Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет101/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162

Тапсырмалары


  1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;

  2. Мазмұнын түсіну;

  3. Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау;

  4. Мазмұнын түсінуі бойыншы сурет салып, суреттеу;

Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-әрекет- терді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқу-шылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр-түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылар- дың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарылата түседі. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығар- маларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін немесе үй тапсыр- масына беруге болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне, өз бетінше жұмыстанан мәтіннің құрылымына көбірек назар аударған жөн. Тақырыптар түрі сан алуан: “Young people and their problems”, “My favourite singer or actor”, “My hobby”, “
Environmental problems”т.б
Келесі жаттығу түрі «Find the words» деп аталады. Нұсқау бойынша балалар сөзді табу тиіс. Bread
E – is exactly in the middle. D – is at the end.
B – is one of the letters before e.
R – is between b and e. A – is between e and b.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі – «Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгі- мелеп айту болып табылады.
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдас- тыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойын- ша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі. Өз тәжірибемнен мысал келтіретін болсам осы оқу жылында 5 сыныпта өткізген ашық сабағымда түрлі әдіс-тәсілдермен жатты- ғуларды, сонымен қатар жаңа оқыту технологиялардың элементтерін қолданып оқушылар- дың шет тіліне деген қызығушылығын арттыруға тырыстым. Тәжирибе алмасу мақсатында әріптестер, сіздерге ұсынғым келіп отыр.

  1. тапсырма. Сабақ басталар алдында тіл жаттықтыру мақсатында Tongue-twister мен бастайтынымыз белгілі.

  1. Pat's black cat is in Pat's black hat.

  2. A girl sees six big grey geese.

  3. A cup of nice coffee is a nice coffee cup.

  4. Snow is so snowy when it is snowing.

  1. тапсырма. Ask Yes-No questions and guess the Animals Is it …?

Does it …? Has it got …?
Can it …? (Сұрақты мағынасына қарай аяқтап қандай жануар жасырып тұрғанын табу керек. (Сурет бойынша)

  1. тапсырма. Guess the Animals (Мәтін бойынша табу)

I' m brown, black or grey. I live on the trees. I move, jump, run very quickly. I eat plants. I am funny. I can hang by my long tail. ( a monkey)
There is an animal that has a beautiful yellow skin with black stripes on it. It is a very dangerous wild animal. It lives mostly in hot countries. ( a tiger)
This animal has got long legs and a long neck. It is brown. It can run fast. It can go without food and water for a long time. What is it? ( a camel)
I'm grey and I'm big. I live in the jungle, but you can also find me at the zoo or in the circus. I don't eat meat. I like leaves, vegetables, grass and fruit. (an elephant)
Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пай- далана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, комуникативті құзіреттілігіне байланысты. Заманауи білім беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік-мәдени процестердің жаһандануының күшеюі, қызметтің әртүрлі салаларындағы интеграция жағдайында дамып келеді. Осыған байланысты қазіргі мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мәдениетаралық өзара әрекеттестіктің және жеке тұлғаның жалпы дамуының маңызды құралы ретінде шет тілдерін үйрену маңызды рөл атқарады. Ең бастысы – орта мектепте шет тілін меңгеру кезеңі, яғни оқушылардың басқа ұлттың мәдениетімен, тілімен алғаш танысуы. Дәл осы уақытта осы оқу пәніне деген көзқарас қалыптасады, оның негізінде оны одан әрі ассимиляциялау жүзеге асырылады.Орта мектепте шет тілін тереңдетіп оқыту кезінде көптеген балалар мен ата-аналар қиындықтарға тап болады, бұл кейіннен оқытылатын пәнге деген қызығушылықтың төмендеуіне әкеледі. Сондықтан мұғалімнің бірінші оқу жылынан бастап қызығушылықты ояту, әр баланы
шығармашылық тұлға ретінде қарастыру өте маңызды. Мен сабақ барысында сөйлеу дағ- дысын қалыптастыру мақсатында көбінесе диалогтік, рөлдік ойын стратегияларын қолда- мын. Себебі өз ойын жеткізу, өзара сөйлесе алу, алған білімін күнделікті өмірде қолдана ала- тын оқушы қалыптастыру басты мақсатым. Сабақ барысында қолданып жүрген әдіс-тәсіл- дерімнің оқушы бойынан сабаққа қызығушылық танытқаны байқалды. Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын артыруда ақпараттық-коммуникативтік техно- логияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. «Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізде- нудің нәтижесі. Жаңартылған бағдарламаға көшу бүкіл білім беру жүйесінің жаңартылуын талап етеді. Бұл көшуді жүзеге асыру үшін біз өзімізден бастауымыз қажет. Мұғалім менің түсінігімде зергер. Осы мамандықтың қаншалықты қиын екенін бәріміз білеміз. Оның жұмысының күрделілігі асыл тастарды құнды бұйымдарға айналдыру. Біздің қоғамымыздың асыл тастары – балаларымыз. Ал мұғалімнің мақсаты осы балаларды бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу. Еңбегімнің ел кәдесіне жарағаның сезіну-үлкен бақыт. Және де сөзімнің соңында Елбасымыздың сөзімен аяқтауды жөн көрдім: «Біз уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ. Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндіктерді толықтай пайдалана алатынына сенемін.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет