін  Ресей  мақсатты  түрде  өз  қарамағына 
қосып  алу  саясатын    ұстанды.  Қазақстан    өлкесінде  әскери  бекіністер 
салынып,  қазақ жеріне жаппай қоныстандыру процесі басталды,  сөйтіп 
Х1Х ғасырда Қазақстанның Ресей  империясына қосылуы аяқталды. 
Қазақ  жерінде  қамалдар  салынып  Кіші  жүз  руларының  мал 
жайылымы мен  көші-қон жерлерінің  тарылып, орыс отаршылдығының  
күшейгені  туралы    Телжан  Шонанов:  «Қазақ  жер  мәселесі    тарихы»  
деген  еңбегінде «Сауда капиталын  қорғап, Орта Азияда оның мерейін 
үстем  қылуға  Жайық,  Ертіс  сияқты  қазақты  қоршап  жатқан  өзендерді  
қуалай шеп (линия) тартып, қамал орнатып,  атты  казак отырғызып жер  
алады. Бері  келіңкірегенде ортадан да қамал  тұрғызып, іштегі орысты  
көшіріп,  қазақтан  жер  тонайды.  Сол  үкімет    қазақ    жерін    кімге    алып  
берді? 
Бұрын Жайық  бойында  Гурьевпен Текеден (Орал) басқа қала жоқ. 
Неплюев  кезінде салынып, жер берілген қалалар мыналар: 
1.
 
Ақ теңізден Орынборға  дейін, Жайықты   жоғарылата    4 қамал, 
19 форпост салынып, Жайықтың  төменгі  шебі  делінген  Нижнеяйцкая  
линия,  ұзындығы  744  шақырым  болады.  Қамалдары:  Черноречинск, 
Татищев, Нижнеозерный, Рамспшит. 
2.
 
Орынбордан  Талқалаға  дейін,  Жайықтың  жоғарғы  шебі  
делінген  (Верхнеяйцкая  линия)  ұзындығы 561,5 шақырым. Бұл шепке 
9  қамал,  16  редут  салынған.  Қамалдар  аты:  Красногор,  Озерный, 
Илийск,  Көнірлі,  Орск  (Жаманқала),  Таналық    ордасы,  Магнитный, 
Талқала. 
3.
 
Талқаладан Бағыланға дейін Ой шебі (Уйская линия)  тартылып, 
9  қамал,  9  редут  салынған,    ұзындығы  753  шақырым    жер.  Қамалдар  
аты:  Үкіліқарағай,  Петропавловская,  Степная,  Троицк,  Қаракөл, 
Крутоярский, 
Усть-Уйск, 
Қырықбойлық, 
Бағылан. 
Бұлардың 
Укіліқарағай  мен Бағыланнан басқасын Неплюев салған. 
Қазақ    жерінің    ең  ардақтасы  –  Жайық,  Тобыл,  Ертіс,  Есіл  
өзендерінің көк  майсалы  жағалары  жат  жұрттың  табанында  қалды. 
Атты  казактарға  да  осы  жерлер  алынған,  оны  оқушым  қамал  салу  
ретінен  байқаған  болар»  деп  ашына  жазған  болатын. (3) 
  Кіші    жүз    территориясының    әскери    бекіністер    арқылы  
қоршалынып,  отарлық    құрсауға    алынуы    туралы  профессор 
Ж.Қасымбаев былай  деп  жазған  болатын: 
«1740-1743  жылдар  арасында   Кіші  жүзбен  Оңтүстік  Оралдың  
шекараларының  түйіскен  жерлерінде  көптеген  бекіністер салынды  да  
қазақтардың  көш-жайылым  жерлері  тарылды.  Кіші  жүздің  жерімен  
жапсарлас  тұста Воздвиженная, Рассыльная,  Ильинская, Таналыкская, 

 
38 
Уразымская,  Кизильская,  Магнитная,  Каракульская,  Крутоярская, 
Нижнеозерская, 
Перегибенская, 
Уст-Уйская, 
Елшанская, 
Красногорская, Губерлинская, Новосержевская т.б. бекіністер  салынды.  
Осы 
бекіністердің 
салыну 
барысында 
Кіші 
жүз 
ханы  
Әбілқайырдың    және  оның  жанындағы    ру  басы    белді    адамдардың  
әскери-тірек базалардың жедел салынуына  байланысты наразылықтары  
мен  ой-пікірлері  есепке  алынбады». (4) 
Сөйтіп  Кіші  жүз  жерімен  шектес  аудандарда  әскери  бекіністер  салу  
арқылы Ресей  қазақ  жеріне  ендеп  кіру  мақсатын   жүзеге  асыра бастады. 
ХVШ  ғасырда  Батыс  Қазақстанда  Жайық  казактарының  әскери  
территорияның    қалыптасу    процесі    жеделдей    түсті    де,  бұл      регионның 
экономикалық,  ұлттық  құрылымдарын үлкен өзгеріске ұшыратты. 
ХVШ  ғасырдың  орта  тусында  Жайық  бекініс  линиясының  
бекіністері мен  редуттары  толығымен  қалыптасып  болды. Осы тұста 
Жайық  линиясында  (шебінде)  14  бекініс:  Переволоцкая,  Татищев,  
Рассыпная,  Нижнеозерная,    Чернореченская,  Калмыковка,  Сахарная,  
Кош-Уральская,  Кулагина,  Тополева,  Баксаева,  Елек    қалашығы  және 
Жайық қалашығы толық салынып бітті. (5) 
1748  жылы  Батыс  Қазақстанда  казактарға  хуторлар  салуға  рұхсат 
берілді. Осы  кезде Батыс Қазақстанда Кіші  жүз  руларының   қазақтары  
негізгі жергілікті тұрғындар болып қала  берді,  сонымен қатар Жайық 
немесе  Орал  казачествосы    деп  аталатын  әскери  казактар  регионның 
(аймақтың) жаңа қоныстанушылары ретінде көбейе  бастады. 
«Ведомость  имеющихся  по  Яику    реке  крепостях,  редутах  и 
форпостах  за  1742    и  1753  г.г.»  (1742  және  1753  жылдардағы  Жайық  
бойында    орналасқан    бекініс,    редут  және  форпосттардың  ведомості)  
деп  аталатын  құжаттағы  мәлімет бойынша:  шеп (линия)   бойындағы  
гарнизон әскерлері 4841 адам, оның ішінде 1052 солдат уақытша әскери 
қызметте  болған. Ұлттық құрам бойынша  орыстар 68,2%,  басқа  ұлттар 
31,8%    болды.  Әскери  тізімде  1174  орыс  казактар,  207қалмақ,  3075 
башқұрт, 26 ноғай барлығы 10375 адам  шеп бойында тұрды. (6) 
«Уральское казачье войско» деп аталатын А.Рябининнің  кітабында 
1801  жылы  генерал-лейтенант  Медер  жинаған  мынадай  деректер 
келтірілген: Әскери территорияда 30277 адам, оның ішінде 14981 ерлер. 
Осылардан  29588 адам  казак  сословиесіндегілер  болып  есептелініп, 
14618 еркек әскери қызмет атқарған. (7) 
Х1Х  ғасырда  казачествоның  саны  арта  түсті.  М.Н.Сдыков  әскери 
казактардың өсу динамикасы туралы мынадай деректер келтіреді: (8) 
 
жылдар 
адам саны 
өсу мөлшері 
1723-1801 
16203-29588 
1,82 есе өскен 
1801-1852 
19588-57803 
1,91 есе өскен 
1853-1897 
57803-119595 
2,1 есе өскен 

 
39 
«Казачьи  войска»  анықтамалығының  деректері  бойынша  1743 
жылы  Жайық  бойындағы  шепте  1700,  ал  Гурьев  шебінде  170  казак 
қызмет еткен. 
1877  жылы  олардың  саны  Орал  қаласында  300-500-ге  дейін,  ал 
Гурьевте  200-ге  жеткен.  Жайық  шебі    (Яицкая  линия)    өзеннің  
оңтүстігіне созылып, 14 бекініс, 9 қорған, 40 форпост, 3 қарауыл бекеті 
(құрылып)  салынған. 
1801-жылы  Ресейде  әскери  губернаторлық    басқару  жүйесі  
енгізілді.  Шекаралық  губернияларды    басқару  үшін  әскери  шені    бар 
адамдар    тағайындалды.  Ол  жергілікті    жерде    әскери  және  азаматтық 
істердің    бәрін  басқарды.  Х1Х-ғасырдың  60-жылдарының  аяғында  
Қазақ жерінде Дала, Түркістан, Орынбор губернаторлықтары құрылды.  
(9) 
1824-жылы    Кіші    жүзде    жаңа    басқару    жүйесі    енгізіліп,  Ресей 
империясы билікті  толығымен  өз  қолына  алды.  Осы  жаңа  басқару 
жүйесіне  сәйкес  «бұрынғы    сұлтандар  саяси  өмірде    басқарушы  роль 
атқара алмады».    
Тарихшы  И.П.Ерофеева  Кіші  жүз  территориясының    отарлануы 
туралы  маңызды  мәселені  В.Н.Татищевтің    қызметімен    байланыстыра 
келіп былай  деп жазады: «Орынбор  өлкесінде 2 жыл қызметте болған 
В.Н.Татищев Жайық және оның салаларының бойында бұрын салынған 
бекіністерді  күшейту және жаңа бекіністерді салуда біршама жұмыстар 
жүргізді.  Ол Переполоцкая, Чернореченская,  Ельшанская,  Карагайская, 
Иткульская бекіністерінің  негізін  қалады  және Бердская,  Губерлинская 
бекіністерінің құрылысын аяқтады. 
Осы бекіністерге Ландмилецкая және Драгунская полктері Закамск  
линиясынан    аударылып    көшірілді.  Жаңа  бекіністер  салумен  қатар 
В.Н.Татищев көршілес  елдер  және  халықтармен сауда  қатынастарын  
дамыту  мақсатына өте көп  күш жұмсады, сөйтіп ол 1738 жылы  Орск  
бекінісінің    жанынан  қала    сыртында    қазақтар    және  Орта  Азия 
көпестерімен    тұрақты  сауда    орнату  үшін    айырбас    сауда    сарайын  
(меновой двор)  салдырды. Дәл осы жылы  П.И.Рычковтың  деректеріне  
сәйкес  ең  бірінші  рет  орыс  көпестерінің Ташкент, Хиуа және қырғыз-
қайсақ  (қазақ)    халықтарымен  Орынбор  жәрмеңкесі  өткізілді.    Осы 
жылы (1738)  В.Н.Татищев Орск  қаласынан Пенза  жаяу әскер полкінің  
поручигі  Карл  Миллер      басқарған  20  мың  рубль  товары  бар  сауда  
керуенін    Ташкент  қаласына    аттандырды.  Кіші    жүздің      Ханы  
Әбілқайырмен  арадағы  шарт  бойынша  кіші    жүз    қоныстарында  
керуенді  қазақ  батырлары  басқарған  сенімді  басшылар  жол  көрсетіп 
қорғады.  Бірақ    осы  керуенді  Орта  жүз  старшындары  (аулынайлары)  
тонауға ұшыратып, ХҮШ ғасырдың 30-жылдары Ташкенттен  Орынбор  
линиясына    тікелей    сауда    жолын    қалыптастыру    ісін    орыс  
чиновниктері  жүзеге  асыра алмады».     

 
40 
«Соған  қарамастан  -  деп  жазды  тарихшы  И.П.Ерофеева  –  Кіші  
жүздің  және  Орта  жүздің    бір    бөлігінің  орыс  мемлекетіне    бағынуы 
Қазақстан  мен  Ресей  арасында    өзара  тиімді    шаруашылық-мәдени 
байланыстардың орнауына  алғы  шарттар  жасады. Ор өзенің бойында 
жаңа    қаланың  салынуы  және  қала    сыртында    қазақтармен  айырбас 
сарайының ашылуы, Кіші  жүздің  көптеген  руларына  Жайық  өзенін 
бойлап    көшуге    рұхсат  берілуі,  линияларда    орыс-қазақ,  қазақ  –  Орта 
Азия    саудасының  жандануы    көшпенді    қазақтардың  экономикалық 
өмірінде үлкен  маңызға  ие болды және   жергілікті  қазақ  халқы   осы  
өзгерістерді  үлкен қанағаттанғандықпен қарсы  алды». (11) 
1810-жылы    Орынбор  губерниясына  Елек  және  Бердянка 
өзендерінің  арасындағы жерлер  қосылды, ал 1817-жылдан бастап осы 
өңірге  форпостар  салынып,  қоныстанушылар  көшіріліп    әкеліне 
бастады.  Сонымен  қатар  Ресей  өнеркәсібі  мен    халықтарының  
қажеттілігі үшін осы өңірден  тұз  өндіру ісі жолға қойылды. (12) 
ХIХ-ғасырдың  екінші  ширегінде  Орынбор  қазақтары    мекендеген 
өлкені  патша  үкіметі  территориялық  жағынан  игеріп,  Ресей 
империясына  толық  қосу  іс-шараларын  жүзеге  асырды.  Осы  кезеңде  
өлкеде 
жаңа 
территориялық 
бірлік-дистанциялар 
енгізілді. 
Дистанциялар  бекіністер  арасында  орта  есеппен  2000  шаруашылықты 
біріктірген  участкелерді    біріктірді.  Бұл  жаңа  жобаның  авторы  1825-
1844  жылдар  арасында  Орынбор  шекара  комиссиясының  председателі  
қызметін  атқарған  Г.Ф.Генс  болды.  Ол  1830-жылы  Төменгі  Орал 
линиясын  инспекторлық  тексеру  іс  сапарында  шығып,  сұлтан 
Қайыпғали  Есимов  басқарған  көтеріліс  кезіндегі  линияның  әскери 
жағдайымен танысты. 
Г.Ф.Генстің  бұл  сапары  туралы  А.Ф.Рязанов:  «шекаралық 
линияның  қорғаныс  жүйесімен  жергілікті  жерде  танысып  полковник 
Г.Ф.Генс істің жағдайын өте төмен деп бағалап,  шептің орда тарапынан 
болатын шабуылдардан қорғана алмайтынын атап көрсетті»  деп жазған 
болатын.  Патша  үкіметі  үшін  осы  қиын  жағдайдан  шығудың  жолын 
Г.Ф.Генс  өзі  тауып,  қазақ  старшындары  мен  ру  басыларына  өздерінің 
қарамағындағы жер  участкелеріндегі қазақтардың іс-әрекетін бақылап, 
хабарлауды тапсырды. (13) 
1822 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы Устав» Кіші 
жүз    қазақтарының  наразылығын  туғызды.  Қазақтарды  тыныштандыру  
үшін  патша      үкіметі    жаңа    қадам    жасауға    мәжбүр      болды.  Сөйтіп 
аймақта 1831 жылы  дистанциялық басқару  жүйесі  енгізілді. 
Дистанциялық  жүйені  енгізу  туралы  шешім    1831  және  1839 
жылдары  қабылданды,  бірақ  дистанцияларды  енгізу  жұмысы  Х1Х 
ғасырдың  алпысыншы жылдарына дейін жүргізілді. Батыс  Қазақстанда  
барлығы  57  дистанция  құрылды.  Олардың    алғашқылары:  Сакмарская, 
Елек,  Жоғарғы    Орал,  Орта  Орал,  Төменгі  Орал,  Гурьев,  Ішкі  Орда, 

 
41 
Өзен  т.б.  болды.  Кейінірек  ірі  дистанцияларды  ұсақ    дистанцияларға  
бөлу  арқылы    олардың  саны    өсірілді.  Кіші  жүз  даласын  толық    қамту 
үшін дистанциялардың жалпы санын 75-ке жеткізу  жоспарланды. 
1831-жылы  дистанциялар  Звериноголовскі  бекінісіне    дейін 
құрылды. 1831-1841 жылдар арасында  37 дистанция құрылды. 
1838  жылы  дистанциялар  Жаңа  линия  қарсысындағы  бекіністер 
мен форпостыларда құрылды. ХIХ ғасырдың 40-жылдары дистанциялар 
көшпенді  адайлар  мекендеген  –  Новоалександровск  бекінісі    жанында 
пайда болды. 
Кіші жүздегі дистанциялар далалық деп аталынады. 
Далалық  дистанциялардың  құрамындағы  шаруашылықтар  саны 
азырақ,  бірақ  олардың  мекендеген  территориясы  өте  үлкен  болды. 
Негізінен әр дистанцияға 2000-ге жуық шаруашылық енді. 
Орынбор  әкімшілік  территориясында  қазақ  тұрғындарының 
көбеюіне  байланысты  жаңа  дистанциялар    құрыла  бастады.    Орынбор 
және  Сибирь  ведомстволарының    далалық    өңірлерінің  жаңа 
шекараларын  белгілеу  кезінде  жаңа  дистанциялар  пайда  болды.  1841 
жылы  жаңадан  10  дистанция  (№32-№41)  құрылып,  оның  құрамына 
Орынборға бағынатын Орта  жүздің арғын руының қазақтары кіргізілді. 
1845 жылы   Батыс   Қазақстанда 51 дистанция   құрылып, олардың 
24-і  далалық, 27-сі шептік  (линия)  деп аталынды. 
1847-жылы    №52-55  дистанциялар    құрылып,  олардың    құрамына  
Орта  жүз   арғын рулары  енді. 
1848-жылы    Қарабұтақ  бекінісіне  (форт)    жақын    жағалбайлы 
рулары  мекендеген жерде  № 56  дистанция  құрылды.  Ал 1850-жылы 
Кіші және Үлкен Қобда  өзендері  бойында  № 57  дистанция   құрылған 
болатын. 
1857  жылы    Батыс  Қазақстанда  құрылған  57  дистанцияның  32-сі 
шеп  бойында  орналасты,  ал  25-і  далалық  болып  есептелді.    Бұл 
территориялық бірліктер Орынбор ведомствосының   далалық бөлігінде 
37 жыл  бойы (1831-1868)  жүйеленді. 
Дистанциялық  жүйенің  енгізілуіне  байланысты  В.Ф.Шахматов 
былай  деп  жазды:  «Дистанциялардың  құрылуы  Қазақстанда  патша 
үкіметінің позициясын күшейтті,  сөйтіп орданы басқару жүйесін Ресей  
басқару жүйесіне жақындатты». (14) 
Академик  С.Зиманов  Кіші  жүзде  241   ресми  және  167  ресми  емес 
правитель  басқарушылардың    болғандығы  туралы  деректер    келтірген. 
(15)  Добромыслов  ресми  начальниктердің  санының  ресми  емес 
бастықтардан  екі есе көп болғандығын жазады. (16) 
Дистанциялық    жүйедегі    негізгі  басты  тұлға    дистанция  бастығы 
болды.  Оның  қарамағында    сұлтан-управитель  және  старшиналар 
болып,  олардың бәрі  жоғарыдан  бекітілді. Батыс Қазақстандағы 348 ру   

 
42 
басылардың  арасында  241  сұлтан-управитель  ресми  түрде  бекітілді. 
Сонымен бірге старшиналар-ауылнайлар да тағайындалды. 
Х1Х  ғасырдың    қырықыншы    жылдары  барлық    тағайындаулар 
Орынбор генерал-губернаторының бұйрығымен жүзеге асырылды.» 
«Ерекше  старшиндар»    немесе  «құрметті  ақсақалдар»    деп 
аталынған ру басылары мен ауыл басшылары  өзіне  бекітіліп берілген  
участкелердегі  істің  жайына    жауап  беруге  тиіс  болды.  Бұл  участке-
дистанциялар Гурьев пен Бударинск форпостының арасын қамтыды. 
Г.Ф.Генстің  дистанциялық  жүйе  жобасын  Орынбор  әскери 
губернаторы П.П.Сухтелен бекітті. 
Алғашқыда 5 дистанция құрылып, оның басшылары тағайындалды: 
 
 
Дистанция бастығы 
Дистанцияның реттік саны мен 
шекарасы 

Өзбекғали Нұралиев 
сұлтан 
№1 дистанция. Гурьевтен Сарайшыққа 
дейін 

Табылды Шахғазин 
сұлтан 
№2 дистанция. Жаман-қала 
форпостынан Зеленскіге  дейін 

Барқын Бұтанбаев 
№3 дистанция. Орлов форпостынан 
Красноярға  дейін 

Есенгелді Жанмырзин 
№4 дистанция. Калмыков бекінісінен 
Калиновсккая  форпостына  дейін 

Баймұхамед Айшауқов 
№5 дистанция. Бударин форпостынан 
Сахарный  бекінісіне  дейін 
 
Кіші  жүзде  жаңа  ірі  әкімшілік  реформасы  1831  жылы 
«дистанциялық  жүйе»  -  деген  енгізілген  кезден    бастап  жүргізілді. 
шекара  шебімен  шектесіп,  Атыраудың  Звериноголов  қамалына  дейінгі 
аралықты    алып  жатқан  барлық  көші-қон  жерлері    37  учаскеге  – 
дистанцияға  бөлінді.  Дистанция  басына  үкімет  тағайындаған 
старшындар  мен  сұлтандардан  бастық  қойылды.  Олар    билеуші 
сұлтандарға  бағынды және қазақ қауымын қазақ шонжарлары арасынан 
тағайындалған старшындар арқылы басқарды. Бұл реформа шекаралық 
аудандарда қазақтар  тәуелсіздігінің  соңғы қалдықтарын жойды. 
Дистанциялық  жүйені  енгізу  қазақтарды  саяси  тәуелсіздіктен 
айырып  қана  қоймай,  сондай-ақ  оларға  тұрақты  саяси  бақылау  орнату 
мақсатын көздеді. 
Дистанциялық  бастықтар  қазақтар  арасынан  шығуы  мүмкін  әр 
түрлі  наразылық  туралы    билеуші  сұлтандар  мен  Орынбор  Шекара 
комиссиясына  хабарлап    отыруға  міндетті  болды.  Осымен  қоса  олар 
өздеріне  сеніп  тапсырылған  дистанцияға    бағынышты  қазақтарды 
«патша  ағзамға  шын  берілген  адал  құл    рухында  тәрбиелеуге»    тиіс 

 
43 
болды.  Бір  сөзбен  айтқанда  дистанциялық  бастықтар  орыс  үкіметінің 
даладағы бақылаушысы әрі тыңшыларының міндетін атқарады. 
1834    жылы  Каспий  теңізінің  шығыс  жағалауындағы  Қайдақ  
шығанағында Александров бекінісі салынды, 1840 жылы ол Маңғышлақ 
түбегіне  көшірілді.  Сөйтіп  Арал  мен  Каспий  теңіздерінің    аралығында 
көшіп  жүрген,  әлі  де  болса  өз  тәуелсіздігін  сақтап  отырған  Адай 
руының қазақтарын бағындару үшін бекініс база  қалыптасты. (17) 
Кіші  жүз  қазақтарының саяси дербестігін жоюмен  бірге құнарлы  
жерлерді  тартып  алып,  оған  орыс  казактарын  орналастыру  жоспарлы 
түрде жүргізілді. 
1811  жылы  Новоилецк  Шебі    деп  аталатын  құрылысқа  кірісу 
ұйғарылды. Бұл Шепті салу біраз  кештеу, 20-жылдардың басында іске 
асырылды. Соның салдарынан Елек пен Оралдың  аралығындағы су мен  
жайылымға бай жерлер Кіші жүз қазақтарынан тартып алынды. 
1835  жылы  «Жаңа  Шеп»    құру  басталды.  Ол  Ор  және  Троицк 
қамалдарының  аралығымен  тура  бағытпен  дерлік  тартылды.  Осынау 
кеңістікте  Қыпшақ  пен  Жағалбайлы  рулары  көшіп  жүрген  еді.  Осы 
шептен батысқа  қарай 10 мың шаршы шақырымнан  астам  барлық жер 
қазақтардың  пайдаланылуынан алынып  қойды. (18) 
Сонымен    жерді    тартып  алу,  приказдар  құру,  Жаңа  және  Ескі 
Шептерін    салу  қазақ    бұқара  халқының  тіршілік  ету  жағдайына  өте  
нұқсан  келтірді.  Өйткені  қазақтар  үшін    жер    мәселесі  басты      мәселе  
болды,  жақсы  жер,  шұрайлы    жайылыммен  өзен-көлдері  болмаса,  мал 
өсіруге    де  болмайтын  еді.    Жақсы  жерлер    мен    жайылымдардан 
айрылған соң  көшпелі мал шаруашылығы құлдырай бастады. 
Жерді,  тұз  кенін,  Каспий  теңізіндегі,  Оралдағы,  кейін  Сырдария, 
Ырғыз, Торғай, Тобыл және Арал  теңізіндегі балық өндірісін оброктік 
күтімге    бергені    үшін    ерекше    алым    тағайындалды.  Үкімет  орман 
байлығын,  өзен  тоғандарын  және  жер    қойнауы    байлығын 
монополиялап алып, оларды жергілікті  қазақ  халқын  аяусыз  қанаудың 
құралдарына айналдырды. 
Орынбор  Шекара  комиссиясы  төрағасының  жарлығымен  1837 
жылы    Шеп    маңындағы  жерлерді    көшіп  конған  қазақтарға  ақшалай 
алым  енгізілді.  Ол  мал  басына  қарай  жүргізілді.  Жылқыға  –  9  тиын, 
мүйізді ірі  қараға – 6 тиын,  қой мен ешкіге – 3тиыннан  ақшалай алым 
жиналды. 
Тек  үш    жылда,  1837-1839  жылдары  ғана  көшіп  қонғаны  үшін 
қазақтардан 60078 сом ақша жиналды. (19) 
Х1Х    ғасырдың  30  жылдары    Қазақстанға    шабуылын    күшейткен  
патша    өкіметі    қазақ  даласына  мықтап  бекініп  алды.  Бұл  жағдай  40 
жылдары да  күшейе түсті. 
Қазақстандағы өз позициясын барынша  нығайту  үшін 1844 жылы  
Жаңа  Маңғыстау    шығанағы    игерілді    және  ол  жерде    Жаңа  Петров  

 
44 
бекінісі  салынды,  1845  жылы    Торғай  мен  Ырғыз    өзендері  бойында 
бекіністер  орнатылды,  1847  жылы    Сырдария  өзенінің    төменгі  
сағасында    Райым    бекінісі,  1848  жылы    Қарабұтақ    және    Қосарал  
қамалдары    салынды,  1848-1849  жылдары  Арал  теңізінде    флотилия 
ұйымдастырылды. 
Патша  үкіметінің    отаршылық    саясатының    мән-мақсатын  ерте  
түсінген ІІ Дума депутаты  Бақытжан  Қаратаев  1907 жылы 16 мамырда  
думаның    пленарлық  мәжілісінде    сөз    алып,  «…  Мемлекетіміздегі 
шиеленісіп  отырған    аграрлық  мәселені    Далалық    облыстар    жеріне, 
Семей    және  Жетісу    облыстарының    жеріне    қоныс    аудару    арқылы 
шешкісі  келетіндер    бар.  Мұндай    көзқарасты    парламентке    егіншілік  
пен  жерге  орналастыру  ісін  басқарушы князь  Васильчиков,  сондай-
ақ    Министрлер    төрағасы    Столыпин      таратып    отыр.  Осынау  
қоныстандыру…    қазақтар    шаруашылығының    күйзеліске    ұшырап,  
ыдырауына    әкеліп    соқпайма    деп    ешкім    сұраған    емес.    Жергілікті  
халықтың  мүдделерімен  есептеспей    келген    қоныстандыру  қалай  
дегенмен  де  әділетсіздік  болып  табылуға  тиіс.  Ол қашанда  күштінің  
әлсізді  қанауы  деп  қабылданбақ». (20) 
Осылардың  нәтижесінде  Х1Х  ғасырдың 50-жылдардың  басында  
таман    бүкіл    Қазақстанды    іс    жүзінде    патша    өкіметі  жаулап    алып  
отарлау  ісін  толық  жүзеге  асырды. 
Х1Х-ғасырдың  40-жылдары  Ресей    империясының    үкіметі  
Қазақстан  жерін  отырлау  саясатын  күшейте  түсті. Сөйтіп Кіші  жүз  
жерін   қоршап әскери  бекіністер   жүйесін   орната   бастады. Орынбор 
өлкесінің    генерал-губернаторы  Н.А.Крыжановский:  «Қазақ    даласы  
алдымен  Орынбор өлкесі  үшін,  сонымен қатар Ресей  үшін  өте  қажет. 
Қазақ  даласынсыз  біздің  шаруашылығымыз  көп  нәрсені  жоғалтқан 
болар  еді.  сол    жоғалтатын    нәрсемізді    біз    қазақ    даласын    өзімізге  
қаратып,  өз  иелігімізге  қарату  арқылы  ғана  орнына  келтіре  алған  
болар  едік»  - деп,  орыс  мемлекетінің  отаршылдық  саясатын  ашық  
атап  көрсеткен  болатын. (21)  
Кіші    және    Орта    жүз    территориясында    әскери    бекіністердің  
салынуының  негізгі    себебі    Кенесары    бастаған    көтерілісті    басу. 
Өйткені    қазақ    даласындағы    ұлт-азаттық    көтерілістерді    басу    үшін  
әскер    жинау,    жазалаушы    әскерді    қару-жарақпен    қамту, 
көтерілісшілердің    ізіне    түсіп    қудалау    үшін    патша    үкіметіне    көп  
уақыт    қажет  болды.    Сондықтан  Орынбор  басшылығы    көтерілісті  
толық    басып-жаншу    үшін    жергілікті    жерде    тұрақты    әскери    база  
құру  туралы  мәселе  көтерді.  Сөйтіп  қазақ  даласында  әскери  бекініс  
салу  күн  тәртібіне  қойылды. 
Осының    нәтижесінде    1845    жылдың    басында    Ресей  
императорының    жарлығы    шығып,  онда:  «Орынбор    ведомствосының  
қазақ  даласында  тұрақты  екі  пункт  орнату  қажет.  Біріншісі:  Ырғыз  

 
45 
өзенінің    бойында,  Айырқызыл    және    Қарақоға    шатқалдарының  
арасында,  екіншісі:  Торғай    өзені  бойында,  Тосын    құмының    мен 
Тайпақтың  жоғарғы   өткелі  арасында.» (22) 
Патша жарлығын  орындай  отырып Орынбор генерал-губернаторы 
В.А.Обручев  1845  жылы  31  майда    №  462  бұйрығымен  Орынбор  
шекара        комиссиясының    төрағасы    генерал-майор  Ладыженскийге  
жоғарыда    аталған    бекіністерді    салуды    міндеттеді.  Бұл  бекіністер  
қадағалау  қызметін  атқаруға  тиіс  болды.  
Бекіністер    орналасқан    жерлер    мынадай    талаптарға    сай    болуы  
керек    еді:    көктемді    қар    ерігенде    су    жиналмайтын,    бекініс    маңы  
жайылым  және шабындыққа  қолайлы,  отын  дайындау  үшін  қажетті  
қамыс  пен  қарағаш, қурайы мол  жерлерді  таңдау  қажет  болды. (23) 
Ырғыз  және  Торғай    өзендерінің    бойына    салынуға    тиіс  
бекіністердің    құрылыс    жұмыстары    және    әскери    гарнизонды    азық-
түлікпен  алғашқы  1 жылда  толық  қамтамасыз  ету  үшін  қазақтардан  
жиналған  түтін  салығынан  Орынбор  әскери  губернаторы  жанында  
ерекше    тансырмалар    жөніндегі    жұмыстарды    атқаратын    коллеж  
асессоры  Андрюковке 65067  рубль  37  тиын  күміс  ақша бөлу  туралы  
нұсқау  берілді. (24) 
Ырғыз және  Торғай  өзендерінің  бойында  орналасқан  Орынбор   
және    Орал    бекіністері    Ташкент,  Орск    (Жаманқала)    және    Троицк  
қалаларынан келетін  керуен  сауда  жолдарының  бойында  орналасты. 
Бекініс  салу    барысында    патша    үкіметінің    әкімшілігі    оны  тек  
қана  бекініс  ретінде  ғана  емес  аймақтағы  сауда  орталығы  ретінде  
қарастырды. Сөйтіп  бұл  іс-әрекет  өлкенің  экономикасын  көтеруге  өз  
ықпалын  тигізді. 
1845  жылы    5  қазанда  Орынбор  әскери    губернаторының    Ырғыз    
және Торғай  өзендерінің  бойында айырбас  саудасын (жәрмеңке)  ашу  
туралы  №1581  бұйрығы  жарияланды.  Бұл 
бұйрықта  орыс  
саудагерлеріне    жаңадан    игерілген    қазақ    даласындағы    бекіністерде  
жергілікті  халықпен  айырбас  сауда  жүргізуіне  рұхсат  берілді. Осы  
бұйрық    негізінде  Орынбор    қалалық    депутаттар    Думасына  
қазақтармен    сауда    жасау    еркіндігі    туралы    орыс    саудагерлеріне  
хабарлау  міндеттелінді. (25) 
Сонымен  қатар  бекініске  отбасымен  көшіп  келген  әскери  
казактарға    жаңа    мекенге    қоныстынғалы    үшін  21  рубль  66  тиын 
жәрдем    ақы,  үй,    қора  тағы  басқа  құрылыстар  салу    үшін    65  рубль  
ақшалай  қаражат  бөлінді. Осы  жеңілдіктер  бекініске  қоныстанғандар  
үшін  1891 жылғы 5 наурыздағы  жаңа  ереже  қабылданғанға  дейін өз 
күшінде  болды. (26) 
Патша    үкіметі    Орал  (Ырғыз)    бекінісінің    Орынбор    қаласымен 
байланысын  орнықтыру үшін  почта  қызметін  жолға  қоюға  тырысты. 

 
46 
Орал (Ырғыз)  бекінісі  мен Орынбор (Торғай)  бекіністерінің  арасы 200  
шақырым, Орск  қаласына  дейін 400  шақырым  болды. 
1845 жылы мамыр айының ортасында Ресей империясының  әскери  
қызметкері    майор  Назаровтың    басқаруымен  құрамында    150  жаяу 
әскер, 100 аттылы   казак  әскер,  12 адам  бекітілген  2  зеңбірегі   бар  
батареядан    құралған    әскери    отряд  Торғай    облысының    Ырғыз  
өзенінің    бойындағы    Жармола    елді-мекеніне    келіп  Орал    бекінісінің  
негізін  салды.  Бекініс    алғашқыда    осы    әскери    базаны    салуға  
жұмылдырылған  әскери  казактардың  келген  жерінің  атымен  аталды.  
(27) 
Алғашқы    кезде  Ырғыз    бекінісінде  164    әскери    қызметкерлер  
және  іс  сапармен  белгілі  бір  уақытқа  келіп-кетіп  жүрген  226  басқа  
да  әскери  шенділер  тұрды. 
Инженер-прапорщик  Михайловтың  басшылығымен  Орал  (Ырғыз)  
бекінісінің    құрылысы    жедел    жүргізіліп  гарнизон,  оқ-дәрі    қоймасы, 
әскери  комендатура, тұрғын үйлер,  ат қора  сияқты  объектілері  іске  
қосылды. кейінірек  бекіністе  христиан  (православиелік)  шіркеуі,  он  
орындық  аурухана, почта  үйлері  салынды. 
Орал  бекінісінің  орнын    белгілеп,  әскери-географиялық    тұрғыдан  
негіздеген  Ресейге  1823-жылы  келген  Орынбор  әскери  округі  бас  
штабының полковнигі Иван Федорович Бларамберг өзінің  «Естеліктер»  
деген кітабында: «14 күн бойы көліктен  түспестен  жүріп отырып, мен 
Орал  әскери    бекінісін  салуға  орын  таңдап  алу  үшін  Ырғыз  өзенінің 
төменгі  құйылысына  келіп  жеттім.  1841-жылғы    экспедициядан  бері 
Ырғыз өзенің  оң жағындағы биік жар қабақ – Жармола есімде  жүретін, 
ол  алыстан  көрінуші еді. Мен бірден соған тарттым. Ырғыздың тайыз  
суын  кешіп   өтісімен  Жармоланы  тауып  алып, оның  суретін  түсіруді  
бұйырдым.  Бұл  жер  шамамен  Орскіден    400    шақырым    қашық.  6-
июльде гарнизон әскерлері (жаңаша 19 тамыз) құрылыс алаңына әндете  
барып,  жұмысқа  кірісті.  30  август  (жаңаша  қыркүйек)  1845  жылы   
әулие Александр күніне  жаңа  форт  салтанатты  түрде  ашылды»  деп  
жазған  болатын. (28) 
Орал  (Ырғыз)  бекінісінің  қазақ  жерін  отарлаудағы  маңызын  
Фридрих  Энгельс  1858-жылдың  3-қарашасында  «Нью-Йорк  дейли 
трибун» газетінде жарияланған «Ресейдің Орта Азияға қарай  қозғалуы»  
деген мақаласында былай деп атап көрсетті: «Өзі аттас  өзен бойындағы  
Ырғыз  бекінісі    (қазақ)    даласының    оңтүстік    бөліктерін  қорғаудың 
орталық  пункттері  қызметін  атқаруда,  олардың  және  Орал  өзені  
бойындағы  қалалардың  арасында  жол бойымен  көлемі  кіші  форттар, 
сонымен  қатар  бір-бірінен  10  немесе  12  миль    қашықтықта  құдықтар  
салынды».  Ресей  патшалық  үкіметі  1845  жылы  Ырғыз  (Орал)  
бекінісіндегі    гарнизонда  150  жаяу  әскер,  100  әскери  казак,  2  зеңбірек  
ұстады. 

 
47 
1868  жылы  Ырғыз  Торғай  облысының  уезд  орталығы  болды  және  
қала  статусын  (1869)  алды.  Жаңа  басқару  құрылымы  негізінде  Ырғыз  
уезі 3 крестьяндық  бөлікке бөлінді. 
Бірінші Ырғыз  крестьян  учаскесі 4 болыс,  40 ауыл 6534  отбасын  
қамтыды.  Екінші  Қарабұтақ    участкесінде  3  болыс,  33  қазақ,  1  орыс  
ауылдары    мен  5240    отбасы  болды.  Үшінші    Шалқар  участкесінің 
құрамына 5 болыс, 43  ауыл 7490 отбасы енді. 
Ырғыз  уезд  начальнигіне  бағынатын  3  крестьян    начальниктері  
әуелі    12  болыс,  1880-жылы    13    болысқа    бірігіп,  127  300    шаршы  
километр    территориясы    бар    әкімшілік    аумақта    74585  адам  
мекендеді. (29) 
Ырғыз   бекінісі   тек   әскери-әкімшілік   қызмет   қана    емес, үлкен  
сауда  орталығының  да ролін  атқарды. Ресми  қала  атанғаннан  бастап 
(1869)    Ырғыз    бекінісі    Орта    Азияны    Ресеймен    байланыстыратын  
үлкен  сауда  жолының  бойына  орналасқандықтан  Санкт-Петербург, 
Орынбор, Орскіден  шыққан  әскери  отрядтар  мен сауда  керуендерінің  
және почта  тоқтап  өткен  маңызды  сауда  орнына  айналды. 
1869-жылдың    аяғында    Х1Х    ғасырдың    70-жылдары    Орынбор  
өлкесінің    генерал-губернаторы  Н.А.Крыжановскийдің    Ресей    ішкі  
істер    министрлігі  Ырғыз    өңірінде    әскерилердің    қажеттілігі    үшін  
тұщы    су    көздерін    табу    мақсатында    арнайы    экспедиция  
ұйымдастырып,  осы    жұмысқа    18  мың    рубль    жұмсалды.    Торғай  
облысының  әскери губернаторының ішкі істер  бөлімінің 1872 жылғы 
21 желтоқсанда  Орынбор  генерал-губернаторына Ырғыз қаласын тұщы 
сумен  қамтамасыз  ету  туралы  жазған  қатынас  қағазына  орай  1873 
жылы    24-ақпанда  Ресей  жол  қатынасыминистрлігінің  тас  жол,  су 
қатынасы  департаменті    бөгет  салу  және  артезиан  құдықтарын  қазу 
мақсатында зерттеу  және  жобалау  жұмыстарын  жүзеге  асыру  үшін  
статс Кеңесші, инженер   Лебедевті Ырғызға жіберген. (30) 
Ырғыз  уезінің  Ақтөбе  уезімен шектескен  жеріне  Қарабұтақ форты 
салынды.  Бұл  бекініс  бұрынғы  керуен  жолының  бойына  орналасты. 
Орта  Азиядан  Ресейге  товар    толыған  керуендер  Қарабұтаққа  соғып 
демалыс  жасады,  олардың  жүктерін  әскерлер  күзетті.  Қарабұтақ 
фортының орталық алаңы – цитадель – терең ормен қоршалды.  Қалаға 
тек қана орталық қақпа арқылы кіре алатын болды. Қала қарауыл және 
артиллерия мұнаралары арқылы күзетілді. Қарабұтақ форты  Орынбор - 
Ташкент  почта  трактісінің  бойынша  орталасқандықтан  сауда 
қатынастары үшін өте қолайлы болды. 
1899  жылы  21  наурызда  Ресей  патшасы  II  Николай  жарлығы 
бойынша  Қарабұтақ  форты  селолық  қауым  құқығын  алды.  Бұл  тұста 
Қарабұтақта 600 адам тұрып, олардың  көпшілігі  татарлар болды. (31) 
Қарабұтақтағы лавкалардың товар айналымы 50 мың рубльге жетті. (32) 

 
48 
1868-жылғы  21-қазанда  «Уақытша  Ереженің  күшіне  енуімен 
байланысты  Орал  бекінісі  өзі  бойында  орналасқан  Ырғыз  өзенінің 
атымен аталатын болды. Осы мерзімнен бастап Ырғыз бекінісі 1 мыңға 
жүық  тұрғыны  бар  уездік  қала  салтына  көшіп,  қаланы  негізінен 
қазақтар,  татарлар  және  башқұрттар  қоныстанып,  олар  қала  халқының 
87% құрады. Қала халқының 33% әскерилер мен саудагерлер болды. 
ХХ-ғасырдың  бас  кезінде  Ырғыз  қаласы  сауда  орталығына 
айналды.  «Қала  шаруашылығы  туралы»  Ереженің  23-бабына  сәйкес 
және  Торғай  облыстық  басқармасының  1901  жылдың  10  маусымдағы 
жазбаша  пәрменіне  байланысты  Ырғыз  қаласында  жылжымайтын 
мүлікті  бағалау  комиссиясы  құрылды.  Осы  комиссия  құрамына 
көпестер  құрамынан  Н.Ғаббасов,  М.Молдарахметов,  қазақтардан 
Ж.Сүгірбаев,  жергілікті  мещандар  өкілі  ретінде  В.Неровнов  сайланды. 
(33) 
Осы  комиссия  шешімімен  жылжымайтын  мүлікке  салынған 
салықтың 1 % қала бюджетіне аударылды. 
1869-жылы    Орынбор  казак-әскери  батальонының    әскери  
бөлімдері    күшімен  Ақтөбе    әскери    бекінісінің    негізі    салынды.  Бұл  
бекінісінің    салынуы  Торғай    даласында    үкіметке    қарсы  халық  
қозғалысын    басып-жаншу    қажеттілігінен    туындаған    болатын.  1868 
жылғы  «Дала    облыстарын    басқарудың    уақытша  Ережесіне»    сәйкес  
қазақ    жері    мемлекет    иелігінде    деп    жарияланып,    жергілікті    қазақ  
халқының  жерге құқығы  шектелінді. 
  1869-жылдың  басында  Елек  және  Қобда  өзендерінің  аралығына  
құрамында  Орынбор  казактарынын  №  4  батальонының  2  ротасы, 
Орынбор  казактарының  жүздігі,  169  жауынгерлік  губерниялық  
батальон  командасы  және  14  зеңбірекші  бар  әскери  отряд  келіп  жетті. 
Бұл  әскери  отрядтың  негізгі  мақсаты  Елек  уезіндегі  қазақтардың 
көтерілісін басып-жаншу және Орта Азияға шабуыл жасау плацдармын 
даярлау  болды.  1869-жылы  14-мамырда  Ақтөбе  шатқалына  полковник 
Ю.А.Борх  бастаған  әскери  отряд  келіп,  бес  күннен  соң  артиллериядан 
бірнеше  дүркін  (залп)  оқ  атып,  осы  оқиға  әдейі  келген  Торғай 
облысының  әскери  губернаторы  Л.Ф.Баллюзектің  рұхсатымен  Ақтөбе 
бекінісінің негізі  қаланды. (34) Бұл тарихи оқиға туралы Петербургтен 
шығатын «Биржевые новости»  газеті: «Ақтөбе бекінісінің орны ретінде 
Елек өзенінің сол жағалауы, Илецкая защита бекінісінен 180 шақырым 
(верст), Ильинск  станицасынан 170 шақырым жердегі Қарғалы өзенінің  
құйылысындағы,  Орынбор-Қазалы  керуен  жолына  жақын  жер 
таңдалды»  деп жазған болатын. (35) 
  Ақтөбе  бекінісінің  алғашқы  орналасқан  территориясының  көлемі 
8900 десятина  жер болды. Осы аумақта Қарауыл алаңдары, гауптвахта, 
қару-жарақ  қоймасы  салынды.  Алғашқыда  Ақтөбе  бекінісінде  357 
солдат қыстап шықты. (36) 

 
49 
1878 жылы  Ақтөбе  бекінісіне  қоныс  аударушылардың  алғашқы  
легі    көшіп  келе  бастады.    Ақтөбе    бекінісіне    Каюдин,  Бербетов, 
Мощенский  отбасылары  көшіп  келіп  қоныстанды. Елек  өзенінің  көк  
шалғынды,  топырағы    құнарлы    шаруашылыққа    қолайлы    Ақтөбе  
бекінісі  орналасқан  жеріне  қоныстанушылар  көптеп  орналасты  да,  
тез    арада    шаруалары  түзеліп,  көп    байлыққа    қол    жеткізді.  Ақтөбе   
бекінісінде  алғашқы  көпестер  пайда  бола  бастады.  Тухтин, 
Подковырков, Барков, Габбасов  сияқты  Ақтөбелік көпестер  ірі  сауда  
орындарын  иеленіп,    сауда    ісін  ұйымдастыруда    үлкен    жетістіктерге  
жетті. (37) 
Ақтөбе  бекінісінің  қалыптасып  дамуының  алғашқы  кезеңі  1845-
1870 жылдардың    арасын қамтиды. 
1880-1905    жылдар  арасы    Ақтөбе    бекінісінің    әкімшілік  сауда  
орталығы ретінде  даму  кезеңі  болып  табылады. 
Торғай    облысының      Ақтөбе    уезіне    қоныстанудың    кең    түрде  
жүзеге  асырылуы  Х1Х ғасырдың 80-жылдарынан  басталды. 
1880-жылы  Ақтөбе  бекінісі  қала статусын алды. 
1904  жылдың  аяғы  мен  1905  жылдың  басында  Қоныстану  
басқармасының ерекше тапсырмалар  бойынша  қызметкері  (чиновнигі)  
И.А.Молодыхтың  бастамасымен  Торғай  облысының    Қостанай  және  
Ақтөбе  уездерінде  қоныстанушылардың  шаруашылық  жағдайларын  
зерттеу жұмысы жүзеге  асырылды. Зерттеу жұмыстарының  тек Ақтөбе  
және Қостанай  уездерімен  ғана  шектелуі  Торғай  облысының  Ырғыз  
және  Торғай  уездерінің  жерінің  құнарсыз,  сортаң  болғандығына  
байланысты    қоныстанушы  шаруаларды    қызықтырмай,  қоныстану  
басқармасысы  бұл уездерді  назардан тыс  қалдырды. 
Қоныстанушыларды  негізінен жері құнарлы  егін  шаруашылығына  
қолайлы Қобда, Елек және Ойыл өзендерінің алқабы  ғана  қызықтырды. 
1905-жылдың  басына  дейін Ақтөбе  уезіне 1340  отбасы  көшіп келді,  
оның  құмында  8840  адам  болды. Ақтөбе  уезіне  қоныс  аударушылар  
Ресейдің  26  әр түрлі  губернияларынан  көшіп  келген  болатын.  Оның  
ішінде    Воронеж    губерниясынан  202  отбасы,  Самара    губерниясынан 
191  отбасы,    Орынбор    губерниясынан    122  отбасы    көшіп    келіп,  
Ақтөбе  уезінің   Аралтөбе, Теректі, Ақтөбе  және  Тұзтөбе  болыстарын  
мекендеді. (38) 
1869 жылы  негізі  қаланған  уездік  бекініс  Ақтөбе  (Актюбинск)  
қаласының    қалыптасу    кезеңінде    1887    жылы    хан    ұрпақтары  – 
сұлтандардың    64    шанырағының    жерлері    бекініс-қаланың      аумағын  
кеңейту  үшін  алынып  қойды.  Ойсылқара  деп  аталатын  отырықшы  
болыстың    өзінің      шешімі    (приговоры)    бойынша    бұл    сұлтандарға  
қыстау    және    тұрақты    жайлау    ретінде    1882    жылы    облыс    аралық  
сьезд    ортақ    жайлау    ретінде    бекіткен    Шилі    жерін    осы    жерлерге  

 
50 
мүдделі  Торғай, Орал  және  Закаспий  облыстарының  көшпенділерінің  
пікірлерін  ескерместен  бөліп  берген болатын. 
Ойсылқара болысының   ортақ  жайлауды  иемденуі туралы  дұрыс  
емес    және    заңсыз    әрекеті    туралы    Мырзағұл    Шыманов    Ырғыз  
уезінің  көшпенділерінің  өкілі  ретінде  ішкі  істер  министріне   арыз  
берді,  ол оны  жаңа  құрылған  облысаралық  сьездің  қарауына  бұйрық  
берді. 
1892    жылы    министрдің    жарлығымен    құрылған    облысаралық  
съезд  өте    қызу  жағдайда    өтті.  Ақтөбе    уезінен    басқа    уездердің    47  
сайлаушылары    сұлтандардың    64    шаңырағына    Шилі    жерін    бермеу  
керек,  немесе  оларға  бекітілген  жер  көлемін  өте  көп  деп  тауып, ол  
жердің    көлемін    кеміту    керек  деп    тапты.  Сөйтіп    47    сайлаушы 
Ойсылқара  болысының  20    сайлаушыларының    шешімін    бұзды,  ал 
Ақтөбе  уезінің  өз  шешімдерін  қайта  бекітті. (39) 
Съезд    төрағасы    Цервицкий    отырықшы    Ойсылқаралықтарға  
ашық  қолдау  көрсетті.  Ол  сьезге  қатынасқан  көшпелі  көпшіліктің  
қаулысы      төраға      ретінде    оның    қатынасуынсыз    қабылданды,  
сондықтан  заңсыз  болды  деп  есептелінді. 
Торғай облыстық  басқармасы  Цервицкийдің  ұсынысы  бойынша, 
сьезге  қатынасқан  отырықшы  азшылықтың  қаулысын бекітті.  Сөйтіп  
Шилі  көшпенділердің  емес, сұлтандардың  пайдасына  шешілді. 
Осыдан  11  жылдан    соң    1903    жылы    Ойсылқара    болысының 
Шиліге    орналасқан    64    сұлтан    шаңырағы    өздері    қоныстанған  №6  
ауылының  артық  5000  десятина   жерін  молокандарға   жалға   берді,  
сөйтіп    көшпенділердің    сұлтандарға    жердің    өте    артық    берілгендігі  
туралы  айтқандары  айқындалды. (40) 
1853 жылы  наурыз  айында  қазақтар  жөнінде  саяси  мәліметтер  
жинау  үшін  Азия  Департаментінің  кеңесшісі, шығыс  тілдерін  жақсы  
білетін Осмаловский  Арал  бекінісіне  аттандырылады. Ол 1853  жылғы  
орыстардың  Ақмешітке    қарсы    жорығына    байланысты  қазақтардың  
көзқарасын    анықтап,  осы    жорықтарға    қазақтың    батыр,  билері  Есет 
Көтібарұлы,  Елекей  Қасымұлы,  Жанқожа  Нұрмұхамедұлы  тағы  
басқаларды  қоныстандыруға  үгіттеуі  тиіс  болды. (41) 
Кіші  жүздегі  үш  бөліктің  сұлтан-правительдеріне  Ақмешіт  
жорығына  байланысты  жеке-жеке    нұсқаулар    берілді.    Батыс  және  
Орта  бөліктің  сұлтан правительдері Орал  және Арал  бекінісіне  дейін,  
шығыс  бөліктің  правителі  Қарабұтақ  форты  мен  Орынбор  
бекіністерінің    аралығында    орыс    әскерлерін    тосын    шабуылдардан  
қорғау    жөнінде    тапсырма    алады.    Кіші    жүз    қазақтарына    жорыққа 
қажетті    түйе    жинау    міндеті    жүктеледі.    Осы    жерде    бір    ескеретін  
жағдай – жорық  кезінде  жиналатын  түйенің саны  үнемі өсіп  отырған.  
Мәселен, 1853 жылғы  Шекара   комиссиясы  есебінде  қазақтардан 8253 
түйе    жинағаны    баяндалады.  Сонымен  қатар  халықтан  жиналған 

 
51 
түйелер  Орынбор,    Орск,  Илецк    қорғаны,  Орал  бекіністеріне  
жөнелтіліп отырған. 
Ақмешіт  жорығына  түйе  беруден  бас  тартқаны  үшін  Есет 
Көтібарұлын жазалау  жөнінде  Орынбор  бекінісінің  бастығы  капитан 
Михайловқа    бұйрық    беріледі.    Капитан    Михайлов    Есет  ауылын 
кездестіре  алмайды  да,  бұл  қозғалысқа  мүлдем  қатысы  жоқ 
Жақайымның  ауылын  жазықсыз  жазалап, 300-ге жуық түйесін,  тағы 
да басқа малдарын  айдап  бекініске  оралады. (42) 
Енді Есет Көтібарұлы  түйе жинау ісіне көмектен бас тартып қана 
қоймай, қасына 1 мыңға жуық адам жинап алып, түйе жинаушылардың  
ісіне  кедергі жасап, жолына тосқауыл  болады. 
Қазақтарға    түйе    жинау    міндетіне    қоса  Орынбор    мен  Ақмешіт 
аралығында,  яғни  әскер  жүретін  жолдарда  көшіп-қонуға  тиым 
салынады. Осыған байланысты 1853 жылы  9-маусымда В.А.Перовский 
былай деп жазады: «17 мамырда Орынбордан  шығып, 7 маусымда Арал 
бекінісіне    жеттік.  930  шақырым  жерде  бірде-бір  қазақ  ауылын  
кездестіре алмадық». (43) 
Сөйтіп  қазақ  жерін  отарлаушы  орыстар  қарудың  күшімен 
стратегиялық  маңызды  мекендерді  басып  алу  арқылы  қазақ  елінің  
экономикалық  жағдайына  үлкен зиян жасады. 
Гурьев  қалашығы    Жайық  өзенінің  оң  жағалауында,  Жайықтың 
Каспий теңізіне құятын сағасынан 10 шақырым (верст)  жерде салынды. 
Гурьев  Орынбордан  744    шақырым,  Жайық  (Орал)  қалашағынан  474 
шақырым, Астраханнан 400 шақырым қашықтықта орналасқан. 
Гурьев  қалашығы  Жайық  бойына  орналасқан  бекіністер  ішіндегі 
әскери тұрғыдан ең дұрыс және жақсы салынған бекініс деп есептелінді.  
Гурьев  бекінісі  қалың  тастан    қаланған  төртбұрышты    қоршаудың  
ішінде  орналасты.  Қамалдың бұрыштарына бастиондар қойылды. 
Бекіністің    Жайыққа  қараған  шығыс  жағында  қаланың    қақпасы 
болды. 
Қоршаудың  ішінде  ағаштан  салынған  бекініс  комендантының  үйі, 
шіркеу, казарма, амбарлар, тұрғын үйлер орналасты. Тастан тек қана оқ-
дәрі    дүкені    салынды.  Жайықтың    төменгі  ағысының  бойында  әскери 
казактар    мен  тұрғындардың  бекініс  қоршаудың  ішіндегі    үйлер  мен 
қоса есептегенде  100-шақты тұрғын үйлері  болды. 
Гарнизонда  1  рота  жаяу  әскер  және  60  әскери-казактар  тұрды. 
Сонымен  қатар  Гурьев    бекінісінде  астрахандық  көпестер    мен 
жергілікті қолөнершілер өмір сүрді. (44) 
Елек  бекінісі    немесе  қорғанысы  Орынбордан  Жайықтың  арғы 
бетіндегі қазақ даласына қарай 62 шақырым (верст)  жерде, атақты  тұз 
өндіретін мекенде  орналасты. 
1754  жылы  жазда  инженерлік  команданың  нұсқауымен  шағын  
бекініс  салынып,  оған    зеңбіректі    шағын  батарея  орналастырылды.  

 
52 
Осы  жерде гарнизон
 
үшін  казармалар, азық-түлік  дүкендері  салынды. 
Тұрғын  үйлер   мен  казармалар үшін   күз  бен  қыста  Орынбордан отқа  
жағатын    ағаш,  бекініс  тұрғындары  үшін  азық-түлік    ат  арба, 
шаналармен тасылды. 
Елек бекінісі  орналасқан жерде Орал  өзенінен  өтетін  ағаш  көпір  
іске  қосылды. Бекініс  қадалармен  бекітіліп, 1770-жылы  бекіністе 350 
әскери    казактар    тұрды.    Қорғаныс    мақсатында    бекіністің    қоршау  
бөлігіне  12 зеңбірек  орналастырылды. 
Гарнизон    казактары    мал    шаруашылығымен    және  балық  
аулаумен    айналысты.  Отбасының    иелігінде    50  ат,  100  қой,  30  арасы 
бар  шаруа  бай  деп есептелінді. (45) 
Орынбор    генерал-губернаторы    В.А.Перовский  өзінің  толық  
жүзеге   асыра   алмаған  Хиуа   жорығына   шығар  алдында    Кіші   жүз  
жеріндегі    Мұғаджар    тауының    батыс    бөлігінің    Орынборға    қараған  
бағытындағы    Арал    теңізінің    бойынан    2  бекініс    салуды    ұйғарды. 
Өткені    В.А.Перовский    5  мыңнан  астам    атты    әскері    бар  Хиуа  
отрядына    жолшыбай    қажетті    азық-түлік    пен    жем    шөп    қорын  
орналастыруға    және    осы    бекіністерді    Кіші    жүз    жерін    Ресей  
мемлекетінің    құрамына    қосу    плацдармына    айналдыруға  
пайдаланғысы  келген  болатын. 
1839  жылы Эмба (Жем)  бекінісін  салу  ісі Орынбор корпусының  
обер-квартирмейстерлік    бөлігінің    полковнигі    А.А.Жемчужниковке 
тапсырылды. 
1839  жылы   жазда   кішігірім  Аты  Жақсы   өзенінің  Эмба  (Жем)  
өзеніне  құятын  тұсында  Эмба (Жем)  бекінісі  салынды. Бекіністе  630  
әскери  казактар  қызметке  қалдырылды. (46) 
1824-жылы  Кіші   жүзде   хан   билігі   таратылды.  Батыс Қазақстан  
территориясы   жаңа   әкімшілік  аймақтарға   Батыс, Орта  және  Шығыс  
бөліктерге  бөлінді. 
1845 жылы салынған Орал әскери бекіністегі  гарнизонда 150 жаяу 
әскер, 100 казак-орыс атты әскер, 2 зеңбірек  ұстады. 
1836  жылы  адайлардың  көтерілісін  басу  үшін  Маңғыстау  түбегіне  
казактардан құрылған полк енгізілді. 
1782 жылы ІІ Екатерина патшайым қазақ  даласында  тәртіп  орнату  
үшін  Орынбор  өлкесіндегі  қырғыздар  (қазақтар)  үшін  Шекаралық  
экспедиция  деп  аталатын  ерекше  басқару  жүйесін енгізген  болатын. 
Орынбор  өлкесін  басқару  ісін  қолына  алған  барон  Игельстром  
Кіші  жүзде  хандық  басқаруды  жою  және  губернияларды  басқару  
бойынша  жалпы  тәртіптер  енгізу  туралы  жобаны  жүзеге  асыруға  
кірісті. 
1809 жылы князь Волконский қазақ ордасын басқару жөніндегі хан  
Кеңесін  тағайындады.  Осы  кезеңнен  бастап  қазақтардың  жерін  
Орынбор  әскери  казактардың  меншігіне  тартып  алып  беру  ісі  жүзеге  

 
53 
асырыла  бастады.  1810  жылы  Елек  және  Бердянка  өзендерінің 
аралығындағы  тұз  өндірілетін  жерлер  Орынбор  губерниясының  
құрамына  алынды, 1817  жылы  осы аралықта  форпостылар  салынып, 
әскерилерді  қоныстандыру  басталды. 
1835  жылы    Жамақаладан    Троицкіге    дейінгі    жерлер    (Жаңа  
шекара шебі) Орынбор  әскери  казактарына  кесіліп  берілді.  (47) 
Тек  Орынбор    өлкесінің    өзінде    ғана    «өлкеде    тыныштық    пен  
тәртіп    орнату    мақсатымен»    Орынбор  (1845),  Орал  (1845), 
Новопеторовск  (1846),  Қарабұтақ  (1846),  Райым  (1847)    және  Ембі 
(1862)  бекіністері    құрылды.  Бұл  бекіністер  орыс    мемлекетінің    қазақ  
жәріне  ендеп  кіруінің  басты  тірегі  болды. 
Орынбор    өлкелік    әкімшілігі    осы    бекіністер    жанынан    казак  
қоныстарын  ұйымдастырды.  1849  жылы    Новопеторовск    бекінісінде  
18, Райым бекінісінде 26, Орынбор бекінісінде 10, Орал бекінісінде  10, 
Қарабұтақ  бекінісінде  4    отбасынан  тұратын  жаңа  әскери  казак  
қоныстары  пайда  болды. (48) 
1845 жылы  Орынбор (Торғай)  және Орал (Ырғыз)  бекіністерінің  
салынуымен    орыс  үкіметі    өзінің    қазақ    даласында    үстемдік  етуін  
нығайтты. 
Орынбор    өлкесін    генерал-адъютант    Катенин  басқарғаннан  
бастап, осы  өңірді  генерал Безактің  басқарған кезінде  қазақ даласын 
басқару  жөнінде  терең  реформалар    жүргізілмеді.  Сондықтан  генерал 
Безак  1865 жылы  3 қаңтарда өзінің басқа жұмысқа  ауысып Орынбор 
қаласымен  қоштасуына  арналған  салтанатты    түстік  аста  сөйлеген  
сөзінде    астамшылықпен    былай    деген    болатын:  «Мен  Орынбор 
өлкесін басқарған кезде шеп бойындағы, далалық (аудандық)  және Ішкі 
Бөкей    Ордасындағы    қазақтар    басқарудың    жетілдірілген    жүйесін 
қабылдауға  толық  дайындалды,  қырғыз  (қазақ)    даласындағы  
тыныштық    нығайтылды.  Өлкеден    кетерде    мен  басқарған  кезеңде  
бірде-бір      бас  көтеру    болған    жоқ    деп  айта    аламын,  ал  бұл    сөзді  
бұған дейін ешкім айта алмады.»  Осы сөздер  генерал Безактың  қазақ  
даласына    және  басқару    жүйесіне    деген  отаршылдық    көзқарасын  
толық  білдірген  болатын. (49) 
1869-жылы  21 қазанда  Жоғарғы  мәртебелі Ресей императорының 
жарлығы бойынша  бұрынғы Орынбор қырғыздарының (қазақтарының)  
облысынан  екі  жаңа   облыс – Торғай және Орал  облыстары  құрылды.  
Торғай облысының құрамына бұрынғы Орынбор қазақтары  облысының 
барлық Орта және Шығыс бөліктері,  Орал облысының құрамына Батыс 
бөлігі    кірген    болатын.  Осы    облысқа    сонымен  қатар  Орал  әскери 
казактарының  территориясы енді. 
1868-1869 жылғы  реформаларды Кіші жүз  жерінде  жүзеге  асыру  
қазақ  халқының  наразылығын туғызды. Сондықтан елдің  қарсылығын  

 
54 
басып-жаншу  үшін  Орал  және  Торғай  облыстарының  территориясына  
әскери  казак  отрядтары  жіберілді. 
1869  жылы    көктем,  жаз  және  күзде  қазақ    даласындағы  
толқуларды  басу    және  Қарғалы,  Елек  өзендерінің    құйыласында  
Ақтөбе  бекінісін   салу үшін  бірнеше әскери  отряд  Торғай облысының  
жеріне  тұрақтандырылды.  Торғай    облысы    Елек    уезі  (8  болыс,  51 
ауыл),  Торғай  уезі    (5  болыс,  23  ауыл)  және    Ырғыз  уезі  (7  болыс  59 
ауыл)  құралды. (50) 
Батыс  Қазақстан  аймағында  бекініс  қалалары  сауда  орталығына  
айналдыру    арқылы    патша    үкіметі  Кіші    жүзге    Ресейдің    үстемдігін  
орнатып,  тек  қана    саяси    жағынан    тәуелділік    емес,  оған    қосымша  
экономикалық жағынан  да  бағынышты  ету  жолын  қарастырды. Осы  
мақсат    туралы    В.Долинский:  «сауда    өзіне-өзі    жол  ашады,    тек  
әкімшіліктен сәл ғана жәрдем  керек, почта  және  сауда  жолдарының  
бойындағы    жер    участкелеріне    орыстар    мен  қырғыз  (қазақ)  
қоныстарын  ұйымдастыру,  әкімшілік  және сауда  орталықтарын  құру  
сияқты      шараларды    жүзеге    асыру    қажет»    деп    отарлық    саясатты  
жандандырудың  тиімді  жолын  көрсетіп, ашық  жазған  болатын. (51) 
Сонымен  қатар  1868-жылғы    әкімшілік    реформаларды    жүзеге  
асыру  туралы  комиссия  құжаттарында: «мұнда  біздің  осы  өлкемен  
және  Орта  Азиямен саудамыздағы  ең  маңызды  бұйымдардың   бірі – 
мануфактура    өнімдері,  орыс    саудагерлерінің    өздеріне  үлкен    пайда  
келтіре  отырып, малға  айырбастауына  немесе ақшаға  сатуына  үлкен  
мүмкіндігі  бар». (52) Орыстар  үшін  сауда  жағдайларының  қолайлы  
екені    соншалық,    тіпті    казак    қоныстарының    өзі    Сібір    өлкесінде  
үлкен    қалаларға,    ірі    сауда    орталықтарына    айналды.    Орынбор  
даласында    орыс  әкімшілігінің    берік    орнығуымен    егер  уезд  
басшылықтары  қолайлы  жерлерге  орналастырылса, онда  ол мекендер 
де… сауда  орталықтарына  айналады деген дәмедеміз» - деп  жазылды. 
(53) 
Патша  чиновниктері    қазақ    жерін    отарлаудың    ең    қолайлы  
құралы  сауда  байланыстарын  орнату  деп  есептеді. Сондықтан  олар: 
«даланы  отарлауды    жер  өңдеуші    (егіншілерден)    адамдардан    емес, 
сауда    және    кәсіпкерлерден    бастау    қажет.  Саудамен    отарлау    үшін  
облыстардағы дала  бекіністері  басты  тірек бола  алады, өйткені,  бұл  
жерлерде    қоныстанғандардың    қауіпсіздігі    мен    сауда    мүдделері  
толық  қорғалады»  деп  көрсеткен болатын. (54) 
Сонымен  қатар  реформаны  дайындау  комиссиясы  құжаттарында  
сауда  орталықтарына  айналған  әскери  бекіністер  мен  орыс  қоныстары  
туралы:  «үкімет  тарапынан  ешқандай  құрбандықты  қажет  етпейді,  
қырғыздардың 
наразылығын 
туғызбайды, 
және 
қырғыздарды  
ығыстыруға  мәжбүр  ететін  жер  өңдеу  қоныстарынан  гөрі  әлдеқайда 
пайдалы  және  жарамды болды.  Ол  қоныстар мен  бекіністер дала  мен 

 
55 
Империя  арасында,  материалдық  мүдде  түрғысынан    да    біздің  
өркениетіміздің  көшпелілерге  ықпалы  жағынан да  сенімді  байланыс  
жасауға қызмет  етеді»  деген  тұжырымдар  нақтыланды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет