Қазақ филологиясы кафедрасы


Тақырыбы: Бернияз Күлеев шығармашылығы. Дәріс мазмұны



бет34/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Тақырыбы: Бернияз Күлеев шығармашылығы.
Дәріс мазмұны:

  1. Бернияз Күлеев өмірі

  2. Бернияз Күлеев шығармашылығы

Дәріс мақсаты: Шығармалары туралы сөз етіп, «Жазғы дала»атты өлеңін Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңімен салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын бөліп айту.


Бернияз Күлеев (1899-1923) - ақын.
Ақынның өз шығармашылығының кей мезеттерін атамастан бұрын мынадай бір жайды айта кету шарт. Қазақстан Оқу халық комиссариаты Абайдың өлеңдер жинағын даярлауды Берниязға тапсырады. Осыған даярлық ретінде ол «Ақ жол» газетіне арнайы мақала бастырады. Күлеевтің өз айтуынша ол Абайдың тұңғыш жинағына енбеген өлеңдерін толық қамтуды, оның қарасөздерін енгізуді, ақын өміріне байланысты иллюстрациялар беруді, өмірбаянын толықтырып, кеңінен қамтып жазуды мақсат етеді. «Абай кітабын бастыру маған тапсырылғандықтан, мен жәрдемді шеттегі азаматтардан сұраймын. Тізбегін әдемілеп, емлесін түзету сияқты ұсақ-түйегіне мұқтаж болмасақ та, түсіп қалған жерлерін қосып, қарасөзін Һәм басылмай қалған өлеңдерін тіркеп, тәржіме халін толықтыруға қиналып тұрмыз». Бұдан біз Күлеев Абай мұрасын жинап бастыруға айрықша еңбек сіңірген деп қорытынды жасаудан аулақпыз. Бірақ оның Абай шығармаларымен мол таныс болғаны дау туғызбаса керек. Бұған тіпті Күлеевтің өз өлеңдері де куә бола алады. Ол бірталай өлеңін Абай өлеңдерінің ұйқас, өлшемдерімен жазған. Мысалы, оның «Жазғы дала»атты өлеңі «Сегіз аяқтың» өлшем, ұйқасымен жазылған.


Он екінші апта

23 – дәріс


Тақырыбы: Жиенғали Тілепбергенов шығармашылығы.
Дәріс мзмұны:

  1. Жиенғали Тілепбергенов

  2. Баспаға жетпей тәркіленген құндылық

Дәріс мақсаты: Жиенғали Тілепбергеновтың өмірімен таныстырып, ұстаздық жолындағы, редакторлық қызметі кезіндегі шығармаларының арқауы неде екенін табу.

Жиенғали 1895 жылы Темір ауданының №47 ауылында, қазіргі Мұғалжар ауданындағы Жем қаласында дүниеге келеді. Тамыры (руы) – Байдос Жекей. Қарапайым шаруаның отбасында туған әкесі Әділ өте момын, шаруа адам болған. Жазушының бұл туралы бір естелігінде: «Мен өзім бір кедейдің баласы болдым, әрі момын әлсіз атаның тұқымы болдық та, ол кездегі орысша үшкелдерге қалай кірердің де мәнісін білмейтін едік. Ауылдағы молдадан оқып, шала-шарпы хат танып, байларға жалданып жүрген жерімнен жадитшіл (жаңашыл) мұғалім болып жүрген нағашым бар еді, соның «азғыруымен» қаржылай жәрдемімен Орынбордағы «Хұсайния» деген татардың жәдит медресесіне кірдім» деп жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет