Ақтөбе облыстық білім басқармасы



бет10/12
Дата02.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#64600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
À?ò?áå îáëûñòû? á³ë³ì áàñ?àðìàñû À?ò?áå îáëûñòû? ?ûëûìè -ò?æ³ðèá

AgNO3

BaCl2

Байқалатын эффект

HCl

AgCl

-

ақ тұнба

HNO3

-

-

-

H2SO4

Ag2SO4 ақ

BaSO4 ақ

екі ақ тұнба

Реакция теңдеулері:
HCl+AgNO3=AgCl + HNO3
HNO3+AgNO3
H2O4+2AgNO3=Ag2SO4 +2HNO3
HCl+BaCl2
2HNO3+BaCl2=Ba(NO3)2+2HCl
H2SO4+BaCl2=BaSO4 +2HCl
2-қадам. Тәжірибелік кесте. Бұдан әрі, теориялық кестеде жоспарланған тәжірибелерді жасай отырып, олардың нәтижелерін тәжірибелік кестеге түсіреміз. Кестені жоғарыдағы (1-есептің 2 қадамындағыдай) тәртіп бойынша толтырамыз. Мысалы, нәтижелер келесідегідей болсын делік:




AgNO3

BaCl2

Байқалатын эффект

№1

Ag2SO4 ақ

BaSO4 ақ

екі ақ тұнба

№2

-







№3

AgCl ақ

-

ақ тұнба

3-қадам. Енді тжірибе кезінде байқалатын эффектілерді теориялық кестедегі эффектілермен салыстыра отырып қорытынды жасаймыз және осы жасаған қорытындымыздың көмегімен қай заттың қай сынауықта екендігін шатастырмай таба аламыз. Мысалы, осы жағдайда, басқаларымен екі тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-күкірт қышқылы. Басқалармен еш өзгеріс байқалмайтын бір ғана зат бар, ол – тұз қышқылы.
29
5-есеп. Нөмірленген үш сынауықта тұз ерітінділері бар: а) аммоний сульфаты, аммоний хлориді және аммоний нитраты. Қай сынауықта қандай тұз бар екенін анықтаңдар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний сульфаты, аммоний хлориді және аммоний нитраты, натрий хлориді, натрий карбонаты, натрий сульфаты, барий хлориді,күміс нитраты,тұз қышқылы ерітінділері, сынауықтар.
Есепті шешу үшін жоғарыдағыдай теориялық және тәжірибелік кестелер құрамыз.
1-қадам. Теориялық кесте.




BaCl2

AgNO3

Байқалатын эффект

(NH4)2SO4

BaSO4 ақ

Ag2SO4 ақ

екі ақ тұнба

NH4 Cl

-

AgCl ақ

ақ тұнба

NH4NO3

Ba(NO3)2

-

-

Реакция теңдеулері:


(NH4)2SO4+ BaCl2=BaSO4 + 2NH4Cl
NH4 Cl+ BaCl2
2NH4NO3+BaCl2=Ba(NO3)2+2NH4Cl
(NH4)2SO4+2AgNO3=Ag2SO4 +2NH4NO3
NH4Cl+AgNO3=AgCl +NH4NO3
NH4NO3+AgNO3
2-қадам.Тәжірибелік кесте. Мұнда нөмірленген сынауықтардағы ерітінділермен теориялық кестеде жоспарланған тәжірибелерді жасап, одан байқалатын эффектілерді тәжірибелік кестеге жинақтаймыз.
Мысалы, нәтижелео төмендегідей болсын делік:




BaCl2

HCl

Байқалатын эффект

№1

Ba(NO3)2

-

-

№2

BaSO4 ақ

Ag2SO4 ақ

екі ақ тұнба

№3

-

AgCl ақ

ақ тұнба

30
3-қадам. Тәжірибелік кесте мен теориялық кестені салыстырамыз: басқаларымен әрекеттеспейтін зат біреу, ол- аммоний нитраты,екі тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-аммоний сульфаты. Сол сияқты, басқаларымен бір тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-аммоний хлориді.


ә ) Нөмірленген үш сынауықта тұз ерітінділері бар: натрий хлориді, натрий карбонаты, натрий сульфаты. Қай сынауықта қандай тұз бар екенін анықтаңдар.
Есепті шешу үшін теориялық және тәжірибелік кестелер құрамыз.
1-қадам. Теориялық кесте.




BaCl2

HCl

Байқалатын эффект

NaCl

-

-

-

Na2CO3

BaCO3 ақ

CO2 газ

бір тұнба, бір газ

Na2SO4

BaSO4 ақ

-




Реакция теңдеулері:
NaCl+BaCl2
Na2CO3+BaCl2=BaCO3 + 2NaCl
Na2SO4+BaCl2=BaSO4 +2NaCl
NaCl+HCl≠
Na2CO3+2HCl(сұйық)=2NaCl+CO2 H2O
Na2SO4+HCl≠
2-қадам. Тәжірибелік кесте. Мұнда теориялық кестедегі заттардың формулаларының орнына заттар құйылған сынауықтардың нөмірлерін жазамыз. Кестені толтырған кезде оның қиылыстарына нөмірленген сынауықтардың бір біріне құйған кезде байқалатын эффектерді шартты белгілермен белгілейміз. Мысалы, алынған нәтижелер былай болсын делік: оларды




BaCl2

HCl

Байқалатын эффект

№1

(aқ)

газ

бір тұнба,бір газ

№2

-

-

-

№3

(aқ)

-



Түскен тұнбалардың түсіне және олардың кейбір қасиеттеріне көңіл аударған жөн.


31
3-қадам. Тәжірибелік кесте мен теориялық кестені салыстыра отырып, қорытынды жасаймыз. Реактивтермен бір тұнба, бір газ беретін бір ғана зат бар,ол- натрий карбонаты. Демек, ол №1 сынауықта. Реактивтермен әрекеттеспейтін зат біреу, ол –натрий хлориді.Демек, ол №2 сынауықта. Сол сияқты, реактивтермен бір тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-натрий сульфаты. Демек,ол №3 сынауықта.


6-есеп. Екі ақ ұнтақты: кальций карбонаты мен натрий карбонатын қалай ажыратуға болады?
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: кальций карбонаты мен натрий карбонатының ұнтақтары, дистилденген су, тұз қышқылы, платина сымы, сынауықтар, спиртшам, шыны таяқша.
Кальций карбонаты мен натрий карбонатының ақ ұнтақтарын ажырату үшін оларды суда еріту қажет.
Натрий карбонаты суда жақсы ериді. Оның осы қасиетін пайдаланып, оны кальций карбонатынан ажыратуға болады.
Бұдан әрі, нақтырақ көз жеткізу үшін екі затты жалыны арқылы да ажыратуға болады. Ол үшін сынауыққа 1 мл тұз қышқылын құйып, оған бірнеше секундқа екі сымды саламыз. Содан соң сымдарды жалынның үстінде түсі өзгергенше ұстап, түсі өзгерген соң сымдарды суытып, оның біреуінің ұшына құрғақ кальций карбонатын,екіншісінің ұшына натрий карбонатының біраз бөлігін іліп аламыз да тұздарды жеке-жеке жалынға апарамыз. Кальций катионы жалынды қызыл-кірпішті түске, ал натрий катионы бар тұз жалынды сары түске бояйды.
7-есеп.а) мыс нитратын; ә) кальций карбонатын екі әдіспен алыңдар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: мыс нитраты, кальций карбонаты, концентрлі азот қышқылы, жаңадан дайындалған кальций гидроксиді, кальций сульфаты ерітінділері, сынауықтар, шыны түтікше.
а) Мыс нитратын алу:
1. Сынауыққа мыс жоңқасының бірнеше кесегін салып, 0,5 мл концентрлі азот қышқылының ерітіндісін қосамыз.
32
Нәтижесінде мыс нитраты алынады.
Cu+4HNO3(конц)=Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O
1.Мыс нитратын алу үшін сынауыққа 1-2 мл мыс оксидін құйып, оған сондай мөлшерде азот қышқылын қосамыз.
CuO+2HNO3=Cu(NO3)2+H2O
ә) Кальций карбонатын алу үшін сынауыққа 2-3 мл жаңадан дайындалған кальций гидроксидін құйып, сынауықтағы ерітіндіге шыны түтік арқылы абайлап ауа үрлейміз, Ерітінді лайланады. Бұл кальций карбонатының алынуының белгісі.
Ca(OH)2+CO2=CaCO3 + H2O
1.Сынауыққа 1-2 мл кальций сульфатын құйып, оған 1-2 мл натрий карбонатын қосамыз. Кальций карбонаты ақ тұнба түрінде алынады:
CaSO4+ NaCO3=CaCO3 + Na2SO4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет