АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 2. Батыс Қазақстан керуен сауда жолдары және сауда



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 2. Батыс Қазақстан керуен сауда жолдары және сауда 
қызметтерінің түрлері мен ұйымдастырылуының  формалары 
      
       Батыс  Қазақстан  территориясымен  өте  ерте  заманнан  бері 
керуен сауда жолдары жүрген.  Оны  Земарх, Плано Карпини мен В.В. 
Рубрук, Фадлан еңбектері дәлелдейді. Орта Азия рыногына  шығу үшін 
және  Қазақстан  шикі  затын  өз  қажеттіліктеріне  пайдалану  үшін  Ресей 
мемлекеті  Қазақстан  жерінен  өтетін  керуен  сауда  жолдарын  тиімді 
пайдалануға ертеден-ақ тырысты. Ресей мемлекетінің ішкі және сыртқы 
сауда  саясаты  :  «Ресейдің  батыс  рыноктарында  басымдылық  алған 
уақыты  өтті,  ал мұның өзі  біздің  жаңадан  шығыс рыноктарын  және ең 
алдымен таяудағы Орта Азиядағы рыноктарды іздестіруді міндеттейді.» 
деген принципке сай жүргізілді (1). 
       Ресейден  Орта  Азия  хандықтарына  Қазақстан  арқылы  жүретін 
алғашқы  керуен  жолының  біреуі  туралы  1595  жылы  Федор  патшаға 
Ресей  елшісі  Вельямин  Степанов  берген  мәліметте  кездеседі.  Бұл  жол 
Қазаннан  Кама  өзеніне  Башқұрт  жерімен  Уфа  арқылы  немесе  Уфаға 
соқпай-ақ Жайықтың жоғарғы жағына жетіп, одан әрі Ырғыз өзені және 
Қазақстанның  шөл  далаларымен  Талас  Алатауына  қарай  созылады. 
Талас  Алатауы арқылы Ташкентке жеткен. Бұл керуен жолымен  Ресей 
және  Қазақстан  арасындағы  сауданың  дәнекері  болған  Орта  Азия 
саудагерлерінің керуендері тауар тасыған (2). 
        Ресей  патшалығы  Қазақ  хандығымен  өзара  сауда  қатынасын 
өрістетуге  мүдделілік  білдіріп,  ХҮІІ-ғасырдың  90-жылдарында  қазақ 
даласында  Андрей  Неприпасов  пен  Василий  Кобяков,  Федор  Скибин 
мен  Матвей  Трошин  бастаған  елшіліктер  болып,  Қазақстан  туралы 
көптеген мәліметтер жинайды. Осы мәліметтер негізінде 1667-жылы 14-
ақпандағы  1-Петрдің Грамотасымен карта жасалынды. Онда елшіліктің 
Тобылдан  Түркістанға  дейінгі,  Бұқара  арқылы  Жайыққа,  Еділге  және 
Уфа  арқылы  Тобылға  жүретін  жолдары  түсірілген.  Осы  картаның 
негізінде  Семен  Ремезов  «Сібірдің  сызба  кітабын»  жазды.  Онда    үш 
жүздің  территориясы    көрсетіледі.  С.Ремезов  карталарын  орыс 
көпестері пайдаланған (3). 
      Сөйтіп 
ХҮІІ-ғасырдың 
өзінде-ақ 
сауда 
экономикалық  
байланысты  күшейту  мәселесі  ең  бірінші  орынға  қойылды.  Өзара 
елшіліктердің, сауда керуендерінің саны өсті. Әскери – саяси одақ құру 
мәселесі, отарлау саясаты күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатты жүзеге 
асыру  үшін  ХҮІІІ-ғасырда  Ресей  үкіметі  елшіліктер  мен  ғылыми 
экспедицияларды кеңінен пайдаланды. Ресей үкіметінің дипломатиялық 

 
56 
тапсырмасымен  Меңдияр  Бекчурин  1780-1781  –  жылдары  Бұхараға 
сапар  шекті.  Ол  Бұқараға    ескі  керуен  жолдары  арқылы,  яғни 
Орынбордан  шыққан  соң,  Ырғыз  және  Сырдария  өзендерінің  бойымен 
Қызылқұм  арқылы  Қуаңдария  мен  Жаңадария  аңғарларын  бойлай 
отырып  Бұқараға  жеткен  болатын.  1793-жылы  Бланкеннагель  мен 
Холмогоров  Хиуаға  Орынбордан  Аралдың  шығыс  беткейі  арқылы 
барып,  келесі  жылы  Орынборға    Маңғыстау    арқылы  қайтып  оралды. 
ХІХ-ғасырда орыс зерттеушісі Э.А. Эверсман Орынбор өлкесін зерттеп, 
1825-1826  –жылдары  Ф.Ф.Берг  экспедициясының  құрамында  Үстіртте 
болды,  1828-1829-жылдары  Г.С.  Карелинмен  бірге  Бөкей  Ордасында 
болды.Осы сапарлар негізінде ол  «Орынбордан Бұхараға саяхат» деген 
кітап 
жазды. 
1841-жылы 
Орынбордан 
Сырдария 
өзеніне 
Н.Ф.Бларамберг  саяхат  жасап,  өзінің  жолын  топографиялық  суретке 
түсірген болатын. 
1851-жылы  И.Данилевский  мен  Ф.И.Базинер  отряды  Орынбордан 
Хиуаға  Қазақ  жері  арқылы  сапар  шекті.  1854-жылы  академик  К.М.Бэр 
бастаған экспедиция Каспий теңізінде балық аулау мүмкіндігін зерттеді. 
Осы жүзеге асырылған шаралар арқылы Ресей үкіметі Батыс Қазақстан 
арқылы  жүретін  керуен  сауда  жолдарын  толық  зерттеп  осы  аймақты 
өзінің  ішкі  және  сыртқы  сауда  мақсаттарына  толық  пайдалану    ісін 
жүзеге асыруға тырысты. 
       Батыс  Қазақстан  территориясының  географиялық  жағынан  өте 
тиімді  орналасуына  байланысты  қазақтар  ежелден  Орта  Азия,  Шығыс 
Түркстан,  Иран,  Ауғанстан  және  Ресеймен  сауда-қатынастарын 
орнатты. Осының нәтижесінде қазақтар мал өнімдерін мануфактуралық 
бұйымдарға,  егіншілік  өнімдеріне  айырбастап  отырды.  Орыс 
зерттеушісі  В.В. Вельяминов –Зернов мұндай айырбас тұрақты болған 
деп есептейді (4). 
Дегенмен,    ХҮІІІ  ғасырдың  ортасына  дейін  Батыс  Қазақстанда 
сауда-қатынастары  әлі  де  мардымсыз  болды.  Кіші  жүз    Ресейге 
қосылған  соң    орыс-қазақ  сауда  қатынастары  жандана  түсті.  Сонымен 
бірге  Хиуа  жәре  Бұқара  саудагерлерінің  сауда  керуендері  қазақ 
даласына  шығып,  қазақ  қоныстарында  сауда  жасады.  Сауданың 
дамуына екі жақтан да мүдделілік болды.  Қазақтарға  орыс товарлары, 
ал  Ресей  үшін  шикі  зат  қажеттілігі  артты.  Осындай  мүдделілік  1752-
жылы  28-сәуірде  А.Бестюжев-Рюминнің  керуендердің  қауіпсіздігі  мен 
өтуін қамтамаасыз  ету  туралы  Нұралы  ханға  жазған  хатынан да айқын 
көрінеді. Осы хатта: «Орынбор қаласы Сіздің марқұм әкеңіз Әбілқайыр 
ханның  арнайы  өтініші  бойынша  бүкіл  қырғыз-қайсақ  халқына  жақсы 
пайда келтіретін етіп салынғаны Сізге де бүкіл қырғыз-қайсақ халқына 
да  әбден  белгілі.  Қазір  Хиуадан,  Бұқарадан  Ташкенттен  және  сол 
жақтағы басқа да алыс жерлерден көпестердің сол қалаға келетіні, оның 
үстіне  барлық  Азия  көпестерінің  Орынборға  қырғыз-қайсақ  жері 

 
57 
арқылы  келетіні  және  жол  бастап  өткізгені  үшін  қырғыздарға  ақы 
төлейтіні  сіздердің  бәріңізге  айқын  болар.  Сондықтан  да  Орынборға 
келетін Ресей  көпестері де көбейе бастады. Ал  қырғыз-қайсақ халқы да 
қазірдің  өзінде  байып  алды,  өздерінің  малын  едәуір  көбейтті,  оны 
Хиуаға  сату  арқылы  да  едәуір  мөлшерде  күміс,  алтын  алады.  Ал 
қырғыз-қайсақтардың 
кейбіреулері 
пайымсыздық 
көрсетпесе, 
басқалардың  және  жалпы  жұрттың  тыныштығы  мен  пайдасын 
ұнатпайтын адамдар жүгенсіз кетпесе және Хиуадан, Бұқарадан сондай-
ақ  сол  жақтағы  басқа  да  алыс  жерлерден  Орынбор  мен  Троицк 
бекінісіне  және  сол  қалалардан  қырғыз-қайсақ  халқы  арқылы    өткен 
кезде сол жерлерде көпестерді үлкенді-кішілі тонау болмаса және  басқа 
әрекеттермен    кедергі  жасамаса,      барлық  халықтардың  осы  ортақ 
пайдасы еселене түсер еді»  деп жазған  болатын (5).   
А.И.Левшин  Қазақстанның  батыс  бөлігі  арқылы  өтетін  керуен 
сауда  жолдары  туралы  былай  деп  жазды:  «Қазақстан  өзінің 
географиялық  орналасу  жағынан  алғанда  Ресей  мен  Орта  Азияның 
ортасында жатыр. Ерте заманда Батыс Қазақстан арқылы бірнеше сауда 
жолдары болды:  
1.
 
Сарайшық бекінісінен Хиуаға баратын сауда жолы. 
2.
 
Орынбордан  Хиуаға  баратын  барон  Мейенсдорф  маршруты. 
(Ескі Ноғай жолы). 
3.
 
Орынбордан Хиуаға баратын Бұқар жолы немесе Арал теңізінің 
батыс жағынан  өтетін сауда жолы. 
4.
 
Орск  (Жаманқала)  Бұқара керуен сауда  жолы. 
5.
 
Троицкіден Бұқараға баратын керуен сауда жолы». 
Сонымен бірге  А. И. Левшин сауда жолының ең қолайлы мезгілін 
де  атап  көрсетеді:  «Керуен  саудасымен  айналысатын  барлық 
саудагерлер  үшін  Батыс  Қазақстан  арқылы  жүретін  жолдың  ең  жақсы 
уақыты  көктем  ,  әсіресе  мамыр  айы,  бұл  кезде  күн  өте  ыссы  емес, 
шөптің  де  қаулап  өскен  кезі,  әсіресе  адамдар  мен  малдар  үшін  су 
мәселесі ешқандай қиындық келтірмейді». Сондай–ақ А.И.Левшин ХІХ-
ғасырдың  бас  кезіне  дейін  сақталған  керуен  жолдарын  да  көрсетеді: 
«ХІХ-ғасырдың  бас  кезінде  Өзен  линиясы,  Орал  линиясы,  Астрахань 
жанынан өтетін жолдар болды».  (6). 
ХІХ-ғасырдың  бірінші  жартысында  Ресейдің  Орта  Азиямен  сауда 
қатынасында  Қазақстанның  маңызы  арта  түсті.  Ханыковтың 
мәліметтеріне  қарағанда  Ресейдің  Орта  Азиямен  жасаған  керуен 
саудасына  жыл  сайын  6  мыңға  дейін  түйе  пайдаланылатын  болған  (7). 
Ломлейдің  деректері    бойынша  егер  1828-жылы  Ресейден  Бұқараға, 
Хиуаға  және  Қоқандқа  апарылатын  товарлар  23620  фунт  стерлинг 
болса, 1840-жылы бұл көрсеткіш 65620 фунт стерлингке жеткен (8).  
Осы сауданы  жүзеге  асыруда керуен жолдарының маңызы өте  зор 
болды.  Ресейдің    Орта  Азия  мен  керуен  саудасы  Орынбордан, 

 
58 
Троицкіден Батыс Қазақстан даласы арқылы жүріп өтті.  ХІХ-ғасырдың 
60-жылдары  Орта Азиялық иеліктердің Ресейге қосылуына байланысты 
бұл  аймақта  бұрыннан  қалыптасқан  сауда  жол  қатынастары  қайтадан 
жанданды. Бүқара мен Сырдарияның төменгі ағысын жайлаған қазақтар 
және  Кіші  жүздің  оңтүстік-шығыс  бөлігін  мекендеген  рулары  сауда 
жасады.  Хиуамен    Маңғыстауда  көшіп  жүрген    адайлар  және    Кіші 
жүздің    оңтүстік  батысында    орын  тепкен    шөмішті  табын,  шекті  т.б. 
рулар  сауда  байланыстарын  орнатты.  Қоқан  мен  негізінен  Жетісу 
қазақтары сауда қатынастарын жүргізді. Орыс үкіметі 1866-жылы  Орал 
(  Жайық),  Тобыл,  Есіл    және    Ертіс  бойлап  өтетін  кеден  бекетін  
Орынбор линиясынан жаңа Оңтүстік Қазақстан шекарасына ауыстырып
келетін  товарларға  салынатын  салықты  азайтуды  тапсырды.  Орынбор 
мен  Бұқара    арасындағы  керуен  жолы  туралы  мәліметті  Орынбор 
линиясының 10-батальонының прапорщигі Виткевичтің  жазбаларынан 
анықтауға  болады  .  Орскіден  (Жаманқала)  9-қарашада  шыққан  керуен 
22-қарашада 
Ырғыз  өзенінен,  5-желтоқсанда  Сырдариядан,  8-
желтоқсанда  Қуаңдариядан  өтіп  Бұқараға  2-қаңтарда  жеткен.  Осы 
аралықты керуен 54 күнде жүріп өткен (9). 
1870-жылы  «Кавказ»  журналында  жарияларған  деректерде  Орта 
Азияға  баратын керуен  жолдары туралы мынадай мәліметтер берілген. 
«Орта Азияға баратын сауда жолдары : 
1.
 
Самара,  Орынбор,  Орск,  (Жаманқала)  одан  әрі    Орта  Азияға. 
Жалпы  қашықтығы  -2300 шақырым  (верст)  2  айлық  жол,  тасымал 
бағасы 1 пұт жүк  2-4 сом (рубль). 
2.
 
Волга –Каспий - Маңғыстау  жарты аралы - Үстүрт арқылы 30 
күндік  керуен  жолы,  жолда  тұщы  су  жоқ.  Сондықтан    тұрақты 
сауда жолы болмаған. 
3.
 
Волга  –  Каспий  -  Красноводск  30  күндік  су  тасымал  жолы.  1 
пұт  зат  үшін  60  тиыннан  1  сом  30  тиынға  дейін  тасымал  ақысы 
алынады.  Красноводскіден  Бұқараға  дейін  600-700  шақырым 
құрғақ жол.  
4.
 
Волга  -  Каспий  –  Астрабад  (Персия).Астрабадтан  Бұқараға 
Шахбас, Кушан, Кабушан арқылы Мешхедке, одан әрі Аби Мешхед 
өзенінің  аңғарымен  немесе  Тедженнен  Мудзерек  таулы 
өткелдерімен    Мерв  арқылы  Бұқараға  -1300  шақырым,    40-50 
күндік керуен жолы» (10). 
Ресей және Орта Азия керуен жолдарының  саяси – экономикалық 
маңызы  жөнінде    Орынбор  губернаторы  Татищев:  «Қауіпсіз  және 
пайдалы коммерция орнату үшін түбегейлі түрде Хиуа жерін иеленуіміз 
керек,  сонда  ғана  біздің  ойымыздағы  коммерция  Индиядан    бастап  
оның  маңайындағы  барлық жерлерде Хиуаны иемдену арқылы  жүзеге 
асып,  сауда өндірісі екі жақтан да өте күшті және табысты болар еді», - 
деп атап көрсеткен болатын. (11). 

 
59 
Қазақтардың  Хиуа  хандығымен  сауда  байланыстарын  нығайтуда 
керуен  жолдарының  маңызы  зор  болды.  Әрбір  керуен  жолының  өз 
бағыты  мен  атауы  бар  еді.  Әсіресе,  Хиуа  хандығын  Орынбормен 
байланыстыратын керуен жолының маңызы күннен-күнге арта берді. Ол 
«Қасқа  жол»  деп  аталып,  негізгі  сауда  жолына  айналды.  Бұл  жол 
Орынборға Үстірт арқылы өтетін еді. (12) 
Орта Азияға Ресейден бірнеше керуен жолдары бағыт алды. Жайық 
өзенінің  төменгі  сағасында  орналасқан  Сарайшық  қамалы  арқылы 
өтетін екі керуен жолы – оңтүстік және солтүстік жолдары  деп бөлінді.  
Солтүстік  жол  Арал  теңізін  бойлап,  Қарақұм  арқылы  Сырдарияның 
төменгі сағасына шықты, содан соң Қызылқұмды басып өтіп, Бұқараға 
бет  алды.  Ал,  оңтүстік  жол  Жем  өзенін  бойлап,  Үстірт  арқылы  Көне 
Үргеніш шаһарына жетіп, сонан-соң Хиуаға бет алды. Және бір керуен 
жолы  Түпқараған  жарты  аралы  арқылы  Хиуаға  бағыт  алды.  Бұл  жол 
Каспий теңізінің шығыс жағалауын бойлай жүрді. (13) 
Маңғыстау    орыс  көпестерінің  Астраханға  әкелген  товарларын 
Бүқараға,  Хиуаға    жеткізетін    керуен  жолының  басты    пункті  болды. 
Маңғыстаудан Бұқараға дейін сауда керуені 25 күндік сапар шеккен, ал 
Маңғыстаудан  Хиуаға  дейінгі  аралықты  түйе  керуені  29  күнде  жүріп 
өткен.  
Маңғыстау  Ресей  саудагерлерін  Орта  Азия,  Ауғанстан,  Персия 
және  басқа  Шығыс  елдерімен  байланыстыратын  «тоғыз  жолдың 
торабына»  айналған.  Маңғыстауда  Ресей  мемлекеті  Ново–Петровск 
бекінісін салғаннан соң 1жыл ішінде осы бекініс арқылы түрлі бағытқа 
1,5мыңнан  астам  түйе  керуендері  өткен.  Ескі  Хиуа  жолы  Қаратауды 
бойлай  отырып,  Үстүртке  дейін  шығып  кетеді  де  «Бәтжан  жолына» 
қосылып , одан әрі Хиуаға жетеді. 
Маңғыстау  қазақтарының  күнделікті  өмірі  Қарақалпақстанмен 
(Бесқала)  тығыз  байланысты  болды.  Жергілікті    қазақтар    Бесқаладан 
астық,  қауын-қарбыз т.б. тасыған. 
Түйе  керуендері  Маңғыстаудан  ішкі  жәрмеңкелерге  де  қатынады. 
Маңғыстаудан  түйе  керуендері  көктемгі,  жазғы  жәрмеңкелер    кезінде  
Көкжарға  (Ойыл)  және  Оралға    тіке  жолдармен    қатынаған. 
Маңғыстаудан  түйе  керуендері  Ойылға  (Көкжарға)    Сам  арқылы 
қатынас  орнатқан.    1883-жылы  Маңғыстаудан  Хиуаға    жіберілген  
керуендегі түйе саны 14205 болса, 1889-жылы керуен түзеген түйе саны 
20  мыңға  жетті.  1889-жылы  Маңғыстаудан  Оралға  сауда  керуені  700 
түйемен  жіберіліп,  1899-жылы  Орал  керуен  бағытындағы  түйе  саны 
12620  болды.  Сол  жылы  жергілікті  халық  Шағадам  деп  атайтын  
Красноводскіге    785  түйемен  керуен  жіберілген.  Сөйтіп  ХХ-ғасырдың 
басында керуен саны 2,5 есе өсіп, түйелер саны 36414-ке  жетті. (14).  
Батыс  Қазақстан  территориясы  арқылы  Орта  Азияға    баратын 
керуен  жолдары    ХІХ-ғасырдың  орта  тұсында  толығымен  қалыптасты. 

 
60 
Осы  керуен  жолдарының  негізгі  орталығы    Батыс  Қазақстанмен 
шекарадағы  Орынбор    қаласы  болды.  Ресей  товарлары    Орынбор 
арқылы Қазақстан жерімен  Орта Азияға шығарылды. 
Қазан  революциясына  дейін  Орынбор  –  Көкжар (Ойыл)—Гурьев 
(Үйшік) керуен сауда жолы   саудагерлердің өте көп жүретін маршруты 
болды.  Бұл  жол  Орынбордағы  айырбас  сарайынан  басталып  Доңыз,  
Тұзтөбе,  Томар  өткел,  Жиренқопа,  Ешкі  қырған,  Суық  бұлақ,  
Қарағанды,  Төбеқұдық,  Ақкемер,  Саралжын,  Жүндісай  арқылы  Ойыл 
(Көкжар)  жәрмеңкесіне  жеткен.  Көкжардан  саудагерлер  Қамыскөл, 
Шағанкөл  арқылы  Жақияның  үстімен  Құрманғазы,  Мұсабекпен 
Тайсойған  құмымен  Сағыз,  Ойтаң,  Шортанбай,  Алабас,  Бозой,  Мақат, 
Доссор арқылы Гурьев (Үйшік) базарына өз товарларын жеткізген (15).   
Түркістан  қаласы  Орынбордан  Ташкентке  қарайғы  жолда,  жаңа 
Орынбордан    10-15  күншілік  жерде,  одан  әрі    Ташкентке    дейін  2-3 
күншілік  жерде  орналасты,  ал    Ташкент  қаласы  Орынбордан  20 
күншілік  жерде  болса,  Хиуа    Орынбордан  оңтүстікке  қарай  1,5  мың 
шақырым  жерде    болды.(16).      Ташкент  пен  Ақтөбенің  арасы  45-60 
күндік жер болды . Осы керуен сауда жолдарында түйе негізгі тасымал 
көлігі болды. 
Керуен  сауда  жолдарымен  1856-1865  жылдар  арасында  Батыс 
Қазақстан жәрмеңкелеріне әкелінген товарлар туралы мәліметтер: (17) 
 
Сатылған Азиялық товарлар 
1856-1860 
1861-1865 
Рубль есебімен 
мал 
1 274 834 рубль 
1 244 272 рубль 
тері 
407 012 
 
Қағаз бұйымдары және 
қағаздан жасалған жіп 
315 786 
188 961 
Биязы жүн 
158 022 
198 595 
Шәй 
24 486 
77 300 
Жеміс-жидек 
57 155 
40 604 
мақта 
41 010 
36 560 
жүн 
27 031 
36 823 
  
1896  жылы  Ырғыз  жәрмеңкесіне  346  азиялық  саудагерлер  келген. 
Ташкент  пен  Бұқарадан  жалпы  бағасы  602.4  мың  рубль  тұратын  товар  
әкелінген. 
1867-1870-жылдар  арасырда  Бұқара,  Қоқанд,  және  Ташкенттен 
әкелінген мақта,  жібек,  кілем, жібек және  қағаз бұйымдар, елтірі,  жүн, 
түбіт, пен кептірілген жеміс туралы мәлімет (18): 

 
61 
                        
Осы  келтірілген  деректер  Батыс  Қазақстан  арқылы  жүріп  өтетін 
түйе керуен сауда  жолдарының өте маңызды болғандығын дәлелдейді.  
Ресей  империясының  Хиуа  хандығымен  саяси-әлеуметік,  сауда-
экономикалық  және  мәдени  қатынасында  Кіші  жүздің  географиялық  
жағдайы ерекше маңызды роль атқарды. 
Кіші  жүзде  хандық  биліктің  жойылуы,  елді  басқарудың  жаңа 
жүйесі  және  көршілес  Хиуа  хандығының  экспансиялық  саясаты  осы 
аймақта саяси-әлеуметтік, және шаруашылық-экономикалық жағдайдың 
күрделіленуіне әкеліп соққан болатын. 
1847-жылы  Райым  бекінісінен  60  шақырым  жерде  жаңа  бекініс 
салынып,  бұл  бекініс  1851-жылдан  бастап  Арал  бекінісі  деп  атала  
бастады.  Сыр  бойында  әскери  үстемдігін  орнату  арқылы  1848-жылдан 
бастап  әскери  казак  бөлімдері  Сырдария  өзенінен  сауда  керуендерінің 
өтуін өз бақылауына алды.  (19) 
1845-жылы  Торғай  облысында  Ырғыз  және  Қарабұтақ,  Сырдария 
бойында  Райым  (1847),  Арал  (1847)    әскери  бекіністерін  салу  арқылы 
Рессейдің  Орынбор  өлкесінің  оңтүстік  бөлігі  тыныштандырылып, 
керуен сауда жолдарын бақылап, керуендердің қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуге мүмкіншілік туды. 
Көршілес  қазақ    жерінде  әскери  бекіністердің    салынуына 
байланысты    Хиуа  хандығы  өз  наразылығын  білдірді,  бірақ  Ресей 
империясы  дипломатиялық  жолмен  бұл  әскери  бекіністердің  орыс  
керуендерінің  сауда жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 
ғана салынғандығын, Хиуаға  ешқандай қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. 
Кіші  жүздің  Орта  Азиямен  шектескен  бөлігінде  өзінің  саяси-
экономикалық,  территориялық    үстемдігін  күшейту  мақсатында  Ресей 
мемлекеті  Арал  теңізін  өз  бақылауына  алу  іс  шараларын  жүзеге 
асырды.1848  және    1849  жылдары  лейтенант  Бутаков  Орынборда 
жасалған    шхунаның  біреуімен  Арал    теңізін  аралап,  теңіздің  толық 
суреттемесін жасады. 
Сөйтіп    Ресей  мемлекеті  капиталистік  даму  жолына  толығымен 
түскен  сауда-өнеркәсіп  топтарының  мүддесі  үшін  Қазақстанның  Кіші 
жүз қазақтары мекендеген территориясында өзінің саяси-экономикалық 
позициясын күшейте түскен болатын. 
жылдар 
түйелер саны 
тасылған заттың бағасы 
1867 
5023 
1055980 сом 
1868 
1952 
14920 сом 
1869 
3432 
1230610 сом 
1870 
7185 
1155248 сом 

 
62 
Ресей империясы мен Хиуа хандығы  арасындағы саяси-әлеуметтік, 
сауда-экономикалық,  мәдени  байланыстардың  дамуына  Кіші  жүз 
қазақтарының тигізген әсері  өте үлкен  болды. 
Орыс  өнеркәсібінің    даму  деңгейінің  Европаның  капиталистік 
мемлекеттерінен  әлде  қайда  артта  қалуы  Ресей  империясына  өз  
шикізаттарын  өткізу  үшін  Орта  Азияны  стратегиялық  территорияға  
айналдыру  мақсатын  жүзеге  асыруға  әрекеттендірді.  Бұл  кезде 
С.В.Жуковский  жазғандай:  «Орта  Азия  ойпатында  үш  мұсылман 
мемлекеті  болды: Сырдария өзенінің оң  жағалауында Қоқан хандығы, 
Сырдария  және  Амудария  өзендерінің    аралығында    Бұқара    хандығы, 
Амудария өзенінің  сол жағында Хиуа хандығы  орналасты». (20) 
ХVШ-ғасырдың  соңғы  ширегінде  әсіресе  ХIХ-ғасырдың  бас 
кезінде Ташкент қаласының сауда орталығы ретінде маңызы арта түсті. 
Ташкент  қаласының  Ресеймен  Батыс  Қазақстан  территориясы  арқылы 
өтетін керуен сауда қатынастары ерекше қарқынмен дами бастады. Осы 
сауда-саттық  істерінің  дамуына  күнкөрістік  табыстарын  сауда  арқылы 
түсіріп  отырған  қала  саудагерлері  аса  мүдделі  болды.  Ташкент 
саудагерлері  Ресеймен  керуен    сауда  жолдарының  қауіпсіз  болуына 
ерекше ынталы болды. Ресей императрицасы II Екатеринаға 1792-жылы 
жазған  хатында  Жүніс  қожаның  «Ташкенттің  Ресейге  шыққан  сауда 
керуендеріне    қауіп  төндеріп  тонамау  жөнінде  қазақтармен  келісімге 
қол  жеткізгендігі»    туралы  деректер  кездеседі.    Осы  құжатта  Ташкент 
билеушісінің орыс көпестерін Ташкент  қаласымен сауда  қатынастарын 
нығайтуға шақырғаны  туралы айтылады.  Жекеленген қазақ руларының 
билеушілері  Ташкенттен  жыл  сайын  Ресейге  шығатын  сауда 
керуендерінің  қауіпсіздігін  сақтау  үшін,  оларға  керуен  басшылық 
қызметін  көрсеткен.  Ташкенттен    шыққан  өзбек  саудагерлері  Троицк, 
Орск  (Жаманқала),  Орынбор  қалаларында  шығыс  товарларын 
қазақтарға қымбат бағаға сатып, өте көп пайдаға кенелді. (21) 
Орта Азияны көп зерттеген ғалым П.П.Иванов Ташкент қаласының 
экономикалық  жағдайын  сипаттай  келіп:  «ХҮІІ  ғасырдың  соңында, 
әсересе  Х1Х  ғасырдың  бас  кезінде  Ташкент    қаласы  үлкен  сауда  және 
қолөнер орталығына айналды. Қазақ даласы арқылы  Орынборға өтудің 
қолайлы жолы ашылды» деп жазған болатын. (22) 
1808  жылы  Қоқан  ханы  жаулап  алған  соң,    Ташкент  қаласының 
қолөнер  және  сауда    орталығы  ретіндегі  мыңызы  бұрынғыданда  арта 
түсті. Ташкент қаласы Қоқан хандығының ең ірі сауда орталығы болып, 
бүкіл  Орта  Азияның  сауда-саттық  көпіріне  айналды,  сөйтіп  Батыс 
Қазақстан арқылы  Ресеймен  еркін сауда жасауға үлкен мүмкіншіліктер 
туды.  Орыс  саудагері  С.Я.Ключарев    Ташкент    қаласының    сауда  
қатынастарының    дамуына  тигізген  игі  әсері  туралы:  «Ташкент  үлкен 
Азия  базары,  одан  әрбір  адам  өзіне  керегін    тауып  алады»    деп    атап 

 
63 
көрсеткен болатын. (23) А.Добромыслов Орынбор Ташкент арасындағы 
керуен  сауда  жолындағы  тасымал бағасы туралы былай деп жазды: 
 «Орынбор  мен Ташкенттің  арасын  жалғастыратын  тура  жолды  
сауда    керуендері    сирек  те  болса  пайдаланады.  Бұл  жолда  тасымал 
бағасы үшін 18 пұт жүкке 17-18 рубль төленді». (24) 
1810 жылы орыс саудагері  Иван Свешников  арқылы  64469 рубль 
заты бар  сауда керуені Ресейден  Қазанға жіберілді. Осы  кезден  бастап  
Ресейдің  Батыс    Қазақстан    территориясы  арқылы    Қазан  хандығымен  
сауда  қатынасы  өркендей  түсті.    Қазақ  рубасыларымен  келіссөздер 
нәтижесінде керуен сауда  жолдарының қауіпсіздігі артты. (25) 
Ташкенттік    өзбек    саудагерлерімен  бірге  Батыс  Қазақстан    (Кіші  
жүз)  қазақтары    де  Ресей-Қоқан  сауда    қатынастарына    белсене  
араласты.  Поляк офицері  А.Я.Янушкевич қазақ  саудагерлері  туралы: 
«Олар Ташкент,  Қоқан, Бұқарадан  шапан (халат),  кілем, түрлі  заттар, 
кептірілген  жемістер  әкелді,  ал  қазақ  даласынан  Орта  Азияға 
жылқының,  сиырдың    және    түрлі    аңдардың    өңделмеген  терілері  
жіберілді».  (26)      Қазақтар    сауда    керуендерімен  негізінен    айырбас  
сауда    жасады.    Негізгі    сауда    үй    шаруасына    қажетті    тұрмыстық  
заттармен    болды.    Ташкенттіктер    қазақтарға    кілем,    мақта-маталар,  
жібек    және    алашалар    әкелді.    Қазақтар    осы    товарларды  мал,  мал  
өнімдері  мен  аң  терілеріне  айырбастады. 
Ташкент  қаласының  сауда    орталығы    ретіндегі  маңызы    туралы 
Ресей  саудагері  С.Я.Ключарев  «Қоқан  хандығының  қалалары  ішінде  
Ташкенттің   сауда-саттық   жасаудағы   ерекше   орны   бар. Оны   Орта  
Азия  саудасының кілті  деп  айтуға  болады»  деп  жазған  болатын. (27) 
Батыс  Қазақстан  Ташкент  сауда  қатынастарының  дамуына  Орынбор, 
Троицк,   Ақтөбе,  Ырғыз, Ойыл,  Темір, Орал, Калмыков  жәрмеңкелері  
үлкен  роль  атқарды. Бұл  жәрмеңкелер  Кіші  жүз  қазақтарының  Орта  
Азия  қалаларымен  сауда-саттық  қатынастарының  өркендеуі  өте  зор 
үлес қосты. 
Орыс  өнеркәсібінің  товарларын  Орта  Азия  хандықтарына  сату  
деңгейін  көтеру  үшін  Ресей  үкіметі  Орта  Азиямен  арадағы  сауда-
қатынастарын нығайту  мақсатында  нақты  шараларды  жүзеге  асырды.  
Осы мақсатта  керуен  сауда  жолдары  мен  шекарадағы  кейбір  бекет  
салықтары    жойылды.1831-жылы    «тері  мен май салығы», 1835-жылы  
қазақ даласына саудагерлер алып келген азық-түлік,  темірден  жасалған  
әртүрлі  заттар  үшін  салынатын  салықтар  жойылды.  1845  жылы  
саудагерлерге  қазақ  даласына  еркін  бойлап,  айырбас сауда  жасауға  
рұхсат берілді. 1868 жылы барлық салықтар  жойылды. Осы жеңілдіктер  
қазақ   даласында,   соның   ішінде  Батыс   Қазақстан   территориясында  
жәрмеңкелердің    пайда    болып,    дамуына    өзінің    игі    әсерін    тигізген  
болатын. 

 
64 
Батыс Қазақстанның  ең  ірі  сауда  орталығы болған  Орал  қаласы,  
осы    облыстың    Темір    уезінің    территориясында    орналасқан    Ойыл  
және  Темір  жәрмеңкелерімен  керуен сауда жолдары  арқылы  тығыс  
сауда  байланысын  орнатты. 
Ойыл    бекінісі    Орал    қаласынан  шығысқа    қарай    218    шақырым  
(верст)  жерге  орналасты.  Ойылдан әрі  шығыс  бағытта шамамен  200  
шақырым    жерде   Темір   бекінісі    салынды.  Осы  екі    бекініс  Оралдың  
сырт    бөлігіндегі    қазақ    даласындағы    отырықшы    елдің    орталығына  
айналды.  Ойыл  және    Темір    жәрмеңкелері    Орта    Азиядан  Арал  
теңізінің  жаағалауынан  Хиуа, Бұқарадан  Орынборға  баратын  керуен  
сауда    жолының    бойында    орналасқандықтан      осы    өңірдегі    үлкен  
сауда орталығына  айналды. 
Ойыл  жәрмеңкесінен сауда  жолдары  ішкі керуен  сауда  жолдары  
арқылы  солтүстік   батыс бағытта  Орал  қаласына,  солтүстік  бағытта  
Орынборға  және  Калмыков  жәрмеңкесіне  байланысты. 
Орал облысының  оңтүстік  жағындағы  әскер  территориясы  және  
Бөкей  Ордасы    Гурьевке    баратын    керуен    сауда    жолының  бойымен 
Новобогат  поселкасы    және    Сарайшың    форпостының    үстімен  
Ойылмен  жалғасты.    Осы  Ойыл    жәрмеңкесі    арқылы  ескі    Қоңырат  
сауда  керуен  жолы  өткен. 
Хиуа    және    Бұқарадан  Қоңыраттан    Ойыл    жәрмеңкесі    арқылы 
керуен    жолдары    почта    трактасы    бойымен    жарыса    Оралға    дейін  
жеткен.  Одан  әрі Х1Х-ғасырдың  70-90  жылдарына  дейін  темір  жол  
болмаған    кезде    осы    керуен    жолдары      арқылы    саудагерлер   
Орынборға  дейін  барған. (28) 
Патша  үкіметі    өзінің  Орта  Азия  мен  Қазақстанға  байланысты 
саяси-экономикалық  мүдделерін    орнықтыру      мақсатында    осы  
аймақтарды  географиялық-экономикалық  тұрғыдан зерттеуге  мүдделі 
болды.  Сондықтан  Орта  Азия  мен  Қазақстан  өңірлері  туралы  тарихи, 
географиялық, экономикалық мәліметтер  жинау үшін сауда керуендері 
және  дипломатиялық  миссиялармен  бірге  ғылыми  және  әскери  барлау 
мақсатындағы арнаулы экспедициялар жасақтады. 
1820-жылы 
Орынбор  қаласынан  Бұқараға  дипломатиялық  
экспедиция  жіберіліп,  оның  негізгі  мақсаты  «достық    қарым-қатынас 
және сауда ынтымақтастығын орнату»  болды. 
Осы  экспедицияны  шет  елдер  ісі  министрлігінің    статс  кеңесшісі 
А.Ф.Негри басқарды. Экспедиция құрамында гвардиялық бас  штабтың 
әскери  қызметкерлері  де  болды.  Олардың  алдына  қойылған  тапсырма 
«қырғыз  (қазақ)    даласын    шолып    зерттеп,  бекіністер    салатын 
орындарды  белгілеу еді».  Бекіністер  салу Хиуа және Бұқараға баратын 
керуен жолдарын  қауіпсіздендіру үшін  қажет  болды. 
А.Ф.Негри  басқарған  экспедицияның  маршруты  3  участоққа 
бөлінді:  бірінші  участок  Орынбордан  –  Мұғаджар  тауларына  дейін, 

 
65 
екінші  –  Мұғаджардан    Сырдарияға    дейін,  үшінші  –  Сырдариядан 
Бұқараға    дейін.  Осы    экспедицияны  Ақтөбе    уезінің  территориясынан 
Сырдарияға шейін Арынғазы сұлтан бастап жүрді. 
Экспедиция    мүшелері    Орынбордан    Елек  өзенінің    бойымен  
Ақтөбе  Шатқалына жетіп, одан  әрі  Бестамақ арқылы Мұғаджарға бет 
алды. 
Мұғаджар    өңіріндегі  ең  биік  шоқы  Айрық,  Тұбан  өзегі  мен 
Қауылжыр  өзенінің  аралығындағы  жазықтан   өтіп Ұлы Борсық  құмы 
арқылы  экспедиция  Сырдария  бойымен  1820  жылы  20-желтоқсанда 
Бұқараға жетті. Бұқарада 3 ай болып экспедиция   мүшелері  1821-жылы  
23  наурызда    Бұқарадан  шығып,    май  айының    ортасында    Орынборға  
оралды. Экспедиция Орынбор мен Бұқара аралығындағы  керуен жолын  
картаға түсіріп, болашақ  бекініс орындарын  белгіледі. (29) 
Осыдан    бір    жарым    жылдан    соң  1823  жылы  Ф.Ф.Берг  бастаған 
экспедиция қазақ даласын зерттеуге  шықты. Осы экспедиция мүшелері 
В.Вольховский  Орта  Азия    мен  Қазақстан    жерін    зерттеуші    ғалым  
Г.С.Карелинмен    бірге  «Қырғыз-қайсақтардың  даласының  Кіші  
Ордасына  шолу»  (Обозрение  степи киргиз-кайсаков Меньшей  Орды)  
деп  аталатын  географиялық  карта  жасады. 
1825  жылы    желтоқсан    айында    Орынбордан  Арал  және  Каспий 
теңіздерінің    жағалауларының    бойындағы    бірнеше    маңызды  
пункттердің    астрономиялық    координаттарын    анықтау    мақсатында  
жаңа экспедиция жасақталып, осы экспедиция өз алдына қойған әскери, 
географиялық  мақсаттарды  түгелдей  жүзеге  асырды. 
1824  жылдың  күзінде  полковник  С.Т.Циолковский  басқарған 
конвой  отряды  Бұқараға  аттанған  сауда  керуенінің    қауіпсіздігін  
қорғауға    тиіс  болды.  Осы  сапарда    1777  түйеге    жүк  тиеген  сауда 
керуені  250  жаяу  әскер  және  250  әскери  казактар    2  зеңбірекпен 
Орынбордан  Кіші    жүз    территориясы    арқылы    оңтүстік    Қазақстан  
жеріне жетті. 
Жол    бойында  «орыс    әскерінің    қорғауына    сенген  қазақтар 
Бұқараға  өз  малдарын  айдап    сауда  керуеніне      ілесті».    Бірақ  сауда 
керуеніне  хиуалықтар  шабуыл    жасап,  артық    заттарын  жерге  көміп, 
түйе санын 469-ға дейін  қысқартып саудагерлер кейін қайтуға мәжбүр 
болды.    Сөйтіп  1825  жылы  апрель  (сәуір)    айының  ортасында  керуен 
Орынборға оралды. Осы сапар барысында полковник С.Т.Циолковский 
отрядының құрамында болған Бас штабтың поручигі А.А.Жемчужников  
«Сведения, собранные на пути из Оренбурга  в Бухару 1824-1825 годах»  
деп  аталатын  күнделік  зерттеу  еңбегін  жазды.  Осы  еңбегінде  А.А. 
Жемчужников    Ресейдің  Орта  Азиямен  сауда  қатынастарын  орнатуға  
мүдделілігін    атап    көрсетіп,  Орынбор  Бұқара  керуен    жолдарының 
негізгі маршрутын картаға түсірді. 

 
66 
1830  жылдан  бастап  А.Жемчужников  Орск  бекінісі,  Эмба  (Жем)  
өзенінің  жоғарғы ағысы, Ұлы Борсық құмы, Арал теңізінің жағалауын  
картаға  түсірді,  сонымен  қатар  Эмба  (Жем)  өзенінен  Ойыл,  Қиыл, 
Қобда,  Елек  және  Ор  бойына    баратын  жолдардың  жобасын  (проект)  
жасады. 
Ресей  патша  үкіметі  1858  жылы  полковник  Н.П.  Игнатьевтің  
басқаруымен    ғылыми-әскери    және  сауда    экспедициясын  жасақтады. 
Оның құрамына  сыртқы  істер  министрлігінің хатшысы Е.Я. Килевейн,  
Орынбор және Самара генерал-губернаторлықтарының  дипломатиялық  
қызметтері  М.Н. Галкин, астроном К.В. Струве, Ғылым академиясының 
өкілі, шығыстанушы П.И. Лерх  және флот лейтенанты А.Ф. Можайский 
қызметке алынды. 
1858  жылы  15  мамырда  құрамында  190  адам  бар  елшілік  
Орынбордан  қазақ  даласы  арқылы  Қоңыратқа  бет  алды.  Орынбордан 
Елек өзенін  бойлып Бестамақ арқылы   Эмба (Жем)  бекініске  жеткен  
экспедиция  одан Мұғаджар тауынан кесе  өтіп  Барсық құмымен  Арал 
теңізінің  батыс  жағын  қуалап  28  маусымда  Қоңыратқа    жетті.  Осы 
экспедицияның маршруты  Орынборды Қоңыратпен  жалғастыратын ең 
тиімді керуен сауда  жолы болып табылды. (30) 
Торғай  облысының  Ырғыз,  Ақтөбе  уездерінде  түйемен    тасымал 
кәсібі  біршама    жақсы    дамыды.  Түйеге    жүк    артқан    керуен    Орта 
Азиялық    товарларды  Хиуа,  Бұқара  және  Түркістаннан    Орынбор  мен 
Троицкіге  жеткізген. Түйе керуендері  Ресей  өнеркәсібінің  өнімдерін  
Орынбор мен Троицкіден  Орта Азияға  тасыған. Орта  Азиядан  керуен  
жолдары  Торғай  облысы  арқылы  өткен. Ташкент  қаласынан  шыққан  
керуен    Торғай    өзенінің    жоғарғы    ағысы  арқылы  Троицкіге    жеткен. 
Басқа    бір  керуен  жолы  Ташкенттен    Қазалы    арқылы    Орскіге    және 
Орынборға    барған.  Сатуға    арналған    товарлар    түйеге    артылған, 
сонымен  қатар    арбамен  де    тасылған.    Закаспий    темір    жолының 
салынуы    керуен    қозғалысын    мейлінше    азайтуға    себепші    болды. 
Дегенмен    товарлардың  20%    түйе  керуен  жолдары    арқылы 
тасымалданды. 
Х1Х  ғасырдың  60-ы  жылдары  Орынбор  мен  Ташкент  
аралығындағы    тасымал  бағасы  әр  түйеден  6-7  рубль  құрады.  1879-
жылдан  бастап  тасымал  бағасы  едәуір    көтеріліп,  Ташкенттен  
Орынборға  дейін  әр  пұт  жүктің  тасымал    бағасы  18  рубльге    жетті. 
Келесі    жылдары    баға    біршама    тұрақтап    осы    жолға    әр  пұт  жүкке  
орташа 16 рубль ақша  төленді. (31) 
Тасымал  кәсібімен  шұғылданған қазақтар  Орынбор  мен  Ташкент  
аралығындағы    2  мың    шақырым  (верст)    жолды    жылына  2  рет    өтіп, 
барлық  шығындарды  алып  тастағанда әр түйеден 25 рубль таза пайда  
тапты. 

 
67 
Батыс  Қазақстан  территориясында  айырбас  сауданың  дамуына 
байланысты  жергілікті  базарлар  мен  жәрмеңкелерде  негізгі  өлшем 
бірліктері  қалыптаса  бастады.  Базар  және  жәрмеңке  басшылары 
оңтүстік  Орал  заводтарынан  таразылар  алдырып  пайдалануды  жүзеге 
асырды.  Таразыларды  пайдаланғаны  үшін  саудагерлер  таразы  иелеріне 
белгілі  бір  мөлшерде  төлем  төлеп  отырды.  Таразыға  өлшенген    1  пұт 
товар  үшін  саудагерлер  күміс  ақшамен  0,25  тиын  төлеуге  тиіс  болды. 
Сонымен  бірге  зат  тиелген  арбаны  өлшегені  үшін  2  рубль  25  тиын 
төледі.  Азық-түлік  (тамақ)  өлшеу  үшін  1  рубль  25  тиын,  1  шелекке 
салынған  затты  өлшеуге  0,25  тиын  алынды.  Әрине  саудагерлер  осы 
шығындардың барлығын сатып алушылардың мойнына артты.  (32) 
Торғай облысының территориясымен  земстволық  трактіден  басқа  
Түркістан    бағытындағы    490  шақырымдық  Орск-Теректі  сауда    жолы 
өткен. Осы тракт  бойында  24 почта  станциясы  орналасқан.  Сонымен 
қатар (Торғай облысының  территориясында) Троицк-Қостанай  трактісі  
ашылып,  осы    жол  бойында  8  почта  станциясы    орналасты.  Жергілікті 
басшылардың өтініші бойынша  Торғай  облысының  уездік  қалаларын  
Орынбор    қаласымен    байланыстыратын  почталық  трактілер  салу 
мәселесі де күн тәртібінде қойыла  бастады. 
Астраханнан  Орта  Азия  хандықтарына  баратын  құрғақ  жол 
бірнеше  тарамдарға  бөлінді.  Керуен  жолының  бірі  Жайық  өзенін 
жағалай  Сарайшық  қаласы  арқылы  өтті.  Ары  қарай  жол  екіге  бөлінді. 
Бір  жол  шығысты  бетке  алып  Сырдарияның  ағысын  бойлай  отырып 
Отырарға  дейін  жетті.  Екінші  жол  Сарайшықтан  оңтүстік-шығысқа 
бұрылып  Тас-Кешу  қамалына  жетіп,  Сағыз  өзені  мен  Шам  арқылы 
Үстірт  даласын  қырқа  өтіп,  Үргеніш  қаласына  барды.  Жолдың  жалпы 
ұзындығы  1300  км.  еді.  Бірінші  Петр  патшаның  Хиуаға  және  Бұхараға 
жіберген  елшісі  Флорио  Беневини  былай  деп  жазған:  «Жайықтан 
Хиуаға 25, кейде 30 күнде жетуге болады». (33) 
Илецк арқылы  Орынбордан Хиуаға баратын  жол  да  негізгі  керуен 
жолдарының  бірі  болды.  Қазақтардың  Хиуа  хандығы  және  Ресеймен 
жүргізген сауда байланыстарын нығайтуда бұл жолдың маңызы зор еді. 
Орынбор  мен  Елек  қалашығының  арасындағы    120  шақырымдық  
(верст)  жолды  қазақтар  салт  атпен, арасында  шамалы  дем алып  10-
12 сағатта  жүріп өткен. Қазақтар  үшін жарақты  жүрдек аттың орташа 
бағасы 250-300 рубль болған. (34) 
Ресей көпестері мен саудагерлерінің сауда қызметі «Сауда Уставы»  
арқылы  реттеліп    отырды.  «Сауда  Уставы»  1856,  1883  және  1908 
өзгертіліп, толықтырылып жаңа редакцияда жарияланды. 
Сонымен қатар Батыс Қазақстан  территориясында сауда  жасаған 
көпестері  мен  саудагерлер  «Сауда  Уставымен»    қатар  Орта  Азия, 
Қазақстан    халықтарының  дәстүрлі  әдеттік  заңдарын  да  басшылыққа 
алды. 

 
68 
Керуен  саудасының  басты  міндетінің  құрамдас  бөлігі  жүктерді 
сауда  орталықтарына  жеткізу  болып  есептелінді.  Жүк  тасу  үшін  түйе 
жалдаудың  және  жол    көрсететін    басшыны  жалдаудың  қалыптасқан 
дәстүрлі  заңы  болды.  Бұл  заң  Батыс  Қазақстан    даласында  кеңінен 
танымал  болды  және  керуен  саудасын  ұйымдастыру  ісінде  үнемі 
бұлжытпай орындалып отырды. Енді осы дәстүрлі дала заңының негізгі 
талаптарына тоқталайық: (35) 
-
 
Түйе жүктерді бір жерден екінші жерге жеткізуге  жалданады. 
-
 
Жүктерді  тасу  керуен  арқылы  жүзеге  асырылады,  сондықтан 
әрбір керуенге басшы тағайындалады. 
-
 
Керуен  басшысы  көпес  пен  тасымалдаушыны    өзара  келісімге 
келістіруші  болып  есептеледі.  Ол  арқылы  тасымалдаушы  жүк 
таситын  түйенің  жалпы  саны,  әр  түйеге    төленетін  ақша 
мөлшері және жүкті жеткізу мерзімі туралы шарт жасайды. 
-
 
Керуен басшысы керуеннің ең басты басқарушысы, ол қазақтар 
арасында  жолшыбай  болған  таластарды  тексеріп,  әділ  шешім 
қабылдайды,  керуеннің  жол  бағытын  белгілейді,  демалыс, 
түнемел орындары мен мерзімдері туралы шешім қабылдайды. 
-
 
Шарт  бойынша  тасымалдаушылар  жүкті  келіскен  жерге, 
келіскен  мерзімде  жеткізуге,  ал  көпес    тасымал  үшін  келіскен 
ақыны түгел төлеуге міндетті. 
-
 
Тасымалдаушылар   келісілген мерзімге саудагерге шарттасқан 
санға  сәйкес  түйелерді  қажетті  жабу  және  қомымен  әкеліп 
тапсыруға міндетті. 
-
 
Көпестер  шарттасқан  мерзімге  тасымалданатын  товарларды 
дайындап,  байлап  немесе  қаптап  қоюы,  сонымен  қатар 
байланған баулар мен қаптардың көрсетілген салмақ мөлшеріне 
сай болуын  қадағалауға тиіс. 
-
 
Бір түйеге артатын жүк салмағы әдетте 16 пұттан аспайды. 
-
 
Тасымалдаушы  немесе  оның  өкілі  жүктердің  жоғалмауына 
және бүлінуден сақталуына жауап береді. 
-
 
Егер керуен жолда қарақшылар шабуыл жасап жүктерді тонап, 
түйелерді  алып  кетсе,  онда    тасымалдаушылар  товарға,  көпес 
түйелер үшін жауап бермейді. 
-
 
Егер  жүк  дәлелсіз  себептермен  келісілген  жерге  уақытында 
жеткізілмесе,  онда  тасымалдаушы    шарт  бойынша  өтем  ақы 
төлеуге  міндетті. 
Көпестер  мен  саудагерлердің  товарлардың  қайдан  алынғаны 
туралы күәліктері болуы тиіс, өйткені құжаттардың барлығы кедендерде 
мұқият  тексерілді.  Осы  жерде  кейбір  товарларға  толық  салық, 
кейбіреулеріне  жартылай  салық  салынып,  товарлардың  тағы  бір  бөлігі 
салықтан толығымен  босатылды. 

 
69 
1883  жылғы  және  1908  жылғы    «Сауда  Уставында»  приказчиктер 
қызметі  туралы мынадай анықтама берілді: 
« 3. Өз қожайынының сауда жұмыстарын толық басқаратын немесе 
белгілі бір  мезгілде ғана атқаратын адамдар приказчик деп аталады. 
«Сауда  Уставының»  1-кітабының  1-бөлімінде  приказчиктерге 
мынадай  анықтама  берілген:  приказчиктер  сауда  жұмыстарын  өз 
қожайынының  атынан  жүргізетін  адамдар,  олардың  әрекетін  (қызметі) 
заңды түрде өз қожайындары ғана белгілейді. 
4.  Приказчиктер  2  класқа  бөлінеді:  1-класқа  бас  приказчиктер,    2-
класқа  олардың  көмекшілері  мен  басқа  да  сауда  қызметкерлері 
жатқызылады. 
5.  Приказчиктер  қожайынның  талабына    сай  жасалынған    жалдау 
шартына  сәйкес  сауда  тапсырмаларын  орындайды  және  оларға  куәлік 
және кредиттік (несиелік) хаттар беріледі. 
6.  Приказчиктердің  қызмет  мерзімі,  жалақысы,    тұрғын    үйі  мен 
тұрмыс жағдайлары қожайынмен жасалған жазбаша шартта көрсетіледі. 
(36) 
11. Приказчик өз қожайының бұйрықтары мен тапсырмаларын өте 
дәл  орындауы  тиіс,  өз  қожайыны  мен  оның  отбасына  құрмет  көрсетіп, 
өзінің іс-әрекеті мен мінез құлқымен  жағымды болуы керек. 
17.  Приказчик    өз  қожайының  сауда  істерін  басқара  отырып, 
мүмкіндігінше  барлық шығындарды болдырмауға тырысуы қажет» деп 
атап көрсетілген. (37) 
Қалыптасқан дәстүрлі әдеттік сауда ережесі бойынша: 
-
 
барлық қазақтар сауда жасауға ерікті. 
-
 
қазақтардың  айырбастау    және  сату  әрекеті  ауызша  келісім 
арқылы жүргізіледі 
-
 
егер  бір  зат  екі  адамға  сатылса,  сатылған  заттың  иесі  оны 
бірінші сатып алған  кісі болып табылады, екінші сатып алушы 
төлеген ақшасын саудагерден өндіріп  алуға құқылы 
-
 
егер саудагер сатып алушыдан  алдын ала заттың бағасының бір 
бөлігін  немесе  толық  бағасын  алып,  кейіннен  затты  бермей 
қойса,  билер  сатып  алушыға  саудагерден  сатқан  затын  алып 
беруге тиіс. 
-
 
егер  сатып  алушыға  сатылған  мал  7  күннің  ішінде  өліп  қалса, 
онда  сатып  алушы  билерге    шағынуға  құқылы.  Сатылған 
малдың  ауру  екендігін  сатып  алушы    байқамаған,  ал  мал  иесі 
малдың  ауруын    жасырған  болса  билер  малды  саудагерге 
қайтарып,  сатып  алушыға  төлеген  ақшасын  қайтартады  және 
саудагерді арамдық ниеті үшін жазалайды 
-
 
сатып  алушы  алған  заты  мен  оған  төлеген  ақысы,  егер  оның 
сатып  алған  заты  келісілген  кезде  айтылған  сапаға  сай  және 
бағасы сәйкес болса саудагерден қайтара алмайды. (38) 

 
70 
Сауданың осы қалыптасқан ауызша  ережесі  Орта  Азия халықтары 
мен  қазақтарға  бірдей    ортақ  болды.  Саудагер  мен  сатып  алушылар 
негізінен осы ауызша ережелерді басшылыққа алды. 
Батыс  Қазақстанда  сауда  қатынастарының  дамуында  товар 
тасымалдау  ісінің  маңызы  өте  зор  болды.  Бұл  қызметпен 
айналысушылар кірешілер деп аталды. Кірешілердің жұмысы жергілікті 
билік орындарының тарапынан қатаң бақылауға алынды және кірешілер 
тасымал кәсібімен айналысқаны үшін салық төлеуге міндетті болды. 
Батыс  Қазақстан  бойынша  кірешілер  Ресейден  Орта  Азияға  және 
кері  бағытқа  товар  тасумен  және  уездер  территориясында 
болыстықтарға  товар  жеткізумен  айналысты.  Кіре  тартушылар  уездік 
мекемеден рұқсат алып, керуен басылардың кепілдігімен товар таситын 
болған. 
Тасымал  кәсібін  ірі  көпестер  ұйымдастырып,  кірешілермен  есеп 
алысып отырды. Тасымал ақысы Орынборда алдын ала төленіп отырған. 
Орынборлық  көпес  Ивановтың  көлік  кеңсесі  1875  жылы  13  қазанда  
қазақтармен  товарды  Перовскіге  45  күнде  жеткізуге,  Түркістан  мен 
Шымкентке 75 күнде жеткізуге шарт жасаған. (39) 
Ағайынды  Каменскийдің  кеңсесі  кірешілерге  1879  жылы  3768 
түйеге  850  мың  рубль  төлеген.  Осы  жылы  Ресейдің  сақтандыру  және 
кеңсесі 4300 түйеге 2.470.736 рубльге бағаланған товар тиеп, алдын ала 
сақтандыру төлемдерін төлеген. (40) 
Тасымалдау  кәсібінің  жұмысын  реттеу  үшін  кірешілер  мынадай 
талаптарды мүлтіксіз орындауға тиіс болды: (41) 
1.
 
Тасымалдау  кәсібімен  тек  қана  уезд  бастығы  мен  Ташкент 
қаласы  бастығымен  тасымалдау  кәсібімен  айналысу  билетін 
алған  сарт  немесе  қырғыздың  (қазақ)  айналысуына  рұқсат 
беру керек. 
2.
 
Тауарды  жіберушілер  тасымалдаушының  билетінде  тауар 
туралы мәліметті толық жазуы керек. Тасымалдаушы тауарды 
жеткізген соң, билетті қабылдаушыға өткізіп, тауардың толық 
жеткен-жетпегендігі 
анықталып, 
осы 
билетке 
қайта 
белгіленіп жазылуы керек. 
3.
 
Уезд  бастықтары  және  Ташкент  қаласының  бастықтарына 
жоғарғы  2  пунктте  айтылған  шарттарды  орындамаған,  яғни 
билетті  қайта  өткізбеген  тасымалдаушыларға  келесі  жолы 
билет бермеу туралы ұсыныс жасау қажет. 
4.
 
Түйе ауырып қалғаннан басқа жағдайларда көрсетілген жерге 
тауарды  өзге  адамның  немесе  тасымалдаушының  қолына 
өткізбестен кірешінің өзі жеткізуге міндеттелсін. 
5.
 
Ауыл старшындарын кіреші жүкті тастап кеткен жер туралы 
мәліметті  дер  кезінде  болыстық  басшыларға,  одан  уезд 

 
71 
бастығы  және  Ташкент  қаласының  бастығына  жеткізуді 
міндеттеу. 
6.
 
Тауарды жеткізбеген кінәлілерге алғашында 15 сом айып пұл 
салу,  екінші  рет  қайталаған  жағдайда  7  күнге  тұтқындау,  ал 
үшінші  ретте  ауыл  старшындарын,  болыс  башысын 
қызметінен босату туралы жергілікті үкіметке ұсыныс жасау. 
Сонымен  қоса,  уезд  бастықтары  және  Ташкент  қаласының 
бастығы  әрбір  қылмысты  жүргізілген  соң,  болған  жағдайда, 
қысқаша  баяндаған  қаулы  жасап,  кінәлі  тұтқындалған 
жағдайды  қаулының  көшірмесін  тұтқындалушымен  бірге 
қамау орнына  жеткізу керек.  Ал ақшалай айып  пұлды қамау 
орындарын ұстауға және күшейтуге жұмсау міндеттелсін. 
7.
 
Уезд  бастықтарына  тауардың  тасталынып  кеткені  туралы 
мәліметті  сол  заматта,  мәліметті  жергілікті  транспорт 
кеңселеріне хабарлау, елге тауар тасталынған жер қазыналық 
аймаққа  кірмейтін  болса,  тез  арада  пошта  немесе  телеграф 
пункттері  арқылы  «Түркістан  ведомоствасы»  редакциясына 
немесе  «Оренбургский  лист»  басылымына  хабар  жіберіп, 
кеңсеге мәлімет жеткізу міндеттелсін. 
8.
 
«Түркістан  ведомоствасы»  және  «Оренбургский  лист» 
редакцияларына  тауар  тасталып  кеткен  жерлер  туралы 
хабарлама басуды міндеттеп, басылған хабарлама үшін Орыс 
Қоғамынан мақала ақысын өндіру туралы ұсыныс жасау. 
9.
 
Түркістан  өлкесіндегі  сот  орындарының  құрылтайшыларына 
тасымалдау  келісімін  бұзған  мәселені  және  кезектен  тыс 
қарау ұсынылсын. 
Тасымалдау  жұмысы  ХІХ  ғасырдың  аяғына  таман  дамып,  жүйеге 
түсе  бастады.  Тасымал  жұмысы  Батыс  Қазақстан  территориясында 
бекініс  қалалар,  Ойыл,  Ырғыз,  Темір,  Ақтөбе  жәрмеңкелерінің 
жұмысымен  тығыз  байланысты  өркендеді.  Тасымал  жұмысын 
ұйымдастыру, кірешілердің құқығын қорғау  ісі халыққа қызмет етудің 
бір  саласы  ретінде  дамыды.  Тасымалдау  жұмысымен  айналысатын 
Орынбордағы  Ресейлік  қоғам  кеңесі,  ағайынды  Каменский,  ағайынды 
Фридландтар,  көпес  Иванов  кеңселері  Батыс  Қазақстанда  тасымал 
жұмысының дамуына үлес қосты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет