Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе


Қазақ/ағылшын тілдеріндегі сөз этикетінің фатикалық қызметі



бет22/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

2.2 Қазақ/ағылшын тілдеріндегі сөз этикетінің фатикалық қызметі

Сөз этикетінің фатикалық қызметін амандасу, қоштасу мақсатында қолданылатын этикет тілдік бірліктер атқарады. Халық даналығы «Сөз анасы – сәлем» деп бекер айтпаған, әдеп сәлемдесуден басталады. Күнделікті қарым-қатынас барысында адамдар бір-бірімен кездесіп, дидарласқанда бірінші кезекте сәлемдесу, амандасу әрекеті жүреді. Сәлемдесу дегеніміз – екінші адаммен қарым-қатынас орнату, таныстығын растау немесе күшейту, құрмет пен сыпайылық ниетін білдіру. Қарым-қатынас жасаушылардың жас, жыныс ерекшелігі, жақындық деңгейі, әлеуметтік жағдайлары мен т.б. да белгілеріне байланысты сәлемдесу рәсімін жүзеге асыратын тілдік бірліктердің әр түрлі формалары қолданылады [10, 45].

Адамдар арасындағы қарым-қатынас тіл арқылы жүзеге асадыдесек те, тіл тек коммуникативтік қызмет атқармайды. Себебі тіл мәдениет пен әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүре алмайды. Тіл халықтың, ұлттың, сол ұлт тұратын мемлекеттің мәдениетінен, әлеуметтік қатынастарынан да хабар береді. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу әрекетіне және осы процестегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерге талдау жасағанда екі тілдегі амандасу формаларын салыстыра қараудың рөлі ерекше.

Амандасу – адамдардың бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуінің бір белгісі, күнделікті кез келген жерде түрлі адамдармен жасалатын қарым-қатынас амандасу әрекетінен басталады.

Ағылшын тілінде сәлемдесу рәсімінің түрлі тілдік формалары бар. Бұл тілдік формаларды қолдануда адамның әлеуметтік жағдайы, жыныс ерекшелігі, жас мөлшері, коммуниканттардың жақындық деңгейі, қызметі т.б. ерекшеліктері көрініс береді. Ағылшын тіліндегі сәлемдесудің бірқатар формалары тәуліктің қай мезгілі екендігіне байланысты түрленіп отырады. Мысалы, таңертең немесе күндіз келген адам қазақ тілінде Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіз бе? Сәлеметсіздер ме? Мағынасын беретін Good morning! Hello! Hi! Morning! формасын қолданады. Hello! (Сәлем!), Hi! (Сәлем!), Good morning! (Қайырлы таң!), Good afternoon! (Қайырлы күн!) (afternoon деген сөз түс қайтқан кезді білдіреді. Бірақ қазақша олай сәлемдесу болмағандықтан ол уақытта Қайырлы күн! деген орынды болады.) Кешкі уақытта: Good evening! (Қайырлы кеш!), Good night! (Қайырлы түн!) (Қайырлы түн деген сөз көптеген тілдерде жатар алдындағы сөз ретінде де қолданылады.). Бастапқыда жазылған Hello! Hi! сөздері сыпайы түрге жатпайды. Ресми кездесулер мен жасы үлкен бейтаныс адамдарға олай айтылмайды. Тиісінше, сыпайы түрде Good morning!, Good afternoon! т.с.с. сөздер айтылады.

Мағыналық және стильдік реңкке байланысты қазақ және ағылшын тілдерінде амандасудың бірнеше түрі бар. Мәселен, қазақ тілінде таныс-бейтанысқа, үлкен-кішіге, ресми және бейресми жағдайда қолданыла беретін Сәлеметсің бе?, Сәлеметсіз бе?, Сәлеметсіңдер ме?, Сәлеметсіздер ме? қолданысы бар. Бұл қолданыстың ағылшын тіліндегі формасы ресми түрі – Hello! және бейресми түрі – Hi!. Hello! (Сәлем!, Сәлеметсіз бе?, Сәлеметсің бе?, Сәлеметсіңдер ме?, Сәлеметсіздер ме?) қолданыстары жағынан көп адамға қарата айтылады, сондай-ақ бұл көпше түрдегі қолданысты аса сыйлы, құрметті жеке адамдарға да қарата айтуға болады. Амандасудың бұл түрі Сәлеметсіз бе (қазақ), Hello (ағылшын) бейтарап болғандықтан күнделікті өмірде өте жиі қолданылады. Қазақ тілінде «сәлеметсіз бе?» дегенге «сәлеметсіз бе?»деп жауап береді. Ағылшын тілінде Hello формасымен қатар How are you? формасы да жиі қолданылады. How are you? ағылшын тілінен тікелей аударсаң қалайсың? деген мағынаны береді. Бұл қолданыс көбінесе жақын, бір-бірін жақсы танитын адамдар арасында қолданылады. Қазақ тіліндегі Қал қалай? қолданысымен сәйкес келеді. Қазақ тілінде қал қалай?, қалыңыз қалай?, қалдарың қалай?, қалдарыңыз қалай? қолданыстарына жақсы; жақсы, рахмет деп жауап береді. Ал ағылшын тіліндегі How are you? қолданысына Thank you, I am fine! деп жауап береді.

Сәлемдесу рәсімі қарым-қатынас ерекшелігі мен коммуниканттардың әлеуметтік белгілеріне байланысты түрленіп отырады. Мысалы, жастар арасында қолданылатын амандасу рәсімінің кең қолданылатын тілдік формасының бірі – Сәлем! Бұл форма ресми емес, жеңіл түрде айтылады. Балалар, жастар, 35-40 жасқа дейінгі адамдар қолданады. Онда да бұл қолданыс жақындықты, өзімсінгендікті білдіреді. Бір мектепте, бір сыныпта оқитын оқушылар, жоғары оқу орнында оқитын студент-жастардың барлығы дерлік амандасудың осы формасын қолданады. Бұл қолданыстың ағылшын тіліндегі мағынасы мен қолданылуы жағынан қазақ тіліндегі Сәлем! формасына ұқсас болып келеді. Мәселен, ағылшын тіліндегі Hi! формасы қазақ тіліндегі Сәлем! амандасу формасынан өзгешелігі көп емес, тек құрылымы, формасы жағынан өзгешелігі болмаса, қолданылу аясы дәл қазақ тіліндегісіне ұқсас.

Тәуліктің таңғы, түскі, кешкі мезгіліне орай қолданылатын амандасу формасы да екі тілде де кездеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі Қайырлы таң! қолданысына ағылшын тіліндегі Good morning! Morning! қолданысы сәйкес келеді. Ал түскі уақытта, ағылшын тілінде Good afternoon! формасы қолданылады, бірақ қазақ тілінде Қайырлы түс! деген форма мүлде қолданылмайды. Мысалы:



«Mr Bean meets Mrs Breuer, one of his students, and her husband in the street.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет