Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет70/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Аскольд-Алексеев С.А. Концепт и слова // Русская речь. Новая серия/ под ред. И.Р. 



Гальперина. – М.: Наука, 1986. – С 267-271. 

2.

 



Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: ТетраСист., 2004. – 55с.  

3.

 



Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры. – М.: 1997. – 347с.  

4.

 



Татаркевич В. О счастье и совершенстве человека. – М.: Прогресс, 1981. – 367 с.  

5.

 



Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику. – М.: Флинта Наука, 2007. – 296с. 

6.

 



Мақатаев М. Жыр кітабы. – А., Қазақпарат. 2012. – 1032б. 

547 

 

7.



 

Шаханов М. Эверестке шығу. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. Алматы: Атамұра, 2003. – 

272 б. 

8.

 



Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Раритет, 2006. – 

384б. 


 

 

ОӘЖ 929 



Д.А.ҚОНАЕВ – ТУМА ДАРЫН ИЕСІ 

Әуез Д.Б. 

Ғылыми жетекші: Шымырбаева Ә.У. 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ  

 

Түйін 

Діңмұхаммед  Ахметұлы  өз  халқының  сүйіспеншілігін  тірі  кезінде-ақ  сезіне  білген.  

Д.А.Қонаев өз заманының асыл перзенті болған  тұлға.  Д.А.Конаев Қазақстандағы көптеген 

жобалардың көшбасшысы ғана емес және ғылым және мәдениет қайраткерлеріне көп көмегі 

тиген.  Бұл  көпұлтты  Қазақстан  халқының  нағыз  патриот  ұлына  берілген  құрметі  деп 

санаймыз. 

Аннотация 

 Народную  любовь  Динмухамед   Кунаев  заслужил  еще  при  жизни.  Для  многих 

казахстанцев  он  является  олицетворением  целой  эпохи.  Его  считают  не  только 

родоначальником многих проектов, но и покровителем деятелей культуры, науки. Это своего 

рода  дань  памяти  человеку  с  большой  буквы,  настоящему  казаху,  искреннему  патриоту 

многоэтничного Казахстана. 

 

Summary

 

People's love Dinmuhamed Kunaev earned during his lifetime. For many Kazakhs he is the 



personification of an era. He is considered not only the founder of many projects, but also the patron 

of  culture  and  science.  It's  kind  of  a  tribute  to  a  great  man,  really  Kazakhs,  sincere  patriots 

multiethnic Kazakhstan. 

 

Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында дүниеге келген. 1930 жылы 



мектеп бітірген соң, Қазақ өлкелік жастар комитетінің жолдамасымен Мәскеу түсті металл 

және алтын институтында оқиды.1936 жылы тау – кен инженері мамандығын алып, Балқаш 

мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне жұмысқа кірді, бұрғылау станогінің машинисі, 

цех бастығы, бас инженер және директоры. 

1952  жылы  17  сәуірде  қазақ  ғалымдары  Ғылым  Академиясының  президенті  етіп 

сайлады. Ғылыми зерттеулердің негізгі  салаларын кадрлармен нығайту жөніндегі   күрделі 

шараларды біліктілікпен, ыждаhатты түрде жүзеге асырды. 

1955 -1960,1962 – 1964 жылдары Қазақ министрлер кеңесінің төрағасы, 1960- 1962 , 

1964 – 1986 жылдары КОКП – ның 1 – ші хатшысы қызметтерін атқарды. 

3  мәрте  Социалистік  еңбек  ері,  Қазақстан  ғылым  академигі(1952),  техникалық 

ғылымдар докторы. Д.А.Қонаев жан-жақты адам. Ол – дана, дара, ол  көреген саясаткер, ол – 

адал жар,ол – халық қамын жеген қазақтың асыл жақұты, перзенті. 

  Д.А.  Қонаев  –біріншіден,  еліміздің  ауылшаруашылығын  көтерді,  яғни  қойдың 

жалпы саны 50 млн-ға жетті. Ы.Жақаев сияқты диқандарды екі мәрте Социалистік Еңбек 

Ері  Қонаевтың тұсында 30-ға жуық қала салынды.Ол көптеген өнеркәсіп орындарын іске 

қосты:Қарағанды-Теміртау,  Қостанай-Лисаковск,  Шығыс  Қазақстан,  Павлодар-Екібастұз, 

Жамбыл  гресі,  Жамбыл  қос  суперфосфат  зауыты,т.б.  Облыс  саны  19  жетті.  Негізі, 

облыстарды 20-ға жеткізбек ойы болған. Ондағы көздеген мақсаты БҰҰ-ға мүше болу еді. 



548 

 

 Д.А.Қонаевтың  негізгі мамандығы инженер-металлург болғандықтан еліміздегі аса 



ірі металлургия комбинаттары, атап айтсақ, Қарметкомбинат, Жезқазған кен-металлургия 

комбинаттарын,  Шымкенттегі  химфарм  зауыты,  Алматыдағы  ауыр  машина  жасау 

зауыттарын  дамытты.Сонымен  қатар  Өскеменде  жол  құрылысы,  Рудный  материалдық  - 

өндірістік  институтын,  Целиноградта  инженерлік  –  құрылыс,  Алматы  энергетика, 

архитектура және құрылыс институттарын ашты. 

           Қонаев  Алматының  көркеюіне  тікелей  еңбек  сіңірді.  Алматы  қаласын  суландыру 

мақсатында қазір өз атымен аталатын Үлкен Алматы каналын салдырып, Іленің суын егінге 

пайдаланды.Осы Алматы облысында күріш шаруашылығын дамытты. 

Д.А.Қонаев  Қазақстан экономикасына ғана емес, мәдениетіне, руханиятына қосқан 

үлесі зор. Д.А.Қонаев қазақ халқы шынайы түрде сыйлады, құрмет тұтты. Ол кісі өнерді 

тоталитаризмнің  идеологиясынан  қорғай  білді.  Айта  кететін  болсақ,  Алматыдағы  

М.Әуезов атындағы қазақ драма театрын салып, қазақ мәдениетін биікке көтерді. 

Ұлттық кадрларды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп, жалпы зиялы қауым өкілдеріне 

қамқор болды.  Оның бастамасымен  бой көтерген Республика сарайы, Достық даңғылында 

орналасқан үйлер,   «Медеу» спорт кешені, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, 

Республика  алаңы,  «Қазақстан»,  «Алматы»,  «  Алатау»  қонақүйлері,  Орталық  цирк, 

аэровокзал, азропорт т.б.  

Д.А.Қонаев өте зерек, көреген саясаткер болды, республика тағдырына байланысты 

Мәскеудің әрбір қадамын алдын ала сезіп, біліп отырды. Хрущевтің жақын төңірегіндегі 

«орысшыл    патриоттарды»  одақтық  бюджеттен  орталық  Ресей  аймағының 

ауылшаруашылығын  көтеруге  тиісті  айтарлықтай  қаражаттың  тың  жерлерді  игеруге 

жұмсалып жатқаны қатты мазасыздандыратын. Солардың ұсынысы бойынша Қазақ КСР-

да  Тың  өлкесі  құрылып,  Ақмола  Целиноград  атанды.  Ендігі  кезек,  Қазақстанның  орыс 

тұрғындаоры басым облыстарын  Ресейдің қарамағына беріп,  Тың өлкесін жасау болатын. 

Осындай  алыстан  орағытқан  қитұртқы  ниеттерін  ұққан  Қонаев  Тың  өлкесі  ерекшеленіп 

тұрмауы  үшін  республиканың  Оңтүстігінен  және  Батысынан  өлкелер  құруға  күш  салды. 

Осылайша  тете-теңдік  жасап,  Тың  өлкесін  Қазақ  КСР-ның  құрамында  сақтап  қалды. 

Хрущевтың жоспары бойынша әр республиканың негізгі өндірісі болуы тиіс еді, мәселен 

Ресей  астық  өндіру  керек,  Қазақстан  қой  шаруашылығын  өркендетіп,  Өзбекстан  мақта 

өсірумен  айналысуы  қажет.  Осыған  орай  географиялық  карта  қайта  қаралып,  Оңтүсік 

Қазақстанның мақта өсіретін бірнеше ауданы Өзбекстанға берілді. Мұндай шешімге қарсы 

шыққан Д.Қонаев 1-ші хатшылық қызметінен босатылды. Ал бұған дейін көп дүние бастан 

өтеді,  2  жылдан  кейін  өзінің  орнына  оралып  3  ауданды  қайтарып  алады(1965ж).  Ширек 

ғасырдан  астам  үздіксіз  ел  басқарған  жылдарында  республиканы  Кеңес  Одағының 

көлеміндегі  14-орыннан  алдыңғы  үштіктің  қатарынан  шығарды.  Одақ  бойынша  2-ші 

астықты  алқапқа  және  көпсалалы  өнеркәсіп  аймағына  айналды.  Осы  мерзім  ішінде 

республиканың өндірістік ауқымы 10 есеге өсті. 

Д.А.Қонаев  есімі  ірі  қайраткер  ретінде  дүние  жүзіне  мәлім.  Ол  сол    кезеңдерде 

Кеңестер  елінің  делегациясын  басқарып,  АҚШ,  Қытай  республикасында,  Индияда, 

Оңтүстік Кореяда, Моңғолияда басқа ірі елдерде болғанын айта кетсек артық емес.    

Д.А.Қонаевтің  қазаққа  деген  құрметі  зор  еді  Мысалы,  1979  жылы  қазіргі  Республика 

сарайында шопандардың республикалық съезі өтті. Съезді Қонаев қазақ тілінде сөз сөйлеп 

ашып,  министрлер кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов те бір ауыз орысша қоспай баяндама 

жасады.  Социализмнің  дәурені  жүріп  тұрған  заманда  съездің  қазақша  өтуі  Қонаевтың 

қазаққа деген құрметі еді.  

           Тағы бір мысал, 1973 жылы Қазақстанға іс сапармен Димекең Тегеранда кездескен 

Ризе  шах  келді.  Жұбайымен  келген  шах  ресми  кездесуден  кейін,  Қонаев    Риземен  жеке 

кездеседі. Бір сөздің реті келген тұста Қонаев   « Сіздің елде біздің қазақтар бар ма» деп 

сұрайды. Өкініштісі, шах қазақтардың Иранда  бар-жоғын  білмейді екен. «Елге  барғаннан 

кейін  сұрастырып, іздестіріп көрейін.  Содан соң  сізге елшілік арқылы  хабар беріледі» деп 

уәде  береді.  Шах  еліне  келгеннен  кейін  Қонаевқа  берген  уәдесі  бойынша  уәзірлерінен 



549 

 

қазақтар жөнінде сұрайды. Иранда Гурган облысында қазақтар тұратынын анықтап  оларды 



«патша  ордасына»  шақырады.  Олар  30-шы  жылдары  Маңғыстау  жақтан  ауып  келген 

Адайлар  екенін  анықтап,  қазақтарға  атамекендері  Қазақстанға  барғандығын  айтып,  ел 

басшысы Қонаевтың қабылдауында болғандығын  ерекше айтып, әңгімелейді. Сол кісіге 

берген уәдесі бойынша қазақтарды арнайы қабылдап отырғанын айтады. Байырғы атамекен 

отанында жоқтаушысы бар  екенін  білген  қазақтардың рухы көтеріліп, төбелері көкке бір 

елі жетпейді.  

          Д.Қонаев ұлтымыздың салт-дәстүрін де сыйлаған, бұл жөнінде жанында жүргендерге 

түсіндіріп  айтып  та  отырған.  Әрине  ол  кезде  заман  басқаша,  республиканың  бірінші 

коммунисіне  қазақтың  әдет-ғұрпын  ашық  айтуға,  мадақтауға  реті  де  жоқ,  себебі  бәрі 

советтік  «прогресшіл»  болуы  тиіс  еді.    Ал  қазақтың  жақсы  дәстүрлерінің  өзі,  кертартпа, 

феодалдық болып саналатын. 

         1968 жылы қаңтарда Қонаев  Ирандағы атақты мешіттер мен ұлы ғибадатханаларды 

да  көреді.  Елді  аралап  жүргенде    «  Сіз  мұсылмансыз  ба?»  Деп  сұрайды    ислам  жолын 

ұстағандар.  «Әлхамдуллила мен  мұсылманмын» дейді. Ирандықтар бұған сенбей:  «Сіз 

Саяси бюро мүшесісіз ғой.  Намазды қалай оқисыз» дейді. Қонаев  «ішімнен оқимын» дейді.  

Жауап бергенде –бұл өзі тегін адам болмады» деп Қонаевқа қайран қалды. Ирандықтарға 

мұсылмандығын дәлелдеу  үшін құран сүрелерін жатқа оқиды. Сөйтіп, бірінен-бірі  естіп, 

бұл оқиға мұсылман елдеріне аңыз болып таралады.   

Шираз      қаласында    атақты    Хафиз    ақынның  зираты    мен    мұражайын   

көреді.Мұражай  қызметкері  Димекеннің  нұрлы  жүзіне  қарап, Кітап  аштыруын  өтінеді. 

Хафиз  «кітап  аштыру» арқылы  адам  тағдырын  болжау  бұл  ежелден  келе  жатқан  салт  

еді. Шырақшы  кітапты  басына  көтеріп, бетін  ашқанда адамдарға  жасалған  жақсылықтың  

ұмытылмайтыны  жөнінде  жазылған  «жыр  шумағы» шығады. Бұл  кісі  адамдарға  тек  

жақсылық    жасап    қамқор    болуы    үшін    жаратылған    жан    екен    деп    молда    қариялар  

Димекеңе  іс сапарда  ақ  жол  тілейді. 

Оның  100-ден  аса  ғылыми  еңбектері,  кітаптары  бар:Ұлы  «Октябрь  Социалистік 

революциясына 50 жыл» , «Қазақстан  Компартиясының ОК ҚКП – ның 16 съезіне есепті 

баяндамасы», «Таңдамалы сөздер мен мақалалар», «Лениннің нұрлы жолымен », «Советтік 

Қазақстан», «Әлемнің Әуезові», «Ақиқаттан аттауға болмайды»т.б. 

«Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабында  өз өмірінен көрген – білген , түйгендерін 

жазады.Онда «Елді ерте білген мықты емес,ерді пана тұтып ,сенім арта білген ел мықты», 

«Кісі еңбегін көре білмегеннен әділдікті күтуге болмайды», «Жақсымызды қадыр тұтпай 

жаманнан  құтыла  алмаймыз»,  «Өмірде  бірқалыпты  боп  жүру  әркімнің  маңдайына  жаза 

бермеген»,  «Өмір  ақ  пен  қараның,  қайғы  мен  қуаныштың,  сүйініш  пен  күйініштің 

текетіресуімен, қызық қақтығысуымен мәнді. Ескі мен жаңаның қатар жүретіні де содан», 

т.б. деген сияқты  өзі қалыптастырған өмірлік қағидаларды  жазады. Ана тіліне шешен, тіл 

қадірін түсіне білетін жазушы бола білді. 

Қорытындылай  келе,  аса  көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Д.А.Қонаевтың 

тарих  төрінен  ойып  тұрып  орын  алары  дау  тудырмайды.  Д.А.Қонаев  өз  заманының  асыл 

перзенті  болған    тұлға.  Жас  та  жігерлі  басшы  қарамағындағы  халықты  асытамын  деп 

тасымай,  жасытамын  деп  жәбірлемей  қатарына  алып,  қан  майданның  алғы  шебіндегі  қас 

батырдай  іс  тындыруға  жұмылдыра  білді.  Асқар  таудың  биіктігі  алыстаған  сайын 

айқындалып,анықтала  түсетіндігі  белгілі,сол  сияқты  тау  тұрпатты  жандардың  ұлылығы 

уақыт  өткен  сайын  анықталады.  Д.А.Қонаев  та  солардың  қатарынан.Сондықтан  ол  кісінің 

адамдығын, халыққа жасаған игі жақсылықтарын бір сәтке естен шығармауымыз керек. 

   


Пайдаланылған әдебиеттер. 

1.«Елу жыл ел ағасы»  Алматы.  «Санат» 2002 ж. 

2.«Өтті дәурен осылай»  Алматы.  «Ынтымақ»  1992ж. 

3.«Д.А.Қонаевпен 50 рет кездесу»  Алматы  

4.«Ел ағасымен екі кездесу». Егеменді Қазақстан  31 қазан  2001ж. 


550 

 

5.«Барша ұлт пен ұлысқа ортақ тұлға» Егеменді Қазақстан. 11 қаңтар 2002 



 

ӘОЖ: 82-21(574) 

      

М.ӘУЕЗОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДЕН 

ЖАСАЛҒАН ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ 

ЖОЛДАРЫ 

 

Ахметқалиева Самал Бейімбетқызы 



М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ІІІ курс студенті, Орал, Қазақстан 

Ғылыми жетекшісі: магистр-аға оқытушы Г.Г.Тұрғаналиева 

 

Аннотация 



 

Бұл  баяндамада  қазақтың  заңғар  жазушысы  Мұхтар  Әуезовтің  драмалық 

шығармаларындағы  еліктеу  сөздерден  жасалған  эмоционалды-экпрессивті  сөздердің 

жасалу  жолдары  қарастырылған.  Баяндамада  еліктеу  сөздер  теория жағынан  мәлімделіп, 

оларды  дәлелелдеу  мақсатында  драмалық  шығармалардан  мысалдар  келтірілген.  Еліктеу  

сөздердің  эмоционалды-экпрессивті  лексиканын  қайнар  көзі  болып  табылатыны 

айқындалған. 

Тірек сөздер: Драма, Еліктеу сөздер, Эмоцианалды, Экпрессивті, Лексика 

 

Аннотация 



 

В этой статье рассматривается эмоционально-экспрессивные слова в драматических 

произведениях  Мухтара  Ауезова.  Приведено  теоретические  исследование  описательных 

слов  казахского  языка,  и  также  приведены  примеры  из  драматических  произведениях 

М.Ауезова.  В  том  числе  доказано  что  описательные  слова  являются  источником 

эмоционально-экпрессивной  лексики казахского языка.  

 

Ключевые слова: Драма, Описательные слова, Эмоциональные, Экспрессивные, Лексика 



                                                                        

 Abstract 

          This  article  discusses  emotionally  expressive  words  in  the  dramatic  works  of  Mukhtar 

Auezov.  Theoretical  study  of  the  descriptive  words  of  the  Kazakh  language,  and  also  provides 

examples  of  the  dramatic  works  of  M.  Auezov.  Including  proven  that  descriptive  words  are  a 

source of emotional expressively vocabulary of the Kazakh language. 

 

Keywords:Drama, Descriptive words, Emotional, Expressive, Vocabulary 



 

М.Әуезов  –  қазақ  драматургиясының  өз  топырағында  қалай  туатынын,  халық 

әдебиетінен қалай нәр алатынын жетік білген, айқын болжау айтқан, сонымен бірге өзге 

жұрттардың өскен - өнерлі драмалық үлгілерінен қалай үйренуге ғылыми нұсқау көрсеткен 

ғалым-жазушы. Ол осындай, драмамызға теориялық піскен ойлар айтушы бола тұрып, өзі 

жазған  еліктеу  сөздер  арқылы  –  қалай  оқып,  қалай  жазудың  тәжірибеліктеу  сөздерін  де 

көрсетті. Сондықтан біз М.Әуезов қазақ драматургиясының негізін салушы және оның 

теориясын бастап айтқан ғалым дейміз  /1, с. 56б/.  

Ұлт  пен  өнер  егіз  ұғым.  Кез-келген  ел  әлемдік  өркениетке  өзінше  үлеліктеу  сөздер 

қосады, ұлттық руханиятымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық болмыс-бітімін танытатын 

баға жетпеліктеу сөздер қазынасының бірі, бірігейі –  театр өнері.  

       Қазақ  даласына  еуропалық  тұрғыдағы  кәсіби  театр,  өткен  жиырмасыншы  ғасырдың 

басында  келгені  белгілі.  Әрине  тұтастай  көшірілген  жоқ,  мәдени  өзеріске 

«аккультурацияға»  ұшырады.  Ұлттық  сахна  өнері  шаңырағының  уығын,  кәсіби  білім 



551 

 

алмаса  да,  халық  таланттары  Қаллеки,  Ел-ағаң,  Сер-ағаңдар  қадаған  еді.  Ал  ұлттық 



драматургияның негізін қалаушылардың көш басында Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, 

Ғ.Мүсірепов сынды саңлақ тұлғалар тұрды.  

       Алайда  қазіргі  уақытқа  дейін  өнертану  саласында  М.Әуезов  драматургиясы  ғылыми 

тұрғыда өз алдына арнайы зерттелмеген. Ғылыми жұмыста бірінші рет қазіргі қазақ театр 

өнеріндегі  М.Әуезовтың  драмалары  мен  прозалық  шығармалары  негізінде  сахналанған 

қойылымдарды талдай отырып, эстетикалық ой сүзгісінен өткіземіз.  

       Ең  бастысы,  Әуезов  драматургиясын  зерттеу  тұрғысынан  автордың  драмалық 

шығармаларындағы  эмоционалды-экспреліктеу сөздерсивті лексикасы саралануы қажет.  

 

Сөздер  зат,  құбылысты,  олардың  белгі-қасиетін,  болмаса  іс-әрекетін  ғана  атап 



білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие 

болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп 

аталады /2, с. 49б/. 

Ғылыми  әдебиеттерде  орыс  тiлiнiң  эмотивтiк  лексикасы  (эмоционалдық)  жөнiнде 

бiраз айтылған. (Е.М.Галкина-Федорук, Л.А.Киселева, Н.Г.Лукьянова, Л.Г. Бабенко т.б.), 

ал қазақ тiлiндегi эмотивтiк лексика Л.Г.Нұрғожинаның, Х.Нұрмұқановтың, М.Оразовтың 

еңбектерiнде  талданады.  Р.Сыздық,  М.Серғалиев,  Б.Шалабай  көркем  шығарманың  тілін 

талдау барысында тілдің эмоционалдығына біршама мән беріп отырады.  

        XX ғ. 20-жылдарына дейін түркі тілдерін қойып, орал-алтай тілдерінде де еш зерттеле 

қоймаған  еліктеу  сөздерді  көне  түркі  тілдерінің  бірі  шуаш  тілінде  алғаш  зерттеген 

Н.И.Ашмаринды  ғалымдар  түркологиядағы  еліктеу  сөздердің  атасы  ретінде  таниды. 

Осыдан  түркі  тілдеріндегі  еліктеу  сөздердің  зерттелу  тарихы  XX  ғ.  20-жылдарынан 

басталған  деген  пікір  қалыптасқан.  Н.И.Ашмариннің  ізбасары  ретінде  оғыз  тілдеріндегі 

еліктеу  сөздерді  зерттеген  Н.К.Дмитриевті  атауға  болады.  Ал  одан  кейін  жарық  көрген 

түркі тілдеріндегі еліктеу сөздер туралы зерттеулердің көбі Реліктеу сөздерей мен Орталық 

Азия  реліктеу  сөздерпубликалары  ғалымдарының  қаламдарынан  туған.  Еліктеу  сөздер 

үнді-еуропалық тілдердегідей түркі тілдерінде де 1950 жылдарға дейін одағайлардың, кейде 

үстеулердің бір тобы ретінде қарастырылып келген.  

        Қазақ  тілінде  бұл  мәселемен  ең  алдымен  А.Ысқақов,  одан  кейін  Ш.Сарыбаев, 

А.Қайдаров,  К.Құсайынов,  Б.Катембаева  т.б.  айналысқан.  Сондай-ақ  М.Жұбанова  мен 

А.Ислам кандидаттық диссертацияларында ағылшын және қазақ тілдерінің еліктеу сөздерін 

салғастырып зерттеген. /2, с. 51б/. 

        1948 жылғы «Қазақ тілі» грамматикасында қазақ тілінде сөздер зат еліктеу сөздерім, 

сын еліктеу  сөздерім,  сан еліктеу  сөздерім, еліктеу сөздерімдік, етістік,  үстеу,  шылау, 

одағай деп негізгі 8 жікке бөлінетіндігі айтылады да, еліктеу сөздер одағайлардың „еліктеу 

одағайлары” деген тобы болып көрсетіледі. Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің атасы ретінде 

атауға  болатын  А.Ысқақов  1948  жылы  осы  мәселеге  арнаған  мақаласында  қазақ  тілінде 

басқа сөздерден өзгеше бір топ сөз барын, олардың еліктеу сөздер екендігін айтып, 1954 

жылы «Қазіргі қазақ тіліне» еліктеу сөздерді 9-сөз табы етіп кіргізеді.  

        Еліктеу сөздер тілде бұрын ғана пайда болған ежелгі тілдік құбылыс емеліктеу 

сөздер, олар да басқа сөздер тәрізді тілдің дамуы барысында өз құрамын толықтырып 

отырады және сөздік қордың айтулы бөлігін иемденіп, түркі тілдерінде көркем 

әдебиетте де, ауызекі тілде де кеңінен қолданылады.  

Қазақ  тілінде  еліктеу  сөздер  семантикалық  тұрғыдан  дыбыстық  еліктеуіш  сөздер 

және  бейнелеуіш  сөздер  деп  бөлінеді.  Мұндағы  бірінші  топ  –  дыбыстық  еліктеу  сөздер 

қоршаған ортадағы, күнделікті тіршілікте кезделіктеу сөздеретін түрлі дыбыстарды тілде 

барынша дәл беру мақсатымен сол дыбыстарға еліктеуден пайда болады. Ал екінші топ, 

яғни бейнелеуіш сөздер табиғаттағы заттар мен құбылыстарды, олардың сыртқы көрінісін, 

қимыл-әрекетін  көзбен  көру  арқылы  туатын  түсініктерді  білдіретін  сөздер.  Әйткенмен 

сөздердің бұл екі тобының семантикалық тұрғыдан да, фонетика-грамматикалық жағынан 

да  өзара  айырмашылықтары  бар.  Бұл  сөздердің  жалпы  еліктеуіш  сөздер  деген  ортақ 

атауының  сәтті  табылған  термин  екені  даусыз.  Бұл  термин  ғылым  ретінде  кейінірек 



552 

 

дамыған түркі тілдеріне алғаш орыс тіліндегі подражательные слова тіркеліктеу сөздерінің 



аудармасы  болып  енсе  керек.  Түркі  тілдерінің,  соның  ішінде  қазақ  тілінің  сөз  таптары 

туралы  орыс  тілінде  жазылған  еңбектерде  еліктеу  сөздердің  жоғарыдағы  өз  ішінен 

бөлінетін  екі  тобы  звукоподражательные  и  образоподражательные  немеліктеу  сөздере 

звукоподражательные  и  звукообразные  слова    /6,с.57б/  деп  атап  көрсетіледі.  Бірақ 

бейнелеуіш сөздер көзге көрінген түр-пішінді, қимыл-әрекеттер мен түрлі құбылыстарды 

ерекше  етіп  суреттеп,  мәнерлі  түрде  бейнелейтіні  болмаса,  қандай  да  бір  дыбысқа 

негізделетін  еліктеу  сөздер  тәрізді  ештеңеге  еліктемейді.  Мысалы,  Бас  сүйегі  мылжа-



мылжа болыпты. Үлкен өткір жалғыз көзі қанталап, шапшаң қарап, жалт-жұлт етеді 

(М.Әуезов) деген сөйлемдердегі мылжа-мылжа, жалт-жұлт бейнелеуіш сөздер-і белгілі 

бір заттың сол сәттегі күйін, қалпын сондай бір әсерлі етіп көркемдеп, бейнелей суреттеп 

тұр,  бірақ  ештеңеге  еліктеп тұрған  жоқ.  Сондықтан  орыс  тілінде  бейнелеуіш  сөздердің 

атауы ретінде қолданылатын образоподражательные және олардың дыбыстармен қатысы 

жоқ болғандықтан звукообразные терминдері дұрыс қолданылмаған терминдер деп білеміз. 

Демек, оларды образные слова атауының алмастырғаны орынды болар еді. Осы пікірімізді 

түйіндей  келе,  қазақ  тілі  грамматикасындағы  еліктеуіш  сөздер  деген  категорияны 



еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер деп, яғни қазақ тіліндегі 9 сөз табының бірін Еліктеуіш 

сөздер емес, Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер деп атағанның орынды екендігін айтқымыз 

келеді. Белгілі түрколог ғалым Л.Н.Харитонов сөз таптарын топтастырғанда бұл сөз табын  



«звукоподражательные и образные слова» деп атап көрсетеді. /2, с

63б/ 



Қазақ тілінде Ш.Сарыбаев мағынасына қарай дыбыстық еліктеу сөздерді өз ішінен 3 

топқа  топтастырады.  Сол  жіктемелерге  негіздей  отырып,  түбір  бейнелеуіш  сөздерді 

білдіретін мағыналарына қарай кесте түрінде береміз /1.1 кесте, 1.2 кесте/. 

Мысалға, Мұхтар Әуезовтің драмаларынан үзінді келтірер болсақ: 

1. Көбей. Басында бұрқ-сарқ етіп келген бетінде ашуы құйып тұрған нөсерге өшпес алау 

атып тұрған өрт еді.  

2. Қырылдап қалады, дауысы да шықпайды. 

3. Тастан қылп етіп асқан алқызылдың жонын шалып қалғаны, Еңлік, көрінші енді көзіме!  

4.  Би.  Найманды  даңды  судай  тасқызып,  бұрқ-сарқ  еткізіп,  мұнда  әкеле  жатқан 

Кеңгірбайдың соры ма? 

5. Қайша. Былқ-сылқ етіп, Бәтимәнің зорлығы менен өтіп, төркініме жеткен жоқ па? 

6. Сылқ-сылқ күледі, өзгелер де күледі

7. Қыңқ етіп дыбыс шығаруға да жарамайды. 

8. Жанұзақов. Оқығандарын қой, олар ежелден орыс ұлығының алдында қайығын төсеп, 



байпаңдап тұратын тілмәш. 

9. Есеналин (күліп). Бірақ есімде жоқ деп, қойшы әйтеуір,  бұлтылдап жүріп қол қоймай 

аман шықты. 

10. Шағидуллин орысша дабырлап, сөйлеп, ұрыса келеді.  

11. Сарт-сұрт етіп, Петров пен Қарабаев жылдам басып келеді. 

12. Еліктеу сөздерікті аштырады. Арт жағынан сарт-сұрт қайырып, кезеп тұрады. 

13.Поход күйін тартып сатыр-сұтыр жүріп береді, күй еліктеу сөздертіліп жатады.  

14. Жұрт жабыр-жұбыр, қалғандармен келгендер араласады.  

15. Аяғын шайпаң басады.  

16. Көтібар жұлынып бұрқ-сарқ етіп шыға келеді. 

17. Ала көлеңкеде бүкшеңдеп екеу-үшеу жолдың екі жағына шығысады. 

18. Бүкіл сурет бойында бір жердегі от сөніп, екінші жерден басқа оттар жылт-жылт етіп 

тұрады. 

19. Соны көріп солқылдап жылап жібереді. 

20. Қыли ақшырайып, танауын ежірейтіп. 

21.Билері тәртіпті би емеліктеу сөздер, қиралаңдап, қисалаңдап неше алуан изломы, изгибы 

бар шым-шытырық болады. Зайра пері қызын, Ақанды іздегендей алас ұрғанда, мынандай 

гримасалар алдынан құлашты жайысады. 



553 

 

22.  Зайра  (кенет  қышқырып  қалып,  шатаса  бастап).  Пері...  пері,  өңшең  пері  ойнағы. 



(сақылдап күліп бет-аузын тыржаңдатып). Мен де пері... (Аналардан асыра құтырынып 

жөнеледі) 

23. Сәт. Оным... жеңгелері «Жайбасар» дейтін менің бір жақын ағам болушы еді... Баяғыда 

жайлауда  бір  түнде  жылқыға  жау  тиіп,  «аттан»  шығып,  ауыл  алай-түлей  шаба  жөнеліп 

жатқанда  жаңағы  «Жайбасар»  үй  ішінде,  ең  алғаш  бір  асыққаны  ғой.  Қалбаң  қағып, 

аптығып  жүріп  еліктеу  сөздерікті  таба  алмай  қапты.  Жандармен  шиді  қармалап,  қазан-

ошаққа қақтығып, төрдегі жүкті сипалап жүріп, өзі «аттан» сала береді дейді. 

24. Құлын-тайын аралас мол жылқы шұрқырап, пысқырып қаптай басып келеді.  

25. Керемет селеудің қалтыратып басын иіп соғады. 

26.  Шымылдық  ашылғанда  шарбақты  айналып  ақырын  сөйлеліктеу  сөздеріп,  бірнеше 

топтар  өтеді.  Екіден,  үштен  жүрген  оқушылар-қыздар,  жігіттер.  Ерсілі-қарсылы  ию-қию 

жүрістер де болып қояды. Алғашқы жалпы көріністен байқалатын хал: Ылғи бір  айқыш-

ұйқыш жүріс, жалпы дағдарыс, өз әлінше сергелдең сияқты қыбыр-жыбыр, сыбыр-сыбыр, 

күңкіл-шүңкіл сөз.  

27. Самат. Міне маған осы екпінің ұнайды. Бәсе, осы сендер тіпті, тас кешуді қарш-қарш 

басатын өрге басқан буын емеліктеу сөздерпісің? 

Сонымен,  ғылыми  жұмысының  басты  өзектілігі  –  драматург  ретінде  М.Әуезов 

шығармаларының  болмыс-бітімі  кеңеліктеу  сөздер  үкіметі  уақыты  және  тәуелсіздік 

жылдарындағы  саяси,  мәдени  құбылыстармен,  рухани  құндылықтармен,  мемлекет 

идеологиясымен тығыз байланыста қарастырылды.  

     Әуезов драмаларындағы адамдар бейнеліктеу  сөздері  қоғамның бағдарын,  әлеуметтік-

философиялық,  адамгершілік  этикасын  бейнелеп,  бейнелі  ойдың  деңгейін  сипаттауы, 

өнерде бүтіндей дамуы, әрбір кезеңдегі шығармашылық ізденістің негізгі бағыт-бағдары, 

сол кезеңдердегі көркемдік жүйенің маңызды компоненті болып келеді. 

Қорыта келе, мынадай тұжырымға келдік: 

 

Жанды-жансыз табиғаттың алуан түрлі дыбыстары мен күй-сипатын, 



қимыл-қозғалысын  білдіретін  еліктеуіш  және  бейнелеуіш  сөздер  тілдің  басқа  сөздерінен 

өздеріне  ғана  тән  лексикалық,  грамматикалық  және  фонетикалық  өзгешеліктер  арқылы 

ерекшеленеді. 

 



Еліктеуіш  және  бейнелеуіш  сөздер  мен  одағайлар  эмоционалды-экпрессивті 

лексиканың қайнар көзі болып табылады. 

 



 



Эмоционалды-экпрессивті  лексика  қазақ  тілінде  көркем  әдебиеттің  кез-келген 

түрінде  де,  сөйлеуде  де  кеңінен  қолданылумен  қатар,  М.Әуезов  шығармаларында 

көптеп кездеседі.  

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет