Пайдаланылған әдебиеттер:
Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар», Алматы, 2003.
Істеміров Н «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы,2007.
Педагогика, Ж.Қоянбаев. –А. 2002.
Халық тәлімі // №7. 2006.
Бастауыш мектеп // №7, 2001. №9, 2003.
Бегалиев Т. Педагогика. 2001.
Омарова Р. Оқу – танымдық әрекетті белсендіру // Қазақстан мектебі, №12, 2006.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» І республикалық педагогикалық оқуларының жинағы. – Тараз 2018.
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жаналиева Г.М.
Іле ауданы, 40 орта мектеп
І. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін Қ.К.Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім беру- дегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығарма- шылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту техноло- гиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытын- дағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда - Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жоспарланған. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабі- летті болу керек. Қазақстандықтар кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс . Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- ана- ларды балаларын үш тілде оқытуға шақыру керек. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін мең- гереді екен. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қол- дануда. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар ара- сында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды. Менің байқап бақылағаным бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім – білік
дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақ- сатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсыр- масын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып маз- мұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушы- лардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады. 5- сыныпта What do you want to be? тақырыбындағы сабақта жаңа сөздер және жаңа сөз тіркестерімен танысқан соң, жұптық тапсырма бердім. Яғни әрбір оқушы көршісінің қимыл қозғалыстары арқылы сабақта үйренген жаңа сөз тіркестерін пайдалана отырып қандай мамандық иесі екенін табу керек. Оқушылардың белсенді жұмыстануына жақсы септігін тигізеді.
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу ең- бегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидакти- калық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады
7. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады
Достарыңызбен бөлісу: |