Меңгерілген білімді дамыту Бөлім оқушылардың 6-сыныпта қалыптастырылған білімі мен білігін, оқу, зерттеу, креативті, сыни ой айту дағдыларын жетілдіруге негізделген.
Бөлімнің негізгі мақсаты -тарихи ескерткіш, жыраулар поэзиясы мен лиро-эпостық жырдың жанрлық ерекшеліктеріне, көркемдік сипаттарына жан-жақты талдау жасау.
Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының тізімі: 7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
7. Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау 7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту 7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру
7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері пәндерімен және театр, кино өнерімен т.б. байланыс жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс шаралар: әдеби оқулар, әдеби кештер, сахналық қойылымдар өткізу, театр, кино, тарихи-өлкетану мұражайларына т.б.саяхат жасау.
Бөлімге қатысты лексика мен терминология:тұрақты сөз тіркестері, көнерген сөздер, ауыспалы мағыналы сөздер, жыр, ғашықтық жырлар, сюжет, образ, тұжырымдама, композиция, композициялық тәсілдер, т.б.