Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББ, - 2015.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, - 2012.
Бағалау саясаты. Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. - 2014. http://www.nis.edu.kz/.
Cpm. Kz. Үшінші негізгі деңгей. Бірінші бетпе-бет, 3 апта, 1 күн ресурстары.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Барлық Қазақ- стандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Алматы: Дәуір, - 1997
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
А.Ж. Кулиева
№208 орта мектебінің мұғалімі
Ж.О. Байдосова
«Авимед» колледжінің оқытушысы Алматы қаласы
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы барлық қазақ тілін үйретуші ұстаздар мен оқыту- шылардың алдына сабақты терең де мазмұнды және сапалы өткізу талабын қойып отыр. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген игі көзқарасын қалыптастыру үшін қазақ елінің сан ғасырлық мәдениетінің, салт-дәстүрінен, ұлттық құндылықтарынан танымдық ақпараттар беретін қарапайым әрі ұғынуға жеңіл тілмен жазылған шағын мәтіндер және түрлі дидакти- калық материалдарды жаттықтыру жұмыстары кезінде пайдалана білу тіл үйренушіден үлкен шеберлікті талап етеді.
Тілді оқытуда мәтінді қолдану әдістемелік жүйесі – Ы.Алтынсариннен бастау алып, А.Байтұрсынұлы жалғастырып дамытқан, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Ғ.Бегалиевтер, Ш.Х.Сарыбаевтар қалыптастырған, М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, К.Аханов, Н.Оралбаев, С.Рахметова, Ы.Маманов, Ш.Ш.Сарыбаев, К.Сариева, Ғ.Қалиев тәрізді көптеген оқулық авторлары дәстүрге айналдырған көп қырлы әдістемелік жүйе
Сабақ үстіндегі күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілінің грамматикалық және лексика- лық материалдарын мәтіндер мен өлеңдер арқылы игертіп, олардың тілге деген қызығу- шылығын арттыра отырып, қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін орындатуға үлкен мән береміз.
Тіл үйренуші әрбір адамның жоғарыдағы құнды пікірді өз сабақтарында орнымен пай- далана білуі тіл үйренушінің сабаққа қызығушылығын арттырып, оның тіл үйрену бары- сында қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға әсерін тигізеді. Қазақ тілін мәтін арқылы үйрету – оқытудың ең тиімді жолдарының бірі. Мәтіннің лингвистикалық негізін жан-жақты меңгерген оқытушы оны игерту кезінде жүйелі жұмыс жасап, үлкен нәтижеге жете алады.
Қазақ тілін үйренушілерге мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мәтін туралы, оның не- гізгі ерекшеліктері, құрылымы мен байланысу тәсілдері туралы түсіндірген жөн. Бұл олар- дың кез келген мәтінді түсініп, қабылдауында үлкен рөл атқарады. Мысалы, мәтін құры- лымы жағынан кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер болып бөлінетінін білу тіл үйренушіге кіріспеде тақырыпқа байланысты жалпы баяндау болатынын, негізгі бөлімде тақырыптағы негізгі ой ашылып, жан-жақты түсіндірілетінін, қорытындыда айтылған ойдың қорытындысы жасалып, тұжырымдалатынын алдын ала біліп отыруына көмектеседі. Сонымен қатар, мәтіндегі таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндірудің де маңызы зор. Мұндай жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір-бірімен байланысын меңгеруіне септігін тигізеді.
Қазақ тілі сабақтарында студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың жүзеге асыру барысында оқытушы түсіндіргелі тұрған проблемасынан қызықты қысқа хабар және ерекше карточкалар таратып және сол арқылы баланың жаңа сабаққа деген ойының оянуына себеп тудырады. Оқытушы сабақ жоспарында тұжырымдаған сұрақтарды түгелдей хабарлайды да, 1-2 минут ойланудына рұқсат береді. Негізгі тақырыпқа байланысты не біле- тіні жайлы сұрау. Егер жауап бере алмай жатса, оқытушы оларға көмек ретінде қосымша сұрақтар қойғаны жөн. Сұрақтар баланың білім деңгейіне қарай қиындатылып немесе жеңілдетіліп беріледі. Содан соң берілген жауаптарды топтастырады.
Сұрақтар неғұрлым тақырыпты ашуға ықпалды болса, балалар ойын жақсы жүйелеп сөйлей алады. Сондықтан сұрақты бала ойланатындай, тіпті үйде сабаққа дайындалуға мұр- шасы келмеген студент өзі кешегі (алдыңғы сабақта) оқытушы түсіндірген мәселені ойына жылдам тұсіндіре алатындай шешімін табуға шақырып тұратын сұрақтар қажет-ақ. Бала жауап беріп тұрғанда сәл мүдірген жерін тәптіштемей, баланың өзі жөндеуіне мүмкіндік жа- сау қажет. Баланың дұрыс сөйлеуіне, тіл шеберлігіне, пікірін дәлелдеуіне, өзіндік қорытын- дылар жасауына жағдай тудырып отыру керек.
Қазақ тілін оқыту барысында коммуникативтік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаттардың (оның ішінде жетекші орын коммуникативтік мақсатқа беріледі) кешенді түрде іске асы- рылуының маңызы зор.
Оқытудың коммуникативтік мақсаттары балалар бағдарламада белгіленген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуі, сөйлеуі, мәтін- дерді мазмұнын сөздіксіз, ал қиын мәтіндердің мағынасын сөздіктің көмегімен оқып түсіне алуы керек.
Қазақ тілін оқытудың коммуникативтік мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты – оқыту барысында коммуникативтік бағдар беру. Демек, баланы қазақ тілінде ауыз екі сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс істеуге баулу қажет. Қазақ тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде балаларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемделік дағ- дыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машық- тандыру көзделеді. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оған түйгенін қысқаша етіп қағазға жазып алу, аңдатпа жазу, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып баға бере білу сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.
Жанам түрдегі (кітап арқылы) қарым-қатынас кезінде автор ойын, мәтін мазмұнын түсіну және оған сын көзбен қарау біліктілігін дамыту маңызды болып табылады.
Білімділік мақсатында филологиялық білімін арттыру, баланың жалпы ой-өрісін кеңейту мақсаттары жүзеге асырылады. Оқулық, оқу кітаптары, журналдар арқылы белгілі адамдар- дың еңбектерін оқу арқылы жалпы білімдік ой-өрісін кеңейтеді.
Қазақ тілін оқыту бала тұлғасының барлық жағынан: олардың дүниетанымын, ой-өрі- сінің, жадының, сезімі мен эмоциясының, адамгершілік және эстетикалық көзқарасының, мінез-бітістерін қалыптастырады.
Қазіргі заман талабына сай оқытушының сабақ мазмұнын саралай отырып, сабақта сөз болатын тақырыпты дұрыс таңдап, оның мазмұнын аша білуі, жаттығудың ең тиімді деген- дердін іріктеп алуы қазақ тілін тез әрі сауатты меңгертуге бастайтын ұтымды жолдардың бірі болып табылады. Таңдап алған мәтіннің танымдық және тәрбиелік мәніне де ерекше көңіл бөлу сабақ үрдісінде үнем естен шықпауы керек.
Мәтін – тіл үйретудің негізгі құралы. Мәтінм арқылы қазақ тілінің фонетикасы, лек- сикасы, морфологиясы, синтаксисі меңгертіледі. Мәтін бойынша жай және күрделі жоспар- лар жасап, тіл үйренушінің тілді білудегі жеке мүмкіндігін де ескеріп, қажетті әдістемелік тәсілдерді таңдай білу тіл үйренушінің оқуға қызығушылығын арттырып, сабақ үстіндегі қатысымдық құзыреттілігін дамытады. Сондықтан қазіргі өркениетке бет бұрған заманның талғамы жоғары әрбір азаматы өзге тілді үйретушінің де сол заманға лайық терең білім бере алатын деңгейден көрінуін талап етері сөзсіз.
Қазіргі уақытта заман талабына сай білім шыңдау оқытушылардың бір міндеті болып табылады. Студенттердің бойындағы жоғарғы идеялық, адамгершілік қасиеттерді қалып- тастыру, еңбекке дайындауда оқыту әдістемесі мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану қажет. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту өдістеріне қарай әрбір пәннің тыңдаушылырына дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.
Қазіргі уақытта компьютердің жетілген заманы. Қоғамды ақпараттандырудың басым ба- ғытталған салаларының бірі – білім беру саласы. Ақпараттық коммуникациялық техноло-
гиялар ортасынпайдалануға негізделген білім беруді ақпараттандыру оқыту үдерісінің қарқынын арттыруға, дамытаоқыту идеясын іске асыруға, оқыту үдерісін ұйымдастыру әдіс- тері мен формаларын жетілдіруге бағытталған.
Инновациялық технологиялар білім алушының тілдік білім сапасын арттырып, қарым- қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады. Қазақ тілін игертуге қатысты инновациялық технологиялардың әдістерін қолдану студенттің қазақ тілін үйренуге деген ынтасын, зейінін, қызығушылығын дамытып қана қоймайды міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, жаңа мүмкіндік деңгейлерін ашады.
Сондай –ақ , жаңа технологиялар, жаңа инновациялық әдістемелер бар. Мәселен белгілі ұстаздар Ж.Қараевтың оқушылардың білімін бағалау, деңгейлеп оқыту әдістемесі, Қ.Бітібаеваның әдебиет пәнін оқыту әдістемелері, Н.Оразақынованың сатылай талдап оқыту технологиясы, Вольдорф педагогикасы, проблемалық оқыту технологиясы, оқыту техно- логиясы, ойната отырып оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, деңгейлік дифференциялау технологиясы, жекелей оқыту, ұжымдық оқыту, топтық оқыту, комьпю- термен оқыту, интерактивті тақтаны пайдаланып оқыту, өзіндік оқыту технологиясы, т.б. көптеген ізденгіш педагогтардың ойлап тапқан инновациялық әдістемесі көп-ақ.
Тіл байлығы сөздің мағыналық дамуға түсіп, түрлі қолданыста реңк алып қарым-қатынас қажетін өтеуімен тығыз байланысты. Адамзат баласы тілдің ерте дәуірінде сөздердің ешқандай қосымшасыз, мағыналық дамуға түскен бірліктермен коммуникативтік қажеттерін өтеген. Осыған қарап, сөз – коммуникативтік талапты орындаушы бірден-бір категория деуге толық болады.
Сонымен, сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданудың тиімді жақтары айтарлықтай маңызды. АКТ қолдану қазақ тілі сабағының мазмұнын байытып, жаңа сабақты түсіндіру барысында, сабақты қорыту кезінде тиімді. Осылайша оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға болады. Ендігі міндет – тәжірибесі терең технологияны игеру.
Қоғамның экономикалық дамуындағы жоғары деңгейге шығуға талпынысы қоғамдық өндірісті ұйымдастыруға, нарықтық экономика жағдайындағы техникалық-технологиялық әрекеттерге байланысты жаңа талаптарды белгілейді. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуы материалдық өндірісті түбегейлі өзгеруімен, оларға кәсіби құзырлығымен байланысты біліктілігі жоғары мамандарды даярлаумен, ғылым мен техниканың дамуымен, технология мен өндірісті басқарумен тығыз байланысты.
Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары түлектерінің даярлық деңгейі жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және кәсіби мектептер мен колледждердің оқушыларының дайындығын да анықтайды.
Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің негізгі міндетінің бірі – оқушының қабілеті мен бейімділігіне қарай, білім беру мекемесінің дәстүрі мен деңгейіне сәйкес экономиканың қандайда бір саласына белсенді еңбек етуге дайындау.
Пәнаралық байланыс проблемасын бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Атап айтқанда, Бейсенбаев А.А., Беленький Г.И., Зверев М.Л., Куагин П.Г. және т.б. Яғни, зерттеушілердің пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары да әр қилы екендігін аңғар- дық. Пәнаралық байланыстың мән-мағынасын білімнің мазмұнына ғана емес, ол оқыту үр- дісінің барлық құрамды бөліктеріне қатысты деген оймен толықтырады. Пәнаралық байла- нысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ деп пайымдайды, себебі оның педагогикалық мақсатындағы оқытудың жұйелілік қағидасынан туындайды, білімнің тұ- тастай жүйесінің негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақ- тылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.
Кәсіби оқыту педагогы технологиялық білім және іскерліктермен қатар экономика мен кәсіпкерлік саласында білімі болу керек. Бұл жерде технологиялық және экономикалық дайындық өзара тығыз байланысты және осы байланыстардың бір-біріне әсері көп екенін естен шығармау керек.
Технологиялық бағытты арттыру барысында кең кәсіби профильдің керектігіне және қазіргі заманғы өндіріс саласындағы жұмыскердің жоғары технологиялық мәдениетіне ерекше жоғары технологиялық мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді. Ол еңбек заңдылығының өзгеруі негізінде және болашақ жұмыскерді кәсібиге дейін дайындайтын мұғалімнің білімін кеңейтуді талап етеді.
Сонымен қатар оқыту уақытының көбі экономикалық дайындауға ауысқан болғандықтан студенттерді технология мен техникалы пәндерді оқытуға кететін технологиялық дайындау деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалады. Оқу жұмыс жоспарын құру кезінде осы мәсе- лені ескеріліп технологиялық және экономикалық құрамдардың кәсіби шешімін табу керек.
Бұл жерде кәсіби оқыту педагогын қалыптастыру үшін технологиялық және экономи- калық дайындық беру жеткіліксіз екенін ескерген жөн. Технологиялық білімді неғұрлым толық тиімді түрде жеткізу үшін оған терең психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындық керек. Бұл жерде әдістемелік цикл пәнін жақсы меңгеру үшін технологиялық пәндерді білу қажет. Пәнді білмей сабақ беру әдістемесін игеру, оның ішінде сапалы білім беруге қол жеткізу мүмкін емес.
Сараптаудың толықтығы мен оның нәтижелерінің жеткіліктігі үшін пәнаралық байла- ныстың тиімділігін бағалау арқылы анықтау қажет. Бұл жерде тиімділік ретінде бастапқы түсініледі. Ол үшін қабылданған жіктемені қолдану, ең қарапайымын алу керек. 1. Түсіну- оқушы оқып жатқан пәндер мен құбылыстар туралы пәндердің кейбір түрлерін олардың айырықша белгілері бойынша жалпылай алатын деңгейдегі түсінік алуы (ойша бөліп алу).
2. Білім – пәннің , құбылыстың, үрдіс пен оның заңдылығының және өзара байланыстың негізін түсіну. 3. Іскерлік – білімді практикалық міндеттерді шешу үшін қолдана алу.
Пәнде бір-бірінің жағдайына өзара әсер ететін болса, пәнаралық байланыстар бір жақты (бір бағытта) немесе екі жақты болады. Қосалқы пәннің негізгі пәнге әсерін көрсететін байланыстар, яғни қосалқы пәндер арқылы қол жеткізілген білімді қалай қолдану керектігін көрсететін байланыстар негізгі пәнді оқу барысындағы тура байланыстар , қосалқы пәндерді оқу барысында нәннен алынған белгілі бір білімдер кері байланыс болып табылады. Осы байланыстарды есепке ала отырып оқыту үрдісін ұйымдастыру студенттердің технологиялық даярлығын жетілдірудің тиімді жолдарының бірі.
Пәнаралық байланыс зерттеу тәсілдерінің ортақтығы жөнінен де айқындалуы мүмкін. Іс жүзінде оқытушыға пәнаралық уақыттық байланыстардың үш түрімен жұмыс істеуіне тура келеді: болып өткен, ілеспелі, (қатарлас), және перспективалық.
Ілеспелі пәнаралық байланыстар дегеніміз – бірнеше пәндер бойынша бірқатар сұрақтар мен түсініктерді бір уақытта оқытуды көздейтін байланыс.
Перспективалық пәнаралық байланыстар дегеніміз – белгілі бір пәннен материалды өту, басқа пәндер бойынша оның қолданылуының алдын алу үшін пайдаланылады.
Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін, яғни бір оқу орны- ның барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық оқытушыларға бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай.
Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
Әр түрлі пәндерді оқып-үйренуде өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;
Оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақты- лығымен, шеберліктерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру,
Жалпы теориялық, білім алуды және практикалық шеберліктер мен дағдыларды бір- ыңғай әдіспен жүзеге асыру;
Оқушыларға( білім алу икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою;
Оқушылардың бір пәнді оқып-үйрену барысында екінші бір пәннен білім алуға, икемі мен дағдыларын кеңінен пайдалана білуге әдеттендіру;
Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтығын, ерекшелігін көрсете білу;
Пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың ортақ байланысын ашып, дұрыс диалектикалық дүние танымын қалыптастыру.
Ғалымдардың пікірінен әрбір баланың қызығуының дамуы және қалыптасу мүмкіндігі шектелмегендігін, бірақ әлеуметтік ортаның оқыту мен тәрбиелеудің мүмкіндіктеріне негіз- делгендігін, оқытуда қызығудың болу қажеттілігін, оның әсерін, қарым-қатынасын, өзара әрекетін жеке тұлғалық қызметімен байланыстыру қажеттігін түсінеміз. Бұл тұжырым баланың қызығушылығының қалыптасуы автономиялық емес, ішкі заңдар арқылы жүзеге асады, ол қажеттіліктермен тығыз байланысты деген қорытынды жасауға болады.
Тіл үйрету жұмысы – өте күрделі процесс. Сондықтан тіл үйрену барысында қоданы- латын аталған инновациялық технологиялардың барлығы бір-біріне байланысты.Бірінсіз бірін жүзеге асыру мүмкін емес. Дидактиканың заңдылығына сәйкес инновациялық техноло- гиялардың тиімді әдістерін пайдалануда берілетін тапсырмалар мен жаттығулар жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Студенттер қазақ тілі сабағында тек тіл мүйреніп ұана қоймайды, олардың ссабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзөарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді. Сондықтан да оқытушы әр студенттің қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі қажет. Өйткені тіл үйрену барысында әрбір студенттің жеке қабілеті еске алынады, жан дүниесі ескеріледі. Кәсіби тіл үйрету барысында әрбір студенттің жеке қабілеті еске алынады, жан дүниесі ескеріледі. Кәсіби қазақ тілі саба- ғында студенттер болашақ мамандығы бойынша ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде түрліше оқу әрекеттерін орындай отырып, өзінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Ойлау қабілетіне тәрбиелеу студентті жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білу құмарлығы, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеуменқоса жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |