Қазақ филологиясы кафедрасы


Редакторлықтан директорлікке



бет37/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Редакторлықтан директорлікке
Екі жыл газет редакторы болып, газет жұмысын жолға қойғаннан кейін 1927 жылдың тамыз айынан бастап қазақ педагогика техникумының директоры қызметіне ауысады. Қазақ тілі мен әдебиеті, оның әдістемесі, мәдени-ағарту жұмысымен айналысады. 1928 жылдың желтоқсанында Қызылордадағы Қазақ ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысының басқарушысы қызметіне орналасады. Кейін сол институттың Сәкен Сейфуллиннен кейінгі директоры болады. Ол осы қызметтермен қатар, шығармашылығын да қалыс қалдырған емес. Қоғамның олқылық тұстары жайлы ашына қалам тербеген жазушы фельетон мен оқшауларын, әңгімелері мен сатираларын «Жаңа әдебиет», «Қызыл Қазақстан», «Жаршы», «Балға», «Әйел теңдігі» журналдары мен «Еңбекші қазақ» газетіне үздіксіз жариялап тұрады.
Шындықты шымшып жазған жазушы
Кейін Қазақстанның астанасы Алматыға көшкен кезде Жиенғали «Сыр бойы» газетінде қызметте қалады. Айта кету керек, бұл газетті Жиенғали Тіліпбергеновтың өзі ашады. Газеттің басшылық, әрі тілшілік қызметін қатар алып жүрген ол көрген көз танып қоймасын деп, жорта киген жұпыны киімімен ел-жұртты аралап, көп өңірді кезетін болған. Ел ортасында жүріп, өзі куә болған күнделікті тұрмыстың олқылық тұстары мен қоғамның қитұрқылықтары жайлы көптің шымбайына батырып қалам тербейді. Әсіресе, кейіпкерлерінің атын атап, түсін түстеп астарында зіл жатқан әзіл-шынымен шымшып жазған фельетондары газет беттерінде көп жарияланады. Шырқырап жазған шыншылдығы үшін жазушыны жауына балағандар мен өткір тілі өңмеңінен өтіп, бұл тірлігіне тісін қайрағандардың да қатары көбейе түседі.
Ашаршылықты ашып жазды
Жиенғали арада бір жыл өткен соң Алматыдағы Қазақ мемлекет баспасына қызметке орналасады. Баспа жұмысымен қосымша Ленин шығармашылығымен айналысатын бұл институтта ол Сақтаған Бәйішев секілді ақтөбелік белгілі ғалымдармен жұмыстас болады. Олар өз заманының көсемі болып, өзін пайғамбарға балаған диктатор, Құран сөзін ұрлаған құдайсыз В. И. Лениннің шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Алайда көп ұзамай денсаулығы сыр беріп, қызмет істеуге мүмкіндігі болмай, 1931 жылдың аяқ тұсында елге оралады. Бұл уақытта оның сонау 1925 жылға дейін ауылдағы балаларды сауаттандыру жолында халықтың келешегі үшін жан-тәнімен аянбай еңбек етіп жүргенде шалдыққан өкпе дерті ұлғайып кеткен болатын. Нақтырақ айтқанда, Құдайберген досымен бірге Орқаштан мектеп ашып, онда оқитын ауыл балаларын арғы бетке өткізу үшін арнасынан тасыған өзенді жалаң денемен жалпылай кешкен ол өкпесіне осылай салқын тидірген-ді.
Елге оралған соң Темірдегі «Социалды майдан» газетінде редактор болып жүріп, Ақтөбедегі «Кедей» газетінің бір бөлімінде жұмыс істейді. Сырқатына қарамастан, қаламнан құдірет таныған журналист-жазушы Жиенғали 1931-1933 жылдардағы ашаршылық қасіретін ашына, ашып жазады, шындығын шынайылықпен жеткізеді. Сол зұлматты заманда аштықтан азған халықтың жағдайын шебер суреттейді. Қандыағаш қаласының басындағы теміржол вокзалында өзегін жарып шыққан өз туған қызын байекештерге бір уыс бидайға айырбастаған қазақтардың сұмдық әрекеттерін әшкерелейді. Осы бір ащы шындықты шығармаларының тақырыбына арқау етеді. Жазушының «Меруерт», «Қайран елім-ай» секілді әңгімелерінде сол нәубетті жылдар ашық та айқын баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет